Модель және оның түрлері


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Модель және оның түрлері.
Қабылдаған:
Орындаған: 2- курс магистранты
Табылғанова Ә.
Алматы 2006 .
Модель және оның түрлері.
Жоспар:
1. Модель ұғымы.
2. Модельдердің түрлері.
3. Таңбалық және ақпараттық модельдер.
4. Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер.
Адамзат ертеден-ақ объектілерді, процестерді әр түрлі саладағы құбылыстарды зерттеу барысында модельдеу тәсілін қолданып келеді. Осы зерттеулердің нәтижелері нақты объектілермен процестердің жаңа объектілерді құрастыру мен ескілерін талдауға т. б. маңызды орын алды.
Моделдеу -адамның өз іс әрекетін алдын ала жоспарлап дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді. Адам қолмен жасалған абстарктілі немесе материалды объектілер модель бола алады.
Модельді талдау нәтижесінде нақты күрделі объектіні тереңірек білуге мүмкіндік туады. Мұндағы шын мәніндегі нағыз табиғи объект, протатив немесе түп нұсқа деп аталады. Модель дегеніміз нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. Модельдеу объектілерді процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін құру. Түп нұсқаның өзін зерттемей оның моделін құрудың қандай пайдасы бар деген заңды сұрақ туындайды. Біріншіден, модельдеу арқылы шын мәнінде жоқ немесе бұрын болып жойылып кеткен объектіні зерттеуге болады. Модельдеу үшін уақыт еш қандай кедергі келтірмейді.
Екіншіден, түпнұсқаның қасиеті мен өзара әсері орасан зор болуы мүмкін. Объектілердің модельдері ретінде әдеби шығармалар немесе архитектуралық ғимараттың кішірейтілген көшірмесі, мектептегі оқу құралдары алынуы мүмкін.
Модель сутегі атомы, күн жүйесіндегі планеталар, елдегі парламент т. б. нақты өмірде бар дүниені бейнелеуі мүмкін.
Табиғат апаттарын алдын ала болжау мақсатында, тірі табиғат құбылыстарын зерттеу үшін олардың модельдері жасалды. Орыс ғалымы досы-академик Георг Рихман XVIII ғасырдың басында магниттік және электр күштерінің табиғатын зерттеу үшін, болашақта пайдалану мақсатында олардың модельдерін жасады.
География пәнінде табиғат құбылыстарын оқу барысында нақты бір жағдайға емес олардың адамға тигізетін зардабына ғана тоқталады. Процестердің де моделін құруға яғни материалдық объектілермен жасалатын іс-әрекетттерді модельдеуге болады. Модель- көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мысалы қаланың моделін айтуға болады. Модельдердің қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді.
- Қолдану аймағы.
- Модельдерде уақыт факторын ескеру.
- Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.
Қолдану аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірбиелікғылыми -техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.
Оқу моделі - көрнекі оқу құралы, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.
Тәжірибелік модель - жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. Бұл модельдер- объектіні зерттеу, қасиеттерін болжау, зерттеу мақсатында қолданылады.
Мысалы, үлкен теңіз кемесінің моделін алдын ала бассейнге жіберіп, оның тез қозғалған кездегі ауытқуын, шайқалу кезіндегі ұстамдылығын анықтайды.
Ғылыми - техникалық модельдер - процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың жылдамдығын үдеткіш-синхротрон, найзағайдың разрядын бақылаушы құрал және теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады.
Ойын модельдеріне- әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады. Бұл модельдерәр түрлі жағдайда объектіні бақылауға жаттықтырады. Ойын модельдері адамдарға әр түрлі жағдайда психологиялық көмек көрсетеді.
Имитациялық модель - шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады.
Тәжірибе нақты объектіні зерттеу, бағалау мақсатында бірнеше рет қайталанады немесе бір мезгілде әр түрлі жағдайда бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізіледі. Дұрыс шешім таңдаудың мұндай тәсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады.
Мысалы: жаңа дәрілердің әсері мен қабылдау мөлшерін бекіту үшін оны алдымен тышқандарға беріп, тәжірибе жасайды.
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттық белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Мысалы, тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді, бастауыш сыныптағылардың сүті, орта және жоғары буын оқушыларының емделген, емделуге тиісті тістерінің саны. т. б.
Динамикалық модель - уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп атайтуға болады. Өйткені осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар. Үй салу кезінде оның іргетасының қабырғалары мен тіркеулерінің үнемі түсіп тұратын күшке шыдамдығы тексеру керек. Бұл- статикалық модель. Сондай-ақ дауылға, жер сілкінісіне уақыт факторына байланысты болатын өзгерістерді де ескеру керек. Бұл мәселелерді динамикалық модельге сүйене отырып анықтауға болады. Модельдерді көрсету әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып үлкен екі топқа жіктеледі.
Компьютерлік Компьютерлік емес
Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түп-нұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады. Ойыншық көмегімен кішкене кезінен бала қоршаған орта жөнінде түсінік ала бастайды. Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі олар тек ақпараттарға ғана құрылады.
Ақпараттық модель дегеніміз -объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz