Колибактериозға қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар



Нормативтік сілтемелер
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... 10
1.1Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.2Колибактериоз ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.2.1Колибактериоз ауруының қоздырушысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.2.2 Колибактериоз ауруының індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.2.3Колибактериоз ауруымен дерттену ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.2.4 Колибактериоз ауруының өтуі және симптомдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.2.5 Колибактериоз ауруының патологиялық . анатомиялық өзгерістері ... ... ..17
1.2.6 Колибактериоз ауруын балау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
1.2.7 Колибактериоз ауруының емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.2.8 Колибактериоз ауруының иммунитеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
1.2.9 Колибактериоз ауруын дауалау және күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
1.3Септикалық колибактериоз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
1.4 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... .29
Қорытынды ... ... ... ... .30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар «Ветеринария туралы заңның» талқыланып, 1995 жылы қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
- мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
- ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
- ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
- ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
- осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін «Ветеринария туралы заңды» қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.
- жаңа «Ветеринария туралы заңның» мақсаты - ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін, халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
1 Сайдулдин, Т. Ветеринариялық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Т.Сайдулдин – І,2-кітап, Алматы: Санат, 1999. - 294 бет.
2 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Е.И.Қасымов - Алматы: Санат, 1992. –201б.
3 Носков, Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов /Носков Н.М.- Москва: Колос, 1961.-126б.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: учебное пособие для вузов /Поляков А.А.- Москва: Колос, 1964.- 179с.
5 Сюрин, В.Н. Частная ветеринарная вирусология: учебник для вузов /В.Н Сюрин, Н.В.Фомина – Москва: Колос, 1979.-132с.
6 Сюрин, В.Н. Диагностика вирусных болезней животных: справочник / В.Н Сюрин и др. М: Агропром, 1991.-211с.
7 Тәжібаев, А.С. Научные основы эффективной дератизации объектов ветеринарного надзора: учебное пособие для вузов / А.С. Тәжібаев - Алматы, 2000.-156с.
8 Мырзабекова, Ш.Б. Ветеринариялық вирусология: учебник для вузов /Мырзабекова Ш.Б – Алматы: Білім, 2004. – 215б.
9Арзымбетов Д.Е. Ветеринария ісін ұйымдастыру: Ауыл шаруашылық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық /Арзымбетов Д.Е., Орынтаев Қ.Б., Қанатбеков Т.И. –Алматы, 2009.-136б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
‭ ‬Аннотация


Ветеринария ісін ұйымдастыру‭ ‬пәнінен‭ ‬Колибактериозға‭ ‬қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар‭ ‬тақырыбы бойынша жазылған курстық жұмыс‭ ‬31‭ ‬беттен‭ ‬тұрады.
‭ ‬Курстық жұмысында кіріспе,‭ ‬негізгі бөлім,‭ ‬өзіндік зерттеу,‭ ‬техникалық қауіпсіздік,‭ ‬қорытынды‭ ‬және пайдаланылған әдебиеттер тізімі‭ ‬және‭ ‬1‭ ‬сурет‭ ‬қамтылды.‭

Ф.7.04-03‭

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

‭ ‬М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

‭ __________________________‬кафедрас ы

‭__________________________________ _‬пәні бойынша‭

Курстық жұмыс

Пәні‭ ___________________________________ ____________________
Жұмыс‭ ‬тақырыбы:‭________________________ _____________________
Мамандығы:‭________________________ _________________________

Орындаған‭ _______________________________
(студенттің аты жөні,тобы‭)
Жетекші‭ ___________________________________ __________
(оқытушының аты‭ –‬жөні,ғылыми дәрежесі,‭ ‬атағы‭)

Жұмыс‭ ____________
бағасы
бағасына қорғалды
‭_____________‬2016ж.

Норма бақылау:
‭_______________
қолы,‭ ‬аты‭ –‬жөні‭

Комиссия:
‭_______________
қолы,аты‭ –‬жөні‭
_______________
қолы,аты‭ –‬жөні

‭ ‬ Шымкент‭ ‬2016‭ ‬ж.‭

Ф.‭ ‬7.‭ ‬05‭ –

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

‭______________________________‬кафедрас ы

‭ ‬Бекітемін‭
Каф.меңгерушісі‭ __
_________2016ж.‭

№____Тапсырмасы

‭ ___________________________________ ‬пәні бойынша курстық жұмыс
Студент‭ _______________________________
(тегі,аты-жөні‭)
Жұмыс‭ ‬тақырыбы‭ ___________________________________ ___________

Бастапқы мәліметтер‭ ____________‬______________________ ________


Курстық жұмыстың мазмұны
Орындалу‭
мерзімі
‭ ‬Көлемі‭
(парақ саны‭)
1

2

3

4

5

6

Ұсынылған әдебиеттер:‭ ‬1.‭___________________________________ _______________________
2.‭___________________________________ _______________________
.‭___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні‭ _________‬жұмысты‭ ‬қорғау күні‭________________

Жұмыс жетекшісі‭ ___________________________________ ______________
(қызметі,‭ ‬тегі,аты‭ –‬жөні,‭ ‬қолы‭)
Тапсырманы орындауға қабылдаған‭________________________ _______‬
( күні,‭ ‬студенттің қолы‭)

Ф.‭ ‬7.‭ ‬04‭ –

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

‭ ___________________________________ ____‬ жоғары мектебі
‭___________________________________ __ ____‬ кафедрасы

‭ ‬Бекітемін‭
Кафедра меңгерушісі
‭_____________________
(қолы,аты‭ –‬жөні‭)
_______________2016ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы‭ №____

___________________________________ ___________________пәні
студент‭___________________________ __‬тобы‭_________________________

Курстық жұмыс тақырыбы‭ ___________________________________ __
___________________________________ ______________________________

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:‭
.‭___________________________________ _____________________________
.‭___________________________________ _____________________________
.‭___________________________________ _____________________________

Курстық жұмысты‭ ‬орындау кезінде алынған‭ ‬балл‭ (‬60‭ ‬мүмкіндіктен‭) _____‬,‭ ‬қорғау бағаланды‭ (‬40‭ ‬мүмкіндіктен‭)_____‬балл.
Сомалық баллы‭______
Жұмыстың бағасы‭____________

Курстық жұмыс‭ ‬жетекшісі‭________________________ ____________
Комиссия мүшелері‭___________________________________ _____________
Комиссия мүшелері‭___________________________________ _____________
Қорғау күні‭__________‬2016ж.
‭ ‬Белгілер‭ ‬мен‭ ‬қысқартулар

Осы‭ ‬курстық жұмыста‭ ‬ төмендегі‭ ‬белгілер‭ ‬мен‭ ‬қысқартулар қолданылды:
Г-грамм
Сағ-сағат
Мм-миллиметр
Квт-киловольт
Кг-килограмм
СКЖЗ-синтетикалық‭ ‬кір‭ ‬жуғыш‭ ‬зат
О-градус
Мкм-микрометр
Км-километр
Т-тонна
Мс-метрсекунд
ПВС-поливинилді‭ ‬спирт
РНК‭ ‬-‭ ‬Рибонуклеин қышқылы
ДНК‭ ‬-‭ ‬Дезоксирибонуклеин қышқылы
млн‭ ‬-‭ ‬миллион
т.б.‭ ‬-‭ ‬тағы басқа.
КБР-‭ ‬комплементті байланыстыру реакциясы
ДПР‭ –‬диффузды преципитация реакциясы
ИФТ‭ –‬иммунды‭ –‬ферментті талдау
БР‭ –‬бейтараптау реакциясы
ЦПӘ‭ ‬-‭ ‬цитопатогендік әсер
рН‭ –‬ортаның қышқылдығы

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Белгілер мен қысқартулар‭
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8‭
1‭ ‬Негізгі бөлім‭ ‬ ... ... ... ... 10
1.1Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 10
1.2Колибактериоз ауруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.2.1Колибактериоз ауруының қоздырушысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.2.2‭ ‬Колибактериоз ауруының індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 14
1.2.3Колибактериоз ауруымен‭ ‬дерттену ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.2.4‭ ‬Колибактериоз ауруының өтуі және симптомдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.2.5‭ ‬Колибактериоз ауруының патологиялық‭ ‬-‭ ‬анатомиялық өзгерістері ... ... ..17
1.2.6‭ ‬Колибактериоз ауруын балау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.2.7‭ ‬Колибактериоз ауруының‭ ‬ емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
1.2.8‭ ‬Колибактериоз ауруының‭ ‬ иммунитеті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
1.2.9‭ ‬Колибактериоз ауруын дауалау‭ ‬және күресу‭ ‬шаралары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...19
1.3Септикалық‭ ‬колибактериоз ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
1.4‭ ‬Індетке қарсы‭ ‬шаралар туралы‭ ‬түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2‭ ‬Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Техникалық қауіпсіздік‭ ‬ ... ... ... ... .29
Қорытынды‭ ‬ ... ... ... ... .30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

‭ ‬Нормативтік‭ ‬сілтемелер

Осы‭ ‬курстық жұмыста‭ ‬келесі‭ ‬нормативтік‭ ‬құжаттарды‭ ‬қолдануға‭ ‬сілтемелер‭ ‬жасалған:
‭ ‬МЖМБС‭ ‬2.104‭ ‬-2006‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.‭ ‬Негізгі‭ ‬жазбалар.
МЖМБС‭ ‬2.301‭ ‬-68‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.Форматтар.
МЖМБС‭ ‬2.601‭ ‬-2006‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.‭ ‬Пайдалану‭ ‬құжаттары.
МЖМБС‭ ‬2.304-81‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.‭ ‬Сызбалық‭ ‬шрифттер.
МЖМБС‭ ‬2.701-84‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.‭ ‬Схемалар.Түрлері‭ ‬мен‭ ‬типтері.‭ ‬Орындауға‭ ‬қойылатын‭ ‬жалпы‭ ‬талаптар.
МЖМБС‭ ‬2.321-84‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.Әріптік‭ ‬белгілеу.
МЖМБС‭ ‬2888-68‭ ‬-‭ ‬Ветеринарлық термометр
‭ ‬МЖМБС‭ ‬1770-74‭ ‬-‭ ‬Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар.‭ ‬Цилиндрлер,‭ ‬мензуркалар,‭ ‬колбалар,‭ ‬пробиркалар
МЖМБС‭ ‬5556-81-‭ ‬Гигроскопиялық медициналық мақта.‭ ‬Техникалық‭ ‬жағдайлар
‭ ‬МЖМБС‭ ‬5962-67‭ ‬-‭ ‬Этил спирті.‭ ‬Техникалық‭ ‬жағдайлар.
‭ ‬МЖМБС‭ ‬6709-72‭ ‬-‭ ‬Дистилденген су.‭ ‬Техникалық жағдайлар
МЖМБС‭ ‬9147-80‭ –‬Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар.‭ ‬Шынылы,‭ ‬фарфорлы.‭ ‬Техникалықжағдайлар
МЖМБС‭ ‬24861-91‭ ‬-‭ ‬Бір реттік инъекциялы шприцтер
МЖМБС‭ ‬26678-85‭ ‬-‭ ‬Тоңазытқыштар және мұздатқыштар.‭ ‬Жалпы техникалық жағдайлар
МЖМБС‭ ‬28085-89‭ ‬-‭ ‬Биологиялық препараттар

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.‭ ‬Еліміздің тәуелсіздігінің‭ ‬10‭ ‬жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады.‭ ‬Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар‭ ‬Ветеринария туралы заңның‭ ‬талқыланып,‭ ‬1995‭ ‬жылы қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды.‭ ‬Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып,‭ ‬төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
мемлекеттік қадағалау,‭ ‬бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды.‭ ‬Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды.‭ ‬Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен,‭ ‬ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды.‭ ‬Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған,‭ ‬бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
‭ ‬ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі‭ ‬1995‭ ‬жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол‭ ‬2002‭ ‬жылдың‭ ‬10‭ ‬шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін‭ ‬Ветеринария туралы заңды‭ ‬қайта талқылап,‭ ‬қабылдануының себебі болды.
жаңа‭ ‬Ветеринария туралы заңның‭ ‬мақсаты‭ ‬-‭ ‬ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту,‭ ‬жануарлар өнімдерін,‭ ‬шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін,‭ ‬халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау,‭ ‬сонымен қатар бірінші,‭ ‬экономикалық орталық құру.
мемлекеттік қадағалау қызметін жақсарту үшін бір жағынан ветеринарияның барлық саласын лицензиялайтын институттың құрылуы‭; ‬ал екінші жағынан мемлекеттік қадағалау‭ ‬пунктерінде‭ ‬тексерілетін жүктерді дайындау,‭ ‬өңдеу,‭ ‬сақтау жұмысымен айналысатын бүкіл мемлекет территориясындағы барлық субъектілерді қамтиды және мемлекеттік ветбөлімнен ауыл аймағына дейін инсректорлық вертикаль құрылады.
заңның халықаралық ветеринарлық талаптарға жауап беруі,‭ ‬Қазақстанның Бүкіл әлемдік сауда ұйымы құрамына кіруіне себеп болады.‭
Колибактериозбен барлық түліктің жас төлдері‭ ‬ауырады.‭ ‬Бұзау‭ ‬2-7‭ ‬күндігінде,‭ ‬қозы туа‭ ‬салысымен‭ ‬5-7‭ ‬айға дейін‭ ‬ауырады,‭ ‬құлын туа салысымен,‭ ‬торай туған соң бірер апта бойы,‭ ‬енесінен айырарда және енесінен айырған соң,‭ ‬құс‭ ‬1‭ ‬күннен‭ ‬90‭ ‬күнге дейін және жүмыртқалаған кезінде,‭ ‬терісі бағалы аңдар өмірінің бірінші аптасында‭ ‬ауырады.
‭ ‬Колибактериоз‭ ‬барлық өлкелерде кең тараған.‭ ‬Оның басты ерекшелігі‭ ‬-‭ ‬жаңа туған төл жаппай‭ ‬ауырады.‭ ‬Жылдың кез келген маусымында байқалғанымен негізінен‭ ‬мал‭ ‬жаппай төлдеген кезде,‭ ‬қора жайда қоздырушы микробтың шектен‭ ‬тыс‭ ‬шоғырлануына және бейім жануарлардың көбеюіне‭ ‬байланысты‭ ‬туындайды.‭ ‬Қозының жаздың соңында,‭ ‬күздің басында шалдығуы‭ ‬оларды‭ ‬енесінен бөліп,‭ ‬қатаң азыққа көшіруге‭ ‬байланысты.
Ауру‭ ‬қоздырушысының бастауы‭ ‬-‭ ‬колибактериозбен‭ ‬ауырған және‭ ‬ауырып‭ ‬жазылған‭ ‬төл,‭ ‬сонымен‭ ‬қатар олардың‭ ‬микроб алып‭ ‬жүретін енелері.‭ ‬Мұңдай жануарлар зардапты‭ ‬эшерихияларды көп мөлшерде нәжісімен,‭ ‬кей жағдайда несебімен бөліп шығарады.‭ ‬Жұқтыру‭ ‬факторы‭ ‬нәжіспен және несеппен ластанған әртүрлі‭ ‬заттар болып‭ ‬табылады.‭ ‬Жаңа туған төлге‭ ‬ауру‭ ‬қоздырушысы гигиеналық тәртіп бұзылғанда,‭ ‬мал‭ ‬төлдеген шақта енесінің уызымен,‭ ‬жемшөппен жұғады.‭ ‬Микроб денеге‭ ‬негізінен алиментарлық,‭ ‬сирегірек аэрогендік‭ ‬жолмен‭ ‬енеді.‭ ‬Аурудың тұрақталған ошағында‭ ‬жас‭ ‬төлге‭ ‬ауру‭ ‬тумай тұрып жатырда жұғады.‭ ‬Колибактериоздың таралуына себеп‭ ‬болатын‭ ‬жағдайлар буаз малдың күтімінің нашар болуына‭ ‬байланысты‭ ‬уыздың құнарсыз болып,‭ ‬соның нәтижесінде төлдің ауруға төзімділігінің нашарлауы.‭ ‬Колибактриоздың таралау ерекшелігі‭ ‬-‭ ‬ауру‭ ‬байқалған соң уақыт өткен сайын ауруға шалдыққан малдың‭ ‬саны,‭ ‬індеттің қарқыны үдей түседі,‭ ‬сонымен‭ ‬қатар аурудың өтуі де ауырлайды.‭ ‬Мал‭ ‬тұрған қорада‭ ‬ауру‭ ‬қоздырушы микробтың шектен‭ ‬тыс‭ ‬көбеюі және олардың‭ ‬жануар‭ ‬организмі арқылы пассаждан өтіп,‭ ‬уыттылығының күшеюі нәтижесінде жас төл күйінің жақсы,‭ ‬төзімділігінің жоғарылығына қарамай‭ ‬жаппай ауырады‭ ‬[1,2‭]‬.
‭ ‬Курстық жұмыстың мақсаты‭ –‬колибактериоз ауруына‭ ‬қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын‭ ‬зерттеу.


1‭ ‬Негізгі бөлім‭

1.1Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу

Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат‭
Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат:
мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өндіру,‭ ‬сақтау және өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруға‭;
осы Заңның‭ ‬11-бабында белгіленген ветеринариялық қызметтің жекелеген түрлерін жүргізуге мемлекеттік манаполяны сақтауға‭;
Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауға‭;
мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге‭;
індет жағдайын объективті түрде бағалауды және ветеринария саласындағы халықаралық нормаларды ескере отырып,‭ ‬ветеринриялық ережелер мен нормативтерді ғылыми негізде әзірлеуге‭;
ғылыми негіздемесі болған жағдайда,‭ ‬ветеринариялық іс шаралар өткізудің халықаралық ұсыныстарда көзделгеннен анағұрлым жоғары деңгейіне жетуге‭;
ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық іс шараларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өткізуді негізсіз шектеулерге жол бермеуге‭;
жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін,‭ ‬алып қойлатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібін белгілеуге бағытталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзіреті
Қазақстан Республикасы‭ ‬Үкіметінің ветеринария саласындағы құзіретіне:
ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу‭;
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі республикалық бағдарламаларды бекіту‭;
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша ветеринария саласындағы нормативтік құқықтың актілерді қабылдау немесе бекіту‭;
ветеринария саласындағы мемлекеттік органның ұсынуы бойынша,‭ ‬профилактикасы,‭ ‬диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін қабылдау немесе бекіту‭;
жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін,‭ ‬алып қойылатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібі мен шартарын белгілеу‭;
шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ветеринария саласындағы ынтымақтастық‭;
осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес ветеринария саласында басқа да функцияларды жүзеге асыру кіреді.
Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесі
Қазақстан Респуликасының ветеринария жүйесіне‭;
мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері‭;
мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері‭;
мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар:
ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке және заңды тұлғалар кіреді.
Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдары
1.‭ ‬Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдарына‭;
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган‭;
мемлекеттік бақылау постылары бар шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлімшелері‭;
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның облыстық,‭ ‬республикалық маңызы бар‭ ‬қаланың аумақтық бөлімшелері‭;
селолық округтердің,‭ ‬базарлардағы,‭ ‬мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдары бақылайтын жүктерді өндіру,‭ ‬дайындау,‭ ‬сақтау,‭ ‬өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдардағы ветеринариялық инспекторлары бар ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аудандық,‭ ‬қалалық,‭ ‬аумақтық бөлімшелері жатады.
2.‭ ‬Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары бір мезгілде-‭ ‬Қазақстан Республикасы мен тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары,‭ ‬ал олардың орынбасарлары Қазақстан Республикасы мен тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының орынбасарлары бола алады.‭ ‬Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің тиісті лауазымдарына қоса‭ ‬бас мемлекеттік инспектор‭‬,‭ ‬бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың орынбасары‭ ‬деген арнаулы атаулар беруге құқылы.
Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзіреті
Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзіретіне:
ветеринария саласында біріңғай мемлекеттік саясат жүргізу‭;
жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру‭;
жануарлардың аса қауіпті‭ ‬ауруларының профилактикасы,‭ ‬диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тізбесін әзірлеу‭;
аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарлар ауруының профилактикасы,‭ ‬диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі іс шараларды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету‭;
денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып,‭ ‬халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру‭;
Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру‭;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды,‭ ‬сақтауды,‭ ‬тасымалдауды және пайдалануды ұйымдастыру‭;
Қазақстан Республикасының ветеринари саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық іс шараларды,‭ ‬ветеринариялық ережелер мен нормативтерді,‭ ‬ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын,‭ ‬ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастыру‭;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринариялық қызметтерді лицензиялау‭;
ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алу,‭ ‬ветеринария саласындағы жұмыстарды,‭ ‬ветеринариялық ғылыми зерттеулер мен ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлау тапсырыстарын орындау жөніндегі республикалық бюджеттік бағдарламаларды,‭ ‬нормативтік конкурстық және тендерлік құжаттама ны әзірлеуге қатысу‭;
Жануарлар аурулары бойынша індет мониторингін ұйымдастыру және індет жағдайын зерделеу‭;
Жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс шаралар,‭ ‬белгіленген ветеринариялық ережелер мен нормативтер,‭ ‬Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілері туралы мүдделі тұлғаларға ақпарат беруді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету‭;
Ветеринариялық препараттарды,‭ ‬аспаптарды,‭ ‬құрал-саймандарды,‭ ‬жемшөп пен жемшөптік қоспаларды байқаудан өткізуді,‭ ‬бақылауды,‭ ‬оларды тіркеу сынағынан өткізуді ұйымдастыру,‭ ‬сондай-ақ ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тізілімін жүгізу‭;
жаңа ветеринариялық препараттарға,‭ ‬аспаптарға,‭ ‬құрал-саймандарға,‭ ‬жемшөп пен жемшөптік қоспаларға қорытындылар беру‭;
халық арасында ветеринариялық ағартушылық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу‭;
Мал шаруашылығы объектілерін және жануарларды өндіру,‭ ‬дайындау,‭ ‬жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу‭;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету,‭ ‬сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастыру‭;
Қазақстан Респуликасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру‭;
Мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері
1.Жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы мынандай қызметтерді:
1‭) ‬тиісті мемлекеттік органдарга тиесілі жануарлар ауруларына профилактика және диагностика жасау,‭ ‬оларды емдеу‭;
) тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық қадағалау қызметін жүзеге асыратын бөлімшелер құра алады.
.‭ ‬Мемлекеттік органдардың осы баптың‭ ‬1-тармағында аталған бөлімшелері мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруды қоса алғанда,‭ ‬ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен орындауға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын басшылыққа алады.
.‭ ‬Мемлекеттік органдарды осы баптың‭ ‬1-тармағында аталған бөлімшелері ветеринариялық есеппен жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен табыс етеді.
Жергілікті өкілдері және атқарушы органдардың ветеринария саласындағы құзіреті
1.Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрып,‭ ‬олардың құрылымын,‭ ‬қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етілу тәртібін белгілей алады.
2.Жергілікті атқарушы органдар ветеринариялық инспекторларға олардың мемлекеттік ветеринриялық қадағалау функцияларын атқаруына көмек көрсетеді,‭ ‬ауру жануарларды санитарлық союды қоса алғанда,‭ ‬ветеринариялық іс шаралар жүргізуді ұйымдастырады,‭ ‬сондай-ақ жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша оларды жүзеге асыруға жергілікті бюджеттерден қаражат бөле алады‭ ‬[10‭]‬.

1.2‭ ‬Колибактериоз ауруы

‭ ‬Колибактериоз‭ ‬(Сolibacteriosis‭)‬,‭ ‬немесе эшерихиоз‭ ‬(Еsherichiosis‭) ‬-‭ ‬тоқтаусыз іш өтіп,‭ ‬дененің уланып,‭ ‬сусыздануымен ерекшеленетін,‭ ‬төлдің жіті өтетін жұқпалы ауруы.‭
Тарихи деректер.‭ ‬Бұзаудың‭ ‬ақ тышқақ‭ ‬ауруының жұқпалы екенін‭ ‬1865‭ ‬ж.‭ ‬Обих,‭ ‬ал оны ішек таяқшасы бактерияларының қоздыратындығын Иенсен‭ ‬(1891‭) ‬дәлелдеді Алғаш рет Эшерих‭ ‬(1865‭) ‬адамның нәжісінен бөліп алған,‭ ‬бұл‭ ‬микроб‭ ‬Еscherichia coli,‭ ‬ал ол қоздыратын‭ ‬ауру колибактериоз немесе эшерихиоз атанды.‭ ‬Бұрынғы Кеңес Одағында‭ ‬колибактериоз‭ ‬біршама зерттелгенімен‭ ‬1960-жылдары бұл‭ ‬ауру‭ ‬-‭ ‬жұқпайтын‭ ‬диспепсия деген‭ ‬қате көзқарас үстемдік алды.‭ ‬Я.Е.Коляковтың еңбектері арқылы‭ ‬ауруды зерттеу‭ ‬және онымен күрес жүргізу дұрыс жолға қойылды.‭ ‬Қазақстанда төлдің колибактериозын зерттеуді‭ ‬1970‭ ‬-‭ ‬жылдары Э.А.Светоч жан-жақты жүргізді.

‭ ‬ 1.2.1Колибактериоз ауруының‭ ‬қоздырушысы

‭ ‬Қоздырушысы‭ ‬-‭ ‬Еscherichia coli‭ ‬-‭ ‬грамтеріс,‭ ‬қозғалмалы,‭ ‬спора‭ ‬түзбейтін,‭ ‬тұрқы қысқа,‭ ‬жуантық,‭ ‬ұштары жұмырланып біткен таяқша.‭ ‬Деңесінде соматикалық‭ ‬0‭ ‬-,‭ ‬жіпшесіде‭ ‬-‭ ‬Н,‭ ‬қауашақ түзетіндерінде сыртқы К-антигендері‭ ‬болады.‭ ‬К‭ ‬-‭ ‬ангигендері ыстыққа төзімсіз,‭ ‬термолабильді,‭ ‬L‭ ‬-‭ ‬және‭ ‬В‭ ‬антигендерге,‭ ‬ыстыққа төзімді,‭ ‬термостабильді,‭ ‬А-антигенге бөлінеді.‭ ‬L-антигенге жататын К-88,‭ ‬К-99,‭ ‬987‭ ‬Р,‭ ‬Ғ-41,‭ ‬А-20‭ ‬антигендері‭ ‬бар‭ ‬сероварларының колибактериоздың этиологиясында маңызы‭ ‬аса‭ ‬зор.
‭ ‬Антигендік құрамы‭ ‬бойынша‭ ‬эшерихиялар‭ ‬200-ге жуық сероварға бөлінеді.‭ ‬Қауашақты штамдарында негізгі уыттылық‭ ‬факторы болып‭ ‬есептелетін адгезиялық антигендері‭ ‬бар.‭ ‬Микроб‭ ‬қарапайым қоректік орталарда,‭ ‬арнайы‭ ‬Эндо ортасында және адгезиялық антигендері түзілу үшін Минк‭ ‬ортасында‭ ‬өсіріледі.
‭ ‬Төзімділігі.‭ ‬Эшерихиялар‭ ‬нәжісте‭ ‬30‭ ‬күнге дейін,‭ ‬топырақ‭ ‬пен суда‭ ‬2-3‭ ‬ай‭ ‬сақталады.‭ ‬75°С-қа қыздырғанда‭ ‬30‭ ‬секундта өледі.‭ ‬Хлорлы әк,‭ ‬хлорамин,‭ ‬ксилонафт,‭ ‬күйдіргіш‭ ‬натрий,‭ ‬формалин,‭ ‬қарбол кышқылы кәдімгі концентрациясында ойдағыдай зарарсыздандырады.‭

1.2.2Колибактериоз ауруының індеттік ерекшеліктері

Колибактериозбен барлық түліктің жас төлдері‭ ‬ауырады.‭ ‬Бұзау‭ ‬2-7‭ ‬күндігінде,‭ ‬қозы туа‭ ‬салысымен‭ ‬5-7‭ ‬айға дейін‭ ‬ауырады,‭ ‬құлын туа салысымен,‭ ‬торай туған соң бірер апта бойы,‭ ‬енесінен айырарда және енесінен айырған соң,‭ ‬құс‭ ‬1‭ ‬күннен‭ ‬90‭ ‬күнге дейін және жүмыртқалаған кезінде,‭ ‬терісі бағалы аңдар өмірінің бірінші аптасында‭ ‬ауырады.
‭ ‬Колибактериоз‭ ‬барлық өлкелерде кең тараған.‭ ‬Оның басты ерекшелігі‭ ‬-‭ ‬жаңа туған төл жаппай‭ ‬ауырады.‭ ‬Жылдың кез келген маусымында байқалғанымен негізінен‭ ‬мал‭ ‬жаппай төлдеген кезде,‭ ‬қора жайда қоздырушы микробтың шектен‭ ‬тыс‭ ‬шоғырлануына және бейім жануарлардың көбеюіне‭ ‬байланысты‭ ‬туындайды.‭ ‬Қозының жаздың соңында,‭ ‬күздің басында шалдығуы‭ ‬оларды‭ ‬енесінен бөліп,‭ ‬қатаң азыққа көшіруге‭ ‬байланысты.
Ауру‭ ‬қоздырушысының бастауы‭ ‬-‭ ‬колибактериозбен‭ ‬ауырған және‭ ‬ауырып‭ ‬жазылған‭ ‬төл,‭ ‬сонымен‭ ‬қатар олардың‭ ‬микроб алып‭ ‬жүретін енелері.‭ ‬Мұңдай жануарлар зардапты‭ ‬эшерихияларды көп мөлшерде нәжісімен,‭ ‬кей жағдайда несебімен бөліп шығарады.‭ ‬Жұқтыру‭ ‬факторы‭ ‬нәжіспен және несеппен ластанған әртүрлі‭ ‬заттар болып‭ ‬табылады.‭ ‬Жаңа туған төлге‭ ‬ауру‭ ‬қоздырушысы гигиеналық тәртіп бұзылғанда,‭ ‬мал‭ ‬төлдеген шақта енесінің уызымен,‭ ‬жемшөппен жұғады.‭ ‬Микроб денеге‭ ‬негізінен алиментарлық,‭ ‬сирегірек аэрогендік‭ ‬жолмен‭ ‬енеді.‭ ‬Аурудың тұрақталған ошағында‭ ‬жас‭ ‬төлге‭ ‬ауру‭ ‬тумай тұрып жатырда жұғады.
Колибактериоздың таралуына себеп‭ ‬болатын‭ ‬жағдайлар буаз малдың күтімінің нашар болуына‭ ‬байланысты‭ ‬уыздың құнарсыз болып,‭ ‬соның нәтижесінде төлдің ауруға төзімділігінің нашарлауы.‭ ‬Аурудың шығуына төлдің күтімінің нашарлығы,‭ ‬гигиеналық-санитариялық реттіліктің дұрыс сақталмауы көп жағдайда‭ ‬ерекше әсер‭ ‬етеді.‭ ‬Бұзау,‭ ‬лақ,‭ ‬қозы,‭ ‬торай,‭ ‬құлын туған кезеңде қанында иммуноглобулиндер‭ ‬болмайды,‭ ‬олар‭ ‬алғашында‭ ‬тек‭ ‬қана енесінің уызынан төлдің қанына өтеді.‭ ‬Уызды жетікілікті мөлшерде‭ ‬жас‭ ‬төл‭ ‬ала‭ ‬алмаса,‭ ‬немесе‭ ‬уыздың сапасы талапқа сай болмаса,‭ ‬онда денеге‭ ‬енген микробтарға,‭ ‬олардың ішінде эшерихияларға ешқандай‭ ‬тежеу‭ ‬болмай,‭ ‬жануар‭ ‬ауруға шалдығады,
Колибактриоздың таралау ерекшелігі‭ ‬-‭ ‬ауру‭ ‬байқалған соң уақыт өткен сайын ауруға шалдыққан малдың‭ ‬саны,‭ ‬індеттің қарқыны үдей түседі,‭ ‬сонымен‭ ‬қатар аурудың өтуі де ауырлайды.‭ ‬Мал‭ ‬тұрған қорада‭ ‬ауру‭ ‬қоздырушы микробтың шектен‭ ‬тыс‭ ‬көбеюі және олардың‭ ‬жануар‭ ‬организмі арқылы пассаждан өтіп,‭ ‬уыттылығының күшеюі нәтижесінде жас төл күйінің жақсы,‭ ‬төзімділігінің жоғарылығына қарамай‭ ‬жаппай ауырады‭ [‬1,3‭]‬.

1.2.3‭ ‬Колибактериоз ауруымен дерттену

Алиментарлық‭ ‬жолмен денеге енген эшерихиялар‭ ‬адгезиялық қасиеті арқасында ішектің эпителийіне жабысады.‭ ‬Бұл қасиеті негізінен фибриллалар‭ ‬немесе‭ ‬фимбриялар‭ ‬деп аталатын‭ ‬жгутиктен‭ (‬жіпшеден‭) ‬де жіңішке құрылымдар арқылы іске асады.‭ ‬Бұл құрылымдардың қызметі‭ ‬әр‭ ‬алуан.‭ ‬Пили,‭ ‬немесе‭ ‬секспили‭ ‬аталатын‭ ‬қысқа‭ ‬фимбриялар‭ ‬микробтардың‭ ‬коньюгациясын‭ ‬іске‭ ‬асырады.‭ ‬Конъюгация‭ ‬кезінде генетикалық‭ ‬материал‭ ‬-‭ ‬ДНҚ тізбегі‭ (‬коньюгациялық плазмид‭) ‬Ғ+‭ ‬аталық микробтан Ғ-‭ ‬аналық микробқа өтеді.‭ ‬Сонымен‭ ‬қатар‭ ‬пили фаг‭ ‬үшін‭ ‬рецептор болады‭ ‬және бактерияның адгезиялық қасиетін іске асырады.‭ ‬Микробтың адгезиялығы арнаулы фимбрияларда орналасқан адгезиялық антигендер арқылы қамтамасыз етіледі.‭ ‬Адгезиялық антигеннің көмегімен‭ ‬эшерихиялар‭ ‬ішек эпителиіне жабысып,‭ ‬орын тебеді.‭ ‬Бұл құбылыстың дерттену процесіндегі маңызы өте зор.
Ішекке жабысқан‭ ‬эшерихиялар тез‭ ‬өсіп-өніп,‭ ‬әртүрлі‭ ‬улы заттар‭ ‬бөліп шығарады.‭ ‬Бұл‭ ‬заттар‭ ‬ішекті тітіркендіріп,‭ ‬оның сіңіру қасиетін тежеп,‭ ‬секрет‭ ‬бөлуін күшейтеді‭ ‬(гиперсекреция‭)‬.‭ ‬Ішектің ішіндегі сүйық көбейіп,‭ ‬оның осмостық қысымы төмендейді.‭ ‬Бұның нәтижесінде электролиттер кілегейлі қабықтардан ішек қуысына өтеді.‭ ‬Одан
рецепторлар тітіркеніп,‭ ‬ішектің моторикасы күшейеді.‭ ‬Сұйық‭ ‬масса‭ ‬ішек бойымен тоқтаусыз жылжып,‭ ‬толассыз іш өтеді.‭ ‬Нәтижесінде төл организміидегі‭ ‬су‭ ‬мен минеральді тұздар азаяды.‭ ‬Микробтар және олардың токсиндері қанға өтіп,‭ ‬организмде‭ ‬септицемия,‭ ‬токсикоз процестерін тудырады‭ ‬[1,2,3,4‭]‬.

1.2.4‭ ‬Колибактериоз ауруының‭ ‬ өтуі және симптомдары

Колибактериоз энтерит,‭ ‬энтеротоксемия‭ ‬және‭ ‬септицемия‭ ‬түрінде өтеді.‭ ‬Энтерит‭ ‬түрінде негізінен ішектер мен шажырқай сөл түйіндері зақымданып,‭ ‬ауырған төлдің іші‭ ‬толассыз‭ ‬өтеді.‭ ‬Септицемия,‭ ‬яғни өлі тиген түрі,‭ ‬кезінде қоздырушы‭ ‬микроб‭ ‬қанға өтіп,‭ ‬онда‭ ‬шамадан‭ ‬тыс‭ ‬көбейіп,‭ ‬ауруға шалдыққан‭ ‬мал тез‭ ‬арада,‭ ‬бір тәуліктің ар жақ-бер жағында өліп кетеді.‭ ‬Аралық,‭ ‬энтеротоксемиялық түрі кезінде‭ ‬микроб‭ ‬ішектер мен сөл түйіндерінде қауырт көбейіп,‭ ‬қанға олардың токсиндері түседі де,‭ ‬ішектердің қабынуына дененің жалпы улануы қабаттасады.‭ ‬Аурудың бұлай өтуі‭ ‬торайларда,‭ ‬әсіресе енесінен бөлінген кезеңде,‭ ‬жиі байқалады.‭ ‬Мұндай жағдай торайлардың‭ ‬домбығу ауруы‭ ‬деген‭ ‬дербес атауға ие болды,‭ ‬ал кұлындардың буындары ісініп,‭ ‬ауру‭ ‬шор буын‭ ‬атанады.



1-сурет.‭ ‬ Колибактериозбен‭ ‬ауырған бұзау‭

Колибактериоз аса‭ ‬жіті,‭ ‬жіті‭ ‬және‭ ‬жітіден төмен‭ ‬өтеді.
Аса‭ ‬жіті‭ ‬өтуі туғанына бірер күн болған төлде байқалады.‭ ‬Ауырған‭ ‬мал‭ ‬өте әлсіреп,‭ ‬дел-сал күйге түсіп,‭ ‬өлі тиген белгілері білінеді.‭ ‬Ыстығы‭ ‬41,5-42°С-қа жетіп,‭ ‬тамырының соғуы мен тынысы жиілеп,‭ ‬көзге көрінетін кілегейлі қабықтарын қан кернеп,‭ ‬кейде іші өтеді.‭ ‬Мал‭ ‬ес-түссіз қалге түсіп,‭ ‬1-2‭ ‬күн ішінде өледі.‭
Жіті‭ ‬өтуі әдетте‭ ‬3-7‭ ‬күндік төлде байқалады.‭ ‬Мұндай жағдайда малдың іші толассыз өтіп,‭ ‬организмнің сусыздану белгілері байқалады,‭ ‬денесі қүрыстанып,‭ ‬дел-сал күйге түседі.‭ ‬Ауру‭ ‬3-4‭ ‬күн ішінде өліммен аяқталады.
Жітіден төмен‭ ‬өтуі‭ ‬6-10‭ ‬күндік бұзауларда жиі байқалады.‭ ‬Аурудың бұл түрі әсіресе індет түрақты жайлаған фермаларда басым‭ ‬болады.‭ ‬Колибактериоз‭ ‬жітіден‭ ‬төмен‭ ‬өткенде оған басқа іш аурулары қабаттасып,‭ ‬аралас‭ ‬ішек инфекциясы түрінде өтеді.‭ ‬Аралас‭ ‬ішек инфекциясын энтеробактериялардың эшерихия,‭ ‬сальмонелла,‭ ‬цитробактер,‭ ‬протей,‭ ‬морганелла клебсиелла туыстастықтарына жататын микробатрдың‭ ‬2-3‭ ‬түрі кабаттасып тудырады.‭ ‬Ауру‭ ‬асқынып,‭ ‬дерт процесі ішек-қарынмен қоса өкпеге,‭ ‬жүрекке,‭ ‬миға шабады.‭ ‬Бастапқыда колибактриоз ретінде басталған инфекцияның соңғы кезінде нозологиялық профилі басқа бағытқа өзгеруі де мүмкін.
Бұл індеттің жасырын кезеңі бірнеше сағаттың ішінен‭ ‬1‭—‬тәулікке созылады.‭ ‬Алғашқы кезде ауру Жіті түрде етеді.‭ ‬Ауруға шалдыққан қозының,‭ ‬бұзаудың дене қызуы‭ ‬41‭—‬градусқа дейін көтеріліп,‭ ‬тәбеті нашарлап,‭ ‬олар жата бергіш келеді.‭ ‬Төлдің тыныс алуы,‭ ‬тамыр соғуы жиілеп,‭ ‬ауыздың және танаудың кілеген қабықтары қызарып,‭ ‬қанталайды.‭ ‬Қозының танауынан ірін,‭ ‬қан араласқан көпіршік жалкаяқ ағады‭ ‬[1,2,4,5‭]‬.

1.2.5‭ ‬Колибактериоз ауруының патологиялық-анатомиялық өзгерістері

Өлген төлдің өлексесі өте арық,‭ ‬көзі ішіне кіріп,‭ ‬кілегейлі қабықтары бозарыңқы.‭ ‬Денесінің арт жағы нәжіспен былғанған.‭ ‬Құрсақ қуысында сұйық‭ ‬экссудат‭ ‬іркіледі.‭ ‬Қарында,‭ ‬бұзау мен қозының ұлтабарында ұйыған сүт‭ ‬пен‭ ‬уыз‭ ‬болады.‭ ‬Қарынның ішіндегі ақшыл-сүрғылт сүйықтың исі жағымсыз.‭ ‬Кілегейлі қабықтары домбығып,‭ ‬қанға кернеліп,‭ ‬жалқақтанады,‭ ‬кей жерлері қанталап түрады.
Аш ішек‭ ‬пен‭ ‬тоқ ішектің ішінде иісі жағымсыз ақшыл-сұрғылт сұйық‭ ‬болады,‭ ‬кейде‭ ‬қан араласады.‭ ‬Ішек көбінесе газға толып тұрады,‭ ‬кілегейлі қабықтарын қан‭ ‬кернеп,‭ ‬асты қанталайды.‭ ‬Шажырқай сөл түйіндері ісініп,‭ ‬тіліп көргенде суланып,‭ ‬жаппай‭ ‬қанталайды.‭ ‬Бауыр ісініп,‭ ‬сарғыш тартады.‭ ‬Өттің қабы кернеліп,‭ ‬өтке толып тұрады.‭ ‬Көк бауыр көбінесе үлғаймайды,‭ ‬ұлпасы болбырап,‭ ‬қызыл коңыр түске енеді.‭ ‬Эпикардтың‭ ‬астында,‭ ‬эңдокардта ұсақ-ұсақ,‭ ‬жолақтанған қанталаулар кездеседі.‭ ‬Мидың қан‭ ‬тамырлары‭ ‬білеуленіп,‭ ‬мидың өзі домбығады.‭ ‬Кейде өкпенің добығуы‭ ‬немесе‭ ‬қатарлы қабынуы ұшырасады.‭ ‬Кіндіктің‭ ‬немесе‭ ‬оның қан тамырларының домбығуы‭ ‬да‭ ‬байқалып тұрады.‭ ‬Өлексені сойын қарағанда оның кілегей қабаттары мен ұлпалы орындарының кабынып,‭ ‬қанталағаны байқалады.‭ ‬Бауыр мен талақ үлкейген.‭ ‬Өкпе тканьдері қызарып,‭ ‬қанталағаны бірден байқалады‭ ‬[1,3,5,6‭]‬.
‭ ‬ Торайдың колиэнтеротоксемиясы‭ (‬домбығу ауруы‭) ‬кезінде қабақтары домбығып,‭ ‬конъюнктивит‭ ‬байқалады.‭ ‬Жағының,‭ ‬мандайының,‭ ‬көзінің айналасының,‭ ‬құлағының түбінің терісінің астындағы‭ ‬шел,‭ ‬қарны және тоқ ішектің шажырқайы домбығып,‭ ‬кілкілдеп тұрады.‭ ‬Қарын іріміктеніп тығызданған массаға толып,‭ ‬кілегейлі қабығы қатарлы‭ ‬немесе‭ ‬геморрагиялық қабынуға ұшырап,‭ ‬жеңіл сыдырылады.‭ ‬Ішектің ішінде аздаған ғана қоймалжың‭ ‬масса болады,‭ ‬кілегейлі қабықтарының кей тұстары қызарып,‭ ‬қанталайды.‭ ‬Шажырқай сөл түйіндері ісініп,‭ ‬тіліп қарағанда қызыл-қошқылданып мәрмәр бедерлі түске енеді.
Колибактериоздан өлген құстың өлексесін сойғанда фибринді-сіріленген‭ ‬перикардит,‭ ‬кейде перитонит,‭ ‬катарлы‭ ‬немесе‭ ‬геморрагиялық‭ ‬пневмония,‭ ‬ауа қапшықтарының қабынуы,‭ ‬әртүрлі буындардың артриті байқалады‭ ‬[1,2,4,5,6‭]‬.

1.2.6‭ ‬Колибактериоз ауруын балау

Ауруды балау‭ ‬індеттанулық деректерді,‭ ‬клиникалық белгілерін,‭ ‬патологиялық-анатомиялық өзгерістерді талдаумен қатар,‭ ‬міндетті түрде бактериологиялық‭ ‬зерттеу‭ ‬жүргізу арқылы іске асырылады.
Бактериологиялық‭ ‬тексеру‭ ‬үшін жаңадан өлген малдың‭ ‬2-3‭ ‬өлексесін‭ ‬немесе арнайы‭ ‬сойылған төлді жөнелтеді.‭ ‬Бұл жануарлар антибактериялық дәрілермен емделмеуі қажет.‭ ‬Өлексені тұтас апаруға жағдай болмаса басын,‭ ‬жілігінг жүрегін‭ (‬кесілетін тамырларды байлау қажет‭)‬,‭ ‬көк бауырын,‭ ‬бауырдың кесіндісін өтімен қоса,‭ ‬қабынған ішектің маңындағы сөл түйіндерін,‭ ‬қабынған аш ішекті екі жағынан байлап‭ ‬(оны‭ ‬жеке ыдысқа‭ ‬немесе целлофан‭ ‬қапшыққа‭ ‬салу керек‭) ‬зертханаға жібереді.‭ ‬Тірі‭ ‬малдан‭ ‬(емделмеген‭) ‬тік ішектен катетермен сұйық нәжіс алынады.
Патматериалдан Эндо қоректік ортасында өсін алып,‭ ‬эшерихияларға‭ ‬тән‭ ‬колонияларды К-88,‭ ‬987-Р,‭ ‬А-20‭ ‬антигендерді анықтау үшін‭ ‬ет пептон‭ ‬агарында‭ ‬немесе‭ ‬Хоттингер агарында өсіреді.‭ ‬К-99,‭ ‬Ғ-41‭ ‬антигендерін айқындау үшін Минк‭ ‬ортасында‭ ‬өсіреді.‭ ‬Өскен‭ ‬колонияларды‭ ‬адгезиялық қан сарысуы арқылы шыныдағы‭ ‬агглютинация‭ ‬реакциясында тексереді.‭ ‬Адгезиялық‭ ‬антиген‭ ‬айқындалса колибактериозға‭ ‬диагноз‭ ‬қойылды деп есептеледі.‭ ‬Ол үшін аудандық бактериологиялық лабораторияға ұлпалы органдар,‭ ‬лимфа түйіндері және малдың қанын жібереді.‭ ‬Бактериологиялық зерттеу кезінде жоғарыда көрсетілген органдардан диплококк микробы бөлініп шығарылады‭ [‬1,‭ ‬2,4,7‭]‬.

1.2.7‭ ‬Колибактериоз ауруының‭ ‬ емі

Колибактериозбен ауырған төлді оқшаулап,‭ ‬емдейді.‭ ‬Ем кешенді түрде жүргізіледі.‭ ‬Ең алдымен диетаны өзгертіп,‭ ‬денеге‭ ‬жеткілікті мөлшерде сұйықтық‭ ‬пен‭ ‬электролиттер енгізеді,‭ ‬антимикробтық және иммуноглобулиндік ирепараттар беріледі,‭ ‬іштің өтуін тиятын дәрілер және улы заттарды сіңіріп алатын адсорбенттер,‭ ‬витаминдер‭ ‬пайдаланылады.
Алғашқы күні уыздың кезекті кесімді үлесі берілмейді,‭ ‬оның орнына жылы физиологиялық,‭ ‬немесе‭ ‬Рингер тұзды ерітіндісі беріледі.‭ ‬Төлді ашқарында‭ ‬8-12‭ ‬сағат ұстайды,‭ ‬бұл мерзім‭ ‬24-36‭ ‬сағаттан асып кетсе өміріне қауіпті‭ ‬болады.‭ ‬Ертінділерді бұзау ішсе еркімен‭ ‬беру керек,‭ ‬егер‭ ‬өзі іше алмаса немесе өздігімен ішуге үйретілмесе аузынан түтік арқылы жіберіледі.‭ ‬Бір-екі кезекті уыздың берілуін тоқтатқан соң,‭ ‬егер аурудың беті қайта қоймаса,‭ ‬уызбен сүттің мөлшерін екі есе азайтып,‭ ‬орнына физиологияық‭ ‬немесе‭ ‬басқадай тұзды ертінді береді.‭ ‬Әдетте іші өткен төлдің денесінде қышқыл басым‭ ‬болады,‭ ‬сондықтан оған соданың изотоникалық‭ ‬13‭ ‬гл ертіндісін‭ ‬100‭ ‬млкг дозада‭ ‬4-6‭ ‬сағат сайын беріп тұру пайдалы.‭ ‬Іші тоқтаусыз өткен төлде сонымен қатар‭ ‬гипогликемия‭ ‬байқалады,‭ ‬сондықтан сода ерітіндісіне бір бұзауға‭ ‬25-50‭ ‬г декстроза немесе глюкоза‭ ‬қосқан жөн.
Антимикробтық дәрілерді‭ ‬ауру‭ ‬қоздырушысының оларға сезімталдығын анықтап барып пайдаланады.‭ ‬Әдетте антибиотиктерді‭ (‬левомицетин,‭ ‬биомицин,‭ ‬террамицин,‭ ‬тетрациклин,‭ ‬неомицин,‭ ‬полимиксин,‭ ‬мономицин,‭ ‬қанамицин‭)‬,‭ ‬сульфаниламидтерді‭ ‬(сульфазол,‭ ‬фталозол,‭ ‬сульфадимезин,‭ ‬норсулфазол,‭ ‬дисульфан‭)‬,‭ ‬нитрофурандарды‭ (‬фуразолидон,‭ ‬фуразидин‭) ‬қолданады.
Иммуноглобулинді препраттардан‭ ‬колибактериозбен‭ ‬сальмонеллезге қарсы антитоксинді қан‭ ‬сарысуы немесе‭ ‬оның иммуноглобулині,‭ ‬эшерихиялардың К-99‭ ‬антигеніне қарсы моноклональді‭ ‬антиденелер‭ ‬қолданылады.‭ ‬Бұл препарттар жеке өзі оншама нәтиже бермейді,‭ ‬оларды‭ ‬антимикробтық препараттармен‭ ‬коса пайдаланады.
Диеталық дәрмектердің ішінде сүт қышқылы бактерияларының өнімі,‭ ‬олардың‭ ‬таза‭ ‬өсіні,‭ ‬ашытылған сүт,‭ ‬айран,‭ ‬антакон ішектің қызметін дұрыстауға,‭ ‬ондағы микрофлораны қалыптастыруға жақсы‭ ‬әсер‭ ‬етеді‭ [‬1,3,6,8‭]‬.‭

1.2.8‭ ‬Колибактериоз‭ ‬ ауруының‭ ‬ иммунитеті

Колибактериозбен‭ ‬ауырып‭ ‬жазылған төлде‭ ‬иммунитет‭ ‬қалыптасып,‭ ‬қайтадан ауырмайды.‭ ‬Жас төлді бұл ауруға қарсы егу нәтиже бермейді,‭ ‬өйткені оның иммунологиялық икемділігі жеткіліксіз және‭ ‬туа салысымен‭ ‬шалдығатын болғандықтан‭ ‬иммунитет‭ ‬қалыптасып үлгермейді.‭ ‬Сондықтан колибактериозға қарсы формолтиомерсал вакцинамен‭ ‬буаз мал‭ ‬егіледі.‭ ‬Сиырды туарынан‭ ‬6‭ ‬апта және‭ ‬2‭ ‬апта бұрын екі рет егеді,‭ ‬мегежінді‭ ‬туарынан‭ ‬1,5‭ ‬ай‭ ‬және‭ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бота ешерихиозы (ақтышқақ) ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар
Індетке қарсы шаралар туралы түсінік
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғау
Індетке қарсы шаралар
Ұйымдастыру шаруашылық шаралары
Қазақстанда бұзаулар арасында жиі кездесетін ішек инфекциялық ауруларына жалпы сипаттама
Дәрілік заттар түрлері
Еттердің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы жайлы ақпарат
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде ірі қара малдың колибактериозының шарушылыққа тигізген зияны
Пәндер