Экономика ұғымы және түрлері


ЭКОНОМИКА ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Экономикалық теорияның құрылымында бұл тақырыптың алатын орны ерекше. Өйткені бұл тақырып біз зерттеп танысатын курыс үшін ерекше методологиялық кіріспе болып табылады. Мұнда экономикалық теория нені зерттеп талдайды, оның қоғам дамуында атқаратын рөлі қандай және т. б. маңызды мәселелер анықталады.
Бүгінгі адам, егер ол қоғамдық дамудың заңдарын зерттеп түсінбесе, экономикалық теорияны менгермесе ол адам өзін білім мен мәдениетке жеткіздім деп айта алмайды. Бұл тақырыпты жете түсынып білу арқылы студенттер бірнеше жаңа категориялармен танысады.
Қандай ғылым болмасын, ол адамдардың табиғатпен, қоғаммен, бұлардың өзара әсер етумен байланысты мәселелерді шешуге бейімделген мақсатты талаптарының нәтижесінде пайда болады. Бұны толығынан экономиканы зерттейтін ғылым кешеніне жатқызуға болады. Адамдар көне заманнан бастап адамзат қоғамның дамуы немен байланысты, экономика қандай заңдармен дамиды деген сұрақтарға жауап іздеген.
Адамдар өмірі құбылмалы, күрделі және қайшылығы мол өмір. Бұл өмір экономиканы, саясатты, мәдениетті және т. б. қамтиды. Қоғам өмірінің әр салаларын жекелеген ғылымдар зерттейді. Экономикалық ғылым осылардың біреуі болып табылады.
Тұңғыш экономикалық ой-пікірлер көне заманда пайда болған. Ертедегі Греция, Рим, Қытай, Индия ғалым-философтары экономиканың жекелеген мәселелерін: бағаның негізінде не жатады, байлық қалай көбейеді, т. б. шешуге талаптанған.
Ксенофонт (б. д. д. 430-354 жж. ), Платон (б. д. д. 427-347 жж. ), Аристотель (б. д. д. 384-322жж. ) пайдалылық туралы экономикалық теорияның бастапқы принциптерін анықтаумен айналысқан.
Көне Рим ойшылдары Сенека (4-65 б. д. д. жж. ), Лукреций Кар (39-55 б. д. д. жж. ) құлиеленушіліктің құлдырап күйреуінің экономикалық себептерін зерттеген. Осының басты себебі материалдық ынтаның болмауы, дейді олар. Сенеканың көзқарастары христианстваның экономикалық концепцияларының қалыптасуына ықпал еткен. Осы концепциялар соңынан адамзат дамуының тарихи процесінде шаруашылық өмірге көзқарасты мүлде өзгертеді. « Егер кімде-кім еңбек еткісі келмесе, ол тамақ жемесін » деп, христиандық ойшылдар және уағызшылар жабайы шаруашылық еңбекті қажетті және киелі іс деп жариялаған. Христиандық ілім әділетті баға белгілеу принципін дәлелдейді, еңбек шығындарымен есептесе отырып, мүліктер индивидуалдық емес, әлеуметтік бағалағаны жөн дейді.
Бірәқ ертен дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікірлер ғылым болып қалыптаспаған болатын. Сол замандардың ойшылдары экономикалық құбылыстарды жалпы қоғам өмірінің процестерінен бөліп алып жеке талдаған жоқ, экономика туралы ілімді жүйеге келтіріп қалыптастыра алмаған.
Экономикалық теория қолданбалы ғылым болып шаруашылық жүргізуде құлиемдену құрылста пайда болды. Экономикалық теория ғылым болып тек XVI-XVII ғасырларда ғана қалыптасады. Алғаш бұл теория « саяси экономия » деген атқан ие болды (грекше: «политейя» - қоғам, «ойкос» - үй, шаруашылық, «номос» - заң) . Сонымен, саяси экономия - қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып табылады. XVII ғ. басында саяси экономия дербес ғылымға айналды.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұрғыда тұжырымдалып, қалыптасуды сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауымен байланысты. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI-XVII ғғ. Қамтыса, Ресейде тауар-ақша қатынастары 1861 ж. реформадан кейін дами бастады. Қазақ елінде XIX ғ. соңы ХХ ғ. басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық нарық, еңбек бөлінісін қамту процесі бірте-бірте жанданған болатын. Еліміздің солтүстік, батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысы басым қатынаста болса, оңтүстік, шығыс, орталық аудандарға Орта Азия, Қытай, т. б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады.
Алғаш рет өз алдына қалыптасқан экономикалық ой-пікірдің белгілі бір бағыты - меркантилизм (итальянша: «мерканте» -көпес, саудгер), немесе маркенталистер мектебі деп аталады. Бұл бағыт өкілдерінің айтуынша, қоғамдық байлық (аша, алтын) тек саудада ғана болады. Олар ғылымның бас пәні деп ақша, тауар айналымын түсінген. Бұл сияқты ой-пікірді кездейсоқ деп айтуға болмайды, капиталистік қимыл-әрекеттің алғашқы кезендерінде халықаралық сауда арқылы тауарлар бір елден төмен бағамен сатып алынып, екінші елде қымбатқа сатылған. Сондықтан меркантилистер мемлекет сауданы жандандырып кеңейтуді, оның алтын қорын көбейтуді талап етуге тиісті делінген болатын. Осы мектептен белгілі өкіл Томас Манн (1571-1641 жж. ) және басқа меркантилистер мемлекеттің қоғамның шаруашылық өміріне белсенді араласып, саудада протекционистік саясатты кең қолдануын тілеген. Бұларды сынаушылар дұрыс байқаған: таза байлық айырбаста пайда болмайды, бұнда тек ақша тауарға, тауар ақшаға айырбасталады. Айырбастағы тепе-тендік бұзылса, байлық біреудің пайдасынан екіншінің пайдасына ғана көші отырады. Айырбасқа түскен тауарлардың бағалары тең болғанда ешкім кете алмайды.
Экономикалық ғылымның дамуындағы келесі кезеңді физио-карттар («физио-картия» гірек тілінен аударғанда табиғаттың билігі) ілімі қамтиды. Бұл бағыттың негізін қалаушы Франсуа Кенэ (1694-1774 жж. ) . Физиократтар қоғамдық байлықтың көзі өндірісте екенін дәлелдейді. Ал өндірісте, тұжырымы бойынша, бір ғана сала болады: ол-ауылшаруашылығы. Физиократтар ауыл шаруашылығында байлықтың өсуін тек жердің табиғи құнарлығымен байланыстырып, оны табиғаттың тегін сыйлығы деп түсінген. Олар өнеркәсіпті табыстарды өсіруге ат салысатын өндіріс саласы деп есептемейді. Ал ақиқатқа келсек, капитал мен еңбек жұмсалмаса табиғаттың жеке өзі байлықты үздіксіз көбейте алмайды.
Өндірісті зерттеуге бет бұру ғылыми саяси экономияның жарыққа келуіне жол ашты. Күн тәртібіне келген мәселерге дәлелді жауап берген классикалық саяси экономия. Бұның көрнекті өкілдері Уильям Петти (1623-1687 жж. ), Адам Смит (1723-1790 жж. ), Давид Рикардо (1772-1823 жж. ) ұлттық байлық материалдық өндірістің барлық саласында жасалынатынын дәлелдеді. Бұл байлықтың әмбебап формасы-тауардың құны деп тұжырымдады олар. А. Смит еңбек құн теориясының негізін қалады, еңбек өнімділігінің рөліне көп назар аударып, табыстар туралы ілімдіжарыққа әкелуші болды.
Байлық өсу үшін алғашқы жұмсалған қаражат қосымша шамаға (қосымша құнға, немесе, пайдаға) көбейуі керек. Осы өте маңызды ғылыми жаңалықтың ашылуы, экономикалық теорияны нақты ғылым ретінде қалыптастырды. Утопиялық социолизм ілімі осы мезгілде қалыптасқан болатын. Бұл ілімнің негізгі идеялары Томас Мордың « Утопия », Кампанелланың « Күн қаласы » деген еңбектерінде жариялаған. Кецін бұл ілімге үлес қосқандар Ш. Фурье, К. Сен-Симон, Р. Оуэн.
Классикалық саяси экономия мен утопиялық социализмнің негізінде марксистік бағыт қалыптасқан еді.
Біздің елдің экономикалық ғылымы осы күнге дейін марксистік теория негізінде дамып келді. Экономикалық ой-пікірлердің тарихын зерттейтін еңбектердің қандайын алсақта, оларда марксистік ілімге елеулі назар аударылады. Демек, П. Самуэльсон мен В. Нордхаус К. Маркістің «Капиталын», А. Смиттің «Халықтар байлығын» және Д. М. Кейстің «Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясымен» қатар қойып, осы еңбектердің барлығын бүкіл әлемдік экономикалық теорияның дамуының маңызды кезеңдері деп ұғынады. Марксистік саяси экономия еңбек құн теориясын ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді қалыптастырды.
Қазіргі замандағы экономикалық ой-пікірдің маңызды бағытын неоклассикалық ілім жатады. Осы бағыттың өкілдері субьективтік құн теориясын тұжырымдаған. Бұлар экономикалық шаруашылықты неғұрлым аз шығын жұмсап мүмкінінше мол пайдалылыққа ие болғысы келетін микроэкономикалық агенттердің жиынтығы деп түсінеді.
Осы талдау сұраныс пен ұсынысты және қажеттік пен тұтынуды зерттеуге негізделген.
ХІХ ғ. экономикалық ғылым бағаның құрылу заңдылықтары мен ресурстарды үнемді пайдалану, өндірісі факторларын оптималды қолдану арқасында шекті нәтижеге жету мәселелерін жанжақты зерттеуді жандандыра түсті (бұл бағыттың белгілі өкілдері А. Маршалл, К. Кобб, П. Дуглас) .
Осымен қатар жалпы динамикалық тепе-теңдік теориясыда дами түсті. Осы теория арқылы тауарлар мен қызметтерге сұраныстың, оның өндірісі факторлары (Еңбек, жер, кпитал) сұранысына әсерін болжап анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі замандағы эконмикалық теория бірнеше ірі бағыттарды (неоклассикалық, кейнстік, монетарлық, институционал-социологиялық) қамтиды.
Бұл бағыттар экономикадағы динамикалық процестерге (циклдерге, инфляцияға, жұмыспен қамтуға, экономикалық құрылымдардың өзгерістеріне, ақша арқылы жүретін өлшемдерге) талдау, зерттеу жүргізеді.
Экономиканың екі түрі бар. Біріншісі- позитивтік ( оң ) экономика. Ол экономиканыңталас мәселелері аз деуге болады. Мысалы, экономистердің көбі мынаған келіседі-егер үкімет кейбір тауарларға салық салатын болса, оның бағасы өседі; ақша қоры жылдам және тұрақты өсетін болса, ол тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуіне әкеледі.
Екіншісі - нормативті экономика. Ол субъективтік жеке (дербес) баға беру жұмысымен байланысты.
Экономиканың біріншісі - бар немесе болуы мүмкін принципімен байланысты болса, екіншісі - болуы керек деген бағалаумен байланысты.
Әміршіл экономика. Экономикалық жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұндағы материалдық ресурстар -мемлекеттік ресурстарды құрайды, ал экономикалық қызмет бағыттау мен үйлестіру -орталық жоспарлау арқылы жүзеге асырылады. Әміршіл экономикада өндіру мен тұтыну, «не», «қалай» және «кім үшін» өндіру жайлы барлық шешімдерді, мемлекет қабылдайды.
Ашық нарықтық экономика . Осы экономикалық жүйеде елдің тауарлар мен қызметтер экспорты мен импорты жүзеге асырылады. Сондай-ақ, басқа елдермен де қаржы мәселесі арқылы байланысады. Нарықтық экономика - нарықпен қатар, тауарлар мен қызметтерді өндіру, тұтыну, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласын біріктіретін экономика. Онда ресурстарды пайдалану туралы шешімді нарық қабылдайды. Осындай экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік - сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті болып табылады.
Ашық, еркін нарықтық экономикада баға тек қана «не» және «қалай» өндіріледі деген мәселелерді анықтамай оған қоса «кім үшін» деген шешімді де ашады.
Аралас экономика. Аралас экономика жүйесінде мемлекет те, жекеменшік сектор да тұтас қоғам алдында қойылған «не», «қалай» және «кім үшін» сұрақтарын шешуде маңызды рөл атқарады. Барлық елдердің экономикалық жүйелері аралас болып саналады, бірақ бір елде экономика әміршіл жағына, ал кейбір елдерде -нарықтық жағына сүйенеді. Қандай экономиканы алмасақ та, мемлекет макроэкономикалық мәселелерді шешуге тиіс.
Барлық экономикалық құбылыстар мен процестер экономикалық заңдардың әсері арқылы дамып отырады. Экономикалық заң дегеніміз не? Ол қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланыстары. Олар өндіріс, бөлу, айрырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдары.
Қоғамның даму заңдарының -экономикалық заңдар мен табиғат заңдарының, ортақ белгілері және сонымен қатар айырмашылықтары болады.
Бұларға ортақ белгілер, ол экономикалық заңдар, табиғат заңдар сияқты, объективтік заңдар, яғни олар адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді. Ал айырмашылықтарын келейік.
Экономикалық заңдар адамдардың іс-әрекет, қызметін билейтін заңдар. Олар адамдардың еңбек-қызметтерінің процесінде тауып, осы процесс арықылы жүзеге асырылады. Ал табиғат заңдары (мысалы, әлемдік тартылыс заңы) адамдар қоғамынан тыс жағдайда да әрекет етеді.
Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшелігі), олар мәңгілік, ұзақ мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдық объективтік экономикалық хал-ахуалдық процестердің озгерісімен тікелей байланысты болады.
Экономикалық заңдарды ашып қолдану адамдардан белгілі күш салып тырысуды тілейді, өйткені қоғамдық реакцияшыл, керітартпа күштер осы заңдарды қолданып пайдалануға жол бермеуге бар күшін жұмсайды. Экономикалық заңдар объективтік сипатта болады дедік. Осыған байланысты сұрақ туады -адамдар осы заңдарды талдап, танып, экономикалық өмірде пайдалана алама? Сөзсіз, адамдар экономикалық құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып, олардың даму заңдарын ашып, әрекет ету механизімін түсініп біледі. Қоғам саналы түрде осы заңдардың талабын жүзеге асырады. Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономикалық категорияларды зерттейді.
Экономикалық категориялар - қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т. б. экономикалық заңдардың жиынтығы, қоғамның даму заңдылықтарын белгілейтін, экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Бұл жүйені құратын заңдарды негізгі, басты, басты емес деп бөлуді дұрыс деуге қыиын. Қоғам өмірін талдауда, барлық заңдар маңызды, өзара байланысты болады. Тек бір ғана заңды пайдалануда болған қателіктер барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдағы тепе-тендікті жояды. Экономикалық ғылым жалпы жүйедегі экономикалық заңдарды ерекше және жалпы экономикалық заңдар деп, ірі топтарға бөледі.
Ерекше экономикалық заңдар -бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары.
Жалпы экономикалық заңдар -бұл барлық тарихи дәуірлерге тән заңдар, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп байланыстырады. Бұған қоғамдық еңбек бөлінісі заңы, т. б. заңдар жатады.
Экономикалық заңдар өздері, өз алдына әрекет ете алмайды, экономикалық прогресс өзімен-өзі, өз алдына жүріп отырмайды. Бұл үшін адамдардың, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекет қажет.
Қажеттіктер -қанағаттандыруды тілейтін, өиір сүруді және организімді дамытуды қамтамасыз ететін, адамның жеке басын дамыту үшін қолданылатын объективтік керектік болып табылады.
Адамның қажеттілігі көп түрлі болады. Американдық ғалым А. Маслоу бойынша, «төменгі сатыдағы» материалдық қажеттіліктерден бастап, «жоғарғы сатыдағы» рухани қажеттіктер былай орналасқан:
- физиологиялық қажеттіктер (тамаққа, ішімдікке, т. б. ) ;
- қауіпсіздік қажеттіктері (аурудан, жанжалдан, қорқыныштан, т. б. ) ;
- әлеуметтік байланыстарға деген қажеттіктер (сүйіспеншілікке, кейбір топтардың мүшесі болуға, т. б. ) ;
- өзін-өзі сыйлап қадірлеуге (мақсатқа жетуге, өзін танытуға, т. б. ) ;
- өзін-өзі мадақтауға (қабілеттерін жүзеге асыру жағдайында, түсінуде, т. б. ) ;
Қажеттіктердің бұл классификациясын олардың басқаша классификациясымен толықтыруға болады: материалдық пен рухани қажеттіктер рационалдық пен иррационалдық, абсолюттік пен ақиқат, нақты, жете түсінілген мен жете түсінілмеген, қте түсінілген, т. б. қажеттіктер.
Саналы түрде жете түсінілген қажеттіктер еңбекке деген ынта-жігер тудырады. Бұл жағыдайда қажеттіктер өзінің нақты формасына, мүдделер формасына ие болады.
Экономикалық мүдделер -бұл экономикалық қажеттіктердің біліну-көрініс формасы. Экономикалық мүдделерді әр тұрғыдан классификациялауғу болады: қоғамдық, ұжымдық, жеке мүдделік, ұлттық, интернационалдық, регионалдық және ведомстволдық, топтық және отбасылық, таптық: әр түрлі әлеуметтік топтардың (жұмыс істейтіндердің, жастардың, зейнеткерлердің т. б. ) мүдделері. Мүдделердің ерекше топтары -күнделікті және преспективті, рационалдық және рационалдық емес, шын немесе қате түсінілген, қаржылық, еңбектік, адамгершілік-өнегелік, т. б. мүдделер.
Экономикалық динамикны және статиканы зерттеу мен талдаудың екі амалы қалыптасқан: зерттеуді ұдайы өндірістік бағытта жүргізу және байланыстар мен тәуелділіктерді экономикалық өсу бағытына зерттеу. Кеше ғана ұдайы өндірістік бағыт экономикалық өсудің марксистік теориясы деп, ал экономикалық өсу бағыты-ұдайы өндірістің балама, буржуазиялық теориясы деп тұжырымдалатын. Зерттеудің осы екі бағыттарының екеуінде ортақ қасиеттері және олардың айырмашылықтарын сипаттайтын қасиеттері болды. Оларды зерттеуде өндіріс құрал-жабдықтары, жұмыс күші, жұмыс және бос уақыт, жалпы қоғамдық өнім, ұлтық табыс және басқадай ортақ категориялар мен көрсеткіштер қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz