Қарттармен және мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс



Кіріспе
1.1. Қарттармен және мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты басқару
1.2. Қарттармен және мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
1.3. Қарттар мен мүгедектерді мемлекеттік әлеуметтік қолдау

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстандықтардың әл-ауқатын, қауіпсіздігін жақсарту, гулдену, дамуын «Қазақстан 2030» стратегиясында Президентіміз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, еліміздің дамуының басым бағыттарының бірі- тұрғындардың материалдық және әлеуметтік әл-ауқаты болып табылады. Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, халықтың әл-жуаз топтарын әлеуметтік қолдау, қорғауға ат салысу. Яғни, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты бағыты» атты Жолдауында демография мәселелеріне үлкен көңіл бөлінгеніне тоқталып өтті.
Қазіргі таңда мемлекет аға буын өкілдерін, әрбір жаңа ұрпақ үлкендердің даналығын, тәжірбиесі мен қадір қасиеттерін үлгі тұтады. Соғыс жылдары жауынгерлік ерлігімен олар бейбітшілік қорғап, сақтап қалды, сол үшін аштық пен қайғы-қасіретті бастан кешті, соғыстан кейінгі жылдары құлдыраған халық шаруашылығын қайта қалпына келтіріп, өз еңбектерімен экономикалық дамуына зор үлес қосқан. Біз ардагерлер алдындағы борышымыз терең сезінеміз. Күнделікті қамқорлық пен қолдауды қажет ететін борыш бүгінде мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігіне айналып отыр. Ертең ел боламыз десек, қазірден бастап түзелу керек. Атап айтсақ асыл мұрамызды жерге таптамауымыз парыз. Өкінішке орай, соңғы жылдары қазақ халқының жалпы санында қарт адамдардың үлес салмағының арту үдерісі яғни халықтың қартаюы. 2006 жылдың басында 65 жастан асқан адамдардың үлесі 7,4 пайыз болды. 2030 жылы бұл көрсеткіш елімізде 11,5 пайызға жетпек.
Халықтың қартаю үдерісіне үш фактор әсер етеді, атап айтқанда басты себептері – бала туудың кемуі, өлім деңгейінің, әсіресі еңбекке қабілетті жастағы адамдар өлімінің жоғарлылығы және халықтың көші-қоны. Экономикалық бірлесіп қызмет көрсету және даму елдерінде соңғы 30 жыл ішінде орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде 6 жылға әйелдерде 6,5 жасқа өсті. Біздің елімізде соңғы 10 жылда ішінде бұл көрсеткіштердің тұрақты түрдің өсу тенденциясы қалыптасқан.
Демографиялық қартаю біздің елімізде балалардың туу санының кемуіне байланысты болып отыр. Соңғы 10 жыл ішінде жас ұрпақтың үлес салмағы 24-44%-ға қысқарған. Осының нетижесінде зейнеткерлік жастың адамдардың үлес салмағы 15 жасқа дейінгі балалардың үйлесінен асып түсіп отыр. Болашақта бұл жағдай одан ары күрделене түсіп, егде жастағы адамдардың саны арта түседі.
Халықаралық жіктеу көрсетіп отырғандай 2008 жылы өзінде еліміздегі халықтың құрылымы демографиялық қартаю кезеңіне сәйкес келетіндей болады. Балалар мен жасөспірімдердің үлесі 65 және одан да жоғары егде адамдар үлесіне сәл ғана артылуы мүмкін. Жетпістен және одан да жоғарғы адамдар аралық халықтың 28,3 пайызын құрады. Бұл еңбекке жарамды қабілетті жастан біршама жоғары. Көп жасайтындар саланың тұрақты өсуіне байланысты.
1. ҚР Президентінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты бағыты» атты 2008ж 7 ақпандағы халыққа Жолдауы
2. Мүгедектерді оңалту туралы ҚР Заңы

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
1. Қарттармен және мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты
басқару
2. Қарттармен және мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты
ұйымдастыру
3. Қарттар мен мүгедектерді мемлекеттік әлеуметтік қолдау

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстандықтардың әл-ауқатын, қауіпсіздігін жақсарту, гулдену, дамуын
Қазақстан 2030 стратегиясында Президентіміз Н.Ә.Назарбаев атап
өткендей, еліміздің дамуының басым бағыттарының бірі- тұрғындардың
материалдық және әлеуметтік әл-ауқаты болып табылады. Әлеуметтік жағдайдың
жақсаруы, халықтың әл-жуаз топтарын әлеуметтік қолдау, қорғауға ат салысу.
Яғни, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты
бағыты атты Жолдауында демография мәселелеріне үлкен көңіл бөлінгеніне
тоқталып өтті.
Қазіргі таңда мемлекет аға буын өкілдерін, әрбір жаңа ұрпақ
үлкендердің даналығын, тәжірбиесі мен қадір қасиеттерін үлгі тұтады. Соғыс
жылдары жауынгерлік ерлігімен олар бейбітшілік қорғап, сақтап қалды, сол
үшін аштық пен қайғы-қасіретті бастан кешті, соғыстан кейінгі жылдары
құлдыраған халық шаруашылығын қайта қалпына келтіріп, өз еңбектерімен
экономикалық дамуына зор үлес қосқан. Біз ардагерлер алдындағы борышымыз
терең сезінеміз. Күнделікті қамқорлық пен қолдауды қажет ететін борыш
бүгінде мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігіне айналып отыр. Ертең
ел боламыз десек, қазірден бастап түзелу керек. Атап айтсақ асыл мұрамызды
жерге таптамауымыз парыз. Өкінішке орай, соңғы жылдары қазақ халқының жалпы
санында қарт адамдардың үлес салмағының арту үдерісі яғни халықтың қартаюы.
2006 жылдың басында 65 жастан асқан адамдардың үлесі 7,4 пайыз болды. 2030
жылы бұл көрсеткіш елімізде 11,5 пайызға жетпек.
Халықтың қартаю үдерісіне үш фактор әсер етеді, атап айтқанда басты
себептері – бала туудың кемуі, өлім деңгейінің, әсіресі еңбекке қабілетті
жастағы адамдар өлімінің жоғарлылығы және халықтың көші-қоны.
Экономикалық бірлесіп қызмет көрсету және даму елдерінде соңғы 30 жыл
ішінде орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде 6 жылға әйелдерде 6,5 жасқа өсті.
Біздің елімізде соңғы 10 жылда ішінде бұл көрсеткіштердің тұрақты түрдің
өсу тенденциясы қалыптасқан.
Демографиялық қартаю біздің елімізде балалардың туу санының кемуіне
байланысты болып отыр. Соңғы 10 жыл ішінде жас ұрпақтың үлес салмағы 24-44%-
ға қысқарған. Осының нетижесінде зейнеткерлік жастың адамдардың үлес
салмағы 15 жасқа дейінгі балалардың үйлесінен асып түсіп отыр. Болашақта
бұл жағдай одан ары күрделене түсіп, егде жастағы адамдардың саны арта
түседі.
Халықаралық жіктеу көрсетіп отырғандай 2008 жылы өзінде еліміздегі
халықтың құрылымы демографиялық қартаю кезеңіне сәйкес келетіндей болады.
Балалар мен жасөспірімдердің үлесі 65 және одан да жоғары егде адамдар
үлесіне сәл ғана артылуы мүмкін. Жетпістен және одан да жоғарғы адамдар
аралық халықтың 28,3 пайызын құрады. Бұл еңбекке жарамды қабілетті жастан
біршама жоғары. Көп жасайтындар саланың тұрақты өсуіне байланысты. Жасы
үлкен егде жастағы адамдар үшін мемлекеттің жауапкершілігі әсіресе жоғарлай
түседі. Байқағандай, қарттармен жүргізілетін әлеуметтік жұмысның
ауқымдылығы мемлекеттік маңызға ие.
Сонғы 10 жылда әлемнің дамыған елдерінде байқалып отырған үдеріс бірі- бұл
халықтың жалпы санында және оның салмағында қарт адамдардың жылдан жылға
өсіп отыруы.
Халықтың жалпы санында балалармен жасөспірімдермен үлес салмағы
азайып, қарттардың үлесі көбеюдің түбегейлі процесі айтарлықтай жоғарғы
шапшандылықпен жүріп жатыр деп, толық негіз бар.
БҰҰ мәліметтері бойынша 1950 жылы әлемде ортаща шамамен алғанда,
60жаста және одан жоғарғы жастағы адамдардың саны 200 млн құрады. Болжамдар
бойынша, болашақта 2025жылы олардың саны 1млрд 100мың адамдарды құрайтын
болады.
Халықтың қартаюдың басты себептері – бала туудың кемуі, үлкен егде
жастағы адамдардың медициналық прогресіне, халықтың өмір сүру деңгейінің
артуына байланысты орташа жасы ұзақтылықтың өсуі.
Экономикалық бірлесіп қызмет еөрсету және даму елдерінде соңғы 30 жыл
ішінде орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде 6 жылға әйелдерде 6,5 жасқа өсті.
Біздің елімізде соңғы 10 жылда ішінде бұл көрсеткіштердің тұрақты түрдің
өсу тенденциясы қалыптасқан.
Қарт адамдардың әлеуметтік- демографиялық категорияларға әлеуметтік
жұмыстардың мамандары әртүрлі тұрғындағы көзқарастан анықталады:
хронологиялық, әлеуметтік, патологиялық, психологиялық, функционалдық және
басқалары.
Дүние жүзілік денссаулық сақтау ұйымының жіетеуі бойынша 60 жастағы
және одан дажоғары адамдарды үлкен егде жастағы адамдар деп есептейді.
Бүгінде іс жүзінде осы мәліметтер қолданылады. Алайда көптеген елдерде
зейнетке шығу 60 жастан іске асырылады.
Халықаралық жіктеу көрсетіп отырғандай 2008 жылы өзінде
еліміздегі халықтың құрылымы демографиялық қартаю кезеңіне сәйкес
келетіндей болады. Балалар мен жасөспірімдердің үлесі 65 және одан да
жоғары егде а дамдар үлесіне сәл ғана артылуы мүмкін.
Жетпістен және одан да жоғарғы адамдар аралық халықтың 28,3 пайызын
құрады. Бұл еңбекке жарамды қабілетті жастан біршама жоғары. Көп
жасайтындар саланың тұрақты өсуіне байланысты. Жасы үлкен егде жастағы
адамдар үшін мемлекеттің жауапкершілігі әсіресе жоғарлай түседі.

1. Қарттармен және мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты
басқару

БҰҰ-ның егде адамдарға қатысты 11 ұсынымына сәйкес егде адамдар оларға
психикалық және эмоционалдық салауаттылықтың оңтайлы деңгейін қолдауға
немесе қалпына келтіруге мүмкіндік беретін медициналық қызме көрсетуге қол
жеткізу тиіс.
Қартаю проблемалары жөніндегі Вена халықаралық жоспарының 2 ұсынымына
сәйкес егде адамдар туралы қамқорлық физикалық, психикалық, әлеуметтік,
рухани факторлардың, сондай-ақ қоршаған орта факторларының арасындағы өзара
байланысты назарға ала отырып, олардың жалпы хал-ауқатын қамтамасыз етуді
болжайды. Сондықтан денсаулық туралы қамқорлық медициналық және әлеуметтік
секторларды қамтуы тиіс. Денсаулық саласындағы күш-жігер, атап айтқанда
алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қарттарға өз отбасы мен
қоғамда қоғамның барлық салаларынын сырт қалмай, барынша ұзақ тәуелсіз өмір
сүруге мүмкіндік беруге бағытталуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде 2006 жылғы 10
наурызда Адам дамуы туралы ұлттық есептің тұсау кесері кезінде Денсаулық
жағдайы мен өмір сүру сапасы - егде адамдардың маңызды проблемаларының
бірі деп атап өтілді.
Республикада егде жастағы тұрғындардың ауру, мүгедектік және қайтыс
болуының пайызы жоғары. Орта статистикалық зерттеулердің нәтижелері қарт
азаматтардың қайтыс болуының себептері туралы олардың 30 пайызы – жүрек-қан
тамырлары ауруларынан, 30 пайызы – қатерлі ісіктен, 40 пайызы – басқа да
аурулардан болатынын куәландырады.
Қарт адамның ағзасында болатын органикалық өзгерістер мен
функционалдық ауысулар нәтижесінде ол рухани, тәни қолайсыздықты сезінеді.
Денсаулыққа байланысты бірнеше проблемалар бар: егде адамдар бір уақытта
бірнеше аурумен ауырады; олар белгілері анық байқалмайтын аурулармен
ауырады; егде адамдар басқаларға қарағанда қатерлі ісік ауруларына көп
ұшырайды.
Осыған байланысты, Лайықты қартаю тұжырымдамасы 21 ғасырдағы қартаб
проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер бағдарламасы атты БҰҰ
Бағдарламасының Жобасында қатысушы елдерді дамыту стратегиясының басым
бағыттарына жатқызылған.
Вена халықаралық жоспарының 6 ұсынымына сәйкес әлеуметтік
қамсыздандыру мен денсаулық сақтау жүйелерінің арасындағы барынша тығыз
үйлесімділік есебінен әлеуметтік және медициналық қызмет көрсету жүйелері
құнының өсу үрдісін тоқтату қажет. Осыған байланысты, Қазақстан
Республикасында әлеуметтік-медициналық және әлеуметтік-психологиялық
қызметтер қолданыстағы 1457-2005 ГОСТ-қа сәйкес үйге келіп әлеуметтік
қызмет көрсету түрінің бірі болып табылады.
Сондай-ақ егде адамдарға медициналық көмекті медициналық ұйымдар
желісі, тұрғылықты жері бойынша, емханалар, СДА, ПМИП қала орталықтары
көрсетеді. Республиканың барлық облыстарында травмотологиялық пунктер
желісі бар.
Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы және Денсаулық сақтау жүйесі
туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтардың жеңілдік
берілген санаттарына амбулаторлық-емханалық көмек Тегін медициналық
көмектің кепілді көлемінің 2006-2007 жылдарға арналған тізбесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметнің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы №1296
қаулысына сәйкес көрсетіледі. Тізбеге сәйкес егде адамдар дәрі-дәрмектермен
50 пайыз жеңілдікпен қамтамасыз етіледі. Тізбеде сондай-ақ БМСК маманы мен
кәсіби мамандардың бағыты бойынша Ұлы Отан Соғысына қатысушыларға,
мүгедектерге, зейнеткерлерге жасы бойынша медициналық көрсеткіштер бойынша
қымбат тұратын тексерулер аясында жеңілдіктер берілетіні белгіленген.
Жергілікті бюджеттен қатерлі ісік ауруларымен, қант және қантты емес
диабетпен, демікпемен, психикалық аурулармен, Паркинсон ауруларымен
ауыратын егде адамдар дәрі-әдрмекпен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанда қартаюда егде адамдардың өмір сүру деңгейін сипаттайтын
экономикалық жағдайлар, соның ішінде медициналық қызмет көрсетуге
жұмсалатын шығындар маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі бір жыл ішінде 60 пайызға жуық егде адам дәрі-дәрмек
сатып алуға қаражаты болмауына байланысты емнің әсері болмай медициналық
мекемеге қайта қаралғанын анықтады.
Медициналық қызметкерлердің арасында сырқат егде адамдарға қатысты олардың
адамдық қадір-қасиетін қорлау жиі кездеседі. Егде адамдар медициналық
қызметкерлер тарапынан жасына байланысты жасырын кемсітушілікке ұшырайды.
Егде адамдар барлық болуы мүмкін аурулардан зардап шегетініне қарамастан,
олар жастар сияқты тексеріле алмайды.
Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік
саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады.
Мүгедектігі бар азаматтар қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуға
бірдей құқығы бар. Бірдей құқықтар табиғи, психологиялық, сенсорлық,
мәдениеттік, заңдылық және басқа да тосқауылдарға байланысты шектелген
мүмкіндіктерді түзететін әлеуметтік қызметтің жүйесімен қамтамасыз етілуі
керек. Осы тосқауылдар қоғамның басқа да мүшелері сияқты негіздермен
мүгедектің қоғамға интеграциялануына мүмкіндік бермейді. Мүгедектік – бұл
тек қана медициналық проблема емес, бәрінен бұрын ол – бірдей емес
мүмкіндіктер қорытылған әлеуметтік проблема.
Қоғам олардың тәуелсіз өмір сүру үшін, қоғам өмірінің ажырамас бөлігі
болуға адамның табиғи құқына ие болуға және тұрғын және қоғамдық
ғимараттарға, көлікке, коммуникация құралдарына, еңбекке және білім беруге
қол жеткізу еркіндігі мен таңдау еркіндігі бар стандарттарды өте мұқтажды
мүгедектігі бар адамдарға икемдеуге міндетті.
Қазақстанда мүгедектік проблемаларын халықаралық нормаларға сәйкес
айқындау және шешу тәсілдерінде түбегейлі өзгерістер жүрып жатыр. Қазіргі
кезде еңбек ету қабілеті төмендеген немесе жоғалған адамдар ғана емес,
сонымен қатар тіршілік әрекетінің басқа да шектелулері (өзіне өзі қызмет
ету, жүріп-тұру, адамдармен қарым-қатынас жасау, бағдарлану, өзінің мінез-
құлқын бақылау, оқыту) бар адамдар да мүгедек деп танылады.
Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, мүгедектерді оңалту пробелмаларын
тиімді шешу мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне қабылданатын кешенді
нысаналы бағдарламалар шеңберіндегі белсенді қолдауын талап етеді. Ағымдағы
жылы осындай бағдарламаның біреуін - Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005
жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аяқталады, оның барысында
тиісті органдарда мүгедектерді әдеттегідей күтуден мүгедек-балалардың аса
сапалы білім алуға және жасы ұлғайған мүгедектерді оңалтуға дейін өтіп,
мүгедектер проблемасы шешілді. Білім мен оңалтудың арқасында мүгедектер
қоғамдық бірлестіктер арқылы мүгедектерге қарасты саясатты әрі қарай
дамытуға аса тиімділік танытты.
Мүгедектерге қатысты мемлекеттік саясаттағы оң өзгерістер 2005 жылы
қабылданған заң жобаларының қатарында орын алды (Қазақстан Республикасында
мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
13 сәуірдегі Заңы; Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы Қазақстан
Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңы; Мүгедектерді оңалтудың
кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20
шілдедегі № 754 Қаулысы; Медициналық әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №
750 Қаулысы және т.б.).
Қарағанды облысында мүгедектерді оңалтудың қалыптасқан жүйесі жоғары
сапалы деңгейге көшу үшін шарттар мен мүмкіндіктер бар. Осыған байланысты,
жақын арадағы болашақта жаңадан мүгедектерді әлеуметтік оңалту бағдарлама
әзірлеу қажет.
Бағдарламаны әзірлеу үшін Қазақстан Республикасында мүгедектерді
әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі
Заңының 10 бабы негіз болып табылады.

2. Қарттармен және мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты
ұйымдастыру

БҰҰ-ның егде адамдарға қатысты 1-қағидасынан шығатын, егде адамдар
оларға қоғам тарапынан қолдау көрсету, кіріс қамтамасыз ету арқылы азық-
түлік, су, тұрғын-үй және медициналық қызмет көрсету талаптарына сәйкес қол
жетімділікке ие болу тиіс.
Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлері бүгінде қарттарға
қамқорлықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің кең тараған түрі болып
табылады.
Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлердің қызметін Қазақстан
Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының
2005 жылғы 1 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген Қарттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жасау
Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік тәрбиесін басқарудағы кәсіби этиканың рөлі
Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру
Қарт адамдарға қызмет көрсету барысында медициналық-әлеуметтік қарым- қатынасы
Қарттар үйіндегі қарт кісілермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
Жалғыз басты қарттарға көмек көрсету
Қазақстандағы нарықтық әлеуметтік қызмет жағдайлары мен проблемалары
Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың практикасында қолданылатын оқыту технологияларының болашақ маманның өзіндік дамуындағы маңыздылығы
Қарт кісілермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
Мүгедектік мәселесін шешу аспектілері мен жолдары
Пәндер