Қозының алиментарлық дистрофиясын зерттеу


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Минералды заттардың белгілі мөлшері қарында, негізгі массасы - ащы ішектің шырышты қабығында, ал бірен-сараны тоқ ішекте сіңіріледі.

Сіңірілген минералды заттар клеткааралық кеңістік арқылы қан (жарым жартылай лимфа) жүйесінде, ал одан шажырқай арқылы ең аяғында бауырға және алдыңғы қуыс көктамырға келеді. Содан кейін бүкіл организмге тарайды да клеткалар мен тканьдер оларды пайдаланады. Бауырда және басқа да органдарда минералдық заттардың біраз бөлігі шоғырланады. Азықтың сіңірілуі, оның минералдық құрамына, малдың минералды элементтерге деген қажеттілігіне, азықтағы басқа заттардың қатысуына, жасына және т. б. байланысты.

Макро- және микроэлементтердің организмде маңызды органдар мен тканьдерде белгілі бір заңдылықпен шоғырлануын байқаймыз. Мәселен, кальций, магний, фтор, қорғасын және т. б. сүйекте, темір-жілік майында, көк бауырда, мырыш пен марганец - ұйқы безінде, калий - клетка ішінде, натрий - клеткадан тыс сұйықта шоғырланады.

Минералдық алмасудың ақырғы өнімдері организмнен несеппен, термен, және нәжіспен шығарылады.

Несеппен натрий, калий, күкірт, фосфор, кальций, кобальт, магний, хлор, бром, бор, иод және басқа элементтер шығарылады. Натрий және калий - хлоридтер, сульфаттар, күкірт - сульфаттар және қос құрамалар, ал фосфор - фосфор қышқылының орта және қышқыл тұздары түрінде организмнен шығарылады.

Нәжіспен бірге ең алдымен темір, кальций, мыс, аллюминий, мырыш, молибден, жалпы айтқанда ауыр металдардың әр түрлі тұздары түрінде шығарылады.

Минералды заттар, әсіресе микро-макроэлементтер, мал организміндегі көптеген биологиялық белсенді қосылыстар - ферменттер, гормондар, витаминдердің құрамында әртүрлі физиологиялық және биохимиялық процестерге қатысады. Белоктың түзілуі, тұқым қуалаушылық, жүйке жүйесінің қызметі осы элементтердің алмасуымен тікелей байланысты.

Қазақстан ғалымдарының зерттеулеріне сүйене отырып республикамыздың биогеохимиялық картограммасы жасалған. Соның негізінде:

Азыққа микроэлементтерді қосу мөлшері анықталды;

Мол өнім алуға, ол өнімнің сапасының артуына жол ашылды;

Курстық жұмыстың мақсаты - қозының алиментарлық дистрофиясын зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1. 1 Магний, кобальт, марганец жетіспеуінен болатын аурулар

Магний. Зат алмасу процестерінде кальциймен және фосформен тығыз байланысты элемент. Мал организмінде 0, 035 -0, 05 % көлемінде шоғырланады. Магний АТФ пен миозиннің, р-РНҚ, т-РНҚ -ның араларында көпірше қызмет атқарады. Ол митохондрияның бірегейлі құрылымының сақталуын қамтамасыз етіп, онда тотықтыра фосфарлауды жүзеге асырып, АТФ-ның түзілуін ұлғайтады. Бұлшық ет АТФ-азасын, фосфатазаны, енолазаны, карбоксилазаны активтендіреді. Магний дене температурасын реттеуге қатысады, иммуноглобиннің биологиялық түзілуін активтендіреді.

Магний қарында және он екі елі ішекте сіңіріледі. Организмнен несеппен, нәжіспен және термен шығарылады.

Магнийдің жетіспеушілігі немесе оның алмасуының бұзылу салдарынан малда гипомагнемия байқалады. Мал шығынға ұшырайды. Балапандарды магнисіздендірілген жасанды (синтетикалық) рациондармен азықтандырғанда олар небәрі 6-8 күндей ғана тіршілік етеді. Мекиен тауықтардың жұмыртқалағыштығы төмендеп, жұмыртқадағы магний көлемі азаяды, балапан шығымы бәсеңдейді.

Шошқалардың азық құрамында магнийдің жетіспеуінен пайда болатын ауру, кальцийдің аздығынан туындайтын тетанияға қатты ұқсайды.

Сақа күйіс қайыратын малдың гипомагнемиясы «жайылым тетаниясы» атымен белгілі. Магний жетіспеуі салдарынан бүкіл микроэлементтер байланысының бұзылуына әкеп соғуы ықтимал. Мұндай ауру малды магний қоспаларын беріп емдеуге болады. Организмге магний артық түссе де мал зардап шегеді. Малдың зат алмасуын әлсіретіп, төлдің өсіп-өнуін тежейді.

Кобальттың жеткіліксіздігі. Топырақта, өсімдікте 2 мг\кг - нан кем жерлерде гипокобальтоз ауруы кездеседі. Биогеохимиялық провинцияларға құмды, құмдауыт, және батпақты жерлер жатады. Қыста, жазғытұрым жиі кездеседі.

Аурудың себептері мен дамуы. Кобальт В12 витаминнің құрамына кіреді; үш карбон, гликолиз реакцияларына қатысады, организмде қан азайғанда қолданылатын белсенді зат. Көміртегі атомдарының байланысын құрастырып және бұзу арқылы нуклеин қышқылдарының синтезін жақсартады. Сүйектегі, ішектегі фосфатазаның, каталазаның, карбоксилазаның белсенділігін жоғарлатады. Қанның гликолитикалық белсенділігін, тіндердегі дем алу процесін жақсартады. Кобальттың жеткіліксіздігінде В12 витаминнің синтезі нашарлайды, организмдегі зат алмасу процесінің деңгейі төмендейді.

Қан құрамының өзгеруі, негізгі зат алмасу процесінің төмендеуі ауру малдың арықтауына, өнімінің төмендеуіне апарып соғады.

Өлекседе айтарлықтай өзгерістер білінбейді. Ішкі ағзаларда созылмалы қабыну процесінің белгілері байқалады [1, 2, 3] .

Клиникалық белгілері. Аурудың анық клиникалық белгілері тек күйіс қайыратын малдарда ғана жақсы білінеді. Ауру мал арықтаған, бұлшық еттері солған, терінің серпімділігі жоқ, жүнінің түлеуі кешеуілдеген, жұлмаланған. Мал өнімі күрт төмендейді. Кілегей қабықтары бозарған, кейде сарғыш түсті. Алдыңғы қарыншақтардың жиырылуы нашар. Кахексия кезінде тұрақты түрде іш өту байқалады. Ауру малдың тәбеті бұзылады: лас төсенішті, кез келген затты, ағашты, топырақты, көл-көсірді, қағазды жалмап жейді, пилобезоарлар пайда болады. Көзінен жас ағады, терлегіш келеді. Ауруға сезімтал төлдердің резистенттілігі төмендейді, соның салдарынан ас қорыту, тыныс алу жүйесінің аурулары пайда болады.

Қанда олигоцитемия, анемияның белгілері: полихромазия, пойкилоцитоз; эозинофилия анықталады.

Анықтау. Клиникалық белгілері, гематологиялық зерттеулердің нәтижелері арқылы анықтайды. Топырақта, мал азығында кобальттың мөлшерін анықтау керек.

Ауруды паратуберкулезден ажырата білу керек.

Емі. Күніне ірі малдарға 20-40 мг, төлдерге 10-20 мг, қойларға 2, 5-5 мг кобальт тұздарын тағайындайды. Сақтандыру мөлшері одан 2 есе кем болу керек. Ас тұзының кобальтпен байытылған брикеттерін сорғызады (1 т ас тұзына 300 г кобальт қосады) . Таблетка түрінде де қолданады (1 таблеткада 20-40 мг кобальт хлориді бар) .

Сақтандыру шаралары ретінде мал жайылымын, шыбындық жерді кобальт тұздарымен тыңайтуға болады (1 га жерді 0, 5-8 кг мөлшерінде кобальт тұзымен тыңайтады) .

Марганецтің жеткіліксіздігі - құстардың буындарының сырғанақтау ауруы;

Марганец. Малдың 1 кг тірілей массасында 450-560 мкг марганец болады.

Марганец - организмге өте қажет микроэлементтің бірі. Ол тотығу процестерін жылдамдатып, тканьнің тыныс алуына, сүйек құрылысына, қан түзілуіне, ішкі секрецияға ықпалын тигізеді. Марганец оксиді фосфорлану реакцияларына қатысады. Тауық жұмыртқасының беріктігіне де әсерін тигізеді.

Марганец көптеген ферменттердің активтігін арттырғыш элемент. Осы ферменттердің қызметі арқылы ол көмірсулар, майлар, белоктар алмасуына ықпал жасайды. Марганецтің өзіне тән липотроптық қасиетінің арқасында организмде майдың ыдырауы күшейіп, бауырды май басу қаупі азаяды. Марганец ионы Кребс айналымындағы қос және трикарбон қышқылдары айналымын жылдамдатады [3, 4] .

Марганец жетіспеуінің негізгі белгілері - малдың өсіп-өну қабілетінің төмендеуі, сүйек құрылысының бұзылуын, жүйке жүйесінің зақымдануынан пайда болатын атаксия, яғни қимылдың бұзылуы.

Жас балапандар перозис ауруына шалдығады. Марганец негізінен он екі елі ішекте сіңіріледі. Сыртқа нәжіспен, ал енді өте аз мөлшерде (қойда тәулігіне 6 мг) несепппен шығарылады.

1. 2 Мыс, мырыштың жеткіліксіздігі, дамуы, клиникалық белгілері

Мыстың жеткіліксіздігінен болатын ауру - жалақ, анемия, іш өту белгілерімен сипатталады. Қой мен ірі қарада жиі, шошқаларда сирек кездеседі.

Мыс - биотикалық элемент. Малдың өсуін, дамуын, қанның түзілуін, тотығу - тотықсыздану реакциясының дұрыс жүруін, креатинизация мен пигментизацияны қамтамасыз етеді. Ол көміртегі мен күкірттің байланысын реттейді. Азықтағы темірді органикалық байланысты түріне айналдырады да гемоглобиннің синтезін қамтамасыз етеді. Тін демалысына қатынасатын кейбір ферменттердің құрамында арнайы металл компоненті ретінде болады.

Себептері:

Мыс элементі аз кездесетін құмды, құмдауыт, торфты аймақтарда ауру жиі кездеседі;

Темір, молибден, кобальт, қорғасы, күкірттердің не аз, не көп болуы аурудың пайда болуына әсер етеді.

Дамуы. Сау малдардың қанында, бауырында мыстың мөлшері 1 мг\л мөлшерінде болады. Ал жеткіліксіздігінде 0, 2 мг\л-ге дейін азаяды. Организмде гемоглобиннің синтезі бұзылады, гипохромды анемия дамиды. Осының салдарынан туындаған оттегінің жеткіліксіздігінен организмде толық тотықпаған заттар шоғырланып, ацидоз пайда болады. Кальцийферолдың биосинтезіне әсер етеді. Сульфгидрилтоптарының дисульфитке ауысуын бәсеңдету арқылы креатинизацияға әсер етеді. Малдың жүні дұрыс өспейді, сүйек дистрофиясы дамиды. Ауру малдың тәбетінің бұзылуы, іш өту, өнімінің төмендеуі, төлдің өспей қалуы осы процестерге байланысты болады.

Өлекседегі өзгерістер:

Бауырда, бүйректерде, жүрек етінде дистрофиялық өзгерістер;

Ұлтабардың, ащы ішектердің кілегей қабықтарында өлі еттену;

Гистологиялық тексергенде белокты дистрофия, некроз, гемосидероз;

Клиникалық белгілері. Ауру малдың жүнінде ерекше өзгерістер байқалады: қоңырқайланып күңгірттенеді, қатаяды, бұйраланбайды, созылыңқы болып келеді, түседі. Кей жерлерінің пигментсізденуі, талшықтарының жіңішкеруі жиі кездесетін жағдай.

Эритроциттер азаяды, гемоглобин төмендейді, гипохромды анемияның белгілері дамиды. Кілегей қабықтары бозарған, іш өту тұрақты түрде. Тәбеті бұзылып, жалақ пайда болады. Өнімі, тұқым беруі төмендейді, мал арықтайды. Миокардоз дамып, жүрек жеткіліксіздігін тудырады. Сүйегі жұқарған, шытынағыш, нәзік. Төлдерде энзоотикалық атаксияның белгілері. Торайлар өспейді, анемия, аяқтары қисық, өздері әлсіз.

Ауруды анықтау үшін жүндегі өзгерістерге; азықты, қанды лабораториялық зерттеулердің нәтижелеріне көңіл аударады. Өлген малдың бауындағы мыстың мөлшерін анықтайды. Егер онда мыстың мөлшері 50 мг/кг-нан аз болса, онда ол мыстың жеткіліксіздігінің көрсеткіші болып табылады.

Емі. Азыққа мыс сульфатын қосып береді: ірі қараға 250-300 мг, төлге 50-150 мг; қой ешкіге 10-20 мг, шошқаға 20-30 мг [2, 3, 4, 5] .

Сақтандыру. 1 кг құрғақ азықта мыстың мөлшері 8-10 мг -нан кем болмауы керек. Жеткіліксіз болғанда азыққа күкіртқышқыл мыс қосады.

Мырштың жеткіліксіздігі барлық малдарда кездеседі, әсіресе шошқалар паракератоз ауруына шалдығып жиі ауырады.

Себептері. Мырш иондары пептидтердің биосинтезіне, гидролизіне қатысады. Олар көміртегі мен азот атомдарының өзара байланысын реттейді. Амин қышқылдарынан белок молекулалары түзіледі. Көптеген ферменттердің, әсіресе гидролитикалық: карбоангидразаның, аминопептидазаның, энолазаның, компоненті болып келеді.

Дамуы. Мырш жыныс бездерінде, бауырда, ұйқы безінде лимфа түйіндерінде шоғырланады. Тотығу - тотықсыздандыру процесінде катализатор ретінде қызмет атқарады. Организмде углеводтардың, азот, газ, сулардың алмасуларына қатынасады. Пролактин, фолликулин, проланин гормондарын белсендендіреді. Малдардың тұқым беру, сүт өніміне әсерін тигізеді. Аз болғанда паракератоз дамиды. Рационда кальцийдің көп болуы мырштың жеткіліксіздігін үдете түседі. Каиалаза азаяды, анемия дамиды, ішектегі резорбция азаяды; малдың өсуі, қоңдылығы нашарлайды.

Өлекседегі өзгерістер. Ауруға тән өзгерістер тек теріде ғана анықталады: тері тығыз, әрең кесіледі. Кескен жері жылтыр ақ, май тәріздес. Гистологиялық зерттеуде мүйіздену бұзылған: эпидермис мүйізденбеген, оларда ядро, не оның қалдығы ғана сақталған.

Клиникалық белгілері. Енесінен ажыратылған торайлар өспейді, тәбеті нашар, шөлдегіш. Паракератоздың белгілері әуелде танау, құлақ, көз, аяқтардан басталып, терінің басқа да жерлеріне тарайды. Тері қызарып, ол жерге қабыршақ пайда болады. Әсіресе жүні жоқ жерлерде қара-қошқылданып жаппай бұдырланған бөлік пайда болады. Жүні ұзын жерлерде оның қалыңдығы 1-1, 5 см-ге дейін жетеді. Сол жерлерде терең сызат-жарық пайда болады да, онда серозды эксудат жиналады. Бұзауларда, қойларда онымен қоса аяқтары ісініп, жүндері түседі.

Анықтау. Сау малдардың қанының сары суында 100 мкг\100 мл мөлшерінде мырш болады. Ал ауру малдарда ол көрсеткіш 15-20 мкг\100 мл мөлшерінде анықталады.

Ауруды дерматиттен, экземадан, қышымадан ажырата білу керек. Ол үшін тері қырмасын микроскоп арқылы тексереді, және де паракератозда тері қышымайды.

Емі. Рационға мырш сульфатын қосады. 1кг құрғақ азыққа 100 мг-ға дейін.

Мырш аз жерлердегі малдардың рационына тіпті клиникалық белгілері болмаса да қосып отырған жөн.

Бордың артықтығы бор энтериті деп аталады. Қойлар жиі ауырады. Бор көміртегі мен азрттың алмасуларына әсер етеді. Энзимдермен қосылып ауыр металлдарды ығыстырады. Осының салдарынан бір қатар ферменттердің әсерлері төмендейді [6, 7] .

Бор мал тұқымдас өсімдіктерде, жусан, қышқылтым шөптерде 1 г\ кг -ға дейін болады. Бор көп провинцияларда ол мал организміне әсер етеді. Ішкі ағзаларда жиналып, ферменттердің белсенділігін өзгертеді.

Дамуы. Бордың жоғарғы концентрациясы месқарындағы инфузорияларды азайтады, қозғалысын әлсіретеді, ондағы метаболизм бұзылады. Протеолитикалық ферменттердің белсенділігң төмендейді де, белоктардың алмасуы әлсірейді, улы заттар (скатол, индол, аминдер, фенолдар) шоғырланады. Ішектерде қан айналысы бұзылады, қанталау қабынумен жалғасады - бор энтериті осылай дамиды.

Қанның құрамында гемоглобин, эритроциттер, белок, мочевина азаяды, мочевинаның түзілу процесі бұзылады. Азоттың алмасуы бұзылғанда алкалоз пайда болады.

Өлекседегі өзгерістер. Ішектерде қабыну белгілері анықталады. Нефроз, нефрит белгілері бар. Мида гидротация, серозды инфильтрат жиналады. Миокардта, нерв ганглияларында пролиферация.

Клиникалық белгілері. Ауру мал жабығыңқы, арық. Бірақ тәбеті сақталған, бұзылмаған. Жиі-жиі су іше береді. Іштің өтуі нәжістің қатуымен алмасыпотырады. Зәрде қан, жалқаяқ аралас. Организмнің резистенттілігі төмен, өкпе ауруларына жиі шалдыққыш келеді. Жөтел, демікпе танаудан іріңді сұйық ақпа ағады. Дене қызуы көтеріледі. Кеуденің төменгі жағында ісік байқалады. Аяқ буындары зақымданады, қабынады.

Ауыр жағдайда іштің өтуі тұрақты түрде болады. Осының салдарынан организм сусызданады; аш қарыны, бүйірі шүңірейіп, арқасы бүкірейіп, қарны тартылады. Аурудың аяқ кезінде жүйке жүйесі зақымданады: мал қалай болса солай қозғалады; салдану, дірілдеу байқалады.

Анықтау үшін аймақтың геохимиялық жағдайын ескереді, азықты, малдан алынған тесталарды лабораториялық зерттеулерден өткізеді. Ауруды басқа себептерден болатын энтериттерден ажырата білу керек.

Емі. Бордың антогонисі - мыс сульфаты. Күніне 5-10 мг мөлшерінде тағайындайды. Хлортетрациклин гидрохлоридін, сульфаниламид препараттарын қолданады. Малдың жайылымын реттейді. Ол үшін бор жинимайтын дәнді тұқымды өсімдіктерді сеуіп өсіреді.

Молибденнің артықтығы. Ауру көбінесе күйіс қайыратын малдарда кездеседі. Азықпен молибденнің организмге көп түсуі гастроэнтериттің ауыр түрін, молибден токсикозын тудырады. Ол мыс және фосфорлардың алмасуларының бұзылуларымен сипатталады да, организмде анемия, сүйек дистрофиясы дамиды [3, 4, 5, 6] .

Себептері. Молибден организмде металло флавопротеиндердің құрамына кіру арқылы (ксантинангидразалар мен ) зат алмасу процесінде ерекше роль атқарады. Қажеттігі 5 мг\кг - нан аспайды(құрғақ азыққа есептегенде) . Молибден сілтілік - известі топырақтарда көп болады. Сондай жерде өскен өсімдіктерден дайындалған мал азығын жеген малдар ауруға шалдығады. Әсіресе бұршақты өсімдіктерде 50 мг/кг дейін молибден болады.

Дамуы. Аталған ферменттердің белсенділіктері жоғарлайды, альдегидтердің деңгейі көтеріледі. Олар нуклеопротеидтердің ыдырауынан пайда болатын сульфиттер мен зәр қышқылдарын байланыстырады. Зат алмасу процесі бұзылады, әсіресе фосфор мен кальцийдің алмасуы созылыңқы түрде бұзылады.

Өлекседегі өзгерістер. Негізгі өзгерістер ас қорыту жүйесі жағынан байқалады. Кілегей қабықтары қанталаған, қызарған. Қан тамырлары қанға толы. Мыс жеткіліксіздігінің белгілері білінеді. Төлдердің сүйектері өспеген, ірі малдарда сүйек дистрофиясы.

Клиникалық белгілері. Негізгі белгісі іштің өтуі мен ауру малдың арықтауы. Нәжіс су тәрізді, көпіршіктенген, сарғыш-жасыл түсті, өткір жағымсыз иісті. Организмде мыс азайған, оның жеткіліксіздігінің клиникалық белгілері анықталады.

Емдеу. Бірінші кезекте жайылымды өзгерту керек. Молибден көпдеген жерлерді мал азығын дайындау үшін қалдырады. Ол жерден дайындаған азықты-шөпті дұрыстап кептіргенде ондағы молибден ерімейтін қосылысқа айналады.

Сақтандыру үшін мыс сульфаты мен метионин қосылған қосымша азықты рационға қосу керек.

Молибден. Сүт қоректі жануарлардың 1 кг тірілей массасында 1-4 мг, немесе 4˙10 % молибден болады.

Молибден ксантиноксидаза ферменті құрамында пурин алмасуына қатысады.

Организмде молибден жетіспеуінің сыртқы белгілері мыс жетіспеуімен ұқсас келеді. Молибденнің азық құрамында аздығынан мал зардап шеге қоймайды десек те болады. Оның көбінесе биогендік, шартсыз қажетті микроэлементтер мен тіршілікке шартты қажетті микроэлементтер арасына қойылып жүргені де сондықтан болар.

Организмге азықпен енген молибденнің 20-30% сіңіріледі. Молибденнің организмге сіңіріліп, тканьдерге жиналуына сондай-ақ сыртқа шығуына мыс-молибден - бейорганикалық сульфат жинағы (комплекс) күрделі әсер етеді. Өйткені молибден, әсіресе сульфаттпен қосылған молибден мыстың органдарға жиналуына кедергі жасайды. Ал сульфат болса молибденнің несеппен шығуын ұлғайтып, мыстың бауырда жиналуын азайтады. Осындай қарама - қайшылықтың арқасында азық құрамында молибден көп болса, мыстың азық құрамында көптігіне қарамай малда мыс жетіспеуінен туатын белгілер байқалады [6, 7, 8] .

Егер рационда молибден көп болса, зат алмасу процестеріне кедергі туғызса, онда оған қарсы басқа микроэлементтерді қолдану керек.

Никельдің артықтығы - никель соқырлығы. Көздің мүйізді қабатының жарақаттануымен сипатталатын энзоотикалық ауру.

Балшықты, сазды, қаштанды топырақтарда никель көптеп кездеседі. Мұндай жерлердің өсімдіктерінде никель қалыпты жағдайдағыдан 20 есеге дейін көп болады. Никельдің артық болуы әсіресе төлдерде көз ауруларын тудырады (конъюктивит, кератит, кератоконъюктивит) .

Дамуы. Никельдің организмге жан-жақты әсері туралы толық мағлұматтар жоқтың қасы. Ол туралы зерттеу жұмыстары жеткіліксіз жүргізілген.

Никельдің негізгі шоғырланатын жері эктодермадан бастау алатын тіндер: тері, жүн, мүйіз, көздің мүйізді қабы. Никельді аймақтардағы малдардан жүннің көбірек өндірілуін олардың бейімделу қабілетімен түсіндіруге болады. Бейімделу жағдайында малдар никельді организмнен көбірек бөлуге тырысады.

Никель көздің мүйізді қабында жиналғанда ауру ондағы дистрофиялық өзгерістерден басталады.

Өлекседегі өзгерістер. Көздің мүйізді қабаты қалыңдап, ісінген, күңгірттенген, оған сұйық сіңген «инфильтрация), ақшыл-сұрғылт түсті. Егер ол жердің тіні ыдыраса, онда түбі мен шеттері әртүрлі жаралар байқалады.

Клиникалық белгілері көздің мүйізді қабатының жарақаты, ақ түсу және қотыр (экзема) .

Анықтау үшін негізгі клиникалық белгісіне, азықтағы және көз сұйығындағы никельдің мөлшерін анықтау нәтижелеріне сүйенеді.

Ауруды індетті кератоконъюнктивиттен, телязиоздан арнайы зерттеулер арқылы, А-гиповитаминозынан ажыратады.

Емі. Арнайы емдеу, сақтандыру шаралары анықталмаған. Азықты өзгерту мен мыс тұзы қосылған қосымша азық беру ұсыныстары бар. Көбінесе аурудың клиникалық белгілеріне қарсы емдер қолданылады.

Фтордың жеткіліксіздігінен, не артықтығынан болатын аурулар:

1. Эндемиялық кариес - фтордың жеткіліксіздігінде;

2. Тістердің флюорозы - артықтығында.

Фтордың мал азығындағы қалыпты концентрациясы: ішетін суда - 1 мг/л; құрғақ азықта - 30мг\кг.

Фтор организмде тістің, сүйектің минералды заттарын құрайтын фтораппатиттер түзеді, фосфордың алмасуына қатысады.

Концентрациясы жоғары болғанда ол көміртегі мен майлардың алмасуын, тін дем алысын тежейтін ингибитор. Ал жеткіліксіздігінде фтораппатиттің орнына гидроокись аппатит түзіледі де, тістерде кариес дамиды. Ондай тістер қышқылдардың әсеріне тез беріледі, декальцинация дамиды, биологиялық резистенттілік нашарлайды, тістердің механикалық беріктігі бұзылады. Үстіртін кариесте түпкі тістердің шайнау бетінде, алдыңғы тістердің эмалында әртүрлі көлемді, қара-қоңыр түсті нүктелер пайда болады. Орташа кариесте ол жерлерде дентин бүлініп, ойық пайда болады. Терең кариесте эмаль талқандалады, қуыстар пайда болады, тістер тез мұжыла бастайды. Гиперцементоз, перидонтит дамиды. Азықты қабылдау, шайнау процестері бұзылады. Ауру мал арықтайды, өнімі төмендейді.

Эндемиялық флюороз суда фтор 1, 2 мг/л-ден көп болғанда, ал топырақта 0, 05 - дан көп болғанда дамиды. Әсіресе артезиан құдықтарының суын ішкенде, аппатит қабаттары бар аймақтарда кездеседі. Құрамында фторы бар тыңайитқыштарды қолданған жерден алынған азықтармен, немесе фторы көп қосымша азықтармен қоректендіргендепайда болады [7, 8, 9] .

Фтордың организмге көп түсуі ферменттердің, әсіресе сүйек фосфотазасының әсерін нашарлатады. Ірі малдарда буын анкилозы - тарамыс, шеміршектердің кальцийленуінің дамуы, пайда болады. Сүйектердің беріктілігі төмендейді, жиі-жиі сыну, қисаю болып тұрады. Көміртегі мен майлардың алмасуларының бұзылуы салдарынан паренхиматозды ағзаларда дистрофиялық өзгерістер дамиды.

Сақтандыру. Ішетін судағы фтордың қалыпты мөлшерін сақтауға тырысу керек. Ол үшін:

Фтордың жеткіліксіздігінде кремнефторлы натрий, фторлы натрийларды қолданады;

Рационда протеиннің, фосфордың, кальцийдің, витаминдердің сақтауға тырысады;

Фтор артық болғанда ішетін суды фторсыздандыру үшін аллюминий сульфаты, магнийдің гидроокисі қолданылады;

Мал азығына да алюминий сульфаты, хлориді қосылады. Олар фтормен ерімейтін флюорат аллюминий түзетіндіктен фтордың ішекте сорылуы азаяды.

Селеннің артықтығы - бұлшық еттің ағаратын ауруы, «сілті» ауруы;

Йодтың жеткіліксіздігі - эндемиялық зоб ауруы басқа тарауларда қаралады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алиментарлық дистрофия патоморфологиясы
Колибактериоз ауруы
Ішкі жұқпалы емес аурулар
Колибактериозға қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Қой мен ешкілердің жұқпалы агалактиясы
Қой брадзоты қоздырушысы
Қой мен ешкінің эктима қоздырушысы
Шошқа обасына жалпы сипаттама
Қойдың брадзоты
Брадзот ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz