Ет қоректілердің оба ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар


Аннотация
«Ветеринария ісін ұйымдастыру» пәнінен «Ет қоректілердің оба ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар» тақырыбы бойынша жазылған курстық жұмыс 30 беттен тұрады.
Курстық жұмысында кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылды.
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Қысқартулар мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе . . . 8
1 Негізгі бөлім . . . 10
1. 1Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою . . . 10
1. 2 Ет қоректілердің обасы . . . 14
1. 3 Ет қоректілердің обасы ауруына бейімділік . . . 14
1. 4 Ет қоректілердің обасы ауруының шығуы мен жұғуы . . . 15
1. 5 Ет қоректілердің обасы ауруының клиникалық белгілері . . . 15
1. 6 Ет қоректілердің обасы ауруындағы п ат-анатомиялық өзгерістері . . . 17
1. 7 Ет қоректілердің обасы ауруын анықтау . . . 18
1. 8 Ет қоректілердің обасы ауруынан арылу және одан сақтану шаралары . . . 19
1. 9 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік . . . 20
1. 10 Жұқпалы ауруларды сауықтыру шаралары . . . 21
2 Өзіндік зерттеу . . . 25
3 Техникалық қауіпсіздік . . . 27
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
Анықтамалар
Ет қоректілердің обасы (Реstis carnivorum, чума плотоядных) - қызба, тыныс және ас қорыту жолдарының, көздің кілегейлі қабығының қабынуымен, терінің бөртуімен және орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталатын аса жұғымтал ауру.
Ет қоректілердің жұқпалы гепатиті (Нерatitis infectiosa carnivorum, инфекционный гепатит плотоядных) - қызбамен, тыныс және ас қорыту жолдырының қатарлы қабынуымен, бауыр мен орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталатын, жіті өтетін жұғымтал ауру.
Дезинфекция - микроорганизмдерге қарсы шара
Дератизация - кеміргіштерге қарсы шара
Инактивация - вирустардың жұқпалылығын әлсірету
Иммунитет - организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті
Ф. 7. 04-03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2016ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2016 ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2016ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
( күні, студенттің қолы)
Ф. 7. 04 - 06
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
« » жоғары мектебі
«» кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
(қолы, аты - жөні)
2016ж.
Курстық жұмысты қорғау
Хаттамасы №
пәні
студенттобы
Курстық жұмыс тақырыбы
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.
2.
3.
Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.
Сомалық баллы
Жұмыстың бағасы
Курстық жұмыс жетекшісі
Комиссия мүшелері
Комиссия мүшелері
Қорғау күні2016ж.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар «Ветеринария туралы заңның» талқыланып, 1995 жылы қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
- мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
- ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
- ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
- ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
- осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін «Ветеринария туралы заңды» қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.
- жаңа «Ветеринария туралы заңның» мақсаты - ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін, халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
- мемлекеттік қадағалау қызметін жақсарту үшін бір жағынан ветеринарияның барлық саласын лицензиялайтын институттың құрылуы; ал екінші жағынан мемлекеттік қадағалау пункттерінде тексерілетін жүктерді дайындау, өңдеу, сақтау жұмысымен айналысатын бүкіл мемлекет территориясындағы барлық субъектілерді қамтиды және мемлекеттік ветбөлімнен ауыл аймағына дейін инсректорлық вертикаль құрылады.
- заңның халықаралық ветеринарлық талаптарға жауап беруі, Қазақстанның Бүкіл әлемдік сауда ұйымы құрамына кіруіне себеп болады.
Табиғи жағдайда обаға көбіне иттің, қасқырдың, норканың, күзеннің, ақ тышқанның және өзен камасының күшігі шалдығады. Ит обасының қоздырғышын күзен күшігіне жұқтырып өсіру вирустың итті зақымдау қасиетін төмендетеді. Обаның вирусын ұзақ уақыт бойы және бірнеше қайтара үй қояны мен теңіз шошқасының денесіне енгізсе, вирустың бұл жануарларға деген уыты күшейеді де, итке деген уыты әлсірейді. Ит обасының қоздырғышының әсеріне жас мысық сезімтал келеді.
Ет қоректілердің обасымен жыртқыштар туыстастығының көптеген өкілдері: ит, қасқыр, қорқау қасқыр, түлкі, жанат, қарсақ, күзен, сасық күзен, сусар, ақ тышқан, камшат, борсық ауырады. Бұлғын басқа аңдарға қарағанда төзімді келеді.
Обамен жыртқыш аңдар мен иттер жасына, тұқымына қарамай ауырады. Әйтседе жас кезінде сезімталдығы жоғары болады. Әсіресе иттің күшігі 12 айға дейін, терісі бағалы аңдар 5 айға толғанша жиі ауырады. Ересек иттер мен аңдар 3-4 есе сирек шалдығады.
Ауру қоздырушысының бастауы - ауырған және ауырып жазылған жануарлар. Соңғылары 3-6 ай бойы вирус алып жүреді. Қоздырушы көзден, мұрыннан аққан сорамен, тыныс шығарғанда ауамен, нәжіспен, несеппен бөлінеді. Респираторлык және алиментарлық жолмен жұғады. Ауамен ауырған жануардан 12 м дейін кашыктыққа беріледі. Ластанған құрал-сайман, жұмыс киімі, жануарлар азығы жұғу факторлары қызметін атқарады. Сонымен қатар жәндіктер, құстар, кемірушілер де ауру таратуға қатысады, олар механикалық тасымалдаушы болып қана қоймай, жасырын вирус алып жүруі де мүмін.
Жабайы аңдар оба вирусының табиғаттағы қорламасы болады. Аң фермалары мен ит питомниктерінде ауру сырттан енгізілген жануарлармен, иесіз иттермен, зарарланған заттар арқылы әкелінеді. Оба жылдың қай мезгілінде болсын байқалып, індет немесе спорадия түрінде өтеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - ет қоректілердің оба ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын зерттеу [1, 2] .
1 Негізгі бөлім
1. 1Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою
Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері
Жеке және заңды тұлғалар:
- Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдармен белгіленген жануарлар ауруларының алдын алуды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға;
- Зоопарктердегі, цирктердегі, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсірілуін және пайдалануын жүзеге асыруға;
- Аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөпті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және өндеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұстаған, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
- Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауға, өндіруге, пайдалануға, дайындауға, сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық талаптарды сақтауға;
- Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық паспорттарды рәсімдеуді қамтамасыз етуді;
- Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
- Ветеринариялық мамандарға олардың талап етуі бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егуді жүзеге асыру үшін жануарларды беруге;
- Бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
- Ветеринариялық инспекторларға мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ветеринариялық тексеру үшін кедергісіз беруге;
- Ветеринариялық инспекторлардың жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді залалсыздандыру, өңдеу жөніндегі талаптарын орындауға;
- Союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей жануарларды өткізу үшін союға және сойғаннан кейінгі ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге;
- Ветеринариялық мамандарға өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына жәрдем көрсетуге;
- Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға жасалған ғылыми-техникалық құжаттаманы ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге міндетті.
Ветеринариялық іс-шаралар
1. Ветеринариялық іс-шаралар:
- ануарлар мен ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ұсталынуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткізілетін іс-шаралар;
- Шектеу іс-шараларын немесе карантинді қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларын жою және олардың таралуын алдын алу мақсатымен індет ошағында және қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар болып бөлінеді.
- Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді, жеке және заңды тұлғалардың оны орындауы міндетті болып табылады.
Шектеу іс-шаралары және карантин
- Шектеу іс-шаралары немесе карантин жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының нұсқауы бойынша, жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленеді.
- Жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленетін жұқпалы ауруының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
- Ветеринариялық іс-шаралары кешені өткізілген жағдайда, шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімді тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
- Тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органның шешімімен карантин тақтартылғаннан кейін Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында көзделген жағдайларда шектеу іс-шаралары белгіленуі мүмкін.
Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры
- Індет ошақтарын жою және жануарлардың Қазақстан Республикасының үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген аса қауіпті ауруларының таралу қауіпінің алдын алу кезінде пайдаланылатын, үнемі жаңартылып отыратын ветеринариялық препараттардың республикалық қоры болып табылады.
- Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры бюджеттік бағдарламалар шеңберінде сатып алынған ветеринариялық препараттар көлемінен жасалады. Ветеринариялық препараттардың түрлері бойынша қордың нормативін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
- Ветеринарялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру мен пайдалану тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Ветеринариялық нормативтер
- Ветеринариялық нормативтер (ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық немесе зоогигиеналық нормалар) ветеинариялық немесе ветеринариялық-санитариялық факторды жануарлардың және адамның денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігі тұрғысынан сипаттайтын көрсеткіштердің жол беруге болатын сандық немесе сапалық мәнін белгілейді.
- Ветеринариялық нормативтер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жүргізілетін зерттеулер негізінде белгіленеді.
- Ветеринариялық нормативтер індеттердің объективті және негізделген монитарингін жүргізу, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайда қол жеткізуге арналған ветеринариялық іс-шаралардың көлемі мен сипатын жоспарлау, сондай-ақ жануарлар ауруларының пайда болу, таралу және оларды жою мүмкіндіктерін болжау үшін негіз болып табылады.
- Ветеринариялық нормативтерді ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді және олар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді алып қою, жою, залалсыздандыру(зарарсыздандыру) және өңдеу
- Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, олардың қауіптілік дәрежесіне қарай, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тәртіппен міндетті түрде алып қоюға және жойылуға, не алып қойылмай міндетті түрде залалсыздандырылуға және өңдеуге тиісі.
- Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
- Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай-ақ, міндетті түрде залалсыздандырлуға және өңдеу жүргізілетін жануарлар ауруларының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
- Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою салдарынан өздеріне келтірілген залалды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен өтеттіруге құқығы бар.
Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды, сақтауды, өңдеуді, тасымалдау мен өткізуді жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау тәртібін Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органымен келісе отырып, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Ауылшаруашылық жануарларын, базарларды, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарды бірдейлендіру
- Ауылшаруашылық жануарлары ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының класификациясы мен диагностикас жөніндегі ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау мақсатымен әрбір жануарға қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретіндей міндетті бірдейлендіруге тиіс.
- Базарлар, жануарларды өндіру, дайындау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдар мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің Қазақстан Респулликасының ветеринаария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен бірдейлендіруге тиіс.
- Базарларды және жануарларды өндіру, дайындау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарды бірдейлендіру тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер және ветеринария мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметі
Ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер
- Жануарларды пайдалану рәсімдерін, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер жүргізілетін үй-жайлар мен аумақтарды қоса алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сай болуы керек.
- Ғылыми-зерттеулер нәтижесінде әзірленген немесе жетілдірілген ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатымен олар байқаудан өткізілуі тиіс.
- Микроорганизмдердің Қазақстан Республикасында бар, сондай-ақ ғылыми-зерттеулер нәтижесінде, жануарлар ауруларының диагностикасы кезінде алынған штаммдарды ветеринарияда пайдаланатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясында сақталуы тиіс [9] .
1. 2 Ет қоректілердің обасы
Ет қоректілердің обасы (Реstis carnivorum, чума плотоядных) - қызба, тыныс және ас корыту жолдарының, көздің кілегейлі қабығының қабынуымен, терінің бөртуімен және орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталатын аса жұғымтал ауру.
Тарихи деректер. Оба адамзатқа итті қолға үйреткеннен бері белгілі. Аристотельдің еңбектерінде ол ангина ретінде сипатталған. Иттің обасының қоздырушысының вирус екендігін 1905 ж. Карре дәлелдеді.
Қоздырғышы - арнаулы сүзгіден өтетін вирус. Ол Зейтцтің ЕК сүзгілерінен, Беркефельдтің V және О, сондай-ақ Шамберленнің L 2 және L 3 және шырақтарынан өтеді, бірақ коллоид пластинкаларынан өтпейді. Вирустың үлкендігі 70-105 µ формасы шар тәрізді, кейде оның жіп тәрізді түрі де кездеседі. Ол тканьдер культурасында, ит, күзен бүйрегінің клеткаларында, клеткалардың торлану сызатында (Неіа клеткаларында) жақсы өседі. Вирус клеткаға түскен соң оны 10-12 күн өткеннен кейін зақымдайды.
Адамның кызылшасының және сиырдың обасының вирустарымен антигендік байланыстары бар.
Вирустың сыртқы ортадағы төзімділігі оншама емес. Танаудан аққан сорада және нәжісте 7-11 күнде белсенділігін жояды. Соған қарамастан кептірілген немесе мұздатылған вирус бірнеше ай, ал лиофилденген күйінде кемінде бір жыл сакталады. 60°С-та 30 минутта, 100°С-та бірден жойылады, Дезинфектанттар және физикалық факторлар тез өлтіреді. 1% лизол, ултракүлгін сәуле 30 мин, 2% күйдіргіш натрий - 60 мин, күн сәулесі мен 0, 1-0, 5 % формалин немесе фенол ертінділері бірер сағатта өлтіреді [1, 2, 3] .
1. 3 Ет қоректілердің обасы ау руына бейімділік
Табиғи жағдайда обаға көбіне иттің, қасқырдың, норканың, күзеннің, ақ тышқанның және өзен камасының күшігі шалдығады. Ит обасының қоздырғышын күзен күшігіне жұқтырып өсіру вирустың итті зақымдау қасиетін төмендетеді. Обаның вирусын ұзақ уақыт бойы және бірнеше қайтара үй қояны мен теңіз шошқасының денесіне енгізсе, вирустың бұл жануарларға деген уыты күшейеді де, итке деген уыты әлсірейді. Ит обасының қоздырғышының әсеріне жас мысық сезімтал келеді.
Ет қоректілердің обасымен жыртқыштар туыстастығының көптеген өкілдері: ит, қасқыр, қорқау қасқыр, түлкі, жанат, қарсақ, күзен, сасық күзен, сусар, ақ тышқан, камшат, борсық ауырады. Бұлғын басқа аңдарға қарағанда төзімді келеді.
Обамен жыртқыш аңдар мен иттер жасына, тұқымына қарамай ауырады. Әйтседе жас кезінде сезімталдығы жоғары болады. Әсіресе иттің күшігі 12 айға дейін, терісі бағалы аңдар 5 айға толғанша жиі ауырады. Ересек иттер мен аңдар 3-4 есе сирек шалдығады.
Ауру қоздырушысының бастауы - ауырған және ауырып жазылған жануарлар. Соңғылары 3-6 ай бойы вирус алып жүреді. Қоздырушы көзден, мұрыннан аққан сорамен, тыныс шығарғанда ауамен, нәжіспен, несеппен бөлінеді. Респираторлык және алиментарлық жолмен жұғады. Ауамен ауырған жануардан 12 м дейін қашыктыққа беріледі. Ластанған құрал-сайман, жұмыс киімі, жануарлар азығы жұғу факторлары қызметін атқарады. Сонымен қатар жәндіктер, құстар, кемірушілер де ауру таратуға қатысады, олар механикалық тасымалдаушы болып қана қоймай, жасырын вирус алып жүруі де мүмін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz