Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құқықтық мәртебесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық құқық кафедрасы

Дипломдық жұмыс

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

Орындаған

4 курс студенті Асрамбетова А. Т.

(қолы, күні)

Ғылыми жетекші

з. ғ. к. Сайрамбаева Ж. Т.

(қолы, күні)

Норма бақылаушы

халықаралық құқық

магистрі Ахметов Е. Б.

(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі

з. ғ. к., доцент Айдарбаев С. Ж.

(қолы, күні)

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫ

1. 1 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылу тарихы, құрылымы, қызметі 7

2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫ АРҚЫЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗДЕСТІРУДІҢ БАҒЫТТАРЫ

2. 1 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы аясында халықаралық қылмыстық іздестірудің негізгі бағыттары 19

2. 2 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының қылмыстық санақтарын қолдану тәртібі және құрылымы 33

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ

3. 1 Қазақстан Республикасының Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының Ұлттық Орталық Бюросы халықаралық қылмыстық іздестіру жүйесінің бөлігі ретінде 43

3. 2 Қазақстан Республикасында халықаралық қылмыстық іздеу саласында Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының Ұлттық Орталық Бюросы қызметінің құқықтық негіздерін жетілдіру 50

ҚОРЫТЫНДЫ 59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

КІРІСПЕ

Зерттеудегі тақырыптың өзектiлiгі. Өмiрдiң барлық салаларындағы өрлеуi - бүгiн бiздiң әлемiмiз аз болып жатқанын бiлдiредi. Қазір “шекара” сөзі әр түрлі мазнұнға ие. Демек қазіргі таңда мемлекеттер арасындағы шекаралар, адамдардың бір тобын екіншісінен бөлетiн, алынбас тосқауылдар емес. Егер заңға бағынатын адамдар үшiн бір нәрсе оңай болса, онда қылмыскерлер үшiн өмiр тіпті қиындыққа соқпайтыны жақсы белгілі. Қазiргi әлемдегi қылмыстылықтың өсуi, сондай-ақ "халықаралық қылмыстылықтың" да өсуімен тұспа-тұс келуде. Сондықтан батыс елдердің үкіметімен қауiптi қылмыскерлердi ұстау, iздестiру және тану iсіндегi үйлестiру және ұлттық полиция қызметтерiнiң өзара әрекеттесуiн қамтамасыз ету үшін халықаралық ұйым құру қажеттілігі пайда болды.

ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басы халықаралық қатынастардың кез-келген саласына, сонымен қатар ұлт аралық қылмыстылықпен күрес шеңберінде интеграцияның жаңа деңгейінің қалыптасуымен белгіленді. Қазіргі таңда бірнеше ғалымдардың, барлық мемлекеттер үшін халықаралық қатынастардың барлық салаларында бір-бірімен ынтымақтасуға байланысты заңи халықаралық-құқықтық міндеттеме белгіленіп келеді деген ойымен көнуге болады[1] .

Қазақстан Республикасы Президентінің алтыншы Жолдауының негізгі мағынасы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында! Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» «Заманауи қатерге барабар ұлттық қауіпсіздік стратегиясы» ретінде жарияланды. Осы стратегияның бір бөлігі діни экстремизмге қарсы әрекет және халықаралық терроризм мен есірткі саудасымен күресуге бағытталған саясат. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, «терроризм, ұйымдасқан қылмыстылық, заңсыз қару тарату, есірткі саудасы және тағы осындай қатерлермен күресудегі халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен кеңейту, Қазақстанның лайықты халықаралық келісім шарттарды өңдеу және тәжірибелік орындауда белсенді түрде қатысуын болжайды[2] . 1998 жылғы 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңының 5-бабының 1-тармақшасына сәйкес, заңдылық пен құқықтық тәртіптің әлсіреуі, сонымен қатар «қылмыстылықтың өсуі, оның ұйымдасқан күйін қоса алғанда, мемлекеттік органдарның криминалдық құрылымдармен жетілуі, заңсыз капитал айналымында лауазымды тұлғалардың қамқоршылық жасауы, сыбайлас жемқорлық, есірткі құралдары мен қаруды заңсыз айналдыру, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейін төмендетеді және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді»[3] . Ескі қауіптердің күшеюі мен тұрақты түрде жаңадан пайда болып жатқан қатерлер, дүниежүзілік бірлестікке бірыңғай қауіп-қатер алдында бірігудің жаңа жолдарын табудан басқа таңдау қалдырмай отыр. «Сондықтан да біз үшін аймақтық және халықаралық жігердің бірігуі, соның ішінде адамзатқа қарсы қауіп, діни экстремизмге қарсы әрекет және халықаралық терроризм мен есірткі саудасымен күресуде өте маңызды»[4] .

Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының, Интерпол шеңберiнде ұлт аралық қылмыстылықпен күрес, бүгінгі таңда мемлекеттердің халықаралық-құқықтық ынтымақтастық аясындағы ең көп зерттелетін сұрақтардың бірі. Полиция ынтымақтастығы әсерлігінің ең негізгі шарты - оның халықаралық, сондай-ақ мемлекет ішіндегі деңгейде тиісті ұйымдасқан құқықтық қамсыздандыру[5, 26б. ] . Ал халықаралық іздестіру қызметі осы ынтымақтастықтың әсерлі жұмыс істейтін бағыты болып табылады. Кеңестен кейiнгі елдер 1990 жылдардың басынан құқықтық көмек көрсету жөнінде көптеген екіжақты және көпжақты келісімдерге қол қойып, бекітті, сонымен қатар дерлік барлығы (Түркменстаннан басқасы) Интерполға кірді. Қылмыстылыққа халықаралық деңгейде қарсы тұру тек мемлекеттердің бірыңғай жігерімен, және бұл іс-әрекеттер жоғары ұйымдасқан, анық алып қойылған әрекеттестік тетігімен жабдықталған және бәрінің алдына қойылған мақсатқа жетуге бағытталған болуы тиіс. Осы талаптардың бәрін Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы қамтамасыз етеді. Қазір тек осы ғана құрылым дүниежүзілік масштабта ұлтаралық қылмыстылықпен күресетін халықаралық үкіметаралық ұйым болып табылады. Аймақтық деңгейде бұл қызметтерді ТМД, ЕО сияқты ұйымдардың органдар қатары жүзеге асырады. Еуропада Еуропол қызмет атқарады.

Интерполға 188 мемлекет мүше, демек БҰҰ-ның барлық мүшелері. Бұл ең кең әрекеттесуге өз үлесін тигізеді. Қазақстан Интерполға кіргеннен бастап, ұйымның жұмысына белсенді қатысуда. Бiздің елдiң бұл ұйымдағы мүшелiгi бiзбен тиiстi келiсiмдер жоқ болатын мемлекеттерiмен қатынастарда заңды көмек көрсету туралы мәселенiң шешiмiне жиi оң ықпал етедi.

Тақырыптың зерттелгендiгiнiң дәрежесi. Дипломдық жұмысты дайындау барысында келесі Интерполдың қызметi толық зерттелінген арнайы әдебиеттерге сүйендік. Халықаралық қылмыстық құқықтың Интерпол қызметімен байланысты мәселелері келесі қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан: М. Б. Құдайбергенов, Н. М. Ғалымжанов, А. Б. Токсанбаев, А. Б. Айтуарова, А. Ж. Шпекбаев, А. Н. Акпарова, Б. С. Карикболов және тағы басқа ғалымдар.

Cоның ішінде, М. Б. Құдайбергеновтың «Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі» атты диссертациялық зерттеу жұмысында жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі институтының құрылуының тарихи процесі талданған, халықаралық қылмыстық соттардың қызметі қарастырылған, ұйымдар мен олардың органдарының қызметі, соған қоса халықаралық қылмыстық полиция ұйымы - Интерпол. А. Б. Тоқсанбаев «Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдар жүйесінде» атты диссертациясында, Интерполдың ҰОБ қызметінің ұйымдасқан құқықтық негізін халықаралық сипаттағы қылмыстылықпен күресуде қамтамасыз ету қажеттілігін белгілеген және дәлелдеген.

Сонымен қатар А. Б. Айтуарованың «Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросы халықаралық қылмыстық пен халықаралық сипаттағы қылмыстылықты тергеу мен ашуда мүмкіншіліктерін қолдану» атты диссертациялық зерттеу жұмысында Интерполдың құрылу себептері мен әртүрлі мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен халықаралық ынтымақтастықтағы Интерполдың рөлі көрініс тапқан, сондай-ақ Интерполдың ҰОБ мен Қазақстан Республикасының ІІМ, ІІББ, ІІБ іздестіру аппараттарымен әрекеттесуі қарастырылған. Зерттеуге сонымен қатар ресейлік келесi авторлардың жұмыстары да қызмет еттi: К. С. Родионов “Интерпол: вчера, сегодня и завтра”, Я. М. Бельсон, сонымен қатар В. И. Самарин, И. В. Путова, В. П. Панов, И. И. Карпец. Соның ішінде А. Г. Антропов өзінің диссертациясында, мемлекеттердің бір-біріне құқықтық көмек көрсетуде Интерполдың рөлі туралы жазған.

Дипломдық жұмыстың мақсаты, (ХҚПҰ) Халықаралық қылмыстық полицияның ұйымы шеңберiнде ынтымақтастықты зерттеу болып табылады. Оған кіреді: біріншіден, халықаралық бiрлестiктiң тәжiрибесі мен мүмкiндiктерiн белсендiрек және жан-жақты қолдануы арқылы қылмыстылықпен күрестiң тиiмдiлiгін жоғарылату жолымен; екіншіден, шетел елдерiнiң құқық қорғау жүйелерімен қылмыстардың алдын алу, бұлтартпау және тергеуiндегi белсендi өзара әрекеттесуі. Міндеттері : Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының пайда болуы мен дамуын зерттеу, ұйымның сипатын анықтау, ұйым қызметінің қайнар көздерін анықтау, Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының ҰОБ Қазақстан Республикасында қылмыстық істер бойынша көмек көрсетудегі рөлін аныктау болып табылады. Шетелдің бұқаралық ақпарат құралдары ХҚПҰ-ны әмбебап полиция деп жазады, бірақ ол тек қана жүздеген ұйымдардың бірі. Басқа халықаралық ұйымдардан оның айырмашылығы, оның қызметі әртүрлi елдердiң қылмыстық полициясының мекемелерiнiң қылмыстық қылмыстылықпен күресiндегi ынтымақтастығын қамтамасыз етуiне бағытталған. Оны нақтылап айтқанда, тiкелей жұмыс iстейтiн емес, ақпараттық ұйым деп атауға болады, өйткенi полиция операцияларын тиiстi мемлекеттердiң полициялары жүзеге асырады. ХҚПҰ-да әр түрлi мемлекеттердiң аумақтарында жасалған қылмыстар туралы және әлем бойынша көшпелi қылмыскерлер туралы мәлiметтер есепке алынған.

Зерттеудiң әдістері. Зерттеу кешенді сипатта болғандықтан жалпы зерттеу әдістері дипломдық жұмыста қолданылды. Атап айтқанда: салыстыру, талдау, тарихи әдіс.

Зерттеудiң объектісі. Зерттеудің объектісі Интерполдың және оның ҰОБ мүше-мемлекеттердегі iздестiру қызметiнiң халықаралық - құқықтық реттеу саласындағы қоғамдық қатынастардың аспектілері болып табылады.

Зерттеудің пәні болып, Интерполдың қосымшаларымен 1956 жылғы Жарғысы, халықаралық келісімдер мен басқа да құжаттар, қазақстандық заңдар, сонымен қатар қылмыстық істі тергеуге қатысы бар заттар мен тұлғаларды анықтауға, тұлғаларды іздеу мен тұтқындауға бағытталған, Интерполға мүше-мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен Бас Хатшылық бөлімшелерінің қызметі табылады.

Дипломдық жұмыстың жаңалығы , бұл тақырып Қазақстан Республикасында терең қарастырылмаған, тек қана 1993 жылы тәуелсiздiктiң алуынан кейiн, бiздiң республикамыз осы ұйымның толық құқықты мүшесі болды. Осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасының Интерполдың ҰОБ-мен тығыз байланыс орнатқаны, халықаралық сипаттағы қылмыс және халықаралық қылмыс жасаған тұлғаларды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту және бұлтартпау мәселенiң шешiмi.

Дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы. Осы бітіру жұмысын орындау нәтижесінде берілген қорытынды және ережелер тәжірибе жүзінде халықаралық қылмыстылықпен күресу саласында заңнаманың жетілдіруіне байланысты ұсыныстарды қолдануы мүмкін. Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы алынған нәтижелерді негізгі тақырып бойынша жалпы қылмыстылықпен күресуде көмек көрсетуді реттелуінің жетілдіруі, бабылауды жүзеге асыру мен мемлекеттердің ынтымақтасуына бағытталған.

Дипломдық жұмыста қорғауға шығарылатын тұжырымдар. Автор келесі тұжырымдарды қорғауға шығарады:

  1. Тек ХҚПҰ ғана әлемдік масштабта қылмыстық іздестірумен айналысады. Өйткені жергілікті денгейде қылмыстық іздестіру тетіктері мемлекетаралық өзара әсерлесуді білдіреді. Бұл іздестіру түрі халықаралық емес, мемлекетаралық болып табылады. Себебі, олар тиісті жергілікті ұйымдар мүшелері елдерінің территориясында ғана іздестіруді жүргізеді.
  2. Интерполдың үйлестіруші рөлі, сондай-ақ тек жалпықылмыстық қылмысты тергеуде Жарғыда 3 баптың «саяси, әскери, діни және нәсілдік сипатағы мәселелерге араласуға қатал тыйым салынатындығы» талаптарына сәйкес халықаралық іздеу қызметі Интерполдың құзіретіне бағытталуы анықталды.
  3. Интерполдың іздестіру қызметінің барлық төрт бағыттары белгіленген. Оның ішінде, экстрадициялау мақсатында қылмыскерлерді іздестіруден басқа, хабарсыз жоғалған адамдарды іздестіру мен арнаулы іздестіру шаралары (мәдени құнды заттарды ұрлау) бар.
  4. Интерпол мен Еурополдың өзара әрекеттері, соның ішінде қылмыстық іздестіруде, жақсартуды талап етеді, өйткені халықаралық және трансұлттық қылмыспен күресте ынтымақтастық керек. Интерпол Еурополдың жүйесіне қосылған жоқ. Бұл жағдайда халықаралық пен мемлекетаралық іздестіру бір-бірінен бөлінеді. Негізінде олар ортақ мүддеде бірыңғай жүйені ұсынып, бір-бірін толықтырып, кейбір мәселелерді күш тәжірибелерін біріктіру керек.
  5. Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуге арналған барлық әмбебап конвенцияларға, ҰОБ-ның мүше-мемлекетеріне Интерпол тетіктерін қолдану туралы ұсынысты енгізу керек. Демек қатысушы мемлекеттерге ақпараттармен алмасуда Интерпол желілерін қолдануға ұсыныс жасау керек.

Зерттеудің құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе және үш тараудан, оның әрқайсысы екі бөлімшеден, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Жалпы көлемі - 63 бетті құрайды.

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫ

  1. 1 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылу тарихы, құрылымы, қызметі

Қылмыскерлерді ұстап беру институты - халықаралық құқықтың көне институттарының бірі. Ұстап беру қылмыстылықпен күресте халықаралық ынтымақтастықтың бастауын құрады. Қазақстандық ғалым М. Б. Құдайбергеновтың қарастыруы бойынша, «қылмыстылықтың белгілі бір түрімен күресу саласында, мемлекеттер арасындағы келісім шарттық құқықтық қатынастардың тарихи дамуында қылмыскерлерді ұстап беру институты ерекше маңызға ие болады. Сонымен қатар, ол жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі институтының пайда болуы мен дамуына алып келді. Тек ұстап беру институтынан халықаралық қылмыстық құқық өз бастамасын алады»[6, 15б. ] . Қазiргi әлемдегi қылмыстылықтың өсуi, сондай-ақ "халықаралық қылмыстылықтың" да өсуімен тұспа-тұс келуде. Сондықтан батыс елдердің үкіметімен қауiптi қылмыскерлердi ұстау, iздестiру және тану iсіндегi үйлестiру және ұлттық полиция қызметтерiнiң өзара әрекеттесуiн қамтамасыз ету үшін халықаралық ұйым құру қажеттілігі пайда болды.

Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы - (ағылшын тілінен International Criminal Police Organization - Interpol) халықаралық үкіметаралық ұйым[12] .

1914 жылы Бірінші халықаралық криминалды полиция конгресі Монте-Карлода Монако Альберт I-нің әрекетімен өтті. Бұл конгресте Еуропа, АҚШ және Азияның 24 мемлекетінен заңгерлер, қорғаушылар мен полиция қызметкерлері қатысты. Жиналыста екі мәселе қарастырылды: бірыңғай халықаралық қылмыстық тiркеу орталығын құру және экстрадиция жұмысын унификациялау. Алдымен мемлекеттер арасында халықаралық кәсіби қылмыскерлерге қарсы әрекет мақсатында жедел ақпарат алмасу мәселесін шешу ойластырылды. Конгресте айтылған ұсыныстардың ең маңыздысы, барлық мемлекеттердің полицияларымен қолданыла алатын, белгілі бір ақпараттарды орталықтандыру мақсатымен бірыңғай ұйым құру қажеттілігі болды[7, 21-22б. ] . Бірақ Бірінші Дүниежүзілік соғыс халықаралық қылмыстық полиция комиссиясын құруға бағытталған әрекеттерді тоқтатты.

1923 жылы Венада Екінші халықаралық криминалды полиция конгресін Австрияның астанасының бас комиссары Иоганн Шобер шақырды. Конгрестің шешімі бойынша 7 қыргүйекте тұрақты ұйым - Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы, жеке мемлекеттердің жалпы қылмыстық қылмыстылықпен күресу үшін күштерiн үйлестiру мақсатында құрылды[8, 25б. ] . 1924 жылы Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы келесі маңызды шешімдер шығарды: дәлелдердiң жүйелерiнiң өңдеу және қылмыскерлердің халықаралық іздестірілуі; адамдардың қашықтықтағы теңестiрілуі; халықаралық полиция газетiнің шығарылуы; жалған банкноталар және құжаттарды айқындау үшін бірыңғай бағдарлама өңдеу[9, 11б. ] . Тағы бір ерекшелiк, ол Комиссия мүшелері еш уақытта саяси, діни немесе нәсілге байланысты мәселелермен емес, тек қылмыстық қылмыстылықпен жұмыс атқарды[10, 42б. ] .

Ресми түрде Комиссия өз қызметін Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде де тоқтатпады. Штаб-пәтері Венада орналасты, өйткені сол уақытта австриялық полицияда Еуропадағы халықаралық қылмыскерлерге ең толық досьенiң картотекасы болды. Сонымен қатар бастапқы кезеңде Австрия Комиссияны қаржыландыруын өз мойнына алды. Басында Комиссия құрылымдық дербестiкке ие болған жоқ: ол халықаралық полиция конгресінің көмекші органы болды және бір уақытта Австрияның юрисдикциясында болды. 1930 жылы Комиссияның Бас Ассамблеясы ұйымның конгрестен тәуелсіз болуына дауыс берді. Осы уақыттан бастап ұйымды қаржыландыру әр мүше-мемлекеттің жарнасымен жүзеге асырылды.

1930 жылы Комиссия бiржолата Хатшылықты құрды, ол келесі бөлімдерден тұрды: жалғандардың әр түрімен күресетін Орталық халықаралық бюро, халықаралық қылмыскерлерді тіркейтін Бөлім, теңестіру Бөлімі, құжаттарды жалғандарымен күресетін Бөлім. 1935 жылы жеке халықаралық радио желiсiн құру жұмыстары басталды[10, 44б. ] .

Австрияның Германияға қосылғанынан кейін барлық құжаттар ұлтшыл үкіметтің қолына түсті, солай Берлинге орын ауыстырды. Германия соғысушы елдерге және басып алғысы келген мемлекеттерге қарсы осы құжаттарды қолданды[11, 31б. ] . Соғыста Германия қирағаннан кейін, Комиссияны қайта құруға дәл келді. Өйткені құжаттардың көбісі жоғалтылды. 1946 жылы Брюссельде кезекті конгресс шақыртылады, онда Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы шеңберінде байланыстарды жаңарту мәселесі талқыланды. 1956 жылы Венада Бас Ассамблеяның 25-ші сессиясында делегаттардың барлығы жаңа Жарғы қабылдауға шешім шығарады. Жаңа Жарғының 1 бабына сәйкес: «Халықаралық қылмыстық полиция комиссия - деп аталатын ұйым, енді Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы деп аталады».

Ұйымның Бас Хатшылығының орналасатын жері Франция деп шешілді. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ұйымның штаб-пәтері үш рет ауыстырылды. 1946 жылдан бастап Париждің өзінде, 1966 жылы Сан-Клуға, кейін 1989 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Лионда орналасады.

1946 жылдан 1971 жылға дейін Интерпол халықаралық үкiметтiк емес ұйым мәртебесін БҰҰ ресми түрде 1948 жылы берді. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы мен БҰҰ өзара әрекеттестігі 1971 жылы Интерпол мен Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес арасында «Арнайы келісім шарт» жасалғанда танылды. БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1996 жылғы 15 қазанда Интерполға бақылаушы мәртебесі бекітілді. Нью-Йоркте 1997 жылы 8 шілдеде БҰҰ Бас Хатшысы Кофи Аннан мен Интерполдың Президенті Тошинори Канемото БҰҰ мен Интерпол арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды[9, 40б. ] . Демек осы келісім шарттардан кейін Интерполды - халықаралық үкіметаралық ұйым деп тану керек.

Қазіргі уақытта Интерпол БҰҰ кейін мүше-мемлекеттерінің көлемі бойынша екінші халықаралық үкіметаралық ұйым болып табылады, ол 188 мемлекетті біріктіреді.

Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылымы

1956 жылғы Жарғыға сәйкес Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы келесі құрылымға ие:

  • Ұйымның басты органы Бас Ассамблея болып табылады, жылына бір рет күз уақытында шақырылады. Оған ұйымның мүше-мемлекеттерінің барлық өкілдері қатысады. Жарғы бойынша өкiлеттiктері: Интерпол шеңберінде әртүрлі мемлекеттердің полицияларының ынтымақтастығының негізгі бағыттарын анықтайды; жаңа мүшелер қабылдайды; алдағы жылға бюджет пен жұмыс жоспарын қарастыру және бекіту; ұйымның лауазымды тұлғаларын сайлайды және қаржы сұрақтарын шешеді. Осында кәмелетке толмағандардың қылмыстылығымен, есірткіні тарату және осындай әрекеттермен күресу мәселелеріне байланысты арнайы сұрақтарды шешетін, тұрақты және уақытша комиссиялар құрылады. Бас Ассамблеяның ұйым ішіндегі сұрақтар бойынша резолюцияларының атқарылуы міндетті, ал үкімет пен құқық қорғау органдарына бағытталған резолюция кеңес ретінде қолданылады.
  • Ұйымның атқарушы органы Атқарушы комитет Бас Ассамблеяның сессиялар арасындағы қызметін атқарады. Ол жылына үш рет жиналып, Бас Ассамблеяның ұсыныстарын жүзеге асырады, Бас Хатшының қызметіне тексеріс жүргізеді және келесі кезекті сессияларының күн тәртібін дайындайды. Атқарушы комитет Бас Ассамблеясымен сайланатын Президенттен (4 жылдық мерзім), әртүрлі мемлекет пен аймақты (Азия, АҚШ, Африка, Австралия және Еуропа) ұсынатын үш Вице-президенттен (3 жылдық мерзім) және тоғыз делегаттан тұрады. Атқарушы комитет Президенті ұйымның басшысы болып табылады, ол Бас Ассамблеяның сессиялар арасындағы қызметімен айналысады. Атқарушы комитет мәжілістері жылына бір реттен кем болмай өткізіледі. Барлық шешімдер көпшілік дауыспен қабылданады. Өз қызметтерін Атқарушы комитет мүшелері өз мемлекеттерінің өкілдері ретінде емес, Интерпол өкілдері ретінде атқарады.
  • Ұйымның тұрақты қызмет ететін органы Бас Хатшылық, оған Бас Хатшы, мамандар мен әкімшілік қызметкеолер кіреді. Ол Бас Ассамблея мен Атқарушы комитет шешімдерін жүзеге асырады, жалпы қылмыстылықпен күресуде халықаралық, мамандандырылған және ақпараттық орталық қызметін атқарады, ұйымға тиімді әкімшілік басқарушылықты орындайды, халықаралық ұйымдар мен ҰОБ байланыс орнатады, қажетті жариялымдарды дайындайды, Бас Ассамблея сессияларында және Атқарушы комитет мәжілістерінде хатшылықтың қызметін атқарады, Президентпен байланыс орнатады. Бас Хатшылықты Бас Хатшы басқарады, оны Бас Ассамблея 5 жылдық мерзімге сайлайды (65 жастан артық емес) . Бас Хатшы өз қалауымен Бас Хатшылыққа қызметкерлерді алады және оның барлық қызметтерін басқарады.

Бас Хатшылық 5 бөлімнен тұрады: әкімшілік және қаржылық, полициялық, ғылыми-техникалық, ақпараттық аймақтық ынтымақтастық және даму. Соның ішінде полициялық бөлімінің бөлімшелері бар, соның бірі Субаймақтық бюро. Бұл бюролар Бангкокте (Оңтүстік-Шығыс Азия үшін), Буэнос-Айресте (Оңтүстік Америка үшін), Сан-Сальвадорде (Кариб бассейні үшін), Харарда (Оңтүстік Африка үшін), Найробада (Шығыс Африка үшін) және Абиджанда (Батыс Африка үшін) [14] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылымы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Интерпол орталық бюросы қызметінің мәселелері
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы туралы
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы
Мемлекеттік күзет қызметінің құқықтық негізін
«Мамандандырылған мемлекеттік күзет қызметінің қызметі»
Халықаралық қылмыстық полицияның ұйымы шеңберiнде ынтымақтастықты зерттеу жолдары
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары»
Құқықты қорғау қызметі
Заңсыз иммигранттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz