Қара көл қой тұқымын өсіру селекциялық жұмыстың негізгі әдісі


Аннотация
Бұл курстық жоба «Мал өсіру және селекция» пәні бойынша «Қара көл қой тұқымын өсіру селекциялық жұмыстың негізгі әдісі» тақырыбы бойынша жазылған курстық жоба 2 сурет, 1 кесте, 1 формула және 27 беттен тұрады.
Курстық жобада өз құрамында: кіріспе, әдебиеттік шолу, негізгі бөлім, техникалық бөлім, тіршілік қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
Нормативті сілтемелер
МЖМБС 2. 104 - 2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 - 68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 - 2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304 - 81 КҚБЖ (ЕСКД) . Ж. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321 - 84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
Анықтама
Құйымшақ биіктігі- құйымшақтың ең биіктігінен жерге дейін.
Кеудесінің тереңдігі- шоқтықтың биіктігінен төсіне дейін.
Кеудесінің енділігі-жауырын сыртынан екі жазық.
Кеуде орамы- жауырынның артынан кеудесін орап өлшейді(матамен) .
Сирақ орамы- сирақтың ең жіңішке жерін сантиметрмен лентамен өлшейді.
Сербегі аралық енділігі- мыңнан сүйектерінің алшақтығы.
Тұрқының қиғаш ұзындығы- жауырынмен қол жіліктің буыннан жамбастың артқы төмпешегіне дейін.
Қой-қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайтаратын жұптұяқты мал.
Шоқтық-жауырынның үстіндегі ең биік омыртқалар орналасқан дененің бөлігі.
Шоқтығының биіктігі - шоқтықтың ең жоғары нүктесінен жерге дейін.
Белгілер мен қысқартулар
т. -тонна
г. - грамм
кг. - килограмм
л. - литр
мл. - миллилитр
мм. - миллиметр
т. б. - тағы басқа
т. с. с. - тағы сол сияқты
№. - нөмір
%. - пайыз
см. - сантиметр
млн. - миллион
кДж. - килоджоуль
мДж. - мегаджоуль
салм. -салмағы
Мазмұны
Мазмұны . . .
Нормативті сілтемелер . . .
5
6
Қаракөл қой тұқымын таза өсіру селекциялық жұмыстың негізгі
әдісі . . .
Кіріспе
Қаракөл қой тұқымымен жұмыс жүргізу үшін тек білімдарлық жеткілікті емес, оған қаракөл қой тұқымына байланысты ерекше селекциалық терең білім қажет. Себебі қаракөл шаруашылығы селекциялық жұмысты кейбір жағдайлар-да зергерлік жұмыспен салыстырлады. Себебі қаракөл қойының селекциалық жұмысы маманнан бұйраның әртүрлі пішінде қалыптасуын, жүн жайының түр-түстерінің шабынының ұқыптылықты, ізденіс, байқағыштықты талап етеді.
Қаракөл қойын елтірі, ет, жүн тағы басқа түрлерін өндіру мақсатында өсі-реді. Алайда бұл түліктен алынатын негізгі өнім 2 - 3 күн шамасындағы жаңа туған қаракөл қозының терісі - елтірі. Қаракөл елтірісінің өзіне тән алуан түрлі бұйраларымен, жүн шабынының түрі - түсімен, әсем биязы және жылтырақ-тығымен ерекшеленеді. Кез - келген қозының жүні жылтыра бермейді. Қозылар жабынының жылтырақтағы тек қаракөл қозысына тән қасиет. Біз бұл қасиетті құдайдың қаракөл тұқымдасына берген сыйы деп түсінуімізге болады.
Қаракөл елтірісі сапасының жоғары болып, көзге әсем көрінуі оның туылу мерзімімен де байланысты. Егер қойдың ішін жарып алса жылтырақтығы күшті әрі жеңіл, әрі мықты болады. Жылтырағы күшті, әрі мықты қозыларды алу үшін кез - келген қойды емес, кәрі тісі жоқ қойларды, сапасы жоғары қошқарлармен әдейі шағылыстырып, ұрықтандыруымыз керек. Туылу мерзіміне 10 - 15 күн жетпей тұрып ішін жарып немесе сойып алады. Ішін жарып алған қозының салмағы 2, 5 - 3, 5 болса, қалыптысы 3, 5 - 5 кг болады. Неғұрлым ерте туылса соғұрлым оның жүні өскелең, елтірісінің сапасы жоғары болады.
Қаракөл қойының популяциясы әркелкі түске бай. Топағы әркелкіліктің сақталуы осы қой тұқымының сыртқы ортаның тұрақсыз климатына биімделу қабілетін арттырады. Негізінен қаракөл қойы өзінің атына сай көбнесе қара түсті болып келеді. Бірақ алтын, күміс түсті, сұр, ала көк, ашық сары, қоңыр қызғылт тағы басқа түрлері де бар.
Бұл жерде сұр деп отырғанымыз, күнделікті көріп жүрген сұрларымыз емес. Ғылыми тілдегі қаракөл сұрының бір талшығын алатын болсақ, төменгі жағы қара, не болмаса қоңыр жоғары жағы ақ немесе сары болып келеді . Соны қаракөлі дейміз.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қаракөл қой тұқымын өсіру селекциялық жұмыстың негізгі әдісі.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Қаракөл қой тұқымының шыққан тегі мен биологиялық ерекшелігі
Қаракөл қой тұқымының зерттеу тәсілдері
Қаракөл қой тұқымдарының зоологиялық және өнеркәсіптік жіктеу сипаты
Қаракөл қой тұқымын таза өсіру жолдары
Қаракөл қой тұқымын таза өсіру селекциялық жұмыстың негізгі
әдісі
1. Негізгі бөлім
- Әдебиетке шолу
1. 1. 1 Қаракөл қой тұқымының шыққан тегі мен биологиялық ерекшелігі
Қаракөл қойы - әдемі және қымбат бағалы елтірісі арқылы дүние жүзіне белгілі қой тұқымы. Ол бұдан 3-3, 5 мың жыл бұрын Орта Азия жерінде халықтық сұрыптау тәсілімен шығарылған. Оның 2-3 күндік сойылған қозыларының елтірісі өте сапалы болады. Қаракөл қойы құрғақ далалы, шөл-шөлейтті аймақта өсіруге бейімделген. Қатаң ауа райына шыдамды, тұлғасы берік, терісі жұқа, бірақ тығыз. 1990 жылдары Қазақстанда қаракөл қойының саны 6 млн болса, 2000 жылғы саны 2 миллион шамасында. Қаракөл қойы Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында өсіріледі. Қой шаруашылығы - қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының саласы. Халқымыздың тұрмыс тіршілігі, күнкөріс көзі қой шаруашылығымен тікелей тамырласып жатыр. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сөздерде терең ұғым бар. Мүшел жыл санауда қой 8-жыл. Қой да киелі түліктің бірі. Оның пірі - «Шопан ата» (кейде «Қошқар ата») деп аталады. Сондықтан Шопан атадан тілеу тілегенде «малды берсең, қойды бер» деп өтінген. «Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақжаулық, үшінші байлық - он саулық» деген ұғым қойға қатысты. Он саулықтың басын құрайтын кәсіптің иесі - қойшы (шопан) Қаракөл қойының дене бітімі деп организмнің нәсілдік қасиеті мен морфологиялық-физиологиялық құрылыс жиынтығы. Дене бітімі ерекшеліктері әрбір қойдың түр тұлғасын, өнімдік қасиеттерінен және сыртқы орта әсерлеріне жауап әрекеттерінен білінеді. Қорыта айтсақ, дене бітімі қойдың жақсылығын да, жамандығын да қалыптастыратын негіз, оның маңыздылығы осында.
Қаракөл қойының дене бітімінің негізгі қасиеттеріне мыналар жатады- Организмнің бірлігі
- Әр түрлі ден мүшелерінің формасы мен көлемінің және қызметінің организмінің бірлігіне сәйкес дамуы
- Нақтылы сыртқы орта жағдайларына бейімділігі мен орта өзгерісіне бейімделу қабілеті
- Нәсіліне тәуелділігі
- Сыртқы орта жағдайына жалпы бағыныштылығы
- Белгілі бір өнім беруге бейімділігі
- Жұқпалы ауруға шалдығуға бейімділігіне қарсы тұруға төзімділігі.
Әр қаракөл қой тұқымының өніміне сай дене бітімі болады, ол сол жергілікті өскен ортасына лайықты ортасына лайықты болады.
Кез келген организмнің өзіндік ерекшелігі болады. Малдың өзіне тән, басқалардан айырмашылығы бар дене бітімі болатыны даусыз. Бірақ қой арасында дене бітімі жағынан өзара ұқсастық бар екені де ақиқат нәрсе. Екі қойдың өнім бағыты, тіршілік ортасы ұқсас болған сайын, олардың дене бітімінің де ұқсастығы арта береді, яғни оларды дене бітімі жағынан бір топқа біріктіруге болады. Сонымен бірге дене бітімінің әр түрлі болатыны да шындық. Мәселе сол дене бітімі ерекшеліктерін, түрлерін ажырата білуде. Зоотехниялық тәжірибеде дене бітімін жіктеу қойдың дене бітімін жәй көзбен қарағанда анық көрінетін оның түр-тұлғасы мен кейбір морфо-физиоогиялық қасиеттері, ерекшеліктері арқылы ажыратуға негізделгенн.
Қой шаруашылығы әртүрлі қой тұқымдары еңбек құрамы болып табылады. Материалдық өндірістің барлық саласындағы сияқты, қой шаруашылығында да негізгі еңбек құрамы - қой тұқымы қоғамның дамуына сәйкес ұдайы жетілдіріліп отыруы тиіс
1. 1. 2 Қаракөл қой тұқымының зерттеу тәсілдері
Қаракөл қой тұқымын зерттеу үлкен бір өнеркәсіпті дамыту үшін жасалатын жағдай болып қалыптасуда. Қаракөл қой тұқымдарының тарихи маңыздылығына қарамастан, қазіргі уақытта олардың арасында нарықтық басымдық үшін ғана емес, сонымен қатар өмір сүру үшін бәсекелестік те өсіп барады. Бұл құбылыстың себебі негізінен тұтынушылардың мал шикізаты түрлеріне сұранысына байланысты. Қазақстандағы қаракөл шаруашылығының қалыптасуы қарсаңында сыртқы және ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие болған, елтірі алу мақсатында құйрықты етті-майлы қойларды қара түсті қаракөл қошқарларымен шағылыстырудың нәтижесінде етті-майлы бағыттағы құйрықты қойлардың басы барынша қысқарып кеткен болатын. Ал қазір керісінше, етке деген сұраныс етті бағыттағы қой тұқымын көбейтуге әкелуде.
Қаракөл шаруашылығы қой шаруашылығының ерекше саласын құрайды, ал қаракөл қойларының өте жоғары бейімделгіштік қабілеті, олардың таралуына және республиканың шөл және шөлейтті аймақтарында орналасқан шаруашылықтарда ет, сүт, жүн және жоғары сапалы қаракөл өндіру үшін қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан, республикамыздың шөлді-шөлейтті аймағын тиімді пайдалана отырып, қандастарымыздың тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін қаракөл өнімдерін өндірушілермен Ішкі істер, Қорғаныс, т. б. министрліктер келісім-шартпен екі жақты бірлескен мекеме аша отырып, әскери және ішкі істер қызметкерлеріне көк қаракөл елтірісінен, ал теңіз флотын қара қаракөл елтірісінен қажетті әскери киімдер шығару жағын ойластыру ең алдымен кең-байтақ еліміздің шөлді-шөлейтті аймағының негізін құрайтын қандастарымызды жұмыспен қамтамасыз етуге үлкен мүмкіншілік жасаған болар еді.
Мал шаруашылығы өнімдерінің заманауи өндірісі негізінен қой шаруашылығында басым ет алуға бағытталған. Соңғы уақытта мұндай бір жақты қарым-қатынас құйрықты етті-майлы қойларды өсіру ареалының жаппай кеңейюіне әкеп соқтырды. Осылайша шөлдің қолайсыз жағдайларына өте жақсы бейімделген және керемет түсті және реңді қаракөл өндіруге мамандандырылған әлем нарқында үлкен сұранысқа ие, қаракөл қойлары қатал экономикалық қысымға ұшырады және нарықтық баға жоғары болса да, ішкі нарықта бәсекелестіктен жасанды түрде шеттеп қалды.
Елтірілі-етті-майлы атырау және құйрықты қылшық жүнді қойлар өнімділіктері бойынша бірін-бірі өзара толықтырып отырады және олардың тұқымдары болашақ селекция үшін генетикалық материал көзі болып табылады. Әлемдегі елтірі қой шаруашылығының даму жағдайын сараптау - керемет әр түсті және реңді елтірі мен тез жетілгіш қозы және қой еті өндірісін ұлғайтуға бағытталғанын көрсетеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының елтірілі қой шаруашылығы үшін ғылыми-тәжірибелік тұрғыда керемет түсті және реңді құйрықты атырау қойларын өсірудің әдістерін жасау, бұл қойлардың жеке асыл тұқымды базасын құру, елтірі ассортиментін жаңа түстермен байыту және бәсекелестікке қабілетті отандық асыл тұқымды қойларды шығару өзекті мәселе болып табылады. Бұл мәселе, қолдан ұрықтандыру біткеннен кейін саулықтарды еркін қашыру кеңінен қолданылатын және асыл тұқымды қошқарлардың шығу тегін анықтауда өте қажетті, елтірілі қой шаруашылығында өте маңызды, өйткені шығу тегінде жоғары бағалы ата-енелері бар малдар барынша өнімді бола алады және қойларды қолдан ұрықтандыруда кеңінен қолданылады.
Жоғары өнімді малдардың басын және толық құнды азық-түлік өнімдері өндірісін ұлғайту заманауи мал шаруашылығының өзекті мәселесі болып отыр. Қазақстанның далалы, шөлді және шөлейтті аудандарында өзара ерекшеленетін 22 туыстық өзгерістегі қазақтың құйрықты қойлары ертеден өсірілген. Оларға Батыс Қазақстанда - еділбай, азғыр, әлім, адай, Орталық Қазақстанда - бағаналы, бесата, Жетісуда - шу, жаркент, Шығыс Қазақстанда - зайсан және басқа да тұқымдар жатады.
Аталған қой тұқымдарын шығаруда және жақсартуда Қазақстан ғалымдарының орны ерекше екендігін атап өткен дұрыс. Сонымен бірге, бұл қой тұқымдары мен тұқымдық топтарды жақсарту қарқыны әлі де болса жеткіліксіз екендігін атап өткен жөн. Елімізде селекциялық асылдандыру жүйесі қазіргі қой шаруашылығын дамытуда алға қойылған міндеттерге сай келмейді. Сондықтан да, қой шаруашылығын селекциялық жолмен асылдандыруда, оларды бағып-күтуде, еңбекті ұйымдастыруда, жемшөп өндіруде және мал азығын дайындау бағытындағы ғылыми-зерттеулерді кеңейтіп тереңдете түскен жөн.
Оның ішінде, ғылыми-зерттеулердің мынадай басым бағыттарына мән берген дұрыс:
- селекцияның, гендік инженерияның, биотехнологияның, генетикалық математикалық сараптаманың және бағдарлама жасаудың заманауи әдістерін қолдану арқылы тұқымдық қойлардың өнімділік және асылтұқымдық сапаларын жетілдіру;
- қой шаруашылығы өнімдері өндірісінің экологиялық таза технологияларын жасау;
- қойларды азықтандыруды жетілдіру және азықтың базасын зерттеу, мал азықтарының желінуі және құнарлылық құндылығын арттыру, егіндік және шабындық-жайылымдық мал азығы өндірісімен, мал азықтарын дайындау және сақтаудың қарқынды әдістерін, жаңа барынша толық құнды және қуаттылық сыйымдылығы мол мал азықтарын жасау бағытында зерттеулер жүргізу;
- жұқпалы ауруларды емдеу және олардың алдын-алудың әдістерін жасау;
- шағылыстыру және будандастыру әдістерімен өміршеңдігі жоғары тұқымды қойлардың отарларын құру;
- нарықтық қатынастарды, салалық стандарттарды, қой шаруашылығы өнімдерін сертификаттауды жетілдіру.
Қазіргі кезде жайылымдардың 90%-ы суландырылмаған және ішінара ғана пайдаланылады. Қой шаруашылығының жайылымдық жемшөп қажеттілігін қамтамасыз ету үшін табиғи жайылымдар мен шабындықтарды тиімді пайдалану жолдарын жасай отырып, олардың өнімділігін арттыру жөнінде іс-шараларды жүзеге асыру қажет.
1. 1. 3 Қаракөл қой тұқымдарының зоологиялық және өнеркәсіптік жіктеу сипаты
Қаракөл қой тұқымдарының зоологиялық сипаты оның өнеркәсіптік сипатынмен тікелей байланыста. Қаракөл қой шаруашылығы - қой шаруашылығының қаракөл қойын өсіретін саласы. Қ. ш. 1928 ж. Оңт. Қазақстан өңірінде “Шымқорған” кеңшарын құрудан басталды. Оған Өзбекстанның Бұхар және Самарқан облыстарынан таза тұқымды 5 мың қаракөл қойы әкелінді. Сонымен қатар әр түрлі жергілікті қойлар қаракөл қошқарларымен шағылыстырылды. Одан алынған будандар сіңіріле шағылыстырылды. 1941 жылға дейін қаракөл қойын өсіретін 13 кеңшар құрылды. 1941 - 45 ж. 7 кеңшар, 1946 - 52 ж. 3 кеңшар ұйымдастырылды. 1951 - 60 ж. 25 кеңшар құрылып, 1959 ж. Қазақстан бойынша 1 млн. дана қаракөл елтірісі дайындалды. 1960 - 80 ж. Қазақстанның Оңт. және Батыс өңірінің көптеген ұжымшарлары қаракөл қойын өсіруге бағытталып, Гурьев (қазіргі Атырау), Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Бат. Қазақстан және Оңт. Қазақстан облыстарында жаңадан 84 арнайы кеңшарлар құрылды. 1990 ж. қаракөл қойын өсіруге арналған шаруашылықтар саны 150-ден асып, жылына 2 млн. дана қаракөл елтірісі дайындалып, қаракөл қойының басы 6 млн. 200 мыңға жетті. Қазақстанның Қ. ш-ның өркендеуін 5 кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезең 1920 - 30 ж. Қазақстанда алғашқы мамандандырылған арнайы Қ. ш-н құрумен бірге қазіргі Оңт. Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында жергілікті құйрықты қойларды қаракөл қошқарлармен сіңіре шағылыстыруды жүргізу. Екінші кезең 1930 - 40 ж. Қазақстанның шөл және шөлейт жайылымдарын тиімді пайдалану мақсатында арнайы қаракөл ш-тары ұйымдастырылды. 1939 ж. Шымкентте сыртқы сауда Халық комиссариатының құрамына кіретін “Қазсовхозқаракөл” тресі ұйымдастырылды. 1941 жылға дейін Қазақстан бойынша 12 арнайы Қ. ш. болған. Әсіресе, Бат. Қазақстанда Қ. ш-ның дамуы кең етек алды. 1949 ж. “Гурьевқаракөл” тресі ашылды. Үшінші кезең1960 - 90 ж. - Қ. ш-ның өркендеу кезеңі. Қаракөл қойын өсіретін арнайы шаруашылықтардың саны 150-ге жетті (1980), жылдан-жылға мемлекетке өткізетін мал өнімінің көлемі ұлғая түсіп, 1984 ж. 2621 мың дана елтірі тапсырылды. Қаракөл қойының саны 6, 4 млн. болды (1989) . 1962 ж. Қазақ қаракөл ғыл. -зерт. ин-ты құрылды. Оның бөлімшелері Қызылорда, Жамбыл, Гурьев (Атырау) облыстарынан ашылды. Гурьевтегі бөлімшесі Маңғыстау және Бат.
Қазақстан облыстарының Қ. ш-тарына басшылық жүргізді. Қ. ш-ның бас басқармасы құрылып, 6 облыстың а. ш. басқармаларында Қ. ш. бөлімдері ашылды. Қазақ қаракөл ш. ғыл. -зерт. ин-ты мен Қазақ а. ш-н механикаландыру және электрлендіру ғыл. -зерт. ин-тының ғыл. қызметкерлері қаракөл елтірісін өндіру процестерін жан-жақты зерттеп, соның нәтижесінде қаракөлше қозының терісін сыпыру конвеерлік жүйеге қойылды. Орта буынды мамандарды дайындау тек қана Қапланбек және Жамбыл а. ш. техникумдарында жүргізіліп келсе, 1969 ж. Алматы зооветеринарлық ин-тының зоотех. ф-тінде жоғары білімді мамандар дайындайтын бөлім ұйымдастырылды және Қазақ қаракөл ш. ғыл. -зерт. ин-тында тұрақты жұмыс істейтін, мамандығын жетілдіретін курстар ашылды. Ғыл. жетістіктерді өндіріске ендіру, мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын салалы жүйеге түсіру, малды азықтандыру мәселелерін жетілдіру нәтижесінде дербес асыл тұқымды мал қоры жинақталып мемл. асыл тұқымды шаруашылықтар құрылды. Сонымен қатар, шөл және шөлейт аймақтардың жайылымын жақсарту жұмысы да кеңінен қолға алынып, жайылымға жабайы өсетін шөптің ұрығын сеуіп, оның өнімділігін бірнеше есе көбейтуге қол жеткізілді.
Өсірілетін жеріне бейімделген, жоғары сапалы өнім беруге бағытталған 14 жаңа з-ттық типті мал түрі бекітіліп, дүние жүзінде теңдесі жоқ атыраулық құйрықты елтірі - ет, май өнімдерін өндіретін қой тұқымы шығарылды (1974 - 98) . Төртінші кезең. 1990 - 98 ж. Қ. ш-нда ондаған жылдар бойы жүргізілген сұрыптау, асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде пайда болған асыл тұқымды мал басы күрт төмендеді. Қаракөл қойының 1582, 0 мың басына дейін азайып, ал елтірі өндіру 17 есе кеміп - 101, 3 мың болды. Асыл тұқымды мал басының үлесі 50%-дан 8, 5%-ға дейін төмендеп, 108, 4 мың басты құрады. Бесінші кезең 1999 жылдан басталады. Кейінгі жылдары қаракөл қойының саны жылдан жылға көбеюде. Мыс., республика бойынша 2001 ж. 1281, 1 мың, 2002 ж. 1881, 1 мың, ал 2003 ж. - 2011, 5 мың бас болды. Түрлі меншіктегі асыл тұқымды қаракөл қой ш-ның саны 27-ге жетіп, онда өсірілетін асыл тұқымды қой 136, 7 мың басты құрайды.
Қазақстан ғалымдары мен мамандарының көп жылдар бойы, арнайы бағытта жүргізген мал тұқымын асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде: Жамбыл обл-нда қара түсті қаракөл қойының төгіскендік з-ттық, көк түсті қаракөл қойының таластық типтері мемл. сынақтан өтті. Бұхарлық сұр түсті қаракөл қой тобы Оңт. Қазақстан обл., “Сүткент” асыл тұқымды з-тында, “Шардара” асыл тұқымды ш-нда және Бат. Қазақстан обл. “Тайпақ” асыл тұқымды ш-нда шығарылды. Қызғылт түсті қаракөл қой тобын шығару әдістемесі Созақ ауд., “Жарты-Төбе” ш-нда жүргізілді. Атыраулық қой тұқымы өте жоғары бағалы елтірі береді, құйрығының пішіні құйрықты қойға тән әрі тез жетілгіш. 1995 - 2000 ж. қаракөл қойының қарақалпақ сұры шамшырақ реңді әлімтаулық з-ттық типі, “Байырқұм” асыл тұқымды з-тында - бұхарлық сұр з-ттық типі, “Темір” асыл тұқымды з-тында көк қаракөл қойының көгілдір реңдісі, көгілдір реңді көк қаракөлдің сырдариялық з-ттық типі, қола реңді сұрхандария сұрының тартоғайлық з-ттық типі, қара түсті қаракөл қойының өсімтал қожатоғайлық типі, созақтық жакеттік типі бекітілді.
Қой тұқымдары нақты міндетке байланысты екі түрлі жүйенің біреуіне ғана зоологиялық немесе өндірістік болып жіктеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz