Қазақы жылқы тұқымының ата тегі мен жанама туыстарына қарап бағалау мен сұрыптау


Аннотация
Бұл курстық жоба «Мал өсіру және селекция» пәні бойынша «Қазақы жылқы тұқымының ата тегі мен жанама туыстарына қарап бағалау мен сұрыптау» тақырыбы бойынша жазылған курстық жоба 11 сурет, 33 беттен тұрады.
Курстық жобада өз құрамында: кіріспе, әдебиеттік шолу, негізгі бөлім, техникалық бөлім, тіршілік қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
Нормативті сілтемелер
МЖМБС 2. 104 - 2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 - 68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 - 2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304 - 81 КҚБЖ (ЕСКД) . Ж. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321 - 84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
Анықтама
Жылқы (лат. Equus ferus caballus) - тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (E. caballus) шаруашылықта маңызы зор. Ол - ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.
Құлын - (жеребенок) - жылқының алты айға дейінгі төлі, құлын әдетте енесінің бауырында өсіріледі, тек бие сауылатын сауым уақытыңда енесінен бөлек ұсталады. Құлын айдан асқаннан кейін бір жасқа дейін жабағы деп аталады
Құнажын байтал - (кобылица в возрасте от 2 до 3 лет) - жылқының үш жасар (екі мен үш жас аралығындағы) ұрғашысы. Құнажын байтал алғашқы рет шағылысқа түседі. Жылқысы көп шаруашылық көктемде құнажын байталдардан жеке үйір құрып, айғырқосады
Жабағы (6 айдан асқан құлын) тай (1 жастан асқаны) деп атайды.
Белгілер мен қысқартулар
т. -тонна
г. - грамм
кг. - килограмм
л. - литр
мл. - миллилитр
мм. - миллиметр
т. б. - тағы басқа
т. с. с. - тағы сол сияқты
№. - нөмір
%. - пайыз
см. - сантиметр
млн. - миллион
кДж. - килоджоуль
мДж. - мегаджоуль
салм. -салмағы
Мазмұны
бет
Кіріспе
Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б. з. б. 4-3-мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б. з. б. 2-мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б. з. б. 1-мыңжылдық - б. з. 2 ғ. ) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді. Қазақы жылқы - Қазақстан табиғатына сай, заман мүддесі мен мүмкіндігіне бейімдей сұрыптаудың нәтижесінде қалыптасқан жергілікті тұқым. Салт міну, жүк тасу, ет пен сүт өңдіру үшін өсіріледі. Ғасырлар бойы халықтың сұрыптау әдісімен шығарылған. Жыл бойы жайылымда бағуға бейімделген, жал-құйрығы қою, мойны жуан, арқасы берік, жұмыр денелі, жатаған, аяқтары сіңірлі, тұяқтары шымыр. Қазақы жылқының кейбір аймақтардың табиғи ерекшеліктеріне және басқа жылқы тұқымдарының ықпалына байланысты қалыптасқан бірнеше түрлері (Адай жылқысы, Жабы) бар[1] .
Арийлер кезеңі Арийлер жылқыны ерекше құрметтеген. Ғалымдар арийлерде жылқының үш түрлі тұқымы болғанын анықтады: тауда жүруге ыңғайлы аласа жылқы, ұзақ жүруге ыңғайлы шыдамды қазанат және қазіргі Түрікменстанның ақалтеке жылқысының арғы тегі саналатын ұшқыр тұлпар. Әсіресе, арийлер арасында ұшқыр тұлпарлар қатты қадірленген. Әлемде алғаш рет екі доңғалақты арбаны ойлап тапқан арийлер оған ұшқыр тұлпарларын қос-қостан жегіп алып, сары далада сағымша жүйткіген. Қазақстан аумағында арийлер қалдырған құнды мәдениет ескерткіштері өте көп. Олардың көпшілігі - жартастарға салынған суреттер.
Суреттерден арийлердің дүниені қалай түсінгені, қандай рәсімдік билерді билегені, қалай аң аулағаны, қандай мал баққаны, екі доңғалақты арбалары, абыздар мен батырлар туралы түсініктері, т. б. туралы толық мағлұмат алуға болады. Сақтар кезеңі Ал сақтар Алтайдан Дунай өзеніне дейінгі кең байтақ аймақта үйір-үйір жылқы өсіріп, ат құлағында ойнауды өнер дәрежесіне көтерген.
Сақтардың балалары мен әйелдеріне дейін ат үстінде соғысу тәсілдерін жас кезінен жетік меңгеріп, көрген жұрттың зәресін ұшырған. Олардың қанқұйлы жорықтарынан соң, Еуропада, Кіші Азияда, Жерорта теңізінің бойында, Мысырда атпен бірге жаратылған кентаврлар туралы аңыз тараған. Ежелгі грек мифологиясындағы жауынгер әйелдер - амазонкалар туралы аңыздар да осы сақ әйелдерінің бейнесінен алынған деген пікір бар. Қалай болған да, жылқыға салт мінуді қас өнерге айналдырып, оны әскери әдіс-тәсілдермен шебер ұштастыра білген сақтар өз заманының ең қуатты еліне айналған. Олар өздерінің жаңа жерлерді жаулап алуына, тіршілікке қажетті байлықтарға кенелуіне жағдай жасаған жылқы баласын аса қатты құрметтеп, жан серігі санаған. “Олар аттарына да мыстан кеудені жауып тұратын сауыт кигізеді, - деп жазады ежелгі грек тарихшысы Геродот, - ал жүгендерін, шылбырын алтынмен әшекейлейді” Сақтардың патшалары, қолбасшылары мен батырларының тек өздерінің бас киімдеріне ғана емес, мінген аттарының төбесіне де лауазымдық белгі - жыға таққаны туралы деректер бар. Олардың қайтыс болған хандарды, ханзадаларды, батырларды т. б. жерлегенде, оның жан серігі болған атын жанына бірге қою ғұрпы да “иесіне аты о дүние де серік болады” деген сенімнен пайда болған.
Қазақ халқы үшін маңызы Қазақ халқы арасында әлі күнге дейін сақталған ат тұлдау, яғни, қайтыс болған адамның мінген атын тұлдап жіберіп, бір жылдан соң асында сою ғұрпын сақ заманынан сақталған дәстүрдің жалғасы деп есептеуге болады. Айбынды атты әскерінің көмегімен қаһарлы елге айналып, Еуразия құрлығында үстемдікке қол жеткізген, сөйтіп адамзат өркениеті тарихында өшпес із қалдырған кейінгі ғұндар, Түркі қағанаты, Шыңғыс хан империясында да жылқы малы қатты қадірленген. Осы мемлекеттерді құраған тайпалардың негізінде ұйысқан қазақ халқының дүниетанымында, ділі мен тілінде жылқыға қатысты өзгеше философиялық және мәдени жүйе қалыптасқан. “Адам - жылқы мінезді” дейді қазақ халқы. Бұған “жылқы - малдың патшасы”, “жігіттің сорлысын аттың жолдысы теңейді”, “ат - ердің қанаты” т. б. жүздеген мақал-мәтелдерді қоссаңыз, қазақ халқының адам мен оның жан серігі атына біртұтас әлем ретінде қарағанына көз жеткізуге болады. Адамның азамат қатарына қосылуының өзін “ат жалын тартып мінді” деп бейнелейді қазақ халқы. Жас баланың алғаш атқа отырғанын атап өту рәсімі - тоқым қағартойынан бастап, адамның бұл өмірден өткенінің белгісі ат тұлдауға дейінгі бүкіл пәнилік тіршілікті жылқымен байланыстырған қазақтар біреумен жауласса “ат құйрығын кесіскен”, біреудің алдында кінәлі болып қалса “ат-шапан айыбын төлеген”.
Сыйлы қонаққа ат мінгізу, күйеу жігіттің қалыңдық алуына алғаш барғанда ат байлауы, ұрыс кезінде жау қоршауында қалған қолбасшыға ат сүйек беріп құтқару, т. б. дәстүрлер, атқамінер, атқосшы, атшабар, т. б. лауазымдар жылқының қазақ халқының шаруашылығында ғана емес, әлеуметтік өмірінде де үлкен мәнге ие болғанын білдіреді. Адам серігі Қазақ халқы жылқыны, ең алдымен, ел қорғаны ердің жан серігі деп дәріптеген.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ жеріндегі қазақы жылқылардың арғы ата-тегіне қарап жанама бағалау және сұрыптауды зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Қазақы жылқы тұқымының ата тегі және оның биологиялық ерекшеліктері
Қазақы жылқы тұқымын зерттеу тәсілдері
Қазақы жылқы тұқымдарын зоологиялық және өнеркәсіптік жіктеу сипаты
Қазақы жылқы тұқымының ата тегі мен жанама туыстарына қарап бағалау мен сұрыптау
- Негізгі бөлім
1. 1 Әдебиетке шолу
1. 1. 1 Қазақы жылқы тұқымының ата тегі және оның биологиялық ерекшеліктері
Қазақ халқы жылқы малын 3 топқа бөлген. Белгілі этнограф М. Бабажановтың 1871 ж. Ресейдің “Журнал охота” (ғ6, 7, 11, 12) және “Журнал коневодство и коннозаводство” (ғ4, 5, 6) басылымдарында жарық көрген мақалаларында қазақ халқы өсіретін жылқыларды үш топқа бөледі: күшті, еті тығыз аттар. Ауыр жұмыстарға, жүк тартуға, көші-қоңға пайдаланылған; жүрдек аттар. Күші мығым ат пен бәйге атының арасындағы, салт жүріске жарамды жылқылар; жүйрік аттар. Осы соңғы топтың өзін автор қарғыншыл ат (2, 4, 8 верст қашықтыққа ғана шабатын ұшқыр ат), қашағаншыл (бұл да аз қашықтыққа, асауды қайыруға пайдаланылады), шын жүйрік ат деп бөледі. Зерттеушінің бұл пікірі қазақ халқының жылқы шаруашылығындағы белгілі бір жүйе болғандығын қуаттайды. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлікдеп әлпештеп, ерекше күтімге алған. Ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны да ерекше бағалаған. Ал еті мен сүті үшін өсіретін қалған жылқылар жабыдеп аталған. Қазақтың жабы жылқысы жайылымда жақсы семіреді. Семіртіп сойған жабы жылқыдан 53 - 57%, кейде 60% ет алынған (230 - 250 кг) . Қазақ халқы жылқы етінен қазы, қарта, жал, жая, т. б. дәмді тағамдар әзірлеп, терісі мен қылын да шаруашылыққа пайдаланған (қ. Тулақ, Жүн) . Ал жабы жылқының биелерінен тәулігіне 18 - 20 л сүт сауылған (қ. Қымыз) . Сүті мол бие мама бие деп аталған. Бие желінінің сүтке толып, сауылатын мезгілін сауым дейді. Ол бас сауым (күні бойы сауылатын биенің ең алғашқы сауымы), жебей сауым(бас сауымнан жарты сағат өткеннен кейін биені қайта сауу), кенже сауым (биені өріске ағытар алдындағы соңғы сауым), т. б. болып бөлінеді. Ал құлындамай қалған биелерді қысырақдеп атайды. Мыңнан тұлпар. Мың құлында бір құлын 13 пар (пар - қазақ сөзі - пар ат жеккен, ол оған пара-пар келеді деген сөз тіркестері бар) қабырғамен, яғни екі қанатымен туады екен. Сондай құлынды қазақтар ерекше күтіп, өсірген, баптаған. Ертегілерде, аңыздарда, жырларда айтылатын, қырық күншілік жерді бір күнде алатын, небір биік қамалдардан секіріп өтетін, тағы басқа да кереметтер жасайтын жылқылар осылар. Жебе мініп жау алған. Өте ұшқыр, керемет жылдам, екпіні қатты, алысқа шабатын, төзімді «Жебе» деген қазақи жылқы тұқымы болған. Тақымы бос адамдар үстінде шыдап отыра алмаған. Батырлар жекпе-жекке осы тұқымның аттарын мініп шығатын болған. Бұндай аттар тұрған орнынан бірден үлкен жылдамдық алып, жекпе-жек уақытында өзінің иесіне оның жауының алдында көптеген артықшылық әперген. Жауға мінбе Жабыны. Қазір «Жәбе» немесе орысша «Жабэ» деп жүрген «Жабы» деген қазақи жылқы тұқымы. Оның етті, сүтті, жұмысқа пайдаланатын түрлері болған. Сүті мол, қымызы дәмді және шипалы, еті көп, қазысы көзге ерекше көрініп және айландыруға ыңғайлы болып тұратын, мініс-тұрысқа көнпіс, мінезі жайлы, төзімді жылқылар. Сондықтан бұл жылқыларды соғысқа мінбеген, тек күнделікті тұрмыста пайдаланған. Қазіргі ғылым тілімен айтқанда «Жабы»жылқысының «Наймандық типі» деген түрі Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында сақталған. Осы облыстың Катон-Қарағай ауданында мал жейтін шөптер өте құнарлы, нәрлі, емдік қасиеті және күші бар шипалы болып келеді. Осы ауданда өсетін қазақ жылқысының қымызы дүние жүзіндегі ең керемет қымыз болып есептеледі. Өйткені, қымыздың қасиеті жылқының тұқымына және шөптің сапасына байланысты болады. Ал, қазақ жылқысының сүтті тұқымдарының кейбір түрлері қымыз өндіруге арнайы сұрыпталып шығарылған. Бұл ауданда өсетін маралдардың мүйізінің қасиеті мен сапасы да әлемдегі ең жоғары болып есептеледі. Жылқы атаулары Жалпы қазақ тілінде жылқы өсіруге, оның мінез-құлқына, жасына, жүрісіне, т. б. байланысты ұғымдар мен атаулар өте көп. Мысалы, жылқы төлдерін: құлын (биенің жас төлі), жабағы (6 айдан асқан құлын), тай (1 жастан асқаны) деп атайды. Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды: құнажын байтал (2 жастан асқаны), дөнежін шығар (3 жастағы байтал), дөнежін байтал (3 жастан асқаны), бесті бие (4 жастан асқаны), қасабалы бие (7 - 8 жастағы бие), кәртамыс бие (11 - 14 жастағы бие), жасаған бие (20 жастан асқан бие), т. б. атайды. Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары: құнан айғыр (2 жастан асқаны), дөнен айғыр (3 жастағысы), сәурік айғыр (3 - 4 жастағы үйірге салынбағаны), бесті айғыр (5 жастағысы), сақа айғыр (11 - 12 жастағысы), т. б. Қазақ халқы салт мінуге немесе союға арналған еркек жылқыларды жас кезінен піштіріп (тарттырып деп атайды) жібереді. Қазақ тіліндегі ат ұғымы, көбінесе, осындай жас кезінен піштірілген, салт мінуге арналған жылқыға қатысты айтылады. Піштірілген жылқылар үйірге қосылмай, бөлек жайылады. Сондықтан оларды саяқ жылқылар деп атайды. Саяқ жылқылар атаулары: ат (піштірілген еркек жылқы), сақа ат (11 - 12 жастағысы), шобыр (жүк артуға, ұзақ жолға төзімді ат), тұғыр (салт мінуге қолайлысы), мәстек (аш-тоқтығын білдірмейтін жуас ат), азбан (кеш піштіріліп, айғырлық мінезін қоймайтыны), т. б. Жылқы жүрісі табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Табиғи жүріс - жылқыға адамның үйретуінсіз біткен жүріс (аяң, желіс, шабыс, жорға) . Аяң жүріс - жылқының ең жай жүрісі. Мұнда ол алдыңғы оң аяғы мен артқы сол аяғын кезек басады. Өгіз аяңда - алдыңғы аяқтың ізіне артқы аяқ жетпейді. Аяңшыл жылқыға кәдімгі ат бүкіл желіспен әрең ілеседі, аяңшыл жылқының артқы аяғы алдыңғы аяқтың ізінен асып түсіп отырады (сағатына 5 - 7 км жүреді) . Желіс - аяңнан гөрі өнімдірек жүріс. Бұл бүлкіл, бөкен желіс, сар желіс болып бөлінеді. бүлкіл - желістің ең жай түрі (сағатына 13 - 15 км) ; бөкен желіс ұзақ жолға қолайлы (сағатына 20 км) - жолаушыға да, жылқыға да бөкен желіс тиімді. сар желіс - желістің ең шапшаң түрі (сағатына 50 км-ге дейін) . Мұңдай желіс желгіш жылқы тұқымдарына ғана тән. Бірақ жылқы сар желіске ұзақ төзе алмайды. Шабыс - жылқының желістен де тез жүрісі. Мұның жай түрін майшоқырақ деп атайды, өйткені адамға тыныш келеді. Мұнан қарқындысын жай шабыс, ал жылқының бар мүмкіншілігінше шабуын ағынды шабыс (мысалы, ағынды жылқы) деп атайды, яғни мұндай жылқы қысқа қашықтықты өте тез алады. Бұл - әсіресе ақалтеке жылқысына тән қасиет. Жылқының өзге жүрісінің бірі жорғалау жарыс және қарғу. Қарғуға жылқыны жаттықтырады. Жаттыққан жылқы 2, 47 м биіктіктен, ұзындығы 8, 3 м ордан қарғи алады. Дәстүрлі қазақ қоғамында жылқы өсіруге (қ. Күзеу, Ен, Таңба), оларды салт мінуге арнап ер-тұрман жасауға, тіпті жылқыға тіл қатуға қатысты ұғымдар мен атаулар да көп болған. Жылқыға арналған мәдени шаралар Халыққа жақсы танымал “Кербескер”, “Қара жорға”, “Бестай”, “Бозжорға”, “Тепеңкөк” тәрізді әндер мен күйлер, Ақан серінің “Құлагері”, “Маңмаңгері”, “Құлагердің желісі” әндері, Біржанның “Телқоңыр”, “Бурылтай”, “Керкекіл” әндері, К. Әзірбаевтың “Көкшолағы”, Е. Аязбаевтың “Шайтанқарасы”, т. б. жылқыны әспеттеудің үздік үлгілері саналады. Жылқы аурулары Қазақ халқы жылқының маңқа, қара өкпе, шойырылма, қарақаптал, киеңкі, жамандат, мандам, боғымалы, қыршаңқы, өлі, желін құрт, сары ауру, жалақ, жауыр, шилі қара, лоңқа, өлі ет, қара дақ, т. б. ауруларын дәл ажыратып, олардан емдеудің өзіндік тәсілдерін жақсы білген.
Сурет 1. Жылқы
Әйгілі ғалым Ахмет Тоқтабайдың «Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Қазақ жылқысының тарихы» кітабында «Орталық Азия, соның ішінде қазақ даласы - жылқы отаны» - деген түпкілікті тұжырым жасалған. Бұған дәлел ретінде, жүздеген мың жылқы сүйектері табылған энеолитдәуіріндегі - «Ботай қонысы» аталады. Ботайлықтар - жылқыны алғаш қолға үйреткендер. Мұны қазір бүкіл әлем ғалымдарымойындап отыр. 2009 жылы бүкіл әлемге SCIENCE ғылыми журналында жылқының дүниежүзі бойынша тұңғыш рет Солтүстік Қазақстанда қолға үйретілгені, ертедегі малшы - жылқышыларының б. з. д. ІY мыңжылдықта қымыз дайындағаны әлем жұртшылығына жария етілді.
Жылқының арғы тегі жылқы пішіндес жануарлардан дами келе - тарпаңға, Пржевальск жылқысына, құлан, зебраға жеткен көрінеді. Тарпаңдардың бойлары жылқылардан аласалау, денесі тығыршықтай томпақ, түстері құла және көк болып келеді.
ХХ ғасырдың басында тарпаң жабайы жылқылар түрлері мүлдем жойылып кетті.
Сурет 2. Тарпаң
Жылқының түрлері
Дүние жүзінде жылқының 250 дей түрі бар. Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі. Жылқы - жүк жылқысы, мініс жылқысы, жазық дала жылқысы, тау жылқысы, солтүстік дала жылқысы болып ажыратылады.
Қазақ халқы жылқыны 3 топқа бөлген:
- Күшті, еті тығыз аттар. Оларды ауыр жұмыстарға, жүк тартуға, көшіп -қонғанда пайдаланған. Бұл аттарды Қазанат депатаған.
- Жүрдек аттар, күші мығым ат пен бәйге атының арасындағы салт жүріске жарамдыжылқылар Жабы деп аталған.
- Жүйрік аттар деп бөлінеді.
Бәйгеге қосылатын жүйрік аттарды арғымақ, тұлпар ат, сәйгүлек ат деп ерекше күтімге алған.
Халқымыз жылқыны жасына қарай:сақа ат, сақа айғыр, бесті, дөнен, құнан, сәуірік, сетер, қулық, тай, жабағы, құлын т. б. деп бөледі. Ал жынысына қарай: ат, бие, айғыр, азбан деп ажыратады.
Жылқылар онға бөлінеді:
- Жабағы,
- Адайдың жылқысы
- Қостанай жылқысы
- Буденый жылқысы
- Көшім жылқысы
- Салт мініс жылқысы
- Желісті жылқы
- Қазақ желістісі жылқысы
- Орыс желістісі жылқысы
- Ахалтеке жылқысы


Алтай тұқымы. Қостанай тұқымы.
Буденный тұқымы. Қазақ тұқымы
Украинаның ұлттық тұқымы. Ахалтеке тұқымы
Буденный тұқымы.
Сурет 3. Жылқы тұқымдары
Қазақ жылқыларының ерекшеліктері - бастары үлкен, маңдайы ойыстау, қалың жақты, дөнес мұрынды, мойыны шомбалдау, қысқа, көздері мен құлақтары кішкентай. Шоқтығы биік, шабы қысқа, кең сауырлы, қылқұйрығы төмендеу орналасқан. Қазақ жылқысының бойы аласалау көрінгенмен, дене мүшелері кішкентай емес, арқасы қысқа да қайратты, бұлшық еттері тығыз.
Қазақ жылқылары ауа райының құбылмалы жағдайына төзімді, жем - шөпті талғамайды, үнемі далада жайылымда жүріп күнелтеді.
- Қазақы жылқы тұқымын зерттеу тәсілдері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz