Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының жеке өсіп-дамуы
Аннотация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
Мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Нормативті сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
Анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Белгілер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
1.1 Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
1.1.1 Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.1.2 Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
1.1.3 Ауыл шаруашылығы малдарының өciп.дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
1.2 Технологиялық бөлім 16
1.2.1 Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы қошқарларының дене бітімі мен тірілей салмақ көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
1.2.2 Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының жасына байланысты қошқарларда жыныстық белсенділіктерінің көрініс беруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
1.2.3 Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы қошқарларының ұрық сапасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
1.2.4 Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының төлдегіштік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
1.2.5 Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы қозыларының өсіп.даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
1.2.6 Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының өміршеңдігін бақылау нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2 Тіршілік қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29

Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.
Курстық жобаның мақсаты: Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының жеке өсіп-жетілуін зерттеу және малдың өнімін көтере түсу үшін істелетін шаралар жоспарын жасау.
Курстық жобаның міндеті: Қазақтың қылшық жүнді қойларының өнімділік және биологиялық ерекшеліктерін, өнімділік көрсеткіштері мен белгілерін салыстырмалы түрде зерттеу, зоотехникалық бағалау, іріктеулер және әр түрлі жұптаулар жүргізу арқылы тез жетілу қабілеттіліктеріне ие малдарды анықтау және оларды өндірісте қолданудың тиімді селекциялық тәсілдерін ұсыну.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
-жергілікті жерде өсірілетін етті-майлы қойларының өнімділік, биологиялық, конституциялық, экстерьерлік ерекшеліктерін зерттеу;
-өсу қарқыны жоғары малдарды іріктеу;
-малдардың көбею қабілеттіліктері мен төлшеңдігін анықтау;
-тәжірибелік мал топтарын жасақтау;
-тәжірибелік мал топтарынан алынған төлдердің өсіп-жетілу ерекшеліктерін зерттеу;
-алынған төлдердің кластық құрамын анықтау;
Қой шаруашылығы - ата-бабамыз ежелден айналысқан ата кәсіп, елімізде ежелден дамыған мал шаруашылығының саласы. Ғасырлар бойы қой өсіріп, қоймен тіршілік еткендіктен, бұл саладан халқымыздың тұрмысына қажетті көптеген өнім өндіріледі. Қой еті мен сүті тағамға, жүні мен терісі киім-кешекке, қиы отқа, тұяқ пен мүйізі түрлі түйме сияқты бұйымдарға, құйрық майы емге, елтірісі жағаға, асығы мен тобығы ойынға пайдаланылады. Осындай адам тіршілігіне қажетті жан-жақты қасиеттері үшін қойды түрлі шаруашылықтарда көптеп өсіреді. Қой жүнінен жіп иіріліп, түрлі жүн өнімдері тоқылады, киіз басылып, кілем, сырмақ, текемет сияқты ұлттық өнер бұйымдары дайындалады. Өңделген елтірісінен ішік, тон, шалбар, етік тігіледі. Сүтінен бір жағынан ұлттық, екінші жағынан емдік, диеталық қасиеттері жоғары құрт, ірімшік, айран, қаймақ тағамдары дайындалады. "Мал өсірсең қой өсір, табысы оның көл-көсір" дейтініміз, міне сондықтан.

1 Дмитриев А.П. Разведение сельскохозяйственных животных с основами частной зоотехнии и промышленного животноводства. - Л.: Агропромиздат, 1989.
2 Ярослав И.,Васютенкова Н. Практикум по основам животноводстваизоогигиены. -М.: Высшаяшкола, 1980.
3 Қ. Бегімбеков, А. Төреханов, Ә. Байжүманов. Мал өсіру және селекция. - Алматы: Бастау, 2006.
4 Қ. Сәбденов, С. Шәуенов, Б. Қүлатов. Қой шаруашылығы және жүн, қаракөл, ет өндіру технологиясы. - Алматы: Агроуниверситет, 2006.
5 Ж. Кәрімбеков, А. Төреханов, Ш. Дәленов, Н. Жазылбеков. Ірі қара шаруашылығы, сүт пен ет өндіру технологиясы. - Алматы, 2005.
6 А. Төреханов, Ж. Кәрімбеков, Д. Найманов, Ш. Дәленов, Н. Жазылбеков. Ірі қара шаруашылығы. - Алматы: Триумф-Т, 2006.
7 Н. Омарңожаүлы, Р. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. - Астана: BG-принт, 2007.
8 Ескара М.А., Аубакиров Х.А., Даулетбекова А.Т. Перспективы и реалии развития мясо-сального овцеводства южного региона Казахстана //История и перспективы развития каракулеводства в Казахстане: матер.Межд.науч.-практ. конф., посв. 100-летию со дня рождения Маматказина Х.Х. -Шымкент, 2008. -С.63-64.
9 Ескара М.А., Аубакиров Х.А., Даулетбекова А.Т. Щерстная продуктивность и воспроизводительные особенности казахских грубошерстных овец //История и перспективы развития каракулеводства в Казахстане: матер.Межд. науч.-практ. конф., посв.ЮО-летиго со дня рождения Маматказина Х.Х. -Шымкент, 2008. -С.66-67.
10 Аубакиров Х.А., Даулетбекова А.Т. Қазақтың қылшьтқ жүнді қойларының ет өнімділік ерекшеліктері //Аграрлық ғылым - Қазақстан, Сібір және Монголия ауыл шаруашылығына: XII Халық- ғыл.-практ. конф. еңбектері -Алматы: Бастау, 2009. -Б. 184-186.
11 Даулетбекова А.Т. Қазақтың етті-майлы қой тұқымының дене бітімі ерекшеліктері //Инновационное развитие и востребованность науки в совре-менном Казахстане: матер. III Межд.науч.конф.молодых ученых. -Алматы, 2009.-С. 173-174.
12 Даулетбекова А.Т. Продуктивные качества овец к/х «Мурат» Жамбылсқой области // Халық. ғыл.-практ. конф. еңбектері -Астана: С-Сейфуллин ат.ҚазМАТУ, 2009. -Б.112-113.
13 Ескара М.А., Аубакиров Х.А., Даулетбекова А.Т. Қазақтың кылшык жүнді қойларының өсіп-жетілу ерекшеліктері //Жаршы. -Алматы: Бастау, 2010. -№4. -Б.48-49.

Мазмұны
бет
Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4
Мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
Нормативті сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6
Анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7
Белгілер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
1
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11
1.1
Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11
1.1.1
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
11
1.1.2
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
12
1.1.3
Ауыл шаруашылығы малдарының өciп-дамуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
14
1.2
Технологиялық бөлім
16
1.2.1
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы қошқарларының дене бітімі мен тірілей салмақ көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
16
1.2.2
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының жасына байланысты қошқарларда жыныстық белсенділіктерінің көрініс беруі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
18
1.2.3
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы қошқарларының ұрық сапасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
19
1.2.4
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының төлдегіштік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
20
1.2.5
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы қозыларының өсіп-даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
21
1.2.6
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының өміршеңдігін бақылау нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
23
2
Тіршілік қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
29
Аннотация
АП-13-7к1 тобының студенті Ж.Сапардың Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының жеке өсіп-дамуы тақырыбындағы курстық жұмысында қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының жеке өсіп-жетілуін зерттеу және малдың өнімін көтере түсу үшін істелетін шаралар.
Бұл курстық жобада 10 кесте, 2 сурет, 29 беттен тұрады.
Курстық жобада өз құрамында: кіріспе, негізгі бөлім, әдебиетке шолу, технологиялық бөлім, техникалық қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
Нормативті сілтемелер
МЕМСТ 16020 - 70 Сойыс мал. Атаулар мен анықтамалар.
МЕМСТ 1935-55 Қой еті бірінші дәрежелі, өндірістік тәсілмен сойылған
МЕМСТ 26383-84 Жуылған биязы қой жүні
МЕМСТ 9959 - 91 Ет өнімдері.
МЕМСТ 1992 - 14 Сезімдік бағалаудың жалпы шарттары.
МЕМ СТ 2.104 - 68 ЕСКД Негізгі жазулар.
МЕМ СТ 2.601 - 95 ЕСКД Пайдалану құжаттары.
МЕМ СТ 2.6304 - 81 Сызба шрифтері.
МЖБМС 2.321 - 84 КҚБЖ (ЕСКД). Әріптік белгілеу.
МЕМ СТ. 2.701 - 84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар. Түрлері мен типтері.
МЕМ СТ 2.104 - 68 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.01 - 80 КҚБЖ (ЕСКД).Бұйымдар.
МЖМБС 2.301- 68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МК (ГК) Қ.Р 04 - 2003. Экономикалық қызмет класификаторы (ӘҚТБӨК).
Анықтама
Қой - қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал.
Қылшық жүнді қой - жүнінің жіңішкелігі мен ұзындығы және басқа да қасиеттері әртүрлі жүн талшықтарынан (түбіттен, қылшықтан, аралық қылшықтан) тұратын қойдың бір түрі.
Ұдайы өсіру - төл туғаннан бастап үздіксіз өсіру.
Азықтық өлшем - 1 кг сұлының қуатына тең өлшемді айтады.
Экономикалық тиімділік - әрбір алынған өнімнің өзіндік құны.
Азық өлшемі- организімнің тіршілігі мен өнім өндіруге қажетті энергия мен құрылымдық және биологиялық әсерлі заттарға мұқтаждығын айқындайтын жалпы нормалық көрсеткіштерге тәулігіне 1 басқа қажет азық.
Рацион құрылымы - рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы қоректілігіне (а.ө. не АЭЗ бойынша) пайыздық қатынасы айғақтайды.
Тетіктелген азықтандыру нормасы деп - толықтырылған организм мұқтаждығының 18-30 көрсеткішін қамтитын деректер.
Сұрыптау - жақсы малдарды іріктеп, таңдап алуды айтады.
Корреляция - малдың бір өнім көрсеткішінің екінші өнім көрсеткішімен тығыз байланыстығын айтады, әрі сол өнім көрсеткіштерінің біреуі өзгерсе екіншісінің де өзгеруін көрсетеді.
Элевер - мамандандырылған шаруашылықтар немесе фермалар, негізгі міндеті саулықты өсіру және оларды ұрпақ сапалары бойынша бағалау.
Азықтандыру типі - рацион құрылымындағы басым азық тобы немесе жекелеген азық белгілейді.
Рацион - бір тәулікте жейтін азықтардың жиынтығы, олардың қоректік заттары бір күндік нормаға сәкестендіріледі.
Мал азығын нормалау - мал организміндегі қоректік заттарға қажеттілікті толықтыру.
Белгілер мен қысқартулар
а.э. - алмасу энергиясы
а.р. - азық рационы
һ.р. - негізгі рацион
қ.р. - қожалық рацион
с.м. - сіңірімді майлар
г. - грамм
кг. - килограмм
л. - литр
мл. - миллилитр
мм. - миллиметр
т.б. - тағы басқа
т.с.с. - тағы сол сияқты
№. - нөмір
%. - пайыз
а.ө. - азықтық өлшем
см. - сантиметр
млн. - миллион
қ. - қою
с. - сирек
мг. - миллиграм
кДж. - килоджоуль
мДж. - мегаджоуль
Кіріспе
Мал шаруашылығы -- ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.
Курстық жобаның мақсаты: Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының жеке өсіп-жетілуін зерттеу және малдың өнімін көтере түсу үшін істелетін шаралар жоспарын жасау.
Курстық жобаның міндеті: Қазақтың қылшық жүнді қойларының өнімділік және биологиялық ерекшеліктерін, өнімділік көрсеткіштері мен белгілерін салыстырмалы түрде зерттеу, зоотехникалық бағалау, іріктеулер және әр түрлі жұптаулар жүргізу арқылы тез жетілу қабілеттіліктеріне ие малдарды анықтау және оларды өндірісте қолданудың тиімді селекциялық тәсілдерін ұсыну.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
-жергілікті жерде өсірілетін етті-майлы қойларының өнімділік, биологиялық, конституциялық, экстерьерлік ерекшеліктерін зерттеу;
-өсу қарқыны жоғары малдарды іріктеу;
-малдардың көбею қабілеттіліктері мен төлшеңдігін анықтау;
-тәжірибелік мал топтарын жасақтау;
-тәжірибелік мал топтарынан алынған төлдердің өсіп-жетілу ерекшеліктерін зерттеу;
-алынған төлдердің кластық құрамын анықтау;
Қой шаруашылығы - ата-бабамыз ежелден айналысқан ата кәсіп, елімізде ежелден дамыған мал шаруашылығының саласы. Ғасырлар бойы қой өсіріп, қоймен тіршілік еткендіктен, бұл саладан халқымыздың тұрмысына қажетті көптеген өнім өндіріледі. Қой еті мен сүті тағамға, жүні мен терісі киім-кешекке, қиы отқа, тұяқ пен мүйізі түрлі түйме сияқты бұйымдарға, құйрық майы емге, елтірісі жағаға, асығы мен тобығы ойынға пайдаланылады. Осындай адам тіршілігіне қажетті жан-жақты қасиеттері үшін қойды түрлі шаруашылықтарда көптеп өсіреді. Қой жүнінен жіп иіріліп, түрлі жүн өнімдері тоқылады, киіз басылып, кілем, сырмақ, текемет сияқты ұлттық өнер бұйымдары дайындалады. Өңделген елтірісінен ішік, тон, шалбар, етік тігіледі. Сүтінен бір жағынан ұлттық, екінші жағынан емдік, диеталық қасиеттері жоғары құрт, ірімшік, айран, қаймақ тағамдары дайындалады. "Мал өсірсең қой өсір, табысы оның көл-көсір" дейтініміз, міне сондықтан.
Қазақстанда ежелден қазақы (кұйрықты) қой өсіріліп келінеді. Кезінде ол қой шаруашылығының жаңа -- қаракөлшілік, биязы жүнді, жартылай биязы жүнді бағыттарын дамытуда өте үлкен рөл аткарды. Қазақы қойының негізінде, сырттан алынып келген қойдан гөрі жергілікті жағдайға жақсы бейімделген жаңа тұқымдар мен тұқымдық топтар жасалды және жасалып та жатыр. Бұл жағымды сапаны жаңа тұқымдар қазақы қойдан генетикалық жолмен тұқымға берілуі арқылы алған. Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойлары, бұдан былайғы кезде де, өздерін таза өсіруде ғана емес, сонымен бірге, әр түрлі бағыттағы жаца туқымдар шығаруда да үлкен маңызға ие болатыны сөзсіз.
Республикамызда қой етін өндіру бағытында, әсіресе арзан және жоғары сапалы қозы еті өндірісінің көзі ретінде, жергілікті жерде бұрыннан өсіріліп келінген, байырғы қазақтың кылшық жүнді қой тұқымдарын ерекше атауға болады. Етті-майлы қойлар жергілікті жерлердің табиғи-клиаматтық ерекшеліктеріне, яғни көбінесе құрғақ далалы, шөлді және шөлейтті болып келетін далалы өңірлердің жайылымдык жағдайларына өмір сүруге жақсы бейімделген. Олар қарқынды өсіп-жетілу және жақсы май жинау қасиеттеріне ие. Еліміздегі ең жақсы етті-майлы бағытындағы қой тұқымдарының қатарындағы қазақтың қылшық жүнді қойлары жоғары салмақты, мықты конституциялық типті, ерекше төзімділік қасиеттеріне ие және жыл бойына жайылымдық жағдайда өсіруге бейімделген болып келеді. Осындай маңызды қасиеттерінің бірі ретінде, қазақы қойларының тез өсіп -- жетілу ерекшеліктерін де айтуға болады.
Малдардың тез жетілу қабілеттілігі деп олардың ағзасының қарқынды түрде даму ерекшеліктері арқасында тұқымын тез көбейту, ет, сүт және басқада өнімдер алу мақсатында пайдалану мүмкіндігін түсінеміз. Яғни, жетілу қабілеттілігінің көрсеткіші ретінде мал тұқымынын негізгі өнім бағытындағы пайдалану мерзімі есепке алынады. Шаруашылық үшін мал түрлерінің неғұрлым тез өнім беріп, оларға азық және күтіп -- бағуға кеткен шығындардын жылдам ақталуы маңызды.
Мал тұқымдарының тез жетілу қабілеттілігі қоршаған ортаның паратиптік факторлары жағдайында, көп жылдарғы іріктеу -жұптау нәтижелері бойынша қалыптасқан тұқым куалау ерекшеліктеріне байланысты беріледі. Нәсілдік жолмен тұқымға берілетін ерекше қабілеттіліктерін жоғары деңгейде пайдалану, паратиптік факторларды жақсарту, яғни адамдардың малдарға азықтандыру мен күтіп-бағудын колайлы жағдайларын жасауына байланысты жақсы нәтиже береді.
Ауыл шаруашылығында өсірілетін мал түрлері өздерінің өсіп -жетілу қарқыны бойынша әр түрлі болатыны белгілі. Бірдей өнім алу бағытына өсірілгенімен, тұқымына байланысты олардың жекелеген өкілдері өздерінің жетілу көрсеткіштері бойынша ерекшеленеді. Мысалы етті-майлы бағытында өсірілетін қой тұқымдары ішінде, еділбай қойы тез өсіп-жетілу қабілеттілігі бойынша әлемде алдыңғы орындарда орналасқан деп саналады.
1 Негізгі бөлім
1.1 Әдебиетке шолу
1.1.1 Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы
Қылшық жүнді құйрықты қой тұқымдары Қазақстанда бұл бағытта еділбай, қазақтың қылшық жүнді және қаракөл қойлары өсірілуде. Еділбай қойы еліміздің батыс аймағында ертеден өсіріліп келеді. Еті дәмді, жүні мол, шөл-шөлейтті жерлерге бейім, ірі тұлғалы. Қазіргі кезде еділбай қойы Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды өңірінде өсірілуде. Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойы - Қазақстанда ертеден келе жатқан қолтұқым. Ол шөл-шөлейтті аймақта өсіруге ыңғайлы, еділбай қойынан кішілеу. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі.
Қылшық жүнді құйрықты қойлар мен басқа да қой тұқымдарының ішінде биологиялық және шаруашылықтық бірқатар айтарлықтай артықшылық-тарымен ерекшеленеді. Қойлар өзінің биологиялық көптеген құндылығының және дене бітімдік ерекшеліктерінің арқасында, ең алдымен өзінің жоғары бейімделу қабілетіне байланысты жыл бойғы жайылымға, шөл және шөлейт жағдайларға неғұрлым бейімделген малдар. Сонымен бірге қой өсірудің негізгі бағыттарының бірі болып табылатын арзан және жоғары бағалы қой етінің негізігі көзі болып табылады.
Қазіргі кезде етті-майлы құйрықты қойларға сұраныс өсіп отыр. Нарық экономикасы жағдайында ауылшаруашылық өндірістеріне тиімді ұсыныс үлгілерді енгізу, асылтұқымды малдарды өсіру, жоғары өнімді отар құру сияқты жұмыстар отандық ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін өндірушілердің ауқымын кеңейтуге жағдай жасайды. Нарық отандық жоғары сапалы арзан өнімді қажет етеді, сұранысты қанағаттандыру үшін әсіресе етті-майлы бағыттағы қой тұқымдарының санын 3-4 есеге көбейту керек.
Сурет 1. Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының отары
1.1.2 Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының биологиялық ерекшеліктері
Қойдың өте көп жерге тарап, кез келген халықтың өсіретіндігінде себеп-салдар жоқ емес, соның ең бастысы қойдың алуан-алуан табиғи жағдайларға төзімділігі, бейімділігі. Соған орай қой қысы қатты, қары қалың солтүстікте де, желі ызғарлы, жайылымы шөлейт жерлерде де, жазы ыстық, жайылымы құмды оңтүстікте де өсіріле береді. Оған қойдың биологиялық ерекшеліктері арасындағы ең бір негізгісі - түрлі жайылым отын өте жақсы пайдалана алатындығы мүмкіндік туғызады. Табиғи жайылым отының құрамындағы 800-ден астам өсімдік түрлерінің жылқы 90 түрін, ал мүйізді ірі қара мал 150-дей түрін жеп пайдаланса, қой соның жартысынан көбін, яғни 400-ден астам түрін жейді екен. Олар шабындық аралығындағы, басқа малға ыңғайсыз ой-қырдағы жайсыз жайылым отын да жақсы пайдалана алады. Соған орай пайдалану коэффициенті де жоғары. Мысалы, жылқы мен мүйізді ірі қара мал жайылып өткен жерлерде қой жаюға болады.
Қойдың бас сүйегі мен ауыз құрылысының анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты мұндай өрістен де шөп тауып жейді. Өйткені, үшкір тұмсығындағы жұқа да икемді еріндері майда да аласа шөптің өзін қырқып жеуге мүмкіндік береді. Қойдың ас қорыту жүйесі ірі аумақ-ты азықтарды жақсы қорытуға бейімделген. Шошқа ішегі түлғасынан - 12 есе, жылқы ішегі - 15 есе, мүйізді ірі қара мал ішегі - 20-22 есе ұзын болса, қой ішегі - 30 есе ұзын. Ірі жасұнықты жемшөпті жақсы қорытуына осы ерекшелігі де жағдай жасаса керек. Сондықтан да қой салмақ қосуына шығынды мүйізді ірі қара малға қарағанда - 2-2,5 есе, жылқыға қарағанда - 2,5-3 есе аз жұмсайды.
Осындай пайдалы биологиялық ерекшеліктеріне байланысты қой қоңдылығын жайылым отымен ғана көтеріп, қыстауға түскенше денесіне май байлап (тұқымдың ерекшеліктеріне байланысты - құйрығына, тері астына және басқа да жерлеріне), ағзаға қор жинап, жылдың жемшөп жетіспеген мезгілінде осы жиналған май қорын жұмсайды. Республикамыздың қыста қар аз түсетін оңтүстік облыстарында қойды жыл бойы жайып шығуға болады.
Қойдың төлдегіш қабілеттілігі де жоғары. Мәселен, әр 10 саулықтан жылына - 12-15 қозы туса, ал қаракөл, романов қойларынан - 20-25 қозы алынады. Саулықтар қозысын 5 ай көтеріп, 3-4 ай емізеді. Олардың қозыларын 45-60 күннен кейін бөлуге болады. Бірақ оларды дұрыс азықтандырып, тез өсіп-жетілдіру үшін тәулігіне қосатын салмағын 150-200 г-нан төмендетпеген жөн.
Ал етке - 8-9 айда сойса, жүнін қырқуға - 5 айда келеді. Қозылар тез жетіліп, 6-7 айда жыныстық тұрғыдан, ал 18 айда шаруашылыққа қажеттілік қасиеттері тұрғысынан жетіледі. Қой 12-14 жыл тіршілік еткенімен, 6-7 жыл тісі мүжіліп қартаймайды, өнімділігін жоғалта қоймайды.
Қойдан алынатын негізгі өнім - жүн мен ет. Қой жүні ағзаны қыста суықтан, жазда ыстықтан сақтайды. Оның өсуі, сапасы зат алмасуына тығыз байланысты. Қолайсыз, азық жетіспеген жағдайда ағза алдымен қоректік заттарды тері өнімдеріне, оның ішінде жүнге жұмсаудан үнемдейді. Осыдан барып қой азықтандыруда жіберілген кемшілік ең алдымен жүн сапасына әсер етіп, "аштық жіңішкеру" ("голодная тонина") белгісі түріндегі із қалдырады. Сол кезде өскен жүн талшықтары жіңішкеріп, үзілгіш келеді. Сондықтан сапалы жүн қырқу үшін қойды жыл бойы қажеттік нормасына сәйкестендіріп азықтандыру қажет. Сапалы қой жүні - тоқыма өндірісінің бағалы шикізаты. Одан жүн жібі иіріліп, гигиеналық талаптар тұрғысынан жоғары киім тігіледі.
Қойдың еті де өте қоректі де құнарлы өнім. Әсіресе қазақы, етті-майлы қой тұқымдарының еті өте дәмді. Бірақ қой майында ағзаға қажетті холестерин аз -100 грамында не бары - 29 мг, ал сиыр етінің майында - 75 мг, шошқа етінің майында - 75-125 мг болады. Қой жеп, қорытқан азық қорек затының 75% -ын денедегі бұлшық ет, май, сүйек құрылысына пайдаланады. Бұл олардың азықты өте жоғары сіңіріп, зат алмасуына игеретінін көрсетеді. Әсіресе қозылардың тез өсіп-жетілуге бейімділігін өнім өндіру үшін жете пайдаланып, 7-айлық тоқтыдан сақа қойдан өндірілетін еттің жартысына жуығын алуға болады. Және де олардың 1 кг салмақ қосымына 5-6 а.ө. жұмсалса, негізінен май байлау жолымен қосатын сақа қой салмағының қосымына 10-12 а.ө жұмсалады.
Қойдан өндірілетін қосымша тағамдың өнім - қой сүті. Құрамында 7-10% майдан тұратын қой сүтінің 18-20% құрғақ заты адам ағзасында өте жақсы қорытылып, сіңіріледі. Қойтұқымына байланысты қоздаған саулықтардан 5-6 айда 100-150 кг сүт саууға болады. Оның 5-6 кг-нан тіл үйіретін дәмді де әрі жеңіл қорытылатын 1 кг диеталық ақуыздың тағам - ірімшік қайнатылады.
Қой терісінен ішік не тон тігуге болады. Жақсы тондық тері ірі қылшық жүнді қой тұқымдарына жататын далалық, романов және солтүстік орыс қой тұқымдарынан алынады. Олардың әсіресе 8-9-айлық тоқтыларының терісінің сапасы жоғары болады. Алғашқы 1-3 тәулікте сойылған қаракөл тұқымының қозыларының терісінен өте құнды да бағалы елтірі дайындалады. Қаракөл елтірісі сұранысы жоғары папах тәріздес бас киімдер мен әдемі ішік тігуге, жағаға тағуға пайдаланылады.
Сурет 2. Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы
1.1.3 Ауыл шаруашылығы малдарының өciп-дамуы
Малдың салмағы мен дене бітімдерінің көрсеткіштерін негізге ала отырып, оның өсу ерекшеліктеріне дұрыс баға беру, шаруашылықта пайдалану жолдарын көрсету.
Малдың дене бітімінің калыптасуына және одан жоғары керсеткіш өнім алуға әсер ететін негізгі күштерге нәсілдік қасиет пен сырткы орта жағдайы жатады. Осы себептерді бітірген жағдайда малдың жасынан бастап дұрыс ocyiн қалыптастыруды меңгеріп, шаруашылықта одан алынатын өнімді басқара аламыз.
Мысалы, малды белгілі мөлшерде азықтандырып бағып күту жолдарын дұрыс ұйымдастырған жағдайда, оның түріне байланысты дене бітімін көрікті бағытта қалыптастыруға болады.
Шаруашылықтағы мал өнімдерін кажетті мөлшерде өндіруді қамтамасыз етудің негізгі жолы - малдың даму ерекшеліктерін, мән-мазмұнын жете түсіну оларды меңгеру болып табылады.
Малдьң құрсақтағы және құрсақтан кейін өciп-дамуын онтогенез дейді. Ол малдың жекелей өсіп-жету жолдарын керсетеді де, бip-бipiмен өтe тығыз байланысты негізгі екі құбылыс - өсу және даму арқылы жүреді.
Малдың өсуі дегеніміз оның клеткаларының, ткандері мен органдарының, үлкен, жалпы бойының, көлемінің, салмағынан артуы. Бұлардың бәрінің негізінде клетканың бөлінуі мен үлкеюі, клетка аралық заттардың үлкеюі сияқты үш құбылыс жатады.
Даму деп организмдегі сапалык өзгеріс процестерін айтамыз. Ал жеке организм тұрғысынан алғанда даму дегеніміз оның күрделенуі, белгілі бip -арнайы қызмет атқаратын тканьдердің, органдардың пайда болуы және олардың арасында жаңа катынастың қалыптасуы, яғни организмдегі сапалық өзгерістер жиынтығы.
Малдың өсіп-жетуі белгілі бip құбылыс ретінде кем дегенде үш көрсеткіш бойынша сипаттау керек. Олар: өсу жылдамдығы, өсу ұзақтығы және өсу процесінің жүру сипаты. Өсу жылдамдығы деп белгілі бip уақыт аралығында малдың дене мелшерінің (салмағынын, бойының, тұркының, келемінің т.б.) үлғаюы дәрежесін айтады. Малдың өсу ұзақтығы деп өсу npoцeci журген уақыт мерзімін айтады.
Өсу жылдамдығын абсолюттік немесе салыстырмалы керсеткіштер арқылы анықтайды.
Абсолюттік өсу деп белгілі бip уақыт (тәулік, декада, ай, жыл) аралығында косылған салмақты айтамыз.
Мал шаруашылығында еттің малын, жас төлдерді бағушыларға еңбек ақыны, баққан малының тәулігіне қосқан салмагына қарап төлейді.
Кесте 1 - Соңғы жылдардағы қой шаруашылық өнімділігінің артуы
Атаулар
1982
жыл
1991
жыл
2002
жыл
2009
жыл
Қой саны (млн бас есебімен)
1157,7
1194,5
1034.0
1000.0
Өндірілген жүн (таза талшық мың т.)
1716.4
1943.0
1292.0
1239.0
Өндірілген ет (сойыс салмағы мың т.)
6244.0
6987.0
7585.0
14000.0
Қой сүті (мың т.)
8163.0
7905.0
7764.0
7900.0
Кесте 2 - Қазақстан Республикасындағы қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы қойларының өндірістік классификациясы
Қой тұқымдары
Тұқым атаулары
Жүн жабынының типі бойынша
өнімділік бағыты бойынша
1
2
3
Қылшық жүнді
Елтірі
етті-майлы
Атырау құйрықты-елтірі қаракулі
Еділбай, Сарыарқа, қазақтың қылшық жүнді құйрықты, Ордабасы
Сурет - 3. Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы
1.2 Технологиялық бөлім
1.2.1 Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы қошқарлардың дене бітімі мен тірілей салмақ көрсеткіштері
Жас малдардың өсіп-даму қарқындылығы олардың генотиптік ерекшеліктеріне байланысты тұқымға берілетін болғандықтан, ата-енелерінің көрсеткіштерін баса назарға алу қажет деп есептелінеді. Сондықтан сұрыптау жұмыстарында қозының шыққан тегі мен малдардың физиологиялық ерекшеліктерін, жасына байланысты дене өлшемдері мен салмақ көрсеткіштері сияқты белгілерін де назарға алған абзал. Әр түрлі жастағы қошқарлардың тірілей салмақтары мен дене өлшемдерінің көрсеткіштері 3-кестеде берілген.
Кесте 3 - Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы қошқарлардың дене өлшемдерінің көрсеткіштері
Қошқарлардың жасы
n
Дене өлшемдері, M+-m
Тірілей салмағы, кг
Шоқтық биіктігі
тұрқының қиғаштай ұзындығы
кеуде енділігі
кеуде тереңдігі
кеуде орамы
жіліншік орамы
6,5 айлық
20
40,5+-0,56
66,7+-0,65
64,5+0,51
19,3 +-0,1 5
24,8+-0,23
87.4+-1,35
8,2+-0,03
1,5 жасар
20
61.3+0,87
78,4+-0,42
77.3+-0,57
21,2+-0,14
26,4+-0,37
105,8+-0,75
1 0,0+- 0,2
2,5 жасар
20
75,5+-1,12
82,0+-0,52
83,1 +-0,47
22,3+-0,13
27,5+-0,І5
113,2+-0,68
І0,7+-0,3
Ересек қошқарлар
20
90,5+2,52
83,5+-0,42
86,6+-0,69
23,9+-0,58
28,9+-0,32
119,7+-0,51
11,4+-0,28
Алынған мәліметтен өсірілетін малдардың ішіндегі F топтағы 6,5 айлық жас қошқарлардың тірілей салмағы 40,5 кг, II топтағы 1,5 жасар қошқарлар 61,3 Ш топтағы 2,5 жасарлары 75,5кг болса, ересек малдардың орташа салмағы 90,5 кг кұрады.
Етті бағытындағы қой шаруашылығында өсіп-даму көрсеткіштерін білдіретін негізгі белгі ретінде малдардың дене өлшемдері де есепке алынды.
6,5 айлық қошқарларының (I топ) шоқтығынан алғандағы биіктігі, II топтағы (1,5-жасар) қошқарлардың осындай өлшемдерінің 85,0%, III топтың 81,3%, ал IV топтағы ересек малдардың 79,9% кұрағаны белгілі болды. Кеуде орамы көрсеткіштері бойынша 6,5 айлық мерзімдеріндегі еркек қозылар II топтың 1,5 жасар қошқарларының осындай өлшемдерінің 82,6, III -ші топтың (2,5 жасар) 77,2%, ал IV топтағы ересек қошқарлардың 73,0%-га жетті.
Салыстырмалы түрде жақсы көрсеткіштерге II топтағы 1,5 жасар қошқарлар ие болды. Бұл жастағы малдар дене өлшемдері көрсеткіштері бойынша IV-топтағы ересек қошқарлардан көп айырмашылықтарға ие емес екендігі анықталды. Осы жасында етті-майлы қой тұқымының қошқарлары ересек малдардың дене өлшемдерінің 88,4-94,0% жетеді. Бұл олардың осы мерзімдерге етті-майлы қойларға тиесілі дене өлшемдік көрсеткіштерінің басым бөлігін толықтырып үлгеретіндіктерін көрсетті. Ары қарай дене сүйектерінің өсуі баяулап, негізінен малдардың денесі толысып ет-май көлемінің артуы басталады.
Малдардың дене өлшемдерінің жекелеген көрсеткіштері олардың экстерьерлік ерекшеліктерін сипаттауға жеткілікті бола алмайды. Малдардың жасына байланысты дене өлшемдерінің өзгеруін анықтау, олардын экстерьерлік ерекшеліктерін білуге мүмкіндік береді. Ол үшін дене өлшемдерінің ара-қатынасына негізделген индекстік көрсеткіштерді есептеу қажеттілігі туындайды. Тек қана малдардың салмақ қосуын өлшеу арқылы олардың өсу барысы туралы белгілі бір пікірге келуге болады. Малдардың экстерьерлік ерекшеліктері олардың жеке дене өлшемдеріне байланысты және ата-енелерінен тек түрінің (генотип) ұрпағына берілуіне байланысты.
Дене өлшемдерінің индекстерін анықтау нәтижесі (4-кесте) дененің ұзындық өлшемінің оның биіктік қатынасына негізделген көрсеткішінің мәні жас малдарда біршама аздау екендігін көрсетеді. Қазақтың қылшық жүнді қойларының 6,5- айлық қозыларында тұркының ұзындығы индексі 96,7% болса, 1,5 жасында ол 98,6, 2,5 жасында 101,3, ал ересек қошқарларда 103,7% құраған. Яғни, жас малдардың ересек малдарға қарағанда тұрқы қысқалау болса, жасы өскен сайын дене ұзындығы арта бастайды.
Кеуде орамының дене тұрқының ұзындығы қатынасына негізделген төртпақтық индексі 6,5-айлықтарда 135,5% болса, жасы өскен сайын оның мәні де ересек малдарда біршама артатыны (ересек қошқарларда 138,2%) байқалады. Дәл осыған ұқсас ерекшеліктер ірілік және сүйектілік индекстері көрсеткіштерінде де байқалды.
Кесте 4 - Жасына байланысты әр түрлі жастағы қошкарлардың дене өлшемдерінің индекстік көрсеткіштері
пайыз есебімен
Жасы
n
Дене өлшемдерінің индекстері
тұрқының ұзындығы
төртпақтық
ірілік
сүйектілік
6,5- айлық
20
96,7
135,5
131,0
12,3
1,5 жасар
20
98,6
136,8
134,9
12,7
2,5 жасар
20
101,3
136,2
138,0
13,0
Ересек қошқарлар
20
103,7
138,2
143,3
13,6
Бұл қойлар өзіндік өнімділік және басқа да шаруашылыққа пайдалы ерекшеліктерімен сипатталады. Асыл тұқымды саулықтардың дене бітімі жақсы, тұрқы келісті, ал конституциясы берік болып келеді. Бастарының ұзындығы мен ені калыпты. Шоқтығының арасы тегіс, ұзындығы орташа. Арқасы да тегіс ұзын және енді. Аяқ басуы өте нық, буындары мықты, тұяқтары келісті болып көзге жақсы түсіп тұрады. Майлы құйрықтары домаланып келген, орташа көлемді, басым көпшілігі көтеріңкі орналасқан.
1.2.2 Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының жасына байланысты қошқарларда жыныстық белсенділіктерінің көрініс беруі
Жетіліп келе жатқан малдарда жыныстық белсенділіктің алғашқы белгілері әртүрлі рефлекстер түрінде көрініс бере бастайды. Осы рефлекстік көріністердің әрі қарай дамып, толығуы нәтижесінде, малдардың белгілі бір қоршаған орта жағдайында ұрпақ жалғастыру қабілеті қалыптасады және өсіп-өнуіне жағдай жасалады. Сондықтан, жас малдарда байқалатын жеке рефлекстік көріністерді тұтастай жыныстық ерекшеліктердің бастамасы ретінде қарастыруға болады. Малдардың жыныстық жетілуі олардағы рефлекстік іс-қимылдарының белсенді көрініс беруіне байланысты болады, яғни аталық қошқарлардың жыныстық ынтасы неғұрлым айқын байқалса, соғұрлым одан алынатын ұрық көп және сапалы болады деген пікір қалыптасқан.
Осыған байланысты біздер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz