Жұп таңдау қаракөл тұқымын әр текті жұптау ерекшеліктері


Аннотация
Бұл курстық жоба «Мал өсіру және селекция» пәні бойынша «Жұп таңдау Қаракөл тұқымын әр текті жұптау ерекшеліктері» тақырыбы бойынша жазылған курстық жоба, 1 сурет, 9 кесте, 39 беттен тұрады.
Студент Мал тұқымын жұптау әдістерімен және Қаракөл тұқымын әр текті жұптау ерекшеліктерімен танысып, қаракөл қойының өсіп жетілуін, биологиялық ерекшелігін, малдың өнімділік ерекшеліктерін зерттеген.
Курстық жобада өз құрамында: кіріспе, әдебиеттік шолу, зерттеу материялы мен әдістері, негізгі бөлім, тіршілік қауіпсіздігі, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
Мазмұны
бет
Нормативті сілтемелер
МЕМСТ 16020 - 70 Сойыс мал. Атаулар мен анықтамалар.
МЕМ СТ 2. 104 - 68 ЕСКД Негізгіжазулар.
МЕМ СТ 2. 601 - 95 ЕСКД Пайдалануқұжаттары.
МЕМ СТ 2. 6304 - 81 Сызба шрифтері.
МЖБМС 2. 321 - 84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптікбелгілеу.
МЕМ СТ. 2. 701 - 84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері.
МЕМ СТ 2. 104 - 68 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгіжазбалар.
МЖМБС 2. 01 - 80 КҚБЖ (ЕСКД) . Бұйымдар.
МЖМБС 2. 301- 68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МК (ГК) Қ. Р 04 - 2003. (ӘҚТБӨК) .
Анықтамалар
Ұдайы өсіру - төл туғаннан бастап үздіксіз өсіру.
Экономикалық тиімділік - әрбір алынған өнімнің өзіндік құны.
Сұрыптау - жақсы малдарды іріктеп, таңдап алуды айтады.
Корреляция - малдың бір өнім көрсеткішінің екінші өнім көрсеткішімен тығыз байланыстығын айтады, әрі сол өнім көрсеткіштерінің біреуі өзгерсе екіншісінің де өзгеруін көрсетеді.
Элевер - мамандандырылған шаруашылықтар немесе фермалар, негізгі міндеті саулықты өсіру және оларды ұрпақ сапалары бойынша бағалау.
Жұп таңдау- сұрыпталған мал ішінен өздерінен артық ұрпақ беретін аталық және аналық жұбын құруды айтады.
Әртекті жұптау саулық отарындағы ең маңызды корсет-кіштерін күшейту үшін, сондай-ақ малдың аралық корсет-кішін алу үшін қолданылады.
Біртекті жұптау отарды түрпаттандыру және қойларды тармақтық осіру кезінде кеңінен қолданылады.
Жекелей жұптау тек асыл тұқымды қойларды шағылыстыру жүргізген науқанында элита және бірінші класты саулық отарларына қолданылады.
Топтық (кластық) жұптау. Топтық жүптау класы төмен саулық отарларын шағылыстыру ыауқанында тауарлы фермалар мен асыл тұқымды шаруашылықтарда қолданылады.
Тұқым қуалаушылық - бұл генетикалық белгілерді, дәлірек айтқанда генетикалык факторларды (гендерді) ұрпағына тарату, онда ата-ене белгілері мен қасиеттерінің немесе ата-ененің және олардың ұрпақтарының ұқсастығы қамтамасыз етіледі.
Белгілер мен қысқартулар
МЕСТ мемлекеттік стандарт
қ. р. - қожалық рацион
с. м. - сіңірімді майлар
г. - грамм
кг. - килограмм
л. - литр
мл. - миллилитр
мм. - миллиметр
т. б. - тағы басқа
т. с. с. - тағы сол сияқты
№. - нөмір
%. - пайыз
а. ө. - азықтық өлшем
см. - сантиметр
млн. - миллион
қ. - қою
с. - сирек
мг. - миллиграм
кДж. - килоджоуль
мДж. - мегаджоуль
Кіріспе
Н. Ә. Назарбаевтың « . . . мемлекеттің, бизнестің және ғылымның өзара әрекетінің инновациялық әлеуетін арттыру қажет », - деп көрсеткен «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының негізгі бағыты»және «Қазақстан - 2050 стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауларында агроөнеркәсіп кешені алдына - «Экологиялық таза өндіріс саласында ғаламдық ойыншы болуға» және жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғыртуымызға міндетті қойылды. (1)
Мал тұқымын асылдандыру жұмысының негізі маңызы жағынан сұрыптаумен тең жүргізілетін зоотехниялық жұмыс - жұп таңдау. Жұп таңдау деп, сұрыпталған мал ішінен өздерінен артық ұрпақ беретін аталық және аналық жұбын құруды айтады. Яғни, жұп таңдау, мысалы, таңдап алған бір қойдан жақсы қозы алу үшін, оны қандай қошқардың ұрығымен ұрықтан-дыруды немесе нақтылы бір таңдап алған биені қандай айғырмен шығылыстыруды шешу.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі жағдайында, ауыл шаруашылық өндірісінің барлық салаларын реформалау отандық мал тұқымдарының генетикалық ресурстарын толықтай пайдалану үшін ұтымды әдіс тәсілдерді қолдану маңызды роль атқарады. Осы орайда каракөл қойын өсірушілердің алдында тұрған ең маңызды мәселелердің бірі - елтірі өндірісін ұлғайту және оның сапасын аргшрумен қатар олардың тірілей салмағын, тэуліктік салмақ қосуын, тез жетілгіштік қабілетін жогарылату екені белгілі. Сондықтан жакеттік елтірілік типті қара түсті қаракөл қойларының шаруашылыққа пайдалы белгілерін жетілдірудің тиімді эдістерін қолдана отырып, мал өнімділігін арттыру қазіргі кездегі өзекті мэселелердің бірі болып табылады.
Жаңа XXI ғасырдың басында Қазақстан Республикасындағы қаракөл шаруашылығының құрылғанына 70 жыл толды. Осы уақыттын ішінде қыруар жұмыстар атқарылып, республикамыз қаракөл қойының саны мен өндірілетін елтірісінің сапасы жағынан, дүние жүзінде алдыңғы қатарлы мемлекеттердің құрамына қосылды. Бұл әрине қаракөл қойларын жұптастыру әдістерінің сапалы және дұрыс қолдануының нәтижесі. . Себебі қойларды бағалы қасиетіне қарай іріктеп ұрықтандырған соң, алынатын тұқымына сол қасиетті мейлінше дұрыс бекіту арқылы біз көп жетістіктерге жетеміз!
Зерттеу жүмысының мақсаты мен міндеттері . Зерттеу жұмыстарьшың мақсаты - тірілей салмағы бойынша әртүрлі жүлтаудан алынған қаракөл қойлары ү-рпағының сапасы мен өнімділігін анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- қаракөл қойларын тірілей салмағына байланысты түрлі жүлітастырудантуылған қозыларды 1, 5 жасқа дейінгі мезгілдегі өсуі мен дамуының биология-лық ерекшеліктерін анықтау;
- қаракөлдің шаруашылыққа пайдалы селекциялық өзара корреляциялық байланыстылықты анықтау;
- біртекті және әртекті жұптастырудан алынған қаракөл қозыларыныңтірілей салмағының тұқым қуалаушылығын анықтау;
- әртекті жұптастырудан алынған төлдің өнімділік анықтау;
- әртүрлі жастағы қаракөл қойларының жүн өнімділігін анықтау;
- қаракөл елтірісінің сорттылығын анықтау;
- еркек қозылардың тері-жүн жабындысының гистоқұрылымын зерттеу;
- жұптастыру экономикалық тиімділігін анықтау.
1 Негізгі бөлім
1. 1 Әдебиетке шолу
1. 1. 1 Ауылшаруашылық малдарын жұптастыру және оның маңызы
Сұрыптау мен жұп таңдау селекция ғылымында тел ұғым. Мал тұқымын асылдандыруда бұл екі әдісті бөліп қарауға болмайды. Оларды бірінен соң бірін үзіліссіз жыл сайын қатар жүргізу мал тұқымын (табынды) асылдандыруда ойдағыдай нәтижеге жетудің басты шарты.
Жұп таңдау қажеттігі ұрпақтың өнімділік қасиетінің, ата-енесінің нәсілдік қасиеттерінің үйлесімділігіне, олардың туыстық жақындығына, жас ерекшеліктеріне және өнімділік ұқсастығына байланыстылығынан туады. Яғни, өнімділігі мен тұқымдық қасиеті жоғары ұрпақ алу шағылыстырылатын ата-ене жұбын дұрыс құруға тікелей байланысты.
Жұп таңдаудың негізгі максаты - ата тегіне (ата-анасына) біткен бағалы тұкымқуалаушылык қасиеттерін ұрпақтарына бере отырып, олардың әрбір кейінгі ұрпактарынан көбірек жоғары өнімді, асыл тұқымды малдар алу болып табылады. Тек бір ғана асыл тұқымды малды сұрыптап, кейіннен аталық қошкарлармен аналық саулыктарды дұрыс жұптау - ол аткарылып жатқан жұмыстың жартысы болып табылады.
Жұп таңдаудың бір шарты шағылысқа жіберілетін белгілі аналықтарға, әрбір жеке аталық кошқарлар есептеп ойластырылып бекітіліп, одан алынатын төлдер белгіленген максаттағы малдың ұнамды түріне толық сәйкес болуы кажет. Элита саулыктарынан тұратын отарлардағы әр саулыққа жоғары өнімді асыл тұкымды аталық қошқарлар іріктеліп, жұптастырып бекітіледі, ал басқа отарларда топтап жұптау әдісі қолданылады. Алғашқыда болашақ ұрпақтың өнімділігін және ата-енесінің шаруашылыққа пайдалы белгілерін (тірілей салмағы, жүн өнімділігі т. б. ) бекіту үшін негізінен біртекті жұптау жүргізіледі.
Бір-біріне лайықты ата-ене жұбын құруға мал өсірудің барлық әдістерінде де (таза тұқым өсіру, будандастыру жэне гибридтеу) үлкен мән беріледі.
Белгілі ғалым-селекционер П. Н. Кулешовтың « . . . табынды жұп таңдау арқылы жақсарту көп білім мен шыдамдылықты және де мақсаттылықты қажет етеді. (2) Кездейсоқ нәрседен немесе табандылықтан табынның кенеттен жақсаруын күтуге болмайды» деген пікірі осы уақытқа дейін маңызын жойған жоқ. Шағылыстырылатын мал жұбын анықтағанда, жұп таңдауда алға қойылатын мына төмендегі негізгі мақсаттарды басшылыққа алады. Біріншіден, табын малына тән ұнамды қасиеттерді, өнімділік белгілерді ұрпақтан- ұрпаққа бекіту; екіншіден - келесі ұрпақта ата-енесінен ерекше, жаңа өнімділік қасиеті бар төл алу; үшіншіден - ата-енесіне тән кейбір кемшіліктерді келесі ұрпақта жою немесе жөндеу.
1. 1. 2 Жұптаудың негізгі әдістері мен жіктелуі
Шағылыстыруға бекітілетін ата-ене жұптары құрамындағы мал санына байланысты жұп таңдауды мына төмендегідей жіктейді:
- Жекелеп жұп таңдау
- Топтап жұп таңдау
- Жекелеп-топтап жұп таңдау
- Ұялас-топтап жұп таңдау
Жекелеп жұп таңдау жүргізілгенде әр аналыққа лайықты бір аталық бекітіледі. Яғни, бір қорадағы, айталық 600 саулықтың әр қайсысын қайсысын қошқардың ұрығымен ұрықтандыру қажеттілігі шешіледі. Сол сияқты табындағы 100 сиырдың әркайсысына лайықты бұқа бекітіледі. Мұндай жұмыс тек асылтұқымды мал өсіретін шаруашылыктарда ғана жүргізіледі.
Топтап жұп таңдаудың мәні белгілі бір талғам бойынша біріктірілген бір топ аналыққа бірнеше аталық қосылады. Мысалы, бір класстан тұратын 600 саулығы бар отарға күйек алу кезеңінде 25-30 қошқар қосылады. Сол сияқты 200 сиырдан тұратын табынға 5-6 бұқа қосады. Бұл, әдетте, қолданұрықтандыруды қолданбайтын шаруашылықтарда пайдаланады. Топтап жұптастырудың басты кемшілігі - алынған ұрпақтың ата-тегін дәл анықтай ал-маймыз. Екіншіден, бұл табында гинекологиялық аурулардың тез таралуына жол беріледі.
Тағы бір басты кемшілігі, топтап жұптастырғанда шаруашылыққа тым көп аталық мал қажет болады да, олардың бәрінің тым жоғары сапалы болу мүмкіншілігі азаяды.
Жекелеп-топтап жұп таңдау белгілі бір талғам бойынша таңдап алынған бірнеше аналыққа бір аталықты бекіту. Мысалы, жылқы өсіруде бір үйір биеге бір айғыр қосылады. Сол сияқты, қолдан ұрықтандыру кең қолданылатын қой шаруашылықтарында бір кластық саулықтан тұратын бір қораға, негізінен, бір қошқар бекітіледі.
Ұялас-топтап жұп таңдау құс шаруашылығында қолданылады. Мысалы, бір ұядан тараған мекендерге екінші бір ұядан шыққан әтештерді қосады.
Жұп таңдаудың қай түрін қолданғанда да есте болатын басты қағида, аталық малдың сапасына айрықша мән берілуі қажет. Себебі аталық малдың табынға, жалпы мал тұқымына тигізетін әсері үлкен. Өйткені тек бір жылда бір аталықтан ұрғашы малмен салыстырғанда өте көп ұрпақ алуға болады. Мысалы, қазіргі уақытта бір бұқадан бір жылда 10 мың бұзау алудың ешқандай қиындығы жоқ. Тіпті табиғи шағылыстырғанның өзінде бір айғырдан бір жылда 50-60 ұрпақ алуға болатын болса, бір биеден бір жылда бірақ құлын алынады. Екіншіден аталық малды өте қатаң сұраптаудан өткізу мүмкіншілігі зор. Осылардың нәтижесінде табындағы селекциялық жетістіктің 80-90% аталық малдың еншісіне тиетіндігі ғылым мен тәжірибеде дәлелденген тұжырым.
Ал алға қойған мақсатқа сәйкес жұп таңдауды екі түрге бөледі: біртекті (гомогенді) жэне әртекті (гетерогенді) . Біртекті немесе гомогенді жұп таңдау дегеніміз, ұнамды өнімділік қасиеттері ұқсас екі малды шағылыстыру. Мақсат - ата-ененің ұқсас ұнамды қасиетін ұрпақтан ұрпаққа бекіту және одан әрі же-тілдіру. Себебі белгілері ұқсас ата мен енені шығылыстырғанда олардың ұрпағында сол ұқсас белгіні басқаратын гендердің (тұқымқуалаушылық заттың) саны көбейеді және олардың гомозиготалығы (бірегейлігі) артады.
Әртекті немесе гетерогенді жұп таңдау деп, белгілі бір өнімдік қасиеттерінде, тегінде немесе жасында айырмашылықтары бар екі малды шағылыстыру. Мақсат - ата-енесінен езгеше жақсартылған төл алу. Себебі бір-бірінен айырмашылығы бар екі малды шағылыстырғанда келесі ұрпақтың гетерозиготалылығы (гендерінің әр түрлілігі) күшейіп, жаңа қасиеттердің (белгілердің) пайда болу мүмкіншілігі көбейеді. Жаңа ұрпақтың өзгешелігі эдеттс екі бағытта жүреді: кейде алынған төл атасы мен енесіне тэн эртүрлі үнамды қасиеттерге ие болады, екінші жағдайда келесі ұрпақта көбінесе енесіне тән кемшілік жойылады.
Селекция тәжірибесінде жұп таңдаудың бұл екі түрі де кең қолданылады. Себебі олардың алдында тұрған мақсат еш уақытта шектелмейтін, заман тілегіне сай жүргізілетін селекция алдындағы тұрақты мақсат. Жұп таңдаудың екі түрі де сұрыптау әсерін селекция бағытында күшейте түседі. Әртекті жұп таңдау белгілер өзгергіштігін, сұрыптау мүмкіншіліктерін күшейтсе, біртекті жұп құру, таңдап алған ұнамды белгілерді ұрпақтан ұрпаққа бекітеді.
Табында жұп таңдаудың екі түрі қатар тең немесе біреуінің жиі, біреуінің сирек қолданылуы табындағы малдың өнім сапасына байланысты болады. Ізденіс кезеңінде, әдетте табынды шұғыл өзгерту немесе оның кейбір кемшіліктерін жедел жақсарту, әлде жаңа тұқым шыгару қажет болғанда, жаңа талапқа сай ұнамды типті мал алу үшін басында әртекті (гетерогенді) жұп таңдау қолданыладыСонымен, жұп таңдаудың екі түрге бөлінуі шығылыстырылатын екі малдың бір-біріне ұқсастығына немесе айырмашылығына негізделген. Олардың ұқсастығын немесе айырмашылығын мына белгілерге қарап аңықтайды: шыққан тегі, өнімділік ерекшеліктері, дене бітімі, жасы. Осы ретте жұп таңдауды біртекті немесе әртекті деп бөлудің өзі шартты ұғым екені есте болу керек. Себебі барлық белгілері бойынша бір-бірінен айнымайтын екі мал, оның ішінде бірі - еркек, екіншісі - ұрғашы болуы табиғатта кездеспейтін құбылыс, жұптастырылған екі мал шартты түрде ғана, тек нақтылы бір қасиеттері бойынша бір-бірімен ұқсас деп есептелінеді. Сондықтан жекелеген бір жүптың бір белгісі бойынша біртекті жұп таңдауға, екінші белгісі бойынша әртекті жұп таңдауға жаткызыла береді. Осы орайда Қаракөл қой тұқымында жұптастыру әдістерінің алар орны ерекше.
1. 1. 3 Қаракөл қойы туралы түсінік
Қаракөл қойының түқымын Орта Азия халықтары шөл және шөлейт аймақтардың қатал жағдайывда іскерлікпен сұрыптау және жұп таңдау арқылы шығарған. Аймақтық табиғи ауарайы жағдайлары қаракөл қойларының ағзасына, сырт пішініне, физиологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне әсер етті. Сондықтан қаракөл қойларын арнайы жетілдіру жөне өнімділігін арттыру ағзаның биологиялық заңдылықтарьш, онда өтетін биологиялық қүбылыс табиғатын, орта жағдайына бейімделуін, өнімділік сапасына жақсартатын орта әсерлерін, селекциялық-асылдаңдыру жүмыстары-ның әдістері мен амалдарын жүзеге асыру арқылы жүргізіледі. Қаракөл тұқымы - әлемдегі ерте заманнан келе жатқан ең әйгілі қой тұқымдарының бірі: ол Еуропның, Азия мен Американың ондаған елдерінде өсіріледі. Қаракөл қойы өсірілетін үланғайыр аумақтың ауа-райы және азықтық жағдайы, селекциялық-асылдандыру жұмыстарының деңгейінің малдың биологиялық жөне өнімділік ерекшеліктеріне әсер ететіндігі дәлелдеңді. Мәселен, шөбі сирек өсетін оңтүстіктің құмды шөлінде бағылатын қаракөл қойлары кең алқапта жайылуға, артық ыстыққа мейлінше бейімделген. Олардың дене қүрылымы тез, әрі жеңіл қозғалатындығын көрсетеді, ал иілімді жүн жабыны біршама қою, жүн шайыры шамалы, оған жел тез өтеді, әрі артық жылуды шығаруға қалыптасқан.
Қойлардың дене пішімі біршама созылыңқы, жүні едәуір өскелең, көбінесе қара түсті. Қаракөл қойларының денесі біршама созылыңқы, саулығының - бөксесі едәуір ауқымды (алмұрт тәрізді), кеудесі терең, құйымшағы салыңқы, мойыны орташа ұзындықта, басы сүйір, дөң маңдайлы, тегіс, қатқыл, жылтыр қылшықты, құлақтары салбыраңқы, ұзындығы 18 см-ге дейін, жылтыр биязы жүнді. Саулығы мүйізсіз. Қошқары иірмелі қайқы мүйізді. Сирақтары қысқа, мығым, тілерсек буыны мен тізесіне дейін қалың бұйралы жүн скен, ал одан төмен - сәл бүйралы немесе тегіс, жүні қатқыл, әрі жылтыр. Қүйрығы ұзын, жалпақ, нығыз, төмен қарай сүйірленген және иректелген жіңішке ұшы тілерсек буынына дейін түседі.
Қаракөл қойларын өсірген кезде әртүрлі жүптау жолдары қолданылады, атап айтқанда:
- біртекті (гомогенді) - реңі, түсі, елтірілік типі, класы, бүйрагүл мөлшері бойынша қойларды жұптау;
- әртекті (гетерогенді) жұптау - туыстастарының біреуіне тон кемшілікті түзету мақсатында белгілі бір түқымдық қошқарды онымен ұқсас емес саулықпен жұптау;
- қандайда бір туыстас дәрежеде болатын қойларды туыстас жұптау;
- араларында қандайда бір туыстас дәрежесі болмайтын қойларды туыстас емес жұптау;
- жекелей жұптау - әрбір саулыққа белгілі бір тұқымдық қошқарды жұптайды;
- топтық - саулықтардың белгілі бір тобына бірнеше түқымдық қошқарларды (есебін жүргізбей) жұптау.
1. 1. 4 Қаракөл қойларының биологиялық және өнімділік ерекшеліктері
Қаракөл қойлары өнімділігі бойынша елтіріліке үлгі түқымға, ал морфологиялық белгілері, ең алдымен қүйрығының пішімі мен көлемі бойынша май қүйрықты қойларға жатады. Қаракөл қойлары басқа түқымдардың арасында кеш жетілетін қойлар тобына жатады. Ұрғашы тоқтылардың көп-шілігі 6-7 айлығында жыныстық жағынан жетілгенімен, алғашқы шағылысуға 1, 5 жасында жетіп, екі жасында қоздайды.
Қаракөл қойлары Қазақстанда өсірілетін басқа да қой түқымдарымен салыстырғанда онша ірі емес. Қозыларының туылған кездегі салмағы 4-4, 5 кг, 4 айлығында - 25-32 кг. Шағылысқа түскен саулықтың салмағы 40-45 кг, түқымдық қошқары - 55-65 кг, қырқылатын жүні тиісінше 2, 5-3, 0 жөне 3, 5-4, 0 кг. Қойды өндірістік пайдалану мерзімі тісі мұқалғанға дейін шамамен 6-7 жыл. Биологиялық жетілуі 1, 5-2 жасында басталады. Төлдегіштігі шамалы: 100 саулыққа 95-98 қозыдан. Өнімділік көрсеткіштері экологиялық аймақта өсіруге және табиғи ауа райы жағдайына байланысты өзгеріп тұрадыӘрбір жүргізілген іріктеу жұмысының нәтижелілігі, оның принципін сақтап ата-аналарды жұптастырған кезде белгілі болады. Бірақ сол жұптастыруда кейбір түкымдык сапасы жоғары малдардың өзі ойдағыдай нәтиже бере қоймайды. Сондықтан селекциялық жұмыста жоғары комбинациялық мүмкіндігі бар қойларды таба білу үлкен творчестволық жетістік деп есептеледі. Қолданылган жүптастырудың басты міндеті қойларды бағалы касиетіне қарай іріктеп ұрыктандырған соң алынатын тұқьімына сол касиетті мейлінше дұрыс бекіте білу, малдардың тиімді комбинациялық мүмкіндігін кең, әрі көлемді түрде пайдалану арқылы іріктеу әсерін күшейту болып табылады. Соның арқасында өте жоғары елтірі сапасы бар, дене бітімі келісті, ден саулығы жақсы, әрі осы мүмкіндіктерді өз ұрпағына константты бере алатын қошқар алу жүптастыру тәсілдерінің келесі жетістігі.
"Әлімтау" шаруашылығына сатып әкелінген сұр қойларды тез көбейту үшін олардың арасында біркелкі жұптастыру тәсілі қолданылды және сұр қошқарлардың ұрығымен қара, қоңыр түсті саулықтар әртүрлі жұптастыру тәсілімен ұрықтандырылды. Бұл жұмыстардың барысында сұр мен қара түсті терілердің сапасы салыстырмалы зерттеліп отырды, себебі каракөл ғалымдары мен мамандары арасында әр түрлі тұжырым бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz