Тұқымды таза өсіру – мал өсірудің негізгі әдісі


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

АП-13-7к2 тобының студенті Б. Есбосинованың «Тұқымды таза өсіру - мал өсірудің негізгі әдісі» тақырыбындағы курстық жұмысында ірі қара шаруашылығының нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен интенсивті технологияға көшіру, әрі әр табынның сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау тәсілдерін молынан қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болатындығы сарапталған.

Қара-ала тұқымның пайдалы қожалық-биологиялық белгілерінің өндірістік технология мен жергілікті жағдайына өте биімділігі және жоғары генетикалық потенциалды мүмкіндігін ескере отырып «Олжа Құрбанов» атындағы өндірістік кооперативінде дәл осы қара ала тұқымын өсіруді мақсатқа лайық жүргізілген. Қара ала тұқымды малдардың жағымды типтерін сақтап қалу, оның тұқым қуу қасиеттерін күшейте түсу және жетілдіре түсу мақсатында қожалықта малдың таза өсіру әдісін жалғастыра беруді дұрыс деп санаймыз.

Қожалықта өсірілетін қара ала тұқымды сиырлардың пайдалы селекциялық қасиеттерін толық сақтап қана қоймай, ондай белгілерін жетілдіре жақсарту мақсатында мал өсірудің таза тұқым өсіру әдісін қолдану малды зоотехникалық және экономикалық тұрғыдан бағалағанда өте тиімді екені анықталды.

Нормативті сілтемелер

МЖМБС 2. 104-68 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 01. -80 КҚБЖ (ЕСКД) . Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.

МЖМБС 2. 301-68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601-95 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері орынға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

МК (ГК) Қ. Р 04-2003. Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің класификаторы (ӘҚТБӨК) .

СТ ОҚМУ 4. 02-2008. Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі, құжаттарын түзу, мазмұндау мен ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар.

СТ ОҚМУ 7. 11-2008. Университет стандарттары. .

Мазмұны

бет

Аннотация . . .

Мазмұны . . .

Номативті сілтемелер . . .

Анықтама . . .

Белгілер мен қысқартулар . . .

Кіріспе . . .

4

5

6

7

8

9

:
Аннотация . . .Мазмұны . . .Номативті сілтемелер . . .Анықтама . . .Белгілер мен қысқартулар . . .Кіріспе . . .: Негізгі бөлім . . .
456789: 10
: 1. 1
Аннотация . . .Мазмұны . . .Номативті сілтемелер . . .Анықтама . . .Белгілер мен қысқартулар . . .Кіріспе . . .: Аналитикалық бөлім . . .
456789: 10
: 1. 1. 1
Аннотация . . .Мазмұны . . .Номативті сілтемелер . . .Анықтама . . .Белгілер мен қысқартулар . . .Кіріспе . . .: Малды таза тұқымды өсірудің жолдары . . .
456789: 10
: 1. 1. 2
Аннотация . . .Мазмұны . . .Номативті сілтемелер . . .Анықтама . . .Белгілер мен қысқартулар . . .Кіріспе . . .: Ірі қараны сұрыптау жұмыстары . . .
456789: 15
: 1. 2
Аннотация . . .Мазмұны . . .Номативті сілтемелер . . .Анықтама . . .Белгілер мен қысқартулар . . .Кіріспе . . .: Технологиялық бөлім . . .
456789: 20
: 1. 2. 1
Аннотация . . .Мазмұны . . .Номативті сілтемелер . . .Анықтама . . .Белгілер мен қысқартулар . . .Кіріспе . . .: Зерттеу жүргізілген жерге қысқаша сипаттама . . .
456789: 20
: 1. 2. 2
Аннотация . . .Мазмұны . . .Номативті сілтемелер . . .Анықтама . . .Белгілер мен қысқартулар . . .Кіріспе . . .: Қара ала тұқымды сүтті малдарды таза өсіру ерекшеліктері . . .
456789: 22
: 2
Аннотация . . .Мазмұны . . .Номативті сілтемелер . . .Анықтама . . .Белгілер мен қысқартулар . . .Кіріспе . . .:

Тіршілік қауіпсіздігі . . .

Қорытынды . . .

456789:

28

29

:
Аннотация . . .Мазмұны . . .Номативті сілтемелер . . .Анықтама . . .Белгілер мен қысқартулар . . .Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
456789: 30

.

Анықтама

Таза тұқым өсіру - бұл бір тұқым түрін бір-бірімен шағылыстыру. Әрбір тұқым ауылшаруашылық байлық болып табылады.

Туыс малдарды шағылыстыру (инбридинг) . Инбридинг - бір-бірімен туыс жануарларды шағылыстыру. Бұл жүйе таза өсіру кезінде жиі қолданылатын болғандықтан оған түбегейлі тоқталмайды.

Сұрыптау деп - белгілі тіршілік ортасына, не өндіріс технологиясына бейімдел ген, немесе адамдардың өзінің қажеттілігін жақсылап өтей алатын жануарларды алып қалуын айтады.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Ірі қара шаруашылығы - мал шаруашылығындағы ең маңызды сала, біріншіден халқымызды ең жоғары сапалы тағамдармен қамтамасыз етсе, екіншіден, жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді, әрі бұл сала маңызды органикалық тыңайтқыштарды да өндіреді.

Ғылыми техниканың ерекше дамуына байланысты ірі қара шаруашылығы да ерекше дамуда, әрі одан алынатын өнімдер де көбеюде. Ал кейінгі жылдарда ірі қара мал тұқымдарының асылдануын ерекше көрсеткен жөн, сонымен қатар жаңадан асыл-тұқымды ірі қара малы шығуда, ал осы асыл тұқымды ірі қара малдары экономикалық табиғи аймақтарға жақсы бейімделген. Оған ерекше әсер еткен селекция жұмыстарының жақсаруы. Себебі селекцияның дамуына генетика, биотехнология ғылымдарының жетістіктері мен электронды есептеу техникасының әсері өте зор болды.

Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында 20-дай сүтті, сүтті-етті және 8-сүтті ірі қарасының асыл тұқымды малдары өсірілуде. Айта кету керек, бұл асыл тұқымды ірі қараларының көпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан кейінгі уақытта будандастыру және шағылыстыру арқылы ірі қараның жаңа асыл тұқымдарын қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Ірі қара шаруашылығының нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен интенсивті технологияға көшіру, әрі әр табынның сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау тәсілдерін молынан қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып саналады. Мал табынын толықтыру, оның өнімділігін көбейтумен тығыз байланысты, әрі малдың физиологиясын, азықтандырылуын және малдәрігерлік негіздерін білуді қажет етеді. Ірі қара мал тұқымдарын төмендегідей схема бойынша зерттейді: асыл тұқымды ірі қараның халық шаруашылығындағы маңызы, өскен ортасы, шыққан тегі мен тарихы, тірілей салмағы және тағы да басқа биологиялық, әрі шаруашылық ерекшеліктері, генеалогиялық құрылысы, келешек дамуы.

Ірі қараны асылдандырудың мал өнімін көбейтуде маңызы өте зор, сол үшін дүниежүзілік гендік қорын ғылыми-технологиялық зерттеулер жетістіктеріне сүйене отырып зерттеу қажеттілігі туындауда.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Зерттеу мақсаты - Қазақстанның оңтүстігінде өсіріліп жатқан ірі қара малдардың тұқымын таза өсіру мал өсірудің негізгі кепілі екендігін зерттеу.

Аталған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:

- малды таза тұқымды өсірудің жолдарын зерттеу;

- зерттеу жүргізілген жерге қысқаша сипаттама жасау;

- қара ала тұқымды сүтті малдарды таза өсіру ерекшеліктері.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Ірі қара малдарды өсіруді таза мал тұқымды өсіруді пайдаланудың өндірістік қажеттілігі дәлелденді.

І Негізгі бөлім

1. 1 Аналитикалық бөлім

1. 1. 1 Малды таза тұқымды өсірудің жолдары

Таза тұқым өсіру - бұл бір тұқым түрін бір-бірімен шағылыстыру. Әрбір тұқым ауылшаруашылық байлық болып табылады. Тұқымды маман алып қалу, оны жетілдіре түсіру таза тұқым өсірудің басты мақсаты болып табылады. Бұл өсіру әдісінің мәні - жағымды жануарлар типін сақтап қалып, оның тұқым қуу қасиеттерін күшейте түсу болып табылады.

Таза өсіру арқылы өте жоғары өнімді жануарлар алынған. Қара-ала сиыр тұқымының Аида сиырынан 12 лактацияда 44 407 кг сүт сауылған, 4293 кг сүт майы алынған. Дүние жүзілік тәуліктік сүті бойынша рекордистка болып ярослав тұқымының Вена атты сиыры болып табылады (82, 1 кг) . Таза өсіру нәтижесінде орлов желгіш тұқымының Улов, Пион, Турнир сияқты айғырлары алынған, олардың желгіштігі 1600 м-ге 2, 001 с болған. Ставрополь тұқымды №72 қошқар биязы жүні бойынша 30, 1 кг жүн берген.

Таза өсірудің арқасында тек қана өте жоғары өнімдегі жануарлар ғана емес, сонымен бірге асылтұқымдылығы жағынан өте бағалы мал табынын да алуға болады. Ресейдің көптеген мал зауыттарында сиырлар сүттілігі 5000-6000 кг-нан асады [1] .

АҚШ-тың «Альфа-Дана» фермасында голштин-фриз тұқымы сиырларының сүттілігі орташа 6500 кг-ды құрайды. Англияда (Ватсона фермасы) айршир сиырларынан екі мезгіл сауып 305 күн лактацияда 8383 кг-нан, майлылығы 4, 4% сүт сауған. Осы сияқты таза мал өсірудің мысалдарын көптеп келтіруге болады. Ресейде малды таза өсіруге аса көңіл бөлген, олар шығарған өте бағалы мал тұқымдарын кездейсоқ басқа тұқымдармен шағылысуда қорғаған.

Көптеген елдерде малды таза өсіруге көп көңіл бөледі. АҚШ-та голштин-фриз, джерсей, гернсей тұқымдарын тек таза ғана өсіреді. Сүтті малды генетикалық жақсарту мақсаты - әрбір бұзау туу арасы 12-13 ай болып, 305 күндік лактациядағы сүт мөлшерін барынша көтеру. Сүтті малдардың генетикалық жақсаруының басты критерийі - малдың жоғарғы өнімділігі, ұзақ уақыт пайдалануы, сауудың жеңіл болуы, маститке резистенттілігінің жоғары болуы сияқты көрсеткіштер. Сүтті сиырлардың сүттілігі 1950 жылдары АҚШ-та 2410 кг болса, 1979 жылы 5114 кг- ға дейін өсті. 7000 - 9000 кг сүт беретін де табындар бар. Мұндағы ғалымдар селекциялық лимит (генетикалық өзгергіштікті азайту) пен физиологиялық лимитті (жоғарғы сүттілік пен көбейгіштік функциясы арасындағы кері корреляция) талдап, жуық арада селекциялық та физиологиялық та лимиттің қаупі жоқ деп тапқан [2] .

Бірқатар елдерде таза өсіру арқылы бағалы мал тұқымдарын генетикалық жетілдіру жұмыстарын жүргізуде. Мысалы, Германияда немістің қара-ала сиырларын таза өсірумен қатар джерсей, голштин-фриз тұқымдарын да таза өсіріп келеді. Көптеген елдерде малды таза өсіру мал өсірудің негізгі әдісі болып табылады.

Малды таза өсіргенде жануарлардың тегіне көп көңіл бөлінеді. Оны әрине мал асылдандыру жазбаларына қарап анықтайды. Өте бағалы аталықтың мал асылдануы жұмысында ролі зор. Қолдан ұрықтандыру әдісіне пайдаланғанда бір бағалы аталықтың спермасымен ондаған мың аналықты ұрықтандыруға болады. Қазіргі кезде аталық ұрығын мұз қылып қатырып, ұзақ уақыт сақтау әдістері жасалған. Осы әдіс бойынша өте бағалы аталықтардың сперма қоры жасалынатын болды. Осындай сперма қоры пайда болуына байланысты олардың ұрығы бір елде ғана емес, елдер арасында пайдалануға да мүмкіндік туды. Осы жұмыстарға байланысты ұрпағы бойынша тексерілген әрбір аталық асылдандыру карточкасымен бірге, тегі туралы және қанының поспорты болуға тиіс. Ол оның генетикалық толыққандылығын анықтау үшін және нағыз әкесі екендігін анықтау үшін керек құжат болып табылады

Малды таза өсіргенде асылдандыру жұмысын тек бір табында ғана емес, бүткіл тұқым бойынша жүргізуге де болады . Селекциялық орталықтар басқаратын тұқыммен асылдандыру жұмысын жүргізгенде асылдандыру жұмыстарының классикалық әдістерімен қатар ірі масштабты селекция әдісі де қолданылады . Малды таза өсіру әдісі ешқандай да жаңалық бермейтін консервативті әдіс болып табылады. Ол тұжырым теріс тұжырым . Әрбір тұқымның оның тұтастығын және өзгергіштігін сақтайтын генетикалық негізі бар. Зауыттық тұқымдардың ең басты қасиеті -өте жоғары тұқымішілік шаруашылық-пайдалы қасиеттері бойынша өзгергіштігі. Осы өзгергіштігіне байланысты сұрыптау арқылы тұқымды жаңа қасиеттер қалыптасады . Малды таза өсіру сұрыптау мен жұптастырудың неше түрі әдістерін қолдану арқылы линия, ұя бойынша өсіру арқылы жүргізіледі . Таза тұқымды жануарлар асылдылық және өнімділік қасиеті бойынша алуан түрлі болып келеді. Сондықтанда тұқымды жетілдіре түсу үшін мақсатты жануарларды сұрыптау қажет. Осындай сұрыптау үшін жануарларды тұқым статусымен салыстыруға тура келеді. Әрбір жануар тұқымының стандарты болады. Стандарт дегеніміз жануарларға қойылатын өнімділігі, дене бітімі, тегі бойынша қойылатын талаптар. МАК (ГПК) жазу үшін жануар 1 классқа қойылатын талаптардан төмен болмауға тиіс [3] .

Стандарт дегеніміз сұрыптаудың негізгі бастамасы, ол селекционердің барлық жігерін тұқымның жетіле түсуіне бағыттайды. Стандарт реаль, тұрақты болуға тиіс. Бірақта оны мезгіл - мезгіл қайта қарап отырылуы керек. Сонда ғана сол тұқымның прогресін қамтамасыз ете алады. Аталықтарының бағалық қасиеті де стандарт арқылы анықталып отырады. Онда сүттілігі, сүттің майлылығы, еттілік қасиеті сияқты шаруашылыққа - пайдалы аталық жануар қасиеттері белгіленіп отырады.

Көптеген мал тұқымдарына малды таза өсіру кезінде қойылатын талаптар анықталып қойылған. Мысалы қара-ала сиырлардың сүттілігі 5500-7000 кг, сүт майы майлылығы 3, 7-3, 8% болып, жылдық майы 200 кг-нан кем болмауға тиіс, белоктылығы 3, 5-3, 7% -те кем болмай жылдық көрсеткіш 171 кг-нан кем болмауы тиіс. Сауын мерзімі минутына 2 кг-нан кем сүт сауылмауға тиіс. Бірінші тууы 27 айдан кем болмауға тиіс. Сонымен бұл тұқым жануарлары жаңа өндірістік технологияға сай, сүт кешенінде азықтандыруға биім, әртүрлі ауруға резистенттілігі жоғары болуға тиіс.

Малды таза өсіргенде тұқымды жақсартуға мүмкіндіктер туады. Малды таза өсіру екі әдіс бойынша жүргізіледі: туыс емес (аутбридинг) және туыс (инбридинг) . Қандай мал тұқымы болмасын жалпы асылдандыру жүйесі бойынша негізінен туыс емес шағылыстыру жүргізіледі. Гетероген жұптау, линияаралық кросс, қан жаңарту хал-ахуалын жақсартатын іс-шара ретінде қарастырылады. Мұндайда жануарлардың икемділігі сақталып олардың жаңа жағдайға биімдеу қасиеттері сақталады.

Туыс емес шағылыстыру барлық асыл тұқымды емес шаруашылықтарда жүргізілетін мал өсіру әдісі.

Туыс малдарды шағылыстыру (инбридинг) . Инбридинг - бір-бірімен туыс жануарларды шағылыстыру. Бұл жүйе таза өсіру кезінде жиі қолданылатын болғандықтан оған түбегейлі тоқталмайды.

Инбридинг ілімі өте ескі ілім. Ол жөнінде шаруалардың бірнеше ой-пиғылдары бар. Басында инбридинг санасыз қолданылды. Ежелгі адамдар қан ауыстыруының зиянды жағын байқап қалып, өте қатаң түрде оған тиым салған. Араптар XIII ғасырдың өзінде асылтұқымды жылқыларды инбридингтің зиянды әсері бар екенін байқаған.

Капитализм дәуірі кезінде көптеген елдерде жаппай тұқым түзілу процессі жүре бастады. Рынокқа сай жаңа тұқым түзілу инбридингті кеңінен қолдану арқылы жүре бастады. Тұқым басының консультатциясы бірнеше ұрпақ бойы әдетте тығыз инбридинг жүру арқылы жүзеге асты. Мысалы: шортгорндағы тұқымбасы Губбакты, орлов желгіштеріндегі Барса 1, үлкен ақ шошқадағы Аскания 1 қасиеттерін қалыптастыруда осындай инбридинг кеңінен пайдаланылған.

Әр түрлі дәрежеде инбридингті сиырдың бестужев тұқымын шығарғанда қолданылған [4] . Жүйесіз жақын инбридинг мал өнімділігінің төмендеуіне, төлшілдігінің азаюына, конституциясының нашарлауына әкеп соқтырған. Тамаша мал табыны қисық - қыңырға айналады. Соның бірі атышулы шортгорн мал тұқымы да нашарлап кетті. Осының нәтижесінде инбридингке деген көзқарас өзгерді. Шағылыстырудың бұл түріне абайлап қарайтын болды.

Инбридингке қызығушылық қайтадан тек ХІХ ғасырдың ақырында ғана пайда болды. Асылдандыру кітаптарын талдау, көптеген зауыттық мал тұқымдарының шығу тарихын зерттеу тұқым түзілуде инбридингтің пайдалы әсері, ролі барын көрсетті. П. Н. Кулешов [5] туыс шағылысуды қолдануды ашық қолдап шықты. Сөйтсе де ол ұзақ уақыт жақын инбридингтің зиянды екенін атап көрсетті. Бірақ орлов желгіш жылқыларының шығаруды мысал ете отырып, кейіннен Ж. К. Кәрімов және б. [6] біршама инбридингтің тұқым шығаруда пайдалы болатынын көрсетіп қана қоймай, ондай шағылысудың тұқымдағы атышулы линияларды шығаруда да көп пайда келтіретінін ашып көрсетті. Тұқым түзілудің ғылыми методикасының негізін салушы М. В. Иванов инбридингтің селекциялық жұмыстарда керекті әдіс екенін көрсеткен [7] . Оны тек іскерлікпен, мақсатты пайдаланып, жануардың конституциясының мықтылығына қатаң сұрыптаумен үйлестіре жүргізу керектігін көрсетті.

ХХ ғасырдың басынан бастап инбредингтің ролі мен маңызы жөнінде, оның биологиялық мәні жөнінде генетика пәні зерттей бастады. Ч. Дарвин [8] теңіз шошқасымен дәлелді тәжірибелер жүргізді. Ол 23 инбридтелген теңіз шошқасының семьясымен 20 ұрпақ бойы аға - қарындас типімен тәжірибелер жүргізгенде 35 линиядан 27-сі қырылып кеткен. Қалғандарының тіршілікке қабілеті, тірі массасы, төлшілдігі төмендеген. Инбрид линияларды бір-бірімен шағылыстырғанда ұрпақтары біршама жақсарған.

Ч. Дарвин [8] тұқымды жақсарта, жетілдіре түсу жолында инбридингті қолдану керек деген тұжырымы өте маңызды. Әдеттегі селекция кезіндегі генетикалық жақсарудың өте баяу жүретіні белгілі. Инбрид линиялар шығару, кейінірек оларды бір-бірімен шағылыстыру (линияаралық кресстар ) бастапқы популяциямен салыстырғанда классы әлдеқайда жоғары гетерозиготалы популяция алуға мүмкіндік береді. Әдеттегі селекциямен ондай жетістіктерге жету өте қиын. Популяцияны одан әрі жақсарту үшін барлық процессті қайта жасап, жаңа инбрид линияны оқшаулау керек те оларды бір - бірімен шағылыстырып, жаңа популяция алу үшін жақсы кросстарды сұрыптап алу керек. Инбридингтің ұрпаққа теріс әсер ететіндігі сиырларда да анықталған. Мысалы: Нильсон - Эле мен Д. Лаш бастапқы өсу кезінде инбринд жануарлар өсуінің баяулағанын атап көрсеткен. Лейбен Колифорнияда сиырларда жүргізілген ұзақ уақыт инбридингтің нәтижесінде әрбір процент инбридинг артқан сайын сүт шығымдылығы 210 фунтқа, сүт майлылығы 0, 9 фунтқа азайған. Инбридингтің сиыр төлшілдігі мен бұзаулардың тіршілікке қабілеттілігіне теріс әсер еткен [9, 10] . Ғалымдардың әртүрлі жануарларға жүргізген көптеген зерттеулері бірнеше ұрпақ бойы жүргізілген тығыз инбридингтің ұрпақтар сапасына теріс әсер ететінін, ол ұрпақтың маңызды шаруашылыққа пайдалы белгі - қасиеттерінің нашарлайтындығын, олардың асылдық бағалылығы төмендейтінін көрсетті.

Инбридинг клетканың структуралық элементтеріне әсер етеді. (6) : « . . . инбридинг кезінде болатын биологиялық процесстер нәсілдік қасиеттерге ізін қалдырмай қоймайды. Олар оны өзгертеді, бірақ ол өзгерістерді біржақты организм зақымдануы ретінде қарауға болмайды. Ол өзгерістер организмдегі тіршілік процесстерін басқаша жағдайға әкеп соқтырады. Организм осы онша қолайсыз жағдаймен әсерлесуіне мәжбүр етеді. Ол жай пассив күн кешпейді. Ол оны шешуге тырысады. Кейде ол жеңімпаз болып шығады. Сонда барып жаңа нәсілдік қасиет пайда болады» - деп жазған.

Инбридинг нәтижесінде организмде терең анатомия - физиологиялық қайта құрулар болады. Ұрпақтардың тіршілік қабілетінің төмендеуіне, төлшілдігінің азаюына, ұрпақтардың ұсақтанып кетуіне әкеп соқтыратын сол өзгерістер.

Туыс шағылыстырудың негізгі мақсаты - өте бағалы ата-ененің белгілі нәсілдік ерекшеліктерін сақтап қалу. Инбридинг бағытты жүргізілуге тиісті, онда тек белгілі, өте жоғары белгі - қасиетті жануарды ғана пайдалану керек.

Инбридинг деңгейі. Жануардың инбридинг деңгейін шығу тегі арқылы ғана анықтайды. Онда әкесі мен шешесі қатарын бірінші деп есептеп, жалпы кезігетін тектерін санап шығады. Шешесі жағынан тегі анықталып, жазба рим сандарымен белгіленеді. Қайталап келетін тектері қатарын көрсететін сандар үтірмен ажыратылып отырады, ал қайталау тектің екі жағынан да тере арқылы ажыратылып отырады. Бірдей аттары кезігуіне байланысты, тектер қатарына байланысты, классификациясы бойынша инбридинг деңгейлеріне бөлінеді [11] .

Инбридингтің мал асылдандыру жұмысындағы орны мен ролі. Туыс шағылыстырудың қанша зияны болғанымен мал асылдандыру жұмысында өте маңызды роль атқарады. Л. К. Эрнст және басқалар [12] : «Инбридинг ойланым-паз, талантты зауытшылардың қолындағы керемет құрал болып табылады. Талантсыз, түсінігі аз селекционер үшін құрудың жолы. Мышьяк, камфара - күшті әсер ететін дәрі, онымен ауруды қатарға қосуға да болады, ол сонымен бірге тура қолданбаса инбридинг сияқты ауруды өлтіріп те тынуы мүмкін. Ол тұқым түзуде маңызды роль атқарады. Инбридинг қолданбай шығарылған бір тұқымды тауып атаудың өзі қиын» - деп жазған.

Жануарларды ұзақ уақыт тығыз, жақын шағылыстыру биологиялық жағынан біршама және алыс инбридингтен өзінше ерекшеленеді. Біршама инбридингте гомозиготалық онша арта қоймайды, сөйтсе де өте жақсы тегінің ұрпағының генотипіне тигізетін әсері мол болады. Демек, ұқсастығы жоғары болады. Біршама инбридинг ұрпағында оның конституциясының нашарламай, тіршілік қабілеті төмендемей - ақ бағалы нәсілдік қасиетінің беки түсуіне әкеп соқтырады.

Асылдандыру зауытының негізгі міндеті - нәсілдік қасиеті жоғары, бағалы, сол қасиеттерін ұрпақтарына бере алатын аталықтар өсіріп шығару. Тұқымның өнімділік қасиетін арттыратын ондай аталықтар алуда туыс шағылыстырулар қолданылады. Тұқым сапалық жағынан өзгеше болатын, линия деп аталатын ерекше жануарлар топтарынан тұрады. Линиялармен жұмыс жасау біршама инбридинг қолдану арқылы жүргізіледі. Осылай шағылыстыру әдісі өте бағалы жануарлар - линияны жалғастырушылар алуға мүмкіндік береді. Линия бойынша мал өсіруде инбридингті төрт типке бөледі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асыл тұқымды малдарды асылдандыру
Таза тұқымды мал өсіру жолдары
Мал өсіру әдістері
Жылқы өсіру әдістері
Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру әдістері
Жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысын ұйымдастыру жайында
Әр түрлі аталық іздерден туған абердин-ангус тұқымының өсіп дамуы
Мал өсіру
Қазақстанның жылқы шаруашылығы
Сүтті бағыттағы ірі қараны асылдандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz