Физика-географиялық аудандастыру


Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

негізгі бөлім

Физика-географиялық аудандастыру

ТМД-ны аудандастыру

ІІІ Қырым - кавказ таулы елі.

ІІ. Украйн Карпаты

ІҮ Орал таулы елі

Ү Таулы - Аралды Арктика.

ҮІ. Орыс жазығы.

ҮІІ Байкал таулы елі

ҮІІІ Алтай - саян таулы елі.

ІХ Қазақ ұсақ шоқысы.

Тұран жазығы

ХІ Орта Азия мен Қазақстан таулары

ХІІ Батыс Сібір жазығы

ХІІІ Орта Сібір

ХІҮ Солтүстік Шығыс Сібір

ХҮ Камчат - курил Вулканды ел

ХҮІ Амур - Сахалин елі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

ТМД-ң аумағы солтүстіктен-оңтүстікке, батыстан-шығысқа қарай өте үлкен аумақты алып жатқандықтан, табиғаты әртүрлі болып келеді. Әртүрлі табиғи компоненттерін қарастырғанда олардың кеңістіктегі біртекті таралмауы, өзара байланысы мен әрекеттесуі әрқалай болу салдарынан, ТМД аумағынгда әртүрлі табиғи аумақты келгендердің пайда болуына әкеліп соқтырған.

Әсіресе, қазіргі уақытта табиғи экологиялық тепе-теңділікті сақтау мен экологиялық дағдарысқа апармау жолдары туралы сұрақтар бірінші орында тұрғандықтан, физика-географиялық аудандастыруды ғылыми және практика жүзінде қолданудың мәні зор.

Табиғи-аумақтық кешен оның ішкі және сыртқы өзара әрекеті мен өзара байланысы физикалық географияның негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Сондықтан, кез келген аумақтың кешендік зерттелуі тек бір ғана компонентпен сипатталмайды, ол өзіне міндетті түрде одан тыс жердің регионалдық айырмашылығының анализі, табиғи аумақтық кешеннің құрамына кіретін компоненттердің бәрін қарастыру керек.

Физика-географиялық аудандастыру

ТМД-ны аудандастыру

Аудандастырудың ғылыми-танымдық құндылығы ол - аумақтың географиялық тұрғыдағы мәліметтерін логикалық топтаудың, регионалдық зерттеулердің мәліметтерін жүйелі түрде мазмұндаудың, ел танымдық бейнелеуді және оқу мақсатындағы мәліметтерді ұйымдастырудың негізі болып табылады.

Физика-географиялық аудандастырудың ауылшаруашылығындағы жұмысының мақсаты: жеке табиғи комплекстер бір-бірінен өзіндік табиғи жағдайлары мен табиғи ресурстарымен ерекшеленетіндіктен, экологиялық, тепе-теңдікті сақтай отырып, оларды тиімді пайдалана білу. Ауылшаруашылығына, қала құрылысына, аудандық жоспарлауға, халықтың демалыс орындарын ұйымдастыруға қатысты қолданбалы аудандастыру схемалары да осы мақсатта қолданылады.

Ең алғашқы аудандастыру жұмыстары ХVІІІ ғасырда пайда болған (Х. А. Чеботарев, 1776 ж; С. И. Плещеев, 1786 ж; Е:Ж. Зябловский, 1807 ж; К. И. Арсеньев, 1819 ж, 1848 ж. ) . Оларда табиғи жағдайлары мен ауылшаруашылығы есебі бойынша ірі аудандар ерекшеленген.

ХІХ ғ. ІІ жартысынан бастап география ғылымындағы өзгерістер мен нақтылы мәліметтердің жиналуына байланысты табиғи компоненттерді жеке-жеке аудандастыруға мүмкіндік туды, яғни салалық аудандастыру пайда болды. Сол уақыттарда өкілдік басқа компоненттерге қарағанда жақсы зерттелген, сондықтан Ресейдің Европалық бөлігінің ең алғашқы табиғи аудандастыру кескіндері өсімдік жамылғысының әртүрлілігіне байланысты құрылған (Р. Траутфеттер, 1850; А. Н. Бекетов, 1874; Ф. Г. Кеппен, 1885 ж. ) .

Өсімдік - табиғи жағдайлардағы барлық кешендендің анықтауышы болғандықтан, аудандастыру кескіндері солтүстіктен-оңтүстік-шығысқа бағытталған табиғи жағдайлардың заңдылық бойынша өзгеруі анық, тура көрсетілген, яғни зональдылық географиялық қабықтың кеңістіктегі өзгеруі заңдылығының негізі.

В. П. Семенов-Тянь-Шаньскийдің Европалық Ресейге жүргізген аудандастыруы салалалық болып есептеледі. Дегенмен, ол жоғарғы шөгінділердің жайғасуы мен оған қоса бедер, климат және өсімдік дамуы есебімен өткізілгенімен, автор географиялық емес, геоморфологиялық құрылым болып табылады. ХІХ ғ мен ХХ ғасырларда бұл ойды тура тұжырымдаған ең алғаш В. В. Докучаев болатын. Осы арқылы ең алғашқы кешендік физико-географиялық тәжірибелік аудандастырулар жүргізілген. 1897 ж. Г. И. Танфильеваның Шығыс-Европа жазығына климаттың, өсімдіктің, топырақтың регионалдық тұрғыда ерекшелігіне байланысты аудандастырылуы жүргізілген. Ал 1907 ж. Крубер осы аумаққа зональдылық ерекшелігіне қарамай, рельефін алған - облыс, зона және округ бірліктері әртүрлі табиғи аумақтық кешен болып табылады. 1913 ж. Ресейдің ең алғашқы ландшафтық кескінін құрастырған Л. С. Берг еді. Берг зоналарға қысқаша сипаттама беріп отырған, кей кездері оның ішіндегі провинциялық ерекшеліктерді де қоса отырған. Кейінірек ол табиғи зоналарды нақтылы түрде өзінің «Физико-географические зоны СССР» және «Географические зоны Советского Союза» атты монографиясында сипаттаған.

1964 ж. дүниежүзілік физика-географиялық атлас үшін Г. Д. Рихтер ТМД-ң аудандастыруын жүргізген. Картада екі ел мен провинция бірлігі түскен.

ТМД аумағында 19 ел, 88 зона және таулы облыстар, 305 провинция анықталған.

1983 ж. жоғарғы мектептерде ТМД-ң масштабы 1:8 физика географиялық аудандастыру картасы шықты. 1968 ж. аудандастырудың екінші теппешекті бірлігі ретінде облыс ретінде тек қана таулы емес елді жазықты ел де (зона орнына) алды. Енді картада 19 физика-географиялық ел, оның құрамында 91 жазықты және таулы облыс және 342 провинция болды. Ф. Н. Мильковтың және Н. А. Гвоздецкийдің (1986 ж. ), Н. А. Гвоздецкий мен Н. И. Михайлованың (1987 ж. ) оқулықтарында ел-зона-провинция таксономиялық бірліктері қолданылған.

Келесі таксономиялық бірлік - провинция. Провинция - рельеф, геологиялық құрылымы және биоклиматтық ерекшеліктерінің ортақтығымен сипатталатын зона немесе мысал ретінде Чулым-Енисей, Путорана, Орталық Алтай, ұсақ провинция табиғи комплекстерден ең кішісі.

Физика-географиялық аудан - салыстырмалы түрде ірі провинцияның геоморфологиялық ортақ бөлігі.

ТМД-ны аудандастыру.

І. Кольск түбегі және Каремия

Балтық кристалдық қалқанының шығыс бөлігін алып жатыр.

Кольск түбегі мен Карелин шекарасында үш физика-географиялық провинцияны анықтаған:

1. Тундралық-солтүстік тайганы Кольск түбегі.

2. Батыс тундраны Карель үстіртті жазығы.

3. Шығыс тундралы Беломор ойпатты жазығы.

ІІ. Украйн Карпаты

Орыс жазығы оңтүстік-батыс бөлігінен Карпат таулы елімен шектесіп тұр. Бұл 1500 км созылған Альпі-Гималай тауларының үзбесі. ТМД-ға Карпаттың Шығыс және орманды бөлігі кіреді, ТМД-дағы бөлігі Украиндық Карпат деп аталады. таудың ауданы шашамен 24 мың км 2 . Орыс жазығымен Вишня өзені бойымен жалғасады. Бір ғана провинциясы бар: Шығыс Карпат провинциясы.

ІІІ Қырым - кавказ таулы елі.

Қырым - Кавказ таулы елі физика - географиялық аудандастырудың ең алдынғы рангідегі ірі таксилогиялық бірлігіне кіру себебі Кайназойлық қатпарлы белделінің макрогеоқұрылымының біртектілігімен түсіндіріледі.

Мұнда келесідей физика - географиялық облыстарға бөлінген.

1. таулы Қырым

2. Үлкен Кавказ

3. Кавказ ойпаңы

4. Кішігірім Кавказ және Джавахет- Армян қыраты.

ІҮ Орал таулы елі

Орал таулы елінің шекарасында келесідеу физика - географиялық облыстарға бөлінген:

1. Аласа таулы тундралы Пай - Хай

2. Орта таулы орманды тундарлы және тундралы полярлы Орал

3. Орта таулы тайгалы және тундралы Солтүстік Орал

4. Аласа таулы орманды ортаңғы Орал

5. Орта таулы тайгалы және тундралы Поляр маңы Орал

6. Орта таулы орманды далалы және далалы Оңтүстік Орал

7. Аласа таулы шөлейтті және далалы Мұғалжар.

Ү Таулы - Аралды Арктика.

Таулы - аралды Арктика шегінде келесідей физика - географиялық облыстар анықталған:

1. Мұзды қалқандар мен Франц - Иосиф жеріндегі арктикалық шөлдер

2. Мұзды қалқандар мен шөгінділер мен Жаңа жердің арктикалық тундрасы.

3. Мұзды жамылғылар, Солтүстік Жердің арктикалық шөлі.

4. Қазбалы мұздармен мен Новосибирск аралындағы аз дамыған, мұзданған арктикалық шөлдері.

5. Врангель аралының арктикалық шөлейтті.

ҮІ. Орыс жазығы.

Шығыс европа жазығы - ауданы бойынша дүние жүзіндегі бірі жазықтардың бірі солтүстіктен оңтүстікке қарай Борянц және АҚ теңізіндегі қара және Каспий теңізіне дейінгі 2, 5 мың км созылған кеңістікке алып жатыр. Шығыстан батысқа дейін де 2 мың км қашықтыққа созылған, Орал тауларынан басталып, Ресейдің батыс шакарасына дейінгі аралықты қамтиды, одан әрі Европалық жазығына ауысады.

Шығыс европа жазығында 27 табиғи провинция ерекшеленген.

1. Печора жазығы

2. Балтық маңы жазығы

3. Припят орманды даласы

4. Орта Орыс үстірті

ҮІІ Байкал таулы елі

Байкал көлінің батыс және шығыс жағалаулары бойымен одан шығысқа және солтүстікке Байкал таулы елі өтіп жатыр.

Байкал таулы елі төрт физика - географиялық облыс пен провинцияға бөлінген.

1. Стандық жота

2. Байкал маңы және Байкал көлі

3. Даур облысы

Провинция

1. Байкал - Витимдік провинция

2. Аидано - Верхнезейслік провинциясы.

ҮІІІ Алтай - саян таулы елі.

Алтай - Саяи таулы елі Азияның ортасында орналасқан. Ол Алтай, Алатау, Салайрс қырқасы, Кузнецк қазаңшұңқырынан Батыс және Шығыс Саяи, шығыс Тувин жотасы мен Тувин қазаңшұңқырынан құралады.

Таулы провинциялары:

1. Алтай

2. Саян - Сібір

3. Тувин

ІХ Қазақ ұсақ шоқысы.

Қазақ ұсақ шоқысы ірі Батыс - Сібір және Тұран жазығының ортасында орналасқан, ал шығысында Алтай және Тарбағатайға келіп тіреледі. Алтай - Саянмен шекарасы Зайсан қазақшұңқыры мен Колбин жотасына батыс бөлігі арқылы өтеді. Морфологиялық тұрғыдан Торғай ойысына келіп шектескен жері анық көрінеді.

Батыстан шығысқа қарай аумақ 1500 км-ге созылып жатыр (61-85 0 м. ш), ал солтүстіктен оңтүстікке батыс бөлігі 950 км-ге, ал шығысы 350-400 км-ге созылып жатыр. Қазақ ұсақ шоғысының ауданы 700 мың км 2 .

Провинциялары

1. Көкшетау провинциясы

2. Қарағанды провинциясы

3. қазақ провинциясы

4. Балхаш маңы провинциясы

Тұран жазығы

Тұран жазығы қазақ ұсақ шоқысынан және Оралдан оңтүстікке қарай орналасқан. Солтүстік - батысында Орыс жазығымен, солтүстігінде Батыс сібірмен шектесіп жатыр.

Жазық 53-35 0 с. е және 51-70 0 ш, б орналасқан. Ең ұзақ аумақты қамтыған жері солтүстіктен оңтүстікке қарай шамамен 2000 км, ал батыстан шығысқа, т шамамен 2500 км. Жазықтың ауданы 2 млн. км 2 жақын.

Провинциялары:

1. Арал маңы провинциясы

2. Маңғышлақ -Үстірт

3. Арал - Балхаш

4. Туран

ХІ Орта Азия мен Қазақстан таулары

ОРта Азия мен Қазақстан таулары Туран жазығы мен Қазақ ұсақшоқысына дейінгі аралықты алып жатыр. Олар Копетдачтың батыс бөлігімен Саурдың шығысына дейінгі аралықта.

30 0 байлық пен 12 0 ендікте жатыр.

1. Батыс Тянь - Шань

2. Ферғана қазаң шұңқыры

3. Шығыс Памир

ХІІ Батыс Сібір жазығы

Батыс сібір жазығы - шекарасы нақты белгіленген. Батысында Орал тау алды жазығы, солтүстік шеті қазақ ұсақ шоқысы және Алтаймен шекараласады. Шығыснда Енесей адырлар қырқасымен және Орта Сібір қыратымен шекараласады. батыс сібір жазығы Оңтүстік Батыс шетінде Торғай қазаншұңқыры арқылы Тұран жазығымен, ал солтүстік - шығыста Солтүстік Сібір ойпатымен жалғасады. Солтүстікте Карс теңізімен шекараласады.

Провинция:

1. Ямало - Гыдан провинциясы

2. Обь - Енесей провинциясы

3. Батыс - сібір провинциясы

4. Обь - Ертіс провинциясы

5. Есіл - Ертіс маңы провинциясы

6. Тобыл - Ертіс провинциясы

ХІІІ Орта Сібір

Кең территория Енисей өзені мен Верхоян қыратының ортасында орналасқан. Ол Карс және Лаптев теңізінің жағалауларынан басап, оңтүстік Сібір тауларының етегіне дейін созылған Орта Сібірдің максималды созылуы Пелюскин мүйісінен бастап Иркутскқа дейін 2800 км қашықтықты қамтиды, ал батыстан шығысқа 2500 км қашықтыққа созылып жатыр. Орта Сібір ауданы 4 млн. км 2 .

Провинциялар:

1. Тунгус провинциясы

2. Путоран провинциясы

3. ОРталық Якут провинциясы

ХІҮ Солтүстік Шығыс Сібір

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас
Жамбыл облысының геоэкологиялық аудандастыруы
Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның географиялық және геологиялық зерттелуі
Табиғи аумақтық кешендерді зерттеудегі локальді геожүйердегі ландшафтық әдістер
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
Тарбағатай
«Картография мен топография негіздері» пәніне арналған жинақ
Докучаевтың топырақтану ғылымына салған үлесі. Қазақстандағы топырақтану ғылымының дамуы. Шетелдік топырақтану ғылымының дамуы жəне жағдайы
Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің географиялық орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz