Саяси сана және саяси идеология


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Саяси идеология

2. Саяси сана және саяси идеология

3. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері

4. Коммунистік

5. Социал - демократия идеологиясы

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Саяси идеология Ағартушылық дәуірде дүниеге келді. Бұл кезде адамдар өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алға тартылады. Адамдардың мақсатты түрде іс- әрекет жасау мүмкіндігін негіздеуі идеялар туралы ғылымды талап етеді. Ол үміт етіп, болашақтан күткен қоғам туралы идеалистік түсініктерде білінеді.

Саяси психология, жоғарыда көрсетілгендей, әр түрлі іс- әрекеттерге соған сәйкес сезімін оятып, қоғамдық қозғалыстарда маңызды рөл атқарды. Сондықтан саяси бағытты жоспарлап, оны жүзеге асырарда халықтың саяси психологиясын ескерудің маңызы зор. Ол үшін адамдардың көңіл- күйін зерттеп, олардың қандай саяси әрекетке қалай жауап берерін болжай білген жөн. Себебі, бұл саладағы қателік қоғамда дау- дамай, шиеліністер, адамдар, ұлттар арасындағы қырғиқабақтық, тіпті егес тудыруы мүмкін. Мәселен, Гитлер екінші дүниежүзілік соғысты ашарда немісхалқының санасына басқа халықтармен салыстырғанда олардың ерекшелігін, артықшылығын сіңіргісі келді. Көбі оған сенді де, соңына ерді де. Бұл халықтың психологиялық ерекшеліктерін қалай пайдалана білгенін байқатады.

Саяси идеология

Саяси сана және саяси идеология

Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп- сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс- әрекеттеріне бағыт- бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтады. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі- мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономикалық мүдделері мен мақсаттары, өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері, бұл жолдағы әрекет, амал, ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.

Саяси сана әр түрлі қызметтерді атқарады. Олардың ішінде негізгілері мыналар:

  1. қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелеу;
  2. тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат- мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс- әрекеттеріне бағдар беру. Бұл қызметті іс жүзінде идеология атқарады.
  3. саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл- күйді білдіру. Өйткені, әлбетте, адамдарды іс- әрекетке интермелейтін психологиялық себептер.

Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.

Қарапайым (күнделікті тұрмыстық) саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет- ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп- салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады.

Теориялық саяси сана жағдайлардың мән мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді.

Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір- біріне ықпал етеді. Ол қарапайым саяси сананы өңдеп, мәдени өзгертіп отырады.

Теориялық саяси сана қарапайым саяси сана сияқты стихиялық түрде тумайды. Оны арнайы дайындығы, жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар ойлап шығарады.

Саяси психологияға саяси өмір жайдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарында, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл- күйдің, әдет- ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады. Ол қрапайым саяси сана сияқты саяси өмірдің тікелей тәжірибесінен туады. Бірақ қарапайым саяси санада өмірді танып- білеуіне, хабардарлығына көңіл бөлінсе, мұнда сол жағдайларда адамның қатынасуына, өмірді бағалауына баса назар аударылады. Қандай болсын саяси идея адамдардың белгілі бір сезімен тудырып, көңіл- күйіне әсер етпей қоймайды. Мұның бәрі саяси психологияға жатады. Қарапайым саяси сана мен саяси психология бір деңгейде. Сондықтан олар бір- біріне әсер етіп, байланысып, жымдасып жатады.

Саяси психология, жоғарыда көрсетілгендей, әр түрлі іс- әрекеттерге соған сәйкес сезімін оятып, қоғамдық қозғалыстарда маңызды рөл атқарды. Сондықтан саяси бағытты жоспарлап, оны жүзеге асырарда халықтың саяси психологиясын ескерудің маңызы зор. Ол үшін адамдардың көңіл- күйін зерттеп, олардың қандай саяси әрекетке қалай жауап берерін болжай білген жөн. Себебі, бұл саладағы қателік қоғамда дау- дамай, шиеліністер, адамдар, ұлттар арасындағы қырғиқабақтық, тіпті егес тудыруы мүмкін. Мәселен, Гитлер екінші дүниежүзілік соғысты ашарда немісхалқының санасына басқа халықтармен салыстырғанда олардың ерекшелігін, артықшылығын сіңіргісі келді. Көбі оған сенді де, соңына ерді де. Бұл халықтың психологиялық ерекшеліктерін қалай пайдалана білгенін байқатады.

Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі - саяси идеология. «Идеология» деген ұғым гректің идея- бейне және логос- білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғалымы және фәлсафашысы А. Дестют де Траси (1754-1836) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Кейін келе бұл сөздің мән- мазмұны өзгереді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс- әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат- мүдделеріне білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.

Идеология әр түрлі- саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясатпен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат- мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология- жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі- саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс- әрекетті бағыттайды.

Саяси идеология Ағартушылық дәуірде дүниеге келді. Бұл кезде адамдар өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алға тартылады. Адамдардың мақсатты түрде іс- әрекет жасау мүмкіндігін негіздеуі идеялар туралы ғылымды талап етеді. Ол үміт етіп, болашақтан күткен қоғам туралы идеалистік түсініктерде білінеді.

Қоғам өмірінде идеология маңызды рөлді атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен бөлінеді:

  1. Идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді.
  2. Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, тұлға және билік және т. с. с. негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт- бағдар көрсетеді.
  3. Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат- мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс- әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады.
  4. Амортизациялық қызметі. Саяси іс- әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсендетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады.
  5. Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.

Саясаттың қандай субъектісіне болсын идеология қажет. Ол- адамдарды рухани біріктіріп, топтастырудың және басшылықтың құралы. Саяси қатынастар саласында олардың іс- әрекетіне бағдар береді, еркін қалыптастырады, саяси қызметке қатысушылардың іс- әрекетіне мақсаттылық, жүйелілік, дәйектілік енгізеді.

Саяси идеология теориялық тұрғыда топтың, таптың негізгі мүдделерін танытады, оларға мұраттар, ережелер, рухани байлықтар, бағалы бағыттар жүйесін береді. Сол арқылы күрестің нақтылы мақсаттарын, оларды жүзеге асырудың құралдары мен жолдарын белгілейді. Саяси идеология арқылы тап өзіндік санаға, жеке тұтастық сезімге ие болады. Көзқарастары бірыңғай қоғамдастықтың мүшесі болып сезіну- әрбір саяси қозғалыстың мүшесін байланыстырып тұратын түйіні. Сонымен қатар идеология- сезім тудыратын нышандар жиыртығы. Олар адамдар мен топтардың іс- әрекеттеріне мән- мағына беріп күшейтеді, асқақтатады. Мысалы, Отан үшін, ұлты үшін, халқы үшін адамдар ғажап ерлік жасап, өзін- өзі құрбан етуге дейін барады.

Жүйеленген түрінде саяси идеология партия бағдарламаларында, декларацияларында, манифестерінде, жарғыларында, сондай- ақ түрлі насихаттық құжаттарда қалыптасады. Сондықтан А. Грамши идеология халықтың ұжымдық еркін оятып, ұйымдастыру үшін қызмет етеді деген.

Идеологияны, жоғарыда айтылғандай, саналы түрде қоғамның білімді өкілдері, идеологтар- саясатшылар, фәлсафашылар, әлеуметтанушылар, заңгерлер, экономистер, ақын- жазушылар, т. т. жасап шығарады. Ол ақпарат құралдары арқылы таратылады, халықтың санасына сіңдіріледі.

Саяси идеологиялар мазмұны, мақсаты жағынан прогрестік, либералдық, революциялық, консервативтік радикалдық, реакциялық, шовинистік, ұлтшылдық және т. с. с. болып бөлінеді.

Кейбір ғалымдар идеологияның ұғымдары мен принциптерін нақтылы ғылымдардағы сияқты тәжірибе жүзінде тексеріп білуге келмейді деп оған күмәнданушылықпен қарайды. Әрине, «еркіндік», «теңдік», «достық», «егемендік», «демократия», «адам құқығы», «азаматтық қоғам», «құқықтық мемлекет» сияқты категорияларды мінеки деп тап басып көрсетуге келмейді. Дегенмен, идеология қоғамдық- саяси шындықты бейнелейтініне дау келтіруге болмайды. Сондықтан К. Маркс идеялар халық санасына сіңгенде материалдық күшке айналады деп тегін айтпаған. Ол жоқ жерден бостан- бос пайда болмайды. Жаңа идеялар пісіп- жетілген тарихи міндеттерді көрсетеді. Адамзат өзінің алдына өзі шеше алатын міндеттерді ғана қояды. Себебі, міндеттің өзі осы шешуге қажетті материалдық жағдайлар болып отырған кезде ғана немесе болуға таянған кезде туады.

XX ғасырдың орта кезінде америкалық саясаттанушы және әлеуметтанушы Д. Белл (1919) «Идеологияның ақыры» деген еңбегінде идеологияның дәуірі өтті деп жазды. Ол ғылыми- техникалық прогресс заманында идеологияның рөлі бірте- бірте өшеді- міс деп пайымдады. Бұл тезис 60 жылдары кең тараған студенттік қозғалыстарға жауап ретінде пайда болған. Бірақ одан өткен Американың атақты әлеуметтанушысы және экономист У. Ростоу (1916) дүниетаным, көзқарасты қоғамды дамытатын қозғаушы күш деп санады. Басқа сөзбен айтқанда, оның ойынша, дүниені билейтін идеялар. Сондықтан ескірген «идеологиясыздандыру» (деидеологизация) тұжырымдамасының орнына «қайтадан идеологиялану» (реидеологизация) ой- тұжырымы алға тартылды. Оның мағынасы саяси және әлеуметтік өмірдің идеологиядан тәуелділігі артып келе жатқандығын білдіреді. Тіпті, «идеологиясыздандыру» теориясының негізін қалаған Д. Беллдің өзі осы ғасырдың 70 жылдары қоғамдық өмірден идеологиялық фактордың жойылмайтындығын, оның қозғаушы күш екенін мойындайды. Ол ескі идеологияның әлсіреуі жаңасын қажет етеді деген тоқтамға келді.

Бүгінгі таңда идеологияны тудыратын объективті себептер жойылған жоқ. Керісінше, қазіргідей өтпелі заманда оның маңызы зор. Қоғамда саяси сана, саяси идеологияның деңгейі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым саяси қате шешімдер қабылдау ықтималдығы азаяды. Идеологияның әлеуметтік негізі неғұрлым ауқымды болса, ол әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпы адамзаттық құндлықтарды бойына неғұрлым тереңірек сіңірсе, солғұрлым өмір шындығын толығырақ бейнелейді, тарихи процестің заңдылықтарын дұрысырақ көрсетеді, ғылымға жақын келеді.

Саяси идеология бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) тығыз байланысты. Оған баспасөз, радио, теледидар, бейнежазу, дыбыс- жазу кіреді. Бүгінгі таңда олар қоғамдық сананы қалыптастыруда шынайы боллмыстан кейінгі негізгі құрал болып отыр. Американың саясатшысы Г. Лассуэлл (1902- 1978) БАҚ- тың мынандай негізгі төрт қызметін атап көрсетті: 1) әлемдегі болып жатқан жағдай туралы хабарлар жинап тарату; 2) хабарларды «редакциялау», таңдау және түсінік беру; 3) қоғамдық пікір қалыптастыру; 4) мәдениетті тарату. Жоғарыда айтылғандардың қатарына бесінші етіп оның қоғамды саяссаттандыруы мен бұқара халықты саяси ағартушылығын қосуға болар еді.

БАҚ азаматтар мен билік органдарына ең маңызды оқиғалар туралы мағлұматтар жинайды, таратады, оларға баға береді. Солардың негізінде тыңдаушыларды Үкіметтің, Парламенттің, партиялар мен қозғалыстардың іс- әрекеттері, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмірі туралы пікірлері, көзқарыстары қалыптасады.

Демократиялық қоғамда БАҚ қоғамдық пікірлерімен қатар заңға сүйенеді. Олар өздері журналистік тергеу жүргізе алады. Тергеу қорытындылары жарық көргеннен кейін кейде арнаулы парламенттік комиссиялар құрылады, қылмыстық істер ашылады немесе маңызды саяси шешімдер қабылданады.

Қазіргі дүниеде БАҚ- қа жол ашу- ықпалды оппозиция қалыптастырудың қажетті шарты. Қоғамдық санаға плюрализм, сөз бостандығы принциптерін сіңірудің маңызы зор. Алайда, мұндай бостандық ауызға не келсе соны айту деген сөз емес. Мысалы, аумақтық тұтастықты, халық топтары, арасынды алауыздықты тұтындыруға жол берілмеуі керек. Саяси оқиғаларды шынайы бейенелеу, тарату мемлекеттің тұрақтылығын арттырады, қоғамды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Бұқаралық ақпарат құралдары әр түрлі мақсатта пайдалануы мүмкін. Олар азаматтардың саяси сауатын көтеруі, өзінің адамгершілігін сезінуі, абыройын жоғары ұстау, еркіндікке, әлеуметтік әділеттікке ұмтылыс, саяси процеске салауатты, білкіті қатынасуға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар жалған хабарлар таратуы, үрей- қорқыныш, сенімсіздік тудыруы мүмкін. Біраз жағдайда саясаткерлер БАҚ- ты халық санасына күңгірт- тендіріп, өздерінің айла- шарғыларын асырып, қулықтарын білдірмей, жасырын жүргізіп, дегендеріне жетудің құралы етеді. Оның тәсілдері сан алуан: деректерді бұрмалау, өзіне тиімсіз хабарларды айтпау, өтірік- өсек, лақапаттарды тарату, шындықты толық жеткізбеу, т. т.

БАҚ- тың рөлі Президент, Парламент сайлаулары кезінде, әсіресе, артады. Олар үгіт- насихат, жарнама, т. т. арқылы саяси серкелер туралы кеңейтілген мағлұматтар беріп, арнайы бейнесін (имидж) жасайды. Мұнда да саяси басшыны қай қырынан көрсетіп, оған қаншалықты уақыт бөлудің де маңызы зор. Сондықтан демократиялық қоғамда мұндай келеңсіз жағдайларды болдырмаудың өз жолдарын іздейді.

Қазіргі заманда саяси идеологияның көптеген түрлері бар. Олардың негізгілеріне либералдық, консервативтік, коммунистік, социал- демократиялық және фашистік идеологиялар жатады.

Қазіргі идеологияның негізгі түрлері

Саяси идеологияның тұңғыш түрлерінің біріне либерализм (латынның либералис- еркін деген сөзінен ) жатады. Оның негізін салушылар: Дж. Локк (1632- 1704), Ш. Л. Монтескье (1689- 1755), А. Смит (1723- 1790), И. Кант (1724- 1804), Т. Джефферсон (1743- 1826), А. Токвиль (1805- 1859), Дж. Милль (1806- 1873) . Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазиялық ол кезде экономикалық жағынан белсенділік, іскерлік білдірді, бірақ саяси жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либералдық саяси доктрина арқылы білдірді.

Бүгінгі таңда либерализм- ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде болғанымен, кейін келе оның көптеген прициптері жалпы адамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Либерализмнің мұраттары (идеалы) қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне, дамуына зор ықпал етіп, оның қазына байлығына енді. Оның идеялық негізінде көптеген басқа теориялар пайда болады.

Либералдық идеологияның негізгі принципі- адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. Экономикалық салада классикалық либерализм мына мына қағидаларға негізделеді: адамның жеке меншіке құқығы, нарықтың, бәсекеліктің, кәсіпкерліктің еркінлігі, экономикалық іс- әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі. Осыған сәйкес мемлекет бір ғана қызметті- меншікті қорғау, «түнгі сақшылық» қызметін атқарады.

Саяси либерализм адамның еркіндігін шексіз құндылық деп біледі. Ол тек әділікті білдіреді және ажырамас адам құқығына қол сұғудан, озбырлықтан қорғайтын заңмен ғана шектеледі. Демократияның либералдық түсінігі- адамдардың теңдігі, олардың өмірі сүруге, еркіндікке, меншікке құқықтарының теңдігі. Мемлекет азаматтық қоғамнан ажыратылған. Мемлекет қызметі заңмен шектеледі, билік тармақталады. Кейінірек либералдық саяси көзқарас оны жалпыға бірдей сайлау құқығы, парламентаризм, саяси алуан түрлілік, жергілікті өзін- өзі билеу және т. б. идеялармен байытты.

XX ғасырдың бірінші жартысындағы (1929- 1933) терең дағдарыс либерализмның әлеуметтік теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз екендігіне көз жеткізді. Шексіз бәселекестік пен нарық адамдар арасындағы үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмеді. Сондықтан либерализм өз идеяларын қайта қарауға тура келді және ол жаңарған либерализм (неолиберализм) деген ат алды. Онда еркін нарықтық тетіктерді қалпына келтіру үшін мемлекет белгілі мөлшерде экономикалық және әлеуметтік салаға (салық, бюджет, жоспарлау арқылы) араласу керектігі негізделді. Мемлекет «түнгі сақшы» деген идеяның орнына «жалпыға бірдей игілік мемлекеті» деген идея келді. Сонымен қатар басқарушылары мен бағынушылар арсындағы рөлдің қатаң бөлінуі барлық саяси күштердың мәмілеге келу тезисімен алмастырылды. Қоғамдағы барлық жіктердің мүдделерін қорғайтын «плюралистік демократия» идеясы, олардың саяси өмірге араласуы, шешімдерді демократиялық жолмен ашық қабылдау, т. т. алға тартылды. Мұның бәрі либерализм саясатының мәніне және Батыс демократиясының идеологиялық негізіне айналды.

Жаңарған либерализмнің негізгі өкілдеріне Ф. Фон Хайек, Дж. Кейнс, Дж. Гэлбрейт және т. б. жатады. Оның идеологиясына көптеген партялар сүйенеді. Мысалы, Жапонияда 1955 жылдан бері билік басында сол елдің ең үлкен партиясы- либералдық- демократтар партиясы отыр. Либералдар Англияның, Австрияның, Канаданың және т. б. елдердің саяси өмірінде өздерінің лайықты орындарын алуда. Мұның бәрі жаңарған либерализм идеологиясы әлемдік халықтардың саяси өмірінде елеулі рөл атқарып отырғанын байқатады.

Консервативтік (латынның консервативус- қорғаушы деген сөзінен ) идеология Ұлы Француз революциясының (1789) саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Бұл революцияны олар қоғамдық былықтың, бүліншілік пен күйзелістің себебі деп санады. Бірақ ол бастауын ⅩⅦ ғасырда пайда болған дәстүрлік діни- монархистік қорғаушы ағымынан алады. Ол ағым дәстүрлі монархиялық биліктегі саяси өмір құрылысын, феодалдық тәртіптер мен оның рухани құндылықтарын сақтағысы келді. Консерватизинің негізін қалаушыларға ағылшын фәлсафашысы және мемлекет қайраткері Эдмунд Берк (1729- 1797), француз публицисі және қоғам қайраткері Жозеф де Местр (1754- 1821), немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиньи (1779- 1861), Австрияның канцлері Меттерних (1773- 1859) және т. б. жатады. Консерваторлар монархияны қалпына келтіруге және феодалдық- аристократикалық құрылыстың дәстүрлі құндылықтарын қайта түлетуге тырысты. Олардың ойынша, ортағасырлық тәртіп, қауымдастық қатынастар, отбасы, мектеп, шіркеу қоғамды біріктіреді., оның бірлігін және дамудағы сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өмірде әдет- ғұрып, дәстүр негізгі рөл атқарады. Сондықтан қоғамдық дамудың негізгі өлшемі әдет- ғұрыпты және халықтың мінезін өзгертуде. Олар ағартушылық пен революцияға, сана мен прогреске қарсы тұрды. Олардың саяси идеологиясының өзекті мәселелері- күшті мемлекет, айқын саяси жіктелу, биліктің төбе топ қолында болуы. Еркіндікті тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы және оларға адалдығы деп түсінді.

«Саяси идеологиялар» деп аталатын немістердің оқу құралында консервативтік көзқарасқа мынадай анықтама беріледі: «ол- дәстүр, діншілдік, бедел, еркіндік және жауапкершілік, адамдардың табиғи теңсіздігі, бір нәрсеге сенімсіз, шүбәланумен қарау прициптерінің жиынтығы».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси мәдениеттің қазіргі қоғамдағы орны
Демократияның антикалық теориясы
Саяси сана жайлы
Саяси сана ұғымы
Саяси сана және идеология
Саяси идеология түрлері
Саяси сананың атқаратын қызметтері
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет туралы ақпарат
Саяси сананың мәні, құрылымы мен ерекшеліктері
Саяси элита және саяси жетекшелік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz