Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және олардың сапасын жақсартып, шығынды азайтуда өндірістік процестерді механикаландыру және электрлендірудің рөлі



1. Кіріспе
2. Технологиялық бөлім
2.1. Қара мал фермасы, сауын сиырлар
2.2. Көң тазалау технологиясы
3. Есептеу бөлімі
4. Тіршілік қауіпсіздігі
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы президентінің елімізді бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына енгізу мақсаты мен республикамыздың Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі тұрған кезеңде – бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнім-дерін өндіру, өндірістік процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыру, заманауи озық технологиялар мен тиімді жұмыс істейтін машиналар мен агрегаттарды өндіріске енгізу өзекті мәселеге айналып отыр.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және олардың сапасын жақсартып, шығынды азайтуда өндірістік процестерді механикаландыру және электрлендірудің рөлі зор. Отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілер нарықтық жағдайда бәсекелестік қабілеті үлкен өнімдер шығаруы тиіс. Ол үшін ең озық техника мен технологиялар жүйесін фермерлік шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары өндіріске енгізіп, еңбек, отын, энергия және басқа да материалдық-техникалық қорлар шығынын азайтып, табыс алуы керек.
Мал фермаларында көңді жинау, шығару, тасымалдау, ұқсату және сақтау процестері еңбекті көп қажет етеді. Мал шаруашылығындағы ең-бек шығындарының 20...30% - ы осы жұмыстарды атқаруға жұмсалады.
Көңді жинау, шығару және пайдалану тәсілі малдың түріне, оларды күтіп - бағу жүйесіне және шаруашылықтың нақты жағдайына байланысты болады. Бұл тәсілдер техниканы, сұйықтың өзіндік сырғуын және сығымдалған ауаны пайдаланып жүзеге асырылады. Осыған байланысты мал фермалары мен кешендерінен көңді жинау мен шығару тәсілдері механикалық, гидравликалық және пневматикалық болып бөлінеді (12.1 - сурет).
Бұл жүйелерді пайдалану малдың түріне, ұстау тәсіліне қарай қолданылады. Құрғақ таза немесе төсеніш араласқан көңді механикалық тәсілмен, қоймалжың жартылай сұйық көңді гидравликалық және пнев-матикалық тәсілдермен жинап тасымалдайды. Құрғақ көң көбінде қой қоралардан (қи, құмалақ) және сиыр қоралардан шығарылады. Сиырды бордақылау кезінде сүрлем, тағы басқа сұйық қоспаларды пайдаланса, одан бөлінетін көңде қоймалжың немесе сұйықтау болып келуіне байланысты өзі сырғитын немесе гидравликалық тәсілдер қолданылады. Ал шошқа фермаларында көбінесе гидравликалық-механикалық тәсіл пайдаланылады. Құс фермалары мен фабрикаларында саңғырық таза-лап, шығару және оны тасымалдау механикалық тәсілмен жүргізіледі.
1. «Егемен Қазақстан». № 12 – 13. 19 қаңтар, 2007 ж.
1. «Егемен Қазақстан». № 5. 9 қаңтар, 2007 ж.
2. Нұртаев Ш.Н. Витаминді мал азығын өндіру. – Алматы: Қайнар, 1987.
3. Нұртаев Ш.Н., Сапарбаев Е.Т. Мал шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру. – Алматы: «Агроуниверситет», 2006.
4. Коба В.Г., Брагинец Н.В., Мурусидзе Д.Н., Некрашевич В.Ф. Механизация и технология производства продукции животноводства. – М.: Колос, 2000.
5. Машины и оборудование для приготовления кормов. Ч.1. Справочник /И.В. Кулаковский; Ф.С. Кирпичников, Е.И. Резник. М.: Росагропромиздат, 1987.
6. Техника для фермерских хозяйств /под ред. Г.А. Деграф и Ш.Н. Нуртаева./ – Алматы: Агроуниверситет, 1999.
7. «Жаңа арық» шаруа қожалығының 2004 – 2006 жылғы өндірістік көрсеткіштері.
8. Рекомендации по системе ведения сельского хозяйства. Кзыл – Ординская область. Алма – ата: Кайнар, 1978.
9. Брагинец Н.В., Палишкин Д.А. Курсовое и дипломное проектирование по механизации животноводства. – М.: Агропромиздат, 1991.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Кіріспе

2. Технологиялық бөлім

1. Қара мал фермасы, сауын сиырлар

2. Көң тазалау технологиясы

3. Есептеу бөлімі

4. Тіршілік қауіпсіздігі

5. Қорытынды

6. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасы президентінің елімізді бәсекеге барынша
қабілетті елу мемлекеттің қатарына енгізу мақсаты мен республикамыздың
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі тұрған кезеңде – бәсекеге қабілетті
ауылшаруашылық өнім-дерін өндіру, өндірістік процестерді кешенді
механикаландыру мен автоматтандыру, заманауи озық технологиялар мен тиімді
жұмыс істейтін машиналар мен агрегаттарды өндіріске енгізу өзекті мәселеге
айналып отыр.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және олардың сапасын жақсартып,
шығынды азайтуда өндірістік процестерді механикаландыру және
электрлендірудің рөлі зор. Отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілер
нарықтық жағдайда бәсекелестік қабілеті үлкен өнімдер шығаруы тиіс. Ол үшін
ең озық техника мен технологиялар жүйесін фермерлік шаруашылықтар мен шаруа
қожалықтары өндіріске енгізіп, еңбек, отын, энергия және басқа да
материалдық-техникалық қорлар шығынын азайтып, табыс алуы керек.

Көңді жинау, шығару, ұқсату және

пайдалану технологиясы

Мал фермаларында көңді жинау, шығару, тасымалдау, ұқсату және сақтау
процестері еңбекті көп қажет етеді. Мал шаруашылығындағы ең-бек
шығындарының 20...30% - ы осы жұмыстарды атқаруға жұмсалады.

Көңді жинау, шығару және пайдалану тәсілі малдың түріне, оларды күтіп -
бағу жүйесіне және шаруашылықтың нақты жағдайына байланысты болады. Бұл
тәсілдер техниканы, сұйықтың өзіндік сырғуын және сығымдалған ауаны
пайдаланып жүзеге асырылады. Осыған байланысты мал фермалары мен
кешендерінен көңді жинау мен шығару тәсілдері механикалық, гидравликалық
және пневматикалық болып бөлінеді (12.1 - сурет).

Бұл жүйелерді пайдалану малдың түріне, ұстау тәсіліне қарай
қолданылады. Құрғақ таза немесе төсеніш араласқан көңді механикалық
тәсілмен, қоймалжың жартылай сұйық көңді гидравликалық және пнев-матикалық
тәсілдермен жинап тасымалдайды. Құрғақ көң көбінде қой қоралардан (қи,
құмалақ) және сиыр қоралардан шығарылады. Сиырды бордақылау кезінде сүрлем,
тағы басқа сұйық қоспаларды пайдаланса, одан бөлінетін көңде қоймалжың
немесе сұйықтау болып келуіне байланысты өзі сырғитын немесе гидравликалық
тәсілдер қолданылады. Ал шошқа фермаларында көбінесе гидравликалық-
механикалық тәсіл пайдаланылады. Құс фермалары мен фабрикаларында саңғырық
таза-лап, шығару және оны тасымалдау механикалық тәсілмен жүргізіледі.

Мал қораларының ішіндегі ауаның тазалығы көңнің уақтылы шыға-рылуына
байланысты. Сондықтан мал қораларынан (қой қорадан басқа) көңді тәулігіне
2 ... 3 рет шығарады. Ал малды байлаусыз, қалың төсе-ніште ұстағанда, көңін
жылына 2 ... 3 рет шығарады. Қой қораларының қиын ояды.

Көңді негізінде қатты және сұйық деп бөледі. Құрғақ көңді малға
төсеніш ретінде ағаш үгіндісін, шымтезек, сабан, ағаш жапырақтарын
төсегенде, ал сұйық көңді - төсенішсіз, саңылаулы едендерде ұстап, қораның
ішін сумен жуып - тазалағанда алады.

Көңнің физика - механикалық және реологиялық қасиеттеріне қарай оған
пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар таңдалып алынады.

12.1- сурет. Көң жинайтын құрылғылардың жіктелімі

Көңнің қасиеттері оның көлемдік массасымен, ылғалдылығымен,
жабысқақтығымен, ығысқыштығымен, ығысуға кедергісімен, тұт-қырлығымен және
жатқан кездегі үйкеліс коэффициентімен, т.б. анықталады. Олар малды
азықтандыру жүйесіне, азық пен малдың түріне және көң шығаруда
пайдаланылған технологияға байланысты.

Қатты (құрғақ) көңді жылжымалы және жылжымайтын тасымалдағыштар мен
тиегіштерді пайдаланып шығарса, сұйық көңді тазалауға әдетте, оның
аққыштығын пайдаланады. Көң шығару технологиясын таңдаған кезде оны
жергілікті жағдаймен үйлестіріп қарау керек, сондықтан да әр фермада
технология әртүрлі болуы заңды.

Көңді жинау және шығарумен ғана жұмыс бітпейді, сонымен бірге оны одан
әрі кәдеге асыра білудің де маңызы зор. Көң ең жақсы жергілікті органикалық
тыңайтқыш болып табылады. Әуелі оны залалсыздандыру қажет. Өйткені онда
біршама мөлшерде ауру қоздырғыштары болуы мүмкін. Сондықтан сұйық көңді
пайдаланар алдында онда жұқпалы ауру қоздырғыштары бар-жоқтығын тексереді,
егер қажет деп тапқан жағдайда 1 м³ көңді 3 кг формалин қосып
залалсыздандырады.

Ылғалдылығы 65 – 70 % төсенішті көң егістікке шығарылмас бұрын
көмбелерге төгіледі. Онда ол өздігінен қызады. Сөйтіп, ауру тудырғыш
бактериялардан залалсызданады, ал арамшөптер тұқымы өнгіштік қабілетінен
айрылады.

Фермадағы нақты жағдайларға байланысты көңді жинау, шығару және
ұқсатудың мынадай технологиялары қолданылады:

- қатты төсенішті көңді жинау, шығару, көмбелерде сақтау және
топыраққа енгізу;

- сұйық төсенішсіз көңді жинау, шығару және одан қатты компост (көңге
шымтезек, ұсақталған сабақ, ағаш үгіндісі, басқа да компостталатын заттар
мен минералдық тыңайтқыш қосу арқылы даярланады) даярлау, сақтау және
топыраққа енгізу;

- сұйық төсенішсіз көңді жинау, шығару және оны өңдеу, сақтау және
топыраққа сұйық күйінде енгізу;

- төсенішсіз көңді жинау, шығару және оны қатты және сұйық фракцияларға
бөліп, бұл фракцияларды өңдеу, сақтау және топыраққа жекелеп енгізу.

Жалпы алғанда мал қораларынан көңді жинау, шығару, оны өңдеу мен
сақтау орнына тасымалдау және топыраққа тыңайтқыш ретінде енгізу
технологиялық процесі мынадай операциялардан тұрады:

- төсенішті қоражайға жеткізу мен жаймалау;
- мал тұратын қора мен станоктарды көңнен тазартып, қора жайдан көңді
жинау;
- аралық жинақтау ыдыстарына тасымалдау;
- тасымал көлігіне тиеу;
- уақытша сақтау (көң сақтау қоймасы, компосттайтын алаң) орнына
тасымалдау;
- тиімділігі жоғары органикалық тыңайтқыш алу үшін көңді өңдеу және
ұсақтау;
- көңді тиеу, егістікке тасымалдау және топыраққа енгізу.
Қолданылатын технологияға сәйкес көң жинайтын құрылғыларды атқаратын
қызметіне байланысты былай жіктейді: қора жайды көңнен тазартатын; көңді
жинақтайтын және шығаратын; көңді тасымалдайтын және кәдеге жарату үшін
өңдейтін құрылғылар.

12.2. Көң жинайтын жылжымалы құрылғылар

Көңді жинау мен шығарудың механикалық тәсілінде жылжымалы және
тұрақты техникалық құрылғылар пайдаланылады.

Жылжымалы техникалық құрылғылар мал қораларынан, мал серуенге шығып
азықтанатын және бордақылау алаңдарынан көң шығару үшін қолданылады.

Жылжымалы техникалық құрылғыларға ПБ-35 тиегіш - бульдозері, ПЭ-
0,8Б тиегіш-экскаваторы және өздігінен жүретін шассилер жатады.

Көң жинаудың мұндай жүйесі кезінде мал тұратын қораны әдеттегіден 5
см - ге ұзын етіп жасау қажет. Көң жырасының тереңдігі 20...25 см болуы
тиіс.

Жылжымалы құрылғыларды қолданғанда садыражиманы да салуды қарастыру
қажет. Жылжымалы құрылғылар сиыр қорадан 1 т көңді 10 ... 25 минутта
шығарады, ал қол еңбегінің шығыны бір сиырға шаққанда тәулігіне 0,5...1,0
минутты құрайды.

ПБ-35 тиегіш-бульдозерінің негізгі жұмысшы тетігі - қалақша мен күрек.
Күректі көтеру, оның кесу бұрышын өзгерту гидравликалық жүйе арқылы
басқарылады. Ол ДТ - 75 тракторына тіркеледі. ПБ - 35 тиегіш-бульдозерінің
техникалық сипаттамасы мынадай: өнімділігі -80 тсағатқа дейін,
жүккөтергіштігі - 1,5 т, күрек алымының кеңдігі -2500 мм, тиеу биіктігі -
2,3 м.

ПЭ-0,8Б тиегіш-экскаваторы рамадан, домкраттардан, бағанадан, жебеден,
грейдерден, тіреуіштен, бульдозерлі аспадан, гидравликалық жүйеден және
ауыстырылып отыратын қосымша тетіктерден тұрады. Бұл машина гидравликалық
жүйемен жабдықталған ЮМЗ-6ЛМ тракторына ілінеді.

ПЭ - 0,8Б тиегіш - экскаваторының техникалық сипаттамасы мынадай:
жүккөтергіштігі – 800 кг, өнімділігі – 70 тсағатқа дейін, тиеу биіктігі -
3,8 м, экскаватор күрегінің сыйымдылығы - 0,22 м³, жұмыс істегендегі қамту
ені - 0,70 м, қазу радиусы - 4,38 м.

Төсенішті көңді БН-1 аспалы бульдозерімен жинаудың технология-лық
сұлбасы 12.2-суретте көрсетілген.

Көңді жинау МТЗ-80 тракторына ілінген БН-1 аспалы бульдозерімен
жүргізіледі. Осындай тракторға агрегатталған 1-ПТУ-4 жартылай тіркемесі
құрғақ шымтезекті төсеніш ретінде бокстарға шашады. Көң жинауды және
төсеніш алмастыруды екі күнде бір рет жүргізеді. Көңді қора жанындағы
бетондалған алаңшаға шығарады да, онда екі ай бойы жинақтап, сосын
егістіктегі көмбелерге тасымалдайды.

12.2 - сурет. Көңді БН-1 аспалы бульдозерімен жинаудың технологиялық
сұлбасы:

1 – бульдозер, 2 - шымтезек шашқыш, 3 - азықтаратқыш

СУ-Ф-0,4 әмбебап тиегіші (12.3 - сурет) мал серуендейтін алаңнан көңді
кешенді механикаландырылған түрде жинауға, ферма территория-сынан тазалауға
арналған.

12.3 - сурет. СУ-Ф-0,4 әмбебап өзітиегіші:

1 – аспа, 2 - шөміш, 3 – портал, 4, 14 - гидроцилиндрлер,

5 - алдыңғы бортты ашатын механизм, 6 - жүк платформасы,

7- гидрожүйенің май ыдысы, 8 – арқан, 9 – ұстағыш, 10 - өздігінен
жүретін шасси,

11 - карданды білік, 12 – гидрожүйе, 13 - гидросорапты редуктор

Сонымен қатар бұл агрегат мал қора мен серуен алаңдарына төсе-ніш
материалдарын жеткізеді, тамыртүйнектілерді өңдеу және тарату үшін қоймадан
тасымалдайды, өтпежолдарды жемшөп қалдықтарынан тазалайды, сусымалы және
кесекті материалдарды тиеп, ферманың ішінде тасымалдайды, жүктерді тасымал
көліктеріне тиейді.

Агрегат дербес қорабы бар Т - 16М өздігінен жүретін шасси түрінде
жасалған. Агрегатқа аударылмалы жүк платформасы және тербелмелі портал
түріндегі аспалы өзітиегіші орнатылған. Порталдың шетіне топ-салы түрде
көңді күрейтін және іліп алатын шөміш орнатылған. Тиеуші құрылғы және
аударылмалы платформа шассидің гидрожүйесімен іске қосылады.

Агрегаттың икемділігі жоғары, бұрылу радиусы 4 метрден кіші
болғандықтан, өлшемдері мен пішіні әртүрлі алаңшалардан көңді жинай алады.
Қоражайдан көңді шығару үшін, оның өтпежолдарының енін 1,6...2,2 м етіп
жасайды, ал қоражайдың төбесінің биіктігі 2,8 метрден кем болмауы тиіс.
Мұны мал фермаларын қайта жаарқтандыру кезінде ескерген абзал.

12.3. Көңді жинайтын механикалық

тұрақты құрылғылар

Көңді жинауға арналған механикалық тұрақты құрылғылар жұмыс тетігінің
түріне қарай: қырғыш тасымалдағыштар (ТСН-160А, ТСН-160Б, ТСН-3,0Б,
ТСН-3,0Д, Тр-5, ТСН-2,0Б), скреперлі қондырғы-лар (УС-Ф-170А, УС-Ф-250А, УС-
250, УС-15), көлденең скреперлі қондырғылар (УС-10,УСН-8), скреперлі бойлық
тасымалдағыштар (ТС-1ПР) және скреперлі көлденең тасымалдағыштар (ТС-1ПП)
болып бөлінеді. Олар өзара жұмыс істеу әдістеріне байланысты айнала және
ілгері-кейінді қозғалатын құрылғылар болып келеді.

ТСН-160А қырғыш тасымалдағышы мал қораларынан көң жинауға, шығаруға
және көңді тасымал көлігіне тиеуге арналған. Ол электр жетегі мен жабық
түрдегі редукторы бар көлденең және көлбеу тасымалдағыштан, қырғышы бар
тасымалдағыш шынжырынан, бұрылыс жұлдызшасынан, қалыңдығы 4 мм темір
табағынан, дәнекерленген көлбеу науадан, науа тірегінен, электр
жабдықтарынан тұрады (12.4 - сурет).

ТСН-160А қырғыш тасымалдағышы мына жағдайда жұмыс істейді. Көлбеу және
көлденең тасымалдағыш жұмысқа қосылады. Көң мал тұрған жерден қырып алынады
да, көң каналына түседі, онда көлденең тасымалдағыштың қырғышы қозғалып
тұрады. Көң қырғышпен алынып, көң каналының табаны бойымен көлденең
тасымалдағыш арқылы қора каналына жеткізіледі де, көлбеу тасымалдағышқа
түсіріледі. Көлбеу тасымалдағыш көңді жоғары көтеріп, көлікке тиейді.

12.4 - сурет. ТСН-160А қырғыш тасымалдағыштың сұлбасы:

1- көлденең тасымалдағыш, 2 - көлбеу тасымалдағыш, 3 - көлбеу
тасымалдағыштың жетегі, 4 - көлденең тасымалдағыштың жетегі, 5 – шкаф, 6 -
тарту құрылғысы,

7 – шынжыр, 8 - бұрылыс құрылғылары, 9 - қырғыш

Көлбеу тасымалдағыштың төменгі шеті мал қораның ішіне және көлденең
тасымалдағыш әкеле жатқан көң көлбеу тасымалдағыштың науасына келіп
түсетіндей есеппен еденнен төмен орнатылады. Көлбеу тасымалдағыштың жоғары
шеті әдетте мал қораның тамбурында көңді көлікке тиеуді және мүмкіндігінше
оны қатып қалудан сақтауды қамтамасыз ететіндей биіктікте орналастырылады.

Бір тасымалдағыш екі қатардағы байлаудағы 100...200 бас сиырға қызмет
көрсетеді. ТСН-160А қырғыш тасымалдағыштың техникалық сипаттамасы мынадай:
өнімділігі - 4,5 ... 5 тсағ, көлденең тасымал-дағыш шынжырының ұзындығы –
160 м, жүру жылдамдығы - 0,18 мс, қырғыштарының арақашықтығы - 1120 мм,
көлбеу тасымалдағыш шынжырының ұзындығы – 13 м, жүру жылдамдығы - 0,72 мс,
тасымал-дағыштың көлбеу орналасу бұрышы - 30º, тасымалдағышқа қажет қуат
мөлшері - 5,5 кВт, көңді көтеру биіктігі - 2,65 м.

ТСН-3,0Б, ТСН-3,0Д, ТР-5, ТСН-2,0Б тасымалдағыштарының жалпы құрылысы
және жұмыс процесі ТСН-160А тасымалдағыштікіне ұқсас келеді.

ТШН-10 шнекті тасымалдағышы 200 бас сиырға арналған қорадан көңді
жинауға және шығаруға арналған. Ол төрт бойлық және бір көлденең
тасымалдағыштармен жабдықталған. Бойлық тасымал-дағыштар (ұзындығы – 65,6
м, шнек орамдарының диаметрі – 20 мм, адымы – 150 мм) саңылаулы тордың
астындағы науамен 15...60 мин-1 жиілікпен айналады. Сиыр қораның шетінде
орналасқан көлденең тасымалдағыш (ұзындығы – 20,6 м) көңді бойлық
шнектерден қабылдап, УТН-10 қондырғысына береді. Бұның орамдарының диаметрі
мен адымы бойлық шнектердікіндей. Мұндай тасымалдағыштардың өнімділігі
және сенімділігі жоғары, ұзақ уақыт жұмыс істей алады, бірақ материал және
энергиясыйымдылығы жоғары.

УС-15 скреперлі қондырғысы ілгері - кейінді қозғалады және толық
автоматтандырылған түрде жұмыс істей алады. Бұл қондырғы ірі қара мал
қораларындағы ашық көң жолдарынан көңді жинауға арналған (12.5 - сурет).

12.5 - сурет. УС-15 скреперлі қондырғысы:

1 – жетек, 2 - бұру құрылғысы, 3 – сырғақ, 4, 5 – қырғыштар, 6 -
шынжыр

УС-15 қондырғысы жетектен, шынжырдан, негізгі жұмыс тетігі- қырғыштан,
айналмалы құрылымнан, басқару электр қалқанынан тұрады. Қондырғы құрылысы
бойынша үш түрлі жұмыс атқаруға белгіленген: көңді қораның бір шетіне
жеткізу, көңді қораның екі шетіне бірдей жеткізу, мал қорасының ортасына
түсіру.

УС-15 ілгері - кейін қозғалатын скреперлі қондырғысы мына жағдайда
жұмыс істейді. Қондырғы көң каналымен бір бағытта жылжыған кезде негізгі
жұмыс тетігінің - қырғыштың алым ені түгелдей ашылады да, көңді жинап
қораның шетіне жеткізіледі. Ол екінші бағытпен жылжы-ғанда қырғыштар
жиналады да, кері қарай жылжиды, мұнда көң ілін-бейді. Бір қырғышпен көң
жиналғаннан кейін қондырғыға кері айналым беріліп, оның екінші қырғышы
ашылады да, көңді жинап қораның шетіне жеткізеді. Осыдан кейін жұмыс
тәртібі қайталанып отырады.

УС-15 скреперлі қондырғысы ені 1,8...3 м және биіктігі 0,2 м, екі жағы
да ашық көң каналдары арқылы көң шығарады. Қондырғының өнімділігі – 2
тсағ, қажетті электр қуаты – 3 кВт.

УС-250 скреперлі қондырғысы ұзындығы 120 м болып келетін, ірі қара
малды байламай ұстайтын қоралардағы ашық көң каналдарынан көңді жинауға
арналған. Тәулігіне 18...20 сағат жұмыс істейді. Скреперлер қозғалысының
жылдамдығы - 0,063 мс, электрқозғалт-қышының қуаты - 2,2 кВт, жұмыс
контурының ұзындығы - 250 м.

УС-Ф-170 скреперлі қондырғысын ұзындығы 72 және 84 м болып келетін сиыр
қораларда қолданады. Қондырғының жұмыс контурының ұзындығы – 170 м, электр
қозғалтқышының қуаты - 1,1 кВт.

УС-10 скреперлі қондырғысы көлденең каналдардан көңді көңжинағышқа
тасымалдауға арналған (12.6 - сурет). Ол автоматты реверстеу жүйесінен,
диаметрі 20 мм сегіз скреперлі тарту штангасынан және зәкір тәріздес,
беріктігі жоғары, дөңгелек буынды шынжырдан тұрады. Штанганың 12,5 м ілгері
- кейінді қозғалысы кезінде жиналған скреперлердің адымы – 10 м. Ашылған
жағдайдағы скрепердің алым ені - 1,75 м, қырғыштардың биіктігі - 0,15 м.

12.6 - сурет. УС-10 скреперлі қондырғысын көң каналында орналастыру
сұлбасы:

1 – жетек, 2, 4 - бұру құрылғысы, 3 - дельта-қырғыш,

4 - тарту стансасы, 5 - көң каналының торы

Жұмыс жүрісі кезінде қырғыш көңді іліп алып, штанганың жүрісіне тең
қашықтыққа көңжинағышқа қарай жылжытады. Штанга кейін қарай (бос жүріс)
қозғалғанда, қырғыштар еденге үйкелісінің арқасында жиналады да, бұл кезде
көңде ілмейді. Келесі жұмыс жүрісі кезінде көң ары қарай жылжытылып,
көңжинағышқа түсіріледі. УС-10 қондырғысы үздікті жұмыс істейді, ол
тәулігіне автоматты түрде 20 минуттан 6 рет қосылады. Штанганың қозғалыс
жылдамдығы - 0,137 мс, электр қозғалтқышының қуаты – 3 кВт.

ТС-1ПР (бойлық) және ТС-1ПП (көлденең) скреперлі тасымал-дағыштары
шошқа қораларынан көңді жинауға, көңді сақтау қойма-ларына тасымалдауға
және тасымал көліктеріне тиеуге арналған. Скреперлі тасымалдағыштардың
жүйесі 12.7 - суретте көрсетілген. Ол бойлық және көлденең скреперлі
тасымалдағыштардан, көңжинағыш-тан, НПК-Ф-35 шөмішті тиегіштен және УН-1
немесе НШ-50 сорап қондырғысынан тұрады.

12.7 - сурет. ТС-1ПР және ТС-1ПП скреперлі тасымалдағыштар жүйесі:

1 - жетек стансасы, 2 - сүйемелдеуші блок, 3 – ролик, 4 - бұру
блоктары,

5 – шынжыр, 6 - еден торы, 7 – тартқыштар, 8 - скреперлі арба,

9 - жұмыс контурын тарту құрылғысы

Саңылаулы еден астындағы тереңдігі – 800 мм және ені - 820 мм каналда
орналасқан бойлық скреперлі тасымалдағыш тор саңылауынан түскен көңді шошқа
қораның ортасына жылжытып, көлденең каналдың скреперлі тасымалдағышына
түсіреді. Ол тарту және реверсті құрылғылары бар жетек стансасынан,
шынжырдың тұйық контурынан және тартқыштардан тұрады. Адымы 7 м
тартқыштарға (7) құрылмасы құбырлы, аркалы болып келетін скреперлі арбалар
бекітілген. Бұл арба төрт роликке тіреледі де, каналдың бойлық
бағыттауыштарымен қозғалады. Арба бекітілген шынжырлы - штангалы контур
ілгері-кейінді қозғалыс жасайды, көң скрепермен қораның ортасындағы
көлденең тасымалдағыштың каналына түсіріледі. Бұл тасымалдағыш көңді
көңжинағышқа жібереді. Мұнда көң шөмішті тасымалдағышпен тасымал көлігіне
тиеледі.

12.5. Мал қоражайларынан көңді қоймаға тасымалдау

Көңді мал қоражайларынан сақтау орындарына тасымалдау үшін трактор
тіркемелері, скреперлі және пневматикалық қондырғылар, сорап стансалары
және өздігінен ағатын жүйелер қолданылады.

Трактор тіркемесін көң тамбурына (көң тіркемеге қырғыш тасымалдағыштың
көлбеу бөлігімен немесе скреперлі қондырғымен тиеледі) қояды да, толған соң
көң сақтау қоймасына апарып төгеді.

НЖН-200 сорабы сұйық көңді көңжинағыштан және көңқоймадан сорып алып,
тасымал көлігіне немесе құбыртүтік арқылы компосттау орындарына жіберуге
арналған.

Сорап - ортадан тепкіш, оның сору бөлігінде шнек орнатылған. Шнек
білінің төменгі ұшына озба муфта арқылы жалғанатын үшқалақты бұлғауыш
орнатылады. Сорап пневматикалық доңғалақтары бар тірек рамасына
бекітілген. Ол электрқозғалтқыштың көмегімен айналысқа келтіріледі. Сорап
жұмыс немесе транспорттық жағдайға шығыр ар-қылы қойылады және қысымды
жеңмен жабдықталған (12.11 - сурет).

Шнек корпусының төменгі жағында терезе бар, оны есікшемен жабуға
болады. Есікшемен сорапқа берілетін көң массасын ылғалдылығына байланысты
реттеуге болады. Сорап сабан қалдықтарымен бітеліп қалмас үшін, жұмыс
доңғалағы корпусының алдына қозғалатын және қозғалмайтын пышақтар
орнатылған.

Сорапты көңжинағышқа қойған соң, іске қосады. Бұлғауышпен
араластырылған көң корпустағы терезе арқылы шнекке түседі де, онымен
жоғарыға қарай жұмыс доңғалағына жеткізіледі. Мұнда сабан қалдықтары
ұсақталып, көң жұмыс доңғалағының қалақтарымен қысымды жеңге беріледі.
Қабылдағыштағы көң деңгейі төмендеген кезде, сорап электршығыр арқылы тірек
рамасындағы бағыттауыш сырғақтармен төмен түсіріледі.

НФ-6 сорабы сиыр және шошқа тұратын қоралардан көңді құбырлар арқылы
сақтау орнына шығаруға арналған (12.12 - сурет). Сиыр қораның бір шетіне
екі камера жасалады: көлемі – 6 м³ камерада бұлғауыш, ал тереңдігі - 2,5 м
камерада НФ-6 сорабы орнатылады.

12.12 – сурет. Сорап қондырғысының сұлбасы:

а – сорап камерасы, б – көңжинағыш:

1 – НФ-6 сорабы, 2 – жалғастырғыш муфта, 3 – ысырма, 4 – сору құбыры, 5
– бұлғауыш жетегі, 6 – тор, 7 – ТСН-3,0Б тасымалдағышының жетек стансасы, 8
– бұлғауыш

Көң сиыр қорадан қырғыш тасымалдағыш арқылы бұрама тәріздес бұлғауыш
орнатылған камераға беріледі. Камераның үстінде сабан бөліктерін және басқа
да заттарды ұстап қалатын тор орнатылған. Бұлғауыш көң массасын құбыр
арқылы келетін сумен 5...10 мин ішінде мұқият араластырады. Бұдан кейін көң
массасын сорып алады да, құбыртүтікпенен қашықтығы 300 м көңқоймаға
тасымалдайды.

Сұйық көңге арналған сорап қондырғыларының техникалық сипаттамасы 12.1
- кестеде берілген.

12.1- кесте. Сұйық көңге арналған сорап қондырғыларының

техникалық сипаттамасы

Көрсеткіштер НШ-50-1 НШ-50-11 НЖК НЖН-200
Өнімділігі, тсағ 70 100 40 200
Жұмыс органын батыру
тереңдігі, м 3,0 2,5 1,2 3,2
Арыны, кПа 147,1 274,58 196,13
Жұмыс органының
айналу жиілігі, мин¹ 965 1290-1390 1450 960
Электрқозғалтқыш қуаты, 10 Трактор 10 30,6
кВт ҚАБ-інен
Габариттік өлшемдері, мм:
ұзындығы 7465 3615 - 1600
ені 780 800 500 1758
биіктігі 620 1060 2600 3300
Массасы, кг 577 500 225 1230
Қызмет көрсететін персонал,
адам 1 1 1 1

Ірі қара мал мен шошқаны фермаларда төсенішсіз немесе ұсақтал-ған
төсеніште ұстайтын болса, онда көңді көңқоймаға тасымалдауға пневматикалық
қондырғыларды қолдануға болады. Бұл жерде бір еске-ретін жағдай:
құбыртүтіктер бітеліп қалмауы үшін көңнің ылғалдылығы 75% - дан кем, ал
төсеніш турандысы 10 см - ден ұзын болмауы тиіс.

УПН-15 пневматикалық қондырғысы екі компрессордан, ресиверден
(ауажинағыштан), ауа түтігінен, көңжинағыштан және құбырының диаметрі
140...160 мм болып келетін көң түтіктерінен тұ-рады (12.13 - сурет). Көң
түтіктерінің ұзындығы және көңжинағыштың саны (2...6) мал басына байланысты
болады.

Пневматикалық қондырғы қырғыш тасымалдағышпен бірлесе жұмыс істейді.
Көң тасымалдағышпен сақтандырғыш тор арқылы көңжинағышқа беріледі.
Көңқабылдағыштың көлемінің 23-і толған кезде тасымалдағыштарды тоқтатып,
қабылдаушы люктің ысырмасын жабады. Компрессорды іске қосқан соң,
ресиверден ауа түтігі арқылы 0,3...0,6 МПа қысыммен ауа көңжинағышқа
жіберіледі. Сығылған ауа көңжинағыштағы массаны құбыртүтікпен көңді сақтау
қоймасына жібереді. Жұмыс циклы осылайша қайталана береді. Жүйедегі ауа
қысымын бақылап отыру үшін манометрлер, ал ауаның қалыпты қысымын ұстап
тұру үшін - сақтандырғыш клапандар орнатылған.

12.13 - сурет. УПН-15 пневматикалық қондырғының сұлбасы:

1- қырғышты көң жинайтын тасымалдағыштар, 2 - көңжинағыш,

3 – манометр, 4 - ауа шұрасы, 5 – ысырма, 6 - көң құбыртүтігінің
бақылаушы үштіктері,

7 - көң құбыртүтігі, 8 - таратқыш қорапша, 9 - көң сақтау қоймасы, 10
– компрессор,

11 - ауа құбыртүтігі, 12 – ресивер, 13 - қабылдаушы шанақ, 14 -
сақтандырғыш торлар

Қондырғының өнімділігі- 15 тсағ, көңжинағыштың сыйымдылығы – 3 м³, көң
түтігінің диаметрі - 150мм, тасымалдау қашықтығы- 500м,
электрқозғалтқышының қуаты - 13,2 кВт, массасы – 10301 кг.

УТН-Ф-20 қондырғысы (12.14-сурет) тиеуші шанақтан, пор-шенді сораптан,
гидрожетекті стансадан, басқару жүйесінен және көң түтігінен тұрады.

12.14 - сурет. УТН-Ф-20 қондырғысының технологиялық сұлбасы:

1- скреперлі қондырғының жетегі, 2 – скрепер, 3 - ТСН-160
тасымалдағышы,

4 - поршенді сорап, 5 - тиеуші шанақ, 6 - көң түтігі, 7 - көңқойма

Қондырғы мынадай ретпен жұмыс істейді: көң өзінің массасы және сорап
жасайтын вакуумның әсерімен тиеуші шанаққа түседі де, ары қарай поршенді
сораптың жұмыс камерасына жеткізіледі. Бұл уақытта көңқойманың айдау каналы
клапанмен жабылып тұрады. Сораптың жұмыс камерасы көңмен толған соң, клапан
тиеуші шанақтың терезесін жабады да, көң түтігінің айдау каналын ашады.

Гидрожүйедегі қысым 2...10 МПа болған кезде, сорап поршені 0,05 мс
жылдамдықпен жұмыс жүрісін жасайды да, көңді жұмыс цилиндрінен көң түтігіне
айдап шығады.

Қондырғы іске қосылғаннан соң автоматты түрде жұмыс істейді.
Қондырғының өнімділігі – 20 тсағ, электрқозғалтқыштың қуаты - 22
кВт, көң түтігінің диаметрі – 315 мм, ұзындығы – 60 м, тасымалдау ұзақтығы
– 150 м.

12.6. Көңді залалсыздандыратын және ұқсататын

машиналар мен жабдықтар

Көңді жинау мен пайдалану технологиялық процесінде, оны залалсыздандыру
және сақтау ерекше орын алады. Бұл жағдайда ветеринарлық - санитарлық
ережелерді бірінші кезекте ескерген жөн, өйткені өңделмеген көңде
микроағзалар мен гельминттердің тұқымдары тіршілігін бір жыл бойы сақтайды.

Қоршаған ортаны инфекциялық және инвазиялық ауру тудырғыштардан
сақтандыру үшін, мал фермалары мен кешендеріндегі көңді өңдеу жүйесі көңді
карантиндеуді, қажет болған жағдайда - дезинфекциялауды және
дегельминтизациялауды қамтамасыз етуі тиіс.

Көң жинаудың гидравликалық жүйелерін қолданғанда сұйық көңнің шығуы
бірнеше есе артады. Мысалы, 1 кг шошқа етін өндіру үшін 40...100 л су
жұмсалады, оның едәір бөлігі көңді ағызуға және тасымалдауға шығындалады.
Көңді сумен сұйылтудың нәтижесінде оның ылғалдылығы 94...98% - ға дейін
жетеді. Бұл жағдай - сұйық массаның көп мөлшерінің тез жиналуына, фермада
сұйық көңді сақтайтын қымбат әрі көлемді ыдыстарды, оны сорып - айдайтын
сорап стансалары мен бірталай тасымал көліктерін қолдануға әкеп соқтырады.

Көңді қайта жаратудың негізгі екі бағыты бар: бастапқы немесе
ұқсатылған күйінде органикалық тыңайтқыш ретінде қолдану және мал мен құс
азығына түрліше қосымшалар өндіру, өйткені көңге азықтың құрамындағы
қоректік заттардың 15...25% - ы іске аспай шығады.

Сұйық көңді өңдеу тәсілдерінің жіктемесі 12.15 - суретте көрсетілген.
Сұйық көңді пайдалану үшін негізгі үш тәсілді қолданады: гомогендеу,
компосттау және оны қатты мен сұйық фракцияларға бөліп, әрқайсысын жеке
пайдалану. Бұл сұлбаларды қолдану кезінде, алдымен көңді карантиндейді,
сосын залалсыздандырып барып, өңдейді.

12.15- сурет. Сұйық көңді ұқсату тәсілдерінің сұлбалары

Қатты және жартылай сұйық көңді компосттау кезінде карантин-деуді
секциялы ыдыстарда жүргізеді. Көңнің сұйық фракциясы топыраққа сіңіп
кетпеуі үшін, ыдыстардың түбі мен қабырғаларын бетондайды. Секцияларды
компосттау алаңшаларының жанына орнатады және оның саны екіден кем болмауы
қажет. Көң секцияларда алты тәулік бойы сақталады. Егер көңде инфекция
табылса, онда механикалық құрылғылармен химиялық реагент енгізіп, көңмен
араластырады.

Гомогенделген жартылай сұйық және сұйық көңді карантиндеуді секциялы
типті қойма - гомогендеуіштерде жүргізеді. Сақталатын көң фракцияларға
бөлініп кетпеуі үшін, гомогендеуіштер периодты аралас-тырғыш құрылғылармен
жабдықталады. Бұл құрылғылар залалсыз-дандыру кезінде инфекциялы көңді
химиялық реагенттермен сапалы араластыруды да қамтамасыз етеді.

Сұйық көңді карантиндеуді тұндырғы-жинағыш секцияларында алты тәулік
бойы өңдеу арқылы жүргізіледі.

Сұйық көңді механикалық құрылғылармен бөлектеу кезінде, карантиндеуді
қатты және сұйық фракцияларға жеке-жеке жүргізеді.

Көңді залалсыздандыру биологиялық, химиялық және физикалық әдістермен
жүргізіледі.

Сұйық көңді тазарту және залалсыздандырудың биологиялық әдісі көңнің
биохимиялық ыдырауына және органикалық заттардың микро-ағзалармен
минералдануына негізделген.

Органикалық заттардың және оның қосылыстарының мине-ралдануына
бактерияның екі түрі қатысуы мүмкін: оттегінің қатысуымен жетілетін
аэробтар және оттегінің қатысуынсыз жетілетін анаэробтар.

Биологиялық әдіспен тазартудың нәтижесінде көң массасының бактериалдық
ластануы және оның құрамындағы биогендік элементтер (азот, фосфор, калий)
айтарлықтай азаяды.

Сұйық көңді тазарту және залалсыздандырудың биологиялық әдісі табиғи
және жасанды болып бөлінеді.

Табиғи әдіс – тұндырғы - жинақтағыштарда, биологиялық тоғанда,
топырақта және компостта табиғи жағдайда жүретін биологиялық процестерге
негізделген.

Жасанды әдіс – аэротенк, метантенк және тағы басқа жасанды жасалатын
жағдайларда өтетін биологиялық процестерге негізделеді.

Химиялық әдіспен залалсыздандыру - карантиндік және басқа да арнайы
ыдыстарда көңді формальдегид, хлор, озон және тағы басқа химиялық заттармен
өңдеу арқылы жүргізіледі.

Биологиялық тазартудан өткен көңнің сұйық фракциясын ашық су көздеріне
жіберер алдында хлорлау арқылы залалсыздандырады.

Көңді формальдегидпен өңдеу оны залалсыздандырып қана қоймай, сонымен
бірге иіссіздендіреді. Формальдегидпен өңделген көңнің сұйық фракциясын
рециркуляцияға пайдалануға болады.

Күшті тотықсыздандыру және дезинфекциялаушы қасиеттері бар озонмен
көңнің сұйық фракциясын залалсыздандыру және иіссіздендіру жоғары нәтиже
береді,бірақ бұл әдістің кемшілігі - көңді өңдеудің қаражатты көп қажет
ететініндігінде.

Физикалық әдіс жылумен, иондау арқылы және ультракүлгін сәулелерімен
залалсыздандыру арқылы жүргізіледі.

Жылулық әдіс жоғары бактерицидтік қасиеттерімен сипатталады. Бұл әдісте
- сұйық көңді термиялық өңдеудің көздері ретінде жанудың жоғары
температуралы қалдықтары және қыздырылған су буы қолданылады.

Иондық әдіс альфа -, бета - және гамма - сәулеленулерімен жүргізіледі
және сұйық көңді физикалық әдіспен залалсыздандырудың ішіндегі ең
перспективалысы болып саналады. Сәулелендіру кезінде көңді дегельминттеу
және залалсыздандыру толыққанды жүреді. Мұндай өңдеуден өткен сұйық көңді
ауылшаруашылық дақылдарын суландыруға және рециркуляциялауға толығымен
пайдалануға болады.

Сұйық көңді фракцияларға бөлектеу. Сұйық көңді қажетке жаратудың
тиімді тәсілі- көңнің құрамындағы қоректік заттардың негізгі массасын қатты
фракцияға бөлектеп, бөлінген суды тазартып, кәсіпорында қолдану немесе ашық
су көздеріне ағызу болып табылады. Сұйық көңді фракцияларға бөлектеудің
барлық тәсілдерін шартты түрде: табиғи, механикалық, электрохимиялық және
термиялық деп жіктеуге болады. Әрбір тәсіл үшін өзіне тиесілі жабдықтарды
қолданады.

Сұйық көңді табиғи тәсілмен бөлектеу - көлденең және тік тұндырғыларда
гравитациялық өріс әсерімен жүргізіледі. Бұл құрылғылар қарапайым, бірақ
көңнің ылғалдылығы 90% - дан кем болса, ол табиғи түрде тұнбайды.
Тұндырғылардың өнімділігі төмен, ауқымы үлкен және құны жағынан қымбат.
Алайда оларды ірі фермалардың көңді бөлектеу технологиялық желісінде
қолданады.

Сұйық көңді механикалық тәсілмен бөлектеу сүзгіш машиналар мен
аппараттардың көмегімен жүзеге асырылады. Бұл машиналардың жалпы кемшілігі
– сүзуден өткен қатты фракцияның жоғары ылғалдылығы, сондықтан оларды көңді
алдын – ала ірі бөлектеуден өткізу үшін қолданады.

Сұйық көңді фракцияларға сүзгіш және флотациялық қондыр-ғыларда
бөлектейді.

Сүзгіш қондырғылармен бөлектеу механикалық (гравитациялық, инерциялық
және қысымның беттік күштері) күштердің әсерімен жүргізіледі.

Гравитациялық күштердің әсерімен сүзу - барабанды және доғалы
елеуіштерде; инерциялық күштермен - дірілдегіш електерде, дірілдегіш
сүзгілерде, центрифугада; қысымның беттік күштерімен - пресс – сүзгіде,
вакуум - сүзгілерде жүргізіледі.

Доғалы елеуіш - СД-Ф-50 қондырғысының жұмыс органы, ол сұйық көңді
алдын - ала қатты және сұйық фракцияға бөлектеуге арналған.

Көң ағындысы құбыртүтік арқылы қондырғының қабылдаушы шанағына
жіберіледі. Мұнда ағынды шанақта толған соң, ернеуінен ағып доғалы елеуішке
түседі де, фракцияларға бөлінеді. Қатты фракция елеуіш бетімен жылжып,
престегіш құрылғыға түседі. Престегіш құрылғыда қатты фракция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал азықтарының жіктелімі
Астық өңдеу жұмыстары
Ауыл шаруашылық өндіріс өнімінің есебі және оны жетілдіру
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қаздарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Қазақстан территориясында теміржолдың даму мәселелері мен келешегі
Соғыстан кейінгі жылдарда Кеңестер мемлекетінде идеология саласында бірталай саяси қуғын - қудалау болып отді
Қайнатылған шұжық өнімдерін механикалық өңдеу
Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығының территориялық ұйымдастыру ерекшеліктері
Термиялық өңдеу әдістері
Пәндер