Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат туралы



Кіріспе

1. Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат
2. Жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар
3. Қазақстанның сыртқы саясаты

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар – сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Сондықтан алдымен соларға түсініктеме беріп алайық. Жалпы, бұл ұғымдар саясаттануда жете зерттелмеген. Бірақ олардың арасында айтарлықтай айырма бар.
Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады.
Д. Жамбылов. Саясаттану. Оқу құралы. -Алматы, 1996.
Саясаттануға кіріспе. Проф. Т.Т.Мұстафиннің редакциясында. -Алматы, 1994,1, II, III бөлімдер.
Политические партии и общественные движения современного Казахстана. Справочник. -Алматы, 1994.
Политология. Курс лекции под ред. проф. Мустафина Т. Т. -Алматы, 1993.
Политология. Энциклопедический словарь. -М., 1993.
В. А. Пономарев. Общественные организации в Казахстане и Киргизстане (справочник). -Алматы, 1991.
М. X. Фарукшин. Политическая система общества. - Соц. - полит. науки. 1991, № 5.
Л. А. Федун. О предмете и методе политологии. - Соц. - полит. науки, 1991, № 3.
Т. В. Шмачкова. Мир политических партий. - Полис, 1991, № 1-2

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат
2. Жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар
3. Қазақстанның сыртқы саясаты

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар –
сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Сондықтан
алдымен соларға түсініктеме беріп алайық. Жалпы, бұл ұғымдар саясаттануда
жете зерттелмеген. Бірақ олардың арасында айтарлықтай айырма бар.
Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс-
әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді
жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы
қоғамдық қатынастар кіреді. Халықаралық қатынастар деп халықтар,
мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде
жүргізілген саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени
байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер
мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады.
Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат
Халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың
(субъектілердің) көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке
мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдармен қатар
саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдар және
т.б. мемлекеттік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халықаралық
қатынастарда сыртқы және халықаралық саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы,
принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және халықаралық
саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен
қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық
қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір
әлеуметтік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы қоғамның мүддесін
қорғайды. Сондықтан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-
шарттар жасау, соғыс ашу және т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер
беріледі.
Мемлекеттік күштердің арасалмағымен байланысты күш теңдігі немесе
саяси теңдік деген де ұғымдар бар. Халықаралық саясаттың маңызды құралы
ретінде бұл ұғымдар XVII ғасырда енді. Сол кезде өмір сүрген Фенелон деген
француз мемлекет өз көршілерінің күшеюіне жол бермеуі керек деген идеяны
алға тартты. Себебі бір мемлекеттің көлемі мен қуаты белгілі бір шектен
шығып кетсе, барлық басқа мемлекеттердің жалпы жүйесін өзгертуге әкеледі.
Оның шамадан тыс өсуі көршілерін бағынышты етеді немесе жүдетіп-жадатады
деді ол. Сондықтан, оның ойынша, көрші мемлекеттер өзара теңдік пен тепе-
теңдікті сақтаулары керек. Сонда ғана тұрақтылық қамтамасыз етіледі.
Тағы бір мәселе – сыртқы және ішкі саясаттың өзара қатынасы. Марксизм
мемлекеттің ішкі саясаты оның сыртқы саясатын анықтайды дейтін. Бірақ
қазіргі таңда олай деу ағаттық болар еді. Себебі, соңғы кезде сыртқы саясат
елдің ішкі саясатына көбірек әсерін тигізіп жүр. Оған бүкіл жер шарына
жайылып кетерлік қаупі бар термоядролық соғысты болдырмау, экологиялық
апаттардан сақтану (бір Чернобыль трагедиясының өзі көптеген елдерге
зардабын тигізгені белгілі), қоғамға қарсы кұбылыстардың етек алуы
(нашақорлық, көлеңкелі экономика , коррупция және т.б.), атом қаруының
жайылуына шек қою, жер қазбаларының жеңіл өндірілетін қорларының,
шикізаттардың азаюы және тағы басқа себептер әсер етеді. Бұл мәселелерді
бір елдің көлемінде шешуге болмайды.
Сыртқы саясаттың қалыптасуына әр түрлі жағдайлар ықпал жасайды. Оның
ішінде ең маңыздысы – мемлекеттің орналасқан географиялык, ортасы. Оған жер
бедері, ауа райы, топырақ, жер қойнауының табиғи байлықтары, есімдіктер мен
жануарлар дүниесі, табиғи қатынас жолдары және басқалар жатады.
Географиялық орта өндіргіштерді орналастыруға, жалпы қоғам дамуына сан қилы
әсер етеді. Айналадағы табиғи ортаның қоғам дамуына ететін әсерін
зерттейтін географиялық бағыт деген теория пайда болды. Оның негізін салушы
француздың белгілі фәлсафа-ағартушысы Ш.Монтескье. Ол халықтардың
материалдық және рухани өмірі географиялық ортаның жағдайларына тәуелді деп
санады. Бұл бағытты жақтаушылар қоғамдық өмірдің өзгеру себептерін,
халықтар тарихын, адам психикасын географиялық ортаның ерекшеліктері
туғызған өзгешеліктер арқылы тусіндірді. Географиялық бағытың негізінде
географиялық саясат деген теория пайда болды. Напалеон қандай мемлекет
болмасын саясатты өз географиясына байланысты жасайды деген. Географиялық
саясат мемлекеттер, аймақтар, континенттер арасындағы қатынастарды
зерттейді. Бұл саясатты жақтаушылар ұлттардың, мемлекеттердің жан-жақты
дамып, тыныш өмір сүруі үшін тіршілік кеңістігі болуы керек дейді.
Сондықтан бұл теорияны екінші дүниежүзілік соғыс алдында жаңа аумақтарды
жаулап алу үшін Гитлер басшылыққа алған, ал қазір оны Израиль агрессорлары
басқа араб елдеріне қарсы ту етіп көтеріп жүр.
Халықаралық саясатты қалыптастыруға идеологияның да қатынасы бар. Қай
елде болмасын жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, әділдік пен
әділетсіздік, адамдар арасындағы қарым-қатынастар, қоғамның әлеуметтік даму
заңдылықтары жөнінде өзіндік түсініктері, ой-пікірлері болады. Бұл
көзқарастар сыртқы саясатқа да әсерін тигізеді. Мысалы, бұрынғы Одақ
кезінде коммунистік идеология қоғамдағы құбылыстарды тап күресі тұрғысынан
қарау керек деп үйретіп келді. Бұл талап сыртқы саясатқа да тікелей
қатысатын. Соған орай дүние жүзін социалистік әлем мен капиталистік
әлемге бөліп, олардың мүдделері ешқашан ымыраға келмейді дейтін. Сондықтан
сыртқы саясатты да осыған сәйкес құрған болатын. Ал Америка Құрама Штаттары
болса, өз кезегінде одан қалыса қойған жоқ.

2. Жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және
социалистік системалардың арақатынасында қырғи қабақ соғыс пен қатал
идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына
дейін созылды. Бұл кезеңде әскери-саяси басымдылыққа зор сенім артылды.
Глобальды (латынның глобус – Жер деген сөзінен шыққан; жер шарын
қамтитын, жалпы әлемдік деген ұғымды білдіреді) мәселелерді бірлесіп шешу
туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла берді. Бұл
кездегі іс-әрекетке глобальды тұрғыдан ойлап, локальды (аймақтық) тұрғыда
іс істе деген принцип басшылыққа алынды. Мұның бәрі әлемдік қоғамдастыққа
екі жақты және планетарлық деңгейде қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай
залалын тигізді.
Мұндай жағдайда одан әрі өмір сүруге болмайтын. Ол тұңғиыққа тірейтін
жол еді. Сондықтан 80 жылдардың ортасынан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі
басталды. Оған көптеген себептер болды. Біз солардың негізгілеріне тоқталып
өтейік.
Біріншіден, ядролық-космостық дәуірде мемлекеттер, әсіресе блоктар
арасында әскери қақтығыстар болмауы керек. Әскери техниканы дамытып,
жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс
басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына
әкеліп соқтырады.
Бүгінгі таңда адамдардың өміріне 50 мыңнан астам ядролық отбасы
(боеголовкалар) қауіп төндіруде. Олардың жалпы қуаты Хиросимадағы
жарылыстың миллионына тең. 80 жылдардың ортасындағы ядролық қарулардың
жарылысының өзі 58 млрд. адамды немесе жер бетіндегі әрбір тұрғынды 12 рет
өлтірердей күші бар.
Ал әр түрлі елдердің зерттеулеріне қарағанда, үшінші дүниежүзілік соғыс
бола қалса, оның салдарында ядролық қыс тууы мүмкін. Оған себеп – ядролық
қару қолданылған қалалардың үстінде күн өтпейтін қап-қара күйенің пайда
болуы. Ол кейін барлық жер жүзіне жайылып, әлемді қамтып алады. Соның
салдарынан ұзаққа созылатын түнек туады. Ол қатты суыққа соқтырады. Жер тез
суый бастайды. Климат жағдайлары күрт өзгеріп, биосферада қайта айналмас
процестер басталады. Демек, ядролық соғыстың салдары тек оған қатысушыларды
ғана қамтып қоймай, барлық адамзатқа апат әкеледі.
Қазіргі заманда жеке елдер арасындағы дау-жанжал, аймақтық әскери
қақтығыстар дүниежүзілік ядролық соғысқа ұласып кету қаупі бар. Мұндай
жағдайда қай мемлекет болмасын өзін тек әскери-техникалық құралдармен
қорғап қала алмайды. Оған мысал ретінде 1986 жылы Чернобыль атом
станциясындағы жарылысты атасақ та жеткілікті. Сондықтан қауіпсіздік тек
бір ұлттық болуы мүмкін емес, ол планетарлық, жалпы әлемдік және ол тек
қана саяси жолмен қамтамасыз етілуі керек.
Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды, ғаламдық
мәселелердің маңызының өте зор артуында. Оған жоғарыда сөз етілген
термоядролық соғысты болдырмаудан басқа ең алдымен экология мәселелері
жатады. Ол адамдардың бізді қоршаған биологиялық ортаға өрескел араласуына
байланысты болып отыр. Мысалы, адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін
қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде
соншалықты пайдаланған екен. Ал көмір, мұнай, газ, темір және т.б.
адамдарға өте қажетті табиғат байлықтарының орны қайтып толмайды.
Сарапшылардың есептеуінше, ондаған жыл өткен соң олардың қоры таусылмақ.
Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы онжылдықтарда
жұртшылықты қатты алаңдатып отырған қатерлі мәселе – планетаны ластау.
Әлемдік мұхит негізінен мұнай өңдіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатар
оған миллиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар және т.т.
ласталуда. Өзен, көлдер, ағын сумен бірге келген тыңайтқыштар, пестицидтер,
сынап, мышьяк, қорғасын, цинк т.б. сияқты зиянды заттармен улануда.
Мамандардың айтуына қарағанда, жер шарының кейбір аймақтарында аурудың 80%-
і сапасыз судың салдарынан пайда болатын көрінеді. Атмосфералық ауадағы
жағдай да одан асып тұрған жоқ. Мысалы, АҚШ-тағы 115 млн. жеңіл машина
оттегін өзінің табиғи жағдайда пайда болуынан екі есе көп пайдаланады екен.
Оның үстіне тұрмыстағы қоқыстар: әр түрлі қатты заттардың, әйнек,
полиэтилен қапшықтардың, синтетикалық жуу құралдарының және т.б. қалдықтары
айналадағы ортаны ластауда. Ғылыми-зерттеу және технологияға арналған
Халықаралық корпорацияның зерттеулері бойынша 1970-2000 жылдарда өндіріс
пен пайдаланудан қалған қалдық заттардың жыл сайынғы көлемі мен құрамы
мынадай болмақ: атмосфераны газ тәрізділермен ластау 19,7 млрд. тоннадан
50,8 млрд. тоннаға, қатты заттар – 0,24 млрд-тан 0,72 млрд-ка, органикалық
емес қатты қалдықтардан – 5 млрд-тан 15 млрд-қа, мұнай заттарынан – 0,07
млрд-тан 0,24 млрд-қа, органикалық ауыл шаруашылық және тұрмыс
қалдықтарынан – 14,1 млрд-тан 37 млрд. тоннаға дейін артпақ көрінеді. Мұның
бәрі табиғаттағы экологиялык тепе-теңдікті бұзуға әкеліп соқтырады.
Әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырған үшінші үлкен мәселе – үшінші
елдердің алдындағы қатарлы Батыс державаларымен салыстырғанда экономикалық
артта қалу тенденциясының күннен-күнге артуы. Осы ғасырдың 50-60 жылдары
колониялық жүйе құлаған болатын. Саяси бостандығын алған елдер енді
экономикалық және мәдени жағынан жылдам дамуға мүмкіншілік туды деп
қуанғаны белгілі. Алғашында олар (әсіресе дамыған және мұнай өндіретін
елдер) жылдам қарқынмен дамыды да. Бірақ 80 жылдары әлемдік саудада бұл
елдердің үлесі төмендеп кетті. Олар шетелдерден қарыз ала бастады. 80
жылдардың ортасына қарай үшінші елдердің Батысқа қарызы триллион
доллардан асып түсті. Дамыған және дамып келе жатқан елдердің арасында
алшақтық көбейе түсті. Ол тоқтар емес.
Төртіншіден, қазіргі уакытта Жер шарында мыңдаған ірілі-уақ халықтар,
екі жүзге жуық мемлекеттер бар. Олар табиғат жағдайлары, мекендеген
физикалық ортасы, қоғамдық құрылысы, экономикалық укладтары саяси-
әлеуметтік және мәдени өмірінің түрлеріне және т.т. бойынша ерекшеленеді.
Сөйте тұра, олар бір-бірімен өзара тығыз байланыста, олардың бәрі бір
адамзаттың тегіне, жанұясына жатады. Дүниежүзілік дамып келе жатқан
экономикалық-сауда, ғылыми-техникалық, мәдени және т.б. байланыстар барлық
мемлекеттерді бұрынғы бөлектеніп, оңашалануды тыйдырып, жақындастыруда.
Ғылыми-техникалық революцияның салдарында қаулап өскен өндіргіш күштер
қоғамдық өмірді жедел түрде интернационализацияландыра түсуде.
80 жылдары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қатынастар теориясы
Әлемдік саясаттың дамуының қысқаша тарихы
Сыртқы экономикалық қызметте саясаттың қалыптасуы
Халықаралық қатынастар теориялары – реализм және либерализм
Қазақстанның сыртқы саясаты
Халықаралық экономикалық қатынастардың негізі және құрылымы
Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар мен саяси болжамдар
Қазіргі әлемдік саясат және жаһандық мәселелер
Саяси ғылымда дипломатияны зерттеу
Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат
Пәндер