Асыл тұқымды еділбай қой тұқымының өнімділік және биологиялық ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
бет
АННОТАЦИЯ
Бұл курстық жоба «Мал өсіру және селекция» пәні бойынша «Асыл тұқымды еділбай қой тұқымының өнімділік және биологиялық ерекшеліктері» тақырыбы бойынша жазылған курстық жоба, кесте, 30 беттен тұрады.
Курстық жобада өз құрамында: кіріспе, әдебиеттік шолу, өзіндік зерттеу, зерттеу материялы мен әдістері, негізгі бөлім, техникалық қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
Қой-қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайтаратын жұптұяқты мал.
Шоқтық-жауырынның үстіндегі ең биік омыртқалар орналасқан дененің бөлігі.
Шоқтығының биіктігі - шоқтықтың ең жоғары нүктесінен жерге дейін.
Құйымшақ биіктігі- құйымшақтың ең биіктігінен жерге дейін.
Кеудесінің тереңдігі- шоқтықтың биіктігінен төсіне дейін.
Кеудесінің енділігі-жауырын сыртынан екі жазық.
Кеуде орамы- жауырынның артынан кеудесін орап өлшейді(матамен) .
Сирақ орамы- сирақтың ең жіңішке жерін сантиметрмен лентамен өлшейді.
Сербегі аралық енділігі- мыңнан сүйектерінің алшақтығы.
Тұрқының қиғаш ұзындығы- жауырынмен қол жіліктің буыннан жамбастың артқы төмпешегіне дейін.
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
т. -тонна
г. - грамм
кг. - килограмм
л. - литр
мл. - миллилитр
мм. - миллиметр
т. б. - тағы басқа
т. с. с. - тағы сол сияқты
№. - нөмір
%. - пайыз
см. - сантиметр
млн. - миллион
кДж. - килоджоуль
мДж. - мегаджоуль
салм. -салмағы
КІРІСПЕ
Қой шаруашылығы Қазақстан мал шаруашылығының жетекші саласы болып келген, қазір де солай, алдағы уақытта да бола береді. Оның солай болуының себебі, қой негізінен жайылым малы. Қазақстанның 180млн. гектарға жуық табиғи жайылымын тек қой малы ғана тиімді пайдаланады. Соның нәтежесінде ең арзан ет, жүн, тері, басқа да өнімдер өндіруге болады. Сондықтан Қазақстан даласын қой малынсыз елестету қиын.
Қой шаруашылығын нарық заманына эканомикалық жағынан тиімді етіп өсірудің кілті-ғылым мен озат тәжірибенің берік бірлігінде. Соңғы жылдарда дүние жүзінде ауыл шаруашылық ғылымдарының қатарына қой жөніндегі ғылым сан алуан жағалықтармен, жаңа технологиялармен, селекция әдістерімен байытылады.
Қойдың халық шаруашылығындағы маңызы. Дүние жүзі халық шаруашылығында қой малының маңызы өте зор. Ол адамға аса қажетті көптеген азық-түліктер атап айтқанда ет, май, сүт, жүн, былғарылық, тондық терілерімен елтірі сияқты өнеркәсіптік заттарды береді. Қой сойғанда қалдық ретінде жиналатын ішек, мүйіз, сүйек сияқты заттар да өңдеген соң өз орнын табатын байлықтар. Олардан желім, түйме, малға берілетін қан-сүйек ұны, минералдық азықтар және дәрі құрамына кіретін заттар жасалады.
Қой малы адамға осындай аса қажетті көп түрлі өнім өндіретіндігімен қандай да табиғат құбылысына және биологиялық қасиетіне байланысты дүние жүзінің барлық континенттерінде және елдерінде өсіріледі. Қазіргі кезде де қой малы ғаламшарымызда ең көп тараған, көп өсірелетін үй малдарының қатарына жатады. Дүние жүзінің елдерінде үшінщі мыңжылдықтың басында 620-дан астам қой тұқымдары, 1. 300 қой малы өсіріледі.
Еділбай қойының Бірліктік тұқымішілік түрі
Жаңа тұқымішілік түрге жататын жануарлар үйлесімді дене бітімімен, мықты сүйегімен, тығыз терісімен, жеткілікті жалпақ және ұзын денесімен мойнының орташа ұзындығымен, кең бұлшық етті кеудесімен, түзу арқасымен сипатталады. Олардың басының көлемі орташа, кейде орташадан жоғары, тұқыл, аздап қошқар тұмсықты, аяқтары мықты және ұзындығы орташа. Түсі қара, қоңыр және жирен. Қойлардың құйрығы үлкен жинақы немесе аздап түсіңкі, саулық қойлардың құйрығы үлкен немесе орташа жинақы. Жүні айқын көрінетін ірі және тұлымы орташа, қылшығының жуандығы негізінен орташа, түбітінен едәуір шығып тұрады .
Дүние жүзінде қой санынан алдыңғы қатарда болып келген Австралия, Жаңа Зеландия елдерінде де қой басының кеміп бара жатқандығы бұл елдердің экономикасының өсуімен, ауыл шаруашылығын екпінді даму жолдарына көшірумен түсіндіруге болады. Дегенмен, дүние жүзінде біраз Азия, Африка мемлекеттері қой басын өсіріп келеді. Мысалы, Қытай соңғы он жыл ішінде қой басын 112, 3млн-нан 137, 0млн-ға дейін өсірсе, Судан 21, 3млн-нан 47, 0 млн-ға дейін өсіріп отыр.
Соңғы жылдарда қой етін көбірек өндіруге баса назар аударуда. Сондықтанда қой етінің көлемі арта түсуде. Ет өндіру жөнінде ежелгі мемлекеттер Франция, Германия, Англия мемлекеттері әр қойдан алынатын ет көлемі жөнінде қазір көшбасшы болып келеді.
Қойдың аса бір құнды бір қасиеті - өсімталдығы. Сондықтан азықтандыру, бағып-күту жағдайы келісе, қойды жылына екі немесе үш рет қоздатуға болады. Қойдың төлі тез жетіледі, 1, 5жасында-ақ ірі қой тобына қосылады. Осы қасиеттері қойдың басын тез көбейтуге мүмкіндік береді. Қой өте төзімді келетіндіктен, ауа-райы өте суық немесе аса ыстық жерлерде де жақсы өсе береді және оңай жерсінеді. Қой үшін құлазыған шөлде, шыны биік тауда бірдей. Қайсысын болса да өте тиімді пайдаланады.
Қой шаруашылығы басқа салалармен салыстырғанда, жерді, азықты және қора-жайды тиімді пайдалану жағынан ерекшеленеді.
Қой малдары жоғары шаруашылықтың жетілігіштігімен де сипатталады. Оны ерте жаста шаруашлылыққа өнім берумен көре аламыз. Малдың еті мен жүн өнімін 6-8 айлығында, қозы жүніні - 5 айлығында, елтірісін 1-3 күндік жасында өндіруге болады. Тәжірибелік жағынан құнды болып келетін тағы бір биологиялық ерекшілігі - ерте жыныстық жетілу, 5-6 айлық жасында оларды нәтижелі ұрықтандыруға болады. Алайда малды ерте жасына ұрықтандыру өсуі мен дамуын тежейтіндіктен, ең алғаш шағылысқа 12-8 айлығында жібереді.
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Еділбай қойы- ет-май өндіру бағытында өсірілетін қылшық жүнді, құйрықты қазақы қой тұқымының бір түрі. 19 ғасырдың аяғында Еділ-Жайық бойынан тараған. Құрғақ және шөлейт аймақтарда өсіруге бейімделген. Түсі бозғылт, қызыл қоңыр, көбінесе қара болады. Дене бітімі мығым, басы үлкен, тұрқы ұзын, жоталы, кеудесі кең, құйрығы үлкен. Қошқарының тірідей салмағы 100-120кг (160 кг-ға дейін) , саулығы 65-75 кг (115 кг-ға дейін) , қозысы енесінен айырғандас 40-45 кг тартады. Еділбай қойы өсімтал келеді, тез ет алады. Семіз ісектің сойыс салмағы 40-45 кг тартады, құйрық майы 10-12 кг. Ет түсімі 50-55%. Жүн түсімі де басқа құйрықты қой тұқымдарынан жоғары, түбіті көбірек, қылшығының ұзындығы 15 см, жіңішке әрі жұмсақ. Қошқарынан 3, 5-5 кг, саулығынан 2, 3-2, 6 кг, қозысынан 0, 6-1, 0 кг жүн қырқылады. Әр 100 саулықтан 110-115 қозы алынады. Еділбай қойы құйрықты қазақы қой тұқымдарын жақсарту үшін пайдаланылады. Көбінесе Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында өсіріледі.
Қазақстанда қой шаруашылығының дамуында негізгі үш бағыт айқындалды. Олар елдің табиғи климаты, жем-шөп, жайылым жағдайы, қойдың биологиялық ерекшеліктері, тағы да басқа байланысты төмендегіше 3аймаққа бөлінеді:
1) далалық, қуаң-шөлейт аймақтар мен оңтүстік таулы өңір. Мұнда биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары (барлық қойдың 65%-ы) өсіріледі.
2) шөл және шөлейт аймақ. Бұл жерлерде негізінен етті-майлы, ұяң не қылшық жүнді қойлар (барлық қойдың 16%-ы) шоғырланады.
3) Қаракөл қойлары өсірілетін оңтүстік және батыс аймақтар. 1990 жылдың басында 1250, оның ішінде 702 арнайы мамандандырылған ірі қой шаруашылықтары болды.
Академик М. Ф. Ивановтың жіктеу жөнінде ұсынысына сәйкес бүкіл қой тұқымдары негізгі өнімдеріне қарай мынадай топтарға бөлінеді: Биязы жүнді тұқымдар-асканий, грозный, совет мериносы, қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар мериносы. Биязылау жүнділер- цигай, куйбышев. Тондық- ромонов, елтірілі-қаракөл, етті-майлы- гиссар, еділбай, етті-жүнді-сүтті- кучукур, тушинский.
Дүние жүзі қой шаруашылығының қазіргі жағдайы. Қой үй жануарларының ішіндегі кең тараған, көп өсірілетін малдардың қатарына жатады. ҒАО-ның мәліметі бойынша дүние жүзінің мемлекеттерінде 2009 жылы 1000 млн. бас қой бар. Олар Қиыр Солтүстік полюстен сонау оңтүстіктегі отты жерге дейін барлық құрлықтарда: Австралия, Жаңа Зеландия жазықтарында, Африканың сахарасында, Үндістан мен Тибеттің тауларында, Азияның құрамдары мен қыраттарында, Американың солтүстік және оңтүстік бөліктерінде, Еуропада адам өмір сүретін барлық жерлерде өсіріледі.
Соңғы 30-35 жылдың ішінде қой шаруашылығы өсіп-өніп, дамып тұқымдық жағынан өркендеп, ғылым мен техниканың жетістігінің арқасында жетіліп, нарық экономикасына бейімделіп келеді. Бұл жылдардағы өзгеріс мына төмендегі 1-кестеде көрсетіліп отыр.
Кесте-1
Соңғы жылдардағы қой шаруашылық өнімділігінің артуы
Қой саны
(млн. бас есебімен)
Осы жылдары дүние жүзінде жүзден аса жаңа қой тұқымдары шығарылып, жалпы қой тұқымдарының саны 600-ден асты. Соның ішінде биязы, әсіресе биязылау кроссбредті немесе кроссбред типтес жүн беретін етті-жүнді қой тұқымдары көбейе түсті.
1. 1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1. 1 Қойдың шыққан тектері мен биологиялық ерекшеліктері
Қой шаруашылығының дамуы, қой тұқымдарын асылдандыру, оның өнімділігін жақсарту жұмысы үшін қойды қолға үйретілгеннен бастап осы кезеңге дейін орын алған өзгерістерін білу, оны ғылыми дәйектемеден өткізудің маңызы зор. Бұл жөнінде Дарвиннің "Түрлердің шығуы"(1859 ж. ) және "Қолға үйретілгеннен бастап өсімдіктер мен жануарлардың өзгеруі"(1868 ж. ) деген еңбектерінде көрсетілген. Жабайы қойлардың үй қойларына айналу құбылысы біздің эрамызға дейінгі Неолит дәуірінен басталып, осыдан 8-10 мың жыл бұрын аяқталған. Тарихи деректер ең алдымен қолға үйретілген иттен кейін, қой мен ешкі үй жануарларына айналғанын дәлелдейді. Сол көне заманның өзінде халықтар өзара араласып, сонымен бірге өсірген малы да араласып дүние жүзінде қой малы таратылып, олар жергілікті қой тұқымдарымен будандастырылып, қойдың генофонды молая түскен.
Қойдың шыққан жабайы тектері
Қолда өсірілген үй қойлары жабайы қой тұқымдас малдардан үйретіліп шығарылған. Қазіргі кезде Натузус, Северцов, Насонов, Эверсам, Лейдеккер, Кюн, Неринг, Паллас, Келлер және т. б. ғылымдардың зерттеулерінің нәтижесінде мынадай ғылыми тұжырымға тоқтады: дүние жүзіндегі барлық қойлардың шыққан тегі қазіргі кезде табиғи жағдайда өмір сүріп жатқан муфлон, арқар, арғали және жалы бар жабайы қойлар. Бұлардың бәрін де шағылысқанда жақсы ұрпақ береді.
Муфлон- бұл жабайы қойлар, қазіргі кезде Жерорта теңізінің Сырдария, Корсика аралдарында, күнгеф Кавказдың таулы аудандарыда, Иран, Туркия тауларында өмір сүреді. Муфлондар жүрде, таудың қолайсыз жағдайына төзімді, дене бітімі берік болып келеді.
Арқар-Арал және Каспий теңіздері аралығындағы үстіртте, Қазақстанның Орта Азия таулы аймақтарында кездеседі. Ұзын жіңішке құйрықты және ұзын майлы құйрықты қой тұқымдарының арғы тегі осы Арқар болып есептелінеді.
Арғали- құйрықты қойлардың арғы тегі, қазіргі жабайы қой тұқымдарының ең ірісі. Тірілей салмағы 180-200кг. ал аса ірілері 240кг-ға дейін барады.
Үй малының барлығы да өзінің жабайы тегімен салыстырып қарағанда көп өзгеріске ұшыраған. Сол сияқты қойдың табиғаты да өзгереді, оның барлық ағзалары мен жүйелері де өзгеріске үшырады. Ең алдымен оның жүріс-тұрысы, тәртібі өзгереді. Қой адамның дегеніне бағына бастайды. Соның нәтежесінде баптап бағуға көніп, байлауға, қолға ұстауға, саууға, жүнін қырқуға үйренеді.
Қойдың биологиялық ерекшеліктері. Үй қойларының басты ерекшеліктерінің бірі-оның қоршаған ортаға бейімделуі, өзгергіштігі, әр түрлі жағдайларға оңай дағдыланатындығы. Сондай қасиеттерінің арқасында жер шарының әрқилы жерлеріне бейімделіп, жерсініп, өсіп-өніп, кеңінен таралып кеткен. Қойдың басқа малға қарағанда биологиялық ерекшеліктерінің бірі - бас сүйегінің бейнесімен жаратылысы. Қойдың басы сүйір, жақ сүйектері ұзын, тұмсығы үшкір, еріндері өте икемді, тез қимылдағыш, тістері өткір және ұзын болады. Бұл қасиеттер қойдың жайылым малы екенін анықтайды. Зерттеуші ғалымдардың тұжырымына қарағанда қой басының мұндай өзгеруі, өзінің даму эволюциясында мыңдаған жылдар бойы табиғаттың қиын, азықсыз-шөпсіз, тапшылық жағдайларына бейімделуінен тамақ іздеуінен болған. Қойдың шөпті үзіп жейтін астыңғы жағында 8 күрек тісі және күйіс қайтаратын 24 тісі болады. Қойдың көп тұқымдары жеген азығының құнарының 75% (ал етті бағыттағы, етті-майлы бағыттағы қойлар одан да жоғары бөлігін) денесінде ет, сүйек, май құрауға немесе еттілігін арттыруға жұмсайды. Осындай жақсы өсу, азықты жоғары өнімге пайдалану қой малының бір жасында жоғары болады. Сондықтан қойды, әсіресе, ет үшін семіртіп союда пайдалануда тиімді болады.
Қой малының биологиялық ерекшеліктерінің бірі- ол малдың өсімталдығымен тез жетілуі. Қой 100 саулықтан 130-150, кейбір тұқымдары 200-250 қозыға дейін береді. Қойдың ағзалары тез жетіледі, 4 айда жетіліп, 6-7 айда ұрықтанып 1 жасында төл береді. Технология жетіліп, бағып- күтуі жақсарса, қой жылына 2 немесе 2 жылда үш рет төл бере алады. Мұндай жаңа технология Франция, Германия, Ұлыбританияда қолданылады. Қойдың қозысы 3-4 айлығында етке қолдануға жарайды, ал қаракөл елтірісі туған қозының 2-3 күндігінде өте құнды да сапалы болады. Қойдың ендігі бір ерекшелігі -оның көп түрлі өнім беретіндігі:ет, сүт, жүн, тері, елтірі т. б.
Қойдың табиғат құбылысына бейімді екенін жоғарыда айтылады. қой шөл даланы, құрғақтықты жақсы сезінеді, ал сыз және сазды жерді жақтырмайды, ондай жағдайда әртүрлі ауруларға тап болады.
Қойдың дене бітімі. Қойдың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі болады, сондай-ақ дене бітіміде әртүрлі болатыны сөзсіз. Бірақ көп қойдың ішінде дене бітімі жағынан бір-біріне ұқсас болатыныда ақиқат. Қойдың тұқымдары өнім бағыты, тіршілік ортасы ұқсас болғанда дене бітімінің де ұқсастығы арта береді, кейде оларды бір топқа біріктіруге теорияда және тәжірбиеде қойдың дене бітімін жіктеудің П. Н Кулешовпен, М. Ф Иванов ұсынған жүйесі қолданылады. Бұл жүйе малдың дене бітімін анатомиялық және гистологиялық көрсеткіштерге негізделген. Оның тегінде Ж. Кювье мен Ч. Дарвинның мал денесінің ағзалар арасында биологиялық қатынастардың болатынын заңдылық ретінде басшылыққа алған ұғым жатыр. Әр түрлі өнім бағытындағы қойлардың терісінің, етінің, сүйегінің, асқорыту жүйесінің т. б ағзаларының өнім бағытына сәйкес өзгешіліктері болатыны және олардың арақатынасы да өзгеріп тұратыны негізге алынады.
Қойдың түр-тұлғасы- пішіні (экстерьері) . Экстерьер туралы ғылымның қалыптасуына малдың дене бітімі, сыртқы түрімен өнімділік қасиетінің тығыз байланысты болуы негіз болған. Сондықтан, қой тұқымын асылдандыру жұмысында қойға сыртқы пішініне қарап баға беруге үлкен мән беріледі.
Қойдың сырт пішініне қарап, төмендегі:
- дене бітімін бағалау;
- тұқымдық ұқсастығын анықтау;
- өзіндік ерекшеліктерімен өнім бағытын анықтау,
- жасын анықтау;
- қоңын анықтау;
- денсаулығын тексеру сияқты селекциялық мәселелерді шешеді.
Дене бітіміне сипаттама беру үшін ағзаның даму деңгейіне, қойлардың жалпы түрі туралы талқылау жүргізілу мүмкіндігін беретін және іс жүзінде өзара байланысты дене өлшемдерінің арақатынасын көрсететін, пайыз арқылы дене бітімін индекстері пайдаланылады.
Кесте-2
Қойдың дене индекстерін шығару
Алдыңғы аяғының биіктігі немесе (шоқтығының биіктігі-кеудесінің тереңдігі
Шоқтығының биіктігі
Тұрқының қиғаш ұзындығы
Шоқтығының биіктігі
Жіліңшік орамы
Шоқтығының биіктігі
Кеудесінің ені
Сербегі аралық енділігі
Бөксенің жартылай орамы
Шоқтығының биіктігі
Кеудесінің орамы
Шоқтығының биіктігі
Кеудесінің орамы
Тұрқының қиғаш ұзындығы
Кеудесінің ені
Кеудесінің тереңдігі
1. 1. 2 Қой тұқымдарының зоологиялық және өнеркәсіптік жіктеу сипаты
Қой тұқымдары белгілі бір қасиеттерімен белілері бойынша топтарға бөледі. Мұндай топтарды жіктеу деп атайды. Қой шаруашылығында жіктеудің зоологиялық және өндірістік екі жүйесі қолданылады.
Зоологиялық жіктеу негізі ретінде қой құйрығының пішіні және ұзындығы алынады. Құйрықтың ұзындығы мен пішініне қарай барлық қой тұқымдары бес топқа бөлінеді.
Қысқа майсыз құйрықты - олардың құйрықты тірсек буынына жетпейді және майсыз болады. Құйрық омыртқаларының саны 10-12. Бұл топқа Романов, Солтүстік Ресейдің қысқа құйрықты қойлары жатады.
Ұзын майсыз құйрықты - олардың құйрығы тірсек буынынан төмен түседі және майсыз болады. Құйрық омыртқаларының саны 22-24. Бұл топқа барлық биязы (грузиннің биязы және биязылау майлы құйрықты қойынан басқасы), биязылау және кейбір қылшық жүнді қойлар жатады.
Қысқа майлы құйрықты - құйрығы тірсек буынына дейін және одан да қысқалау болады. Майы құрғақ түбіне жиналып, сәл бұлтиып тұрады. Бұл топқа бурят, сібірдің қысқа жүнді қойлары жатады.
Ұзын майлы құйрықты - құйрығы ұзын, тірсек буынына дейін және одан датөмен болады. Құйрығында омыртқа болады.
3. 2. Қой тұқымдарының зоологиялық және өнеркәсіптік жіктеу сипаты
Қой түқымдары белгілі бір қасиеттері мен белгілері бойынша топтарға бөлінеді. Мүндай топтарды жіктеу деп атайды. Қой шар-уашылығында жіктеудің зоологиялық және өндірістік екі жүйесі қолданылады.
Зоологиялық жіктеу негізі ретінде қой қүйрығының пішіні және үзындығы алынады. Қүйрықтың үзындығы мен пішініне қарай барлық қой түқымдары бес топқа бөлінеді.
Қысқа майсыз қүйрықты - олардың қүйрығы тірсек буынына жетпейді және майсыз болады. Қүйрық омыртқаларының саны -10-12. Бүл топқа Романов, Солтүстік Ресейдің қысқа қүйрықты қойлары жатады.
Үзын майсыз цүйрьщты - олардың қүйрығы тірсек буынынан төмен түседі және майсыз болады. Қүйрық омыртқаларының саны 22-24. Бүл топқа барлық биязы (грузиннің биязы, және биязылау майлы қүйрықты қойынан басқасы), биязылау және кейбір қыл-шық жүнді қойлар жатады.
Қысца майлы цүйръщты - қүйрығы тірсек буынына дейін және одан да қысқалау болады. Майы қүйрық түбіне жиналып, сәл бүлтиып түрады. Бүл топқа бурят, сібірдің қысқа жүнді қой-
лары жатады.
Үзын майлы қуйрьщты - қүйрығы үзын, тірсек буынына дейін және одан да төмен болады. Қүйрығында омыртқа болады. Қүйрықтың үшынан басқа жері майлы келеді де, едәуір бүлтиып, жайылып түрады. Бүл топқа қаракөл, грузиннің биязы және бия-зылау жүнді қойлары және солтүстік кавказ бен закавказдық көпшілік қой түқымдары жатады.
Қүйръщты қойдың қүйрығы өте келте (5-8 омыртқа) және қүйрық түбіне май мол жиналып, қүйымшақ пен сауырынды түтастай алып түрады. Бүл топқа гиссар, еділбай, сараджы сияқ-ты көптеген қой түқымдары жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz