Жылқы тұмауына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Нормативтік сілтемелер
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... 10
1.1Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2 Жылқы тұмауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.2.1 Жылқы тұмауының қоздырушысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.2.2 Жылқы тұмауы қоздырушысының төзімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.2.3 Жылқы тұмауы қоздырушысының шоғырлануы мен репродукциясы ... ... ... 14
1.2.4 Жылқы тұмауының клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.2.5 Жылқы тұмауында өлекседегі патологоанатомиялық өзгерістері ... ... ..16
1.2.6 Жылқы тұмауын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.2.7 Жылқы тұмауының емі, иммунитеті және арнамалы дауалау ... ... ... ... ... .17
1.3 Инфекция қоздырушыларының зардапты әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.4 Макроорганизм мен сыртқы ортаның инфекциядағы маңызы ... ... ... ... ... ... 18
1.5 Індет ошағын жою шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... .28
Қорытынды ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар «Ветеринария туралы заңның» талқыланып, 1995 жылы қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
- мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
- ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
- ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
- ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
- осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін «Ветеринария туралы заңды» қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.
- жаңа «Ветеринария туралы заңның» мақсаты - ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін, халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен қатар бірінші, экономикалық орталық құру.

1 Сайдулдин, Т.С. Ветеринариялық іңдеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін, Том 1,2. / Т.С.Сайдулдин - Алматы: Санат,1999.-141б.
2 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін / Е.И. Қасымов - Алматы: Қайнар, 1992. – 135б.
3Носков Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов / Н.М. Носков - Москва: 1961.- 129с.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: (изд. третье), учебник для вузов / А.А.Поляков – Москва: Колос, 1964.-153б.
5 Покров, М.И. Рекомендации по методике эпизоотологического исследования: /М.И.Покров - Москва: Колос, 1975.- 128с.
6 Сайдулдин, Т.С. Основы серологии: учебник для вузов / Т.С.Сайдулдин - Алма-ата: Кайнар,1992. -121с.
7 Осидзе, М. Инфекционные болезни животных: справочник /Под редакцией М. Осидзе - М: Агропромиздат, 1987.- 1153с.
8 Байрак В.А. Практикум по ветеринарной микробиологии: учебное пособие для вузов / В.А. Байрак , В.М. Беляев –Москва: Колос, 1980.-183с.
9 Степин, В.С. Компоненты клеточного иммунитета в зависимости от способа введения вакцины /В.С.Степин, Л.М. Проскурина - Вестник сельскохозяйственных науки Казахстана, 1986. - № 4, 61с.
10 Кононов, И.М. Ветеринарлық анықтама / И.М. Кононов - Москва: 1984.-18с.
11 Сысоев, А.А. Физиология размножения сельскохозяйственных животных: учебник для вузов / А.А. Сысоев - М.,1978. -119с.
12Арзымбетов Д.Е. Ветеринария ісін ұйымдастыру: Ауыл шаруашылық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық /Арзымбетов Д.Е., Орынтаев Қ.Б., Қанатбеков Т.И. –Алматы, 2009.

Аннотация
Ветеринария ісін ұйымдастыру пәнінен Жылқы тұмауына қарсы
ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар тақырыбына жазылған курстық жұмыс
30 бетті құрап, кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық
қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД). Әріптік белгілеу.
Ф.7.04-03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
___________________________________ пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________
Орындаған _______________________________
(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші
___________________________________ __________
(оқытушының аты –
жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2016ж.
Норма бақылау:
_______________
қолы, аты – жөні
Комиссия:
_______________
қолы,аты – жөні
_______________
қолы,аты – жөні
Шымкент 2016ж.
Ф. 7. 05 – 04

______________________________кафед расы
Бекітемін
Каф.меңгерушісі __
_________2016ж.
№____Тапсырмасы
___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________
Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______
№ Курстық жұмыстың мазмұны Орындалу Көлемі
мерзімі (парақ саны)
1
2
3
4
5
6
Ұсынылған әдебиеттер:
1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________
Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________
Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты – жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
( күні,
студенттің қолы)
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... 10
1.1Ветеринария саласындағы мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..10
1.2 Жылқы
тұмауы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 13
1.2.1 Жылқы тұмауының
қоздырушысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .14
1.2.2 Жылқы тұмауы қоздырушысының
төзімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.2.3 Жылқы тұмауы қоздырушысының шоғырлануы мен
репродукциясы ... ... ... 14
1.2.4 Жылқы тұмауының клиникалық
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5
1.2.5 Жылқы тұмауында өлекседегі патологоанатомиялық
өзгерістері ... ... ..16
1.2.6 Жылқы тұмауын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 16
1.2.7 Жылқы тұмауының емі, иммунитеті және арнамалы
дауалау ... ... ... ... ... .17
1.3 Инфекция қоздырушыларының зардапты
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...17
1.4 Макроорганизм мен сыртқы ортаның инфекциядағы
маңызы ... ... ... ... ... ... 18
1.5 Індет ошағын жою
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..20
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .24
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... .28
Қорытынды ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
30
Анықтамалар
Осы курстық жұмыста төмендегі анықтамалар қолданылды:
Ринопневмония (вирустық іш тастау) - ДНК-лы герпес вирус қоздыратын,
тыныс мүшелерінің қабынуымен, буаздықтың екінші жартысында іш тастаумен
ерекшеленетін, жіті өршитін жылқы ауруы.
Дезинфекция – микроорганизмдерге қарсы шара
Дератизация – кеміргіштерге қарсы шара
Инактивация – вирустардың жұқпалылығын әлсірету
Иммунитет – организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті
Каверна - қуыс
Маллеинизация - маңқаның жасырын түрін анықтау үшін зерттеудің
аллергиялық әдісі қолданылады, яғни маллеин көзге тамызылады немесе тері
ішіне енгізіледі.
Орхит - ені қабынып ісіп кетеді
Некроз - өлі етке айналу
Этиотропты ем - аурудың себебіне этиологиялык факторына, яғни оның
коздырушысына қарсы бағытталады
Симптоматикалық дәрі-дәрмектер ауырған жануардың жағдай - күйіне
байланысты, дененің қызметін қалпына келтіру мақсатында пайдаланылады.
Белгілер мен қысқартулар
Осы курстық жұмыста төмендегі белгілер мен қысқартулар
қолданылды:
Г-грамм
Сағ-сағат
Мм-миллиметр
Квт-киловольт
Кг-килограмм
О-градус
Мкм-микрометр
Км-километр
Т-тонна
Мс-метрсекунд
ПВС-поливинилді спирт
РНК - Рибонуклеин қышқылы
ДНК - Дезоксирибонуклеин қышқылы
млн - миллион
т.б. - тағы басқа.
КБР - комплемент байлаланыстыру реакциясы
АР – агглютинация реакциясы
ГАТР – Гемагглютинацияны тежеу реакциясы
ИФР – иммунофлуоресцентті реакция
БР – бейтараптандыру реакциясы
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған
экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен
өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын
толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы
ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік
саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар Ветеринария туралы заңның талқыланып, 1995 жылы
қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық
талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде
ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл
ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты
негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
- мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы
қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы
дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды.
Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі
аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе
жүргізбейді.
- ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға
шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын
ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою
жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
- ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны
анықталған.
- ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық
өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет
көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы
кеңейтілген.
- осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-
қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға
сай келетін Ветеринария туралы заңды қайта талқылап, қабылдануының
себебі болды.
- жаңа Ветеринария туралы заңның мақсаты - ветеринарлық-санитарлық
жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және
ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін,
халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен
қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
- мемлекеттік қадағалау қызметін жақсарту үшін бір жағынан
ветеринарияның барлық саласын лицензиялайтын институттың құрылуы; ал
екінші жағынан мемлекеттік қадағалау пунктерінде тексерілетін жүктерді
дайындау, өңдеу, сақтау жұмысымен айналысатын бүкіл мемлекет
территориясындағы барлық субъектілерді қамтиды және мемлекеттік
ветбөлімнен ауыл аймағына дейін инсректорлық вертикаль құрылады.
- заңның халықаралық ветеринарлық талаптарға жауап беруі, Қазақстанның
Бүкіл әлемдік сауда ұйымы құрамына кіруіне себеп болады [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – жылқының тұмауы ауруына қарсы ветеринариялық-
санитариялық іс-шараларын зерттеу.
1Негізгі бөлім
1.1Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат
Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат:
1) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өндіру,
сақтау және өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды
жүзеге асыруға;
2) осы Заңның 11-бабында белгіленген ветеринариялық қызметтің жекелеген
түрлерін жүргізуге мемлекеттік манаполяны сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың
жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауға;
4) мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың тәуелсіздігін қамтамасыз
етуге;
5) індет жағдайын объективті түрде бағалауды және ветеринария саласындағы
халықаралық нормаларды ескере отырып, ветеринриялық ережелер мен
нормативтерді ғылыми негізде әзірлеуге;
6) ғылыми негіздемесі болған жағдайда, ветеринариялық іс шаралар
өткізудің халықаралық ұсыныстарда көзделгеннен анағұрлым жоғары
деңгейіне жетуге;
7) ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында
ветеринариялық іс шараларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік
ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өткізуді негізсіз
шектеулерге жол бермеуге;
8) жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойлатын
және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібін белгілеуге
бағытталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзіреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзіретіне:
1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын
әзірлеу;
2) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы
бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен
диагностикасы жөніндегі республикалық бағдарламаларды бекіту;
3) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы
бойынша ветеринария саласындағы нормативтік құқықтың актілерді
қабылдау немесе бекіту;
4) ветеринария саласындағы мемлекеттік органның ұсынуы бойынша,
профилактикасы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет
қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті
ауруларының тізбесін қабылдау немесе бекіту;
5) жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып
қойылатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібі мен
шартарын белгілеу;
6) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ветеринария
саласындағы ынтымақтастық;
7) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне
сәйкес ветеринария саласында басқа да функцияларды жүзеге асыру
кіреді.
Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесі
Қазақстан Респуликасының ветеринария жүйесіне;
1) мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге
асыратын бөлімшелері;
2) мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге
асыратын бөлімшелері;
3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар:
4) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке және
заңды тұлғалар кіреді.
Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдары
1. Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдарына;
1) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
2) мемлекеттік бақылау постылары бар шекарадағы және көліктегі мемлекеттік
ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлімшелері;
3) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның облыстық,
республикалық маңызы бар қаланың аумақтық бөлімшелері;
4) селолық округтердің, базарлардағы, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
органдары бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу және
өткізу жөніндегі ұйымдардағы ветеринариялық инспекторлары бар
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аудандық,
қалалық, аумақтық бөлімшелері жатады.
2. Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық
бөлімшелерінің басшылары бір мезгілде- Қазақстан Республикасы мен тиісті
аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары, ал олардың
орынбасарлары Қазақстан Республикасы мен тиісті аумақтардың бас мемлекеттік
ветеринариялық инспекторларының орынбасарлары бола алады. Ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы әкімшілік мемлекеттік
қызметшілердің тиісті лауазымдарына қоса бас мемлекеттік инспектор, бас
мемлекеттік ветеринариялық инспектордың орынбасары деген арнаулы атаулар
беруге құқылы.
Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық
бөлімшелерінің құзіреті

бөлімшелерінің құзіретіне:
1) ветеринария саласында біріңғай мемлекеттік саясат жүргізу;
2) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария
саласындағы заңдарын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
3) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы
және жойылуы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын
тізбесін әзірлеу;
4) аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарлар ауруының профилактикасы,
диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі іс шараларды ұйымдастыру мен
қамтамасыз ету;
5) денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, халықтың денсаулығын
жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара
ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың
жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды
ұйымдастыру;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды, сақтауды,
тасымалдауды және пайдалануды ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының ветеринари саласындағы заңдарында
белгіленген тәртіппен ветеринариялық іс шараларды, ветеринариялық
ережелер мен нормативтерді, ветеринариялық есеп пен есептілік
нысандарын, ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық
актілерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастыру;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринариялық қызметтерді
лицензиялау;
10) ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алу, ветеринария
саласындағы жұмыстарды, ветеринариялық ғылыми зерттеулер мен
ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлау тапсырыстарын орындау
жөніндегі республикалық бюджеттік бағдарламаларды, нормативтік
конкурстық және тендерлік құжаттама ны әзірлеуге қатысу;
11) Жануарлар аурулары бойынша індет мониторингін ұйымдастыру және індет
жағдайын зерделеу;
12) Жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс шаралар, белгіленген
ветеринариялық ережелер мен нормативтер, Қазақстан Республикасының
ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілері туралы
мүдделі тұлғаларға ақпарат беруді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;
13) Ветеринариялық препараттарды, аспаптарды, құрал-саймандарды, жемшөп
пен жемшөптік қоспаларды байқаудан өткізуді, бақылауды, оларды тіркеу
сынағынан өткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды
мемлекеттік тізілімін жүгізу;
14) жаңа ветеринариялық препараттарға, аспаптарға, құрал-саймандарға,
жемшөп пен жемшөптік қоспаларға қорытындылар беру;
15) халық арасында ветеринариялық ағартушылық жұмысты ұйымдастыру және
жүргізу;
16) Мал шаруашылығы объектілерін және жануарларды өндіру, дайындау,
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеу жөніндегі ұйымдарды
пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
17) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринария
саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан
өкілдік ету, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
18) Қазақстан Респуликасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге
асыру;
Мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын
бөлімшелері
1.Жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдар Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы
мынандай қызметтерді:
1) тиісті мемлекеттік органдарга тиесілі жануарлар ауруларына
профилактика және диагностика жасау, оларды емдеу;
2) тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі мемлекеттік ветеринариялық
қадағалау объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық қадағалау қызметін
жүзеге асыратын бөлімшелер құра алады.
2. Мемлекеттік органдардың осы баптың 1-тармағында аталған бөлімшелері
мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруды қоса алғанда,
ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен орындауға қатысты бөлігінде
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын басшылыққа
алады.
3. Мемлекеттік органдарды осы баптың 1-тармағында аталған бөлімшелері
ветеринариялық есеппен жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының
ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен табыс етеді.
Жергілікті өкілдері және атқарушы органдардың ветеринария саласындағы
құзіреті
1.Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрып,
олардың құрылымын, қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз
етілу тәртібін белгілей алады.
2.Жергілікті атқарушы органдар ветеринариялық инспекторларға олардың
мемлекеттік ветеринриялық қадағалау функцияларын атқаруына көмек көрсетеді,
ауру жануарларды санитарлық союды қоса алғанда, ветеринариялық іс шаралар
жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ жергілікті уәкілетті органдардың шешімі
бойынша оларды жүзеге асыруға жергілікті бюджеттерден қаражат бөле алады
[12].
1.2 Жылқы тұмауы (Equine influenza virus)
Жылқы тұмауы — Grippus (син. жоғары тыныс жолдарының жұқпалы қатары) —
аса жұғымтал, жіті түрде өтетін ауру. Індет безгек, коньюнктивит, жас ағу,
мұрыннан серозды немесе ірінді сұйықтық ағу, ауыртпалы жөтел, жоғарғы тыныс
жолдарының қатары, ларинготрахеит, бронхитпен сипатталады.
1872-73 жылдары АҚШ-та жылқы тұмауының эпизоотиясы туралы жазылған.
1.2.1 Жылқы тұмауының қоздырушысы
Қоздырғышы — арнаулы сүзгіден өтетін вирус.
Бұл ауру көптеген жағдайда стрептококк, стафилококк, пневмококк сияқты
ауру тудыру қабілеті бар уытты әлсіз микробтардың өнуінен асқынып
кетеді.
Алғашқы рет 1956 жылы Чехословакияда Совинова мен Тумова бөліп алған.
1963 жылы АҚШ-та вирустың тип тармағы алынған. СССР — жылқы тұмауының
вирусы 1969 жылы бөлінген. Бөлінген жылқы тұмауының вирустары адамның тұмау
вирусынан айырмашылығы байқалмады, А туыстығына жатқызылды.
Жылқының тұмау вирусы полиморфты келеді, пішіні шар, жіп, алмұрт,
сопақша тәрізді, сыртында бүршіктері бар, вирустар күрделі, капсид
симметриясы спираль тәрізді, сыртқы қабықшасы ақзаттардан, липидтерден және
көмірсулардан тұрады, гемагглютинин және нейраминидаза гликопротеидтері
бар. Геномы бір жіпшелі, сызықшалы, үзілмелі (8 үзілімдерден тұрады) және
"теріс" стратегиялы РНҚ-лы. Вирионның 70%- белоктар, РНҚ -1-2%. Тұмау
вирусында гемагглютинация туғызатын белсенділігі бар.
1.2.2 Жылқы тұмауы қоздырушысының төзімділігі
Физико-химиялық әсерлерге вирустың төзімділігі аз. Бөлме
температурасында 1 тәуліктен кейін белсенділігі жойылады, ал 4°С-2-3 ай,
минус 20°С — белсенділігі бірнеше жыл бойы сақталады. 50-60°С қыздырғанда
20 минутта, УК-сәулесі әсерінен вирус инактивтелінеді.
Антигендік қасиеті. Жылқы тұмауының барлық бөлінген вирус штаммдары А
туыстығына жатады.
Сыртқы гемагглютинин және нейраминидаза гликопротеидтеріне қарсы ауырған
мал организмінде вирусты бейтараптаушы, комплемент байланыстырушы,
антигемагглютининдер пайда болады. Жылқының, құстардың тұмау вирустары
арасында антигендік байланыстар байқалады. Мысалы, жылқы тұмау вирусы және
үйрек тұмау вирустардың арасында антигендік байланыстар бар.
1.2.3 Жылқы тұмауы қоздырушысының шоғырлануы мен репродукциясы
Ауруға бейімділік. Гриппке тек жылқы, көбінесе ересек жылқы шалдығады.
Аурудың шығуы мен жұғуы. Індет көбіне ауру жылқы арқылы тарайды. Ол ауру
мал сау малмен жанасқан кезде, сондай-ақ микроб тамған азық, суат және қора-
жай арқылы жұғады.
Індеттің жіті ететін кезінде үлкен концентрацияда вирус кеңірдектің
бөліндісінде, өкпеде, мұрынның кілегейінде, өңеште сақталады да, осы
мүшелердің торшаларында шоғырланады. Гипертермия кезінде вирусты қанда да
табуға болады. Организмнен қоздырушы тыныс алғанда ауа арқылы, мұрыннан
бөлінетін сұйықпен, нәжіспен кейде зәрімен бөлініп шығады. Вирус сезімтал
клеткаларға еніп, адсорбциясы гемагглютинин көмегімен мукопротеиндік клетка
рецепторлары арқылы жүреді. Транскрипция және репликация ядрода өтеді.
Транскрипция РНҚ — тәуелді РНҚ-полимераза көмегімен үзілмелі РНК геномында
РНҚ теріс жіптері пайда болады. Репликация кезінде тұмау вирусының үзілмелі
геномдары түзеледі, олардың арасында генетикалық өзара әсерлер байқалады
да, вирустың өзгергіштік себебі осыған байланысты. Вирус — денешіктерінің
жиналуы цитоплазматикалық мембрана арқылы жүреді, ал клеткадан шығуы
бүршіктену жолымен өтеді.
Өсіру. Зертханалық жануарлардың ішіндегі тұмау вирусына сезімтал келетін
— ақ тышқан, ат жалмандар.
Вирус жоғары тыныс алу жолдары мен өкпеде көбейеді. Вирус тауық
эмбрионының аллантоис, амнион қуыстарында жақсы көбейеді. Зақымдалған
эмбрион өлмейді. Аллантоис сұйығындағы бөлінген вирус РГА арқылы
анықталады.
1.2.4 Жылқы тұмауының клиникалық белгілері
Жасырын кезең 2—3 күннен бір аптаға дейін созылады. Температурасы
көтеріліп, ауру мал мең-зең болады, жемшөптен бас тартады. Танау мен
ауыздың ішкі беті құрғаған, қызарған, көздің дәнекер қабығы суланып
қабынған; көбінесе жай конъюнктивит іріңді конъюнктивитке айналады.
Жүрек соғуының осалдауы салдарынан малдың бауыры мен аяқтарында
симметриялы орналасқан ісіктер пайда болады. Жылқы қатты жөтеледі, құрғақ
жөтел оған ауыртпалық шектіреді. Жылқы әсіресе салқын, ауасы тар сызды
қорада ұсталса, грипп асқынып, оның өкпесі қабынуы ықтимал
(бронхопневмония). Грипп 5-7 күнге созылады да, жылқы одан айығып кетеді.
1.2.5 Жылқы тұмауында өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістері
Ішкі органдардың көптеген жері пішіні нүкте тәрізді болып
қанталаған. Ірің-су аралас жалқаяғы бар бронхопневмония асқынса, өкпе
іріңдеп қабынады, одан ірің ошақтары табылады. Ішектің кілегейлі қабығы
қабынған, көптеген жағдайда ол қанталап кеткен.
1.2.6 Жылқы тұмауын анықтау
Жылқыда грипп клиникалық белгілеріне карай анықталады, осыған орай
аурудың өршуі белгілі бір маусымға байланысты екені, оның барысы
ескеріледі. Жылқы гриппен көбіне жылдың жауын-шашынды кезеңдерінде жаппай
ауырады. Ауру індет ретінде өтеді. Оны дәл анықтау үшін инфлюэнц, жұқпалы
тұмау ауруларын, жұқпалы плевропневмонияның жеңіл түрін ажырата білу
керек.
Алдын ала балаудың әдістері:
Эпизоотологиялық. Індет ауру және ауырып жазылған малдар арқылы таралады,
бұл індет тыныс жолдары жолымен жұғады. Тұмаумен барлық жастағылар ауырады,
көбінесе 2- жасқа дейнгі малдар сезімтал келеді, және де есектер де
тұмаумен ауырады.
Клиникалық зерттеу. Жоғарғы температура (39-40°С) 4-6 күн тұрады. Ентігу
пайда болып, құрғақ жөтел, содан соң ауырсына бастайды, мұрыннан сұйық
ағып, коньюнктивит, лимфа түйіндерін басқан кезде ауырсынады. Малдардың
өлімі 1-5% дейінжетеді.
Патологиялық анатомиялық өзгерістер. Респираторлы мүшелерде өзгерістер
көрінеді. Мұрын, кеңірдек, бронхылардың кілегей қабықтары —ісінген,
гиперемияланған, өкпеде - қабыну ошақтары пайда болғаны байқалады.
Зертханалық балау. Зерттелетін материалдар - бөлінділер, мұрын кілегей
қабықтарының жағындысы, бронхиалді бөлінді, өкпе кесінділері.
Вирустың индикациясы:
Тауық эмбриондарында—амнион және аллантоис қуыстарына материалды жұқтыру.
Алғашқы клетка өсіндісінде. Өсіндідегі вирусты ГАР және ГадР-да анықтайды.
Вирустың серологиялық вдентификациясы: ГАТР, КБР, ИФР, БР — арқылы
жүргізіледі.
Ретроспективті балау қою үшін жылқылардың жұп қан сарысуын зерттейді.
Антигемагглютиндеуші, вирус бейтараптаушы және комплемент байланыстырушы
антиденелер РТГА, КБР, БР арқылы анықталады.
Ажыратып балау. Жылқының тұмауын ринопневмониядан, артерииттен,
контагиозды плевропневмониядан ажырату керек.
1.2.7 Жылқы тұмауының емі, иммунитеті және арнамалы дауалау
Емі. Ауру белгілерімен жылқының жалпы күйіне қарай тек сол белгілерді
жоятын дәрілер ғана қолданылады. Ауру асқынса, антибиотиктер мен
сульфаниламид препараттары жүрек қызметін жақсартатын және сергіткіш
дәрілермен қоса пайдаланылады.
Аурудан арылу және одан сақтану шаралары. Грипп жіті індет аурулардың
қатарына жатады. Оған қарсы қолданылатын шаралар жүқпалы тұмауға қарсы
қолданылатын шаралармен бірдей.
Тұмау вирусының бір түрімен ауырып жазылған малдарда вирустың екінші
түріне қарсы иммунитет болмайды. Иммунитет табиғи ауырып жазылған малдарда
бір жылдан аса сақталады. Құлындарға иммунды биелерден енжар иммунитет
беріледі.
Арнамалы дауалау үшін поливалентгі, белсенділігі жойылған вакциналар
қолданылады. Иммунитеттің мерзімі — 1 жыл.
1.3 Инфекция қоздырушыларының зардапты әсері
Зардаптылық патогенность ауру қоздырушы микробтың инфекция қоздыру
мүмкіндігі. Бұл микробтың тұқымқуалайтын генотипіне тән касиеті. Зардапты
микробтың әрбір түрі белгілі бір ауруды қоздырады. Әрбір ауру
қоздырушысының өзіне ғана тән зардаптылық ауқымы бар. Жанурлардың бір ғана
түрін зақымдайтын қоздырушыны унипотентті бір ғана мүмкіндікті, ал
жануарлардың көптеген түрлерін зақымдайтын микробты полипотентті көп
мүмкіндіктідеп атайды. Мысалы, шошка обасының вирусы унипотентті де
мұндай ауруларды уникварлық деп те атайды, аусылдың вирусы - полипотентті
болып табылады.
Зардаптылық дәрежесі, яғни өлшемі, уыттылық вирулентность деп аталады.
Зардаптылық - микробтың белгілі бір түрінің ортақ қасиеті болса, уыттылык -
оның жекелеген штаммдарының дара касиеті. Бұл енді зардаптылыктың
фенотиптік көрінісі. Уыттылық шартты өлшем төменгі өлтіретін дозамен DLM –
dosis letalis minima және төменгі жұқтыратын дозамен DIM – dosis
infectiosis minima өлшенеді. Олар белгілі бір әдіспен жібергенде массасы
мен жасы бойынша саралап алынған жануарлардың 95-100 %-ін өлтіретін не
ауыртатын микробтың ең аз саны. Ал бұл көрсеткіштерді дәлірек аныктау
үшінжұқтырылған жануарлардың 50 % өлтіретін LD50, немесе ауыртатын
ID50шаманы алады.
Уыттылық микробтардың уыттылық факторлары деп аталған қасиеттерінен
туыңдайды. Бұл факторлар екі топка бөлінеді: инвазиялылығы және улылығы
токсигендігі [1,3,6].
Инвазиялылығы- микробтың денеде ұлпаларға бойлап еніп, даруы, онда өніп-
өсіп, организмнің қорғаныс қабілетін тежеуі. Микробтың тиісті торшаларға
жабысу қабілетін адгезиялылығы, ал организмнің қорғаныс күшін әлсірету
кабілетін агрессиялылығы деп атайды. Қоздырушылардың мұндай қасиеттері
олардың морфологиялық және биохимиялық ерекшеліктеріне негізделген. Мысалы,
энтеробактериялардың колибактериоз, сальмонеллез қоздырушылары
адгезиялылығы олардың өте нәзік жіпшелері - фимбриялары арқылы іске асады.
Организмнің ұлпа торшаларын микробтар бөліп шығаратын уыттылық ферменттері
гиалуронидаза, ДНҚ-аза, РНҚ-аза, коагулаза т.б. зақымдаса, фагоцитоз бен
басқа да қорғаныс реакциясын тежеуге микробтың капсуласы, кабығындағы VI-,
К-антигендері, агрессин типтес бөлінділері қызмет етеді. Микроб иесіне тән
бүркеніш мимикрия антигендеріне ие болу арқылы өзіне қарсы бағытталған
организмнің иммунитет күштерінің әсерінен аман калады.
Улылығы- микробтың улы заттар түзу касиеті. Бұлулар экзотоксиндер және
эндотоксиндер болып бөлінеді.
Экзотоксиндерді негізінен грам оң бактериялар бөліп шығарады. Химиялық
табиғаты жағынан экзотоксиндер - ірі молекулалы жылуға сезімтал акзаттар,
олар микроб торшасынан сыртқы ортаға бөлініп шығады. Бактерия
экзотоксиндері табиғатта кездесетін ең күштіу. Сіреспенін азотка шаккандағы
2 мг кристалды токсині 75 млн. тышканды өлтіре алады. 1 мг ботулизм токсины
1 000 тонна теңіз тышканын өлтіреді. Экзотоксиннің организмге әсері өзіне
тән болады, өйткені олардың әркайсысы өзіне бейім торшалардың арнайы өзіне
тән рецепторларымен жалғасады. Соңдықтан әрбір микробтын экзотоксині
аурудын өзіне тән симптом кешенін береді. Экзотоксиндер жарықтың, жылудың,
қышқыл мен сілтінің әсерінен күшін жояды, ал формалиннің әсерінен
улылығынан айрылып, токсин немесе анатоксинге айналады. Анатоксин улы
болмаса да иммундеуші касиетін сактайды, сондыктан оны вакцина ретінде
колданады.
Эндотоксиндер микроб торшасының бөлінбес құрамы больш есептеледі. Ол
микроб тірі кезінде қоршаған ортаға бөлінбейді, тек кана микробты
ыдыратканда ғана босайды. Негізінен грам теріс бактериялардың құрамында
болады, глюцид-липидполипептид кешеніне жатады, жылуға төзімді.
Эндотоксиннің организмге әсері өзіне тән емес әлсіздік, демігу, іш өту,
ыстык көтерілу сиякты жалпылама өзгерістер туғызады [1,3,5,6].
Аталған уыттылық факторлары бактерияларға және оларға туыстас
микробтарға тән. Ал вирустар болса, олар бейімжануардың
торшасында өніп - өсу нәтижесінде патологиялық процестер тудырады.
Вирустың репродукциясы торшаны закымдап өлтіреді, не болмаса оның қызметіне
нұксан келтіреді. Кейбір вирустардың, мысалы онкогендік, зардабы бірден
сезілмейді. Оның нуклеин қышкылы торшаға енген соң, вирустың геномы мен
иесінің геномы қосылуы нәтижесіңце вирогения деп аталатын кұбылыс орын
алады.
1.4 Макроорганизм мен сыртқы ортаның инфекциядағы маңызы
Инфекция процесі организмге түскен микробтың мөлшері мен уыттылығына
ғана емес, генетикалық бейім жануардың әркайсысының төзімділігіне де
байланысты. Белгілі бір ауруға бейімділік орысшасы восприимчивость деп
әрбір түрдің жұқпалы аурудың қоздырушысымен жанасканда оны жұқтырып, содан
туындайтын ауруға қабілеттілігін айтады. Бұл жерде организмнің
физиологиялық жағдайының, мал азығының құнарлылығының, малды бағып-қағу
т.б. факторлардың маңызын таңдамай-ақ, ауруға бейімділіктің арнайы
тетіктерін карастырып көрейік [1,3,6].
Ауруға бейімділіктің түпкінегізінде әртүрлі молекулалар мен клеткалардың
бірін-бірі биологиялық тануы жатыр. Инфекцияның ең алғашқы кезеңі ауру
қоздырушының макроорганизмдегі тиісті ұлпаны тануына, содан кейін оған
жабысып, мекен етуіне саяды. Микробтьщ белгілі бір үлпада мекендеп, өсіп-
өне бастауын колонизация, немесе отарлау деп те атайды. Биологиялық тану
микробтың экзотоксинының мысалы, ботулизм токсинының сезімтал торшаларды
табуы үшін маңызы аса зор. Макро- және микроорганизмдер торшаларының бірін-
бірі тануы олардың беткі макромолекулалық қүрылымдары арқылы іске асады.
Олар біріне-бірі сай, яғни өзара комплементарлы болулары кажет. Бұларды
тану бірлігі сайт узнавания ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz