Нарықтық экономиканың жаңа жолдары


Нарықтық экономиканың жаңа жолдары
Мазмұндама
1 тарау. Экономиканы дағдарыстан шығару
2 тарау. Жекешелендіру саясаты
3 тарау. Бағалы қағаздардың дамуы
1 тарау. Экономиканы дағдарыстан шығару
Осы кезге дейін жүзеге асырылып келген экономикалық реформалар бағытын жалпы алғанда әкімшілік-әміршілік басқару элементтері бар дәйексіз монетаризм деп сипаттауға болады. Принципті тұрғыдан алғанда өтпелі кезеңнің экономикалық саясатын белгілі бір дәрежеде тәптіштей отырып, екі принцип: 1) нарықтық радикализм, 2) экономикалық консерватизм негізінде жүзеге асыруға болатыны жалпы жұрқа мәлім.
Бірінші принциптің мәні - айналымдағы ақша массасын шектей отырып, инфляцияны қатаң бақылауға алу, бюджет-салық және ақша-несие әдістері, ал бұл жағдайда тауар өндірісін қолдаудың және шаруашылық өміріне мемлекеттің араласуының маңызы бірінші дәрежелі емес.
Екінші принцип - экономикалық артықшылықтар бойынша барлық меншік түрлеріндегі тауар өндірісіне, ең алдымен тіршілікті қамтамасыз ету салаларына, сондай-ақ экспорттық кешен салаларына іріктеп қолдау көрсету.
Ал іс жүзінде біздің практикада, мемлекет экономикалық процестер мен нақты проблемаларды күнделікті реттеуден іргесін аулақ салды. Сонымен қатар экономикалық процестер барысына мемлекеттің әкімшіл-әміршіл, әрдайым бірдей білікті емес араласуы сақталды. Яғни мңың бәрі реформалардың өзінен өзі реттелетін, мемлекет аздап қана басқаратын механизмін іске қосу, бағаны ырықтандырудан мемлекеттік меншікті тез арада жекешелендіруге көше және рынокқа жедел қарқынмен ілгері басуға көшу үшін алғышарттар жасау әрекеті секілді болып көрінеді.
Нарықтық экономикада мемлекет тауарлар мен қызметтердің аса ірі сатып алушысы болып табылады. Мемлекеттік бюджеттің едәуір бөлігі мемлекеттік сатып алуларға жұмсалады. Бұл - бюджеттіқ ұйымдарды материалдық жағынан қамтамасыз ету: армияны, милицияны техникамен жабдықтау, мемлекеттің резервтер қорларын қалыптастыруда тауарлар мен қызмет негізі капиталға қосымша инвестициялар тартпастан өндірілетін болса немесе өндірілу мүмкін болса, олардың шет елдерден сатып алуға тыйым салудың заң жүзінде баянды етілген принципіне негізделуге тиіс.
Сол арқылы отандық тауар өндірушігё қолдау көрсету міндеттніің бір бөлігін де шешуге болады. Тоқыма, былғары, аяқ киім, тігін және т. б. өндірісті, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібінің бір бөлігін қауіпсіз шектеу шеңберіндегі мемлекеттік тапсырыстар ғана қолдай алады.
Мәселе тауар өндірүшілерге іріктеп қолдау көрсетуге, әсіресе еліміздің экспорттық потенциалын қамтамасыз ету мен дамыту салаларында бәсекелік орта қалыптастыруға бағытталған жаңа мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың әдістерінде. Сондай-ақ халықтың ең осал бөлігін қажетті әлеуметтік-экономикалық нормативтер және оларды қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдігі жүйесі бойынша қорғау қажет.
Әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары ретінде экономиканың динамикасын, құрылымын және пәрменділігін, қаржы, ақша айналымы, тауар мен бағалы қағаз рыногы жағдайын, бағаның өзгеруін, халықтың жұмыспен қамтылуын, тұрмыс дәрежесін, сыртқыэкономикалық байланыстарды және басқаларды сипаттайтын көрсеткіштердің пайдаланылуы мүмкін. Мұндай индикаторлардың теңдестірілген және өзара байланыстырылған жүйесі мемлекеттің ықпал бүкіл әлеуметтік-экономикалық саясатына сан сипаттамасын беруге тиіс, оны жүзеге асыруға мемлекеттік реттеу шараларының бәрі жұмылдырылатын болады. Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттік ықпал жасау шаралары ретінде орталықтандырылған қаржы және валюта қаражаты мен несиелерін, салық тұтқаларын, амортизация жүйесін, баж салығын, лицензиялар мен квоталарды, мемлекет қажеті үшін берілетін өнім көлемін, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс стеу анықтамасын пайдалану қажет.
Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттік ықпал жасау шараларының баяндалған жүйесі нарықтық экономикасы бар баолық елдерде тиімді пайдаланылуда, экономикалық жүйени жолға қоюдың, реттеуің өз механизміміз әлі де болса жұмыс стемей тұрған өтпелі кезеңде бұл тіптен қажет. Бұл мемлекеттің экономикалық саясатының ажыратылмас элементіне айналуға тиіс.
Жүйелі функциялық құралдар:
- әлеуметтік индикаторлар - ең төменгі күнкөріс деңгейі, ең төменгі тұтыну бюдджеті, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі жалақы, жұмыссыздық шегі;
- макроэкономикалық - бюджет тапшылығының денгейі, эмиссияның жалпы массасы, пайданың жалпы нормасы, капитал тиімділігінің шекті нормасы;
- микроэкономикалық - кәсіпорындар түсімділігі мен рентабельдігінің деңгейі, банкроттық пен залалдылық өлшемдерінің жүйесі, олардың себептерін ашып көрсету;
- аймақтық - аймақтардың қаржы ақша ресурстарымен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерімен, көлікпен, коммуникациялармен, халықтың жан басына шаққанда ағарту және денсаулық сақтау, табиғи ортаны қорғау объектілермен қамтамасыз етілу, тауар рыногы ұсынысының халықтың төлем қабылеті бар сұранысына сәйкес келуі;
- сыртқыэкономикалық - сыртқы сауда сальдосы, экспорттық мәмілелер сертификаты. Арнаулы экспортшылар мен басқа жа экспорттық ұйымдардың валюта түсімін қайтару.
Макроэкономикалық реттеудің басты міндеті - экономиканың динамикалық тепе-теңдігін бақылау, ақша массасы мен материалдық ресурстар арасындағы сәйкессіздіктерді жою, бюджет тапшылығын қысқарту жөніндегі дәйекті жұмыс. Осы міндеттердің бәрі тауар өндірушілердің мүдделерімен байланыстырылып, инвестициялық стратегия мен құрылымдық саясаттың басты салаларға бағытталуына жәрдемдесуге тиіс.
Аймақтық саясат саласында республикалық және жергілікті деңгейлер арасында экономиканы реттеу функцияларының ара жігін ажырату қажет. Республикалық басқару органдары мемлекеттің аймақтық саясатының концепциялық және стратегиялық ережелеріе белгілеп, тиісті индикаторлау жасауға тиіс.
Жалпы алғанда сыртқыэкономикалық қызмет саласында:
- сыртқыэкономикалық қызмет жағдайлары мен тәжірибесі пайда болғанға дейін бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу, сыртқы рынокты мемлекет деңгейінде үнемі зерттеу және оның коньюнктурасын болжау;
- отандық тауар өндірушілерді құтқару үшін импорттық саясатқа елеулі түзетулер енгізу, аса қажет емес тауарлардың әкелуіне кеден және салық реттегіштерін енгізу, техника, технологиялар, жабдық, ноу-хау әкелінуіне қойылған кедергілерді алып тастау;
- республика бизнесмендерінің шетелдердегі, әзірше республика үшін емес, ал батыс үшін жұмыс істеп жатқан салымдардың жария ету қажет. Егер республикадан тыс жерлердегі сан миллиондаған долларды ішкі республикалық айналымға қосатын болсақ, оның өзі сыртэкономикалық қызметті жандандыруға мүмкіндік береді және республиканың экспорттық-импорттық потенциалына елеулі үлес қосады.
Қазіргі жағдайда жалпы алғанда бірқатар принципті ерекшеліктермен сипаттауға болады: қаржының тұрақтануы туралы нақты айтуға болады, сонымен бірге қаржы-ақша саясатының мүмкіндіктері сарқылуға жақын; өндірістің құлдырауы баяулады, жекелеген салаларда өсу белгісі байқалып отыр, бірақ енді құрылымдық-инвестициялық саясатта күрт бұрылыс жасау қажет етіледі.
Сонымен, біздін экономикамыз жаңа кезең қарсаңында тұр, оның мақсаты - қаржыны, өндірісті тұрақтандыру, оны өрге бастыру үшін алғышарттар қалау. Бұл міндеттёр үкіметтің орта мерзімді бағдарламасында да бар, бірақ енді нақты іс-қимыл керек болып отыр:
- Біршама қатаң қаржы және ақша саясатын одан әрі жалғастыру қажет екені айқын, бұл барлық басқа іс-қимылдардың негізі.
- Саяси тұрақтылық сақтау. Заңдарды жетілдіру, мемлекетте қарапайым тәртіп орнату жөніндегі дәйекті, табанды жұмысты ұйымдастыру керек. Бұл жұмыстың басты бағыттары: сот және құкық қорғау жүйелері, салық және кеден қызметтері
- Кәсіпкерлік нақты қолдауды қажет етеді. Осы кезге дейін ол негізінен өздігінен дамып келеди және белгілі бір дәрежеде, тіпті қолдау көрсетілмесе де, одан әрі дами беретін боладыю Біздің экономикамыздың болашақ құрылымы нақ осы процесте айқындалады.
- Дотациялар мен жеңілдіктерді, ең алдымен кім көрінгенге берілетіндерін, бірте-бірте қысқару, ресурстар шығындануының тоқтатылуы және тиімді өндірістерді қолдау үшін көбірек қаржы босатылуы мақсатында үмйитсіз борышкерлер үшін банкроттық процедураларын толық жүзеге асыру қажет және т. б.
- Инвестициялық тапшылық аса күрделі проблемалардың бірі болып отыр. Өндіріске жеке меншік инвестицияларды уақытша ынталандыру қажет, оның өзі алдымен мемлекеттің және аймақтық билік орындарының қатысуын қажет етеді.
- Реформаның жаңа кезеңінің мақсаттарына тек шетелдік инвестициялардың белсенді түрде қатысуымен, олар үшін барынша қолайлы жағдай жасалуымен ғана қол жетеді, өйткені қор жинақтайтын ішкі көздер тіптен жеткіліксіз, Салық салу, пайда алу, жекешелендіруге шетелдік инвесторлар қатыстыру мәселелері ерекше мұқият пысықталуға тиіс.
- Экономикалық өзгерістердің қазіргі кезеңінде кәсіпорындарды реформалаудың мәні зор. Ол - барлық салалардағы кәсіпорындарды нарықтық жағдайларға бейімдеуді жеделдету мақсатымен олардың қүрылымын өзгертуге және қайта ұйымдастыруға бағытталған шаралар жиынтығы. Іс жүзінде ол - одан әрі жекешелендіру де, дотациялар мен жеңилдіктерді қысқарту да, жеке меншік және шетелдік инвестициларды ынталандыруда.
- Халықтық басым көпшілігінің тұрмыс дәрежесі төмендеуінің қауіпі бар екенін ендігі жерде елемеуге болмайды. Ол, бір жағынан, адамдардың селқос күйге түсуіне, үмітін жоғалтуына, екінші жағынан - әлеуметтік жанжалдардың үдеуіне, қылмысты құрылымдардың әлеуметтік негізінен ұлғаюына әкеліп соғады, дағдарыс ауыртпалығының халықтың барлық топтары арасында неғйрлым біркелкі бөлінуі қажет.
- Аса маңызды проблема - қажетті біліктілігі бар сауатты, ыждағатты мамандардың жетіспеуі. Олар, әсіресе экономистер, заңгерлер, басқару қызметкерлері және осы заманға менеджменттер мемлекеттік аппаратта да, ең таңдаулы деген мамандар өзіне кетіп жатқан бизнесте де өндірісте де жетіспеуде.
Республиканың интеллектуалдық потенциалы айтарлықтай жоғары, бірақ бұл потенциалдың ауқымы емес, ал оның құрылымы маңызды. Мамандықтар мен білімдердің көптеген түрлері артық, керексіз болып қалды. Ал басқалары болса жүзеге асыру үшін күш-жігер жұмсауды керек ететін потенциал болып шықты.
2. Жекешелендіру саясаты
Экономикалық дамудың бұдан бұрынғы көп жылдық тәжірибесі жұмысшыларды теория жүзінде өзімен қабыстыруға тиіс болған өндіріс құралдарын мемлекет меншігіне алу іс жүзінде мүлдем кереғар нәтиже берді - өндірісшілердін өндіріс құралдарынан оқшау қалуына әкеліп соқты. Адамдардың экономикалық мүдделерінің негізгі меншік қатынастары екені жалпыға мәлім Ал ресми ғылым болса, өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік артықшылықтарының экономикалық катынастары жүйесін шектей отырып және елдің әрбір азаматы олардың қауымдасқан иесі болып табылатынын пайымдап, іс жүзінде адамдардың экономикалық мүдделерін жалғыз ғана нәрсемен - еңбекке деген ынтамен шектеді. Ал шаруашылықты ұйымдастыруға, тымды пайдалануға, ұтымды пайдалануға деген ынта із жүзінде жоқтың қасы болды, өйткені қоғамда жүмысшының еңбек ету қабылетінін меншіктенуі, еңбек заттары мен құралдарының өнімді және жекелей пайдаланылуын ұйымдастырудың шарты ретінде олардың меншіктенуі танылмады.
Дүниежүзілік экономикалық саясат алайда экономикалық өсімінің қуатты тетігін еркін өндірісшілерге өндіріс құралдарын сөз жүзінде емес, ал іс жүзінде беру арқылы жасауға болатынын көрсетіп отыр/ Сондықтан мемлекеттік меншікті бөлудің және меншік иелеріне берудін нысандары туралы мәселе қайта құрудың бастапқы кезеңінде-ақ алға қойылған болатын.
Жекешелендіру - мемлекет иелігінен алудың басты бвғыттарының бірі. Алайда мемлекет иелігінен алу - жекешелендіруге қарағанда анағұрлым ауқымды ұғым.
Жекешелендіру ұғымына келер болсақ, ол мемлекетке қарасты кәсіпорындар, көлік құралдары, тұрғын үйлер және басқа мүлік ақы төлеп немесе басқадай жолмен азаматтардың немесе акционерлік қоғамдардың жеке меншігіне алынатын процесті білдіреді.
Мемлекет иелігінен алудың мақсаты - мемлекеттік меншіктің басым жағдайын мүлікке иелік және қожалық етудің монополиялық түрінде емес, ал оны меншік құқығын сатудан кіріс келтіру мақсатымен түрлі шаруашылық субъектілеріне коммерциялық негізде бере отырып сақтап қалу.
Мемлекет иелігінен алу мынадай негізгі міндеттерді шешеді:
- экономикада мемлекеттік секторды қысқарту;
- өндірісті мемлекеттік-директивалық басым реттеуден нарықтық тетіктер негізінде реттеуге көшу;
- сыртқыэкономикалық қызметте мемлекеттік монополияны бірте-бірте жою, бұл жағдайда мемлекет елге шетелдік инвестициялар мен импорттың қажетті мөлшерде әкелінуін ғана қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру нәтижесінде ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру міндеті бұрынғы социалистік елдердің бәріне қойылып отыр. Бұл міндетті шешудің маңызындамыған капталистік елдердегімен және дамушы елдердегімен еш салыстыруға болмайды. Өйткені әкімшіл-әміршіл жүйедегі мемлекет жағдайында барлық социалистік елдерде экономика ысырапты және тіптен тиімсіз. Ол арта түсіп келе жатқан қажеттерді қанағаттандыруға бағдарланған экономика ретінде емес, тоталитарлық режимдердің қажеттерін қанағаттандыруға негізделген, өзін-өзі қаматмасыз ететін жүйе ретінде жұмыс істеді.
Кейбір экономистер мен мамандар жекешелендірудің осы міндетінің рөлін әсірелеп көрсетіп, оның мақсаты немесе жалаң мақсаты деп санайды. Аталған міндеттің маңызы орасан зор болғанымен, меніңше оны жекешелендірудің мақсаты немесе жалаң мақсаты деп санауға ешбір болмайды. Талай ондаған жылдар бойы қолданылып келген экономикалық жүйе басқарудың қімшіл-әміршіл әдістеріне негізделеді, экономиканың бұл моделін кейбір экономистер басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесімен байланыстырады.
Экономиканың мұндай моделінің нәтижесі мынадай болды:
- өндірісті және басқаруды монополияландыру, бәсекеліктің монополияландыру, бәсекелестіктің жоқтығы, нарықтық экономикаға тән тұтынушы өктемдігінің емес, ал өндіруші өктемдігінің орын алуы;
- тауар, капитал, еңбек, бюағалы қағаздар рыногының болмауы және т. б. ;
- экономикалық заңдардың еленбеуі, өктемдік және көбінесе ведомстволық сипаттағы «жалпыхалықтық», «мемлекеттік» мүдделер дейтіндерді қуштеп таңу;
- бюрократтық басқару жүйелерінің қалыптасуы.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру барысында шешіліп жатқан экономикалық міндеттерге мыналар жатады:
- бюджет тапшылығының едәуір дәрежеде түсімі жоқ және тиімділігі төмен мемлекеттіқ кәсіпорындарға субсидиялар мен дотациялар берілуі есебінен қысқаруы, яғни мемлекеттік бюджет уақытының қысқаруы;
- жекешелендірілген кәсіпорындарда экономиканың өсуі арқасында ұлттық экономика тиімділігінің артуы;
- капитал рыногын жасау;
- шағын және орташа бизнесті дамыту;
- кәсіпорындардың шешімдер қабылдануы мемлекеттің араласуын шектеу.
Жекешелендіру барысында шешілетін әлеуметтік міндеттерге мыналарды жатқызу қажет:
- азаматтардың экономикалық және саясибостандығы үшін негіздер қалау;
- азаматтардың жеке потенциалының неғұрлым толық ашылуы үшін мүмкіндіктер жасау;
- әртүрлі жекеменшік иелерінің қалың тобы басым түбегейлі жаңа әлуметтік құрылымның қалыптасуы.
Қазақстан Республикасында жеке жобалар бойынша жекешелендіру тәжірибесінде жасалған талдау ол орын алып отырған кемшіліктерді жоюға мүмкіндік беретіндей етіп белгілі бір жетлдіруді қажет етеді. Біріншіден, қоғам мүшелерінің хабардар етілуін күшейту, кәсіпорындарды шетелдік фирмалардың басқаруына берудің және олардың акцияларын сатудың барлық кезеңдері мен рәсімдерінің тым жабық болуын жою; екіншіден, кәсіпорындарды шетелдік компаниялардың басқаруына беру шарттарын сақтау кезінде тараптардың жауапкершілігі мәселелерінің күшейтлуін қамтамасыз ету; үшіншіден, шетелдік басқаруға берілген кәсіпорындардың сөзсіз сатылуына жол бермеу; төртіншіден, акциялардың мемлекеттік пакеттерин сатудың жоғары субъективтілік тән және ықтимал қатысушылар - сатып алушылар санын шектейтйин әдістер мен тәсілдердің қолданылуын шектеу және т. б.
3. Бағалы қағаздардың дамуы
Тимді жұмыс істейтін нарықтық экономиканың бағалы қағаздарының өркениетті рыногынсыз өмір сүре алмайтынын дүниежүзілік тәжірибе қуаттап отыр.
Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы:
- нарықтық экономиканың барлық субъектілерінің, ең алдымен халықтың қаржы белсенділігінің артуына жәрдемдеседі;
- бағалы қағаздар рыногына қатысушылар арасындағы қаржы-экономикалық байланыстардың жетілдірілуі үшін тартымды жағдайлар жасайды;
- қаржы пирамидаларының пайда болуына бөгет жасайтын заңды және нормативтік негіз қалайды;
- қаржы ресурстарының оралымды бөлінуін қамтамасыз етіп, оларды экономиканың ең тиімді салаларына шоғырландырады.
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногының негізгі секторлары мыналар:
- мемлекеттік бағалы қағаздар секторы: мемлекеттік заемдардың облигациялары, қысқа мерзімді қазыналық вексельдер және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгіленген басқа да бағалы қағаздар;
- банк бағалы қағаздардың секторы: акциялар, облигациялар, вексельдер, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгіленген басқа да бағалы қағаздар;
- жаңадан құрылған акционерлік қоғамдар бағалы қағаздарының секторы (акциялар мен облигациялар) .
Бағалы қағаздар рыногына шетелдік эмитенттер мен инвесторлардың қатысуына келет1ин болсақ, олар әзіршеаңысын аңдып, ерекше белсенділік көрсетіп отырған жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz