Жануарлардың эхинококкозына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Қысқартулар мен белгілер

Анықтамалар

Кіріспе . . . 8

1Негізгі бөлім . . . 9

1. 1Ветеринария туралы заң . . . 9

1. 2 Эхинококкоз ауруының қоздырушысы . . . 13

1. 3 Эхинококкоз ауруының эпизоотологиясы . . . 15

1. 4Эхинококкоз ауруының патогенезі . . . 16

1. 5Эхинококкоз ауруының клиникалық белгілері . . . 17

1. 6Эхинококкоз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері . . . 19

1. 7 Эхинококкоз ауруының диагностикасы . . . 19

1. 8Эхинококкоз ауруының емделуі . . . 20

1. 9 Эхинококкоз ауруын ветеринарлық-санитарлық сараптау . . . 22

1. 10 Эхинококкоз ауруының профилактикасы . . . 23

2 Өзіндік зерттеу . . . 24

3 Техника қауіпсіздігі . . . 29

Қорытынды . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31

Анықтамалар

Курстық жұмыста төмендегідей анықтамалықтағы терминдік аталымдар қолданылды:

Дезтосқауыл - ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді

Дезинфекция - оның баламасы зарарсыздаңдыру яғни, жұқпайтын ету

Дезинсекция - сыртқы ортадағы зиянды жәңдіктерді жою

Дератизация - кемірушілерді (тышқандарды, атжалмандарды) жою

Инвазия - паразиттердің мал организміне еніп, ауруға шалдықтыруы

Паразитизм - тоғышарлық тіршілік ету

Паразит - белгілі бір организм иесінің ішінде не сыртында тоғышарлық ету

Гермафродит - қосжынысты

Шистосомата - дара жынысты

Анемия - қан аздық

Интоксикация - дененің улануы

Холангит - өт жолының қабынуы

Холеоцистит - өт қалтасының қабынуы

Экстенстиімділік - дегельминтизация жасалған жануарлардың ішқұрттардан толық босанғаны

Интенстиімділік - дегельминтизация жасалған жануарлардағы ішқұрттардың жалпы санымен салыстырғанда олардың дәрі арқылы сыртқа шығарылғандарының проценттік саны

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі құжаттарға сілтеме жасалған:

МемСТ 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МемСТ 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МемСТ 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МемСТ 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МемСТ 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МемСТ 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

МемСТ 12. 1. 008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық қауіпсіздігі

МемСТ 2888-68 - Ветеринарлық термометр

МемСТ 16445-78 - Комплементті байланыстыру реакциясына қажетті қан сарысуы

МемСТ 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар

МемСТ 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар

МемСТ 5962-67 - Этил спирті. Техникалық жағдайлар.

МемСТ 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар

МемСТ С 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы, фарфорлы. Техникалық жағдайлар

МемСТ 20730-75 - Қоректік орта (ветеринарлық мақсаттар үшін) . Техникалық жағдайлар

МемСТ 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер

МемСТ 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық жағдайлар

МемСТ 28085-89 - Биологиялық препараттар

МемСТ 26670 - 91- Өсіру әдістері

МемСТ 26668 - 95 - Сынама алу

МемСТ 7636 - 85 - Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау

МемСТ 7631-85- Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері

ГОСТ 7621-85 - Мясо, методы отбора образцов и органолептические методы определения свежести

Ф. 7. 04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2016ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2016 ж.

Ф. 7. 04 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2016ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Ф. 7. 04-06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

« » жоғары мектебі

«» кафедрасы

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

(қолы, аты - жөні)

2016ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №

пәні

студенттобы

Курстық жұмыс тақырыбы

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.

2.

3.

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.

Сомалық баллы

Жұмыстың бағасы

Курстық жұмыс жетекшісі

Комиссия мүшелері

Комиссия мүшелері

Қорғау күні2016ж.

Аннотация

«Ветеринария ісін ұйымдастыру» пәнінен «Жануарлардың эхинококкозына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар» тақырыбына жазылған бұл курстық жұмыс 31 беттен тұрады.

Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қосымшаны қамтиды.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы және инвазиялық ауруларының алдын алу - бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі.

Нарықтық экономикаға көшуге байланысты халқымыз ежелден малмен айналысқандықтан, осы саланы одан әрі өркендету үшін, мал басын шоғырландыру, қора - жай күтімдерін, оның зоогигиеналық-санитарлық жағдайларын, сапалы азықтандыру және жануарлардың этиологиялық ерекшеліктерін де ескерген жөн.

Қазақстанда төрт түлік мал ішінде қойдың орны бөлек және өзіндік ерекшелігі де жетерлік. Атап айтсақ, қой өте өсімтал, оның дәмді етін, тілді үйірер сүтін, жүнін, адамзат өзінің тіршілік қажеттеріне жарататыны белгілі. Одан басқа мал шаруашылықтары мен қожалықтары үшін, қойды бағу және күту жұмыстары онша көп қиындық келтірмейді. Етке семіртілетін әрбір пішілген тоқтыдан 1кг өсім алуға 4-5 өлшем азық мөлшері кетеді, мұның да дені негізінен алғанда, табиғи өсетін жайылымдардағы шөпті пайдаланудан болады. Оның үстіне, басқа мал жайыла алмайтын алқаптарда, қой өзіне азық тауып, жақсы салмақ қосып, мол өнім береді және арнайы жайылым талғамайды. Қойдың жүні - еліміздің жеңіл өнеркәсібіне қажетті шикізат ретінде, одан жоғары сапалы киім-кешектер дайындалып тігіледі. Оның терісі, әсіресе қаракөл елтірісінен жаға, бас киімдер және жылы, сапалы, әрі әдемі тон тігіледі. Қойдың етіне келсек, олар организмде өте қажетті амин қышқылдарға бай қоректік азық ретінде қолданыс тапқан.

Эхинококкоздың таралуына келсек, бұл індетті ауру ТМД елдерінің қой шаруашылықтарына кеңінен таралған. Эхинококкоз дүние жүзінің бірнеше аймақтары мен елдерінде жиі таралған. Австрияда, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Америкада, Солтүстік Африкада, МХР, Еуропаның оңтүстігінде. ТМД-ның барлық республикаларында, соның ішінде Қазақстан Республикасында да жиі кездеседі. Тірі кезінде диагноз клиникалық белгілеріне және тері ішіндегі аллергиялық реакцияның нәтижесіне қарай қойылады; өлгеннен кейінгі диагноз эхинококк көпіршіктерінің табылуына байланысты қойылады. Зақымданған органдардың тканы семген және органның өзі күрт үлкейген. Эхинококкозды личинка сатысында емдеу әдістері әлі табылған жоқ. Эхинококкозбен күресуде ауру таратып жұқтырушыларды - соңғы және аралық тасымал иелерін құртудың зор маңызы бар [1, 2] .

Курстық жұмыстың мақсаты - жануарлардың эхинококкозына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар шараларын зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1. 1Ветеринария туралы заң

Осы заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды, ветеринариялық- санитариялық қолайлы жағдайды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жем-шөп пен жем-шөптік қоспалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған.

Жалпы ережелер

Осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

сараптама актісі - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілері диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық зертханалар беретін, олардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ оларды пайдалануға ұсынатын құжат;

ветеринариялық препараттарды байқаудан өткізу - ветеринариялық препараттарды ветеринария практикасында пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін, иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында, шектеулі механикалық немесе өндірістік жағдайларда ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен сынақтан өткізу;

ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын зерделеуге, олардың профилактикасында, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сай келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы;

ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің олар пайдаланатын дағдылы жағдайларда жануарлардың жеке адамның денсаулығына қауіп төндірмейтін күйі:

ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және токсиологиялық зерттеулер арқылы тексеруі;

ветеринариялық құжаттар - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық инспекторлар беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлік, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық сипаттама;

ветеринариялық іс шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, емделуін немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға, алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлардың және адамның денсаулығына жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бірегейлендіру рәсімін қоса, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған індетке қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;

ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, ветеринария саласының қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті болып табылатын ветеринариялық іс шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік-құқықтық акт;

ветеринариялық препараттар - жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, олардың өнімділігін арттыру, дезинфекция, дезинсекция және деретизация жасау үшін жануарлардан, өсімдіктерден алынатан немесе синтетикалық заттар, сондай-ақ жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар;

ветеринариялық паспорт - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы құжат, онда жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы, жануарлардың ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері мен сипаты көрсетіледі;

жануарлар ауруларын қоздырушылар - вирустар, бактериялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндіктер, саңырауқұлақтар, гельминттер, кенелер, жәндіктер;

ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеу - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ветеринариялық препараттарды сараптамадан, байқаудан өткізу;

ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізімі - ветерианрия саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шығаратын, мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар туралы мәліметтері бар тізбе;

карантин - індет ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында індет ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ қасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуді немесе тыюды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды бақылайтын жүктердің орнын ауыстыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;

ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы - базарларда және басқа орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі;

ауру бойынша қолайсыз пункт /қолайсыз пункт/- індет ошағы белгіленген аумақ:

ветеринариялық препараттар айналысы - ветеринариялық препараттарды өндіру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткізу, тіркеу сынағынан өткізу, стандарттау, сертификаттау, сапасын бақылау, жарнамалау, сату немесе қолдану;

шектеу іс-шаралары - жануарлар ауруларының таралуына жол бермеу және індет ошағы мен қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға жол өткізу мақсатында шаруашылық байланыстарды ішінара шектеуге және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын ауыстыруды тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкімшілік- шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;

жануарлардың аса қауіпті аурулары - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган анықтайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары;

мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер - жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жем-шөп және жем-шөптік қоспалар;

жануарлардан алынатын өнімдер - тиісінше өңделмей тамаққа пайданылмайтын ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ бал ара шаруашылығының өнімдері;

ветеринариялық препараттарды тіркеу сынағынан өткізу - ветеринариялық препараттардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы уәкілетті әрекеттік орган белгілеген тәртіппен қолданылатын әдістер, әдістемелер кешені;

жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік және өтемелік қызмет - жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендіруді /белгілі бір түр ішіндегі типтік айырмашылықтарды анықтауды/, олардың профилактикасы мен дигностикасы шараларын әзірлеуді қоса жүзеге асыру, сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілікті диагноз қою;

базар - жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жем-шөпті және жем-шөптік қоспаларды сату орнын қоса алғанда, арнайы жабдықталған сауда орны;

жануарлардан алынатын шикізат - жануарлардан алынатын, жануарларды сақтандыруға арналған және /немесе/ өнеркәсіпте пайдаланылатын тері, жүн, түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүиіз, тұяқ және басқа өнімдер;

ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейтін, өз өкілеттігі шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орган;

індет моноторингі - эпизоотиялық зерттеуді және жануарлардың нақты ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген /ұсталған, өсірілген/ аумақтардың табиғи географиялық және экономикалық /шаруашылық/ жағдайлары, жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар тиімділігін талдау және індеттердің немесе эпизоотиялардың пайда болуын, өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық өңдеу;

індет ошағы - жұқпалы аруды қоздырушы көздер, тарататын факторлар және ауруға бейім жануарлар тұрған шектеулі аумақ немесе қора-жай;

індет - белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы;

Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары

1. Қазақстан Республикасының ветернария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ерекшелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қоланылады.

Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер

Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер мыналар:

  1. жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
  2. халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
  3. мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  4. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларын әкелнуі мен таралуынан қорғау;
  5. ветеринариялық препараттардың сапасын бақылау;
  6. жануарлар ауруына қарсы күрес құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылауды қамтамасыз ету;
  7. жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны ластауды алдын алу және оны жою;

ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру [15] .

1. 2 Эхинококкоз ауруының қоздырғышы

Эхинококкоз - бұл антропозоонозды ауру, көбінесе қойларда, ешкілерде, сиырларда, шошқаларда, түйелерде, бұғыларда, жылқыларда және де басқа, паразиттің орталық иелері болып есептелінетін, симптомсыз (белгілері анық білінбейтін) өтетін паразиттік ауру.

Эхинококкозбен адам да ауырады, кейде тіпті өлімге апарып соғуы мүмкін. Бұл ауру таспа құрттардың teaniidae - Echinococcus granulosіs тобының балапан сатысындағы (личиночная стадия) түрімен болады. Олар негізінен бауырда, өкпеде, кейде өте сирек басқа органдар мен тканьдерде орналасады.

Эхинококкоктардың жынысты жетілген сатысындағы (половозрелая стадия) түрлері иттердің, қасқырлар мен шибөрілердің, кей кезде түлкінің де (дефинитивтік иелері) ішектерінің алдыңғы бөлімінде болады да паразиттік өмір кешеді.

Эхинококкоз туралы деректер алғаш рет ертедегі дәрігерлердің еңбектерінде айтылған. Ертедегі Гипократтың өзі ол туралы жазып оны былай деп атаған: «Jecupagna reptulum» (суға толған бауыр) . Ол бүйір қабырғасын тесіп эхинококкоз түйіршегіне қыздырылған темірді басу әдісін ұсынған. Ертедегі ғалымдар эхинококкты кисталарды (түйіршіктер) лимфатикалық тамырлар деп қарап, оларды гидатиттер деп атаған.

Ал 1766 жылы П. С. Поплас эхинококкоктардың паразиттік табиғатын анықтап, олардың имагиналды кезеңін немесе сатысын көрсетіп берді. Е - granulosus, жыртқыштардың ішегінде паразиттік ететіндігін, ал 1786 жылы Бач (Batch) балапан кезеңін (ларвоциттер), адамдар мен тұяқтылардың ткандерінде болатындығын анықтаған. «Эхинококк» терминін ең алғашқы болып 1801 жылы Н. Л. Родельфи кіргізді, ол паразиттің адамға жұғу жолдарын қарастырып, көрсетті.

1833 жылы Зибольд эхинококтық ұрықтың түрін жазып көрсетті. Кейінірек эхинококкоздың пайда болуының байланыстарын ашып, эхинококтың қалта (эхинококоновый пузырь) паразиттің балапан кезеңі екендігін анықтап берді.

Ауру қоздырушысы - Е. granulosus Larva (E. Unil ocujapis) - бір камералы қалта, сұйықтықпен толтырылған [1, 2] .

Қоздырғышы - Есһіnососсus qrаnulоsus - цестодының личинкалары. Жынысы жетілген түрінің ұзындығы 0, 2-0, 6 см, 3-4 мүшесі (бунағы) болады, олар шие бөрінің, иттің, қасқырдың ішектерінің жұқа бөліктерін зақымдайды, Цестоданың личинкалары бір камералы эхинококкоз деп аталады, ол көлемі әр түрлі, іші сұйыққа толы, көпіршік (сыртқы қабығы қалың әрі тығыз келеді) тәрізді. Оның ішкі қабығында көптеген сколекстер пайда болып, ішінде ұрықтары орналасады. Личинкалар ауруға шалдыққыш малдың барлық органдары мен тканьдарын, әсіресе, өкпесі мен бауырын бүлдіре отырып, барлық сүт қоректілерді зақымдайды. Эхинококтың личинкалары адам организмінде де өсіп-өнеді.

Эхинококтың сұйықтық орталық иесінің (промежуточный хозяин) қанының өнімі болып табылады. Ол сколекстер үшін қоректік орта және қорғаушы ролін атқарады. Қалтаның қабырғасы екі қабықтан тұрады: сыртқы - кутикулярды және ішкі - герменативті. Кутикулярды қабықтың түсі сүт сияқты ақ, кейде сарғыштау болады. Ескілеу қалтада оның түрі қараяды да сары түске боялады. Бұл қабық герменативті қабыққа қарағанда мөлдірлеу және пластинкалардан тұрады. Химиялық құрамы бойынша хитинге ұқсас. Герменативті қабық немесе ұрықтық қабық қалта ішінің қуысының айналасын жауып тұрады, жіңішке, әлсіз және эмбрионалды тканьге ұқсайды. Ол қабық шығарғыш капсулаларын жасап шығаруға, оларды ұрықтық сколекстерін жасауға және де екінші қалталарды да жасауға қабілетті. Кейде бұл қабықтың элементтері кутикуланың қабаттарының арасымен сыртқы ортаға өтіп, екінші қалталардың экзогендік жетілуіне жақсы жағдай жасайды. Шығарғыш капсулалар герменативті қабықтың өсінділері болып, сол жерде сколекстердің жыныстық жетілген кезеңін құрайды [2, 3] .

Шығарушы капсулалар мен жеке сколекстер бір жағдайларда герменативті қабықтан бөлініп шығып, аналық қалта қуысында еркін жүзіп немесе көп мөлшерде түбіне жиналып гидатидозды құмдарды түзеді. Кейде ларвоцистің ішінде екінші қалталар (дочерние), ал оның ішінде өз кезегімен үшінші (внучатые) қалталар түзеді де, дәл сол жерде шығарушы капсулалар мен сколекстер пайда болуы мүмкін. Бұл қалталар тек қана аналық қалталарда ғана емес (эндогендік), сонымен қатар, оның сыртқы (экзогенді) қалталарында да түзіліп, соңынан олар бүйіріледі. Эхинококтық қалталардың көлемі әрең көрінетін түрлерімен қоса, кейде жаңа туған баланың басындай көлемде де бола береді. Негізінен домалақ, кейде органдар мен орналасу орнына қарай әр түрлі болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эхинококкоз ауруының диагностикасы
Қой негізінен жайылым малы
Ірі қара эхинококкозы
Эхинококк құрттарының иттерде таралуы
Бұзау туберкулезі ауруының диагностикасы мен сауықтыру шаралары
Таспа құрттардың барлығы биогельминттер
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Ірі қара малының аусыл кезінде ветеринариялық шараларды ұйымдастыру
Пастереллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Мал шаруашылығындағы жүргізілетін ветеринариялық – санитариялық іс-шаралар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz