Жұғымтал эктима ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар



Нормативтік сілтемелер
Қысқартулар мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2 Жұғымтал эктима ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3 Жұғымтал эктима ауруының этиологиялық деректері ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.4 Жұғымтал эктима ауруы індеттік деректері және клиникалық белгілері ... ..17
1.5 Жұғымтал эктима ауруының диагнозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
1.6 Жұғымтал эктима ауруымен күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
3 Техникадық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Тақырыптың өзектілігі. Ел басының алға қойған мақсаты - әлемдегі алдыңғы қатардағы 50 мемлекеттердің қатарына қосылуда, мал шаруашылығын жедел өркендетіп, одан алынатын сапалы өнімдерді көбейту осы күннің өзекті мәселесі.
Осыған орай мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізге қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу, жануарларды тиімді пайдалану – бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі.
Нарықтық экономикаға көшуге байланысты халқымыз ежелден малмен айналысқандықтан, осы саланы одан әрі өркендету үшін, мал басын шоғырландыру, қора-жай күтімдерін, оның зоогигиеналық–санитарлық жағдайларын, сапалы азықтандыру және жануарлардың этиологиялық ерекшеліктерін де ескерген жөн.
Қазақстанда төрт түлік мал ішінде қойдың орны бөлек және өзіндік ерекшелігі де жетерлік. Атап айтсақ, қой өте өсімтал, оның дәмді етін, тілді үйірер сүтін, жүнін, адамзат өзінің тіршілік қажеттеріне жарататыны белгілі. Одан басқа мал шаруашылықтары мен қожалықтары үшін, қойды бағу және күту жұмыстары онша көп қиындық келтірмейді. Етке семіртілетін әрбір пішілген тоқтыдан 1кг өсім алуға 4-5 өлшем азық мөлшері кетеді, мұның да дені негізінен алғанда, табиғи өсетін жайылымдардағы шөпті пайдаланудан болады. Оның үстіне, басқа мал жайыла алмайтын алқаптарда, қой өзіне азық тауып, жақсы салмақ қосып, мол өнім береді және арнайы жайылым талғамайды. Қойдың жүні – еліміздің жеңіл өнеркәсібіне қажетті шикізат ретінде, одан жоғары сапалы киім-кешектер дайындалып тігіледі. Оның терісі, әсіресе қаракөл елтірісінен жаға, бас киімдер және жылы, сапалы, әрі әдемі тон тігіледі. Қойдың етіне келсек, олар организмде өте қажетті амин қышқылдарға бай қоректік азық ретінде қолданыс тапқан.
Жұғымтал эктима (Есthima contagiosa) – инфекциялық пустулезді стоматит, індетті стоматит, престоматит болып та аталады. Аурудың негізгі мінездемесі ауыздың кілейгейлі қабықтары, ерін мен сирақтың терілерін сүйел басып, қабыршақтануы және желін мен жыныс мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін, кең тараған, жіті өтетін жұғымтал вирусты ауру.
Жұғымтал эктима – Ecthyma contagiosum (син.контагиозды эктима, қара сүйел) ¬¬– ешкі мен қойдың жіті түрде өтетін ауруы. Бұл теріде, баста, ерінде, желінде, аяқта және ауыз қуысының кілегейлі қабығында – түйін, везикула, пустула (іріңді күлдіреуік), қабыршық пайда болуымен сипатталады.
Бұл ауру ерте заманнан-ақ белгілі, мұны алғашқы рет 1787 жылы Стееб ауыз қотыры деген атпен ашқан. Ауру барлық елдерде қой шаруашылығы мен ешкі шаруашылығының дамуымен қатар дамыған.
Курстық жұмыстың мақсаты – жұғымтал эктима ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын зерттеу.
1 Сайдулдин, Т.С. Ветеринариялық іңдеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін, Том 1,2. / Т.С.Сайдулдин - Алматы: Санат,1999.-121б.
2 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін / Е.И. Қасымов - Алматы: Қайнар, 1992. – 134б.
3Носков Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов / Н.М. Носков - Москва: 1961.- 54с.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: (изд. третье), учебник для вузов / А.А.Поляков – Москва: Колос, 1964.-1126б.
5 Покров, М.И. Рекомендации по методике эпизоотологического исследования: /М.И.Покров - Москва: Колос, 1975.- 56с.
6 Сайдулдин, Т.С. Основы серологии: учебник для вузов / Т.С.Сайдулдин - Алма-ата: Кайнар,1992. -43с.
7 Осидзе, М. Инфекционные болезни животных: справочник /Под редакцией М. Осидзе - М: Агропромиздат, 1987.- 137с.
8 Байрак В.А. Практикум по ветеринарной микробиологии: учебное пособие для вузов / В.А. Байрак , В.М. Беляев –Москва: Колос, 1980.-183с.
9 Степин, В.С. Компоненты клеточного иммунитета в зависимости от способа введения вакцины /В.С.Степин, Л.М. Проскурина - Вестник сельскохозяйственных науки Казахстана, 1986. - № 4, 61с.
10 Кононов, И.М. Ветеринарлық анықтама / И.М. Кононов - Москва: 1984.-18с.
11 Сысоев, А.А. Физиология размножения сельскохозяйственных животных: учебник для вузов / А.А. Сысоев - М.,1978. -142с.
12 Құрманова, К. Адамға малдан жұғатын аурулар: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін / К.Құрманова - Алматы: Санат, 2000.-155б.
13 Ильясов, Б.К. Алғашқы ветеринарлық жәрдем: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін / Б.К.Ильясов- Алматы: Нур- Принт, 2000.- 64б.
14Арзымбетов Д.Е.Ветеринария ісін ұйымдастыру: Ауыл шаруашылық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық /Арзымбетов Д.Е., Орынтаев Қ.Б., Қанатбеков Т.И. –Алматы, 2009.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Қысқартулар‭ ‬мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1Жануарлар ауруларының,‭ ‬оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2‭ ‬Жұғымтал‭ ‬эктима ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

1.3‭ ‬Жұғымтал эктима ауруының‭ ‬этиологиялық‭ ‬деректері ... ... ... ... ... ... . ... ... 15
1.4‭ ‬Жұғымтал эктима ауруы індеттік деректері және клиникалық белгілері ... ..17
1.5‭ ‬Жұғымтал эктима ауруының диагнозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 0
1.6‭ ‬Жұғымтал эктима ауруымен күресу‭ ‬шаралары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .21
2‭ ‬Өзіндік‭ ‬зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
3‭ ‬Техникадық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

‭ ‬Аннотация


Ветеринария ісін ұйымдастыру‭ ‬пәнінен‭ ‬ Жұғымтал эктима ауруына‭ ‬қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар‭ ‬тақырыбына жазылған‭ ‬курстық жұмыс‭ ‬30‭ ‬ беттен тұрады.‭ ‬Бұл‭ ‬курстық жұмыста кіріспе,‭ ‬негізгі бөлім,‭ ‬өзіндік зерттеу,‭ ‬техникалық қауіпсіздік,‭ ‬қорытынды және‭ ‬пайдаланылған‭ ‬әдебиеттер тізімі‭ ‬ қарастырылған.

Нормативтік сілтемелер

Осы‭ ‬курстық жұмыста келесі‭ ‬құжаттарға сілтеме жасалған.‭
МемСТ‭ ‬2.104‭ ‬-2006‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.Негізгі‭ ‬жазбалар.
МемСТ‭ ‬2.301‭ ‬-68‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.Форматтар.
МемСТ‭ ‬2.601‭ ‬-2006‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.Пайдалану‭ ‬құжаттары.
МемСТ‭ ‬2.304-81‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.Сызбалық‭ ‬шрифттер.
МемСТ‭ ‬2.701-84‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.Схемалар.Түрлері‭ ‬мен‭ ‬типтері.Орындауға‭ ‬қойылатын‭ ‬жалпы‭ ‬талаптар.
МемСТ‭ ‬2.321-84‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.Әріптік‭ ‬белгілеу.
МемСТ‭ ‬12.1.008-76‭ ‬Еңбекті‭ ‬қорғаудың стандартты жүйесі.‭ ‬Биологиялық‭ ‬қауіпсіздігі
МемСТ‭ ‬2888-68‭ ‬-‭ ‬Ветеринарлық термометр
МемСТ‭ ‬ 16445-78‭ ‬-‭ ‬Комплементті байланыстыру реакциясына‭ ‬қажетті‭ ‬қан сарысуы
МемСТ‭ ‬1770-74‭ ‬-‭ ‬Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар.‭ ‬Цилиндрлер,‭ ‬мензуркалар,‭ ‬колбалар,‭ ‬пробиркалар
МемСТ‭ ‬ 5556-81-‭ ‬Гигроскопиялық медициналық мақта.‭ ‬Техникалық жағдайлар
МемСТ‭ ‬ 5962-67‭ ‬-‭ ‬Этил спирті.‭ ‬Техникалық жағдайлар.
МемСТ‭ ‬ 6709-72‭ ‬-‭ ‬Дистилденген су.‭ ‬Техникалық жағдайлар
МемСТ С‭ ‬ 9147-80‭ ‬-‭ ‬Лабораториялық ыдыстар және‭ ‬қондырғылар.‭ ‬Шынылы,‭ ‬фарфорлы.‭ ‬Техникалық жағдайлар
МемСТ‭ ‬20730-75‭ ‬-‭ ‬Қоректік орта‭ (‬ветеринарлық мақсаттар‭ ‬үшін‭)‬.‭ ‬Техникалық жағдайлар
МемСТ‭ ‬ 24861-91‭ ‬-‭ ‬Бір реттік инъекциялы шприцтер
МемСТ‭ ‬26678-85‭ ‬-‭ ‬Тоңазытқыштар және мұздатқыштар.‭ ‬Жалпы техникалық жағдайлар
МемСТ‭ ‬ 28085-89‭ ‬-‭ ‬Биологиялық препараттар
МемСТ‭ ‬ 26670‭ – ‬91-‭ ‬Өсіру‭ ‬әдістері
МемСТ‭ ‬ 26668‭ – ‬95‭ – ‬Сынама алу‭
МемСТ‭ ‬7636‭ – ‬85‭ – ‬Сынама алу‭ ‬әдістері.‭ ‬Сынаманы зерттеуге дайындау‭

Анықтамалар‭

Осы‭ ‬курстық жұмыста‭ ‬ төмендегі‭ ‬анықтамалар‭ ‬ қолданылды:
Жұғымтал эктима‭ (‬Есthima contagiosa‭) – ‬инфекциялық пустулезді стоматит,‭ ‬індетті стоматит,‭ ‬престоматит болып та аталады.‭ ‬Аурудың негізгі мінездемесі ауыздың кілейгейлі қабықтары,‭ ‬ерін мен сирақтың терілерін сүйел басып,‭ ‬қабыршақтануы және желін мен жыныс мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін,‭ ‬кең тараған,‭ ‬жіті өтетін жұғымтал вирусты ауру.‭
Дезинфекция‭ – ‬микроорганизмдерге қарсы шара‭
Дератизация‭ – ‬кеміргіштерге қарсы шара
Инактивация‭ – ‬вирустардың жұқпалылығын әлсірету
Иммунитет‭ – ‬организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті
Стоматит‭ ‬-‭ ‬ауыз қуысының кілегей қабығының қабынуы
Жұғымтал эктима‭ ‬– инфекциялық пустулезді стоматит
Пустулалар‭ ‬-‭ ‬күлдіреуіктер
Стерильді иммунитет‭ ‬-‭ ‬ауырып жазылғаннан соң организм микробтан‭ ‬мүлде‭ ‬арылып‭ ‬иммунитет қалыптасуы
Стерильсіз иммунитет‭ ‬-‭ ‬аурудан жазылған соң организм микроб алып жүруші болып қалуы
Премунция‭ ‬-‭ ‬микроб сақталған жағдайда ғана болатын стерильсіз‭ ‬иммунитеті
Трансовариальді иммунитет‭ ‬-‭ ‬бұл жұмыртқа арқылы қалыптасқан иммунитет
Колостральды‭ ‬иммунитет‭ – ‬уыз арқылы берілген иммунитет
Биологиялық сынама‭ – ‬ауруды зертханалық жануарларға жұқтыру арқылы диагноз қою
Дезтосқауыл‭ ‬-‭ ‬ферманың‭ ‬өндірістік аймағына көлік‭ ‬қақпаның аузындағы дезинфекциялық тосқауыл арқылы‭ ‬өтеді



Қысқартулар мен белгілер

Курстық‭ ‬жұмыста төмендегідей қысқартулар мен белгілеулер келтірілген:
ҚР-‭ ‬Қазақстан Республикасы
0с‭ ‬– цельсия бойынша градус
%‭ ‬-‭ ‬пайыз
см‭ ‬– сантиметр
мм‭ ‬– миллиметр
кг‭ ‬–килограмм
Х‭ ‬–арифметикалық орта көрсеткіш
рН‭ ‬–сутегі иондарының концентрациясы
АК‭ ‬– авторлық куәлік
См2‭ ‬– квадратты сантиметр
мин.‭ – ‬минут
сағ.‭ – ‬сағат
мм‭ – ‬миллиметр
нм‭ – ‬нанометр
км‭ – ‬километр
мкм‭ – ‬микрометр
мкл‭ – ‬микролитр
г‭ – ‬грамм
мг‭ – ‬миллиграмм
л‭ – ‬литр
мл‭ – ‬миллилитр
АШМ‭ – ‬Ауылшаруашылық Министрлігі

‭ ‬Ф.7.04-03‭

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

‭ ‬М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

‭ __________________________‬кафедрас ы

‭ ___________________________________ ‬пәні бойынша‭

Курстық жұмыс

Пәні‭ ___________________________________ ____________________
Жұмыс‭ ‬тақырыбы:‭________________________ _____________________
Мамандығы:‭________________________ _________________________

Орындаған‭ _______________________________
(студенттің аты жөні,тобы‭)
Жетекші‭ ___________________________________ __________
(оқытушының аты‭ – ‬жөні,ғылыми дәрежесі,‭ ‬атағы‭)

Жұмыс‭ ____________
бағасы
бағасына қорғалды
‭_____________‬2016ж.

Норма бақылау:
‭_______________
қолы,‭ ‬аты‭ – ‬жөні‭

Комиссия:
‭_______________
қолы,аты‭ – ‬жөні‭
_______________
қолы,аты‭ – ‬жөні

‭ ‬ Шымкент‭ ‬2016ж.‭

Ф.‭ ‬7.‭ ‬05‭ – ‬04‭
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

‭ ______________________________‬кафедрас ы

‭ ‬Бекітемін‭
Каф.меңгерушісі‭ __
_________2016ж.‭

№____Тапсырмасы

‭ ___________________________________ ‬пәні бойынша курстық жұмыс
Студент‭ _______________________________
(тегі,аты-жөні‭)
Жұмыс‭ ‬тақырыбы‭ ___________________________________ ___________

Бастапқы мәліметтер‭ ____________‬______________________ ________


Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу‭
мерзімі
‭ ‬Көлемі‭
(парақ саны‭)
1

2

3

4

5

6

Ұсынылған әдебиеттер:‭ ‬1.‭___________________________________ _______________________
2.‭___________________________________ _______________________
3.‭___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні‭ _________‬жұмысты‭ ‬қорғау күні‭________________

Жұмыс жетекшісі‭ ___________________________________ ______________
(қызметі,‭ ‬тегі,аты‭ – ‬жөні,‭ ‬қолы‭)
Тапсырманы орындауға қабылдаған‭________________________ _______‬
( күні,‭ ‬студенттің қолы‭)
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.‭ ‬Ел басының‭ ‬алға қойған мақсаты‭ ‬-‭ ‬әлемдегі алдыңғы қатардағы‭ ‬50‭ ‬мемлекеттердің қатарына қосылуда,‭ ‬мал шаруашылығын жедел өркендетіп,‭ ‬одан алынатын сапалы өнімдерді көбейту осы күннің өзекті мәселесі.
Осыған орай мемлекетіміздің мал шаруашылығын,‭ ‬оның ішінде мал,‭ ‬құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып,‭ ‬елімізге қажетті азық-түлік,‭ ‬өндіріске керекті шикізаттар алу,‭ ‬жануарларды тиімді‭ ‬пайдалану‭ – ‬бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі.
Нарықтық экономикаға көшуге байланысты халқымыз ежелден малмен айналысқандықтан,‭ ‬осы саланы одан әрі өркендету үшін,‭ ‬мал басын шоғырландыру,‭ ‬қора-жай күтімдерін,‭ ‬оның зоогигиеналық–санитарлық жағдайларын,‭ ‬сапалы азықтандыру және жануарлардың этиологиялық ерекшеліктерін де ескерген жөн.
Қазақстанда төрт түлік мал ішінде қойдың орны бөлек және өзіндік ерекшелігі де жетерлік.‭ ‬Атап айтсақ,‭ ‬қой өте өсімтал,‭ ‬оның дәмді етін,‭ ‬тілді үйірер сүтін,‭ ‬жүнін,‭ ‬адамзат өзінің тіршілік қажеттеріне жарататыны белгілі.‭ ‬Одан басқа мал шаруашылықтары мен қожалықтары үшін,‭ ‬қойды бағу және күту жұмыстары онша көп қиындық келтірмейді.‭ ‬Етке семіртілетін әрбір пішілген тоқтыдан‭ ‬1кг өсім алуға‭ ‬4-5‭ ‬өлшем азық мөлшері кетеді,‭ ‬мұның да дені негізінен алғанда,‭ ‬табиғи өсетін жайылымдардағы шөпті пайдаланудан болады.‭ ‬Оның үстіне,‭ ‬басқа мал жайыла алмайтын алқаптарда,‭ ‬қой өзіне азық тауып,‭ ‬жақсы салмақ қосып,‭ ‬мол өнім береді және арнайы жайылым талғамайды.‭ ‬Қойдың жүні‭ – ‬еліміздің жеңіл өнеркәсібіне қажетті шикізат ретінде,‭ ‬одан жоғары сапалы киім-кешектер дайындалып тігіледі.‭ ‬Оның терісі,‭ ‬әсіресе қаракөл елтірісінен жаға,‭ ‬бас киімдер және жылы,‭ ‬сапалы,‭ ‬әрі әдемі тон тігіледі.‭ ‬Қойдың етіне келсек,‭ ‬олар организмде өте қажетті амин қышқылдарға бай қоректік азық‭ ‬ретінде қолданыс тапқан.‭
Жұғымтал эктима‭ (‬Есthima contagiosa‭) – ‬инфекциялық пустулезді стоматит,‭ ‬індетті стоматит,‭ ‬престоматит болып та аталады.‭ ‬Аурудың негізгі мінездемесі ауыздың кілейгейлі қабықтары,‭ ‬ерін мен сирақтың терілерін сүйел басып,‭ ‬қабыршақтануы және желін мен жыныс мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін,‭ ‬кең тараған,‭ ‬жіті өтетін жұғымтал вирусты ауру.‭
Жұғымтал эктима‭ ‬– Ecthyma contagiosum‭ (‬син.контагиозды эктима,‭ ‬қара сүйел‭) – ‬ешкі мен қойдың жіті түрде өтетін ауруы.‭ ‬Бұл теріде,‭ ‬баста,‭ ‬ерінде,‭ ‬желінде,‭ ‬аяқта және ауыз қуысының кілегейлі қабығында‭ – ‬түйін,‭ ‬везикула,‭ ‬пустула‭ (‬іріңді күлдіреуік‭)‬,‭ ‬қабыршық пайда болуымен сипатталады.
‭ ‬Бұл ауру ерте заманнан-ақ белгілі,‭ ‬мұны алғашқы рет‭ ‬1787‭ ‬жылы Стееб ауыз қотыры деген атпен ашқан.‭ ‬Ауру барлық елдерде қой шаруашылығы мен ешкі шаруашылығының дамуымен қатар дамыған.
Курстық жұмыстың мақсаты‭ – ‬жұғымтал эктима‭ ‬ауруына‭ ‬қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын зерттеу.
1Негізгі бөлім

1.1Жануарлар ауруларының,‭ ‬оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою

Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының,‭ ‬оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері
Жеке және заңды тұлғалар:
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдармен белгіленген жануарлар ауруларының алдын алуды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық ережелерді сақтай отырып,‭ ‬ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға‭;
Зоопарктердегі,‭ ‬цирктердегі,‭ ‬омарталардағы,‭ ‬аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда,‭ ‬жануарлардың ветеринариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұсталуын,‭ ‬өсірілуін және пайдалануын жүзеге асыруға‭;
Аумақты,‭ ‬мал шаруашылығы қора-жайларын,‭ ‬сондай-ақ жемшөпті,‭ ‬жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және өндеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұстаған,‭ ‬қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге‭;
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауға,‭ ‬өндіруге,‭ ‬пайдалануға,‭ ‬дайындауға,‭ ‬сақтауға,‭ ‬өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерін орналастыру,‭ ‬салу,‭ ‬қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде,‭ ‬сондай-ақ оларды тасымалдау кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық талаптарды сақтауға‭;
Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық паспорттарды рәсімдеуді қамтамасыз етуді‭;
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар,‭ ‬туған төлдер,‭ ‬олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға‭;
Ветеринариялық мамандарға олардың талап етуі бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егуді жүзеге асыру үшін жануарларды беруге‭;
Бірнеше жануар кенеттен өлген,‭ ‬бір мезгілде ауырған немесе ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық‭ ‬мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға‭;
Ветеринариялық инспекторларға мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ветеринариялық тексеру үшін кедергісіз беруге‭;
Ветеринариялық инспекторлардың жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді залалсыздандыру,‭ ‬өңдеу жөніндегі талаптарын орындауға‭;
Союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей жануарларды өткізу үшін союға және сойғаннан кейінгі ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге‭;
Ветеринариялық мамандарға өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына жәрдем көрсетуге‭;
Жаңа,‭ ‬жетілдірілген ветеринариялық препараттарға жасалған ғылыми-техникалық құжаттаманы ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге міндетті.
Ветеринариялық іс-шаралар
1.Ветеринариялық іс-шаралар:
ануарлар мен ортақ ауруларды қоса алғанда,‭ ‬жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу,‭ ‬жануарлардың,‭ ‬жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың,‭ ‬ветеринариялық препараттардың,‭ ‬жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ұсталынуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткізілетін іс-шаралар‭;
Шектеу іс-шараларын немесе карантинді қоса алғанда,‭ ‬жануарлардың аса қауіпті ауруларын жою және олардың таралуын алдын алу мақсатымен індет ошағында және қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар болып бөлінеді.
Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді,‭ ‬жеке және заңды тұлғалардың оны орындауы міндетті болып табылады.
Шектеу іс-шаралары және карантин
Шектеу іс-шаралары немесе карантин жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда,‭ ‬тиісті аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының нұсқауы бойынша,‭ ‬жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленеді.
Жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленетін жұқпалы ауруының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
Ветеринариялық іс-шаралары кешені өткізілген жағдайда,‭ ‬шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімді тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
Тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органның шешімімен карантин тақтартылғаннан кейін Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында көзделген жағдайларда шектеу іс-шаралары белгіленуі мүмкін.
Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры
Індет ошақтарын жою және жануарлардың Қазақстан Республикасының үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген аса қауіпті ауруларының таралу қауіпінің алдын алу кезінде пайдаланылатын,‭ ‬үнемі жаңартылып отыратын ветеринариялық препараттардың республикалық қоры болып табылады.
Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры бюджеттік бағдарламалар шеңберінде сатып алынған ветеринариялық препараттар көлемінен жасалады.‭ ‬Ветеринариялық препараттардың түрлері бойынша қордың нормативін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Ветеринарялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру мен пайдалану тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Ветеринариялық нормативтер
Ветеринариялық нормативтер‭ (‬ветеринариялық,‭ ‬ветеринариялық-санитариялық немесе зоогигиеналық нормалар‭) ‬ветеинариялық немесе ветеринариялық-санитариялық факторды жануарлардың және адамның денсаулығына,‭ ‬қоршаған ортаға қауіпсіздігі тұрғысынан сипаттайтын көрсеткіштердің жол беруге болатын сандық немесе сапалық мәнін белгілейді.
Ветеринариялық нормативтер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жүргізілетін зерттеулер негізінде белгіленеді.
Ветеринариялық нормативтер індеттердің объективті және негізделген монитарингін жүргізу,‭ ‬ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайда қол жеткізуге арналған ветеринариялық іс-шаралардың көлемі мен сипатын жоспарлау,‭ ‬сондай-ақ жануарлар ауруларының пайда болу,‭ ‬таралу және оларды жою мүмкіндіктерін болжау үшін негіз болып табылады.
Ветеринариялық нормативтерді ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді және олар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді алып қою,‭ ‬жою,‭ ‬залалсыздандыру(зарарсыздандыру‭) ‬және өңдеу
Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар,‭ ‬жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат,‭ ‬олардың қауіптілік дәрежесіне қарай,‭ ‬ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тәртіппен міндетті түрде алып қоюға және жойылуға,‭ ‬не алып қойылмай міндетті түрде залалсыздандырылуға және өңдеуге тиісі.
Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды,‭ ‬жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды,‭ ‬жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты,‭ ‬ветеринариялық препараттарды,‭ ‬жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай-ақ,‭ ‬міндетті түрде залалсыздандырлуға және өңдеу жүргізілетін жануарлар ауруларының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды,‭ ‬жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою салдарынан өздеріне келтірілген залалды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен өтеттіруге құқығы бар.
Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауды,‭ ‬өсіруді,‭ ‬пайдалануды,‭ ‬өндіруді,‭ ‬дайындауды,‭ ‬сақтауды,‭ ‬өңдеуді,‭ ‬тасымалдау мен өткізуді жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау тәртібін Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органымен келісе отырып,‭ ‬ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Ауылшаруашылық жануарларын,‭ ‬базарларды,‭ ‬мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өндіру,‭ ‬дайындау,‭ ‬сақтау,‭ ‬өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарды бірдейлендіру
Ауылшаруашылық жануарлары ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының класификациясы мен диагностикас жөніндегі ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау мақсатымен әрбір жануарға қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретіндей міндетті бірдейлендіруге тиіс.
Базарлар,‭ ‬жануарларды өндіру,‭ ‬дайындау,‭ ‬жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты,‭ ‬ветеринариялық препараттардың,‭ ‬жемшөп пен жемшөптік қоспаларды сақтау,‭ ‬өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдар мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің Қазақстан Респулликасының ветеринаария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен бірдейлендіруге тиіс.
Базарларды және жануарларды өндіру,‭ ‬дайындау,‭ ‬жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты,‭ ‬ветеринариялық препараттарды,‭ ‬жемшөп пен жемшөптік қоспаларды сақтау,‭ ‬өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарды бірдейлендіру тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер және ветеринария мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметі
Ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер
Жануарларды пайдалану рәсімдерін,‭ ‬сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер жүргізілетін үй-жайлар мен аумақтарды қоса алғанда,‭ ‬ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының‭ ‬ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сай болуы керек.
Ғылыми-зерттеулер нәтижесінде әзірленген немесе жетілдірілген ветеринариялық препараттардың,‭ ‬жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатымен олар байқаудан өткізілуі тиіс.
Микроорганизмдердің Қазақстан Республикасында бар,‭ ‬сондай-ақ ғылыми-зерттеулер нәтижесінде,‭ ‬жануарлар ауруларының диагностикасы кезінде алынған штаммдарды ветеринарияда пайдаланатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық‭ ‬коллекциясында сақталуы тиіс‭ [‬14‭]‬.

1.2‭ ‬Жұғымтал эктима ауруы

Жұғымтал эктима‭ (‬Есthima contagiosa‭) – ‬инфекциялық пустулезді стоматит,‭ ‬індетті стоматит,‭ ‬престоматит болып та аталады.‭ ‬Аурудың негізгі мінездемесі ауыздың кілейгейлі қабықтары,‭ ‬ерін мен сирақтың терілерін сүйел басып,‭ ‬қабыршақтануы және желін мен жыныс мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін,‭ ‬кең тараған,‭ ‬жіті өтетін жұғымтал вирусты ауру.‭
Жұғымтал эктима‭ ‬– Ecthyma contagiosum‭ (‬син.контагиозды эктима,‭ ‬қара сүйел‭) – ‬ешкі мен қойдың жіті түрде өтетін ауруы.‭ ‬Бұл теріде,‭ ‬баста,‭ ‬ерінде,‭ ‬желінде,‭ ‬аяқта және ауыз қуысының кілегейлі қабығында‭ – ‬түйін,‭ ‬везикула,‭ ‬пустула‭ (‬іріңді күлдіреуік‭)‬,‭ ‬қабыршық пайда болуымен сипатталады.
‭ ‬Бұл ауру ерте заманнан-ақ белгілі,‭ ‬мұны алғашқы рет‭ ‬1787‭ ‬жылы Стееб ауыз қотыры деген атпен ашқан.‭ ‬Ауру барлық елдерде қой шаруашылығы мен ешкі шаруашылығының дамуымен қатар дамыған.
‭ ‬Қоздырушысы.‭ ‬1921‭ ‬жылы француз ғалымы Эйно бұл аурудың вирусты этиологиясын анықтады.‭ ‬Қоздырушы Parapoxvirus туыстығы Poxviridae тұқымдастығының өкілі.‭ ‬Қысқа таяқ тәрізді пішіні бар,‭ ‬мөлшері‭ ‬250нм.
‭ ‬Вирус кептіруге өте төзімді,‭ ‬бекітілген ампулада‭ ‬6‭ ‬жылға дейін,‭ ‬бөлме температурадағы қабыршақта‭ ‬15‭ ‬жылға дейін,‭ ‬қида‭ – ‬200‭ ‬күн,‭ ‬жайылымда‭ ‬270‭ – ‬300‭ ‬күнге дейін сақталады.‭ ‬Ультракүлгін сәулесі әсерінен де шыдамды.‭ ‬Вирус қайнатқанда‭ ‬1‭ ‬минутта-ақ өледі.‭ ‬Фенол,‭ ‬формалин,‭ ‬қышқылдар,‭ ‬сілтілер вирусты инактивтендіреді.
‭ ‬Вирустың антигендік құрылымы әлі зерттелмеген.‭ ‬Ағзада вирусқа қарсы комплементті байланыстырушы,‭ ‬преципитиндеуші,‭ ‬гемагглютиндейтін және вирусты бейтараптандыратын антиденелер синтезделеді.‭
Бұлар эпителиотропты вирустар,‭ ‬қара сүйел вирустың репродукциясы басқа да поксвирустар сияқты өтеді.‭ ‬Морфогенезі вирусты фабрикада жүреді.‭ ‬Вирустың элементарлы бөлшектері‭ (‬денешіктері‭) ‬клетка ішінде және сыртында Морозов әдісімен бояғанда,‭ ‬жағындыда жақсы байқалады.
‭ ‬Вирус клетка себіндісінде жақсы өсіп-өнеді.‭ ‬Бұл үшін қозы бүйрегін,‭ ‬қой мен ірі қара эмбрионын,‭ ‬тері және енді пайдаланады.‭ ‬Вирусты тышқанның жаңа туған балаларына жұқтырыпта өсіреді.‭
Алдын ала балаудың әдістері:
‭ ‬1.Эпизоотологиялық‭ – ‬барлық жастағылары ауырады,‭ ‬көбіне‭ ‬4‭ ‬күнмен‭ ‬10‭ ‬айлық арасындағы қозылар мен лақтар.‭ ‬Аурудың стационарлы ошағы болады.
‭ ‬2.Клиникалық‭ – ‬қозыларда ауыз қуысының кілегейлі қабығы,‭ ‬бас терісі аумағы,‭ ‬ерін аумағы,‭ ‬желін аумағы және ішкі жамбастың бетінде жарақаттар пайда болады.‭ ‬Алғашқыда қызарып,‭ ‬сосын ісініп,‭ ‬теріде ісіктер және түйіндер пайда болады.‭ ‬Кейде тұяқ араларында жарақаттар кездеседі.
‭ ‬3.Патологиялық-анатомиялық өзгерістер теріде және ауыздың кілегейлі қабығынды эрозия және некротикалық ошақтар пайда болады.
‭ ‬Зертханалық балау.‭ ‬Вирустың индикациясы:
‭ ‬1.Микроскоптық зерттеу‭ – ‬мұнда,‭ ‬Морозов әдісі бойынша боялған жағынды да вирустың элементарлық денешіктері байқалады.‭ ‬Вириондар жарық микроскопында жеке-жеке шашылып жатқан шар тәрізді көрінеді.
‭ ‬2.Гистопрепаратта арнамалы вирус-денешіктерін көру арқылы жүргізіледі.
‭ ‬3.Биосынаманы‭ – ‬3-6‭ ‬айлық қозыларға,‭ ‬лақтарға қояды,‭ ‬теріні инемен жыртып вирусты скарификациялайды.
‭ ‬4.Электронды микроскопта‭ – ‬вирустардың пішіні,‭ ‬көлемі,‭ ‬құрылымы анықталады.
‭ ‬Вирустың серологиялық идентификациясы БР,‭ ‬ДПР және КБР‭ –‬да жүзеге асады.‭ ‬Ретроспективтік балауы әлі жүзеге асырылмаған.
‭ ‬Ажыратып балау.‭ ‬Қара сүйелді шешектен,‭ ‬аусылдан,‭ ‬некробактериоздан,‭ ‬катаральды қызбадан,‭ ‬жаралы және микотикалық дерматиттен ажырата білу керек.
‭ ‬Иммунитет және арнамалы дауалау.‭ ‬Ауырып жазылған малдарды‭ ‬1‭ ‬жылға дейін иммунитет пайда болады.‭ ‬Ол арнамалы дауалау үшін культуралы вакциналар қолданылады.
Р.Ф.Сосов‭ ‬(2‭) ‬бойынша қой және ешкінің жұғымтал эктимасы ойылымды дерматит,‭ ‬жұғымтал ойылымды стоматит немесе ауыз қуысының кілегейлі қабығында,‭ ‬еріннің терісінде сүйел,‭ ‬көпіршіктенген-ойылымдармен мінезделетін вирустық ауру.
Қой және ешкінің жұғымтал эктимасының қоздырғышы вирус,‭ ‬ауыз қуысының кілегейлі қабығында,‭ ‬ерін терісінде,‭ ‬аяқта,‭ ‬желінде,‭ ‬жыныс мүшесінде сүйелденген көпіршік,‭ ‬кейіннен қабыршықтанатын патологиялық үрдіспен сыйпатталатын және жіті өтетін инфекциялық ауру‭ ‬[1,3,4‭]‬.‭
А.К.Строговтың деректері бойынша аурудың клиникалық белгілері туралы алғашқы жазба мәліметті англияда‭ ‬1787ж.‭ ‬Стиб берген.
Гутира мен марек ауырған малдан В.Necrobacterum микробын бөліп алды да,‭ ‬содан бері бұл ауруды барлық жерде некробактериоз ретінде қабылдап келді.
1921‭ ‬жылы Францияда Эйно жұғымтал эктиманың нағыз қоздырушы вирусын бөліп алып,‭ ‬одан вакцина даярлады.
Француз ғалымдары Aynaud‭ (‬1921-1923‭) ‬алғашқылардың бірі болып жоғарыда аталған ауруды қойдың жұғымтал пустулезді стоматиті екенін және оның қоздырғышын эксперименталдық әдіспен вирус екенін дәлелдеді.‭ ‬Кейіннен басқа авторларда‭ ‬Aynaud ашқан аурудың бүкіл дүние жүзінде таралғанын жариялаған.
ТМД елдерінде қойдың жұғымтал эктимасы ұзақ уақыт бойы некробактериозбен шатастырылып,‭ ‬басқа аттармен белгілі болды Орловский,‭ ‬Андреев,‭ ‬Тебельский,‭ ‬камбулин,‭ ‬Козлов т.б.
Алғашқы болып‭ ‬1935‭ ‬жылы А.Мольс Батыс Сібірде қойдың ауруыныңжеке қоздырушысы,‭ ‬жел сүйелі десе,‭ ‬Солтүстік Кавказда өліеттендіруші бактерия емес,‭ ‬сүзбелі вирус екендігін жариялады.
Г.А.Шакорян‭ ‬1937‭ ‬жылы Арменияда қойдың ерніндегі сүйелдің қоздырушысы,‭ ‬сүзбелі вирус екендігін жариялады.
Кейінірек қойдың жұғымтал эктимасы дара вирусты ауру ретінде Украинада‭ (‬1960‭)‬,‭ ‬Молдавияда‭ (‬1961‭)‬,‭ ‬Азербайджанда‭ (‬1967,1968‭)‬,‭ ‬Қазақстанда‭ (‬1963-1974‭)‬,‭ ‬Қырғызстанда‭ (‬1965-1968‭)‬,‭ ‬Белоруссияда‭ (‬1966‭)‬,‭ ‬Грузияда‭ (‬1968‭)‬,‭ ‬Бурятияда‭ (‬1971‭) ‬тірелген.‭ ‬Дегенмен аталған инфекция ТМД елдерінің басқа қой шаруашылықтарында кеңінен таралғандығын жобалауға болады‭ ‬[1,2,3,‭ ‬4,5‭]‬.


1.3‭ ‬Жұғымтал эктима ауруының‭ ‬этиологиялық деректері

Жұғымтал эктиманың қоздырушысы шешек вирусы тұқымдастарына жатады,‭ ‬құрамында ДНҚ бар,‭ ‬үлкендігі‭ ‬250‭ ‬нм,‭ ‬ірі вирус,‭ ‬микроскопқа көру үшін препаратты Морозов әдісімен даярлайды.‭
Жұғындыны Пашен бойынша бояғанда,‭ ‬немесе оны Морозов бойынша күмістендірумен зерттегенде вибриондар дөңгеленген көріністе болып,‭ ‬сырт пішіні ұсақ Кокктарға ұқсайды.‭ ‬Вирустың мөлшері кейде‭ ‬274х163нм аралығында болатындығы жарияланған.‭
А.Рахимов,‭ ‬Г.К.Ковалев,‭ ‬В.Н.Сюрин‭ ‬1965‭ ‬бойынша элементарлық дене қайырылған ұштары бар қысқа таяқшаға ұқсайтындығын жариялаған.‭ ‬Вирустың өзіндік қабықшасы‭ ‬10-11‭ ‬диагональды орналасқан жіпшік тәрізді көріністе болып,‭ ‬әртүрлі авторлардың зерттеу нәтижесінде вирустың мөлшері‭ ‬70-110‭ ‬ангстерм аралығында вирустың ішкі құрылымының көрінісі нуклеин қышқылымен субстанция құрып пішіні S әрпіне ұқсас жарқыраған.
М.Ж.Жаңбырбаев‭ (‬2006‭) ‬бойынша,‭ ‬электрондық микроскопияда,‭ ‬эктиманың вибриондары овальды пішінде,‭ ‬290-150нм мөлшерде болып,‭ ‬капсула қабырғасы‭ ‬10-11‭ ‬параллельді филоменттердің көлденең жазықтығында орналасқан.‭ ‬Сонымен бірге кейбір бос нуклеойдсыз‭ ‬да капсула көрінген.‭ ‬Осыған байланысты бұндай құбылыс тек Қазақстандық штаммаларға тәнді деп автор қорытындылаған.
Қоздырғыш Беркефельд пілтесімен қиып сүзілсе Шамберлан арқылы L2‭ ‬қоздырғыштың кейбір штаммаларын алғашқы және қорытылатын торшааралық ұлпаларда өсіруге болады.‭ ‬Бірақта осының әсерінен қоздырғыш тез өзгеріске түсіп,‭ ‬вируленттік және иммуногендік қасиеттерін өзгертеді‭ ‬.
Вирус культураішкілік‭ ‬торшада өсіп-өнеді.‭ ‬Культура ішкілік көбейгенде вирустың цитопатогендік әсері байқалады.‭ ‬Ішкі плазмалық дене пайда болып,‭ ‬пішіні өзгеріп,‭ ‬вакуолизацияға ұшырап және торша шығынға ұшырайды.
Б.Лиес‭ (‬B.Liess,‭ ‬1962‭)‬,‭ ‬C.Иши,‭ ‬И.Каваками,‭ ‬С.Фукухвард,‭ ‬В.Грауструбер,‭ ‬А.С.Грейга,‭ ‬М.Абдуссалам,‭ ‬М.М.Рыков зерттеулері бойынша вирус тауық эмбрионында өспеген.
Басқа авторлардың И.А.Фарзалиев қызметкерлерімен‭ ‬1967-1968‭; ‬З.М.Мисиров,‭ ‬А.М.Шпаков,‭ ‬А.С.Грищенкованың‭ ‬1969‭ ‬зерттеулерінде жұғымтал эктиманың вирусы тауық эмбрионында жақсы өсіп-өніп штаммалар алынған.‭ ‬Жоғарыда аталған авторлардың вирусты өсіру жөніндегі анықтамаларының әртүрлігі олардың қолданылған штаммаларына байланысты болуы мүмкін.
Жұғымтал эктиманың вирусына қой және ешкіден басқа жасанды залалсыздандыру мөтеліне қоян жататынын көптеген зерттеші ғалымдар жариялаған.‭ ‬Кейбір зерттеушілер аталған инфекцияны жасанды түрде жылқыға жұқтырғаны мәлім‭ (‬81‭)‬,‭ ‬ал бұзауға жұғымтал эктимамен табиғи жағдайда Гималай жануарларының ауырғандығы белгілі.‭ ‬Бұғымен тау текесінің ауырғандығы белгілі.‭ ‬Бұғымен тау текесінің ауруға шалдығуы да тіркелген‭ ‬.‭
Бұл ауруды теңіз шошқасына және тағы басқа жануарларға жасанды әдіспен жұқтырудан теріс нәтиже алған зерттеушілерде жеткілікті М.Эино,‭ ‬1923‭; ‬Р.Е.Гловер,‭ ‬1930‭; ‬И.А.Говарт,‭ ‬1929‭; ‬М.Абдуссалам,‭ ‬1956‭; ‬М.И.Рыков,‭ ‬1965‭; ‬И.А.Фарзалиев,‭ ‬Ю.Г.Аликперов,‭ ‬В.Д.Сафралиева,‭ ‬1962‭; ‬Х.У.Джанибеков,‭ ‬1968‭ ‬және т.б.‭
Ақ тышқанға М.Эино,‭ ‬Р.Л.Гловер,‭ ‬М.Абдуссалам,‭ ‬И.Борсила қызметкерлерімен,‭ ‬1956‭ ‬т.б.‭; ‬атжалманға М.Олах,‭ ‬П.Елек,‭ ‬Т.Н.Самойлов,1969‭; ‬көгершінге А.Ланфранши‭; ‬М.Гаудишоу,‭ ‬1926‭; ‬Р.Е.‭ ‬Гловер,‭ ‬С.Иши,‭ ‬И.Кавакани,‭ ‬С.Фукухара‭; ‬тауықтарға А.Ланфранши,‭ ‬П.Оляк,‭ ‬П.Елек,‭ ‬1964‭; ‬кірпіге М.А.Абуссалам,‭ ‬1956‭; ‬тасбақаға М.Эино‭; ‬шошқаға П.Олах,‭ ‬П.Елек,‭ ‬1953‭; ‬Я.Виртяк,‭ ‬М.И.Рыков,‭ ‬1964‭; ‬Х.У.Джанибеков,‭ ‬1967‭ ‬және түйеге К.Н.Бучнев қызметкерлерімен,‭ ‬1963‭ ‬[1,6,‭]‬.‭
Жұғымтал эктиманың вирусы сыртқы ортаның әсеріне өте төзімді.‭ ‬Құрғақ сүйелді қабыршақты рефрижераторда сақтағанда‭ ‬22‭ ‬жыл,‭ ‬ал бөлме температурасында‭ ‬15‭ ‬жылдан артық тіршілігі сақталған.
Аурудың қоздырғышы ылғалды ортада‭ ‬+64‭ ‬2‭ ‬минуттың ішінде өлсе,‭ ‬+60-та‭ ‬5‭ ‬минутта,‭ ‬ал‭ ‬+‭ ‬56-та‭ ‬30‭ ‬минут аралығында жойылады.‭ ‬Ол дистилденген суда‭ ‬24‭ ‬сағатта белсенділігін жойса,‭ ‬кепкен тері қабыршығында бөлме температурасында‭ ‬15‭ ‬жыл тірі қалған.
Инфекцияланған жайылымдарда вирус айлар бойы өзінің белсенділігін жоймайды‭ (‬75,76,84‭)‬,‭ ‬ал мал қораларында‭ ‬3‭ ‬жылдан артық сақталған‭ (‬85,86‭)‬.‭ ‬Төменгі температурада мұздатып қатыру вирусқа қатты әсер етпейді.
Кейбір авторлардың деректері бойынша бөлме температурасындағы қабыршақтағы вирус‭ ‬20‭ ‬жылға дейін сақталады‭ ‬.
Құрғақ ыстықтың әсері‭ (‬100-110‭) ‬вирустың белсенділігін‭ ‬3‭ ‬сағатта,‭ ‬ал‭ ‬200-10‭ ‬минутта инактивацияға ұшыраған‭ [‬6,7,8‭]‬.
Дезинфекциялық заттардың ішінен,‭ ‬Н.Г.Самойловтың деректері бойынша вирусқа мықты әсер етіп жойатын‭ ‬1-2%‭ ‬формалин күшейтілген N,K қышқылының ерітініділері‭ ‬10-20%‭ ‬жаңа сөндірілген әк,‭ ‬кальций гипохлориді‭ (‬2-5%‭ ‬белсенді хлоры бар‭) ‬оның белсенділігін толықтай жояды.
Авторлардың айтуынша,‭ ‬ұсақталмаған патматериалды‭ (‬тері қабыршағы‭) ‬залалсыздандыруға ең жақсы әсер беретін препарат ысытылған натрий мен калийдің‭ ‬4%‭ ‬ерітінділері.‭ ‬Оның себебі басқа препараттар тері қабыршаққа еніп сіңуі қиын болатындықтан.
Жұғымтал эктима вирусыныңсыртқы ортада сақталуынан Европа елдерінің қой фирмаларында ауру кеңінен етек алғанын келтіруге болады.
Великобритания фермерлерінің қой шаруашылықтарында қойдың тұяғы әртүрлі себептерден‭ – ‬тас жолмен айдаудан,‭ ‬батпақты,‭ ‬ылғалды жерде ұстап бағудан,‭ ‬бөгде заттардан жарақаттанудан,‭ ‬тұяқ мезгілінде кесілмегенде қоздырғыштар түсіп жануарлар ақсап,‭ ‬қоңдылығы төмендеген.‭ ‬Экологиялық себебін тексергенде Fusobacterium neerpphorus,‭ ‬Bacteroides nodosus,‭ ‬ящур вирусы және осымен бірге эктима вирусының қосарланып қатысуы аныұқталған.
Францияның фермасында бағылған‭ ‬44‭ ‬қойдың және‭ ‬74‭ ‬қозының арасынан тұмсығы және құлақ жанында жаңадан ісік пайда болған.‭ ‬Зерттеу барысында папилома екендігі анықталған.‭ ‬Аталған ісікпен сақа қойлар аырмай тек‭ ‬42‭ ‬бас қозы‭ (‬57%‭) ‬папиломаға ұшыраған.‭ ‬Аурудың этиогиясын анықтағанда зақымданған эпидермисте эктима вирусының қатысқаны тіркелген.
Қой және ешкінің жұғымтал эктимасының вирусының сыртқы ортада төзімділігінен ауру басқаға континенттерде тіркелгені белгілі.
Суданда қой және ешкінің жұғымтал эктимасының өршуі‭ ‬1980‭ ‬жылы жауатын кезеңнен соң басталған.‭ ‬Барлық мал басының‭ ‬85%‭ ‬ауырып,‭ ‬оның‭ ‬15%‭ ‬өлген.‭ ‬Төлдерде ауру зілді өтіп бір жұма ішінде өлім-жітімге ұшыраған төлдрдің ауыз қуысының кілегейлі қабығы,‭ ‬ерін терісі,‭ ‬тіл ойылып,‭ ‬өлі еттеніп қабыршақтанған.‭ ‬Сақа қойларда ауру зылсіз өтіп,‭ ‬желін терісі зақымданған.‭ ‬Ауыз қуысының кілегейлі қабатынан бөлінген эктима вирусы‭ ‬20ºС‭ ‬3‭ ‬жыл сақталса,‭ ‬хлорформға сезмтал,‭ ‬РН4,0-9,0‭ ‬уыттылығын жоймаған.‭
Қорыта келгенде,‭ ‬дүние жүзінің көптеген қой және ешкі шаруашылықтарында жұғымтал эктиманың кеңінен етек алуы,‭ ‬оның қоздырушысы‭ – ‬эктима вирусына байланыстылығы дәлелденген.‭

1.4‭ ‬Жұғымтал эктима ауруы‭ ‬індеттік деректері және клиникалық белгілері

Табиғи жағдайда жұғымтал этимамен ең бастысы қой мен ешкі ауруға шалдығады.‭ ‬Кейбір күйіс қайыратын жануарлардың‭ (‬бұғы,‭ ‬тау‭ ‬ешкі‭) ‬ауруға шалдығуы сирек кездеседі.‭ ‬Көптеген зерттеушілердің айтуынша аталған ауруға негізінен жас малдар бейім келеді‭ ‬.
Жұғымтал эктимаға ересек қойлар сиректеу шалдығатындықтан көптеген авторлар жариялаған.‭
Ошақты жұғымтал эктимамен залалданған ерсек қойлар аурудан айыққан соң мүлдем шалдықпайды.‭ ‬Оның себебін көптеген зерттеушілер,‭ ‬олардың вируспен сыртқы ортадан реммунизациалануынан немесе малдың жас кезінде ауырғандығынан жұғымтал эктима ошағындағы қойларда ауруға қарсы жастық иммунитеттің пайда болатындығын,‭ ‬бұл процестің спонтандық инфекцияы алуымен және вакцинацияға байланысты еместігін дәлелдеген.
Бұрыннан жұғымтал эктимадан таза шаруашылықта пайда болуы оған ауырған немес ауырып жазылған малды әкелуге байланысты,‭ ‬немесе сау малды вируспен ластанған қора-жай мен жайылымдарға орналастырудан болады.‭
Аурудан тазартылмаған шаруашылықтарда мал көбінесе көктем,‭ ‬жаз,‭ ‬күз айларында орын алады.‭
ТМД елдерінің мал шаруашылығында жұғымтал эктима жылдың кез келген айларында кездеседі.‭ ‬Мысалы,‭ ‬Азербайджанда,‭ ‬Дагестанда,‭ ‬Қырғызстанда,‭ ‬Бурятияда малдың ауруға шалдығуы жиі жағдайда көктем-жаз айларында,‭ ‬қозыны енесінен бөлген мезгілде кездеседі‭ ‬.‭
Дегенмен,‭ ‬Қырғыстанның кейбір аймақтары мен Украинада жұғымтал эктима күз-қыс айларында орын алған‭ ‬.
Алғашқы болып Қазақстанда жұғымтал эктиманы‭ ‬1963‭ ‬жылы К.Н.‭ ‬Бучнев қыщзметкерлерімен анықтаған.‭ ‬Авторлардың зерттеу нәтижелерінде аталған инфекция елімізде кеңінен жайылып,‭ ‬әсіресе Алматы,‭ ‬Қостанай,‭ ‬Оңтүстік Қазақстан,‭ ‬Қызылорда облыстарында тіркелген.‭ ‬Аталған инфекцияның ұшқындауын Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген.
Жұғымтал эктима Республиканың оңтүстік аймақтарында осы күнге дейін кеңінен тараған.‭
Жамбыл облысының шаруашылықтарында қойдың жұғымтал эктимаға ұшырап,‭ ‬оған қарсы Г.И.Лопатниковтың дайындаған вирусвакцинасын сыналғаны жарияланған.‭ ‬Автордың айтуынша жұғымтал эктима қой шаруашылықтарына үлкен экономикалық зиян әкелген.‭
Жоғарыда атлаған өлкелердің мал шаруашылықтары мен қожалықтарында бұл ауруды сүйел немесе қара сүйел,‭ ‬ал славян халықтары оны бородавка деп атаған.‭ ‬Осымен бірге жұғымтал эктиманың қарқынды етек алуы Жетісу өңірінде бұрынғы Талдықорған облысы тіркелген.‭
Адамның жұғымтал стоматиті‭ (‬Паравакцина,‭ ‬сауыншы түйіні,‭ ‬жалған вакцина ж т.б.‭) ‬ауырған малды күтп бағуғу қатысы бар адамдарға,‭ ‬олармен жақындағанда жұғады.‭ ‬Вирс тері зақымданған кезде организмге енеді инкубациялық кезеңі‭ ‬4‭ ‬тәулік ауырған адамның дене қызуы көтеріліп,‭ ‬ауыз қуысының кілегейлі қабығында және теріде дақтар пайда болады.‭ ‬Аурудың алдына алу қолды жуып және дезинфекциялайды.‭
Негізгі инфекция көзі болып ауырған,‭ ‬немесе ауырып жазылған малдардың денесіндегі қатпарланған тері астылық қабыршақтанған бөлінген вирустар.‭ ‬Олар мал қораларын,‭ ‬жайылымдар мен бүкіл айналасындағы мекен жайды ластайды.‭ ‬Көптеген ғылыми әдебиеттердегі деректерде инфекция микрожарақаттанған теріден өтіп мал организміне жайылады.‭ ‬Жаңа туған қозыларды тіс‭ ‬жарылу мезгіліне ауру туындаса,‭ ‬ересек жастағы төлдерде олар жайылымға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұғымтал эктима ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Ірі қараның шешек ауруы
Тауық шешек - дифтерит ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Қой және ешкінің жұғымтал эктимасының шығу тарихы
Шешек ауру қоздырушысының ерекшелігі
Некробактериоз
Қой мен ешкінің эктима қоздырушысы
Шешек кезіндегі індетке қарсы шаралар
Ірі қара малдың шешек ауруы
Пәндер