Ірі қара төлін бардамен бордақылау


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылыми Министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Кафедра:

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

пәні

мамандығы

жұмыс тақырыбы «Ірі қара төлін бардамен бордақылау»

Орындаған Кушербаева О. ___

(қолы, аты-жөні)

Жетекші

(қолы, аты-жөн және ғылыми дәрежесімен атағы

Жұмыс бағамен

қорғау

(баға)

«» 20__ж

Комиссия:

(қолы, аты-жөні)

(қолы, аты-жөні)

Норма бақылау:

(қолы, аты-жөні)

Шымкент 20ж.

Ф. 7. 14-04

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра «Ветеринарлық медицина және зоотехния»

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі

«» 20_ ж.

ТАПСЫРМАСЫ №

пәні бойынша курстық жұмыс:

Студенттобы

(аты-жөні)

Жұмыстың тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны
Орындау мерзімі
Салыстырмалы көлемі (парақ саны)
№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындау мерзімі:
Салыстырмалы көлемі (парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындау мерзімі:
Салыстырмалы көлемі (парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындау мерзімі:
Салыстырмалы көлемі (парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындау мерзімі:
Салыстырмалы көлемі (парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындау мерзімі:
Салыстырмалы көлемі (парақ саны):

Әдебиет: 1.

2.

3.

Тапсырманың берілген күні , жұмыстың қорғалған күні

Жұмыстың жетекшісі

(аты-жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

(күні, студент қолы)

Ф. 7. 14-05

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет «Агроөнеркәсіп»

Кафедра «Ветеринарлық медицина және зоотехния»

«БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңгерушісі

(қолы, аты-жөні)

20__ж.

Хаттамасы №___

Курстық жұмысты қорғау

Пәні Студенттобы

Курстық жұмыстың тақырыбы

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.

2.

3.

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.

Сомалық баллы

Жұмыстың бағасы

Курстық жұмыс жетекшісі

Комиссия мүшелері

Комиссия мүшелері

Комиссия мүшелері

Қорғау күні20___

Комиссия төрағасы және

комиссия мүшелері

«» 20__ж. «» 20__ж.

Аралығында келесі құжаттарды жою және пайдаға асыру:

(құжаттың атауы және белгіленуі)

экземпляр көлемінде.

Іс жүзінде пайдаға саыру мерзімі «» ж

Төраға қолы

(А. Ж. Т)

және комиссия мүшелері

(А. Ж. Т)

(А. Ж. Т)

Аннотация

Малды азықтандыру пәнінен «Ірі қара төлін бардамен бодақылау» тақырыбына жазылған курстық жұмыс 28 беттен тұрады. Кіріспе, негізгі бөлім, (10 теориялық азықтандыру 6 кесте) өзіндік жұміс, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қарастырылған.

Нормативтік сілтемелер

Бұл курстық жұмыста мына төмендегі нормативтік сілтемелер қолданылады:

МЕМ СТ 2, 104 - 68 ЕСКД Негізгі жазулар.

МЕМ СТ 2. 601 - 95 ЕСКД Пайдалану құжаттары.

МЕМ СТ 2. 6304 - 81 Сызба шрифтері.

МЖБМС 2. 321 - 84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

МК (ГК) ҚР 04 - 2003. Экономикалық қызмет түроері бойынша өнімнің классификаторы (ӘҚТБОК)

СТ ОҚМУ 4. 02 - 2008. Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі, құжаттарын түзу, мазмұндау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.

СТ ОҚМУ. 7. 11 - 2009. Университет стандарттары. Оқу - әдістемелік процестерді басқару.

МЖБМС. 2. 701 - 84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері орынға қойылатын жалпы талаптар.

Анықтамалар

Азық өлшемі - организімнің тіршілігі мен өнім өндіруге қажетті энергия мен құрылымдық және биологиялық әсерлі заттарға мұқтаждығын айқындайтын жалпы нормалық көрсеткіштерге тәулігіне 1 басқа қажет азық.

Рацион құрылымы - рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы қоректілігіне (а. ө. не АЭЗ бойынша) пайыздық қатынасы айғақтайды.

Тетіктелген азықтандыру нормасы деп - толықтырылған организм мұқтаждығының 18-30 көрсеткішін қамтитын деректер.

Азықтандыру рационы - малға жегізілетін жемшөп пен азықтық қосындылар мөлшерін, қоректілік көрсеткіштерін сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады.

Азықтандыру тип і- рацион құрылымындағы басым азық тобы немесе жекелеген азық белгілейді.

Рацион - бір тәулікте жейтін азықтардың жиынтығы, олардың қоректік заттары бір күндік нормаға сәкестендіріледі.

Мал азығын нормалау - мал организміндегі қоректік заттарға қажеттілікті толықтыру.

Қысқартылған сөздер

ҚЗ- құрғақ зат

ШП- шикі протеин

ШМ- шикі май

АЭЗ- азотсыз экстративті заттар

ҚП- қорытылған протеин

АЭ-алмасу энергиясы

г - грам

мг - миллиграм

л - литр

а. ө. - азықтық өлшем

кДж - килоджоуль

МДж - мегаджоуль

% - пайыз

Мазмұны

Аннотация

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Қысқартылған сөздер

Кіріспе . . . 6

1 Негізгі бөлім . . . 7

1. 1. Малды азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік . . . 7

1. 2. Малды нориалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен элементтері . . . 8

1. 3. Азық өлшеміне әсер ететін факторлар . . . 9

1. 4. Мүйізді ірі қара малының асқорыту ерекшеліктері . . . 10

1. 5. Техникалық өндіріс қалдықтарымен іріқара малын бордақылау әдістері . . . 11

1. 6. Тананы 6-айдан 24-айға дейінгі кезеңде азықтандыру ерекшеліктері . . . 12

1. 7. Бордақылау кезеңдеріне сәйкес қоректік мұқтаждығының өзгеруі . . . 13

1. 8. Бордақылау кезеңдеріне қарай азықтандыру принциптері . . . 15

1. 9. Бордақылаудағы еркек таналарды азықтандыру ерекшеліктері . . . 16

1. 10. Бордақылаудағы ірі қара малының бір жылға қажет азық қоры . . . 17

2 Өзіндік зерттеу . . . 18

3 Техникалық қауіпсіздік . . . 28

Қорытынды . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31

« ІРІ ҚАРА ТӨЛІН БОРДАҚЫЛАП ӨСІРУ ЖӘНЕ РАЦИОН ҚҰРУ »

1 Мына төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз:

1 Малды азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік.

2 Малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен элементтері. 3 Азық мөлшеріне әсер ететін факторлар.

4 Мүйізді ірі қара малының ас қорыту ерекшеліктері.

5 Техникалық өндіріс қалдықтарымен ірі қара малын бордақылау әдістері

6 Тананы 6-айдан 24- айға дейінгі кезеңде азықтандыру ерекшеліктері

7 Бордақылау кезеңдеріне сәйкес қоректік мұқтаждығының өзгеруі.

8 Бордақылау кезеңдеріне қарай азықтандыру принциптері.

9 Бордақылаудағы еркек таналарды азықтандыру ерекшеліктері.

10 Бордақылаудағы ірі қара малының бір жылға қажет азық қоры

Кіріспе

Мал азықтандыру- зоотехния ғылымының төлдердің дұрыс өсіп- жетілуін сақа мал мен тұқым қуалау қасиетіне сац келетіндей мол да сапалы өнім алуын, мал азығының заттарын тиімді пайдалану жолымен мал денсаулығын сақтау олардың өз төлдері есебінен қалыпты және ұдайы өсіп отыруын қамтамасыз ету мақсатында ұтымды азықтандырудың негіздерін, әдістерін, технологиялық тәсілдерін зерттейтін саласы.

Мал азықтандыру жүйесі жөніндегі ғылыми және тәжірибелік материалдардың басым бөлігі мал шаруашылығы, оның ішінде ірі қара шаруашылығы саласына қызмет етуі тиіс. Ірі қара мал шаруашылығының нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен қарқынды технологияға көшіру, әрі әр табынның сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау тәсілдерін молынан қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып саналады.

Ірі қара мал шаруашылығы үшін маңызы өте зор. Жалпы мал шаруашылығының ішінде ірі қара мал шаруашылығынан алынатын өнім 60 пайыздан асса, ал Ресейдің солтүстік-батыс облыстарында, Балтық теңізі бойындағы республикаларда және ауыр өнеркәсіпті тәуелсіз мемлекеттер достастықтарының аймақтарында бұл өнім 65 - 70 пайызға дейін жетеді.

Ірі қара етін өндіру бордақылаумен аяқталады. Нәтижесінде малдың тірі салмағы жоғарылап, семіздігі жақсарып, еті сапалы болады. Бордақылаудан өткен малдардың ет шығымы 55 - 60 пайыз және одан көп болады да, дәмділігі жақсарады. Бордақылаудың нәтижесі ірі қара малының тұқымына, мал азығының құрылымына және сапалылығына байланысты, әсіресе рациондағы қант пен протеиннің « өз ара» қатынасының маңызы зор.

Малдың жасына қарай бордақылаудың өзінше ерекшеліктері болады, ет ұлпасының бітуі және қалыптасуы олардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Сондықтан бордақылауды бірнеше кезеңге бөледі. Оған: 13 - 15 айға дейінгі, 18 - 20 айға дейінгі, 2 жастан жоғары малдар жатады. Мал рационы жан - жақты сапалы болуы қажет. Барлық, бордақылау кезіндегі жұмыстар, әсіресе мал азығын тарату және қораны тазалау механизация тәсілімен өтеді. Наннан жасалынған барданы сүрлейді, ал картоптан жасалынған бардаға, салмағына қарай 6 - 8 пайыз ұсталған сабан қосады. Барданың құрамында көміртегімен және кальций аз болғандықтан, оның райионына арпа, жүгері, сұлы және минералды заттарды да қосады.

Қандай малды бордақылыған кезде олардың жейтін азықтарына өте мұқият қадағалау керек. Малды бордақылаудың ең басты мақсаты, ол сол малдан өзіне қажетті мөлшерде өнім алу барысында. Малдарды бордақылаған кезде әр берілген азықтардың нормасын, мөлшерін және де олардың беріліп жатқан рациондарының құрамын білу шарт.

1 Негізгі бөлім

1. 1 Малды азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік

Мал азықтандыруды қоректік құндылығы малдың физиологиялық қоректік мұқтаждығын белгілейтін азықтандыру нормасының көрсеткіштеріне сәйкестендіріліп құрастырылған азықтандыру рациондары, яғни жегізілетін азықтары мен азықтық қосындылары арқылы іске асырылады. Мал азықтандыру ғылымының мақсаты малдың қоректік қажеттігін мұқтаждық көрсеткіштеріне сәйкес энергетикалық және құрылымдық қоректік заттар және барлық минералды, биологиялық әсерлі қосындылармен жан-жақты толығымен қамтамасыз ету болып табылады.

Малдың қоректік қажеттігі арнайы нормалық көрсеткіштермен белгіленіп, өтілетіндіктен мұндай азықтандыру ж. йесін нормалап азықтандыру дейді. Малды белгіленген мөлшер, яғни нормасыз, еркінше азықтандыру олардан өндірілген өнім бірлігіне жұмсалған азық шығынын күрт өсіріп, жемшқп қорының пайдасыз ысырабына соқтырады. Мал шаруашылығы өнімін өндірудегі жұмсалатын тікелей шығындарда азық шығындарының үлесі басым болғандықтан. бұл өнімнің өзіндік құны қымбаттанып, сана рентабельдігін тқмендететін экономикалық фактор болып табылады.

Осы тұрғыдан алғанда мал азықтандыруда организм қажеттігінен аз да неиесе одан көп те мқлшерде азық жинау зиянды. Организм қажеттілігінен аз мөлшерде жеткізілген қоректік заттар зат пен энергия алмасуын толық қамтамасыз ете алмайды да, төл өсімі мен жетілімін тежеп, сақа малдың өнімділігін кемітіп, өзін арықтатып жібереді. Демек, шамадан көп енген қоректік заттар ас қорыту барысында толық қорытылып, игерілмей, көбі босқа, пайдасыз ысырапталады. Бұл бір жағынан, өнімнің өзіндікқұнын қымбаттатса, екінші жағынан, зат алмасуын да бұзып, оған кедергі келтіреді.

Организм тіршілігінің қоректік қажеттілігі мал түлігі мен құс түріне, жасына, жынысына, физиолргиялық жағдайына және өнімділігіне байланысты өзгереді. Нормалап азықтандыруды малдың мұқтаждық көрсет- кіштері, яғни азықтандыру нормасы мен оны қамтамасыз ету үшін малға жегізілетін жемшөп пен азықтық қосындылар мөлшерін, яни азықтандыру рационының қоректілік көрсеткіштерін сәйкестендіру арқылы жүзеге асырады. Азықтандыру нормасының негізінде азықтандыру рационын, яғни қоректілігі норма көрсеткіштерін өтейтін мал басына жегізілетін азықтар мен азықтық қосындылары құрастырады. Рацион ұқүұрылымы мен құрамы мал түлігі мен құс түрінің ас қорыту физиологиясын, өнімдік бағытына байланысты зат алмасу ерекшелігіне сәйкестендіріледі. Рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы қоректілігіне пайыздық қатынасы рацион құрылымын айғақтайды. Рацион құрылымындағы басым азық тобы не жекелеген азық мал азықтандыру типін белгілейді. Рацион құрылымын құрғанда әр азық пен негізгі азықтық топтың мөлшері мен арақатынасы мал түрінің, жасының, жынысының, өнімдік бағытының, физиологиялық ахуалының ас қорыту физиологиясына сәйкестендірілуі керек. Рацион аумақты жемшөбінің желінуі малдың қарын аумағы, яғни оның сыйымдылығымен байланысты болса, оның ірі және шырынды жемшөпке тиетін үлесі қарындағы ас қорыту ерекшеліктеріне байланысты өзгертіледі. Рацион құрылымын белгілегеннен кейін оның құрамындағы азықтардың қорек заты бойыншща алынған көлемін нормаға сәйкестендіреді. Азықтандыру рационының алдымен мал тіршілігін қамтамасыз етуге және өнім түзуге қажет өнім түзуге қажет энергия мен протеиннің жеткіліктілігіне көңіл бөледі.

1. 2 Малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен

элементтері

Мал нормалап азықтандырудың басты шарты шаруашылықтағы мал түлігі мен құс түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, тірілей салмағы мен өнімділік деңгейіне байланысты өзгеретін организм мұқтаждығын, яғни азықтандыру нормасын дәл анықтау болып табылады. Организм тіршілігін қамтамасыз етіп, өнім өндіру қажеттілігінен туындайтын ол мұқтаждық көлемі дене тірілей салмағы мен тәуліктік салмақ қосуы, сиыр сүттілігі, саулық жүнділігі, мекиен жұмыртқалағыштығы секілді өнімділік көрсеткіштеріне байланысты өзгереді.

Организм тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен қоректік заттар мұқтаждығы абсолюттік тынығудағы малды ашықтырып барып анықтайды. Өнімділігі орта деңгейлі еш жұмыс істемей тынығудағы мал денесіндегі ас қорытуын, қан айналымын, тыныстануын, т. б. тіршілік қызметін қалыпты деңгейде сақтауға организмдегі жалпы энергия шығынының 40-60

жұмсалатын энергия көлемі өседі.

Былайша айтқанда, мал денесі ірі болып, тірілей салмағы ауырлаған сайын тіршілігін қамтамасыз етуге жұмсалатын қоректік заттар үлесі өседі де, өнімділігі жоғарылаған сайын оған жұмсалатын қоректі заттар үлесі артады.

Организмдегі таза өнім өндіруге жұмсалған энергия көлемін тікелей калориметриялық бомбада жағып немесе есептеп шығарады. Бірақ өнім өндіру үшін бүкіл тіршілік үрлісін қамтамасыз ету қажет болғандықтан, организм мұқтаждығы өнім энергиясы мен оны өндіруге жұмсалатын энергия қосындысымен белгіленеді. Организмнің өнімдік мұқтадығы оның ішкі физиологиясына, ал оны қамтамасыз ету мұқтаждығы сыртқы орта жағдайларына тәуелді өзгеретіндіктен, олар осы біріктірілген азықтандыру нормасымен белгіленеді.

Азық рационындағы принциптері:

1. азық нормасын анықтау

А) малдың түрі, жасы

Б) одан алынатын өнімнің түрі, мөлшері

С) малдың физиологиялық, биологиялық қасиеті

Д) малдың қоңдылығы

Е) жылдың мезгілі

2. Азықтың түрлері:

А) рационға кіретін азықтардың түрлері

Б) ірі азықтар

С) шырынды азықтар

Д) құнарлы азықтар ( дәнді азықтар )

Е) минералды азықтар

Ж) биологиялық әсерлі азықтар

3. малдың өнімін анықтау:

4. жылдың мезгілі

5. малдың физиологиялық жағдайын анықтау

6. малдың жынысын, жасын анықтау

7. малдың ас қорыту ерекшеліктерін анықтау

1. 3 Азық мөлшеріне әсер ететін факторлар

Азықтағы қоректі заттардың өнімге айналу мөлшерін анықтау үшін О. Кельнер 1893 жылдардан бастап 18 жыл ішінде шамамен 100 шақты бордақылаудағы өгіздерге газреспираторлық тәжірибелер жүргізіп, малдың денесіне қанша белок және май байланғандығын анықтаған. О. Кельнер бордақылауда тұрған өгіздерге өткізген респираторлық тәжірибесінде таза қоректі заттардың өнімділік қасиетін анықтау үшін, өнімділік қасиетіналдын ала анықтаған негізгі рациоға қосымша таза қоректі заттар қосып, азотсыз экстрактивті заттардың орнынатаза крахмал, клетчатканың-целлюлоза, қант, белоктың-бидай кликовинасын, майдың-жер жаңғақ майының эмульсиясын берген.

Егер қорытылатын қоректі заттар арөылы есептеген май байлау мөлшері, баланс азот пен көміртегінің шорылану мөлшері арқылы есептегенде май мөлшеріне тең болса, онда О. Кельнер ондай азықтарды құнарлы азықтар тобына жатқызған. Нақты байланған май мөлшерімен баланс азот пен көміртегінің шоғырлану арқылы есептеген, қорытылатын заттардың есебімен есептегендегі май мөлшерінің арақатынасын толықтыру коэффициенті дейді. Осы коэффициенттірді пайдалана отырып кез-келген азықтардың құндылығын есептеп шығаруға болады.

Азықтық өлшем бірлігі деп азықтық жалпы қоректілігін өлшейтін бірлікті айтады. Совет елінде иең алғашқы азық өлшемі советтік азық өлшемін 1922-1923 жылдары орыстың ұлы ғалымы профессор Е. А. Богданов бастаған комиссия есептен шығарып, 1933 жылы шаруашылыққа енгізілген.

Ірі және көк азықтардың балансы азот пен көміртегі балансы арқылы есептегендегі май байлану мөлшері мен қорытылған заттар арқылы есептелгендегі май байлану мөлшерінің айырмашылығы өте көп. О. Кельнер бұл айырмашылықты клетчатканы қорытуға жұмсалуы көміртегінің көбейюіне және бөлініп шығуына әсерін тигізеді, соның кесірінен майдың байлануы азайды. Тәжірибенің нәтижесінде О. Кельнер 100г желінген клетчатканы қорытылған қорыту үшін 14, 3г май қажет екенін анықтаған, яғни 100г желінген клетчатка май байлану мөлшерін14, 3г кемітеді.

Сонымен О. Кельнер азықтардың өнімділік қасиетін анықтау үшін крахмалдық май байлау мөлшерін қолданған. Осы коэффициентті пайдалана отырып, әрбір органикалық қорытылған қоректі заттардың азық өлшемін есептеп шығаруға болатындығын ескерткен.

1. 4 Мүйізді ірі қара малының ас қорыту ерекшеліктері

Мүйізді ірі қара мал қарны көп бөлімді күйіс қайыратын малға жатады. Олар, негізінен, өсімдік тектес көк шөп және басқа аумақтағы жемшөппен қоректенеді. Мүйізді ірі қара мал азықтандырылуын алынатын өнімі бойынша сүтті және етті болып келетін сала бағытына байланыстырады. Сүт өндіруге сүтті бағыттағы қара ала, әулие-ата, қырдың қызыл, симментал, бурыл латыш және де сүтті-етті бағыттағы алатау секілді мүйізді ірі қара мал тұқымдары өсіріледі. Олардан өндірілетін сүт биохимиялық тұрғыдан құрамы өте күрделі, ал қоректілік тұрғысынан төлге жұғымды сиыр желінінде пайда болатын құнды биологиялық сұйық.

Бордақылау рационының құрылымын мал денесіндегі бұлшық ет пен сапалы майы ұлғайып, сойыс шығымы жоғарылап, еттің мәрмәрлігі мен дәмділігі өсуіне бағыштайды

Cүт құрамында төл тіршілігіне қажетті барлық дерлік қоректік, минералды және биологилықәсерлі заттар жеңіл қорытылып, жылдам сіңірілетін түрде жиналады. Желінде түзілген сүттің құрамы желінген азықтың да, тамырдағы қанның да құрамынан ерекшеленеді. Сүттегі қант мөлшері қандікінен 90есе, май мөлшері 18-20 есе азайып, кальций мен фосфор элементтері де қандағы деңгейінен анағұрлым жоғары шоғырланады. Лактоза деп аталатын сүт қанты қан плазмасындағы глюкозадан, сүт майы, ондағы липидтер, фосфотидтер мен басым бөлігі сірке қышқылы болып келетін ұшпалы май қышқылдарынан, ал сүт белогы сіңірілетін аминқышқылдарынан түзіледі. Сонымен қатар сүт майының түзілуіне мес қарындағы микробиологиялық метоболизмде пайда болып, тікелей қанға енетін ұшпалы май қышқылдары да тікелей қатысады. Қандағы витаминдер мне минералды заттар сүт құрамына өзгеріссіз енеді.

Жайылымда салмақ қоса алмаған малға қосымша жем беріп бордақылайды. Әсіресе 18 айға дейінгі мүйізді ірі қара малдың тек жайып семіртуге келмейтінін ескеріп, олардың жоғары тәуліктік салмақ қосымын қамтамасыз ету үшін қосымша арпа, сұлы, жүгері жармасын және құрама жеммен азықтандырады.

Бордақылаудағы малға берілетін азықтарды олардың қоректілеріне, құнарлығына, және басқа қасиеттеріне қарай ірі шырынды және жем азықтар деп бірнеше топқа бөледі.

Сиыр етін өндіру үшін етті бағыттағы мүйізді ірі қара мал тұқымдарынан елімізде қазақтың ақ бас, қалмақ, галловей, санта-гертруда, т. б. тұқымдарын өсіруде. Бұларды жеделдетіп өсіріп, бордақылап етке сояды. Сондықтан төлден сүтті сиыр өсіргенде, оларды аумақты жемшөпті мейлінше мол жеп, ас қорыту жолының сыйымдылығын ұлғайту көзделетін болса, етті бағыттағы малды құнарлы азықтандыру арқылы қысқа мерзімде тірілей салмағы мен қоңдылығын жоғарылату көзделуде.

1. 5 Техникалық өндіріс қалдықтарымен ірі қара малын бордақылау

әдістері.

Техникалық өндірістің азықтық қалдықтарынан мал азығы ретінде көбіне қант, ашыту (спирт) және крахмал өндірісінің қалдықтары қолданылады.

Қант өндіретін заводтарда қызылша тамырларынан қант өндіру үшін оларды жұқа турап, диффузорларға салып, ыстық сумен өңдейді. Содан салған қалдықты жом дейді.

Қызылша жомында 90% су, 2, 1 %, протеин, 0, 6 % май, 3, 0% клетчатка, 3 % азотсыз экстрактивті заттар болады. 100 кг 10 азықтық өлшемі, 0, 9 кг қорытылатын протеин болады.

Тез арада ашып бұзылатындықтан ұзақ сақталуға, алысқа тасуға тиімсіз .

Әдетте заводтарда жомды сығымдаудан өткізеді, сөйтіп ылғалдығын -80-85% төмендетеді, арнайы фларды сақтайды. Мұндай жомның қоректілігі 0, 14-0, 16 азық өлшеміне дейін көтеріледі.

Жомның қоректілігін көтеруге азот, фосфор, күкірт, натриймен байытылған консерванттарды пайдалануға болады.

Крахмал өндірісінің қалдығы - мезга деп аталады. Сүрленген мезгада құрғақ зат мөлшері 24, 1% дейін жоғарылап, протейні 1, 2 % көбейеді.

Тез бұзылатын болғандықтан мезганы тез арада бордақыланатын ірі қара малына беру немесе консервілеп сақтау.

Барда спирт өндірісіндегі ашықталу процентінің қалдығы. Оның ірі қара бордақылаудағы орны ерекше. Дайындалған негізіне байланысты оның құрамы әр түрлі болып келеді. Ең қоректісі -астық тұқымдастарының бардасы. Олардың 8-11 % азық өлшемі бар.

Жаңа дайындалған астық тұқымдастар дәнін және кртоп бардасын құрғақ тірі азықтармен араластырып, бордақылаудағы ірі қара малына береді. Бордақылаудағы жас малға тәулігіне 50-70 л, сақа малға 80-90 л барда ішкізеді.

Сондай-ақ барданы кептіргеннен кейін қалған сүзбесін сығып қоюландырып, құрғақ барда мен араластырып, кептіріп витамин азық барда сүзбесін жасап, нормамен бордақылаудағы ірі қараға қайта береді.

Сыра бөртпес - арпа дәнінің қалдығынан тұрады. Протеин мен клетчаткаға өте бай.

Жаңа дайындалған сыра бөрітпесін тәулігіне құнажындарға 8-12 кг, таналарға 8-10 ег, бұзауларға 3-5 кг, бордақылаудағы ірі қараға 15-20 кг береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қараны үлкен өндірістік кешендерінде және бордақылау алаңдарында бордақылау
Ірі қара малдың төлдерін етке өсіру және етке союға дайындаудың тиімді, заманауи технологияларын орынды пайдалану
Ірі қара шаруашылығы, ірі қара еті мен сүтін өндіру технологиясы
Ірі қараны бордақылау
Ірі қара малды бордақылау және жайып семірту
Жануарлардың эмбрионалдық кезеңдегі жеке дамуы
Мал шаруашылығы өндірісінің есебі
Ірі қара обасы кезіндегі ветеринарлық шаралардың ұйымдастырылы, жоспарлануы және оның экономикасы
Ірі қара малдың өнімділігі
Шошқаны азықтандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz