Математиканы оқып үйренудегі компьютерді пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
Математика кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫП ҮЙРЕНУДЕГІ КОМПЬЮТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ 7 1. 1 Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану әдістемесі. 7
1. 2 Математиканы оқыту үрдісін компютерлендіру жолдары. 13
2 АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНАЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ
БОЛАШАҒЫ 16
2. 1 Жаңа ақпараттық техналогияларды математика пәнін оқытуда
пайдалану 16
2. 2 Оқытудың бұрынғы жүйесін сүйемелдеу бағытындағы ең тиімді техналогиялар 18
ҚОРЫТЫНДЫ 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі 23
Глоссари 25
КІРІСПЕ
1. Тақырып өзектілігі:
Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі - білім беру үрдісін ақпараттандыру. Бұл бағыт жаңа ақпарат технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарынжүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Қазақстсан Республикасының «Білім туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі - білім беру жүйесін ақпараттандыру, ақытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу.
Білім беруді тез қарқынмен компьютерлендіру қажеттілігі мына факторлармен түсіндіріледі
- Оқушының казіргі сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан жақты дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
- Жаппай компьютерлік сауаттылық мәселелерін щешу, яғни оқушыларға информатика мен коммуникациялық техниканың құралдарын пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
- Оқушының шығармашылық қабілетін, эксперименталды іскерлігін дамыту.
- Оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын жоғарлату мақсатында компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалану.
Осы тақырып бойынша көптеген ғылыми, ғылыми-әдістемелік журналдар, кітаптар қолданылды. Атап айтқанда «Информатика негіздері», «Физика Математика Информатика», «Математика» журналдары Бидосовтың «Математика оқыту әдістемесі», Дайбековтың ««Қоғамдық гуманитарлық бағыттағы мектеп оқушыларының математиканы оқыту белсенділігін компьютер арқылы дамыту», Колягиннің «Методика преподавания математики» кітаптары және т. б. көптеген әдебиеттер қарастырылды. Бұл әдебиеттерден осы тақырыпқа байланысты материалдар іріктеп алынды.
2. Осы жұмыстың зерттеу нысаны:
Математиканы оқып үйренудегі компьютерді пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері.
3. Жұмыс мақсаты:
- Қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту және оқушының өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
- Математикалық есептердің мәнінде немесе математикалық модельдермен сипатталатын әдістер мен құбылыстарды модельдеу;
Міндеттері:
- оқыту үрдісінде кері байланысты қамтамасыз ету;
- даралап оқыту үрдісін жүзеге асыру;
- кампьютердің графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып жаңа сабақты түрлендірудің көрнекілігін арттыру;
- қажетті ақпаратты іздеуге байланысты тапсырмалар;
- оқушылаоға ақпараттық процестердің мәнін ашып көрсету;
4. Ғылыми жаңалық.
Жаңалық тақырыбы:Екінші ретті беттерді компьютерде модельдеу.
Екінші ретті беттер деп, координаталар жүйесінде екінші дәрежелі теңдеумен кескінделетін бетті айтамыз. Беттің түрлері:сфера, конус, цилиндр. Асы беттердің компьютерде модельдері жасалды. Ол үшін арнайы MatLab бағдарламасы қолданылды.
MatLab(Matrix Laboratory-Матрицалық зертхана) сөзінен қысқартылып алынған, деректер массивтерімен жұмыс істеуге бағытталған инженерлік және ғылыми есептерді орындауға арналған интерактифті жүйе болып табылады. Міне осы бағдарлама арқылы жоғарыда аталған екінші ретті беттердің модельдері құрылды. Ол «Екінші ретті беттерді компьютерде модельдеу. » тақырыбында құрылған презинтация түрінде көрсетілді.
5. Гипотеза.
Оқытуды компьютерлендіру кезінде оқушылардың қалыптасуға тиісті әрекеті мен операциясын нақты суреттеу керек. Оқу қызыметінің операционалдық жағын қалыптастыруда, қандай жағдай болса да, компьютерді пайдалануды орнықтыру қажет. Компьютер бұған орасан зор мүмкіндік береді. Біріншіден, ол кез-келген әрекетті көрнекті түрде елестетуге және оның орындалу жағдайын көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютер оқу материалына сүйене отырып, интеллектуалдық әрекетті елеулі түрде өзгертетін құрал.
Дегенмен, компьютердің келеңсіз көрінісіде жоқ емес. Атап айтқанда, ол адамның (әсіресе, жасөспірімдер мен балалардың) көру қабілетін нашарлатады, тез шаршатып, жүйкеге салмақ түсіреді, т. б. кері әсерлері бар. Мұндай жағдай дисплейді тым ұзақ пайдаланудан болатыны түсінікті. Сондықтан оқу үрдісінде мұғалім дисплеймен жұмыс істеу кезінде бұл мәселелерді ескеріп отыруы ләзім. Бұл мақсатта сынып іші жүйелі түрде тазаланып, желдетіліп тұруы қажет. Оқушылардың экран алдында көп отырып қалмауын қадағалаған абзал.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемелекеттік бағдарламасында: “ . . . экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру . . . ” және “кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады . . . ” деп атап көрсеткен.
Мемелекеттік бағдарламада оқу үрдісіне педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану-жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттары делінген.
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне Республика мектептерін көтерудің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемелекеттік саясат негізінде анықталынып, осы жүйедегі басты міндеттерінің біріне айналып отыр. “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.
XXI ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауатылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Ал, теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз.
1 Математиканы оқытуда компьютерді пайдалану.
1. 1 Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану әдістемесі.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімінің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады.
Білім беру процесі - ақпараттық қоғам жағдайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызыметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игеруімен тығыз байланысты.
Білім берудің ақпараттандырудың мәселесінің ауқымы өте кең және көп салалы. Бұл мәселе төңірегінде кейінгі жылдары көптеген ғалымдар мен әдіскерлер зерттеу жұмыстарын жүргізіп, құнды - құнды еңбектер шығарды. Қазірігі кезде информатика курысы мектептерде оқытудың айтарлықтай тәжірбиелері жинақталды. Атап айтқанда мектеп оқушыларын алгоритмдік және компьютерлік сауаттылыққа үйрету әдістемесі жасалынды. 1960 - 1970 жылдарында жалпы білім беру саласында информатика және есептеуіш техникаларын оқытуды мектеп бағдарламасына енгізуге мүмкіндік болмады. 80 - жылдардың аяғына қарай программалау элеметтерін пайдаланып алгебра курысын мектеп оқушыларына таныстыру әдістемесі, компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз етудің әдістемелік жүйесі жасалынды. Компьютерлік мәдениеттілікті қалыптастырудың бір бағыты ЛОГО оқыту ортасының қазақ мектептері үшін қазақша варианты жасалып, орта мектептерде оқытыла бастады. 90 - жылдардың бас кезінде оқытудың компьютерлік технологиясы жасалды.
Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиетерді оқып, талдау жасау негізінде мынандай тұжырымға келіп отырмыз. Біріншіден, көптеген жаратылыстану пәндерінде компьютерді пайдалану мәселесі іске асырылуда, бірақ бұл мәселе физика пәнінде кең өріс ала алмай отыр. Екіншіден, көптеген пәндерде компьютерді пайдалану қалыптасқан психологиялық - педагогикалық талаптарға онша сай келмейді. Себебі, бұрынғы қалыптасқан оқыту процесінде қарым - қатынас тек мұғалім мен оқушы арасында ғана болса, ал оқу процесінде компьютерді пайдалану кезінде мұғалім және оқушы арасында компьютерлік педагогика пайда болғаны мәлім. Сондықтан да мектепте жалпы білім пәндер циклында соның ішінде математика және физика сияқты негізгі пәндерде, компьютерлік технологияны пайдаланып оқыту мақсатында түбегейлі зерттеулер үздіксіз жүргізілуі қажет. Білім беру мәселесінде компьютерлік оқыту оқушыларды информатика және есептеуіш техникалары негіздерімен таныстырумен ұштасады. Бұл компьютерді қолдану жайында комплекстік зерттеу жүргізуге және оны программалық техникалық сондай - ақ оқу - әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады. Компьютерлік оқытудың бір тұтас әдістемелік жүйесін жасау - оқу тәрбие процесін жетілдірудің көкей тест мәселелерінің бірі болып табылады. Қоғамды ақпараттар жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға сүйенеді.
- білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербезтендіру есебінен қоғам мүшелерінің ой өрісінің даму деңгейін көтеру;
- өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызу.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:
- методологиясын жетілдіру мен стратегиялық мазмұн таңдау;
- әдістері мен формаларын ұйымдастыру,
- қоғамды ақпараттандырудың қәзіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;
- оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
- оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға бағыттау;
- өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
- информациялық - оқу, эксперименттік - зерттеу қызметінің өзбетімен түрлі іс - әрекеттерін жүзеге асыру;
- тестілік диагностикалық бақылау әдістері мен оқушылардың білім деңгейін бағалау.
Алдымен жаңа информациялық технологияға (ЖИТ) көшпей тұрып оқу - тәрбие процесінде білім беруді ақпараттандыру мүмкін емес.
Білім берудегі ЖИТ - оқу мен оқу- тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептеуіш техника мен инструменттік құралдардың жиынтығы, сол сияқты ол есептеуіш техника құралдарының оқу процесіндегі ролі мен орыны, мұғалімдермен оқушылардың еңбегін жеңілдетуге оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі. Оқытудағы ЖИТ аса қажетті педагогикалық проблемалардың шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. ЖИТ - тің негізгі ерекшелігі мұғалімдермен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, мүддесіне, көзқарасына әсер ете отырып оның интеллектілік мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі. ЖИТ - тің білім беру саласына енуі педагогтарға оқытудық мазмұнын, әдістері мен ұйымдық түрлерін сапалы өзгертуге мүмкіндік береді.
Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі. Олар:
- ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету процесін жоғары деңгейге жеткізу;
- жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерді біртұтас бүкіләлемдік информациялық кеңістікте интеграциялау;
- біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету;
- білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау.
Оқытудың дистанциялық формасы оқушыларды даярлауда және білім беруден маңызды формасына айналып отыр.
Білім беру жүйесінде телекоммуникация желілерін жасау Қазақстан Республикасының орта білім беруді, практикалық жүзеге асыруды қамтамасыз ете алатын негізгі құрал болып табылады. Біртұтас телекоммуникация желіні білім беру жүйесіне пайдалану басты ақпарат ағыны мен жұмысшы ақпараттық ағынды әдеттегі іс-әрекетке сәйкес пәндік аумақта деректер қорын таратуға пайдалануы қажет. Бұл жүйені дамытудың бастауы мектепте информатика курсын оқытудан басталады.
Ғылыми- техникалық прогрестің қарқынды даму жағдайында мектептегі информатика курсы ерекше дүниетанымдық мәнге ие бола бастады. Ол жас ұрпақты ғылыми-техникалық революцияға қатысты сезімге, оның табиғатын түсінуге, жаңа технологияның қәзіргі қоғамдық өндірісте қажет екеніне көз жеткізуге тәрбиелейді.
Есептеуіш техникасын информатика пәнінде ғана пайдаланып қоймай, оны бастауыш сыныптан бастап барлық пәндерге енгізген кезде ғана оқушылардың компьютерлік сауаттылығы қалыптасады. Сондықтан информатика курысының мақсаты, басқа пәндердегідей, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту сияқты білім берудің жалпы міндеттерін шешетін потенциалдық мүмкіндіктері бар. Сол мүмкіндіктерді ескере отырып, информатиканың базалық курсын оқытудың мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады:
- оқушылардың білім негіздері туралы түсініктерін тереңдету;
- ақпаратты тарату және қолдана білу арқылы әлемнің қазіргі ғылыми бейнесін қалыптастыру;
- оқушыларға ақпараттық процестердің мәнін ашып көрсету;
- қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттық технология мен есептеу техникасының рөлін айқындау;
- компьютерді оқу процесінде де, кәсіби қызметте де ұтымды пайдалану;
Оқытуды компьютерлендіру кезінде оқушылардың қалыптасуға тиісті әрекеті мен операциясын нақты суреттеу керек. Оқу қызыметінің операционалдық жағын қалыптастыруда, қандай жағдай болса да, компьютерді пайдалануды орнықтыру қажет. Компьютер бұған орасан зор мүмкіндік береді. Біріншіден, ол кез-келген әрекетті көрнекті түрде елестетуге және оның орындалу жағдайын көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютер оқу материалына сүйене отырып, интеллектуалдық әрекетті елеулі түрде өзгертетін құрал. Сондықтан да зерттеу барысында біліктіліктің негізгі операциондық құрылымындағы өзгерістерді ерекше бөліп көрсетіп, жекелеген операциялар компьтерге жүктеледі.
Қазіргі уақытта оқу процесін жоғары сатыға көтеруге арналған программалар жеткілікті түрде жасалынған.
Үйретуші программалардың құндылығы сол программамен кез келген оқушылар балама жауаптарды таңдап алу, әрбір қадам сайын алған білімін қадағалап отыру мүмкіндігін иеленуі болып табылады. Әсіресе өз бетімен білім алу процесінде аса қажет деп саналады. Үйретуші программаларды құрғанда білім берудің қызықтылығын ұмытпаған жөн. Оқу процесінің сапасын арттыруда музыкалық сүйемелдеудің ерекше мәні бар, сонымен қатар түстерді дұрыс таңдай білу, мультипликация, қазіргі бейне техникалық құралдардың барлығы нақты қызмет жағдайын жаңадан жасауға мүмкіндік береді.
Бірақта, бүгінгі негізгі міндеттің бірі оның қызығушылығы компьютерді пайдалану факторынан басым түсе алмайтындығымен, шындығын айтқанда оқу мақсатын жақсарта алмауымен қорытындыланады. Компьютерлік оқыту белгілі мөлшерде программалық оқытудың аналогы, ол мектеп курсында оқытылатын пәндердің мүмкіндігін кеңейтеді және оған қосымша өте икемді оқыту жүйесі бола алады. Сондықтан да, біз теориялық негізін құрайтын мына принциптерді бөліп көрсетеміз:
а) материалды кішкентай, өзара өте тығыз байланысқан бөліктерге бөлеміз;
б) программаланған тексті оқуға оқушылардың белсенді әрекеті;
в) оқушылардың әрбір жауабын бірден бағалап отыру;
г) программалық текстерді эмпирикалық тексеру.
Менің ойымызша компьтерді оқу процесінде пайдалану комплексті түрде болуы тиіс. Сондықтан мұғалім компьютерлік техникалар негізінде оқушыларға жаңа білімді меңгерту немесе оны бекіту үшін, «мұғалім - компьютер» жүйесі арқылы компьютерлендірілген оқыту ортасын құру жолдарын ұсынады.
Бүгінгі таңда орта мектепте әдістемелік, психологиялық және ұйымдастыру құралдарының бірі ыңғайға келтіре комплексін құру үшін оқытудың компьютерлік технологиясы құрылады.
Оқытудың компьютерлік технологиясы (ОКТ) көптеген зерттеушілердің пікіріне сүйенсек оқушылардың өз бетімен дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызады екен. Қойылған міндеттерді шешу үшін жағдай жасау мақсатында обьектінің информациялық кадастері ұғымы енгізілді. Обьект әрекетін тиімді қамтамасыз ету үшін информациялық кадастр арқылы деректердің құрлымдық жиынтығын толық және жақсы түсіне аламыз. Бұл жағдайда біз оқушыларды обьект ретінде, ал әрекетті үйретуші деп қарастырамыз.
Оқытудың компьютерлік технологиясын енгізу оқу -тәрбие қызметін басқаруды интенсивтендіру мен оптималдандырудың жаңа принципті мүмкіндіктерін ашады.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын жүзеге асыру оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік береді, өз бетімен танымдық және эксперименттік -зерттеушілік қызметін меңгереді, оқушылардың өз бетімен оқу қызметінің мәдениеті қалыптасады.
1. 2 Математиканы оқыту үрдісін компьютерлендіру жолдары
Қалыптасқан оқыту технологиясына компьютерлер сөзсіз өзгеріс енгізуі тиіс. Педагогикалық тұрғыдан алғанда компьютерлік ақпататтық технология компьютерлік негізде оқытудың түрлерінің, әдістер мен тәсілдерінің жиынтығы дегенді білдіреді. Әдістемені компьютерлік қолдану туралы да айтуға болады, бұл орайда ЭЕМ-ге қажетті әдістеме жасалуы тиіс.
Мектепке компьютерлік техниканың тереңдеп енуіне қарай мұғалімнің де рөлі барынша арта түседі: ол оқушылардың даярлық деңгейі мен қабілетін ескеріп, олармен жеке шығармашылықпен жұмыс істеуге көбірек уақыт табады. Мұғалімнің сабаққа әзірленуінің сипаты да өзгереді-педагогикалық құралдарды іріктеп алу, компьютерлік оқытудың математика сабағында орнын анықтауға ерекше мән беріледі.
Дербес компьютерлерді математика сабағында пайдаланудың мынадай міндеттерін бөліп айтуға болады:
-оқыту үрдісінде кері байланысты қамтамасыз ету;
-даралап оқыту үрдісін жүзеге асыру;
- компьютердің графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, жаңа сабақты түрлендірудің көрнекілігін арттыру;
-қажетті ақпаратты іздеуге байланысты тапсырмалар;
- математикалық есептердің мәнінде немесе математикалық модельдермен сипатталатын әдістер мен құбылыстарды модельдеу;
Дербес компьтерлерді математика сабағына пайдаланудың негізгі түрлеріне әртүрлі бағдарламалар жатады.
Компьютер арқылы оқыту үрдісін толыққанды түрде ұйымдастырудың негізгі үш аспектісін бөліп айтуға болады:
- оқушылардың танымдық белсенділігін басқару;
- оқу әрекетін «мұғалім - компьютер - оқушы» жүйесі түрінде басқару;
- мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеті мен ынтымақтастығын оқушылардың өзі басқарады;
Математика сабағында компьютерлік оқытудың әрі алуан түрлері бар. Мысалы, бір түрінде оқушы компьютермен тікелей қарым - қатынас жасайды. Компьютер оқушыға берілген тапсырманы анықтап, тиісті көмек көрсетеді. Бұл жерде оқу мұғалімінің қатысуынсыз өтеді. Екінші бір түрінде компьютер оқушылармен емес, мұғалімдермен әрекетке түседі. Ол мұғалімге сабақ жүргізуге көмек болады, мысалы, оқушыларға орындаған бақылау жұмыстарының нәтижесін шығарып, жұмсалған уақытпен жіберілген қателерді көрсетеді. Компьютер оқушыларға қатысты қандайда бір оқыту әрекетін қолданудың мақсатқа сәйкестігі жөнінде кеңес береді. Бірінші түрдегі оқушының жауабынан кейін шешім қабылдаса, екінші теккен ауқымды шешімдерді қабылдап, оқыту сценариін жасап шығарады. Соныменен бірге ол математиканы оқыту құралдарының бай арсиналын кеңінен пайдалана отырып, әр түрлі оқыту шеңберіне кіреді. Дербес компьютер оқушының оқу үрдісіне белсене араласуына жағдай жасап, қызығуын оятып, оқу материалын түсініп әрі есте сақтауына жәрдемдесуі тиіс.
Болашақ математика мұғалімінің әдістемелік даярлығы мектепті компьютерлендірудің ісімен байланысты.
Студенттерге математика әдістемесін оқытқанда оларға оқушыларға қажетті білік дағдыны - қалыптастыру үшін математиканың оқу материалын үйретудің тиімді әдістемесін жасауды талап етіп шарт қою керек.
Студенттер компьютерді өз қызметіне тиімді аспап етіп қолдана алатындай етіп, оқытуға жағдай тудыру қажет.
Матиматиканы оқыту әдістемесі курсында студенттер математиканы оқытудың оқу- тәрбие үрдісін бағдарламалық- әдістемелік қамтамасыз ету ісімен танысуы тиіс. Бұған жататыны: педагогикалық бағдарламалық құралдар, әдістемелік нұсқаулар, педагогикалық бағдарламалар құралдарды пайдаланып математика сабағын жүргізу әдістемесінің сипаттамасы.
Соңғы курстың студенттері компьютерлік оқыту технологиясының жалпы ұстанымдарын түсініп оларды математиканы оқытудың технологиясын жасау үшін қолдана білуі, соларды пайдаланып педагогикалық бағдарламалық құралдарды және оқыту нәтижесін бағалай білуі тиіс.
Есептегіш техника құралдарымен мектепте шешуге болатын есептер өрісі шексіз кеңейе түсуде. Есептегіш техника құралдарын енгізуіне байланысты математиканы оқыту әдісі мен мазмұны да өзгеруде. Есептеу жұмыстарының мазмұны, көлемі, сипаты өзгеруде. Мектептегі дәстүрлі дара есептеулер, сондай-ақ, пропорцияның белгісіз мүшесін табуға, графиктер құруға, кестелер толтыруға қатысты, бір формула бойынша көптеген мәрте есептеу, т. с. с. компьютердің көмегімен орындалып, математика сабағында көп уақыт үнемделеді. ЭЕМ-нің есептеу мүмкіндіктерін алгебралық және трасценденттік теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешуде пайдалану қолайлы. Жанама әдістерді кең пайдалану мүмкіндіктері де ашылуда. Есептеу эксперименті мектептегі математиканың толыққанды әдісіне айналуда, ол оқушыларға шектердің ұқсастығы мен сабақтастығы ұғымын көрсетуге, геометриялық фигуралардың ерекшеліктері туралы оқушылар болжамын есептеу арқылы тексеруге т. б. мүмкіндік береді. ЭЕМ-де қозғалыста бейнелеуге болады, сол арқылы түрлендіру тобына байланысты геометриялық фигуралардың ерекшеліктерін білуге, компьютердің графикалық мүмкіндіктерін сызбалар, модельдер, кеңістіктік фигуралар құрастыруға пайдалануға мүмкіндік мол.
2 АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНАЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
2. 1 Жаңа ақпараттық техналогияларды матеметика пәнін оқытуда пайдалану.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz