Қытайдың АТА-дағы сыртқы саясат стратегиясы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I.тарау Қытайдың АТА.дағы сыртқы саясат стратегиясы ... ... ... ...4
1.1 Қытайдың АТА.дағы сыртқы саяси стратегиясын құрушы ұлттық мүдделері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Қытайдың АТА.дағы ұлттық мүдделерін сыртқы саяси акторлардан қорғауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
II.тарау Қытайдың АТА.дағы мемлекеттермен қатынастары ... ... .9
2.1 Тайвань мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2 Аймақтағы қытай.американдық бәсекелестік ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.3 Қытайдың АТА.да Жапонияның саяси күшеюіне қарсылығы ... ... .13
2.4 АСЕАН . Қытайдың экономикалық және әскери.саяси мүдделер зонасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.5 Қытай мен Үндістанның АТА.ғы бәсекелестігі ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.6 Қытайдың Ресеймен стратегиялық серіктестігі ретіндегі сыртқы саяси мүдделері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Оңтүстік-Тынық мұхиты зонасы мен Шығыс Азия елдері экономикалық себептерге байланысты өзара тығыз байланыстар орнатқан. АСЕАН-ның рөлі қазіргі таңда күшейіп келуде, оған дәлел ретінде Үндіқытай түбегіндегі бұрынғы коммунистік елдердің кіріп, олардың экономикасын капиталистік бағытқа бұрылуын айта аламыз. Алайда бұл аймақта тез дамып келе жатқан Қытайдың негізгі рөлімен тығыз байланысты.
Қытай Халық Республикасы үлкен континентальды әрі теңіз державасы және Азия Тынық мұхиты аймағында басты орын алады. Қытай өз мемлекетін XXI ғасырдың ортасында қуатты державаға айналатын және әлемдегі әскери-саяси жағдайларға, соның ішінде Азия Тынық мұхиты аймағында да өзінің шешуші ықпалы жүретін ұзақ мерзімді стратегиялық курсты жүзеге асыруға әрекеттенуде. Сондықтан да Қытай Азия Тынық мұхиты аймағын сыртқы саяси және сыртқы экономикалық құралдырды пайдалана аймақтағы өз ықпалын күшейту мен тарату арқылы өзінің ұлттық мүдделерінің приоритеті зонасы ретінде қарайды.
Осыған байланысты Қытай аймақтағы әскери-саяси тұрақтылықты ұзақ мерзімге сақтауға мүдделі болып келеді. Алайда Пекин басшылары әскери күшті қолданудан тек бас тарту емес сонымен бірге әскери күшті қолдану мүмкіндігін де қолға алып отыр.
Қытайдың периметр бойынша шекараларын есепке ала отырып (Тайвань, Корей түбегі, Үндістан Оңтүстік Қытай және Сары теңіздегі кейбір аралдар) мүмкін болатын шиеленістерге қарай қытайлық әскери теоретиктері үлкен назарды теңіздік бағытқа бұруды құптайды, әсіресе әскери-теңіз бен авиация күштерін дамыту. Қытай мен аймақ елдері арасындағы қиындау қарым-қатынастар Азия Тынық мұхиты аймағында үлкен мәселе туғызуда. Алайда Азия Тынық мұхиты аймағы салыстырмалы тұрақты аймақ болып есептелінеді, бірақ мұнда Қытай қатысуынсыз шешілмейтін шиеленісті нүктелер көп болып табылады.
Қытай мен интенсивті дамып келе жатқан Орта Азия елдерінің қатынастары, соның ішінде Қазақстанның да қатынастарын ескере отырып, Қытайдың аймақтық масштабтағы өз мүдделерін қорғау саясатын зерттеу өзекті болып келеді.

1. Тимофеев О. Группы влияния на разработку внешне политических решениц в КНР // Азия және Африка. – 2004 ж. -№11.
2. Девятов А. Под девизом «величие и достоинство». Очень скоро Китай превратиться в сверхдержаву и потребует «восстановления справедливости» // НВО. - №39 (399). – 15 қазан 2004 жыл.
3. Зиновьев Г. Отношение в треугольнике Вашингтон – Пекин – Тайбэй: политические аспекты (2000-2003 жж.) // Проблемы Дальнего Востока. – 2004.- №2
4. Потапов М. О перспективах развития экономики Восточной Азии (заметки с Делового саммита АТЭС) // Проблемы Дальнего Востока. – 2004. - №1

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I-тарау Қытайдың АТА-дағы сыртқы саясат стратегиясы ... ... ... ...4
1.1 Қытайдың АТА-дағы сыртқы саяси стратегиясын құрушы ұлттық
мүдделері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Қытайдың АТА-дағы ұлттық мүдделерін сыртқы саяси акторлардан
қорғауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
II-тарау Қытайдың АТА-дағы мемлекеттермен қатынастары ... ... .9
2.1 Тайвань
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 9
2.2 Аймақтағы қытай-американдық
бәсекелестік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.3 Қытайдың АТА-да Жапонияның саяси күшеюіне қарсылығы ... ... .13
2.4 АСЕАН – Қытайдың экономикалық және әскери-саяси мүдделер
зонасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.5 Қытай мен Үндістанның АТА-ғы
бәсекелестігі ... ... ... ... ... .. ... ... ...20
2.6 Қытайдың Ресеймен стратегиялық серіктестігі ретіндегі сыртқы саяси

... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..27
КІРІСПЕ
Оңтүстік-Тынық мұхиты зонасы мен Шығыс Азия елдері экономикалық
себептерге байланысты өзара тығыз байланыстар орнатқан. АСЕАН-ның рөлі
қазіргі таңда күшейіп келуде, оған дәлел ретінде Үндіқытай түбегіндегі
бұрынғы коммунистік елдердің кіріп, олардың экономикасын капиталистік
бағытқа бұрылуын айта аламыз. Алайда бұл аймақта тез дамып келе жатқан
Қытайдың негізгі рөлімен тығыз байланысты.
Қытай Халық Республикасы үлкен континентальды әрі теңіз державасы және
Азия Тынық мұхиты аймағында басты орын алады. Қытай өз мемлекетін XXI
ғасырдың ортасында қуатты державаға айналатын және әлемдегі әскери-саяси
жағдайларға, соның ішінде Азия Тынық мұхиты аймағында да өзінің шешуші
ықпалы жүретін ұзақ мерзімді стратегиялық курсты жүзеге асыруға
әрекеттенуде. Сондықтан да Қытай Азия Тынық мұхиты аймағын сыртқы саяси
және сыртқы экономикалық құралдырды пайдалана аймақтағы өз ықпалын күшейту
мен тарату арқылы өзінің ұлттық мүдделерінің приоритеті зонасы ретінде
қарайды.
Осыған байланысты Қытай аймақтағы әскери-саяси тұрақтылықты ұзақ
мерзімге сақтауға мүдделі болып келеді. Алайда Пекин басшылары әскери
күшті қолданудан тек бас тарту емес сонымен бірге әскери күшті қолдану
мүмкіндігін де қолға алып отыр.
Қытайдың периметр бойынша шекараларын есепке ала отырып (Тайвань, Корей
түбегі, Үндістан Оңтүстік Қытай және Сары теңіздегі кейбір аралдар) мүмкін
болатын шиеленістерге қарай қытайлық әскери теоретиктері үлкен назарды
теңіздік бағытқа бұруды құптайды, әсіресе әскери-теңіз бен авиация күштерін
дамыту. Қытай мен аймақ елдері арасындағы қиындау қарым-қатынастар Азия
Тынық мұхиты аймағында үлкен мәселе туғызуда. Алайда Азия Тынық мұхиты
аймағы салыстырмалы тұрақты аймақ болып есептелінеді, бірақ мұнда Қытай
қатысуынсыз шешілмейтін шиеленісті нүктелер көп болып табылады.
Қытай мен интенсивті дамып келе жатқан Орта Азия елдерінің қатынастары,
соның ішінде Қазақстанның да қатынастарын ескере отырып, Қытайдың аймақтық
масштабтағы өз мүдделерін қорғау саясатын зерттеу өзекті болып келеді.
I-тарау Қытайдың АТА-дағы сыртқы саясат стратегиясы

мүдделері.
Ішкі саяси жағдайларымен экономикасының динамикалық түрде дамуы ҚХР-ға
тәуелсіз сыртқы саяси курсты жүргізуге мүмкіндік береді және АТА аймағы мен
дүние жүзіне өзінің ықпалын күшейтуге, АҚШ, Жапония, Ресей, Үндістан және
ЕуроОдақ мемлекеттерімен қарым-қатынастарындағы ұлттық-мемлекеттік
мүдделерді қорғауға мүмкіншілік береді.
Қытайдың Азия Тынық мұхиты аймағындағы ұлттық мүдделері XXI ғасыр
ортасында өз шекараларының периметрінде кең ықпал ету аймағы бар және Азия
Тынық мұхиты аймағында доминиондық рөлді ойнаумен қатар әлемдік
көшбасшылыққа үміттену “қытай орталығы” идеологиясымен анықталады. Қытайлық
әскери-саяси басшылық әлемдік көшбасшылықты тек әскери күшке сену арқылы
алға шығу ғана емес, сонымен бірге басқа мемлекеттерге қарағанда
демографиялық күштілігін пайдалана отырып экономикалық, әскери және ғылыми-
технологиялық қуаттылық жағынан алға шығу деп қарастырады.
Бірінші кезеңде (жақын 10-15 жыл ішінде) Қытай өзінің ұлттық мүдделерін
төмендегідей етіп көреді:
• Жаһандық және аймақтық халықаралық қатынастар деңгейінде мемлекетті
экономикалық даму мен ғылыми-техникалық технологиялық салаларда
қуатты алға шығатын етіп реформа жүргізетіндей дәрежеге қол жеткізу;
• Өзінің шекара периметрі бойынша қытайлық диаспора негізінде тұрақты
қауіпсіз белдігін құру, территорияны біріктіру (Тайвань);
• Азия Тынық мұхиты аймағында өзінің әскери-саяси ықпалын күшейту:
• Қаржы-экономикалық және ғылыми техникалық көмек алу және әлемдік
державалармен қытай экономикасына инвестиция тарттыратындай
байланыс орнатуға көп назар аудару арқылы АҚШ, Жапония, Ресей,
Еуропа және үшінші әлем мемлекеттерімен қарым-қатынастар
құрылылымында саяси, экономикалық және әскери тиімді позицияны
иелену:
Екінші кезең (30-40 жылдан кейін) негізгі көрсеткіштер бойынша АҚШ-қа
жету жоспарлануда, Қытайдың экономикалық және демографиялық экспансиясын
жүзеге асыратындай қазіргі заманғы әскери күштерді құру арқылы әскери
реформаны аяқтау;
Сонымен қатар бұл периодқа Қытайдың Жапония, Оңтүстік Корея немесе
біріккен корей мемлекетіне және АСЕАН мемлекеттеріне өз ықпалын жүргізу
және АҚШ-ты Азия Тынық мұхиты аймағының солтүстік-шығыс бөлігінен
ығыстыруды бастау жатады.
Қытай Халық Республикасының қауіпсіздігі мен экономикалық дамуы Азия
Тынық мұхиты аймағымен тығыз байланысты, сондықтан да Қытайдың сыртқы
саясаттағы негізгі мүдделерінің бірі осы аймақта басты позицияны ұстауға
қол жеткізу.
Осы мүдделеріне байланысты Қытай басшылығы Азия Тынық мұхиты аймағында
мынадай мақсаттарды қойып отыр. Олар:
1. Қытай Халық Республикасының дамуын тоқтататындай және оны әлемдік
қауымдастықтан оқшаулап тастайтын әскери шиеленістерге қатыспауын
алдын-алу.
Қытай Коммунистік партиясы 2003 жылдың аяғында мемлекеттің бейбіт түрде
жаңа даму концепциясын ойлап шығарып және ресми түрде жариялады. Оның
мақсаты Қытайды әскери шиеленістерге қатысуына мүмкіндгіне шек қою болып
табылады.
2. Пекин дәрежесін түсіртетін және Азия Тынық мұхиты аймағын
доминиондайтын ұзақ мерзімді стратегиясын бұзатын Тайваньның
тәуелсіздігін жариялауын болдырмау;
3. Аймақ мемлекеттерімен сауда-экономикалық қатынастарды елге
инвестиция тарттыратындай технологиялар мен жаңа рыноктардың
ашатындай етіп дамыту;
4. Пекин үшін маңызды аймақтағы зоналарға АҚШ-тың доминиондауына қол
жеткізбеу;
5. Қытайдың айналасы бойынша Вашингтонның ястреб стратегиясының
жүзеге аспауына әрекет ету;
Осыған байланысты американ-жапон блогының күшеюі мен АҚШ-тың Қытаймен
шекаралас мемлекеттерге әскери базаларының орналасуын Қытай үкіметі Қытай
милитаризациясының өсуіне әкелуі ықтимал мемлекеттің айналасы ретінде
сыртқы саясатының потенциалын ұстайтын қадам ретінде қарайды. Бұл жағдай өз
орайында ҚХР қаржылық құралдарын азаматтық сектордан әскери секторға өтуіне
және ішкі шиеленістердің, соның ішінде әлеуметтік шиеленістерге әкеледі.
6. Мемлекетті энергоресурстармен және шикізат ресурстарға сұранысын
тасымалдауды қамтамасыз ету.
Қытай экономикасының тез даму темпілері мемлекетті энергетикалық және
шикізат ресустарына сұранысын және оның теңіз жолдарымен тасымалдануына
тәуелді болып отыр. Соған орай Пекин Қытайға мұнай импортының
тасымалдауының Малак бұғазымен өтетін бөлігін еркін жүзуіне кепілдік
ететіндей әскери-теңіз потенциалды күшейтуге әрекет жасауда.
Тағы бір қосатын жайт, Оңтүстік-Шығыс Азия ҚХР-дың үлкен энергетикалық
серіктестерінің бірі болып табылады. Осы аймақтан Қытайдың экономикалық
жағынан дамыған, бірақ энергия ресурстарына кедей оңтүстік аудандарына
энергия көздерін тасымалдау көлемі осы аймақтан ұлғайып келеді.
Осылайша Азия Тынық мұхиты аймағы Қытайдың энергетикалық қауіпсіздігі
үшін өте маңызды орын алады және осы аймаққа Қытайдың саяси және
экономикалық ықпалының күшеюң мемлекеттің энергия және шикізат көздеріне
сұранысын арттырады.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға байланысты Қытай дипломатиясының
алдында мынадай мәселелер тұр:
Біріншіден, аймақтағы елдермен экономикалық байланыстарды дамыту оң
әсер береді, өйткені Қытаймен шекаралас АТА-ның ең алдымен Жапония, АСЕАН
мемлекеттері, Солтүстік және Оңтүстік Кореялар, Үндістан мемлекеттерімен
Қытай локалдық қақтығысқа түсуі мүмкін.
Екіншіден, әлемдік державалар бір жағынан антиқытайлық коалицияны
ұйымдастыру мен Қытайды оқшауландыру инициаторы болып табылады, ал екінші
жағынан – капитал мен жаңа технологиялар көздері әрі маңызды сауда
серіктестері болып келеді.
Пекин көрші мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принциптерін
жариялау және осы мемлекеттердің ҚХР-мен экономикалық айырбасқа шақыру
арқылы осы аймақтық саясатта әрекет етеді. Пекиннің айақтық приоритеттері
салыстырмалы түрде тұрақты, алайда негізгі назары Шығыс Азияға аударылған,
өйткені осы жақтан мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төніп тұр.
Осыған сәйкес қысқа мерзімді шараларда қытайлық сыртқы саясаттың
негізгі мақсаттары, негізінен, аймақтағы экономикалық ынтымақтастықты одан
әрі дамыту болып келеді. ҚХР сыртқысаясат доктринасының негізгі бағыттары
төмендегідей болып келеді:
• Аймақтық күштермен АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея
мемлекеттерімен екі жақтық форматтағы ынтымақтастықты кеңейту;
• Солтүстік Шығыс Азия елдері, Жапония және Оңтүстік Кореямен
көпжақты форматтағы ынтымақтастықты дамыту;
• АСЕАН елдерімен АСЕАН плюс Қытай және АСЕАН плюс үш (Қытай,
Жапония және Оңтүстік Корея) түріндегі қатынастарды дамыту;
• Ресеймен, ең алдымен әскери-техникалық және энергия ресурстар
салалары бойынша ынтымақтастықты кеңейту.
ҚХР-дың алдағы уақыттағы сыртқы саясатындағы мақсаты Қытайдың Шығыс
Азия аймағындағы көшбасшылық рөлін ұлы державалардың мойындауына қол
жеткізу. Алайда Қытайдың аймақтағы позицясының күшеюі қырғи қабақ
соғыстан қалған АТА-дағы әскери-саяси дисбаланс негізінде жүріп жатқанын
көреміз. Оған негіз АҚШ-тың Жапония мен Оңтүстік Корея арасында әскери-
саяси келісім-шарттардың болуы, ал Қытай мен аймақтағы басқа мемлекеттерде
оған төтеп беретін балансирдің болмауы себеп болып табылады. Алайда бұл
дисбаланс жойылмайынша Қытайдың АТА-на интеграциялануы жолында Қытай Халық
Республикасының осы аймақтағы ұлттық мүдделеріне қауіп төндіретін бөгеттер
сақталады.

қорғауы
Қазіргі таңда Қытайдың сыртқысаяси мүдделеріне қауіп осы Азия Тынық
мұхиты аймағынан туындап тұр. Қытайды сыртқы саяси акторлармен күреске
итермелеп тұрған өзекті мәселе – Тайвань мәселесі. Екінші бір осы Азия
Тынық мұхиты аймағындағы өзекті мәселе – Корей түбегі, өйткені бұл аймақ
та Қытайдың мүддесіне кіретін және аймақтық державалардың бәсекелестігін
тудыртып отырған аймақ.
Қытай мен Азия Тынық мұхиты аймағындағы негізгі акторлар арасындағы
екіжақты қатынастардағы қарама-қайшы қатынастар әлемдік көшбасшы АҚШ-пен
болып отыр, өйткені АҚШ-та осы аймақты өз ұлттық мүдделеріне қосып,
Қытайдың осы аймақтағы ықпалын өсірмеуге талпынатын саясат ұстап отыр.
Жапония Қытайдың Азия Тынық мұхиты аймағындағы дәстүрлі бәскелесі болып
отыр. Америка-жапон әскери одағы, даулы территориялық және өзге мәселелер
Пекин мен Токио арасындағы жағдайды қиындатып отыр.
Көп себептерге байланысты Қытайдың сыртқы саясаты басым бағыттарының
бірі АСЕАН елдері. Қытайдың экономикалық және әскери қауіпсіздігіне ықпал
ететін факторлар осы АСЕАН елдерінен шығып отыр.
Қытайдың дамып келе жатқан алып Үндістанмен қарым-қатынасы осы
аймақтағы саяси климатқа белгілі бір дәрежеде өз әсерін тигізеді. Азия
Тынық мұхиты аймағындағы жалпы қауіпсіздігі осы мемлекеттер ара қатынасына
аз да болса да тәуелді болып келеді.
Қытайдың Ресеймен серіктестігі тар бағытта, яғни Қытай мен Ресейдің
әртүрлі сыртқы саяси векторларымен байланысты энергетикалық және әскери
ынтымақтастыққа негізделген.
Қытайдың аймақтық ұлттық мүдделеріне негізгі қарсы күштер төмендегідей:
• Шығыс Азиядағы Солтүстік Шығыс Азия, АСЕАН плюс үш (Қытай,
Жапония және Оңтүстік Корея), АСЕАН плюс Қытай және АСЕАН
плюс Жапония форматтарындағы және Шығыс Азиялық қауымдастық
негізінде Жапониямен көшбасшылық үшін күрес;
• Корей түбегі мен Солтүстік-Шығыс Азиядағы жалпы қауіпсіздікті
қамтамасыз етуде АҚШ, Жапония, Ресей, Оңтүстік Корея
мемлекеттерімен бәсекелесу;
• Азиялық Тынық мұхиттық экономикалық қауымдастықтың (АТЭҚ)
белгілі бір даму жолдарын анықтауда АҚШ және Жапониямен
бәсекелесу, сонымен бірге АСЕМ атты азиялық-еуропалық форум
негізінде Жапониямен бақталасу;
Осы жағдайларды ескере отырып, Қытай аймақтық экономикалық
ынтымақтастықты төмендегідей жүзеге асыруда:
Біріншіден, АҚШ, Жапония Оңтүстік Кореямен екіжақты форматта;
Екіншіден, Солтүстік-Шығыс Азия – Жапония және Оңтүстік Кореямен
үшжақты ынтымақтастық негізде, (Бұл жерде Қытай әскери-саяси салаға
қарағанда АҚШ-ты кірістірмей-ақ интеграциялық схемаларды жүзеге асыруды
көздеп отыр.)
Үшіншіден, АСЕАН плюс Қытай және АСЕАН плюс үш форматындағы
ынтымақтастық.
Егерде Қытай осы жағдайларға жауап берсе, онда ол экономикалық даму мен
аймаққа саяси ықпалын күшейтуге қосымша стимул алады. Ал егер жауап бере
алмаса, онда әлемдік және аймақтық көшбасшылар тарапынан Қытайдың дамуына
әскери қауіп пен әскери қақтығыстар пайда болмайды, алайда өзара
қатынастарының шиеленісуіне әкелуі мүмкін.[1]
II-тарау Қытайдың АТА-дағы мемлекеттермен қатынастары
2.1 Тайвань мәселесі
Қытайдың Азия Тынық мұхиты аймағындағы ұлттық мүдделеріне қарсы негізгі
өзегі Тайвань мәселесі. Бұл мәселе бір жағынан 20 жыл бұрын басталған
табиғи процесс нәтижесінде аралдың материктен бөліну тенденцияларының
жалғасуына әкеледі, алайда материкке жа-қын туыс болып табылады.
Ал екінші жағынан он жыл ішіндеарал мен материк арасында сауда-
экономикалық және мәдени байланыстар біраз нығайды. Тайвань өз
экономикасынын дамуы мен модернизациялануын ҚХР-мен сауда-экономикалық
байланыстарға негізделетіндей етіп материкпен байла- ныс жасауда. Сонымен
бірге материктік Қытай Тайваньнан өзіне қажетті капитал, техникалар және
жаңа технологиялар алады.
Пекинде Тайвань мәселесін Қытайдың ішкі жағдайы деп қарастырады
және Тайваньның тәуелсіздігі мәселесіне қатысты үшінші мемлекеттер жағынан
тікелей және жанама түрдегі қолдауларға өте ауыр қарайды. Пекин бұл
мәселенің қарулы күштермен шешілуі мүмкіндігін бірнеше рет Тайбэйге қорқыту
тактикасын жүргізу арқылы жариялаған болатын, алайда Қытай да Тайвань да
мәселені әскери қақтығысқа әкелгісі келмейді. Материк пен аралдың
арасындағы әскери қақтығыс Қытай мен АҚШ-тың қақтығына және аймақтағы
тұрақтылықтың бұзылуына алып келеді.
Сонымен қатар мәселенің қақтығыстық жағдайда сақталуына мына факторлар
әсер етеді:
Тайваньды біріктірудегі қарама-қайшылықтар.
Пекин Тайваньға саяси құрылымы мен экономикасын сақтайтын провинция
статусын алатын Гонконг пен Макаоны біріктіргендегі тәжірибеден өткен бір
мемлекет – екі жүйе моделін ұсынып отыр.
Алайда өзін Қытайдың тең құқықты серіктесі деп санайтын және мемлекетті
біріктірудегі өзіне сәйкес статусты талап ететін Тайбэйді бұл модель
қанағатандырмайды. Яғни, Тайванға Қытай саясатына жүргізуіне жол ашатындай
Тайбэй мен Пекиннің үкіметтегі өкілдіктері паритетті жүру керек.
Осындай жағдайлар арал мен материк арасында қарама-қайшылықтар
тудыруына және Тайвань тұрғындарының санасында сепаратистік көзқарастардың
нығаюына да әкеліп отыр.
АҚШ пен Тайваньның әскери ынтымақтастығы.
Вашингтон бүтін Қытай саясатты декларациялап қолданымен Пекин ұстап
тұратын фактор ретінде пайдалана Тайбэйге әскери-саяси көмек беріп келеді.
1979 жылғы Тайваньмен қарым-қатынас заңы бойынша АҚШ аралға Тайванның
өзін кажет дәрежеде қорғануына көмек беруіне құқысы бар. Осы заңға сүйене
отырып АҚШ қазіргі таңда әскери техникаларды тасымалдап отыр. 2004 жылы АҚШ-
тың Тайваньға қару тасымалдау үлкен мұндай елге үлкен келісім болды,
өйткені Тайвань АҚШ-тан әскери техника алуға 18,2 млрд. доллар әскери
бюджеттен 14,5 млрд. долларын жұмсаған. 1999 жылда АҚШ-тан қару алуға 17,4
млрд. доллар әскери бюджеттен 10 млрд. долларын жұмсаған Тайвань әлемдегі
әскери техниканы экспорттаудан 2-ші орын алған.
АҚШ-тың тасымалдаған әскери техникасының көмегімен Тайвань Қытайдың ұлт-
азаттық әскерінің (НОАК) әскери-әуе күштері мен әскери-теңіз күштерінен
қалыспай келеді. Бұл жағдай Қытай тарапынан аралды шабуылдап алатын
десанттық операциялардың жүзеге аспауына мүмкіндік береді. Қытайдың бұл
мәселеде қару қолданған жағдайда, бұл қақтығысқа американ-жапондық әскери
одақтың кірісуі сөзсіз, ал бұл жағдай Қытайдың қарулы операциясын
сәттілікке әкел-мейді.
Тайваньның стратегиялық жағдайын ескере отырып, Қытай Тайваньды өзіне
біріктірсе, онда Пекин Оңтүстік-Қытай теңізіндегі стратегиялық теңіз
коммуникацияларын өз бақылауына алады. Бұл жағдай өз кезегінде Қытай
ықпалына Оңтүстік-Шығыс Азия аймағының қосылуына және АҚШ позициясын
ығысуына алып келеді. Ал керісінше Тайваньның материктен толықтай бөлінуі
Қытайдың Азия Тынық мұхиты аймағына өз күшін көрсету мүмкіндігін ұстап
тұруына және Қытайдың экономикалық орталықтарына жақын АҚШ-тың осы
аймақтағы стратегиялық плацдармын сақтап қалуына әкеледі.[2]
Қытайдың әскери күш қолдану сценариясының қаупі.
Қытайға Тайваньды біріктіру немесе Тайваньның өз тәуелсіздігін
жариялауына қол жеткізбеу қытайлық басшылардың ең маңызды мақсаты болып
табылады. Бұл саясаттың сәтсіздікке ұшырауы қытай қоғамында дамып келе
жатқан ұлттық тенденциялар алдында ҚХР Компартия билігінің легитимдігін,
яғни әлсіздігін көрсетеді.
Осыған орай, 2005 жылы наурызда Қытай үкіметі де-факто тәуелсіз болып
саналатын Тайвань референдум жүргізу арқылы өз суверенитетін толық
бекітетін болса қытай тарихында алғаш рет әскер қолданудың де-юро болуын
қадағалайтын Сецессияға қарсы заңды қабылдаған болатын.
Қақтығысты заңды түрде әскери жолмен шешуі және де Тайвань-ның ұлттық
анықтайтын мәселеге қатысты Пекиннің принципиалды позициясы арал
басщыларының сепаратистік саясатын ұстайтын фактор болып табылады.
Осылайша Тайвань мәселесі Қытайдың осал жері болып келеді.
Экономикалық байланыстарды кеңейту мен әскери-саяси қысым көрсе-ту арқылы
Пекин жағымсыз жағдайларды қолға алуға тырысуда.
Тайвань мәселесін тұрақсыздандыратын элемент арал статусын бір жақты
заңды негізде анықтайтын саясатты Тайваньдағы партия өкілдері әрі қарай
жалғастырып әрекет етсе, бұл әрекеттері әскери қақтығысқа әкелуі ықтимал.
Тайвань Қытайды ұстап тұрудағы басты фактор ретінде санайтын АҚШ-та
Тайвань мәселесіндегі маңызды орын алады. АҚШ-тың Тайваньды қорғануын
қолға алуы кейін егерде Вашингтонмен Пекиннің шиеленісу жағдайына келсе АҚШ-
қа плацдарм болады.
Аралдың өз тәуелсіздігін жариялау болашағы реалистік тұрғыда әзірге
мүмкін емес деген қорытындыға келе аламыз, өйткені Пекин – Вашингтон –
Тайбэй үшбұрышындағы күштер қатынасы мен мүдделер өзгерусіз қалды.
2.2 Аймақтағы қытай-американ бәсекелестігі
Азия Тынық мұхиты аймағындағы американ әскерлерінің болуы-нан Қытай өз
мемлекеттік мүдделеріне қауіптілігін көреді. Ал АҚШ болса Қытайды жақын
болашақта жаңа, глобалды бәсекелесті, коммунистік идеяны әлі жалғастырып
келе жатқан және американ сарапшыларының ойынша АҚШ позициясын әлсіретуді
көздеген әскери және экономикалық жағынан күшейген мелекетті көреді. Алайда
Қытай да, АҚШ-та өздерін әскери қарсылас ретінде көрмейді.
Ал бір жағынан қарасақ, АҚШ Қытайдағы шетелдік инвестиция салушылардың
көп бөлігін және Қытайлық сауданың 1\4 бөлігін құрағандықтан Қытай
модернизациясын жүргізуде маңызды рөл ойнайды. Пекин Вашингтонмен достық
қарым-қатынас ұстамаса, Қытай экономикасының қарқынды дамуын жалғастыру
мүмкін еместігін жақсы түсінеді. Американдық трансұлттық корпорациялар-дың
көп мөлшерде инвестиция салуы негізіндегі жүріп жатқан АҚШ-ң Қытайда терең
бизнес мүдделері бар. Вашингтонның стратегиялық болашақтағы жоспары
экономиканы маркетизациялау мен глобализа-циялау және ҚХР-ді ақпараттық
және әлемдік рынок кеңістігіне кірісті-ру арқылы Қытайдың саяси жүйесін
біртіндеп демократиялық бағытқа өзгеруіне ықпал етеді.
Тұрақты дамып жатқан экономикалық өзара байланыс дағдарыс кезінде
болатын Қытай мен АҚШ арасындағы қайшылықтардың шегін бақылайды.
Сонымен қатар қытай-американ қатынастары бұрынгы өзекті мәселелермен
қамтылған. Қытайдың Тайвань бұғазы аумағында орна-ласқан баллистикалық
ракеталар санының көбеюі мен Қытайдың ядролық қарулар мен басқа қаруларды
өндірудегі сәттіліктері АҚШ-ты қауіптендіреді. Вашингтон Қытай қарулы
күштерінің модернизациясы Тайвань қақтығысының болуына әкеледі деп санайды.
Қытайдың өсуін ұстауға АҚШ-тың қысым жасайтын көптеген маңызды
рычагтары бар. Олар төмендегідей қызмет етеді:
- біріншіден, Пекинге әсер ететін Қытайдың Тайвань қатынас-тары және
әлемдік саяси үрдістер арқылы;
- екіншіден, энергетикалық рынокқа бақылау орнату;
- үшіншіден, Қытай қосылғаннан кейін де оған тікелей қатысы бар
Дүниежүзілік Сауда ұйымындағы механизмдер арқылы;
- төртіншіден, әлемде белсенді позиция ұсынуға тырысатын ме-млекеттерге
әсер тигізетін халықаралық қауіпсіздік және адам құқығы саясаты арқылы.
Қытай-американ қатынастарындағы негізгі қайшылықтар тудыра-тын
мәселелер:
Бірінші – Тайвань. Пекин Тайвань мәселесін АҚШ-пен стратегиялық
қатынастар жасауға бөгет болып тұр деп санайды. Құрама Штаттар бір Қытай
екенін мойындай отырып, Пекиннің ойынша АҚШ Қытайға тиімсіз келетін
аралмен әскери ынтымақ-тастық және жоғары деңгейде саяси қатынастар
жасайды.
Екіншісі – адам құқығы мәселесі мен Қытайдың саяси тұрақтылығына қауіп
төндіретін Фалуньгун тәрізді ұйымдардың қызметі. Қытай басшылығы қытайлық
ақпарат бойынша Фалуньгун ұйымы АҚШ-ң Орталық бақылау басшылығына (ЦРУ)
сүйене отырып, мемлекеттің ішкі саяси тыныштығын тұрақсыздандыруда басты
рөл ойнайды деп қауіптенеді.
Ирактағы соғыс мен Солтүстік Кореядағы ядролық дағдарыс қытай-американ
қатынастарының жаңа бағытта дамуын көрсетті. Пекин Ирактағы қарулы күш
акциясын қолдамады, алайда Париж, Берлин, Мәскеу сияқты қарсы шығу
әрекеттерін ұйымдастырған да жоқ. Нәтижесінде Кондализа Райстың әйгілі
Францияны жазалау, Германияны ұмыту, Ресейді кешіру деген формуласында
Пекин ай-тылмаған. Бұл жағдай Пекин мен Вашингтон арасында БҰҰ-ның
Қауіпсіздік Кеңесінде Иракқа қатысты дауыс беруде Пекин қалыс қалады, ал
Вашингтон Солтүстік Кореяға қарсы қарулы акциясын қолданудан бас тартады
деген келісім нәтижесі еді. Ирактағы соғыс аяқталысымен Солтүстік Корея
Қытай мен АҚШ-ң аймақтық проблемаларды шешудегі өзара әрекет ету үшін
геосаяси алаң болды. 2003 жылдың сәуірінде басталған Пекиндегі ҚХР – КХДР –
АҚШ арасындағы үшжақты келіссөздер, кейін алты жақты (Ресей, Жапон,
Оңтүстік Кореяның қатысуымен) форматқа көшкен келіссөздер Пекин-нің
корейлік социализмді қорғауға емес, ядролық қаруды тарату атты өзекті
мәселеде Вашингтонмен ынтымақтастыққа дайын екендігін көрсетті.
Осылайша Қытай қытай-американ қатынастарын шиеленістіретін халықарлық
шешімдер мен мәселелерге қатыспайды, егерде ол мәселелер Қытайдың
қауіпсіздікке қатысты мүдделерін қозғамаса болды. Тайвань мәселесі қытай-
американ ынтымақтастығының қауіпі болып қалады. ҚХР-ң жаңа басшылығы бұл
жағдайды әдейі шиеленістірмеуге тырысады, алайда өздері ұсынған бір
мемлекет – екі жүйе шешімінен қайтпайды.
2.3 Қытайдың Азия Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның саяси күшеюіне
қарсылығы
Қытайдың АТА-ғы мемлекеттік мүдделері аймақтағы басқа держава – Жапония
мүдделеріне қайшы келеді, нәтижесінде екі ел арасында өзекті бәсекелестік
туады.
Сонымен қатар Қытай мен Жапония сауда-экономикалық серіктестер болып
табылады. 2004 жылғы қорытынды бойынша Жапонияның Қытаймен тауар айналымы
152,2 млрд. долларды (16,4%) құрады. Бүгінгі таңда екі елждің экономикалық
қатынастарының дамуы өзара саяси қарым-қатынастарынан алда келеді. Қытай-
жапондық қатынастарына төмендегі өзекті мәселелер әсер етеді:
Даулы территориялар.
Окинава мен Тайвань арасында орналасқан (Сенкаку немесе Дяо-юйдао)
аралдар тобы үшін екі ел үкіметі қатаң дау жүргізіп келеді. Дяоюйдао
аралдарының даулы болуы мен Шығыс-Қытай теңізінде газ кен орнын ұйымдастыру
мәселері екі жақтың өзара саяси қимылдауын қиындатып келеді. Қытай жағы
аралдарға жақын Жапонияның теңіз экономикалық зонасының батыс шекараларына
жақын газ кен орнын барлауды бастаған болатын. Бүгінгі таңда, жапондық
мәліметтерге сүйенсек, Шығыс-Қытай теңізінде бір-бірімен кейде қақтығысып
қала-тын қытайлық ӘТК-ң (Әскери теңіз күштерінің) катерлері мен жапондық
жаға күзетіне толып келеді.
Тайвань мәселесі.
Қытай-жапондық дипломатиялық қатынастары түзелгеннен кейін жапон
үкіметі бір Қытай принципін мойындады және Тайваньмен қатынастар тек
үкіметтік емес байланыстармен ғана шектелеті туралы уәде еткен болатын.
Сингапурдан Шығыс-Қытай теңізіне дейінгі аралықты қамтитын
коммерцияның критикалық сызығы Жапонияны ерекше толған-дырады. Әрине
Тайвань бұғазы осы сызықтың стратегиялық орталығы болып келеді. Өйткені
ешбір кеме Тайвань бұғазын жүзіп өтпей Жапония немесе Оңтүстік Корея
жағалауларына жетпейді. Егерде Қытай Тайваньды өзіне қосып алуға қол
жеткізсе, онда ол бұғаздағы порттарды пайдалануға құқық алады.
Коммерцияның критикалық сызығы Токио үшін маңыздылығын ескерсек,
қытай-жапон қатынастарының тұрақтылығынан гөрі жапон-американ
қатынастарының дамуы Жапонияға тиімді екенін көреміз. Соған сәйкес, Токио
Тайвань мәселесіне байланысты екіжақты саясатты сақтайды.
Жапон-американдық қауіпсіздік жүйесі.
Қазіргі таңда АҚШ үкіметі Қытайды әскери қауіп көзі ретінде
қарастырмайды, алайда оның экономикалық даму потенциалын ескерсек уақыт өте
Қытай сондай дәрежеге жетуі мүмкін. Қытай мен АҚШ-тың арасындағы әскери
қақтығыс болуы мүмкін деген негізгі мәселе Тайваньның тәуелсіздік мәселесі,
сондықтан АҚШ Тынық мұхиттың батыс аймағында өзінің әскери саясатын өсіріп
келеді. Әзірге Тайвань аймағы жапон-американдық стратегиялық қауіпсіздік
келісімі-нің жауапкершілік саласына жата ма белгісіз болып келеді. Алайда
ҚХР-ң әскери потенциалының өсуі жапон үкіметін өзінің әскери қарулы
күштерін күшейтуге және өзінің басты одақтасы − АҚШ-пен сәйкес алдын-алу
шаралары туралы келісімдер жасауға итермелейді.
Осыған орай 2004 жылы қабылданған 2009 жылға дейінгі мерзімге
есептелген Жапония жағынан жаңа қорғаныс концепциясы жасалған болатын.
Соғыстан кейінгі жылдары Жапония алғаш рет тек өзін-өзі қорғау негізінле
ғана қорғаныс доктринасынан бас тартып келеді.Кон-цепция қару-жарақты
шетелге экспортауды жеңілдетуді қарастырады. Бұл жағдай Жапонияға АҚШ-пен
бірге Ракетаға қарсы қорғаныс жүйесін жасауға қолайлы. Қытай мен Солтүстік
Корея Жапонияның мемлекеттік мүдделеріне қауіп төндіруі жайында алғаш рет
ашық жарияланды. Олардың қимылдарына жапондық қорғаныс күштерінің
бақылауы орнатылады және соған сәйкес шаралар ұйымдастырыла-тын болады.
Бұл жағдайлар Пекиннің уайымын тудырып келеді. Соған қарсы әрекеттер
ретінде Жапонияның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне кіруіне бөгет жасауы, 2005
жылы сәуірде бұқаралық наразылыққа әкелген халық арасындағы антижапондық
әрекеттерді қолдау, осының бәрі тарихи қайшылықтарға байланысты емес, АҚШ-
тың АТА-ғы негізгі одақтасы ретінде Жапонияның күшеюіне Қытай басшылығының
уайымымен жасалып отыр.
Тарихи негізде Жапония мен Қытайдың қақтығысуы.
Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде жағдайлар екі елдің саяси
салалырындағы өзара қатынастарды қиындатып келеді. Жапондар екінші
Дүниежүзілік соғыс кезіндегі қылмыстарын мойындады, алайда жапондық ұлттық
және милитаристік рухтың көсемшісі болып танылған Ясукуни Дзиндзяның
храмына баруды жапондық көшбас-шылар жалғастырып келеді. Жапон премьері
Коидзумидің Ясукуни храмына баруды тоқтатудан бас тарту жайында
мәлімдемесіне қытай жағы бірнеше рет наразылық білдірген болатын.
Бұл жағдайлар қытай басшылары қолдануға тырысатын халық ара-сында
антижапондық ойлардың кеңінен таралуына әкеледі.
Алайда жапондықтар арасында да Қытайға қатысты наразылықтар-дың өсуін
де ескеруіміз керек. Мысалы, 2004 жылы Қытайға қарсы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz