Ұлттық банк



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
Ұлттық банктің міндеті
Ұлттық банктің резервтері
Ұлттық банкті басқарушы органдары
Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары
Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі
Ақша . несие саясаты
Ұлттық банктің жұмысшысының негізгі бағыттары
ҚР Ұлттық банкі банктердің банкі
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Ұлттық банк - заңды тұлға. дербес балансы бар өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығына төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерік және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банк міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк үкіметтін міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкімттің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республика заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлері жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер "Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы". "Вестник Национального Банка Казахстана'' атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.
1. Ақша несие банктер. Оқулық. Ғ.С. Сейтқасымов.
2. С.Б. Мақыш. Алматы 2000. Ақша айналысы және несие.
3. Баян Көшенова. Ақша несие банктер. Валюта қатынастары. Алматы 2000.
4. Банктік қызмет туралы. Алматы 2005.
5. Банктік құқық. С.М. Найманбаев. Алматы 2005.
6. Банк и развития Казахстана. Алматы 2005.
7. Банковские права. С.И. Алескеров. А.И. Земли. Москва 2003.
8. Банковские парава. А.А. Тедеев. Москва 2006.
9. Банковские дела. Сейткасымова. Қаржы қаражат. Алматы 1998.
10. Фридман С.Л. Банки и кредит. Доре валютциеонным Казахстане. Алматы 1974.
11. Банк и банковские операции. Е.Ф. Жукова. Москва 1997.
12. Денги и кредит банки. О.И. Лаврушина. Финансы и статистика. Москва 1999.
13. Закон Республики Казахстан о националном банке РК. Алматы 2001. «Данекер».
14. Кучукова Н.К. Финасы кредит и банки. Алматы 1999. стр220.
15. Мельников В.Д. Илиясов К.К. Финансы. Алматы қаржы-қаражат 1995. 208 стр.
16. Райымбаев А. Классификация налогов қаржы – қаражат 1999 №7. стр.81.
17. Құлпыбаев С.Л. Илиясов Қ. Қаржы – қаражат оқу құралы. Алматы 2004.
18. Л.Г. Остриков. Финасовые права. Москва 2006.
19. А.Ю. Головина. Е.А. Федерова. Финасовые права. Москва 2004.
20. Инструкция №43. Об административных положениях по налогов и другим обязательством платежа о бюджет. Алматы 1999. стр.52

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
Ұлттық банктің міндеті
Ұлттық банктің резервтері
Ұлттық банкті басқарушы органдары
Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары
Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі
Ақша - несие саясаты
Ұлттық банктің жұмысшысының негізгі бағыттары
ҚР Ұлттық банкі банктердің банкі
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ

Ұлттық банк - заңды тұлға. дербес балансы бар өзіне тікелей
бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас
орталықтандырылған құрылым, әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде
жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден
салығына төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерік және одан
тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа бөлімшелерін ашуға құқығы бар.
Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық
банк міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне
белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк үкіметтін
міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкімттің өкілдік және атқарушы
органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды
қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республика заңдарының негізінде
өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір
банктік операция түрлері жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы
мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер
шығарады. Ол нормативтік актілер "Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы".
"Вестник Национального Банка Казахстана'' атты қазақ және орыс тілдерінде
шығатын ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банктің негізгі қызметі - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы
тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:
• ақша айналымы. несие, банктік есеп айырысу мен валюталық
қатынастарды ұйымдастырады:
• ақша. несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
• несне берушілер мен салымшьшардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып
алу-сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа
ұйымдардың мүддесін қорғау және олардын жұмысын бақылау сияқты
мемлекеттін экономикалық саясатын жүргізеді.
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:
Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несне саясатын
жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен
және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-
несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған
жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары
бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ алты айға
дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы
вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттык банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар
мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды,
дисконттық және өтеу мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды
сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті
резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының
түрлерін анықтайды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және
монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың
құрылымын, теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін
анықтап, дайындығын қамтамаыз етеді.
Ұлттық банктін қолма-қол ақша қаражатын шығаратын, теңге мен тиынның
қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді
ұйымдастыратын айырықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін
айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін
жоюмен шұғылданады.
Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Сол үшін Ұлттық
банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші
класты (жоғары өтімді қауіпсіз) бағалы қағаздармен және
басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді.
Ұлттық банк - екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші.
Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасы мен де сондай-ақ
қамтамасыз етілген, ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені
Ұлттық банктің басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімге
береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен
тәртібін анықтап, Қазақстандық теңгемен жүргізілетін банкаралық
есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем
жүйесінің қызметін ұйымдастырады.
Төртіншіден,үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және
агенттік қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған
республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы
министрлігінің шоттар; бойынша дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін
қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы министрлігімен келісілген шарт
негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып, олардын депозиторлық
ісін жүзеге асырады.
Бесіншіден банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол
үшін Қазақстан территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен
олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге
лицензия беред. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың
клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта
операцияларын жүргізу мәселелері бойыніш нормативтік актілер шығарып,
олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік банктік және
басқа есептің мерзімін, формасын, тізімін, тәртібін және әдісін бекітіп,
сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының
қызметік жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шақырып бақылайды.
Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің
балансын, есебін және басқа құжаттарын тексереді.
Алтыншыдан, валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі.
Оны атқару үшін Ұлттық банк шетел валютасының және шетел
валютасындағы бағалы қаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп,
шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде
проценттік мөлшер деңгейіне шектеу қояды.
Резиденттер үшін шетел валютасын және шетел валютасындағы
бағалы қағаздарды Қазақстанға аудару, әкелу, әкету және салып
жіберу тәртібін белгілеп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
резиденттерінің республикадан тыс шетел валютасында шот ашуының
мақсатын, тәртібін және жағдайын анықтап, шот ашуға рұқсат береді.
Ұлттық валютаның шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді.
Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта-қаржылық және
несие-есеп атынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктіқ несиенің
есебін жүргізеді.
Жетіншіден, елдің алтын валюта корларын басқару қызметі. Оны атқару
үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын залюта қорларын қалыптастырып, олармен
операция жүргізеді. Қазақстан Республиқасы Президентінің "Бағалы металдарға
және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы" Заң
күші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып
алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден (сатып
алушылардан) Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы
металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын
қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.
Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің
қоймасында сақтау үшін үкіметтік (бюджеттік) резервке алынған құндылықтарды
қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы метал құймаларын, монеталарды,
өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып
алу және сату операцияларын жүргізеді.
Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты:
жарғылық, резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы
провизияларынан (резервтерінен) құрылады.
Ұлттык банктін жарғылық капиталы 20 милион теңгеден қалыптасады және
оның міндеттемелермен қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік
бюджеттен бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қордың құнынан және
Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.
Резерв капиталы жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза
табысы есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды
өтеуге жұмсалады.
Алтын валюта активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан
түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың
Ережесін Ұлттық банк Басқармасы бекітеді. Алтын валюталық резерв теңгенің
ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшін құрылыс және сол
мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резел төмендегі элементтерден
құрылады:
• алтыннан;
• банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі
және республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан;
• Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан
• шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы мекемелері
шығарып, кепілдік берген бағалы қағаздардан
• шетел валютасындағы жай және аударым вексельден
• өтімділігі және қауіпсіздігін қамтамасыз етілген жағдайдағы шетел
валютасындағы басқа сыртқы активтерден құрылады.
Арнайы провизиялар (резервтер) Ұлттық банктің шығыстары есебінен
күмәнді және үмітсіз талаптарынан оған қоса несиелерден, депозиттерден,
бағалы қағаздардан есеп айырысу кезіндегі шығындардан, шоттардағы
қалдықтардан және басқа активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан
құрылып, оған аяқталмаған құрылыс көлемі және Ұлттық банктін монетарлық
емес талаптары және әлеуметтік сипаттағы төлемдер кіреді.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы оның іс жүзінде алған
кірістері мен осы жылғы шығын арасындағы айырмаға тең. Шығынға шығарылып
тасталған күмәнді борыштар, активтердің, оның ішінде айналымға шығарылған
банкноталар мен монеталардың амортизациясы (тозуы) осылады. Табыс жоғарыда
айтқанымыздай, жарғылық, резерв капиталын қалыптастыруға жұмсалып, қалған
бөлігі келесі қаржы жылының республикалық бюджетіне жіберіледі.
Ұлттық банктің басқарушы органы болып Басқарма және директорлар Кеңесі
(Директорат) саналады. Оның жоғары органы Басқарма, ол 9 адамнан - тұрады.
Оған Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазымды адамы және Президенттен бір,
Республика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен, Республика Үкіметінен
және Ұлттық банктен кірген басқарма мүшелерін тиісінше Президент, Үкімет
және Ұлттық банктін төрағасы бекітеді және қызметтен босатады.
Ұлттық банктің төрағасын республика Президенті Парламентпен келісе
отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды. Егер төраға қызметтен кеткісі келсе 2
ай бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы. Оны қызметтен Президент
босатады. Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты. Оның орынбасарларын
төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне
тәуелсіз 6 жыл мерзімге бекітеді. Төрағаның орынбасарларын қызметінен
төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады. Сондай-ақ төрағаның
орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе, онда 2 ай бұрын төраға
арқылы Президентке арыз береді.
Ұлттық банктің Басқармасының мәжілістері қажетті кезде, бірақ айына
кемінде 1 рет өткізіліп, онда Ұлттық банктің, жоғарыда айтылған қызметтерін
орындайды, ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган -
Директорлар Кеңесі. Директорлар Кеңесі Президенттің "Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарғығына сай Ұлттық
банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк
белгілеген уәкілдік шегінде атқарып, оған есеп беруге міндетті.
3. Тұрғын-үй құрылыс банкі — бұл тұрғын-үй құрылысын коммерциялық
құрылысшылар арқылы несиелеуге, хатық үшін тұрғын-үй жинақ шоттарын
қалыптастыру, ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банкті
білдіреді.
4.Медетші банк (траст) бұл Дүниежүзілік банктін ықпалымен "Проблемалық
кәсіпорындар үшін госпиталь" ретінде құрылған банк.
Бұл банктердің барлығы бірдей бюджет қаражаты есебінен құрылғандықтан
да, олар үшін несиелік ресурстарды қалыптастыру басты мәселеге айналды.
Сондықтан да, бұл банктердің қазіргі уақытта Мемлекеттік даму банкі
Эксимбанкпен бірігіп, Тұрғын-үй құрылыс банкі Центркредитбанкпен қосыльш
жұмыс жасауда. Ал медетші банк, қазіргі күні Медетші қор етіп қайта
түрлендіріліп, өз қызметін одан әрі жалғастыруда.
1991 жылы қабылданған заңның негізінде Республикадағы мемлекеттік банк
Ұлттық банк болып қайта түрлендірілді. Сонымен бірге. Құрылыс өнеркәсіп
банкі — акционерлік, коммерциялық банк Туранбанк, Агроөнеркәсіп банкі —
акпионерлік-коммерпиялық банк Агроөнеркәсіп банкісі. Сыртқы экономикалық
банкі — акдионерлік-коммерциялық банк Әлембанк. Жинақ банкі акционерлік-
коммерциялық банк Жинақ банкісі болып қайта құрылды.
1993 жылы осы аталтан банктердің барлығы акционерлік банк болып қайта
түрлендіріліп, Жинақ банкі - Халықтық банк болып қайта атауға ие боллы.
Міне мұндай банктер қатарының жанадан нарықтық экономика талаптарына
сай пайда болуы өз кезегінде, банктік жүйенің екі деңгейлік құрылымын
білдірді.
Бүгінгі таңдағы банктік жүйенің, құрылымы екі денгейден: бірінші
деңгейде - Ұлттық банкі- және екінпіі деңгейде коммерциялық банктер мен
бірге арнайы қаржы-несие институттарынан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ: МІҢДЕТТЕРІ, ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып.
орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-
несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда
табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне
жетекшілік етуге бғытталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық бакінің мемлекетпен
біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі денгейдегі бінктік жүйенің
тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі (объектісіне
экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
"Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк туралы" ҚР Президентінің заң
күші бар жарлығына (31.03.95) сәйкес Ұлттық банк Қазақстан Республикасының
(орталық) банкін және республикамыздағы банктік жүйенің жоғарғы деңгейін
білдіреді.
Ұлттық банк - бұл бұрынғы қарапайым клиештерге қызмет көрсетумен
айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, змиссиялық банкке
ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. іс жүзінде Ұлттық банкте барлық
кассалық резевтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі
Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы
жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк
мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие
ала алады.
Ұлттық банк - бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті
алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын
мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әртүрлі
келесідей құқылық формалары кездеседі:
- мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас
банк формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Қанада, Ресей,
Қазақстан);
- акцияның бір бөлігі мемлекетке тиесілі немесе мемлекеттің
қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Бельгияда);
- орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын
тәуелсіз банктер жүйесі, (АҚШ-та).
АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың
капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық
банктердің қосқак жарнасынан тұрады.
"Ұлттық банк өзінің атқаратын мәді жағынан біртұтас ұйым болып
табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Негізгі қорлары
ғимараттардан, құрылғылардан, құрал- жабдықтардан, көліктік
құралдар мен басқа да бағалықтардан, ал айналым қорлары банкке тиселі болып
табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.
Ұлттық банк резервтік және басқа да қорларды құрайды Резервтік қор
жарғылық қор көлемінде құралып, меншікті пайда есебімен толықтырады және
жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардын орнын жабуға
арналады.
Ұлттық банктін қаржылык жылдағы таза табысы сол қаржылық жылға
қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған
қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде банкнот пен монеталарды қоса
алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады.
Ұлттық банктің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды
абсоліоттік соммада құруға бағатталады. Таза табыстын қалған бөлігі келесі
қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударыдады. Ұлттық банк және оның
мекемелері барлық салықтар мен адымдар төлеуден босатылады.
Қазақстан Ресігубликасы Ұлттық банкісінің басты міндеті Ұлттық
валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сод сияқты Ұлттық банкке келесідей қосымша міндеттер жүктеледі;
- ақша айналысы, несие, банктік есеп-айрысулар мен валюталық
қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына жетуге
және оның әлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекеттің
саясатын жасау және жүргізу;
- ақша, несие және банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- банктік қызметті реттейтін нормативтік қүқылық актілерді қолдану
арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың
орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несислік ресурсы төмендегідей көздерден құрадады:
- меншікті қаражат есебінен;
- басқадай банктерден тартыдған және Ұлттық банкте шартты негізде
орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
- ҚР төнірегінде тартылған қаражаттар дан;
- арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан
қаражаттар есебінен.
Қазақстанның Ұлттық банкі - тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас
орталықтандырылған құрылымды бітдіреді.
Ұлттық банктің басқару органына: Басқарма және директорлар Кеңесі
(Директорат) жатады.
Ұлттық банктін құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден
тұратын орталық аппараты, фнлиалдары, өкілеттіліктері мен үйымдары
кіреді.
Ұлттық банктің орталық аппаратында мынадай департаменттер мен дербес
басқармалары бар:
• зерттеу және статистика департамента;
• шетел операциялары департаменті;
• ішкі операциялар басқармасы;
• сыртқы байланыстар бөлімі;
• заң қызметі департаменті;
• әкімішлік департаменті;
• нақты ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;
• инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;
• бухгалтерлік есеп департаменті;
• есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;
• операциандық басқарма;
• төлем жүйесі басқарамсы;
• банктік қадағалау департаменті;
• бақылау және аудит департаменті;
• персоналдармен жұмыс жасау басқармасы;
• халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;
• мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі.
Сонымен қатар, ҚҰБ құрылымына келесідей дербес бөлімшелер де
кіреді:
• мемлекеттік сақтау қоймасы;
• Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк өкілеттігі;
• Банкноттық фабрика;
• Автобаза;
• Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталғы (ҚБЕО):
• Банктік сервистік бюро;
• Мемлекеттік қадағалау инспекциясы.
ҚҰБ-нің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға
келесідей негізгі қызметтер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-несие саясатьш дайындау;
- банк қызметтіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін
бекіту;
Ұлттық банктік банктермен орперациялары бойынша ресми қайта
қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу:
- банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу туралы
шешім қабылдау;
- жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру
туралы шешім қабылдау;
- банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;
- алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
- ҚР ватютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
- ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттін
бекітуіне беру:
- ҚҰБ-нің жылдық балансын және табыс мен зияны туралы есебін қарау
және бекіту;
- ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың
қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану
ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті, департамент
директорларын, филиаллардың өкітеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін
тағайындау туралы нормативтік қүқықтық актілерді бекіту;
- банктер үшін пруденциалдық нормативтер мен басқа да міндетті
нормаларды және шектерді бекіту;
- еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және
бекіту:
- ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шешім
қабылдау;
- Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;
- бухгалтерлік есептін қазақстандық стандартын ескере отырып. ҚҰБ-не
арналған бухгалтерлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банкілердің құқықтық мәртебесінің өзгеруі
Қазақстан Республикасының банкілік қызметін мемлекеттік реттеу
Банктік қадағалау және оның қызметіне әсері - Оқу тәжірибесін өту нәтижелері туралы
Ұлттық банк-Қазақстан Республикасының Орталық банкі
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасу тарихы
Екінші деңгейлі банк
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банк қызметінің заңдылық негіздерін атап өту
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Пәндер