Қиын балалар мәселесі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Басқару» факультеті

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы

«Әлеуметтік қызмет көрсетудің қазіргі жүйесі» пәнінен

Реферат

Тақырыбы: Қиын балалар мәселесі

Тексерген: Сагидолда Н. С

Орындаған: Балгабекова Н.

Алматы 2010

Жоспары

Кіріспе

1. Қиын балалардың пайда болуы, оның әлеуметтік тұрғыдан зерттелуі.

2. Оқу-тәрбие процесінде қиын жасөспірімдерді тәрбиелеу жолдарын жүйелеу

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізген кезде көңіл аударарлық әдіс олардың бейім қабілеттерін ескеріп, қоғамдық мәні бар тапсырмалар беру.

Көптеген балалардың мінез-құлықтары стеротипін өзгертіп адаигершілік қасиеттерге бағдар беруге олардың ұнамды күйлерін, яғни қуанышты эмоциясын пайдалана білсек, мектептегі қызықты да тартымды қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстыруға болар еді.

Қазіргі зерттеулерге қарағанда тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайғы баланы ашуланшақтыққа ұшыратады. Міне тәртіп бұзу содан басталады.

Қазіргі таңда адам санасының дамуы қарқынды даму үстінде. Уақыт өте келе көптеген әлеуметтік және педогогикалық құбылыстардың талғамдық мәнін асыра бағалау болады.

Қоғамда балалар мен жастар арасында кездесетін ішімдікке салыну, темекі тарту, нашақорлық және т. б осы сияқты жағымсыз құбылыстармен күресуге барлық еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар және қоғамдық барлық азаматтары ат салысуы қажет.

Қиын бала туралы түсінік

Қиын бала дегеніміз - ол кейбір себептермен қайсы бір баланың мінез - құлқында қарама-қайшылықтардың пайда баолуы, келіспеушілік жағдайдың туындауы. Бұл дегеніміз педогогикалық іс-әрекетке бағынбауы, қарсы тұру деген сөз.

Қарсы тұрудың себебі-тұлғаның қалыпты дамуынан қалып қоюу. Осы тұста бала бойында теріс қылықтардың пайда болуы, мінез-құлқында қарама-қайшылықтардың туындауы, тәрбиенің дұрыс берілмеуі және т. б.

«Қиын балалар», «қиын тәрбиеленушілер» категориясы шындығында өмірде кездеседі. Олар мектепке барғанға дейін де, мектепте де бар. Оларды бұзақы балалармен теңестіруге болмайды. Көбінесе бұндай балалар тәрбиелеуші мен тәрбиеленуші арасындағы келіспеушілік жағдайдан тұрады. Кейде бұл келіспеушілік шынайы қарама-қайшы нәрселер әрқашанда кездеседі; өмір мен өлім дені сау мен ауру, қайырымдылық пен зұлымдық. Осылардың қақтығысуынан және күрес нәтижесінде өмір дамуы жүреді, қоғам, ұжым және адам дамиды.

Қазіргі таңда адам санасының дамуы қарқынды даму үстінде. Уақыт өте келе көптеген әлеуметтік және педогогикалық құбылыстардың талғамдық мәнін асыра бағалау болады, талғамдық өмір байиды, ата-аналарға да, мұғалімдерге де тәрбиенің әсеріне көнуі қиын балалармен жиі кездесуге тура келеді. Мұндай балалар семьяда күн тәртібін бұзады, үй іші заттарын бұзады, оларды еш нәрсе де тоқтата алмайды.

Тәрбиеленуі қиын балалармен не істеу керек. Алдымен бұл сұраққа жауап беруден алдын, балалардың неге тәрбиеленуі қиын балаларға айналғанын анықтап алу керек. Бұның ең басты себебі- тұрмыс жағдайының қолайсыздығы мен семьяның дұрыс еместігі. Әке мен шешенің, ата-ана мен балалардың бір-бірімен өзара қатынастарының дұрыс еместігі. Араларында достық жоқ, әр қайсысы өз мақсаты үшін ғана тұрады, балаларға көңіл бөлмейді. Үлкендер кішілер жөнінде және жалпы қоршаған адамдар жөнінде жаман өнеге көрсетеді. Тәрбиеленуі қиын бала мектепте жамандардың қатарында болады. Оны тәрбиелеуге жиі «көнбейді» деп есептейді. Ата-аналардың тәрбие әсеріне жақсы беріле қоймаушылық себебі жөнінде қатты ойланулары керек. Тәрбие жұмысында болған кемшілікті түзетіп тәрбие жұмысын дұрыс жолға қойып, баланың тұрмысына қалыпты жағдай туғызуға әбден болады. Тіпті баланың жағымсыз мінезі тұрақты сипат алады, уақыт өткізіп алған кездің өзінде де, бұл жағдайды әліде түзеуге болады.

2. Оқу-тәрбие процесінде қиын жасөспірімдерді тәрбиелеу жолдарын жүйелеу

Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті мәселелері болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қоғамды алаңдатып отырған маңызды мәселелердің бірі - тәрбиесі қиын балалардың санының көбеюі. Ғылыми деректерге қарағанда, тәрбиесі қиын балаларда байқалатын белгілер: біріншіден, анамальды қажеттілік, екіншіден, тұрақты жаман қасиеттердің жиынтығы, үшіншіден, ата-аналар- мен немесе мұғалімдермен тұрақты егесу жағдайлары, төртіншіден, басқа адамның көмегінсіз өзін-өзі түзетуге қабілетсіздігі.

ҚР-ның 2004 жылғы шілде айында қабылданған « Кәмелетке жасы толмағандар арасында заң бұзушылықтың алдын алу және балалар арасында қаңғыбастықты болдырмау» заңындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты:

-кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық санасын және мәдениетін қалыптастыру жөніндегі мақсатты жұмысты қамтамасыз ету;

-кәмелетке жасы толмағандармен жеке профилактикалық жұмыс жургізу үшін құқықтық негіздерді қалыптастыру;

-кәмелетке жасы толмағандар ата-аналарымен және басқа да заңды өкілдерімен өзара қарым-қатынас жасау;

-балаларды оқыту, тәрбиелеу, емдеу, спорт және өзге де мекемелермен тиісті дәрежеде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

-кәмелетке жасы толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеу;

-балалардың дене бітімі, зияткерлік, рухани және имандылық дамуына, оларды патриоттыққа, азаматтыққа және бейбітшілік сүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал етуден тұрады.

Осы заңның негізінде мектебімізде 2006-2011жылға арналған Кешенді тәрбие бағдарламасы жасалып, оқушылар арасындағы жағымсыз қылықтарды жеңуге мүмкіндік беретін балалардың қараусыз қалу мен қаңғырудың алдын алу жүйесін жетілдіру міндеті қойылған болатын.

Тәртіпбұзушылықтың осындай дәрежеде өсуіне себеп болған жайттарды анықтаудан алдын, соңғы жылдары мектептерде «тәртібі қиын балалар» деген терминнің мықтап қалыптасуына мән беріп қарасақ.

«Қиын бала» дегеніміз қандай бала? Қалай танып, білуге болады?

Белгілі психолог ғалым К. К. Платонов жеке адамның психологиялық болмысын төрт салаға бөледі:

1. Баланың темпераменті және жыныстық ерекшеліктері мен жас ерекшелігі (физиологиялық ерекшеліктер) ;

2. Жеке адамның дамып қалыптасуына негіз болатын психологиялық құбылыстар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығушылық, мінез, әдет- биологиялық ерекшеліктер.

3. Баланың күнделікті өмір тіршілігі, білімі, әдет-дағдысы, икемділігі;

4. Ұстанған бағыттары мен адамгершілігі.

Соңғы екі саланы мектеп қабырғасында тығыз ұштастыра отырып, қиын баланы

Осыдан қорытындылай келе, «Қиын бала»дегеніміз көбіне сабақ үлгерімі нашар, тәртіп бұзатын, елімізде жалпыға ортақ қалыптасқан мінез құлық деңгейінен ауытқыған жасөспірімдер.

Сонымен тәрбиесі қиын балалардың шығу себебіне үңілсек:

-бұған қоғамдық жағдай мен өмірдің тұрмыс жағдайы себепші болады;

-балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуынан ;

-педагогикалық тәрбиенің дұрыс болмауы .

Бала тәрбиесі себеп-сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік бірлігі, ата-аналардың сапалы көзқарастары және осы ұстанымға негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақтың нәтижелі жұмысы қажет. Мектеп қабырғасындағы эпизодтық төбелес, ұрлық, мұғалім мен оқушы арасындағы жанжал т. б. барлығы мектеп өміріндегі бұзақылық қалып. Бұзақылық сипат оқушылардың қараусыз қалушылығының педагогикалық мінез-құлқын бейнелейді.

Негізінен, барлық мәселе ата-аналар тарапынан баланың бос уақытының орнықты пайдаланбаудан, тұрмыстың нашарлығы мен отбасындағы қақтығыстардан бастау алады. Ата-ананың жылуынан, сүйіспеншілігінен, ыстық ықыласынан айырылған балалар көшесінің қағидасымен өмір сүруге бейімделеді. Қылмыстық жолға түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиын балаларды педагогикалық-психологиялық қолдау
Қиын балалар туралы түсінік
Девианттық мінез-құлық, оның типтері мен негізгі факторлары
Девиантты тәртіпті балалар мен ата ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қызмет көрсету
Қиын бала ұғымына түсінік
Қиын балалармен әлеуметтік жұмысты жаңарту мәселесі
Қиын балаларды тәрбиелеу туралы жалпы түсінік
Қиын оқушыларды этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
Жеткіншектер қылмысының алдын алудың теориялық негіздері
Қиын жасөспірімді тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz