Жаңа тауарды жоспарлау



Кіріспе
Негізгі бөлім
Тоқыма нарығы
Жаңа тауарды жоспарлау
Тұтынушылар сегменті
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кәсіпорын ортасында өнім ең сезімтал элемент болып келеді. Және шыңдығында жүгінсек, көп жағдайларда кәсіпорынның ашылуына тауар негіз болады. Нақтылап айтсақ, өнім арқасында, өніммен бірге кәсіпорын тіршілік етеді, ал кейде жұмысын тоқтатады, бұл сататын жақсы тауардың қолда болуы жеткіліксіз, ол қажеттікке сәйкес болуы тиіс екенін, оған қоса оны өз ортасында жарнамалау керектігін байқамаған жағдайларда болады.Сол сияқты 1965 жылы Алматы Мақта Мата Комбинаты құрылып, 1991 жылы ҚР бойынша АҚ болып, ірі тоқыма өндіретін өндірісі ашылады. Комбинаттың құрамына 1965 жылы Жіп иіру – тоқыма кәсіпорыны, 1968 жылы Әрлеу комбинаты, 1992 жылы Тігін комбинаты кіреді. Қазіргі уақытта “Almaty Cotton Plant” Қазақстанның ірі тігін комбинаты болып саналады және Қазақстанды, Ресейді, Шетелдерді барлық тауарымен қамтамасыз етілген. Тоқыма өндіретін өндірісі әр түрлі дайын маталарды өндіреді: ситец, бяз, сатин, фланель тобы, платель тобы, т.б. Әрлеу комбинатына әрлеу бойынша ерекшелінеді: ағартылған, біркелкі боялған, толтырғыш, ақтандақ, грунт. Тігін кәсіпорынына мыналар жатады: төсек жабдықтары MACHO, XAMELEON, SLEEPER (комплектілер, тыстар, көрпе тысы, жаялғы); төсек орын жабдықтарына жамылғыш, жастық, матрац, т.б. Тұрмысқа қажетті жабдықтар: сүлгі, дастархан, сулық, перде. Жаңа туылған нәрестелерге арналған жабдықтар: жаялғыш, бас киім, ползунки, пеленки.Үй киімі: халат, пижама, түңгі көйлек. Күнделікті киімдерге: ер көйлегі, сым, шорты, көйлек, сарафандар. Арнайы киімдер: мед.қызметкерлдеріне, жұмыс киімдер, жұмысқа арналған инвентарь.
Тұтынушылар және серіктестер. Комбинат өнімін Қазақстанда 60 %, ТМД 30%, Еуропа елінде 10% жуығы сұранысқа ие. Қазақстанның нақты тұтынушылары – Миттал Стил Теміртау, Ұлбин Металл Зауыты, Қазахмыс, Казцинк, ІІМ ҚР, ҚР Шекара әскерлері, Қазақстан Темір Жолы. АММК – ң делдалдары: ЖШC “Smartex – Қарағанды”, “Делдал- Қарағанды”, “Азайя – Ақтөбе”, “Өнерпаз – Атырау”, “Текстиль КZ – ральск”, “СЕТ – Ақтау”, “ Мирроу - Өскемен”, “Шанс – Көкшетау”, “ЧП – Ниязова – Көкшетау”, “АВС – Қостанай”.
1. Сейтжан Сатыбалдыұлы Маркетинг- нарықтану
Оқулық Алматы 1999 жыл
2. Нысанбаев С.Н. Садыханова Г.А. Маркетинг негіздері
Алматы 2002 жыл
3. Мамыров Н.К. Маркетинг Алматы 2000
4. Ф.Котлер и др. Основы маркетинга. Киев 1998 г.
5. Ф.Котлер Маркетинг – менеджмент Минск 1998 г.

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім
Тоқыма нарығы

Жаңа тауарды жоспарлау

Тұтынушылар сегменті

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Кәсіпорын ортасында өнім ең сезімтал элемент болып келеді. Және
шыңдығында жүгінсек, көп жағдайларда кәсіпорынның ашылуына тауар негіз
болады. Нақтылап айтсақ, өнім арқасында, өніммен бірге кәсіпорын тіршілік
етеді, ал кейде жұмысын тоқтатады, бұл сататын жақсы тауардың қолда болуы
жеткіліксіз, ол қажеттікке сәйкес болуы тиіс екенін, оған қоса оны өз
ортасында жарнамалау керектігін байқамаған жағдайларда болады.Сол сияқты
1965 жылы Алматы Мақта Мата Комбинаты құрылып, 1991 жылы ҚР бойынша АҚ
болып, ірі тоқыма өндіретін өндірісі ашылады. Комбинаттың құрамына 1965
жылы Жіп иіру – тоқыма кәсіпорыны, 1968 жылы Әрлеу комбинаты, 1992 жылы
Тігін комбинаты кіреді. Қазіргі уақытта “Almaty Cotton Plant” Қазақстанның
ірі тігін комбинаты болып саналады және Қазақстанды, Ресейді, Шетелдерді
барлық тауарымен қамтамасыз етілген. Тоқыма өндіретін өндірісі әр түрлі
дайын маталарды өндіреді: ситец, бяз, сатин, фланель тобы, платель тобы,
т.б. Әрлеу комбинатына әрлеу бойынша ерекшелінеді: ағартылған, біркелкі
боялған, толтырғыш, ақтандақ, грунт. Тігін кәсіпорынына мыналар жатады:
төсек жабдықтары MACHO, XAMELEON, SLEEPER (комплектілер, тыстар, көрпе
тысы, жаялғы); төсек орын жабдықтарына жамылғыш, жастық, матрац, т.б.
Тұрмысқа қажетті жабдықтар: сүлгі, дастархан, сулық, перде. Жаңа туылған
нәрестелерге арналған жабдықтар: жаялғыш, бас киім, ползунки, пеленки.Үй
киімі: халат, пижама, түңгі көйлек. Күнделікті киімдерге: ер көйлегі, сым,
шорты, көйлек, сарафандар. Арнайы киімдер: мед.қызметкерлдеріне, жұмыс
киімдер, жұмысқа арналған инвентарь.
Тұтынушылар және серіктестер. Комбинат өнімін Қазақстанда 60 %,
ТМД 30%, Еуропа елінде 10% жуығы сұранысқа ие. Қазақстанның нақты
тұтынушылары – Миттал Стил Теміртау, Ұлбин Металл Зауыты, Қазахмыс,
Казцинк, ІІМ ҚР, ҚР Шекара әскерлері, Қазақстан Темір Жолы. АММК – ң
делдалдары: ЖШC “Smartex – Қарағанды”, “Делдал- Қарағанды”, “Азайя –
Ақтөбе”, “Өнерпаз – Атырау”, “Текстиль КZ – ральск”, “СЕТ – Ақтау”, “
Мирроу - Өскемен”, “Шанс – Көкшетау”, “ЧП – Ниязова – Көкшетау”, “АВС –
Қостанай”.
Қоғамдық жұмыстары.
1. Жыл сайынғы өткізілетін жас дизайнерлердің конкурстары
2. Жыл сайынғы өткізілетін ҰОС ветерандарын құттықтау
3. №1 және №2 тастанды балалар үйлеріне қамқорлық көрсету
акциялары жүргізіледі.
4. Жыл сайынғы өткізілетін Наурыз мейрамы
5. АММК – ң ветерандарының қала және аудан аймақтарында
мейрам кезінде хорға қатысуы
6. АММК Отан партиясының мүшесі және барлық болатын
мейрамдарда қатысады.
Компанияның мүлігі. АММК бәсекелестерден алдыңғы қатар орында. Себебі
өнімнің табиғи болуы, мультифункционалды бағыт ( микробқа қарсы қорғалған
мата ), мультисегментті болу, ассортименттің көп болуы, кәсіпорында толық
циклдың нарықта болуы, АММК-ң тұтынушылары көп болуы, арнайы маманданған
жұмысшылар, нәтижелі менеджмент.
АХБК кәсіпорынының қызметкерлерінің құрылымы:
Қазақстанда 490 клиенттері бар, 12- онын ішінде диллер, 25-
керекті клиенттер, 55- көтерме саудагерлер, супермаркеттер – 24. Қазақстан
нарығына маркетинг саласын дамыту қажет.
2007 жылдың ақпан айынан бастап кәсіпорынға кезекпен СТБ-180
станоктары іске қосылады: ақпан айына-8 станок (фильтр\мата С177-С550-100%)
2 кезекпен, наурыз айына – 18 станоктан (бязь 4744\165, 12-153-100%) 3
кезекпен, сәуір айына – 18 станоктан (бязь 4744\165, 12-153-100%) 3
кезекпен, мамыр айына – 18 станоктан (бязь 4744\165, 12-153-100%) 3
кезекпен, маусым айына – 14 станоктан (миткаль 03-1282-100%) 3 кезекпен,
шілде айына – 4 станоктан (қорғағыш пропиткамен С323-100%, кительная 2205-
50ш). Барлығы 80 станок СТБ-180.
Cапа. ААҚ “Almaty Cotton Plant” тұтынушылардың қажеттіліктерін, сапасы
жоғары, қолдануға ыңғайлы етіп қанағаттандырады. Негізінен сапаның саясаты
тұрақты сапа өнімі, бәсекелестерге қарсы өнім өндіру, тұтынушылардың
сенімін ақтау болып табылады. Бұл сапа саясатын келесі шешім бағытымен
шешіледі: жаңа техника және мата, тігін бұйымдарына арналған
технологияларымен жұмыс істеу, сапалы және қауіпсіз материал –
шикізіттармен қамтамасыз ету, жұмыс күшін күшейту.
Кәсіпорынның өндіретін негізгі өнімі КПБ, өз шикізаттарымен
дайындайды, өндіріледі және өзінің бренд атымен сатады. Қосымша өндірілетін
өнімдері: дайын бұйымдар, махровый сүлгілер бренд мачо атымен сатылады;
костюмдік маталар, сонымен қатар қосымша қызмет көрметіледі, яғни қысқарту,
заказ қабылдайды. Маркетингілік салада дистрибьюторлық сеть құруға және
өнімнің сыртқы қорабына көңіл аудару, өнім көлемін сату қарастырылуда.
Сонымен қатар жарнама құруға жоспарлануда.
Қазақстанда дистрибьюторлық сеть құруға тоқыманың алғашқы
кезеңінде дамуда. Тұтынушылары. АММК бренді тұтынушылар ортасында жоғары
таңып білуде. Бренд негізінен таңуына кең таралмаған. Тұтынушылар бұл АММК
– ң өнімнің сапасына және табиғи жаслынуына қызықтырады. Тұтынушылар бұл
өнімдерді көбінесе шағын маркеттерде, супермаркеттерде, жеке дүкендерде
сатып алуда.

1. Тоқыма нарығы.

Әлемдегі тоқыма нарығы. Жалпы әлем бойынша тоқыма нарығының
көлемі 450 млрд $ өсу тенденциямен бағаланады. Әлемдік тоқыма және киім
тұтынушылары 2002 жылы 4,9% жоғарланған, 2003 жылы 2,7%, 2004 жылы 3%
шамамен жоғарлаған. Зерттеушілердің жорамалдауы бойынша тоқыманы және
киімді тұтынушылары болашақта орташа есеппен 2,2% болуы мүмкін, ал 2010
жылы 62 млн.тонна жетуі ықтимал. Ең негізгі тұтынушыларға әсер ететін
факторлар баға болып табылады. Тоқыманың бағасы төмендеген уақытта, мысалға
10%, онда оның 0,4% дейін тұтыну деңгейі жоғарылайды.
Әлемдік нарықта жасанды жіп, мата өндіруші кәсіпорындар алдыңғы
қатарда. Болжам бойынша 2010 жылы мақта тұтынушылары химиялық талшықтарымен
салыстырғанда қысқарады екен.
Қытай – дүниежүзілік тоқыма нарығының лидері. 2004 жылдың соңында Қытай
ДТН-ң 23 – 28% бойынша орын алды. Оның экспансиясының дамуы жалғасуда. 1995
жылы АҚШ, Канада, Еуропа және Норвегия елдерінде тоқыманы экспортқа шығып
барлық елдер бойынша 400% өсті. Қазақстанның шекаралас елдерге Азия
аумағына 16,5 млн.тонна жылына, Еуропа 1,6 млн.тонна, СССР аумағына 0,6
млн.тонна, Шығыс елдеріне 100 мың тонна мақта - мата өнімін қажет етеді.
Сол барлық елдерге экспорттауға Қазақстанның мүмкіншілігі бар.
Өнімнің сапасына және бәсекеге қабілеттілігіне қазіргі әлемде барлық
фирмалар көп көңіл бөледі. Бұл мәселелерге әр елдің экономикалық және
әлеуметтік өмірі байланысты. Себебі сапа және бәсекеге қабілеттілігі деген
ұғымы елдің, әр өндірушінің тауарлар мен қызметтерді өңдеу, өңдіру, өткізу
мүмкіндіктерінің жиынтығын анықтаушы көрсеткіш болады.
Тоқыма өнеркәсібі дүниежүзілік бедел көрсеткіші туризм және ақпараттық
технологиядан кейінгі үшінші орынға ие. Бірақ Қазақстанда бұл сектор
экономикада дамымаған. Үш жыл даму өрісінен кейін (1999 жылы 14,7%, 2000
жылы – 2001 жылы 14,8% екі есе өсті) 2002 жылы шығарылған өнімдер 1,4%,
2003 жылы 4,3% төмендеді. 2003 жылы жеңіл өнеркәсібінің бөлігі, пайдасы
13,2 есе қысқартылды. Егерде 1991 жылы рентабельдік бағасы 24,5% деңгейімен
жұмыс істесе, қазіргі уақытта керісінше шығынға ұшырауда. Бұрыннан келе
жатқан жеңіл өнеркәсіптер тек қажет ететін тапсырыспен ғана өндіруде.
Қазақстандағы тоқыма және тігін өнеркәсіптері Қытай, Өзбекстан, Ресей,
Туркия елдерінің арзан тауарларымен бәсекелесуде. 2000 жылы – 2006 жылы
аралықта өнеркәсіптің көлемі 36,1 млрд.теңгеден 32,4 млрд.теңгеге дейін
төмендеп кетті, Республикада өнеркәсіптің бір бөлігінің пайдасы 2 ден 0,6%
төмендеп, рентабельдің деңгейі - 6,8% түсіп кетті. Жалпы сала бойынша
өнеркәсіптердің саны азайя түсті.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптердің өнімдері әр түрлі
бағамен 70 – 90% контрабанды және заңсыз түрде ұсынуда. АММК маркетинг
территория бойынша тактикасы Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен, Павлодар,
Атырау, Ақтөбе, Қызыл Орда қалаларында таратылған. Экономиканың дамуына
байланысты тау, мұнай өнеркәптері және химия т.б. салалар бойынша көптеген
өнеркәсіптер жұмыс істеуде. Сондықтанда жұмысшыларға арнайы жұмыс киімдерді
көп қажет етуде, яғни костюмді маталар 100% х\б. Енді КПБ және үй киімдер
үшін сатин тобын: костюмді, сатин, бязь, ситец, фланель, ГШИ, т.б. өндіру
қажет.
Ресейдің жеңіл өнеркәсіптері 17 бөлімдерден тұрады. Кәсіпорынның ең
көбі үлес салмағы шамамен 45% (1.67 млрд.$) тоқыма саласы орын алады, тігін
үлесі шамамен 32% (1.22млрд.$). 2004 жылы нарықта жеңіл өнеркәсібінің
барлық елдер бойынша әртүрлі бағамен 32 – 34 млрд.долларды құрайды. Соңғы
үш жылда Ресей жеңіл өнеркәсіптері өңдіруден төмендеуде. Соңғы үш жыл
ішінде жеңіл өнеркәсіптің шығарылған өнімі 12,7% төмендеп кетті. Болжам
бойынша 2010 жылы орташа жылдық өсу пайызы 5% құрауы мүмкін. Мәлімет
бойынша Минэкономдаму РФ 2004 жылы жеңіл өнеркәсіптің көлемі 92,5% құраса,
бір жыл ішінде 7,5% төмендеп кетті. Ал тігін бұйымдарына келсек 9,2%
жоғарланған.
Жеңіл өнеркәсіптер дамыған елдердің экономикасына маңызды ролі бар. АҚШ
– ң жеңіл өнеркәсібі 4%, Германияда 6%, Италияда 12%, Қытайда 21%,
Португалияда 22% құрайды. Территориясы: Германия, Италия, Испания, Чехия,
Балт елдері. Өнімдері: ситец және бязь, 70% шикі және 30% дайын маталар.
АХБК ның өткізу арнасы қос деңгейлі: өндіруші, көтерме сауда, бөлшек
сауда, тұтынушы. Қос деңгейлі арнада екі делдал әрекет жасайды. Тұтыну
тауарлары нарықта олар көтерме және бөлшек саудамен шұғылданады, ол
өнеркәсіп тауары нарықта диллер ретінде қызмет етеді. Көтерме сауда өткізу
үдерісінде дәстүрлі делдалдар әдетте көтерме сауда әрекет жасайды.

1.2 Жаңа тауарды жоспарлау

Ассортиментті жоспарлау жұмысы қажетті анықтаудан немесе нарықты
зерттеу нәтижесінде өнім туралы негізгі ұғым қалыптасқаннан кейін
басталады. Жаңа өнім туралы ойдың пайда болған көзіне қарамай ойдағы
өнімнің қажетке сәйкестігін анықтау керек. Кейбір жағдайда жаңа немесе
жаңартылған өнімді бар ассортиментке қосу немесе ассортименттегі ескі
өнімге айырбастау ғана қажет болады. Ал өндіру үшін жаңа өнім жобасы
болмаған жағдайда, сол өнім туралы ойды жобалау – конструкторлық
бөлімшелерге жібереді, олар жаңа тауар үлгілерін дайындап, өндірудің
алдында оны тексеріп көреді. Жаңа тауар қолда бар тауарларға қарағанда жаңа
тқтыну қасиеттерімен ерекшеленіп нарыққа ұсынылған жаңа өнім. Жаңа тауардың
маңыздылығын мына факторлар бейнелейді: пайданы өсіруге көмектеседі,
қалыптасқан тауар және ассортимент топтарына қарағанда ерекше қасиеттері
бар, өндіріс қалдықтарын пайдалануға мүмкіндік жасауы мүмкін, фирманың
инновациялық қабілетін сақтауға және оны көтеруге ықпалы бар, маусымды
жұмыс жасайтын фирмалардың шығындарын азайтып, өткізу арналарын жыл бойы
тұрақтандырады, тұтынушылардың демографиялық өзгеріс сипаттамаларына
өндірісті сәйкестендіруге жағдай жасауы мүмкін.
Демек, шығарылған жаңа тауардың бәріне нарықта сұраныс бірдей болмайды.
Жаңа тауардың сәтсіз жолыда болуы мүмкін, егерде ұтымды ерекшеліктері
жеткіліксіз болса, дұрыс жоспарланбаған болса, немесе нарыққа шығу мерзімі
дәл анықталмаса. Жаңа тауарлардың сапасы мен сұранысын анықтау үшін
тестілеу жүргізіледі. Мысалы, бір жыл ішінде шет елінде бірнеше жаңа
тауарлар тестіленеді. Ал оның ішінде тестілеудің нәтижесінде шамамен қырық
пайызы сәтсіз тауарлар болып шығады.
Кейінгі кезде Ресейде нарыққа ұсынылған шетелдік жаңа тауарларға
тестілеу жүргізілетін болған. Тестілеудің қорытындысы тұтынушыларға
арналған журналдарында жариялануда. Ал бұл журналдар Қазақстанда да
таратылады. Біздің елімізде осылай тестілеу жүргізілуі тұтынушыларға тиімді
және қолайлы болар еді. Бұл халыққа көрсетілген қамқорлық болуымен қатар
кәсіпкерлерге де тиімді және өтімді тауарларды таңдап алуға көмектесер еді.
Негізінен АММК фирмасының өндірілген жаңа тауарын жылжыту, өткізу кезінде
тұтынушылар сатып алған уақытында көбінесе осы фирманың атынан жасанды
тауарларды сатып алады. Сол уақытта тұтынушылардың жасанды тауардың
сапасына қанағаттанбай, кейінен дұрыс түпнұсқасын сатып алуда. Ал жасанды
тауардың иелері шығынға ұшырап, зардап шегуде. АММК фирмасы көп жағдайларға
байланысты зерттеу жүргізіліп, жаңа тауардың қаншалықты танымал және
сапасын айыруға болатынын тексерді. Мәлімет бойынша 76% жуығы тұтынушылар
сапа мен түпнұсқасын айыра біледі, 19% адамдар айыра аламайды, ал 4% ғана
шатысып тауып алады. Сондықтанда тұтынушыларды өзіне қаратып алуы өте
қиынға түседі, сол себептен тиімді жарнама, бренд атын танымал болатындай
етіп қызықтыру, қызмет көрсету саласы, жаңа тауарларды сауда орындарына
уақытылы жеткізіп тұру қажет. Бірақ ол шығынды көп қажет етеді.
Жаңа тауарды шығармастан бұрын тұтынушылардың қандай тауарларды
тұтынатынын зерттеп біліп алу керек. Осыған орай АХБК кіспорыны Алматы
қаласы бойынша көтерме сауда адамдарынан және жәй тұтынушылар аралығынан
385 адамдардан сауалдама алып зерттеу жүргізілді. Негізінен 256
тұтынушылар, 126 көтерме саудагерлер. Жалпы тұжырымдама бойынша: 75%
сауалдама алған адамдардың АХБК өнімдерін сатып алмайды екен. Солардың
ішіндегі 18% адамдар осы АХБК өнімдерін жақсы танып білседе сатып алмайды,
ал 50% адамдар сатып алмайды. Ахбк брендіне танымалдылығы өте аз, ол 54%.
74% адамдар мүлде АХБК туралы да білмейтіндер. Тұжырымдамаға сәйкес АХБК
ның бренд танымалдығын жоғарлату қажет. Сауалдама алған сатып алушылардың
10% жуығы супермаркеттерден сатып алады екен, 43% жуығы әртүрлі жерлерден
сатып алады, көтерме сауда жерлерінен 23% ғана сатып алады. Тұжырымдамаға
сәйкес супермаркеттердің жұмыс беделін жоғарлату қажет, себебі кәсіпорнының
имиджін көтереді, жоғары сегментке шығуға көмектеседі, жасанды өнімдерден
қорғап тұрады. Демографиялық жағдайға байланысты 30-35 жас аралығындағы
адамдар, 700 доллар кем дегенде алатын айлық табысы, отбасында әйелі,
күйеуі, бір баласы және әйеліде жұмыс істейтін 54% адамдар. Ал 20-22%
сауалдама алған адамдардың табысы 350-400 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӨНІМ ТҮРЛЕРІН ЖОСПАРЛАУ
Лекция Маркетинг жүйесіндегі тауар
Халықаралық маркетинг істерін жоспарлау
Кәсіпорында өнімді жоспарлау мен өткізуді ұйымдастырудың маңыздылығы
Тауарды нарыққа шығару кезеңі
Маркетингтегі коммуникация
Мақсатты нарықтарды іріктеу
Тауар өткізудің ақырғы жоспары
Кәсіпорындағы маркетингтік қызмет
Қазақстан Республикасының маркетингті жетілдіру жолдары
Пәндер