Етті-майлы құйрықты қойлар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
Кіріспе: 1Негізгі бөлім
:
Кіріспе: 1. 1Әдебиетке шолу
:
Кіріспе: 1. 1. 2Етті-майлы құйрықты қойлардың биологиялық ерекшеліктері
:
Кіріспе: 1. 1. 3Етті-майлы құйрықты қойлардың тұлғалық жəне өнімділік көрсеткіштері
:
Кіріспе: 1. 2Технологиялық бөлім
:
Кіріспе: 1. 2. 1 Етті -майлы өнімді қой тұқымдарының өнімділігін жетілдіру әдістері
:
Кіріспе: 2Тіршілік қауісіздігі
:
Кіріспе: Қорытынды
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдібиеттер
:
Кіріспе:
:
Кіріспе:
:

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

МЕСТ мемлекеттік стандарт

% пайыз

кг килограмм

гр грамм

мл миллилитр

см сантиметр

мм миллиметр

мин минут

л литр

о С градус Цельси

о t температура

млрд миллиард

n тәжірибеге алынған мал саны

min минимум

max максимум

Кіріспе

Президент - ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың « . . . мемлекеттің, бизнестің және ғылымның өзара әрекетінің инновациялық әлеуетін арттыру қажет », - деп көрсеткен «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының негізгі бағыты» және «Қазақстан - 2050 стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауларында агроөнеркәсіп кешені алдына - «Экологиялық таза өндіріс саласында ғаламдық ойыншы болуға» және жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғыртуымызға міндетті қойылды.

Қазақстанда қой шаруашылығы басқа мал шаруашылықтарының ішінде ерекше орын алады. Оған басты себептердің бірі, бұл республикада табиғи жайылымдардың кеңдігі және басқа да азық-түлік қорының молдығы болып есептеледі. Айталық, 223 млн. гектар ауыл-шаруашылығына бөлінген 180 млн. гектары таулы, шөлейтті, табиғи мал жайылатын жайылым болып келеді. Онымен қоса қой шаруашылығынан халықтың мұқтажына керекті ең құнды заттар алады, олар: жүн, тері, ет, сүт, елтірі, май, сүйек тағы басқалар. Бұлардың ішіндегі халыққа ең керектісі, бағалысы жүн өнімі. Себебі жүннен неше түрлі құнды да бағалы киімдер тігіледі, басқа да адам өміріне керекті әр түрлі заттар бұйымдар жасайды. Қаракөл қозыларының терісі тек біздің елде емес басқа шет мемлекеттердің өзінде үлкен құндылықпен бағаланады. Соңғы кезде қой терісінен жасалатын неше түрлі сәнді тондарға баға жоқ.

Қой шаруашылығының халыққа беретін өнімдердің ішінде қой еті де жеке орын алады. Орта Азия республикаларында Қазақстанда қой етінің өнімінің сыбағалы салмағы 29-31 % -ке жетеді. Түркімен республикасында 50 %-ке дейін барады.

Қазақстан жалпы қой басынан, жүн және ет өндіру көрсеткішінен бұрынғы Кеңес Одағында екінші орын алады. Бірінші орында-Ресей. Ерте кезде Қазақстанда негізінен қылшық жүнді етті-майлы қой тұқымдары өссе, кейін айталық біздің республикада жаңадан биязы, биязылау жүнді, етті биязылау жүнді қой тұқымдары пайда болды.

Қазіргі таңда Қазақстандағы жалпы қой басының ішіндегі асылтұқымды мал басының үлес салмағы 13, 8% құрайды. Тауарлы отарлардағы қойлардың (биязы жүнді, жартылай биязы, жартылай қылшық жүнді, қаракөл және басқалар) өнімділігі және тұқымдығы бойынша сандық құрамын түзуде нақты мәліметтерді алу үшін облыс, аудан және ауыл аумақтары көлемінде электронды есеп жүргізу қажет.

Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарында шалғайдағы мал шаруашылық жүргізу үшін жылжымалы қой шарауашылығы кешендерінің үлгісі жасалынды.

Қолайлы жайылым-азықтық жағдайларда және су режимінде мал шаруашылығы кешені ұсынылған технологиялармен, құрылымдық табындармен, қызметшілер, техникалық құралдар және барлық қажетті инфрақұрылымға сай қой шаруашылығы кешенінің үлгісі тұрақты бола алады.

Қой шаруашылығының мамандандырылған бағытының бірі - қаракөл шаруашылығы өте қиын жағдайда және бір кездері атағы шыққан жеңіл өнеркәсіп ілбірі - қаракөл елтірісі бүгінде дағдарысты кезеңін өткізуде. Мамандырылған қаракөл шаруашылықтары негізінен қой шаруашылығы өндірісінің барлық бағытындағыдай қой және қозы етін өндіруде.

Бүгінде құрғақ тұздалған, орта сапалы қаракөлдің бағасы 50 АҚШ доллары шамасында, ал қозылар енелерінен айырған кезде жобамен осындай бағада етке өткізіледі. Ұзын-майлы-құйрықты қой тұқымына жататын қаракөл қозылары араб елдері нарығында үлкен сұранысқа ие.

Әлемдегі қаракөл өндіру үрдісі сыртқы және ішкі нарықта жоғары сапалы қаракөлге деген сұраныстың ұлғаюын көрсетеді және оның бағасы жыл сайын артып келеді.

Қаракөл шаруашылығын тұрақты дамыту үшін, жаңадан шығарылып апробациядан өткен әр түсті және реңді қаракөл қойларының 15 жоғары өнімді зауыттық сүлелері мен 3 тұқымішілік типтері айтарлықтай биоресурс болып табылады. Бұл Қазақстанға отандық қаракөлдің бұрыңғы даңқын жаңдандыруға барлық мүмкіндігі бар екеніне - «Қазақстан қаракөлі» ұлттық брендті ұсыну арқылы өзінің мәртебелі орнын алуға негіз бола алады.

Алға қойған мақсатты іске асыру үшін Қазақстанның қаракөл шаруашылығын дамытудың стратегиялық мәселелерімен айналысатын ҚР АШМ жүйесінде «Қазақ қаракөл» корпорациясын ұйымдастыру орынды.

1Негізгі бөлім

1. 1Әдебиетке шолу

Құйрықты етті-майлы бағыттағы қой шаруашылығында алғаш рет тәжірибе жүзінде эмбрионды трансплантациялау жұмысы жасалды. Осының нәтижесінде еділбай тұқым донорынан өнімділігі жоғары, әрбір саулықтан 2-5 дейін ұрпақ, ал жалпы жыл бойына барлығы - 114 трансплантант-қошқарлары алынды.

Жалпы қой ұрықтандыру науқаны 40 күнге созылады, содан кейін отарға қошқар қосып жібереді, ұрықтанбай қалған қой болса, соларды табиғи жолмен ұрықтандырып қойдың қысыр қалмауын қамтамасыз етеді [3] .

Қой басқа үй малдарына қарағанда қолға ерте үйретілген. Шығу тегі, ғалымдардың көп жылдардағы зерттеулерінің нәтижесінде, қазіргі уақытта әлі де кездесетін муфлон, арқар, аргали және жалы бар қойлардан басталады деген тұжырымға тоқтаған. Әсіресе, муфлонның жетекші орны болған болуы керек, себебі қазіргі қойлардың барлығының да хромосомаларының саны муфлонмен бірдей - 54.

Муфлондар - қазіргі кезде Жерорта теңізінің Сардиния мен Корсика аралдарында, Кавказ тауларында, Иран мен Түркия жерлерінде мекендейді. Муфлондар тау муфлоны және дала муфлоны болып бөлінеді. Тау муфлондары жеңіл, жүрдек, таулардың қолайсыз жағдайына төзімді және берік бітімді болып келеді. Түртүсі қызғылт-тау, қоңыр-қошқыл қылшық жүнді болады. Қошқарларының салмағы 60-70 кг тартады. Аскания-Новада (Украина) академик М. Ф. Иванов муфлон қошқарларымен биязы жүнді саулықтарды шағылыстырып, одан биязы жүнді қой тұқымын өсірген. Тау муфлонынан Роман, Шотланд, т. б. қысқа құйрықты қой тұқымдары тараған.

Дала муфлоны немесе арқар ұзын жіңішке құйрықты және ұзын-майлы құйрықты қой тұқымдарының арғы тегі деп есептелінеді. Арал мен Каспий теңіздері аралығындағы далалы аймақта, Қазақстан мен Орта Азияның таулы аймақтарында кездеседі. Дала муфлоны тау муфлонына қарағанда ірілеу, мүйізділеу болып келеді. Денесінде қысқа қылшың, бауырында түбіт жүндер еседі. Түр-түсі - қызғылт-қошқыл. Аргали - құйрықты қойлардың арғы тегі, қазіргі жабайы қой түрлерінің ең ірісі. Тірідей салмағы 180-200 кг, ірілері - 240 кг-ға дейін барады. Орта Азия, Сібірдің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда, Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс тауларында, Сарыарқа, Ұлытау, Қаратау, Шу, Іле өзендерінің бойында кездеседі. Қошқарының мүйізі ірі, түбі жалпақ, дене түгі сұр-бурыл, қылшың жүнді. Арқар кебіне егіз қоздайды.

Қойдың қолға үйреніп, үй малы болғанына 8-10 мың жылдай болған. Міне, осы ғасырларда жер жүзінде, адамның өсу тарихында, табиғат құбылысында бірнеше тарихи өзгерістер болған. Осы өткен уақыт ішінде жердің өзгешелігіне ауа мен табиғат ерекшеліктеріне байланысты қойды әр түрлі қажеттілікке пайдаланған. Тибетте қойды күш көлік, жүк таситын мал ретінде пайдаланса, Египетте қойды жер жыртуға жеккен. Міне, қой адам қолына үйренгеннен кейін бірнеше биологиялық өзгерістерге ұшыраған, Қой тұқымдары кейін бірте-бірте ет, сүт, жүн, тері өнімдерін беруге бағындырылып өсіріле бастаған.

Қазіргі қой тұқымдарының алғашқы жабайы кезіндегі тегімен салыстырғанда көптеген биологиялық-морфологиялық айырмашылықтары бар. Ең алдымен, өзгергені - мінезі, яғни олардың адам ьщғайына қарай ауысып жуаси бастауы. Сейтіп, адам қойды тобымен жүруге көндірді. Олардың бұлай жуасуы сезім ағзаларының, есту, көру қабілеттерінің әлсірей бастауынан деп дәлелдеуге болады. Әрине, бұл ерекшеліктері қой тұқымының әрқайсысында әр түрлі. Тұқымдас қойлардың ішінде кейбірі асау, қашаған болып келетін жабайы тегінен қалған мінез деуге болады. Қойдың жалпы ұрықтану, төлдеу мерзімдері өзгеріп, созылыңқы (5-6 айға дейін) болып, адамның қолайлы деген уақытына икемделгені, төлшілдігінің артуы да биологиялық өзгерістерінің керіністері.

Жабайы қойлар мен үй қойларының тағы бір биологиялық айырмашылығы - жүнінің түрі мен сапасында. Жабайы қойлардың жүнінің түрі қорғаныс қасиетіне қарай, жүрген табиғат ортасының түсіне жақын қызғылт, қоңыр, т. б. түрлерде болса, үй қойларының жүн түстері ақ, ақсары, қара, ақсұр болып келеді. Жүнінің морфологиялық құрамы да өзгерген. Жабайы қойлардың жүні ірі қылшықты, түбіті өте жіңішке және қысқа болса, үй қойларының жүндері түбітті, аралық талшық-ты, қылшығының өзі жіңішке. Жүннің өсуінде де біршама өзгерістер болған. Жабайы қойлар мен үй қойларының мүйіздерінде өзгерістер көп. Үй қойларының мүйіздері жіңішке, қысқа, көбінесе қой тұқымдары тоқал. Жабайы қойлардың құйрықтары қысқа, кіші болса, үй қойларының құйрығы үлкен, ұзын болып келеді. Сол сияқты, үй қойларының ішек-қарны, жүрек, өкпе-бауыры да өзгерген. Үй қойларының жүрегі босаң, еті майлы келсе, жабайы қойлардың жүрегі тығыз, үш бұрышты болып келеді. Жабайы қойдың қошқарлары мен саулықтарының салт көрінісіндегі айырмалары ерекше көзге түседі. Қошқарлары ірі, мүйізді, биік болады, ал үй қойларында қошқар мен саулықтары олай ерекшеленбейді.

Қойдың жалпы басқа малға қарағанда биологиялық ерек-шеліктерінің бірі - бас сүйектерінің бейнесі. Қойдың басы сүйір, жақ сүйектері ұзын, тұмсығы үшкір, еріндері икемді, тез қимылдағыш, тістері өткір, ұсақ болады. Бұл қасиет қойдың жайылым малы екенін анықтап, тапшылықты ұдайы көретінін аңғартады. Қой басының мұндай түрге өзгеруі, зерттеуші ғалымдардың пікіріне қарағанда, өзінің өсу эволюциясында мыңдаған жылдар бойы табиғаттың шөпсіз, қиын, ауыр жағдайларына бейімделуінен болған. Қой басқа үй малдарына қарағанда табиғатта өсетін шөптердің (80-85%) басым көпшілігін жейді, мұның ішінде арамшөптер, ашшы шөптер, басқа мал жемейтін шөптер көптеп кездеседі. Қойдың жеген шөбін қорыту қабілеті де басқа малдардан жоғары. Өйткені, қойдың асқазаны көп камералы, ішегі ұзын, өз денесінен 30 есе ұзын болады. Ал сиырда 20 есе, басқа малда одан да аз. Сондықтан, қой жеген шөбінің 75% -ын түгелдей сіңіреді.

Қойдың ендігі бір биологиялық ерекшелігі - өсімталдығы. Әр 100 саулыққа орта есеппен жылына 130-150 қозы өсіруге әбден болады. Мұндай қасиет төрт түліктің басқаларында (жылқы, түйе, сиыр) әлдеқайда төмен. Қойдың жыныс ағзалары мен жүйесі тез, 5 айда жетіледі. Бірақ бұл уақытта оларды шағылысқа жіберуге болмайды, себебі, басқа ағзалары, онімділік қасиеттері әлі дамып жетіспейді. Қозы алғанмен, ондай малдан жоғары өнім өндіруге болмайды. Сондықтан, ұрғашы қойды бірнеше рет 18 айлығында шағылысқа жіберу жан-жақты негізделген болады. Осының өзінде де қойдан жақсы өнім алып, мал басын жеделдетіп өсіруге болады. Қой қозыны 5 ай көтереді, 150 күннен кейін қоздатып, қозыларын уызға тойдырып, содан соң қолдан жасаған сүтпен асырап, саулықтарды қайта шағылысқа өзірлеуге болады. Саулықтарды жылына екі немесе екі жылда үш рет қоздатудың технологиялары жасалған. Жағдай бар, мамандары жақсы фермаларда бұл технологияларды қолданып, қойды табысты салаға айналдыруға әбден болады. Ол үшін мал азығының жақсы қоры, қоражайлар, ең бастысы, жауапты да білгір мамандар қажет.

Қойдың биологиялық ерекшеліктерінің бірі - оның адамға қажет түрлі өнім беретіні. Қой адам өміріне ең қажетті ет, сүт, жүн, тері, елтірі өндіреді. Басқа малдар бұл өнімдердің кейбір түрін ғана береді. Әрине, қойдан адам өміріне, халық шаруашылығына керекті өнімдердің әр түрлерін бірдей мөлшерде талап етудің озі дұрыс болмас еді. Бұл орайда Ж. Кювьенің коррекция заңын еске алу дұрыс болады. Ғалым: «…әрбір өзінше құралған нәрсе бір жеке тұйық жүйеден тұрады және оны ңұраушы заттар бір-бірімен тығыз байланысты болады да, барлығы бірігіп өзінше бір қажетке жарайды. Ал сол бір-бірімен тығыз байланысты заттың бір бөлігін өзгерту міндетті түрде, екінші бір бөлектің белгілі бір молшерде өзгеруіне әкеліп соғады» деп көрсетеді. Бұл коррекция заңының барлық жерде үлкен теориялық маңызы бар. Ал осыны тірі ағзаға аударсақ былай болып шығады: «әрбір тірі ағза - бір-бірімен тығыз байланысқан химиялық заттардан тұратын күрделі де тұтас дене, оның ең жоғары мақсаты өмір сүру, өсу болып есептеледі». Жалпы биология ғылымының негізін қалаушы ірі ғалым Ч. Дарвин ағзаның өсіп-жетілуін, тұқым қуалау қасиеттерінің жеке белгілерінің биологиялық өзгеруін ағзалардың, дененің үйлесімділік заңы (коррекция) деп атаған. Оның өзін табиғи іріктелу деп дәлелдеген. Осындай ғылыми негізге сүйене отырып, әрбір эволюциялық өзгерісті, болмаса бір күрделі селекциялық жұмыстың нәтижесін, мысалы, жаңа тұқым шығарды көп жылғы еңбектің арқасында болған коррекциялық жүйенің орын ауыстыру нәтижесі деп ұғыну керек. «Еш зат еш жақтан келмейді - бірі-бірінің орнын ауыстырады».

Сонымен, коррекция заңының дәлелдеуімен ағзадағы барлық заттар бір қалыпты өсіп, бірдей мөлшерде дамымайтынының анықталғаны шындық. Ч. Дарвин өзінің ірі қараға жан-жақты жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде былай деп жазған: «Сиырдан… көп сүт сауып, оның үстіне, оның жылдам семіре қоюын талап ету өте қиынға түскен болар еді». Сол сияқты, П. Н. Кулешов та Р. Беквелдің: «Әр қойдың жүнін 2 не 3 фунтқа көбейту үшін оның 10-12 фунт етін жоғалту керек» деген ойын мақұлдай келіп, былай деп жазған: «осы уақытқа дейін бір қойдан әрі жоғары сапалы ет, онымен қоса сондай сапада жүн алынған емес». Міне, осы сияқты зоотехникалық, биологиялық көзқараспен қарағанда өте тұжырымды жүргізілген тәжірибелердің нәтижесі осы кездегі селекционерлердің жұмыс жүргізуіне үлкен жеңілдік және үлгі ретінде пайдалануға жол көрсетеді. Қой шаруашылығында әрбір селекционер қойдың қай тұқымын өсіру керектігін анықтау үшін, ең алдымен сол жердің табиғи ерекшеліктерін, ауа райының құбылысын, азық қорын, географиялық айырмашылықтарын зерттеп, енді осы жерге қандай тұқымды қойдың биологиялық ерекшелігі сай келетінін, қандай тұқымды қой сапалы өнім беретінін анықтау керек.

Өйткені, қойдың биологиялық ерекшеліктері олардың тұқымдарына тікелей байланысты. Кейбір қой тұқымдары кең, жазық, құрғақ ауалы аймақта өзін жақсы сезініп, мол өнім береді. Бұлардың қатарына қазақтың құйрықты қойлары, еділбай қойы жатады. Қайсыбір қой тұқымдары жері шалғын, жазы, ауасы ылғалды жерді жақсы көреді. Бұл топқа Британияның етті-жүнді биязылау қойлары жатады. Кейбір тұқымдар таулы жерлерде жақсы дамиды. Ондай қойларға қазақтың арқар-мериносы, гиссар қойы, алай қойлары жатады. Осы келтірілген биологиялық қасиеттерінің арқасында қой түлігі басқа мал түрлеріне қарағанда дүние жүзінде ең кең тараған, ең көп малдар қатарына жатады. Жер жүзінде қазіргі кезде 600-ден астам қой тұқымдары өсіріледі. Солардың ішінде ыстыққа да аязды суыққа да, таулы жерге де, құмды-шөлейтті жерге де жерсініп өсе беретін қой тұқымдары бар. Мәселе соның ішінен нақты жерге, жағдайға қажетті тұқымды таңдап алып өсіруде. Қой - адам еңбегін ақтайтын мал. Қазақ «мал өсірсең - қой өсір, табысы оның көл-көсір» деп тегін айтпаған. Қойдың осы сияқты жоғарыда айтылған ерекшеліктерін басқа дене бітімі (конституция), сыртқы пішіні (экстерьер), ішкі құрылысы (интерьер) да әр қой тұқымында өзіне төн ерекше болады. Сол ерекшеліктерін селекционер-зоотехник терең зерттеп, онымен жұмыс жүргізген кезде бұл материалдарын өздеріне негіздеуші құрал ретінде пайдалануға тиіс.

1. 1. 2 Етті-майлы құйрықты қойлардың биологиялық ерекшеліктері

Қой малы басқа үй хайуанаттарымен салыстырғанда қолға ерте үйренген. Олардың шығу тегіне келетін болсақ жалпы биология ғылымының негізін қалаушы Ч. Дарвин ғылыми дәлелді тұжырымдардың жеткіліксіздігінен қой тегінің шығуы туралы дәлелді болжам жасаудан бас тартқан.

Қазіргі кезде Ю. Кюк, Нерины, Паллас, Келлер және басқа да ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде мынадай ғылыми болжам жасалды: үй қойларының арғы шығу тегіне қазіргі уақытта кездесетін муфлон, арқар, аргали және жалы бар жабайы қойлар жатады. Муфлондар тау муфлоны және дала муфлоны болып екіге бөлінеді. Тау муфлонынан роман, шотланд ж. б. қысқа құйрықты қой тұқымдары тараған. Дала муфлоны немесе арқар-ұзын жіңішке құйрықты және ұзын майлы құйрықты, қой тұқымдарын арғы тегі деп есептелінеді. Дала муфлоны тау муфлонына қарағанда ірілеу, мүйізділеу болып келеді. Денесінде қысқа қылшық жүндер өседі. Түр-түсі біртегіс қызғылт қошқыл болады. Аргали-құйрықты қойлардың арғы тегі қазіргі жабайы қой түрлерінің ең ірісі. Тірілей салмағы 180-200 кг. Ірілерінікі 240 кг. дейін барады.

Жабайы қой мен үй қойының тағы бір биологиялық айырмашылығы жүнінің түрінде. Жабайы қойларда жүннің түрі қорғаныс қасиетіне қарай қара көк, қоңыр т. б. болып өзгереді. Ал үй қойларында бұл қасиет мүлдем жойылған. Онымен қоса жабайы қойларда жүннің қылшығы өте ірі ұзын, түбіті ұзарып, әрі тығыз, жүн қылшықтары жіңішке, қысқалау болады.

Қойдың басқа малға қарағанда биологиялық ерекшеліктерінің бірі бас сүйектерінің бейнесі. Қойдың басы сүйір, жақ сүйектері ұзын, тұмсығы үшкір, еріндері икемді, тез қимылдағыш, тістері өткір, ұсақ келеді. Бұл қасиет қойдың жерден шөпті тез тауып жеуіне қолайлы және ыңғайлы. Бұған қосымша қой басқа үй хайуандарына қарағанда шөптің 544 түріне жуығын таңдап жейді, бұның ішінде басқа ауыл шаруашылық малдары жемейтін арам шөптерді де олар жақсы жей береді. Сондай-ақ қойдың қабылдаған жем-шөпті қорыту қабілеті де басқа малдардан жоғары. Осыған орай, қой ішегінің ұзындығы өзінің денесінен 30 есе ұзын, ал ірі қараның ішегі 20-22 есе ғана ұзын. Организмде қабылданған қоректік заттың ең көбі малдың жас кезінде пайдаға асады. Бұл кезде қой сапалы ет өнімін, ал 2-3 жасында ең көп жүн және ет беретіндігі тәжірибе жүргізу арқылы дәлелденген. Қойдың бұл биологиялық қасиетінің әрбір селекционордің селекция жұмысын жүргізуі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елтірілік қой - елтірісі үшін қозысы сатылатын қой тұқымы
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының биологиялық ерекшеліктері
Қылшық жүнді құйрықты қойларының өнімділігі
Асыл тұқымды еділбай қой тұқымының өнімділік және биологиялық ерекшеліктері
Қой шаруашылығы және Қазақстандағы жағдайы
Қой шаруашылығы және ордабасы қой тұқымына сипаттама
Қой шаруашылығы – қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының саласы
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының онтогенезде дамуы
Ордабасы қой тұқымының өсіп-жетілуі ерекшеліктері_
Өсімдіктері - түрлі шөптер басым астық тұқымдастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz