Қой шаруашылығы. Қой шаруашылығындағы селекциялық жетістіктер


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

бет

Нормативтік сілтемелер
Нормативтік сілтемелер: Анықтамалар
:
Нормативтік сілтемелер: Қысқартылған сөздер мен белгілеулер
:
Нормативтік сілтемелер: Кіріспе
:
Нормативтік сілтемелер: 1 Негізгі бөлім
:
Нормативтік сілтемелер: 1. 1 Әдебиетке шолу
:
Нормативтік сілтемелер: 1. 1. 1 Қой шаруашылығы
:
Нормативтік сілтемелер: 1. 1. 2 Қой малдарын шағылыстыру
:
Нормативтік сілтемелер: 1. 1. 3 Қой тұқымдарының жіктелуі
:
Нормативтік сілтемелер: 1. 1. 4 Саулықтар мен қошқарды жұптау
:
Нормативтік сілтемелер: 1. 2 Технологиялық бөлім
:
Нормативтік сілтемелер: 1. 2. 1 Қой шаруашылығындағы селекциялық жетістіктер
:
Нормативтік сілтемелер: 2 Тіршілік қауіпсіздігі
:
Нормативтік сілтемелер: Қорытынды
:
Нормативтік сілтемелер: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
:

К

кіріспе

Қазақстанда қой шаруашылығы басқа мал шаруашылықтарының ішінде ерекше орын алады. Оған басты себептердің бірі, бұл республикада табиғи жайылымдардың кеңдігі және басқа да азық-түлік қорының молдығы болып есептеледі. Айталық, 223 млн. гектар ауыл-шаруашылығына бөлінген 180 млн. гектары таулы, шөлейтті, табиғи мал жайылатын жайылым болып келеді. Онымен қоса қой шаруашылығынан халықтың мұқтажына керекті ең құнды заттар алады, олар: жүн, тері, ет, сүт, елтірі, май, сүйек тағы басқалар. Бұлардың ішіндегі халыққа ең керектісі, бағалысы жүн өнімі. Себебі жүннен неше түрлі құнды да бағалы киімдер тігіледі, басқа да адам өміріне керекті әр түрлі заттар бұйымдар жасайды. Қаракөл қозыларының терісі тек біздің елде емес басқа шет мемлекеттердің өзінде үлкен құндылықпен бағаланады. Соңғы кезде қой терісінен жасалатын неше түрлі сәнді тондарға баға жоқ.

Қой шаруашылығының халыққа беретін өнімдердің ішінде қой еті де жеке орын алады. Орта Азия республикаларында Қазақстанда қой етінің өнімінің сыбағалы салмағы 29-31 % -ке жетеді. Түркімен республикасында 50 %-ке дейін барады.

Қазақстан жалпы қой басынан, жүн және ет өндіру көрсеткішінен бұрынғы Кеңес Одағында екінші орын алады. Бірінші орында-Ресей. Ерте кезде Қазақстанда негізінен қылшық жүнді етті-майлы қой тұқымдары өссе, кейін айталық біздің республикада жаңадан биязы, биязылау жүнді, етті биязылау жүнді қой тұқымдары пайда болды.

Қой малы басқа үй хайуанаттарымен салыстырғанда қолға ерте үйренген. Олардың шығу тегіне келетін болсақ жалпы биология ғылымының негізін қалаушы Ч. Дарвин ғылыми дәлелді тұжырымдардың жеткіліксіздігінен қой тегінің шығуы туралы дәлелді болжам жасаудан бас тартқан.

Қазіргі кезде Ю. Кюк, Нерины, Паллас, Келлер және басқа да ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде мынадай ғылыми болжам жасалды: үй қойларының арғы шығу тегіне қазіргі уақытта кездесетін муфлон, арқар, аргали және жалы бар жабайы қойлар жатады. Муфлондар тау муфлоны және дала муфлоны болып екіге бөлінеді. Тау муфлонынан роман, шотланд ж. б. қысқа құйрықты қой тұқымдары тараған. Дала муфлоны немесе арқар-ұзын жіңішке құйрықты және ұзын майлы құйрықты, қой тұқымдарын арғы тегі деп есептелінеді. Дала муфлоны тау муфлонына қарағанда ірілеу, мүйізділеу болып келеді. Денесінде қысқа қылшық жүндер өседі. Түр-түсі біртегіс қызғылт қошқыл болады. Аргали-құйрықты қойлардың арғы тегі қазіргі жабайы қой түрлерінің ең ірісі. Тірілей салмағы 180-200 кг. Ірілерінікі 240 кг. дейін барады.

Жабайы қой мен үй қойының тағы бір биологиялық айырмашылығы жүнінің түрінде. Жабайы қойларда жүннің түрі қорғаныс қасиетіне қарай қара көк, қоңыр т. б. болып өзгереді. Ал үй қойларында бұл қасиет мүлдем жойылған. Онымен қоса жабайы қойларда жүннің қылшығы өте ірі ұзын, түбіті ұзарып, әрі тығыз, жүн қылшықтары жіңішке, қысқалау болады.

Қойдың басқа малға қарағанда биологиялық ерекшеліктерінің бірі бас сүйектерінің бейнесі. Қойдың басы сүйір, жақ сүйектері ұзын, тұмсығы үшкір, еріндері икемді, тез қимылдағыш, тістері өткір, ұсақ келеді. Бұл қасиет қойдың жерден шөпті тез тауып жеуіне қолайлы және ыңғайлы. Бұған қосымша қой басқа үй хайуандарына қарағанда шөптің 544 түріне жуығын таңдап жейді, бұның ішінде басқа ауыл шаруашылық малдары жемейтін арам шөптерді де олар жақсы жей береді. Сондай-ақ қойдың қабылдаған жем-шөпті қорыту қабілеті де басқа малдардан жоғары. Осыған орай, қой ішегінің ұзындығы өзінің денесінен 30 есе ұзын, ал ірі қараның ішегі 20-22 есе ғана ұзын. Организмде қабылданған қоректік заттың ең көбі малдың жас кезінде пайдаға асады. Бұл кезде қой сапалы ет өнімін, ал 2-3 жасында ең көп жүн және ет беретіндігі тәжірибе жүргізу арқылы дәлелденген. Қойдың бұл биологиялық қасиетінің әрбір селекционордің селекция жұмысын жүргізуі үшін өте үлкен маңызы бар. Қойды басқа малмен салыстыра отырып, лоардың биологиялық ерекшеліктерін еске алу жолында селекционерлердің аса бір көңіл аударатыны қойдың өсіп-өну ерекшеліктері. Қой ең өсімтал түліктің қатарына жатады. Қой өсімталдығы жағынан қоян мен шошқадан қалып, ал ірі қара, жылқы, түйе малдарынан алда-келеді. Әрбір 100 саулықтан орта есеппен алғанда 140-150 қозы алуға болады. Ал роман, қаракөл тұқымды қойларда 100 саулықтан 200-ге дейін төл алуға болады. Қойдың жыныс органдарының жетіліп, күйлей бастауы олардың 5 айлық шамасында ақ байқалады, бірақ бұл уақытта оларды ұрықтандыруға болмайды. Әдетте алғашқы ұрықтандыруды 18 айға толғанда, ал тез жетілгіш қой тұқымдарын 10 айдан асқан кезде ғана жүргізу қажет. Бұл кезде қой организмі толық өсіп жетіледі. Осы кездегі тоқтының салмағы (ұрықтанар алдында) сол тұқымдас ірі қой салмағының 75-80 % жетуі қажет. Қой ұрықтанғаннан кейін, орта есеппен алғанда 150 күннен соң қоздайды. Кейбір романов тұқымдағы қойлар қозыны 140 күндей көтереді. Сол себепті қойды қошшқардан шығып қоздағанға дейінгі мерзімін 140-155 күн деп есептейді. Әр тұқымды қой да әр түрлі уақытта қоздауы мүмкін. Ол әрбір қойдың жеке басының қасиетіне, іштегі төлінің ірі, ұсақтығына және оның еркек ұрғашысына да байланысты. Төлдің іште жатып өсіп жетілуіне де өзіндік ерекшеліктері бар. Жалпыға тән эмбриондық және постэмбриондық өсіп жетілудің өзі бір белгілі тарихи заңдылыққа байланысты екені белгілі. Осыған орай іште жатып жетілуінің заңдылығын толық меңгермейінше селекция жұмысын ойдағыдай жүргізу қиынға түседі. Қойдың ең жылдам өсіп-өнетін мерзімі оның жас кезі болса, ал сол кезде жем шөп жеткіліксіз болып мал керекті мөлшерлерінен төмен қоректенетін болса, онда қой өспейді де салмағы, жүн өнімі артпайды.

1 Негізгі бөлім

  1. Әдебиетті шолу

Инбридинг дегеніміз - туыстық жақындығы бар жануарларды жұптастыру жүйесі. Туыстас малды жұптастыру тұқымды таза өсіруде, тұқым түзуде, аталық іздер бойынша өсіруде кеңінен қолданылатындықтан, оның тұқым асылдандыру жұмыстары жүйесінде алатын орны мен мәнін қарастырайық.

Инбридинг жөніндегі ілім ертеде-ақ пайда болған. Арабтарда XIII ғасырда-ақ инбридингтің асыл тұқымды жылқылардың ұрпағына теріс әсер ететінін көрсететін көптеген фактілер жинақталған. Адамдар қан араласуының зиянды әсерін білген де туыстас малды жұптастыруға тиым салатын қатаң заңдар да қолданған. Алайда, жоғарыда айтып өткеніміздей, капитализмнің даму кезеңінде көптеген елдерде тұқым түзілу процесі қауырт басталды. Рынок талаптарына сай келетін жаңа тұқымдар шығару инбридингті кеңінен пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Тұқымның негізін салушылардың бірқатар ұрпақта бекітілуі, әдетте, тығыз инбридингті қолдану арқылы жүргізілді. Шортгорн тұқымының негізін салушы Губбактың, жылқының орлов тұқы-мындағы Барс 1-дің, шошқаның украиндық далалық ақ тұқымындағы Аскания 1-дің тұқым қуалаушылық қасиеттерін бекіту жұмыстары да осылай өткен.

Өткен ғасырдың белгілі селекциөнері Р. Беквелл тұқымның негізін салушылардың аса көрнекті қасиеттерін ұрпағында орнықтыру мақсатында кез-келген дәрежедегі инбридинг пайдалануды жаңа тұқымдар шығарудың негізі деп есептеді. Инбридингті жануарларды мол азықтандыруға ұштастыра отырып, экстерьері жөнінде мақсатты сұрыптау және аталықтар ұрпағының қасиеттеріне қарай бағалауда қолдану Р. Беквеллге зор абырой әкелді. Ол және оның шәкірттері ірі қараның (шортгорн және герефорд), жылқының (шайр), қойдың (лейстер), шошқаның (ірі ақ) тамаша тұқымдарын шығарды. Х. Уайтсон ірі қараның абердин-ангус етті тұқымын шығаруда да инбридинг пайдаланды. А. В. Ланина Х. Уайтсонның табынында не бары 6 тоқал қара сиыры, 10 тайынша мен бір ғана бұқа ұстағанын атап көрсетеді. Ол сондықтан да тығыз инбридингті қолдануға мәжбүр болған.
А. Х. Орлов пен В. И. Шишкин орловтың желісті жылқысын шығаруда инбридингті шебер пайдаланған. Олар тұқымның типін өзгерту және туыстас малды жұптастырудың зиянды салдарын бәсендету мақсатында тығыз инбридингті және аталық іздер бойынша өсіруді, сондай-ақ будандарды бастапқы тұқымдардың (голланд) бірімен қайталап будандастыру тәсілін пайдаланды. С. И. Бестужев ірі қараның бестужев тұқымын шығаруда әр түрлі типті және туыстық дәрежесі түрліше инбридинг қолданды.
Алайда тығыз инбридингті өте кең, кейде ойланбастан, ешқандай мақсатсыз қолдана беру көптеген зауытшылар үшін үлкен зиян келтіргеніне де назар аудару керек. Тығыз инбридингті жүйесіз қолдану жануарлардың өнімділігі мен өсімталдығын, дене бітімінің мықтылығын кемітті. Жақсы табындар жүдеп, нашарлай бастады, оның ішінде мысалы, дүние жүзінің басқа да елдеріне жеткізілген малдың әйгілі шортгорн тұқымының сапасы төмендеп кетті. Осының нәтижесінде инбридингке деген көзқарас та өзгерді. Сөйтіп бұл әдіске күдікпен қарай бастады. Р. Беквеллдің шәкірттері ағайынды Коллингтер шортгорн тұқымында туыстық жұптастырудың зиянды салдарын өз замандастарынан ертерек түсініп, бұл жануарларды, тіпті, галловей тұқымының бұқаларымен будандастыруға мәжбүр болды. Ол кезде туыстас малды жұптасты-рудың зиянды зардаптарының себептерін түсіндіретін теория болмаса да, инбридингтен сақтана бастады.

Инбридингке деген ынта XIX ғасырдың аяғында ғана қай-тадан көтеріле бастады. Тұқыммал кітабын талдау, көптеген зауыттық тұқымдардың шығу тарихын зерттеу тұқым түзілуіндегі инбридингтің тиімді ролін көрсетті. П. Н. Кулешов ұзаққа созылатын тығыз инбридингті тиімсіз деп есептегенімен, туыстас мал жұптастыру әдісін қолдануды ашық қорғап шықты. Алайда желісті жылқылардың орлов тұқымын шығару мысалында П. Н. Кулешов, одан соң Д. А. Кисловский тұқым шығаруда ғана емес, сонымен бірге тұқымның әйгілі аталық іздерін қалыптастырып, жетілдіруде де қалыпты инбридингтің пайдалы болатынын көрсетті. Тұқым түзудің ғылыми әдісінің негізін қалаушы М. Ф. Иванов та инбридингті селекциялық жұмыстың қажетті әдісі деп есептеді.
Генетиктер XX ғасырдың басынан инбридингтің ролі мен маңызы, оның биологиялық мәні жөніндегі мәселені шеше бастады. С. Райт теңіз шошқаларына жүргізген тәжірибелерінде инбредтелген 23 семьяда 20 ұрпақ (буын) бойы ағасы х қарындасы үлгісімен туыстас жұптастыру қолданған. Инбредті 20 ұрпақ (буын) теңіз шошқаларын өсіру барысында 35 аталық іздің 27-сі жойылып кеткен. Қалған аталық іздердің тіршілік қабілеті, тірілей массасы мен өсімталдығы кеміген. Инбредті аталық іздердің жануарларын өзара шағылыстыру ұрпақтың сапасын біраз жақсартуға да себепші болған.
Мал тұқымын жақсартуда инбридингті қолдану жөніндегі С. Райт қорытындыларының өте зор маңызы бар. Әдеттегі селекциямен тұқымды генетикалық жақсартудың өте баяу өтетіні мәлім. Инбредті аталық іздерді шығару, кейін оларды өзара будандастыру (аталық іздер кросстары) бастапқы популяцияға қарағанда, едәуір жоғары класты гетерозиготалы популяция алуға мүмкіндік береді. Бұған жай селекция арқылы жету өте қиын. Популяцияны одаң әрі жақсарту бүкіл процесті қайталауды қажет етеді, яғни жаңа инбредті іздерді окшаулауды, оларды будандастыруды және жаңа популяциялар шығару үшін таңдаулы кросстарды сұрыптауды талап етеді.
Бірқатар американ ғалымдары инбредті популяцияларда инбридингті 1% арттырудың өзі ғана тауықтардың жұмыртқалағыштығын кемітіп (0, 4 жұмыртқаға), олардың балапан-дарының өлім-жітімін арттыратынын (орта есеппен 0, 55 пайызға) анықтаған.

Глембоцкийдің мағлұматарына қарағанда, қойдың прекос тұқымын инбредтегенде іш тастаған саулықтардың саны туыстас емес малды жұптастырумен салыстырғанда 2 есе көп болған. Инбридингтің ұрпақ қасиеттеріне теріс әсер ететіні ірі қарадан да анықталған. Мәселен, Нильсон-Эле мен Д. Лаш инбредті жануарлардың өсуі бастапқы даму кезеңінде баяу болатынын атап көрсетеді. Лейбен Калифорнияда инбридингті ірі қарада пайдаланудың көп жылдық тәжірибелерінің мағлұматтарына сүйене отырып, инбридинг артуының әрбір пайызына сүттілік 210 фунтқа, ал сүт майы мөлшерінің 0, 9 фунтқа кемігенін хабарлайды. О. А. Иванова мен Е. Я. Борисенко инбридингтің сиырлар өсімталдығы мен бұзаулардың тіршілік қабілетіне теріс әсер ететінін анықтаған. Ғалымдардың көптеген жануарларға жүргізген көлемді зерттеулері бірқатар шаруашылыққа пайдалы белгілері нашарлап бара жатқан ұрпақтың қасиеттеріне тығыз инбридингтің теріс әсер ететіні жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Туыстас малды жұптастырудың зиянды әсерін инбредтік депрессия немесе инбредтік дегенерация деп атайды. Белгілі бір тұқымның ішіндегі әр түрлі популяцияларға инбридинг түрліше әсер етеді, инбредтік депрессия дәрежесі әр түрлі болады. Бұл популяцияның бастапқы гетерозиготалылығының түрліше болуына байланысты, өйткені ол жануарлардың жоғары тіршілік қабілетін, өнімділігін және мықты дене бітімін қамтамасыз етеді. Шошқа, жылқы және құс инбридингтің зиянды зардаптарынан күшті зиян шегеді. Кезінде Ч. Дарвин өзінің 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізген бақылаулары мен тәжірибелерінің негізінде тіршіліктің ұлы заңын тұжырымдады. Бұл заң бойынша бүкіл жандының бәрі өздерімен қандық туыстығы жоқ дарақтармен кездейсоқ будандасудан пайда табады, ал ұзаққа созылатын туыстастардың жұптасуы зиян келтіреді.

Ч. Дарвин туыстас жануарлардың жыныс клеткаларының өте ұқсастығы инбридингтің зиян келтіруінің басты себебі деп есептеді. Мұндай ұқсас жыныс клеткаларының қосылуынан организмнің қоршаған ортадағы өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделуін тарылтатын жұтаң тұқым қуалаушылық пайда болады. Туыстас жануарлардың жыныс клеткаларының жеткілікті дәрежеде әр түрлі сапада болмауы - инбредтік депрессияның (Дарвин бойынша) негізгі себебі. Осы заманғы генетика тұрғысынан қарағанда туыстас малды жұптастырудың зиянды әсер ету себебі инбредті жануарларда гомозиготалылықтың өсуі болып табылады. Генетиктер организмде өлімге душар ететін гендердің болатынын және олардың, әдетте рецессивті күйде кездесетінін анықтады. Инбридинг кезінде гомозиготалылықтың күрт артуына байланысты мұндай гендердің гомозиготалы күйге өту мүмкіндігі де артады, ал бұл инбредті жануарларда ауытқушылықтың тууына себепші болады. Инбридинг кезіндегі гомозиготалық тіршілік қабілеті төмен рецессивті гомозиготалардың пайда болуына, гетерозиготалардың жиілігінің кемуіне (бұл организмнің тіршілік қабілетін айтарлықтай кемітеді), гендер комбинациясының өзгеруіне ұштасады.

Әр түрлі авторлардың мағлұматтарын қорыта келе, ірі қарада инбридинг кезінде 40-тан астам гомозиготалы летальды, кемістіктері мен ауытқушылықтары - тұқым қуалайтын кариотиптері кездеседі деуге болады. Біздің асыл тұқымды мал табындарымызды бұлардан тазарту қажет. Сиырларда олардың көбею қабілеті мен өсімталдығына әсер ететін, туа біткен 23 кемістік табылған. Инбредті аталықтарды қарқынды пайдаланудан табын мен тұқымдағы рецессивті летальдардың тез таралуы мүмкін. Мәселен Е. К. Меркурьеваның хабарлауынша, Швецияға Нидерландыдан әкелінген Дольф атты голштин бұқасы жүнсіздік генін таратушы болған, ал А100 - А - 48 остфриз бұқасы бұзаулаудың аяқсыз туатын генін таратқан. Бұл аталықтар асыл тұқымды табындарға көптеген зиян келтірді. Инбридинг кезінде көбіне жануарлардың тіршілік қабілеті мен олардың өнімділік артықшылықтары үшін аса маңызды болып табылатын аллельдердің жойылуы байқалады. Олардың жоқтығы да инбредті депрессияның себебі болуы мүмкін.

Инбридинг кезіндегі биологиялық процестер тұқым қуалаушылық үшін ізсіз өтпейді, олар оны өзгертеді. Алайда мұндай өзгерістерді организмнің бір жақты зақымдалуы ретінде қарастыруға болмайды. Бұл өзгерістер организмді тіршілік процестері өтетін басқаша жағдайларға қояды, организм олармен әрекеттесіп, жеңіп шығуға тырысады. Егер ол жеңіп шықса, онда тұқым қуалаушылықта жаңа белгі пайда болады. Инбридингте жаңа белгілердің пайда болуы тек мутациялардың есебінен жүзеге асады. Инбридингтің әсерімен организмде терең анатомиялық-физиологиялық қайта құру жүреді, ол организмнің қарсы тұра алушылығы мен өсімталдығын кемітіп, ұрпақтың ұсақтауына себепші болады.

Қазіргі кезде, қолдан ұрықтандыру, ең таңдаулы аталық-тардың спермаларын ұзақ сақтау, зиготалар трансплантациясы қолданылып отырған жағдайда стихиялы, яғни бақылаусыз инбридингтің қаупі артып отыр.
Туыстас малды шағылыстырудың негізгі мақсаты - белгілі бір аса көрнекті ата-тектің нақты белгілері бойынша тұқым қуалайтын ерекшеліктерін сақтау. Инбридинг мақсатты түрде және белгілі бір, өте мол өнімді жануарды пайдалануда ғана жүргізілуі тиіс.

Мал шежіресі бойынша инбридинг дәрежесін анықтау. Біртекті жұп таңдаудың ең жоғары сатысы инбридинг, яғни туыстастарды шағылыстыру. Инбридингтің биологиялық салдары өте күрделі және ол әлі толық зерттеліп болмаған құбылыс. Дегенмен ата-енесінің жақсы қасиеттері берік сақталған және тұқымдық қасиеттері өте жоғары жекелеген ұрпақ алудың қазіргі уақытта сенімді жолы инбридингті пайдалану болып есептеледі. Сондықтан, кез-келген сұрыпталатын немесе таңдап алған малдың ата-енесінің туыстық арақатынасын біліп, қолданылған шағылыстырудың түрін (ин¬бридинг пе, аутбридинг пе) анықтаудың маңызы үлкен.

Кез-келген малдың алыну жолында инбридинг болған-болмағанын оның шежіресі бойынша тез де оңай анықтауға болады. Ол үшін, әуелі шежіреде енесі жағынан да, әкесі жағынан да қайталанып кездесетін ата-бабаның бар-жоғын анықтау қажет. Егер екі жақта да кездесетін ата-баба болса, онда тексеріліп отырған малдың ата-енесі бір-бірімен туыстас бол¬атыны, яғни оның туыстас малды шағылыстыру (инбридинг) арқылы алынғанының дәлелі.
Инбридингтің жағымды немесе жағымсыз, зиянды әсерінің білінуі шағылыстырып отырған қандас малдың туыстық дәрежесіне байланысты. Сондықтан екі малдың бір-біріне туыстық дәрежесін және инбридинг коэффициентін анықтайтын бірнеше тәсілдер қолданылады.
Селекция тәжірибесінде инбридингті жіктеу үшін Шапоруж бен Пуш тәсілі жиі қолданылады. Шапоруж шежіреде әрі ата, әрі ене жағында кездесетін, яғни ортақ ата-тек орналасқан шежіре қатарының реттік нөмірін рим цифрларымен және арасына сызықша салып көрсетуді ұсынды. Ата-баба қатарының реттік санын санау пробандтан басталады, яғни әке мен ене қатары бірінші (I), аталар мен әжелер қатары екінші (II) деп, әрі қарай кете береді. Мұнда, әуелі ортақ атаның ене жағындағы орналасқан қатарлары жазылады да, сызықша қойылады. Сызықшадан кейін ортақ атаның шежіреде әке жағынан орналасқан қатарларының реттік саны көрсетіледі. Мысалы II - III деген жазу, ортақ атаның шежіренің ене жағындағы екінші қатарда, ал әке жағынан үшінші қатарда орналасқанын көрсетеді; немесе II, IV - III деп жазылса, онда ортақ ата - енесі жағынан екі рет - екінші және төртінші қатарларда, ал әке жағынан - үшінші қатарда орналасқандығын көрсетеді.
Пуш пен Шапоруж тәсілін пайдалану арқылы инбридинг дәрежесін жіктеудің төмендегі жүйесі ұсынылады.

Сонымен, мал шежіресіне талдау жасаған уақытта алдымен ондағы қайталанатын (бірнеше рет кездесетін) ортақ ата-тек орналасқан шежіре қатарының реттік санына қарап, инбридинг дәрежесін анықтау қажет. Себебі инбридингтің генетикалық әсері шағылыстырылған мал туыстығының алыс-жақындығына тікелей байланысты.

1. 1. 1 Қой шаруашылығы

Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі саласы

Қой сүтқоректілердің жұптұяқтылар отрядының күйіс қайыратын дар тобына жатады. Қой мен ешкілерді ұқсастық белгілеріне сәйкес бір топқа біріктіреді. Екеуін төрт түліктің бірі деп есептейді.

Қой бұдан 10-11 мың жыл, ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қойдың жабайы арғы тегі - жабайы қой муфлон және арқар таулы алқаптарда таралған. Қойдың алғаш қолға үйретілген орталықтары: Жерорта теңізінің маңы, Орта Азия, Қазақстан, Орталық Азия, Оңтүстік Африка.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Қаракөл терілері - қаракөл қойларының негізгі өнімі
Қаракөл қойы туралы түсінік
Жұп таңдау қаракөл тұқымын әр текті жұптау ерекшеліктері
Қаракөл қойларының селекциялық ерекшелігі
Қой тұқымын асылдандыру жұмысын жоспарлау
Қаракөл қойының биологиялық ерекшеліктері
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының биологиялық ерекшеліктері
Қой шаруашылығы – қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының саласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz