Инфекция және жұқпалы ауру


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен «Инфекция және жұқпалы ауру» тақырыбына жазылған бұл курстық жұмыс 30 парақты қамтып, мына бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Анықтамалар

Инфекция /лат. Іnfectio - жұқтырамын/ - жануар организмі мен зардапты микробтың бір-біріне әсерінен туындайтын ерекше жағдай.

Індет ошағы - індет процесі өтетін оның негізгі үш қозғаушы күштері: инфекция қоздырушысының бастауы, берілу тетігі және бейім жануарлардың өзара бір-біріне әсер ететін кеңістігін айтады.

Дезтосқауыл - ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді

Індет процесі дегеніміз осы аталған үш құрама бөліктің қозғалысқа келіп, олардың бір-біріне әсерінен туындайтын құбылыс. Бұл - аурудың үздіксіз жануарларға бірінен-біріне жұғуы, қоздырушының ауру малдан сау малға берілуі.

Індет процесін індеттену деп, ал өте кең жедел тарағанда ландану деп атайды.

Жұқпалы ауру ұғымының инфекциялық ауру деген ұғымнан мағынасы кең. Жұқпалы ауруларға микробтар қоздыратын инфекциялық аурулармен катар, паразиттер қоздыратын инвазиялық аурулар да жатады. Паразит - белгілі бір организм иесінің ішінде не сыртында тоғышарлық ету

Гермафродит - қосжынысты

Шистосомата - дара жынысты

Анемия - қан аздық

Интоксикация - денені уландыру

Холангит - өт жолының қабынуы

Холеоцистит - өт қалтасының қабынуы

Қысқартулар мен белгілер

нм - нанометр

км - километр

мкм - микрометр

мкл - микролитр

кг - килограмм

г - грамм

мг - миллиграмм

л - литр

мл - миллилитр

°C - градус

% - пайыз

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Қысқартулар мен белгілер

Анықтамалар

Кіріспе . . . 8

1Негізгі бөлім . . . 9

1. 1Инфекция . . . 9

1. 2 Жұқпалы ауру . . . 11

1. 3Инфекция қоздырушыларының зардапты әсері . . . 12

1. 4 Макроорганизм мен сыртқы ортаның инфекциядағы маңызы . . . 13

1. 5Инфекциялық аурулардың жіктелуі . . . 15

1. 6 Індеттанулық балау - жұқпалы аурулардың шығу және таралу

себептерін анықтау . . . 18

1. 7 Індет процесі мен ошағын сипаттау . . . 19

1. 8 Мал басының иммундық жай-күйін анықтау . . . 21

2 Өзіндік зерттеу . . . 23

3Техника қауіпсіздігі . . . 26

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Ф. 7. 04 - 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

« » жоғары мектебі

«» кафедрасы

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

(қолы, аты - жөні)

2015ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №

пәні

студенттобы

Курстық жұмыс тақырыбы

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.

2.

3.

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.

Сомалық баллы

Жұмыстың бағасы

Курстық жұмыс жетекшісі

Комиссия мүшелері

Комиссия мүшелері

Қорғау күні2015ж.

Ф. 7. 04 - 03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2015ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2015 ж.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.

Індеттану жұқпалы ауруларға қатысы бар бірталай пәндермен тікелей байланысты. Олардың ішіндегі ең жақын ғылымдар: микробиология, вирусология және иммунология. Індетке қарсы шараларды дұрыс ұйымдастыру үшін шаруашылықтың экономикасын, мал өсіру мен селекциялық жұмыстарды да жан-жақты ескеру керек.

Нақтылы жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық (шаруашылық) жағдайлармен де байланысты екенін ескереді. Сондықтан да індеттану ғылымы өзінің зеттеулерінде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен пайдаланады. Індеттанудың басты әдісі - індеттанулық зерттеу болып табылады.

Індеттанулық талдау мен бақылау жққпалы ауру байқалған кезде ғана емес, бұрыннан жұқпалы аурудан таза емес шаруашылықта да, жұқпалы аурудан таза шаруашылықта да жүргізіледі. Бұндай зерттеудің мақсаты аурудан таза емес шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы сауықтыру шараларының нәтижелілігін анықтау болса, аурудан шаруашылықта сақтық шараларына баға беру болып есептелінеді.

Жалпы індеттану пәнінің ең басты міндеті жеке мал отарларын ғана емес, барлық территорияның жұқпалы аурулардан таза болуын қамтамасыз ету.

Инфекция - жануар организмі мен зардапты микробтың бір-біріне әсерінен туындайтын ерекше жағдай.

Алғаш рет ғылымға бұл терминді 1842 ж. Хуфеланд енгізді. Бастапкыда оны сифилис және басқа да мерез ауруларына ғана қатысты пайдаланды. Ал "инфекциялық аурулар" деген атау және оларды жеке топка бөліп қарау белгілі патолог Вирховтың ұсынысымен болды. Топли 1946 ж. инфекцияны тоғышар паразит пен оның иесінің бірлестігі және оның нәтижесінде иесінің зардап шегуі ретінде карастырды. Б ұл пікір инфекция туралы осы заманғы көзкарастың калыптасуына негіз болды.

Жұқпалы ауру ұғымының инфекциялық ауру деген ұғымнан мағынасы кең. Жұқпалы ауруларға микробтар қоздыратьш инфекциялық аурулармен катар, паразиттер қоздыратын инвазиялық аурулар да жатады. Әлбетте калыптасып кеткен дәстүр бойыша инфекциялық ауруларды жұқпалы аурулар деп атай береді.

Жұқпалы аурулар айкын клиникалық белгілері болуымен қатар симптомсыз, білінбей жасырын түрде де, өтуі мүмкін [1, 3] .

Курстық жұмыстың мақсаты - инфекция мен жұқпалы аурулардың түрлерін, жіктелуін зерттеу.

1Негізгі бөлім

1. 1Инфекция

Инфекция /лат. Іnfectio - жұқтырамын/ - жануар организмі мен зардапты микробтың бір-біріне әсерінен туындайтын ерекше жағдай.

Алғаш рет ғылымға бұл терминді 1842 ж. Хуфеланд енгізді. Бастапкыда оны сифилис және басқа да мерез ауруларына ғана қатысты пайдаланды. Ал "инфекциялық аурулар" деген атау және оларды жеке топка бөліп қарау белгілі патолог Вирховтың ұсынысымен болды. Топли 1946 ж. инфекцияны тоғышар паразит пен оның иесінің бірлестігі және оның нәтижесінде иесінің зардап шегуі ретінде карастырды. Б ұл пікір инфекция туралы осы заманғы көзкарастың калыптасуына негіз болды.

Эволюциялық даму жолында әрбір биологиялық түр табиғат жағдайларына ғана емес, өзін қоршаған басқа да организмдерге бейімделеді. Әртүрлі тұрлердің ұзақ уақыт бойы бірігіп тіршілік етуге бейімделген бірлестігі - симбиоз деп аталады. Мөлтек организмдерде симбиоздың 2 түрі кездеседі. Олар - эктосимбиоз және эндосимбиоз. Эндосимбиоз кезінде микроб өзінің иесінің ішінде, ал эктосимбиоз кезінде иесінің сыртында тіршілік етеді. Симбиоздың симбионттарға /симбиозды құраушыларға/ пайда-зиянына карай бірнеше түрлері болады. Мутуалистік симбиоз, немесе мутуализм, симбионаттардың әрқайсысы үшін пайдалы болып табылады. Мысалы, күйісті жануарлардын алдыңғы қарындарындағы микробтар иесі арқылы зиян көреді, бірак олар катаң азыктарды ыдырату арқылы иесіне пайда да келтіреді. Симбиоздың басқа түрі - комменсалдык симбиоз, немесе комменсализм. Мұндай симбиоз кезінде симбионаттардың бірі екіншісіне зиян келтірмей-ак соның есебінен тіршілік етеді. Коменсалдарға мал мен адам организмінде /теріде, тыныс жолдарында, ас корыту мүшелерінде/ түрақты кездесетін санитариялық көрсеткіш болып табылатын мөлтек организмдер: ішек таякшасы, энтерококтар, т. б. жатады. Қалыпты жағдайда бұл микробтар зиянсыз болғанымен организм әлсіреген кезде олардың зардабы да болуы мүмкін [1, 2, 3, 5] .

Симбиоздын үшінші түрі - паразиттік симбиоз, немесе паразитизм симбионттың бірінің екіншісіне тоғышарлық етуі болып табылады. Тоғышар микроб иесінің есебінен құн көріп кана коймайды, өзі тіршілік ететін организмді зақымдап, зиян келтіреді.

Паразитизмнің тарихи кальштасуы ғылымда микроорганизмдердің эволюциялық дамуымен байланысты қарастырылады. Микробтар әлеміндегі тоғышарлықты олардың қоректік ерекшеліктері арқылы түсіңдіреді. Микроорганизмдер эволюциясының алғашкы сатысында еркін тіршілік ететін прототрофтар /автотрофтар/ ғана болса керекті. Олар қоректік заттарды қарапайым бейорганикалық косылыстардан синтездейді /темір, азот бактериялары.

Эволюцияның келесі сатысында еркін тіршілікпен қатар, тірі организмде де өмір сүре алатын микробтар - метатрофтар пайда болған болуы керек. Олардың арасында өлі органикалық заттармен қоректенетін сапрофиттер және тоғышар паразиттер кездеседі. Олардың арасында жартылай сапрофит, жартылай паразит болъш табылатын факультативті паразиттер де кездеседі. Факультативті /жарым-жартылай/ паразит сыртқы ортада да өмір сүре алатын болса, облигатты /міндетті/ паразит тек кана иесінің организмінде өсіп-өнеді. Мұндай микробтар қоректік ерекшеліктеріне байланысты паратрофтар деп аталады [1, 4, 5, 6] .

Эволюцияның үшінші сатысында тек қана тірі организмде өсіп-өне алатын гетеротрофтар пайда болады. Олар - вирустар, риккетсиялар, хламидиялар және микоплазмалар. Бұл микробтар сапрофиттік тіршілікке бейімділігінен мүлде айрылған. Табиғи және жасанды жағдайларда тек кана ұлпа торшаларында /микоплазмалардан басқасы/ өсіп-өнеді.

Эволюциялық тұрғыдан салыстырғанда, жіті өтетін аурулардың қоздырушылары созылмалы аурулардың қоздырушыларына карағанда "жас" болып есептеледі. Паразитизмнің кай түрі бұрын пайда болған, торша ішіндегі паразитизм бе, әлде торша сыртындағы тоғышарлық па деген сауал әлі де талас тудырып келеді. Торша ішіндегі тоғышарлықтың бұрын пайда болғандығын жақтаушылар торша митохондрийін торшаның ішіндегі бактерия типтес паразит деп есептейді. Паразитизмнің эволюциясы дегеніміз, екінші сөзбен айтканда паразит пен оның иесінің ара катынасының эволюциясы деген сөз. Қалай болған жағдайда да эктопаразитизмнен гөрі эндопаразитизм тоғышарлықтың жетілген түрі, ал оның ең "биік шыңы" - вирустың торшада тоғышарлық етуі. Сөз жоқ, бұл құбылыс паразиттік катынастың дами келе күрделенуінің нәтижесі. Тек қана паразиттің эволюциясын карастырып, ал паразиттің иесін тек паразит пен ортаны жалғастырушы буын ретінде ғана қарау кертартпа көзқарас празитоцентризмнен туындайды.

Енген зардапты микроб өсіп-өнген кезде, оған жауап ретінде организмде бірсыпыра өзгерістер болады. Олар дерттің денеге жайылуының белгілері болуымен катар, организмнің өзінің ішкі ортасының тұрақтылығын /гомеостаз/ сақтауға бағытталған әрекеті болып табылады. Бұл жауап рекакциясы биохимиялық, морфологиялық және функциялық өзгерістер арқылы білінеді. Тіпті енген микроб өсіп-өнбеген жағдайдың өзінде де организмде бірқатар өзгерістер болады.

Жалпы биологиялық түрғыдан карастыратын болсак, инфекция дегеніміз - макро және микроорганизмдердің арасындағы тіршілік үшін күрестің көрінісі. Бұл күрделі биологиялық процесс үш түрлі факторлардың өзара әсерінен туындайды. Олар: макроорганизм /жануар/, қоздырушы микроб және сыртқы орта жағдайлары. Сыртқы орта жануарларға да, микробқа да әсер етеді. Тағы бір ескеретін жай - жануар организмі микроб үшін сыртқы орта болып табылады да, оны табиғи ортамен жалғастыратын косымша бір буын қызметін аткарады [2, 3, 4, 5] .

Зардапты микробтың организмге енуі нәтижесінде оған қарсы организмнің реакциясы қаншама сан алуан болғанымен, оларды екі топка бөлуге болады. Біріншісі - инфекциялық - патологиялық өзгерістер. Олар - микробтың организмге тигізген зардаптарының тікелей нәтижесі.

Екіншісі - иммундік-қорғаныс процестері. Олар организмнің зақымданған қызметі мен кұрылысын калыпты жағдайға келтіруге бағытталған. Осы бір-бірімен тығыз байланысты қарама-қайшы құбылыстар инфекциялық процесс деп аталады және олар жұқпалы аурудың патогенездік мәнін яғни дерттің дамуын құрайды.

Жоғарыда аталған үш фактордың /макро және микроорганизмдер, қоршаған орта/ ара катынасы мен олардан туындайтын қарама - қайшы инфекциялық-патологиялық және иммундік - қорғаныс процестерінің өзгешеліктеріне байланысты инфекциялық процесс үш түрде байқалады. Олар - инфекциялық ауру, микроб алып жүру және иммундеуші субинфекция [3, 4, 5, 6] .

1. 2 Жұқпалы ауру

Жұқпалы ауру ұғымының инфекциялық ауру деген ұғымнан мағынасы кең. Жұқпалы ауруларға микробтар қоздыратын инфекциялық аурулармен катар, паразиттер қоздыратын инвазиялық аурулар да жатады. Әлбетте калыптасып кеткен дәстүр бойыша инфекциялық ауруларды жұқпалы аурулар деп атай береді.

Жұқпалы аурулар айкын клиникалық белгілері болуымен қатар симптомсыз, білінбей жасырын түрде де, өтуі мүмкін.

Инфекциялық ауру - инфекцияның ең айкын көрінісі. Ол организмнің калыпты тіршілігінің бұзылғандығының сыртқы белгілері арқылы білінеді. Мұндай жағдайда жануар организмінің қызметі бұзылып, онда морфологиялық өзгерістер байқалады. Айта кететін бір жай "жұқпалы ауру" және "инфекциялық ауру" деген ұғымдар бір-бірінің дәл баламасы емес.

Микроб алып жүру деп денесінде микроб болып, ол өніп-өссе де жануардың ауруға шалдықпауын айтады. Аурудан жазылған соң да малдың микроб алып жүруі мүмкін, бірақ бұл жерде мәселе ауруға байланыссыз инфекцияның жеке бір түрі туралы болып отыр. Микроб организмге енген соң оның ешқандай зардаптылығы байқалмай, өніп-өскен қоздырушы ешқандай дерт белгісін бермейтін жағдайлар да болады. Мұндай жағдай инфекцияның дербес бір түрі - микроб алып жүру болып табылады. Оны микроб тасымалдаумен шатастырмау керек. Орысша микроб алып жүру - микробоносительство, ал тасымалдаушы - переносчик. Екеуі екі түрлі дербес мағыналы ұғымдар [5, 6, 7] .

Микроб алып жүру кезінде аурудың клиникалық белгілері болмайтындығынан ондай жануарларды аныктау киынға түседі. Мұндай жағдайда серология, аллергия сиякты иммуниологиялық зерттеулер нәтиже бермейді. Тек кана бактериологиялық немесе вирусологиялық тексеру арқылы микроб алып жүруші жануарларды аныктау мүмкін . Микроб алып жүру толеранттылық пен микробиоз құбылыстарының нәтижесі болып табылады.

Иммундеуші субинфекция дегеніміз енген микробтың өсіп-өнбей тіршілігін токтатуының нәтижесінде организмнің дертке шалдықпай, онда иммунитеттің калыптасуы. М ұның нәтижесінде организмнің қызметі бұзылмайды және ол ауру қоздырушысының бастауына айналмайды. Сонымен, клиникалық сау малда бактериологиялық немесе вирусологиялық зерттеулердің теріс нәтижесі кезіңде иммунологиялық реакциялар /аллергиялық, серологиялық/ байқалады. Иммундеуші субинфекция микроб алып жүру тәрізді табиғатта кеңінен тараған. Мысалы сиырда қарасан негізінен 4 жаска дейін ғана байқалады. Ол одан жоғарғы жаста иммуңдеуші субинфекцияның әсерінен ауруға шалдықпайды. Осыны ескеріп 4 жастан асқан ірі кара бұл ауруға қарсы егілмейді [2, 3, 4, 5, 7] .

1. 3 Инфекция қоздырушыларының зардапты әсері

Зардаптылық /патогенность/ ауру қоздырушы микробтың инфекция қоздыру мүмкіндігі. Бұл микробтың тұқым қуалайтын генотипіне тән касиеті. Зардапты микробтың әрбір түрі белгілі бір ауруды қоздырады. Әрбір ауру қоздырушысының өзіне ғана тән зардаптылық аукымы бар. Жанурлардың бір ғана түрін зақымдайтын қоздырушыны унипотентті /бір ғана мүмкіндікті /, ал жануарлардьщ көптеген түрлерін зақымдайтьш микробты полипотентті /көп мүмкіндікті/ деп атайды. Мысалы, шошка обасының вирусы унипотентті де /мұндай ауруларды уникварлық деп те атайды/, аусылдың вирусы - полипотентті болып табылады.

Зардаптылық дәрежесі, яғни өлшемі, уыттылык /вирулентность/ деп аталады. Зардаптылық - микробтың белгілі бір түрінің ортақ қасиеті болса, уыттылык - оның жекелеген штаммдарының дара касиеті. Бұл енді зардаптылыктың фенотиптік көрінісі. Уыттылық шартты өлшем төменгі өлтіретін дозамен /DLM - dosis letalis minima / және төменгі жұқтыратын дозамен /DIM - dosis infectiosis minima / өлшенеді. Олар белгілі бір әдіспен жібергенде массасы мен жасы бойынша саралап алынған жануарлардың 95-100 %-ін өлтіретін не ауыртатын микробтың ең аз саны. Ал бұл көрсеткіштерді дәлірек аныктау үшін жұқтырылған жануарлардың 50 % өлтіретін /LD 50 /, немесе ауыртатын /ID 50 / шаманы алады.

Уыттылық микробтардың уыттылық факторлары деп аталған қасиеттерінен туыңдайды. Б ұл факторлар екі топка бөлінеді: инвазиялылығы және улылығы /токсигендігі/.

Инвазиялылығы - микробтың денеде ұлпаларға бойлап еніп, даруы, онда өніп-өсіп, организмнің қорғаныс қабілетін тежеуі. Микробтың тиісті торшаларға жабысу қабілетін адгезиялылығы, ал организмнің қорғаныс күшін әлсірету кабілетін агрессиялылығы деп атайды. Қоздырушылардың мұндай қасиеттері олардың морфологиялық және биохимиялық ерекшеліктеріне негізделген. Мысалы, энтеробактериялардың /колибактериоз, сальмонеллез қоздырушылары/ адгезиялылығы олардың өте нәзік жіпшелері - фимбриялары арқылы іске асады. Организмнің ұлпа торшаларын микробтар бөліп шығаратын уыттылық ферменттері /гиалуронидаза, ДНҚ-аза, РНҚ-аза, коагулаза т. б. / зақымдаса, фагоцитоз бен басқа да қорғаныс реакциясьш тежеуге микробтың капсуласы, кабығындағы VI-, К-антигендері, агрессин типтес бөлінділері қызмет етеді. Микроб иесіне тән бүркеніш мимикрия антигендеріне ие болу арқылы өзіне қарсы бағытталған организмнің иммунитет күштерінің әсерінен аман калады.

Улылығы - микробтың улы заттар түзу касиеті. Б ұл улар экзотоксиндер және эндотоксиндер болып бөлінеді.

Экзотоксиндерді негізінен грам оң бактериялар бөліп шығарады. Химиялық табиғаты жағынан экзотоксиндер - ірі молекулалы жылуға сезімтал акзаттар, олар микроб торшасынан сыртқы ортаға бөлініп шығады. Бактерия экзотоксиндері табиғатта кездесетін ең күшті у. Сіреспенін азотка шаккандағы 2 мг кристалды токсині 75 млн. тышканды өлтіре алады. 1 мг ботулизм токсины 1 000 тонна теңіз тышканын өлтіреді. Экзотоксиннің организмге әсері өзіне тән болады, өйткені олардың әркайсысы өзіне бейім торшалардың арнайы өзіне тән рецепторларымен жалғасады. Соңдықтан әрбір микробтын экзотоксині аурудын өзіне тән симптом кешенін береді. Экзотоксиндер жарыктың, жылудың, кышкыл мен сілтінің әсерінен күшін жояды , ал формалиннің әсерінен улылығынан айрылып, токсин немесе анатоксинге айналады. Анатоксин улы болмаса да иммундеуші касиетін сактайды, сондыктан оны вакцина ретінде колданады.

Эндотоксиндер микроб торшасының бөлінбес құрамы больш есептеледі. Ол микроб тірі кезінде қоршаған ортаға бөлінбейді, тек кана микробты ыдыратканда ғана босайды. Негізінен грам теріс бактериялардың құрамында болады, глюцид - липидполипептид кешеніне жатады, жылуға төзімді. Эндотоксиннің организмге әсері өзіне тән емес әлсіздік, демігу, іш өту, ыстык көтерілу сиякты жалпылама өзгерістер туғызады.

Аталған уыттылық факторлары бактерияларға және оларға туыстас микробтарға тән. Ал вирустар болса, олар бейім жануардың торшасында өніп - өсу нәтижесінде патологиялық процестер тудырады. Вирустың репродукциясы торшаны закымдап өлтіреді, не болмаса оның қызметіне нұксан келтіреді. Кейбір вирустардың, мысалы онкогендік, зардабы бірден сезілмейді. Оның нуклеин кышқылы торшаға енген соң, вирустың геномы мен иесінің геномы қосылуы нәтижесіңце вирогения деп аталатын кұбылыс орын алады [2, 3, 4, 5, 7] .

1. 4 Макроорганизм мен сыртқы ортаның инфекциядағы маңызы

Инфекция процесі организмге түскен микробтың мөлшері мен уыттылығына ғана емес, генетикалық бейім жануардың әркайсысының төзімділігіне де байланысты. Белгілі бір ауруға бейімділік /орысшасы восприимчивость/ деп әрбір түрдің жұқпалы аурудың қоздырушысымен жанасканда оны жұқтырып, содан туындайтын ауруға қабілеттілігін айтады. Бұл жерде организмнің физиологиялық жағдайының, мал азығының құнарлылығының, малды бағып-кағу т. б. факторлардың маңызын таңдамай-ақ, ауруға бейімділіктің арнайы тетіктерін карастырып көрейік [6, 7] .

Ауруға бейімділіктің түпкі негізінде әртүрлі молекулалар мен клеткалардың бірін-бірі биологиялық тануы жатыр. Инфекцияның ең алғашқы кезеңі ауру қоздырушының макроорганизмдегі тиісті ұлпаны тануына, содан кейін оған жабысып, мекен етуіне саяды. Микробтьщ белгілі бір үлпада мекендеп, өсіп-өне бастауын колонизация, немесе отарлау деп те атайды. Биологиялық тану микробтың экзотоксинының /мысалы, ботулизм токсинының/ сезімтал торшаларды табуы үшін маңызы аса зор. Макро- және микроорганизмдер торшаларының бірін-бірі тануы олардың беткі макромолекулалық қүрылымдары арқылы іске асады. Олар біріне-бірі сай, яғни өзара комплементарлы болулары кажет. Бұларды тану бірлігі /сайт узнавания/ деп атайды. Олар лиганца - рецептор жүйесін құрайды /рецептор -кабылдаушы, ал лиганда - жалғаушы деген мағынада/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауруға бейім жануарлар
Инфекциялық ауруларды болдырмау
Індет процесі туралы түсінік
Жылқының жұқпалы анемиясы
Жұқпалы аурулардың жалпы патологиясы:сипаттамасы, кезеңдері, негізгі белгілері, жіктелуі. Иммунитет. Аллергия. Анафилаксия
Үй жануарларының жұқпалы аурулары
Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы
Инфекция формалары және олардың сипаттамасы. Инфекцияның негізгі көздері, тасымалдау жолдары
Эпидемиологиялық процестің үш тізбегі
Балық инфекциялық ауруларын қоздырушылардың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz