Әр түрлі түлікті асыл тұқымды малдарды бонитировкалау ерекшеліктерімен танысу


Мазмұны
бет
Аннотация
Мазмұны
Нормативті сілтемелер
Анықтама
Қысқартылған сөздер
Кіріспе9
Негізгі бөлім . . . 10
1. 1. 2
1. 1. 3
1. 1. 4
1. 1. 5
1. 2
1. 2. 1
1. 2. 2
Әр түрлі асыл тұқымды малдар. . 10
Әр түрлі асыл тұқымды малдардың экстерьері . . . 13
Бонитировка түсінігі . . . 20
Әр түрлі асыл тұқымды малдарды бонитировкалау……… . . . 21
Технологиялық бөлім. . 25
Асыл тұқымды қойды бонитировкалау. . 25
Асыл тұқымды түйені бонитировкалау. . 27
1. 2. 4
2
Асыл тұқымды ірі қара малды бонитировкалау . . . 30
Техникалық қауіпсіздік. . …. 33
Қорытынды. . …. 34
Пайдаланылған әдебиеттер. 35
Аннотация
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Әр түрлі түлікті асыл тұқымды малдарды бонитировкалау ерекшеліктерімен танысу» арқылы малдың экстерьерімен дене бітімі бойынша бағалауды үйрену. Бұл курстық жұмыс 35-беттен, 1-суреттен және 1-кестеден тұрады. Бұл курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлімнен, технологиялық бөлімнен, техникалық қауіпсіздіктен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
Анықтама
Бонитировка - малды конституциясы, экстерьері мен өнімділігі бойынша кешенді бағалау. Мақсаты - өте жақсы малдарды данәрі дамыту, нашарларын жарамсыздыққа шығару. Бонитировканың екі түрі қолданылады: жеке және класстық.
Экстерьер-деп малдың тұтастай алғандағы сыртқы бейнесі және дене бітімі бөліктерінің құрылысын және даму ерекшеліктерін айтамыз.
Корреляция-дегеніміз малдың бір өнім көрсеткішінің екінші өнім көрсеткішімен тығыз байланысты нығайтады, әрі сол өнім көрсеткіштерінің біреуі өзгерсе екіншісінің де өзгеруін көрсетеді.
Құйымшақ биіктігі-құйымшақтың ең биіктігінен жерге дейін.
Қаракөл қозыларын бонитировкалау -қозылардың шыққан тегі мен дене бітіміп ескере отырып, оларды елтірілері бойынша бағалау.
Тұрқының қиғаш ұзындығы-жауырын мен қол жіліктің, буыннан жамбастың артқы төмпешігіне дейін.
Кеуде орамы-жауырынның артынан кеудесін орап өлшейді.
Сирақ орамы-сирақтың ең жіңішке жерін сантиметрмен лентамен өлшейді.
Белгілер мен қысқартулар
%- пайыз
мг- миллиграмм
г-грамм
т-тонна
мл-миллилитр
л-литр
t-температура
м- метр
ºС-градус
т. б. -тағы басқа
Ә. Б. -әсер ету бірлігі
т. с. с. -тағы сол сияқты
т. б. -тағы басқа
Кіріспе
Қазақстанда мал шаруашылығы ертеден дамыған. Көшпенділер тіршілігі төрт түлік мал өсіріп, солардың өнімі мен күн көруге негізделгендіктен ғасырлар бойы бай тәжірибе жинақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп кележатыр. Бүгінгі күнгі мал шарушылығы мамандарын дайындауда, осы құнды атамұрамызды аяқасты қылмай, жоғалтпай, қастерлеп, заманталабы мен дүниежүзілік нарық заңдылығына сәйкестендіре дамытуымыз қажет.
Бұл жолда еліміздің табиғи жағдайына әбден бейімделген қазақи мал тұқымдарын сұрыптап, көпжылдар бойына жүргізілген козсіз будандастыру данайырып, өзіндік қасиеттерін тазартып, жандандыру керек болып отыр. Демек, Республика мал шаруашылығын дамытуда табиғи бейімдеушілік қасиеттері жетілген мал генефонын сұрыптап, оны жергілікті ауарайы мен малды бағып-күту әдеттерімен сабақ тастыражетілдіріп, мал басының өнімділігін мейлінше арттыруға күш жұмсау қажет. Қазіргі таңда, халықтыңазық-түліктік және тұрмыстық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, қазақтың ежелгі төрт -түлік малымен қосашаруашылық экономикасына тез арада пайда келтіретін, жылдамөсіп-өнетін өсімтал шошқашаруашылығы секілді салаларды дамыту қолға алынып, емдік қасиеті жоғары панта өндіретін марал өсіру, құнды терілер өндіретін терісі бағалы аң өсіру, бал беретін ара өсіру, диеталық уылдырық пен ет өндіретін балық өсіру жолға қойылған.
Мал шаруашылығы адам қорегіне қажетті, биологиялық тұрғыдан бағалы сүт, ет, жұмыртқа, май секілді азық-түлікпен қатар, өңдеу кәсіп орындары үшін тері, елтірі, жүн, қауырсын секілді шикізат көзі болып табылады. Сондықтан бұл саланың дамуының, елдің ұлттық азық-түлікпен қамтамасыз етуде маңызы зор.
Бонитировка - малды конституциясы, экстерьері мен өнімділігі бойынша кешенді бағалау. Мақсаты - өте жақсы малдарды одан әрі дамыту, нашарларын жарамсыздыққа шығару. Бонитировканың екі түрі қолданылады: жеке және класстық.
Курстық жұмыстың мақсаты - асыл тұқымды мал алу болып табылады. Бонитировканың негізі - малды, оның конституциясы, экстерьері және өнімділігі бойынша бағалаумен аяқталады. қой малдарын олардың негізгі өнімділік белгілері толық көрінген уақытта бағалайды. Бонитировка нәтижесі: малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау үшін негізділік береді. Асыл тұқымдық жұмыс үшін құнды емес, экстерьерінде ақауы бар, конституциясы шамадан тыс дамыған және өнімі өте төмен малдарды асылдандыру жұмысынан алынып, отардан жарамсыздыққа шығарады. І класс сапасынан да жоғары малды элита тобына жатқызады. Элитаға бөлудің басты мақсаты - асылдандыру жұмысында жоғары сапалы асыл тұқымды мал тобын құрып, олардан құнды ұрпақ алу болып табылады.
1 Негізгі бөлім.
- Әдебиетке шолу
1. 1. 1 Әр түрлі асыл тұқымды малдардың ерекшеліктері
Ірі қара шаруашылығы-мал шаруашылығын да ең маңызды сала, біріншіден-халқымызды ең жоғары сапалы тағамдармен қамтамасыз етеді, екіншіден-жеңіл өнер кәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді, әрі бұл сала маңызды органикалық тыңайтқыштарды да өндіреді. Отанымызды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор, себебі сүт өнімі оның 99 пайызын, ал ірі қара еті 40-45 пайызға дейінгі деңгейін құрайды. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда. Ғылыми техниканың ерекше дамуына байланысты ірі қара шаруашылығы да ерекше дамуда, әрі одан алынатын өнімдер де көбеюде. Ал кейінгі жылдарда ірі қара мал тұқымдарының асылдандыруын ерекше көрсеткен жөн, сонымен қатар жаңадан асыл- тұқымды ірі қара малы шығуда, ал асыл-тұқымды ірі қара малдары экономикалық табиғи аймақтарға жақсы бейімделген. Оған ерекше әсер еткен селекция жұмыстарының жақсаруы. Себебі селекцияның дамуына генетика, биотехнология ғылымдарының негізі мен электронды есептеу техникасының әсері өте зор болды. 2010 жылға дейін әрбір шарушылықта сауын сиырларының сүтін 4000-5000 кг дейін котеру көзделеніп отыр, ол үшін: мал азығын молайту және селекциялық асылдандыру жұмыстарын жақсарту қажет, ал ірі қарадан алынатын ет өнімін, әр түрлі есептегенде 30-40 пайызға көбейту межеленуде. Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында 20-дай сүтті, сүтті етті және 8-сүтті ірі қарасының асыл тұқымды малдары өсірілуде, айта кету керек, бұл асыл-тұқымды ірі қараларының көпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан кейінгі уақытта будандастыру және гибридизациялау арқылы ірі қараның жаңа асыл тұқымдарын қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1, 3 млрд-қа жетіп отыр. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.
Қой шаруашылығы- ата-бабамыз ежелден айналысқан ата кәсіп, елімізде ежелден дамыған мал шаруашылығы. Қой еті мен сүті тағамға, жүні мен терісі киім кешекке, қиы отқа, тұяқ пен мүйізі түрлі түйме бұйымдарға, құйрық майы емге, елтірісі жағаға асығы мен тобығы ойынға пайдаланылады. Қой жүнінен жіп иіріліп, түрлі жүн өнімдері тоқылады, киіз басылып, кілем, сырмақ, текемет сияқты ұлттық өнер бұйымдары дайындалады. Қой қысы қатты, қары қалың Солтүстікте де, желі ызғарлы, жайылымы шөлейт жерлерде де, жазы ыстық, жайылымы құмды Оңтүстікте де өсіріле береді. Дүние жүзінде кең тарағандықтан, қой тұқымдары да көптеп саналады. Олар түрлі табиғи жағдайларға бейімділік, өнімділік қасиеттерімен ерекшеленеді. Негізгі өнімдік бағытына қарай Қазақстанда аудандастрылатын 15-ке тарта қой тұқымы мен тұқымдық топтары биязы жүнді, биязылау жүнді, қылшық жүнді және ұяң жүнді болып төртке бөлінеді. Солардың ішінде Респусликамызда жергілікті табиғи шаруашылық жағдайына бейімделген еділбай қойы, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-меринос солтүстік қазақ мериносы, оңтүстік қазақ мериносы, дегерес, қаракөл қойы өсіріледі. Ақтөбе облысының кейбір аудандарында цыгай, сараджа, совет мериносы, Алматы облысында- австралия мериносы, қазақтың биязылау жүнді қойы. Жамбыл, Орталық Қазақстан облыстарында- қазақтың құйрықты қойы, қазақтың ақ қылшық жүнді сарыарқа, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында- солтустік қазақ мериносы, алтай қойы, Солтүстік Қазақстан облысында-кроссберд типті қой тұқымдары, Батыс Қазақстан облысында- ақжайық қойы кездеседі. Олардың басым көпшілігі биязы жүнді тұқымдарға жатады. Тек дегерес, қазақтың биязылау жүнді қойы, цигай және кроссберд типті қой тұқымдары ғана биязылау жүнді, ал еділбай, қазақтың құйрықты қойы қаракөл, сарыарқа, сараджақойлары қылшық жүнді қой тұқымдарына жатады.
Көбінесе жоғары сапалы жүн беретін биязы жүнді қой тұқымы - Аустралия мериносы өсіріледі. Гоулберне қаласында осы қойға "Үлкен Меринос" деп аталатын ескерткіш орнатылған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1, 2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел - Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам) . Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады. Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса ірі аймағы - Аустралияның шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге немесе компанияларға қарайтын ірі қой шаруашылығында өсіріледі. Ондай шаруашылықтар "шипстейшнз" деп аталады. "Шипстейшнз" ондаған, кейде тіпті жүздеген мың гектарды алып жатады. Оның ең үлкенінің ауданы 2 мың км²-ден асады. Мұнда бір мезгілдегі қой басы 10-20, тіпті 50-100 мыңға дейін жетеді. Қой бүкіл жыл бойы табиғи жайылымдарда жайылып бағылады.
Жылқы шаруашылығыЖылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы. Жылқы шаруашылығы бағалы азық-түліктік ет пен сүт өңдірумен қатар өнеркәсіпке - тері, қыл, ауыл шаруашылығы жұмыстарына - күш-көлік береді, жылқы қанынан емдік вакцина, сарысу, гамма-глобулин жөне қой мен сиырдың төлділігін арттыратын буаз бие қанының сарысуын дайындайды. Кең байтақ жайылымы бар Қазақстанның көптеген аудандарында жылқы шаруашылығымен айналысу тиімді.
Қазақстанда жылқы шаруашылығы асыл тұқымды жылқы өсіру, ет, сүт өндіру, спортта пайдалану бағыттарында дамуда. Сонымен қатар жылқыны кез келген шаруашылықтың күнделікті қажетін өтеу үшін салт мінуге, жүк тасуға т. б. жұмыстарды аткаруға пайдаланады. Асыл тұқымды жылқы өсірумен арнайы мемлекеттік жылқы зауыттарымен қатар, соңғы уақытта жеке азаматтар мен шаруашылықтар да айналысады. Қазақстан жағдайында табиғи жайылым отын мейлінше толық пайдалануға негізделген ет, сүт өндіру бағытындағы жылқы шаруашылығын дамыту мүмкіншілігі зор. Осы ретте жекелеген аймақтардың табиғи жақсы бейімделген етті-сүтті бағытағы көшім, мүғалжар атты жаңа жылқы тұқымдары мен қазақы жылқының таза етті бағыттағы жабы атты жаңа түрі шығарылды. Соңғы кезде жылқы саны Қазақстанда қайтадан көбеюде
Дүние жүзінде 250-ге тарта жылқы тұқымы мен тұқымдық тобы өсіріледі. Олар бір бірінен шығу тегі, өнімдік бағыты, дене құрылысы мен тірідей салмағы, зат алмасу бойынша ерекшеленеді. Жылқы тұқымдарын топтастырып, жіктеу оларды зерттеуді жеңілдетіп, асылдандыру ісін жүйелі түрде ұйымдастыруға мүмкіндік тудырады.
Зоотехниялқ жіктеулер ішінде іс жүзінде тиімдісі А. Красниковтың классификациясы. Ол жергілікті жылқы тұқымдарын (башқұрт, бурят, қазақ, моңғол, таулық алтай, гуцул, карабах, қырғыз, локай, мегрел, тува, тушин), ормандық (вят, карел, мезен, печора, полес, эстон, саха якут жылқылары) деп үш экологиялық типке болсе, ал зауыттық тұқымдарды мініс (араб, ахалтеке, иомуд, терск, тракен, таза текті салт мініc) , міністі жегісті (дон, буденный, кабардин, қарабайыр, қостанай, көшім, жаңа қырғыз), желісті (орлов, орыс, американ, француз), ауыр жүк тартатын (владимир, арден, литва,
першерон, орыс, совет), жегіс (белорусс, жемайчу, литвия), торий тұқымдарына боледі.
Қазақстанда өсірілетін негізгі жоспарлы жылқы тұқымдарына қазақы жылқының жабы мен адай типі, мұғалжар, көшім, қостанай және дон тұқымдары жатады. Тебінді жылқы шаруашылығында жергілікті жылқы тұқымдары осіріледі.
Түйе шаруашылығыТүйе ежелден шөлді-тұзды аймақтардыңтабиғат жағдайларына жақсы бейімделген, аптап ыстықтарда апта бойына сусыз тіршілік ете алатын бірден-бір түлік. Соған қарамастан оларды жазда күніне 2 рет, қыста 1 рет суару қажет, тұзды-кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жиналады. Кеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады. Түйенің тағы бір биол. ерекшелігі - қыста қолда бағуды, сапалы азықтандыруды және жылы қораны керек етпейді. Бірақ Түйелер жүні қырқылған алғашқы аптада өкпек жел мен жоғары ылғалдылыққа төзімсіз, осы мезгілде олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауын қамтамасыз ету керек. Малдың басын көбейтіп өнімін молайту үшін жергілікті жағдайға бейім мол өнімді мал тұқымын өсіру қажет. Басқа түліктерге қарағанда түйу тұқымдары көп емес. Зоологиялық тұрғыдан түйені негізгі екі топқа-қос өркешті бактериандар мен бір өркешті дромедерларға жіктейді. Елімізде қос өркешті түйенің үш тұқымы-қалмақ, моңғол, қазақы түйелері, ал бір өркешті түйенің бір ғана тұқымы-аруана өсіріледі.
1. 1. 2 Әр түрлі асыл тұқымды малдардың экстерьері
Экстерьер деп малдың тұтастай алғандағы сыртқы бейнесі және дене бітімі бөліктерінің құрылысын және даму ерекшеліктерін айтамыз. Экстерьерді оқу, малдың сыртқы пішінінің арасындағы байланыс және олардың шаруашылықтық және асыл тұқымдық бағалығына сүйеніп негізделеді. Сөлекет конституцияға жататын малдардың үлкен ауыр бастылығы, қысқа жуан мойындылығы, мықындылығы қатты көрініп тұрады. Нәзік конституцияға жататын малдарға керісінше, бұндағылардың қарама-қарсылық ерекшеліктері жатады. Тығыз конституцияға жататын малдардың жалы, мықыны, шондайының өркені айқын көрінеді, ал болбыр конституцияға жататын малдар керісінше домалақ пішінділігімен, арқасы және белі түзулігімен, кең және бұлшық еті жақсы жетілгенділігімен, сауырының кеңдігімен және түзулілігімен суреттеледі. Экстерьер - әр конституцияға жататын малды бағалаудың көрсеткіші ғана емес, кей кезде конституция түріне бағынышсыз болып, өзіндік маңыздылығын көрсетеді. Мықты конституцияға жататын малдың басы үлкен және кішкентай, мойыны ұзын және қысқа, жалы биік немесе төмен, арқасы ұзын және кысқа т. с. с. болуы мүмкін. Экстерьердің бірнеше ақаулары мен жетіспеушіліктері малдарды дұрыс пайдаланбаудан (әсіресе жылқыны) болады. Малдардың экстерьерін окып үйренудің негізін 1768 жылы француздық ғалым Клод Буржел салды. Ол бірінші болып экстерьер (сыртқы) ұғымын енгізді. Орыс оқымыстылыры М. Г. Ливанов, М. И. Придорогин, П. Н. Кулешов, Е. Я. Борисенко, сондай-ақ отандық ғалымдарымыз В. А. Бальмонт, Ф. М. Мухамедгалиев, Л. И. Цой, К. У. Медеубеков, Т. Б. Бокенбаев, М. А. Алетов, М. М. Тойшыбеков, Д. Н. Пак және т. б. мал ағзасының пішіні мен қызыметіне және олардың әр түрлі өнім беру бағытындағы дене бітіміне байланысты қазіргі оқу түрін құрады, яғни малды іріктеуде және бағалауда экстерьердің маңыздылығын көрсетті. Экстерьер бойынша белгілі мөлшерде ет және сүт бағытындағы малдың беретін өнімін және жылқының жұмысқа жарамдылық сапасын, өндірістік технологияға малдың жарамдылығын айтып беруге болады. Бұған бірден бір мысал болып сиырларды сауын машиналарына жарамдылығына қарап іріктейді. Малды экстерьерлік бағалағанда, олардың тұқымдық белгілерін есепке салуды ұмытпау керек. Себебі, әр түрге малдардың тұқымдары өзіне тән экстерьерлік ерекшеліктері болады. Негізінен малдарды мақсатты түрде сұрыптау мен іріктеудің нәтижесінде және олардың мамандандырылуын ескергенде, сондай-ақ белгілі-бір сыртқы орта әсерінен және бәрінен де төлдерін өсіру жағдайында ауыл шаруашылық малдарының әр тұқымдары өзіне тән экстерьерлік ерекшеліктеріде құрылатынын білеміз. Сондықтан да, әр түрлі өнім бағытындағы зауыттық тұқым малының экстерьерлік көрсеткіштерінде өте маңызды айырмашылықтар бар. Сонымен, сүт бағытындағы ірі қара ет бағытындағы ірі қарамен салыстырғанда пішінінің тым бұрышталғандығымен және экстерьерлік бітімінің өте айқындылығымен ерекшеленеді. Мұндай ерекшеліктер бәрінен бұрын сүйектің құрылысының әр түрлілігіне, бұлшық еттің дамуы мен құрылысына, дененің әрбір бөлігінің атқаратын қызыметіне, жынысына және малдың жасына байланысты. Экстерьерде жыныстық айырмашылықтар негізінен екінші жыныстық белгілердің дамуы және зат алмасуының жағдайына байланысты анықталады. Ірі қара мен қой малында жыныстық деморфизм өте айқын көрінеді. Малдарда экстерьердің жас ерекшелік өзгергіштігі айқын көрінеді. Мұндағы үлкен айырмашылықтар ағзаның өсу жылдамдығында, ағзаны бүтіндей және бөліктеп алғандағы, сондай-ақ ондағы бөлек мүшелер мен ұлпаларда, әртүрлі онтогенез кезеңіндегі әсіресе қаңқада, малдарда жасы ұлғаю салдарынан дене бітімде үлкен өзгерістер кездеседі. Сонымен жас төлдерде сирақтары салыстырмалы ұзын және қысқа денелі, ал керісінше ересек малдарда салыстырмалы тапал және ұзын денелі айырмашылықтар болады. Жалпы дене бітімі өзгерген кезде, табиғи түрде маңызды өзгерістер және экстерьерде де өзгерістер болады. Малдың экстерьеріне төлдерді өсіру жағдайы үлкен әсер етеді. Тек қана малды жақсы күту мен ұстаудан, азықтандырудан, олардың тұқымға берілетін экстерьерлік ерекшеліктерін толық көруге болады. Төлді ертерек піштірген экстерьердің дамуына және қалыптасуына маңызды әсер етеді. Сыртқы түрі бойынша пішілген малдар аталық және аналық малдың арасындағы аралық жағдайда болады. Дене бітімінің қалыптасуының ең маңыздысы болып оның өсу ерекшелігі және онтогенез кезіндегі қаңқаның остік және перифериялық бөліктерінің дамуы жатады. Тұяқты малдардың (шошқадан басқасының) эмбриональдық кезеңде қаңқаның перифериі тез өседі де, осьтігі баяу өсетіндігі белгілі, ал постэмбрионалды кезеңде керісінше. Тұтастай алғанда эмбриональды кезеңде постэмбрионалдымен салыстырғанда каңқа тезірек өсіп жетіледі, сондықтан да оның жаңа туған малдың салмағындағы ересек малмен салыстырғандағы үлесі жоғары болады. Біздегі берілгендер бойынша дегерес қойындағы жаңа туған қозының таза салмағы тірі салмағымен салыстырғанда 18% құрайды, ал ересектерде екі еседен төмен (6, 9%) . Жаңа туған козыдағы осьтік қаңқаның салмағы перифериялықпен салыстырғанда аз болады және қаңқаның жалпы салмағының 41, 9%-н құрайды, ал дегерес қойында керісінше осьтік бөлік өзіндік ерекшелікпен 55, 4%- те боладыҚаракөл қойын 1, 5 жасындағы дене бітімі, дамуы және экстерьері бойынша бағалау. Малды қосымша бүлайша баға-лау міндеті болып табылады, өйткені азықтандырып, күтіп-бағу жағдайлары қанағаттанғысыз немесе түкым қуалаушылықтан асыл түқым ретінде қалдырған кейбір қойдың осы жасында үнам-сыз белгілері көрініп қалады. Әбден өсіп толысқан малдың да-муы, дене бітімі және экстерьері жөніндегі сипаттамасы оның жас кезіндегі бағасына қосылып есептелуі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz