Етті бағыттағы асыл тұқымды бұқаны азықтандыру
Кіріспе
2 Негізгі бөлім
2.1 Малды азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік
2.2 Малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен элементтері
2.3 Рацион құрылымы мен типі
2.4 Мүйізді ірі қара малының ас қорыту ерекшеліктері
2.5 Орта жиілікте тұқым алынатын тұқымдық бұқаларды нормалап азықтандыру және рацион құру.
2.6 Пайдалану кезеңіне сәйкес тұқымдық бұқаның қоректік мұқтаждығы мен олардың көрсеткіштерінің өзгеруі
2.7 Тұқымдық бұқа рационындағы азықтарды (түріне қарай) мөлшерлеу принциптері
2.8 Етті бағыттағы тұқымдық бұқаның бір жылға қажет азық қоры (бір басқа)
3 Өзіндік зерттеу
Техника қауіпсіздігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Мал азықтандыру – зоотехния ғылымының төлдердің дұрыс өсіп – жетілуін, сақа мал мен тұқым қуалау қасиетіне сай келетіндей мол да сапалы өнім алуын, мал азығындық зататрды тиімді пайдалану жолымен мал денсаулығын сақтау олардың өз төлдері есебінен қалыпты және ұдайы өсіп отыруын қамтамасыз ету мақсатында ұтымды азықтандырудың негіздерін, әдістерін, технологиядлық тәсілдерін зерттейтін саласы.
Мал азықтандыру жүйесі жөніндегі ғылыми және тәжірибелік материалдардың басым бөлігі мал шаруашылығы, оның ішінде ірі қара шаруашылығы саласына қызмет етуі тиіс.
Нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде меншік түрлері, еңбек ұйымдастыру, өндірістік қатынастар, мал басын өсіру, күтіп-бағу, азықтандыру жағдацларында түбегейлі өзгерістер болады. Әрине сүт және ет бағытындағы ірі қара және қой шаруашылығында қарқынды, өнеркәсіптік негізде дамыту технологиясынлда алдыңғы қатарлы ұстанымдардан ауытқушылықтар да байқалады.
Мал иелерінің басым көпшілігі зоотехникалық ілімді меңгермеген, малды қажетті деңгейде күтіп-бағуға іс жүзінде дағдыланбаған, мал азығының физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктері жайлы айтпағанның өзінде, тіпті олардың тұқымқуалаушылық қабілетіне сай өнім беру деңгейін ескере отырып толыққұнды азықтандыру ісін ұйымдастыра алмайтын жандар болып отыр.
Мұның барлығы тауарлы мал, сондай-ақ асыл тұқымды ірі қара, қой, ешкі, жылқы, шошқа, түйе, марал, қоян және нутри шаруашылықтарына да бірдей дәрежеде қатысты болып, сүт және сиыр етін өндіруді арттыру, олардың сапасын жақсарту жөніндегі мәселелерді шешуді күрделендіріп жіберді.
Мал азықтандыру жөніндегі ғылымның қазіргі кезеңдегі даму деңгейі олардың ас қорыту физиологиясы, зат алмасу, жасушалық деңгейде жүретін биохимиялық процестер саласындағы жетістіктерге негізделген және мал азығын тиімді пайдалануға, мал денсаулығын жақсартуға, өнімділіктің жоғарғы деңгейіне қол жеткізуге, мал басының өз төлі есебінен ұдайы және қалыпты өсу қабілетін сақтауға бағытталған.
Қазіргі кезде мал азықтарындағы, құрама жемдердегі, жетіспейтін қажетті элементтерін қосып дайындаған азықтардағы қоректік зататрдың мал ағзасымен өзара әрекеттестігін мейлінше нақтылы зерттеу негізінде оларды қуат, протин мен амин қышқылдары, көмірсутектер, майлар, алмастырылмайтын майлы қышқылдар, макро-микроэлементтер, витаминдер, гармондар, ферменттер тағы басқа сияқты 18-30 көрсеткіш бойынша мөлшерлеп азықтандыру және бақылау мүмкіндігі белгілі болды.

1. А.Ә Төреханов, Н.Ә Жазылбеков, М.А. Кинеев «Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы». Алматы, 2006
2. Н. Омарқожаұлы « Мал азығын бағалау және малды азықтандыру». Алматы, 2005
3. А. Дәрібаев, Ж.С. Әткешов « Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру» практикумы. Талғар, 1994
4. А.Ә. Төреханов
Ж.К. Каримов
Ш.Д. Даленов
Д.Қ. Найманов
Н.Ә. Жазылбеков « Ірі қара шаруашылығы». Алматы, 2006
5. Н. Омарқожаұлы, Б. Әкімбеков « мал шаруашылығы». Астана, 2008
2. Н. Омарқожаұлы « Мал азығын бағалау және малды азықтандыру». Алматы, 2005
3. А. Дәрібаев, Ж.С. Әткешов « Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру» практикумы. Талғар, 1994
4. А.Ә. Төреханов
Ж.К. Каримов
Ш.Д. Даленов
Д.Қ. Найманов
Н.Ә. Жазылбеков « Ірі қара шаруашылығы». Алматы, 2006
5. Н. Омарқожаұлы, Б. Әкімбеков « мал шаруашылығы». Астана, 2008
Етті бағыттағы асыл тұқымды бұқаны азықтандыру
Жұмабаев Н
Кіріспе
Мал азықтандыру – зоотехния ғылымының төлдердің дұрыс өсіп – жетілуін,
сақа мал мен тұқым қуалау қасиетіне сай келетіндей мол да сапалы өнім
алуын, мал азығындық зататрды тиімді пайдалану жолымен мал денсаулығын
сақтау олардың өз төлдері есебінен қалыпты және ұдайы өсіп отыруын
қамтамасыз ету мақсатында ұтымды азықтандырудың негіздерін, әдістерін,
технологиядлық тәсілдерін зерттейтін саласы.
Мал азықтандыру жүйесі жөніндегі ғылыми және тәжірибелік материалдардың
басым бөлігі мал шаруашылығы, оның ішінде ірі қара шаруашылығы саласына
қызмет етуі тиіс.
Нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде меншік түрлері, еңбек ұйымдастыру,
өндірістік қатынастар, мал басын өсіру, күтіп-бағу, азықтандыру
жағдацларында түбегейлі өзгерістер болады. Әрине сүт және ет бағытындағы
ірі қара және қой шаруашылығында қарқынды, өнеркәсіптік негізде дамыту
технологиясынлда алдыңғы қатарлы ұстанымдардан ауытқушылықтар да
байқалады.
Мал иелерінің басым көпшілігі зоотехникалық ілімді меңгермеген, малды
қажетті деңгейде күтіп-бағуға іс жүзінде дағдыланбаған, мал азығының
физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктері жайлы айтпағанның өзінде,
тіпті олардың тұқымқуалаушылық қабілетіне сай өнім беру деңгейін ескере
отырып толыққұнды азықтандыру ісін ұйымдастыра алмайтын жандар болып
отыр.
Мұның барлығы тауарлы мал, сондай-ақ асыл тұқымды ірі қара, қой, ешкі,
жылқы, шошқа, түйе, марал, қоян және нутри шаруашылықтарына да бірдей
дәрежеде қатысты болып, сүт және сиыр етін өндіруді арттыру, олардың
сапасын жақсарту жөніндегі мәселелерді шешуді күрделендіріп жіберді.
Мал азықтандыру жөніндегі ғылымның қазіргі кезеңдегі даму деңгейі
олардың ас қорыту физиологиясы, зат алмасу, жасушалық деңгейде жүретін
биохимиялық процестер саласындағы жетістіктерге негізделген және мал
азығын тиімді пайдалануға, мал денсаулығын жақсартуға, өнімділіктің
жоғарғы деңгейіне қол жеткізуге, мал басының өз төлі есебінен ұдайы және
қалыпты өсу қабілетін сақтауға бағытталған.
Қазіргі кезде мал азықтарындағы, құрама жемдердегі, жетіспейтін қажетті
элементтерін қосып дайындаған азықтардағы қоректік зататрдың мал ағзасымен
өзара әрекеттестігін мейлінше нақтылы зерттеу негізінде оларды қуат,
протин мен амин қышқылдары, көмірсутектер, майлар, алмастырылмайтын майлы
қышқылдар, макро-микроэлементтер, витаминдер, гармондар, ферменттер тағы
басқа сияқты 18-30 көрсеткіш бойынша мөлшерлеп азықтандыру және бақылау
мүмкіндігі белгілі болды.
Дегенмен мал шыққан тегі, өнімділігі, денсаулығы тұрғысынан алғанда
біртектес болмауы шаруашылық субьектілерінің оларды нақтыланған мөлшерде
азықтандыру негізінде ірі-ірі топтпрға бөліп, мөлшерлеп азықтандыруға
мүмкіндік бермей отыр. Малшылардың көпшілігі ірі қараны, қой,ешкі, жылқы,
түйе, шошқа, құсты, марал, қоян, нутрий, бал арасын өзі ғана білетін
әдістермен және түрлері аз, сапасы нашар жемшөппен азықтандыруға көшті.
Ауыл шаруашылығы мал азығы өндірісінен және құрама жем өнеркәсібінің
мамандандырылған саласынан айырылды.
Әйтсе де сүт, ет, жүн, тағы басқа мал өөнімдерін өндірудің тиімділігін
арттырудың қозғаушы күштері бұрынғысынша қалды. Бұл - ең алдымен, ірі
қараның, қойдың, ешкінің, құстың, жылқының, түйенің, шошқаның, тұқым
қуалаушылық қасиетіне қарай азықтандырудың ғылыми негізделген жүйесі
есбінен толық жүзеге асыру қажеттілігі. Сонымен бірге қазіргі кезеңде де
мал саласының жағдайын жақсартуда азықтандыру ісі әлі де болса үлкен роль
атқарады. Өйткені сүт, ет, жүн, өнімдердің өзіндік құнындағы материалдық
және қаржылық шығындардың 60-75%-ы жемшөптің үлесінде.
Қазақстанның мал өсіру саласындағы қазіргі жағдайды тұрақты деуге болады.
2 Негізгі бөлім
2.1 Малды азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік
Мал азықтандыруды қоректік құндылығы малдың физиологиялық қоректік
мүқтаждығын белгілейтін азықтандыру нормасының (мөлшерінің) көрсеткіштеріне
сәйкестендіріп құрастырылған азықтандыру рациондары, яғни жегізілетін
азықтары мен азықтық қосындылары арқылы іске асырады. Мал азықтандыру
ғылымының мақсаты малдың қоректік қажеттігін мүқтаждық көрсеткіштеріне
сәйкес энергетикалық және құрылымдық коректік заттар және барлық минералды,
биологиялық әсерлі қосындылармен жан-жақты және толығымен қамтамасыз ету
болып табылады.
Малдың қоректік қажеттігі арнайы нормалық көрсеткіштермен белгіленіп,
өтелетіндіктен мұндай азықтандыру жүйесін нормалап азықтандыру
(нормированное кормление) дейді. Малды белгіленген мөлшер, яғни нормасыз,
еркінше азықтандыру олардан өндірілген өнім бірлігіне жүмсал-ған азық
шығынын күрт өсіріп, жемшөп қорының пайдасыз ысырабына соқтырады. Мал
шаруашылығы өнімін өндірудегі жұмсалатын тікелей шығындарда азык
шығындарының үлесі басым болғандықтан, бұл өнімнің өзіндік құнын
қымбаттатып, сала рснтабельдігін төмендететін экономи-калық фактор болып
табылады.
Осы түрғыдан алғанда мал азықтандыруда организм қажетгігінен аз да немесе
одан көп те мөлшерде азық жұмсау зиянды. Организм қажеттілігінен аз
мөлшерде жеткізілген қоректік заттар зат пен энергия алмасуын толық
қамтамасыз ете алмай, төл өсімі мен жетілімін тежесе, сақа малдың
өнімділігін кемітіп, өзін арықтатады. Қажетті шамадан көп енген қоректік
заттар да ас қорыту барысында толық қорытылып, игерілмей, көбі босқа,
пайдасыз ысырапталады. Бұл, бір жағынан, өнімнің өзіндік қүнын қымбаттатса,
екінші жағынан, зат алмасуын да бұзып, оған кедергі келтіреді.
Организм тіршілігінің қоректік қажеттілігі мал түлігі мен құс түріне,
жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына және өнімділігіне байланысты
өзгереді. Нормалап азықтандыруды малдың мұқтаждық көрсеткіштері, яғни
азықтандыру нормасы мен оны қамтамасыз ету үшін малға жегізілетін жемшөп
пен азықтық қосындылар мөлшерін, яғни азықтандыру рационының (рационы
кормления) қоректілік көрсеткіштерін сәйкестендіру арқылы жүзеге асырады.
Мады нормалап азықтандырудың басты шарты шаруашылықтағы мал түлігі мен
құс түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, тірілей салмағы мен
өнімділік деңгейіне байланысты өзгеретін организм мұқтаждығын, яғни
азықтандыру нормасын дәл анықтау болып табылады. Организм тіршілігін
қамтамасыз етіп, өнім өндіру қажеттілігінен туындайтын ол мұқтаждык, көлемі
дене тірілей салмағы (массасы) мен тәуліктік салмақ қосуы, сиыр сүттілігі,
саулық жүнділігі, мекиен жұмыртқалағыштығы секілді өнімділік
көрсеткіштеріне байланысты өзгереді.
Организм тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен қоректік заттар
мұқтаждығы абсолюттік тынығудағы (абсолютный покой) малды ашықтырып барып
анықтайды. Өнімділігі орта деңгейлі еш жүмыс істемей (өнім өндірмей)
тынығудағы мал денесіндегі ас қорытуын, кан айналымын, тыныстануын, т. б.
тіршілік қызметін қалыпты деңгейде сақтауға (уровень поддерживающего
кормления) организмдегі жалпы энергия шығынының 40—60% жұмсалады. Демек,
осы шығын көлемі кеміген сайын өнім өндіруге жұмсалатын энергия көлемі
өседі. Былайша айтқанда, мал денесі ірі болып, тірілей салмағы ауырлаған
сайын тіршілігін қамтамасыз етуге жұмсалатын қоректік заттар үлесі өседі
де, өнімділігі жоғарылаған сайын оған жұмсалатын қоректік заттар үлесі
артады.
Организмдегі таза өнім өндіруге (түзуге) жұмсалған энергия көлемін
(чистая энергия продукции) тікелей калориметриялық бомбада жағып немесе
есептеп шығарады. Бірақ өнім өндіру үшін бүкіл тіршілік үрдісін қамтамасыз
ету қажет болғандықтан, организм мұқтаждығы өнім энергиясы (қоректік
заттары) мен оны өндіруге жұмсалатын энергия (қоректік заттар) қосындысымен
белгіленеді (суммарная норма кормления). Организмнің өнімдік мұқтаждығы
оның ішкі физиологиясына, ал оны қамтамасыз ету мұқтаждығы сыртқы орта
жағдайларына тәуелді өзгеретіндіктен, олар осы біріктірілген азықтандыру
нормасымен белгіленеді.
2.2 Малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен элементтері
Азық рационындағы принциптері:
1. Азық нормасын анықтау.
a) Малдың түрі, жасы.
b) Одан алатын өнімнің түрі мөлшері.
c) Малдың физиологиялық, биологиялық қасиеті.
d) Малдың қоңдылығы.
e) Жылдың мезгілі.
2. Азықтың түрлері.
a) Рационға кіретін азықтардың түрлері.
b) Ірі азықтар.
c) Шырынды азықтар.
d) Құнарлы азықтар (дәнді азықтар) .
e) Минералды азықтар.
f) Биологиялық әсерлі азықтар.
3. Малдың өнімін анықтау.
4. Жылдың мезгілі.
5. Малдың физиологиялық жағдайын анықтау.
6. Малдың жынысын, жасын анықтау.
7. Малдың асқорту ерекшеліктерін анықтау.
Мал түлігі мен құс түрінің азықтандыру нормасының факториалдық және
эмпирикалық жолдармен жүргізілген ғылыми-зерттеу және алмасу
тәжірибелерінде түріне, тұқымына, өнімдік бағытына, жасына, жынысына,
физиологиялық ахуалына. тірілей салмағына және өнімділігіне сәйкес
өзгеретін энергиялық, протеиндік, минералдық және витаминдік мұқтаждығы
бойынша анықтайды. Организмнің тіршілігі мен өнім өндіруге қажетті энергия
мен құрылымдық және биологиялық әсерлі заттарға мұқтаждығын айғақтайтын
жалпы нормалык. корсеткіштерге тәулігінс 1 басқа кажет азық өлшемі
(сулылык,), қорытылатын протеин (г), ас тұзы (г), кальций (г), фосфор (г),
каротин (мг) жатады. Мұндағы азық өлшемі организмнің жалпы қоректілік, яғни
энергиялық, қорытылатын протеин — құрылымдык, (түзушілік), ас тұзы, кальций
мен фосфор — минералдық, каротин — витаминдік мұқтаждығын керсетеді. Малды
нормалап азықтандыруды іске асыру үшін олардың қоректенуіндегі кем дегенде
осы алты көрсеткіш қадағаланады.
Мүмкіндік болған жағдайда азықтандыру тиімділігін арттыру үшін бұл
негізгі азықтандыру нормасының көрсеткіштерін қосымша малдың шикі протеин
мен ауыспайтын аминқышқылдары, шикі май мен шикі жасунық, қант пен
крахмал, биогенді макро және микроэлементтер мен маңызды витаминдерге
мұқтаждығымен толықтырады. Мұндай толықтырылған организм мұқтаждығының 18-
30 көрсеткішін қамтитын тетіктелген азықтандыру нормасы (детализированные
нормы кормления) деп атайды.
Тетіктелген азықтандыру нормасына малдың азық өлшеміне, алмасу
энергиясына, құрғак, затқа, шикі және қорытылатын протеинге, лизинге,
метионин мен цистинге, қантқа, крахмалға, шикі жасуныққа, шикі майға,
кальцийге, фосфорга, калийге, нитрииге, хлорга, магнийге, күкіртке,
темірге, мысқа, мырышқа, марганецке, кобальтқа, йодқа, каротинге,
ретинолға, калъциферолға, токофоролға, тиминге, рибофлавинге, пантотен
қышқылына, холинге, никотин қышқылына, пиродиксинге, цианкобаламинге
мұқтаждық корсеткіштері кіреді. Бұл керсеткіштер организмінің тіршілігі мен
өнімділігіне қажеггі энсргиялық, құрылымдық, минералдық және биологиялық
әсерлі заттарға мұқтаждығын жай нормалық керсеткіштерге қарағанда жан-жақты
да толық камтитындықтан, саланың мал мен құстың жоғары өнімділігін
қамтамасыз ететін интенсивті технологияларымен дамытқанда қолданылады.
Мал түлігінің жасы мен жынысына, тұқымы мен өнімдік бағытына,
физиологиялық ахуалы мен қоңдылығына, тірілей салмағы мен өнімділігіне
сәйкес азықтандыру нормалары арнайы анықтамалықтарда берілген. Бүгінгі
күнге оларды Нормы и рационы кормления сельско-хозяйственных животных
(М., Агропромиздат, 1985) және Малды нормалап азықтандыру (Алматы,
Агроуниверситет, 1998) анықтамалықтарынан алуға болады.
2.3 Рацион құрылымы мен типі
Азықтандыру нормасының негізінде азықтандыру рационын, яғни қоректілігі
норма көрсеткіштерін өтейтін мал басына жегізілетін азықтар мен азықтық
қосындыларын құрастырады. Рацион құрылымы мен құрамы мал түлігі мен құс
түрінін, ас қорыту физиологиясын, өнімдік бағытына байланысты зат алмасу
ерекшелігіне сәйкестендіріледі. Мал азығына алдымен өзінің үйреншікті,
дағдыланған, жергілікті жемшөпті жұмсайды. Өйткені мал азықтандыруда арзан
жергілікті жемшөпті мейлінше мол пайдалану арқылы мал шаруашылығы өнімінің
өзіндік құнының басым бөлігін құрайтын азықтандыру шығындарын азайтып,
саланың экономикалық рентабельдігін жоғарылатады.
Азықтандыру нормасының керсеткіштерін толығымен өтеу үшін қосылған жаңа
азық пен азықтық қосындыларға малды біртіндеп, аз мөлшерден бастап
үйретеді. Малға жегізілетін ондай жекелеген азық пен негізгі азықтық
топтардың көлемі мен арақатынасы малдың ас қорыту физиологиясы мен
биохимиясына мейлінше үйлесімді, жұғымды келіп, қоректік заттар қорытылуы
мен игерілуін жоғары деңгейде қамтамасыз етулері керек. Мысалы, ас қорыту
жолы толықтырылып, желінген азықтың қарында араластырылып, ішекпен уақытылы
жылжытылуына көмектесетін қарын моторикасы мен ішек перистальтикасын
(жиырылуын) қамтамасыз ету үшін желінген азықтың мал үйренген аумағы
болғаны жөн.
Желінген азық аумағын көкшөп пен шырынды және ірі азықтар секілді
жасунықты көлемді азықтар береді. Соған байланысты дұрыс қорытылуы үшін
малға жегізілгсн азықтардың жалпы аумақтык көлемімен қатар оның жасунықты,
басқа жеңіл қорытылатын көмірсулы, протеинді топтарының арақатынасы да ас
қорыту ерекшелігіне үйлесімді болуы керек. Айталық, жасунықты жемшөпті
молынан сыйдырып, жоғары қорыта алатын күйісті мал рационы мен оны нашар
қорытатын қарапайым қарынды мал рационының құрылымы алшақтанады.
Алғашқыларының азығында жасунықтың жеткілікті болуы ас қорыту жолдарын
толықтырып, ондағы рецепторларды тітіркендірумен қатар қарынның алдыңғы
бөліктеріндегі симбиоздық микрофлора тіршілігін қамтамасыз ету үшін де
керек. Жасунық жетіспеушілігінен күйісті малдың ас қорыту барысының
бұзылуымен қоса месқарын микробиологиялық метаболизмінің пайдалы
қосындыларының да жеткізілуі кемиді. Қарапайым қарынды мал азығында
жасунықтың мол болу өзінің нашар қорытылуымен қатар басқа да қоректік
затгар қорытылуына кедергі туғызады.
Жасунық деңгейімен қоса рационға енгізілетін құнарлы азықтар көлемін
мөлшерлейді. Құнарлы жем рационның энергиялық куаттылығын күшейтумен қатар
бағасын да кымбаттатады. Олар аз берілген жағдайда мал өнімділігі
төмендесе, көп берілуі өнімнің өзіндік құнының қымбаттауына соқтырады.
Сондықтан мал азықтандыру рационын шаруашылықтың табиғи-экономикалық
жағдайларын ескере отырып құрастырады.
Рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы қоректілігіне (а.ө.
не АЭ бойынша) пайыздық катынасы рацион құрылымын (структура рациона)
айғақтайды. Рацион құрылымындагы басым азық тобы не жеке-леген азық мал
азықтандыру типін (тип кормления) белгілейді. Азықтан-дыру типі
шаруашылықтағы қалыптасқан жемшөп қорына сәйкестендіріледі. Айталық, табиғи
жайылымы кең, оты мол жерлерде жайылымды азықтандыру типі (пастбищный тип
кормления) қолданылса, жері жыртылған, түрлі техникалық дақылдар өсіретін
шаруашылықтарда олардың азықтық қалдығымен азықтандыру типтерін қолданады.
Соған орай сүрлемді (силосный), картопты-жемді (картофельно-концентратный),
тамыржемісті-жемді (корнеплодно-концентратный), бардалы, жомды, т.с.с.
азықтандыру типтерін ажыратады.Еліміздің әр табиғи-экономикалық өңіріне
ғылыми-зерттеу орталықтары мал түлігіне жергілікті жемшөп қорына
негізделген типтік азықтандыру рациондарын ұсынады. Республиканың оңтүстік-
шығысындағы сүт өндіретін шаруашылықтарда А. Росляков, М. Байтурин, М.
Кинеевтің Типовые рационы молочного скота на юго-востоке Казахстана
(Алматы, Қайнар, 1981) ғылыми тұрғыдан негізделген ұсыныстарын пайдалануға
болады.
Осындай ұсыныстарға сүйене отырып рацион құрастыруды және оның қоректілік
көрсеткіштерін малдың тетіктелген азықтандыру нормасының көрсеткіштеріне
сәйкестендіруді біртіндеп (последовательно) келтіреді. Ең алдымен
шаруашылықтағы қалыптасқан және осы өңірге ғылыми тұрғыдан ұсынылып отырған
типтік рациондарға негіздей отырып, рационның жалпы энергиялық қоректілігі
бойынша құрылымын белгілейді.
Рацион құрылымын құрғанда әр азық пең негізгі азықтық топтың (ірі,
шырынды және құнарлы) мөлшері мен арақатынасы мал түрінің, жасының,
жынысының, өнімдік бағытының, физиологиялық ахуалының ас қорыту
физиологиясына сәйкестендірілуі керек.
Рацион аумақты жемшөбінің желінуі малдың қарын аумағы, яғни оның
сыйымдылығымен байланысты болса, оның ірі және шырынды жемшөпке тиетін
үлесі қарындағы ас қорыту ерекшеліктеріне байланысты өзгертіледі. Желінген
азық жақсы қорытылуы үшін шырынды жемшөптің белгілі көлеміне ірі жемшөптің
тиесілі көлемі берілуі керек. Өйткені шырынды жемшөптің мол көлемі жасунығы
аз болғандықтан, қарын моторикасы мен ішек перистальтикасының нашарлап,
химустың жылжуы баяулайды. Керісінше, ірі жемшөптің мол берілуінен жасунық
көлемінің тым көп болуы да ас қорту барысына кедергі келтіріп, қоректік
заттар қорытылуын нашарлатады.
Айталық, тірілей салмағы 400—500 кг сиырға 20—25 кг шырынды азық берілсе,
ас қорыту жолының аумағын толтырып, оның рецепторларын қалыпты
тітіркендіруі үшін кемінде 4—5 кг, яғни тірілей салмағының әр 100 кг-на 1
кг-нан аса ірі жасунықты жемшөп жегізу керек. Ал шикі жасунық көлемі оны
қорыта алмайтын қарапайым қарынды шошқа азығында - 14-17%, құс жемінде - 4-
6% (балапан мен тауықтың), 6-10% (күркетауық пен қаздың,) асса, ол өзінің
нашар қорытылуымен қоса басқа қоректік заттар қорытылуына ксдергі
келтіредІ. Шошқа мен құс азығының желінуі құрғақ затының көлемі мен қоса
шикі жасунық деңгейімен реттеледі.
Рацион қүрылымын бслгілегеннен кейін оның құрамындағы азықтардың құрғақ
заты бойынша алынған көлемін (аумағын) нормаға сәйкестендіреді.Құрғақ заты
бойынша рацион азықтарының малдың қарнына сайып толық желіне алатындығын
бақылайды. Мысалы, сауын сиырлар әр 100 кг тірілей салмағына — 3—3,5,
жоғары өнімділері 3,5-3,8 кг құрғақ зат жей алады. Құрғақ заты бұдан асқан
рацион азықтары ас қорыту жолына сыймай, желінбей қалады.
Рацион құрғақ затының, аумағы, содан барып, бір жағынан, желінуі, ал
екінші жағынан, қорытылуы алдымен ондағы шикі жасунық көлеміне байланысты
өзгереді. Осыны ескеріп малдың ас қорытуын қалыпты сақтау үшін рациондағы
шикі жасунық деңгейін бірқалыпты сақтауды көздейді. Мұны, әсіресе, жыл
маусымдары, соған байланысты малды азықтандыру (жаю) жағдайлары түбегейлі
ауысқан, айталық жаздық жайылымнан қысқы азықтандыруға және керісінше
көшіргенде қатаң ескереді. Өйткені ерте көктемде малды жас жайылым көгіне
жая бастағанда жасунық көлемінің күрт кемуінен олардың ас қорыту барысы
бұзылып, жиі тышқаққа ұшырайды. Сондықтан жас жайылым отына және де жасунық
көлемі басқа жаңа азықтарға малды біртіндеп, ертелі-кеш бұрынғы азыктарын
беріп барып үйретеді.
2.4 Мүйізді ірі қара малының ас қорыту ерекшеліктері
Мүйізді ірі қара мал қоректенуі жағынан шөп қоректілерге, ал ас қорытуы
жағынан күйіс қайыратындарға жатады. Күйіс қайыруы - олардың ас қорыту
жолдарының құрылыс ерекшеліктеріне байланысты туындайтын биологиялық
мәселе. Мүйізді ірі қара малдың асқазаны бірнеше оқшауланған бөлімдерден
тұрады, яғни көп камералы болып келеді. Оның мес немесе таз қарын, тақия
немесе жұмыршақ қарын және жалбыршақ қарын деп аталатын алдыңгы үш
бөлігінде ас қорыту бездері болмайтындықтан, қарын сөлі бөлінбейді. Демек,
шын мағынадағы ас қорытуы өтпейді, тек желінген, яғни тілмен орылып, шала
шайналып, жұтылған жемшөпті түбегейлі күйсеп, олардан кейін орналасқан
асқазанның нағыз қарын қызметін атқаратын, яғни қарын сөлін бөліп,
қорытатын бөлігі (камерасы) ұлтабарға өткенге дейін сақтап, өзіндегі
микроағзалар тіршілігінің нәтижесінде желінген жемшөпті микробиологиялық
өңдеуден өткізетін алдыңғы қарындар (преджелудки) болып табылады.
Үйретіліп, қолда өсіру барысында, мүйізді ірі кара малдың адамға қажетті
де пайдалы биологиялық ерекшеліктерін қалыптастырған, анатомиялық құрылысы
мен физиологиялық процесінде біршама өзгерістер орын алды. Оның ішінде
асқазан бөлімдерінің аумағы кеңіп, сыйымдылығының өскенін жатқызуға болады.
Сақа сиыр таз қарынының аумағы - 150-180 л, жұмыршаққарынынікі-10-12
л,жалбыршаққарынынікі-15-18 л болады.
Ауыз қуысында шайналып жұтылған азық өңеш арқылы құрсақ қуысының,
негізінен сол жақ бөлігінде орналасқан таз қарынға түседі. Шайналу
барысында мол сілекейленген (сиыр тәулігіне 100 литрдей сілекей бөледі)
жемшөп қарынның ішкі жақ қабырғасы мен жұмыршақтың минутына 2 ретке дейін
күшті жиырылуының арқасында іштегі жынға (химусқа) айналатын оған дейінгі
желінген азық заттарымен араласады. Жұмыршақтың ұяларында жұмсарған, бірақ
толық ұнтақталмаған азық бөлшектері кекіру кезінде өңеш жолымен ауыз
қуысына қайта оралады. Содан әбден шайналып барып, қайта жұтылады. Күйіс
қайыру азықтанғаннан кейін 15-20 минут өткен соң басталады да, алдыңғы
қарындағы азық әбден шайналып, ұнтақталғанша қайталана береді.
Бұл күйіс қайыру (жвачка) процесі - мүйізді ірі қара малдың эволюциялық
дамуындағы пайдаланымы. Оның қоректенуде үлкен биологиялық маңызы бар. Ауыз
қуысында әбден шайналып, сілекейленген азық қайта жұтылып қарынға түскеннен
кейін одан әрі механикалық және химиялық өңдеумен қатар биологиялық,
негізінен, алдыңғы қарынның бактериялардан тұратын микрофлорасы мен
қарапайым микрофаунасы тіршілігінің әсерінен, түрлі микробиологиялық
өзгерістерге үшырайды.
Микрофлора бактериялары азық қоректік заттарын ашытып (брожение), өз дене
құрылысына пайдаланып, өсіп көбейеді де, өз ретінде микрофауна
қарапайымдыларына қорек болады. Сөйтіп, көп камералы күрделі қарынның соңғы
төртінші камерасы болып табылатын ұлтабарға микроағзалармен байытылған
қарын жыны (химусы) өтеді де, онда бөлінетін тұз қышқылды қарьн сөлінің
әсерінен өлтірілген бактериялар мен қарапайымдылар денесінің биологиялық
тұрғыдан, (яғни аминқышқылдық құрамы жағынан) өсімдік азық ақуызынан бағалы
ақуызбен ағзаны қамтамасыз етеді. Осы жолмен тәулігіне сиыр басына
биологиялық құнарлылығы жоғары 400-450 г құнды ақуыз жеткізіледі.
Осы бағалы микробиологиялық ақуыз түзілуімен қатар, алдыңғы қарындардағы
микробиологиялық ашытулардың нәтижесінде жеңіл қорытылатын көмірсулар
ыдыратылып, сүт, сірке, пропион қышқылдары секілді ұшпалы деп аталатын май
қышқылдары (МҚ) пайда болады. Олар таз қарыннан тікелей қанға сіңіріліп,
күйісті малдың энергияға мұқтаждығын қамтамасыз етудің негізгі көзі болып
табылады. Жалпы микробиологиялық процес арқылы күйіс қайыратын малдың көп
камералы қарынында қоректік заттарының негізгі бөлігі (70-80%) —қорытылып
сіңіріледі. Сондықтан да, ішектегі қорытылу процесі басым келетін бір
камералы қарынды малға қарағанда, көп камералы қарынды күйіс қайыратын
малдың ас қорыту типін қарында-ішекте қорытатын малға жатқызады.
Алдыңғы қарындардағы микробиологиялық өңдеу барысында энергия көзі болып
табылатын МҚ-мен қатар целлюлоза ыдыратушы бактериялар қиын қорытылатын
целлюлоза көмірсуларын ыдыратып, қорытылуына ықпал етеді. Осы микроағзалар
тіршілігі арқылы алдыңғы қарындарда азықпен түскен жасунықтың (клетчатка)
жартысына жуығы қорытылып, ыдырайды.
Күйісті малдың алдыңғы қарындағы микробиологиялық процестің өрістеу
көлемін сипаттау ретінде, таз қарын химусының 1 миллилитрінде 2-100
миллиардқа дейін түрлі бактериялар мен 0,8-2 миллионға дейін ин-фузориялар
тіршілік ететінін келтірсек болады. Міне, осы ас қорыту ерекшеліктерінің
арқасында мүйізді ірі қара мал іріленген (грубые) және басқа да аумақты жем-
шөпті барынша көп жеп, асықпай күйістеп қорытып,
сіңіріліп, игерілген қоректік заттарды адам тағамына аса қажетті сиыр
сүті мен етіне айналдырады (конверсиялайды). Бұл айналдыру барысында
азықтың қорытылған қоректік затының жартысына жуығын сүт түзуге сауын сиыр
пайдаланылса, ет өңдеуге бордақылаудағы өгізше тек 16-20 процент ғана
пайдалана алады. Демек, азық қоректік заттарын еттен гөрі сүт қоректік
қосындыларына айналдыру тиімдірек.
2.5 Орта жиілікте тұқым алынатын тұқымдық бұқаларды нормалап азықтандыру
және рацион құру.
Толық құнды азықтандыру, күтіп-бағу мен тұқым алу тұрғысынан пайдаланудың
тиісті шарттарын сақтау — бұқалардың ең жақсы өндіргіштік қасиеттерін,
жыныстық белсенділігін көрсетуінің және олардан жоғары сапалы ұрық алудың
басты шарты.
Тұқымдық бұқа азықтандыруды мөлшерлегенде олардың тірілей салмақтары,
жасы, шағылысқа түспейтін, күш-қуатын орташа және барынша жұмсап шағылысқа
түсетін кезеңдерге бөлінетін тұқым алу тұрғысынан пайдалану көрсеткіштері
есепке алынады
Сонымен тұқымдық бұқаларды үнемі күйінен тайдырмай күтіп-бағу мақсатқа
сай келеді деп есептеледі.
Мұндай бұқалардың мерзімдік азық үлестерінде 1 қуаттық азық өлшеміне (ҚАО-
ге): шағылысқа түспейтін кезеңде — 90 г, күш-қуатын орташа жұмсап шағылысқа
түсетін кезеңде — 110 г және күш-қуатын барынша жұмсап шағылысқа түсетін
кезеңде — 125 г қорытылатын протеиннен келуі тиіс.
Қуатпен қамтамасыз ету де тұкымдық бұқаларды пайдалану жағдайларына
байланысты болады. Шағылысқа түспейтін кезеңде олардың тірілей салмағының
100 кг-ына 1,0-ге дейін КДӨ, күш-қуатын орташа жұмсап шағылысқа түсетін
кезеңде — 1,1 және күш-қуатын барынша жұмсап шағылысқа түсетін кезеңде -
1,5-ге дейін ҚАӨ қажет болады.
Бүкілресейлік мемлекеттік мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының
мәліметтері бойынша, тұқымдық бұқаларды азықтандырғанда, олардың мерзімдік
азық үлесі мен үлкен қарыншадағы ыдырайтын (ЫП) және ыдырамайтын (ЫмП)
протеиндердің 60-65:40-35 мөлшерінен шағылыспайтын кезеңде 40-50 мөлшеріне
дейін азаятын арақатынасын түқым алу тұрғысынан пайдалану кезінде көтерудің
маңызы зор.
Сондай-ақ ыдырайтын (ЫП) және ыдырамайтын (ЫмП) протеиндердің тәуліктік
азық үлесіндегі (құрамындағы) мөлшерін анықтау ретінде жүрізілген ғылыми
тәжірибесіне сүйене отырып А. И. Мырзахметов (1988, 1990) тайыншалар мен
буаз құнажындардың ЫмП мөлшері 25% кем болмауы тиімді және САҚ
(сиптетикалық азот қоспалары) 10-15% аспау керек екендігін дәлелденді.
Тұқымдық бұқалардың мерзімдік азық, үлесіндегі құрғақ зат құрамындағы
қант (тиімді қуат көзі), оларды тұқым алу тұрғысынан пайдалану жағдайларына
байланысты, шағылысқа түспейтін кезеңде— 7%, күш-қуатын орташа жұмсап
шағылысқа түсетін ксзеңде — 9,4% және күш-қуатын барынша жұмсап шағылысқа
түсетін кезеңде- 12,4% көбейтіліп отырылуы тиіс. Сонда ғана қант пен
протеиннің арақатынасы 0,8-ден 1,2-ге дейін өзгереді.
Өндіруші бұқалардың мерзімді азық үлесі өте ауқымды болмауы керек және
құрғақ заттағы талшықтардың шоғырлануы 25-20% мөлшерінде болса, тиімді деп
саналады.
Кальций, фосфор және микроэлементтердің жетіспеуі бұқалардың түқымдық
сапаларына кері әсерін тигізеді де, аталық ұрық безі патологиялық
өзгерістерге ұшырайды, арнаулы жыныс жасушасы бұзылады, шәуетінде азғын
жыныс жасушалары пайда болады.
Тұқымдық бұқалардың қоңдылығы төмендей бастаса, олардың мерзімдік азық
үлестерін 1,1 ҚАӘ-ге және 120 г қорытылатын протеинге арттырады, ол
тәулігіне 0,2 кг салмақ қосылуын қамтамасыз етеді.
Сонымен тұқымдық бұқалардың мерзімдік азық үлестеріне түрлі жемшөптерді
тірілей салмағының 100 кг-ына шаққанда, мынадай мөлшерде енгізеді: пішеннен
— қысқы кезеңде 0,8-1,2 кг және жазда 0,5 кг; тамыржемістілерден — 1,0-1,5
кг, сүрлсм мен пішендемеден — 0,8-1,0 кг және құнарлы азықтардан 0,3-0,5 кг
.
Бұл мерзімдік азық үлесінің құрамында жалпы жүғымдылығы бойынша: 25-40%
ірі азық (сапасы жақсы бұртпақ-астықтұқымдастар пішені), 20-30% шырынды
(сүрлем, пішендеме, тамыржемістілср) және 40-50% құнарлы азықтар болатындай
қолайлы құрылымын қамтамасыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz