«Хабар» телеаранасының қазіргі қоғамдағы алар орны, телебағдарламалары


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  1. «Хабар» телеаранасының қазіргі қоғамдағы алар орыны.
  2. «Кеш қалмаңыз» және «Таң қалмаңыз» бағдарламаларын ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері.

ІІІ Қорытынды

IV Пайдаланған әдебиеттер

V Қосымшалар

Кіріспе

Еліміздің электронды бұқаралық ақпарат құралдары күнде өсу, өркендеу, даму үстінде екені аян. Егемен мемлекеттің мәселелерін шешуге үлес қосып жатқандықтары да анық. Халық назары көбінесе теледидарға ауып, небір жедел, нақты ақпарат күтеді. Сондықтан да көрермен мен тыңдарман ұлттық телевизия мен радиоларымыздың хабарларына сын көзбен қарап, әрбір басқан қадамдарына үмітпен көңіл бөлетіндіктері де орынды. Бұл ретте визуальды БАҚ-та ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер де барлылық.

Егемен еліміздің болашағының зор болатынына бұл күнде шүбә келтіру орынсыз екеніне көз жетті. Әрине, өз елін өзегіне теуіп, әлдеқандай жұмақ іздеп сарылатындар да бар. Дегенмен, өткенге қарап отырып, осы күндерге қуану, келешектен жақсылық күту әр қазақтың бойынан табылар қасиетке айналғаны абзал.

Өйткені, көшеде, көлікте жергілікті ұлт өкілдерінің дауысы қаттырақ шыға қалса «бұлардың өйтетіндей не қақысы бар?» дегендей басқалар жалт қарасып, көздерімен ішіп-жей жаздаған кезді де, өз жерінде өз басын қорғай алмай жер шұқыған сәтті де, өз жерінде өз басын қорғай алмай жер шұқыған сәтті де, тұқымы тұздай құрып кетер кезеңдерді де бастарынан өткерген аға буын өкілдері осыны, жоғарыда аталған қасиеттерді талап етеді.

Сондай кезеңдерді бастан өткергеннің өрінде ұлттық болмыс жасыған емес. Бір ғана Қазақстан мен Хабар арналарынан берілген азын-аулақ ұлттық хабарларды тыңдап, көріп-ақ патриоттық, ұлтжандылық сезім қалыптасқан болатын. БАҚ материалдарының басым көпшілігі кеңестік идеологияға бағышталғанымен, қазақ тілінде санаулы басылымдар болғанымен де ел елдігін, халық қаһармандығын жоғалтқан емес. Бастында қазақтың қаны бар, намысы бардың бәрі осыны матындауға тиіс. «Алтау ала болса-ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса- төбедегі келеді» дегендей ендігі жерде саны ел болып ұстап тұру - ең басты қажеттілік Агенттік құрамындағы («Хабар», «Ел арна», Caspio Net) үш арнаның барлық жұмыстары Бағдарламалар Директоры басқарады. Дирекцияда арналардың (жылдық, мауысымдық, айлық, апталық) хабар тарату тұжырымдамалары дайындалып, бекітілері, телевизияның тақырыптық- күнтізбелік жоспарлары жасалып, оның жүнге асуы қадағаланып отырылады. «Хабар» агентігінің құрылымы бойынша бағдарламалардың өндіріс бөлімі мен дубляж цехы де жоғарыда аталған Дирекцияның құрамына кіреді. Менің пікірім бойынша, соңғы екеуі Бағдарламалар Дирекциясынан енші алып, өз алдына бөлек атау құрса (Бағдарлама дирекциясы- тапсырыс беруші, өндіріс бөлімі мен дубляж цехы тапсырысты орындаушы), жұмыс тиімділігі анағұрлым артар еді. Мойындау керек, («Хабар» мен «Қазақстан» арналарындағы) қазақ тіліндегі бағдарламалардың көбі тек мемлекеттік тапсырыспен ғана күн көріп отыр. Бұл жерде қолға тиген мүмкіндікті тиімді пайдаланып, өз арнасын ұлттық тележобалардың ұстаханасына айналдырғысы келетін «Қазақстандықтардың» (экс-жетекшісі: Ғ. Доскен) ұмтылысына жылы лебіз білдірген дұрыс шығар!? Қазақ телевизиясының қара шаңырағындағы жұмыстарда ілгері жылжу байқалады. Айта кету керек, бюджеттің тұрақты қамқорлығы қазақ тілді (телеарналарға) телевизияға үлкен демеу болғанмен, аталмыш құбылыс кейбір өнім жасаушыларды «масылдық» күйге алып келетін қаупі де жоқ емес. Мұндайда тапсырыстың талабы бойынша (жоғарыға есеп беру керек қай) жобаның мағынасы зор мән беріледі де, телебағдарламаның формасы көлеңкеде қалып қоюы мүмкін. Қазақ тіліндегі тележобалардың арасындағы үлкен бәсекенің жоқтығы шығармашылық топты көбінесе тоқырауға жетелейді, іздемпаздыққа ұмтындырмайды. Жеке арналардағы хабар таратушылардың продюсерлерге қояр талабы мүлдем бөлек.

І Тарау

  1. «Хабар» телеаранасының қазіргі қоғамдағы алар орны

Бүгінгі күнде рухани байлықты үрпақтан - үрпаққа жеткізіп, жаңартып, жаңғыртып отыратын мерзімді баспасөз, оның ішінде БАҚ деп білеміз. Әсіресе, егемендік алғаннан бері елдің, жердің, мемлекеттің, халықтың, Үкіметтің тыныс-тіршілігін білдіретін, ішкі-сыртқы хабарларды дер уақытында жеткізіп, сараптан өткізіп отыратын телерадио жүйелері болып отыр.

Оның ішіде «Хабар» агенттігінің де өзіндік орны бар десек, артық айтылмаған сөз. Аз ғана уақыт аралығында көрермендердің ықыласына бөленіп, дүниежүзілік ақпарат таратушы арналарының арасынан берік орын алып үлгерген осы бір 600-дей қызметкері бар үлкен үжымның бүгінгі таңда жүргізіліп отырған ісі құптарлық.

Күн сайынғы берілетін жаңалықтары мен апталық «Жеті күн» бағдарламасында елімізде және шет елдерде болып жатқан негізгі оқиғаларды сарапқа салып, жетістіктер мен кемшіліктерді ашық түрде көрсетуге қол жеткізген.

Нарықтық кезеңнің қыр-сырын сол күйінде жеткізіп, оның қиын түйінін шешу жолында «Бизнес - Хабар», әзіл-оспақ түрінде болса да «Жетпіс жеті күн» және т. б. бағдарламаларда соншама әділ дәмдікпен көрсете білуге деген тырысушылықтары қуантады.

«Хабар» агенттігі 1995 жылы қазақ телевиденияның ақпараттық қызметі жанынан құрылған болатын.

«Хабар» телеарна ретінде өз жүмысын 1998 жылы бастаған болатын. Бұған дейін 1994 жылы «Қазақстан» телеарнасынан күніне бөлінген 4 сағат арқылы эфирден шығатын көрермендердің «Шарайна» ақпараттық бағдарламасы ғана бар еді. 1995 жылы қазан айының 23 жұлдызында ҚР Үкіметі қаулы қабылдады. Осы уақыттан «Хабар» агенттігі өз жүмысын түрақты бастап, кәсіпорын басшысы болып Д. Назарбаева тағайындалды. Құралған мезеттен бастап агенттік жаңа технологиялармен қамтамасыз етіліп, журналистердің қызмет етуіңе жағдай жасалынды. Сол кездің өзінде-ақ багдарламалардың сапасы басқа арналармен салыстырғанда өте жақсы еді. ҚР Үкіметі жанынан қүрылғандықтан жаңалықтарының көбі ресми кездесулермен іссапарлар, Елбасы төңірегіндегі шараларға арналды.

Қазіргі кезде «Хабар» агенттігі тәулігіне 15 сағат хабарлар бағдарламасын «Интелсат-703» жасанды жер серігі арқылы цифрлы режим жүйесінде таратады. «Хабар» арнасы Қазақстан аумағын айтпағанда РФ, КХР-ның, Орта Азия мемлекеттерінің бізге іргелес аймақтарына таралады. Бүгінгі таңда «Хабар» көрермендерінің жалпы саны 64 миллионға жететті. «Хабар» агенттігінде кәсіби журналистер жұмыс атқаратыны айдан анық. Қазақстан тележұлдыздары ортасынан ойып орын алған: Владимир Рерих, Махат Садық, Асылбек Абдулов, Ләззат Танысбай, Динара Егеубаева, Дана Нүржігіт, Светлана Коковинец, Әдішер Сүлейменов, Жайна Жақсылықова, Серік Жанболат, Марат Муғаммедсалиев, Серік Абас-Щах. Сергей Пономарев, Аидос Үкібаев сияқты журналистер. Және олар «Хабардың» қалыптасуына лайықты үлес қостып, халыққа танымал болды. «Хабар» агенттігінің тілшілері Қазақстанның көптеген аудандарында және де шет елдерде жұмыстарын атқарып келеді.

«Хабар» журналистерінің арасынан жүргізушілер рөлін ерекше атап өткен жөн. Арнаның бет-әлпеті нақ солардың жұмысының нәтижесі. Эфирде жұмыс істеп келе жатқан байырғы мектептің үздік дәстүрлерінің шоқтығы биік. Сонымен қатар халықтың әр категориясы «Хабардың» өз кумирлерін тапты. Арнаның әрбір жүргізушілері бүгінде елге танылып, әрбір бағдарламаның өз көрермені бар. Олар Аманжолова, Бөлебаев, Нурғазин, Сүлейменовтер. Бұл журналист, жүргізушілер «Хабар» агенттігінің аяғынан тік тұрып кетуіне өзіндік үлес қосқан тәжірибелі мамандар. Тәулігіне қос тілде бірнеше рет шығып халық игілігіне айналып отырған жаңалықтар топтамасын жүргізеді. Олардың жүргізушілері Л. Танысбай, З. Әліпбек, С. Коковинец, Қ. Хангелдиналар күннен-күнге өз тәжірибелерін арттырып, жеңісті еңбек етуде. Жаңалықтардың келесі бір блогы бүл - шет ел жаңалықтары. «Хабар», «Ruitere» агенттігімен келісімге отырған. Сол келісім бойынша әйгілі агенттіктің бүкіл жаңалықтары бейне көшірме және мәтін ретінде тікелей алынады. Сонымен қатар мүндай ақпараттар WTN бүкіл әлемдік теледидар жаңалықтары қызметінен де алынып беріледі. Яғни «Хабарда» дүние жүзінде болып жатқан өзгерістерді бүрынғыдай Мәскеу арқылы алып, Мәскеудің көзқарасымен бермейді, тікелей еш өзгеріссіз болған оқиғаны сол қалпында жеткізеді. Бұған байланысты «Хабар» аударма қызметі жақсы жолға қойылған. Мұндағы 6 аудармашының 3-еуі ағылшын тілінен тікелей қазақшаға, қалған үшеуі ағылшыншадан орысшаға аударады.

Қазіргі кезде мемлекеттің қалыптасуы теледидарсыз мүмкін емес.
Егер бұрын үлттар тарихымен, аңыз - дастандарымен мәдениетімен тілімен
калыптасса, бугін түтастыкты қалыптастыру бұқаралык акпарат қүралда-рының белсенді жұмысын талап етеді. Кейбір сарап-шылардың айтуына қарағанда, жас американ халқы арасында мұның бөрімен Голливуд айналыса-ды. Американдыктардың өн-бойында тарихынан, бүгіні мен болашағынан түсінік қалыптастыратын нақ осы орда. Бұл ретте Америка әрдайым жауыздыкты жеңіп, қай елде өмір сүрудің жеңіл екендігі жөнінде күмән қалдырмайды. Ал, егер жеке бастың зөру мәселесі туындап жатса, онда тығырыктан шығудың сан-алуан жолдары табыла-ды. Демек, теледидар хабар берумен ғана шектеліп кал-май, ой-өрісінді де кеңейтуге түртпек жасайды. Мұны ұйвшдастырғанда, немкет-тілікке емес, түрлі ізденіске бой алдырғаны лөзім.

Байырғы да ізгі Англияда мемлекет телеарнаны қолдағанымен, оның ішкі ісіне араласпайтынын бәрі түсінеді. Ал, сол арна ағылшын демократиясының кұндылыктар кұдығына ешқашан түкірмейді. Әрине, корольдер үйелмені мүшелері, премьер - министр, депутатгар мен саясаткерлер сын тезіне ұшырайтын кездер кездеседі. Бірақ, бірде - бір арна күдай ханшаны коритынына, ал Британия әлемді аузына карататынына күмән келтірмейді.

Біздің елде демократия аяғына енді ғана тік тұрып келеді, әйтсе де, теледидар маңызын бәрі, ең әуелі мүны әртүрлі топтың өз мүдделерін іске асыруға үмтылысын үдайы ұғатын теледидар қызметкерлерінің өздері жақсы түсіңеді.

Қазақстан телевизия-сында "Хабардын" орны ерекше. Сарапшылар мен сәуегейлер рейтинг турасында қандай бір болжам айтпасын, "Хабардың" жетекші орында келе жатқанында ешкімнің дауы жоқ.

В. Познер бірде былай депті: "Мемлекет барлық арнаны жарылқай алмас, бұл ақылға сиымсыз. Ал, теледидарды ұлтандыру оны кедейлікке душар етеді. Бұл сөз жоқ, шындық. Дегенмен басқада ақиқат бар. Мемлеке т енді ғана қалыптаса бастаған кезде, телевизия елдің өткеніне кеткен бір тармағы болды. Осы орайда басқа бір ақиқат - айқындалады. «Егер телндидар жоқ болса, оны қаыптастыру құру қажет, әйтпесе, мемлекет құрлымайды». Міне, «Хабардың» дүнинеге келуі содан. 1

Ұлттык арнаның қалыптасуы бірнеше кезеңдерден өтті. Жаңалықтан жасалған бағдарламалар алғашқы адымы еді. Казакстан азаматтары әлем және өз елі хабар-ошарларын шетел кайнарларынан алатын. "Хабар" материалдарды беруде фактілер дәлдігі мен жедеддікке тез жетті. Бәсекелестік уағында "Хабар" ақпараттар өрісінде ілгері келеді. Уақыт ете тек жаңалық бағдарламасымен тұйыкталып қалуға болмайтындығы айқындалды. Ел экономикасының, ауылдың, ғылым мен мәдениеттің жай - күйін әңгімелейтін бірқатар жаңа үрдістер үн қатты.

Шетелдерден телевизиялык бағдарламаларды сатып алу "Хабардын" мерейін үстем ете түсті. Айрыкша ткянактылыкпен іріктелген тұңғыш сериалдар мен алғашкы деректі, танымдық бағдарламалар көрермендер көңілінен шықты. Шетел өнімдері хабарлар кестесіне дендеп енді. ТМД көлемінде бірегей және алғашқы "Тоғыскан тағдырлар" сериалы казақстандықтардың кепшілігі үшін бестселлерге айналды. Кейіпкерлер тағдыры ғана емес, сонымен катар етпелі кезеңде олардың тұйықтан шығудың ұсынып отырған сан - килы жолдары көрермен кауым-ды ынтықтыра түсті.

"Хабардың" тартымдылығы оның белгілі бір кездейсоқтығында жатса керек. Сәт сайын жаңа сапа, жаңа жүргізушілер, жаңа бағдарламалар ұсынылады. "Жеті күнді" мындаған көрермен тағат таппай күтетін болды. Бағдарламалардың жүргізушілері аптаның негізгі окиғалары жайында толыққанды түсінік бере отырып, тілшілер мен қонақтардың түсіндірмелерімен толықтыруды дағдыға айңалдырды. Ал, "Жеті күннің" меймандары ретінде әйгілі саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлері, мәдениет пен өнер өкілдері, ғалымдар қатысып отырды.

Пікірлер плюрализмінін айкындалған түсы мынау: мемлекеттік арна бола отырып, "Хабар" ресми тірегіне айналған жоқ. Халықтың әр қабатының, саяси партиялар, соның ішінде опозиця өкілдерінің пікіріне «Хабарда» шектеу болмады. Бұған «Хабар» журналистер зерттеуі, жер - жерлерде ақпараттар тексеру, билік органдары кызметінде кемшіліктер туралы өткір сюжеттердің көрсетілуі ықпалдык етті. Тоталитарлық дидактика дәуірі ақпараттарға орын берді, ал оның негізінде кез-келген Қазақстан азаматы елде болып жатқан окиғалар жөніңде дербес корытындыларын жасай алды.

Қазақстан көптеген өзгерістерді, теледидар да көп нәрсені бастан еткерді. Телерыноктың дамуы мемлекеттік және баска арналар арасында бақталастық тудырды. Алайда, байыпты объективтілікке жүгінсек, "Хабардың" айтарлыктай артықшылықтары айқындалады. Тілшілер жүйесінің дамыған торабы, журналистердің жоғары деңгейі, бағдарламалар жүргізушілерінің зейіні мен зердесі "Хабарды" биік белестерге жетеледі. Керермен үшін күрес женіл тимейді. Акпараттык рыноктың қалыптасуының алғашкы кезеңіндегі популизм мен объективтілік "Хабардың" ілгерілеуіне тежеу салды. Әйтсе де, нарық уағындағы шынайы ақпарат баяу болса да, езінің позицияларын орчыктыра түсті. Қазір "Хабар" керермендер көңіліне жол тапқанын және оның Қазақстанда алдыңғы арна санатында жүргенін ешкім жоққа шығара алмайды. Осы' күресте біздің рынокта үстемдік құрған Ресей жөне мемлекеттік емес ар-налармен де бәсекелесуіне тура келді.

Ақпараттар қызметінің тағы бір блогы - бұл таза әлеуметтік жаңалықтар. Мұнда тікелей елдің әлеуметтік тұрмысына қатысты проблемалар - медицина қызметі, ауыз су, білім беру, зейнетақы, еңбекақы беру мәселелері беріледі.

Тағы бір жаңалықтар блогы - қылмысты әрекеттерге арналған. Бұл түрғыда арна жан - жақты ақпараттар беріп отырады. Бірақ оның, мысалға КТК тәрізді телеарналардан бір ерекшелігі - өлген адамның бет-жүзін, денесін көрсетпейді және сот залынан берілетін ақпаратта солай. Қылмысқа тартылған адамның, сот үкімін шығарып, қылмысы нақты ашылмайынша, жүзі көрсетілмейді. Адамгершілік, этика түрғысынан алғанда бұл өте дүрыс шешім. Онсыз да күнделікті тірлік ауыртпалығынан қажыған көрермен санасын түршіктірудің қажеті жоқ екендігі түсінікті. «Хабардың» басқа арналардан тағы бір ерекшелігі 2000 жылдың 22 наурызында «Хабар-2» арнасы дүниеге келген болатын. Алдымен оны Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары, Семей мен Қызылорда қалалары, Астана тұрғындары тамашалады.

«Хабар-2» арнасынан қадірлі қауым «Қырық өтірік», «Дін мен тіл», «Жеген екен», «Көз көрген», «Мың бір мақал» атты бағдарламаларды тамашалай алды. Сондай-ақ «Хабар» агенттігінде спорт мәселесіне де көп көңіл бөлетіндігі де мәлім. Ал агенттіктің бұл тақырыпта жазатын журналистерін айтқанда ең алдымен тілімізге Диас Омаров пен Амангелді Сейтхановтардың есімі оралады.

Қазір спорт деп ішкен асын жерге қоймайтындарын сирек кездестіруге болады. Бұл орайда оларға көмекке «Хабар» агенттігі жиі келеді. Көптеген көрермендердің «Хабармен» бірге футболдан дүниежүзілік және Еуропа чемпионаттарында болып XVII жазғы Азия ойындарында тамашалауға мүмкіндік болды.

Алда тұрған мақсат, міндет көп. Келешекте «Хабардан» тұрақты спорт бағдарламасын ашу. Оған қос тілде хабар жүргізетін мықты журналистер жетерлік.

Хабар таратуда жаңалықтарға басымдылық беріледі. Ақпаратты берудің негізгі ұстанымдары - жылдамдық, сонылық, толқындылықпен объективті көзқарас. Ақпараттық бағдарламалар эфирдің үштен бір бөлігін алады. Ақпараттық бағдарламалар дирекциясында 200-ден астам қызметкер бар. Ақпарат Қазақстандағы 14 және ТМД елдеріндегі 4 жеке меншік тілшілер бөлімінен жиналады. Өз репортаж Солтүстік жартышардың негізгі 12 елінен де әзірленеді. Осының арқасында Агенттік ауқымы Қазақстанның өзге ақпараттық компанияларына қол жетуі қиын тілшілер жүйесіне ие. Осыған қарамастан «Хабар» шетелдік меншікті тілшілер қосындарын жоспарлы түрде көбейтіп келеді. Өз ақпараттарымен қатар компания әріптестік бағдарламалар аясында әлемдегі алдыңғы қатарлы ақпараттық агенттер өнімдерін де пайдаланады.

Агенттіктің, сондай-ақ публицистикалық, музыкалық, спорттық және өзге де бағдарламалары жақсы танымал. Арна ұсынатын телевизиялық сериалдар, деректі және көркем фильмдер рейтинг бойынша ең жоғары орында түр. Репертуарында элитарлы кинодан бастап, кең таралымға ие болокбастерлерге дейінгі жанрлар қамтылған. «Хабар» әлемдік деңгейдегі спорт жарыстарын тікелей эфирден көрсететін елдегі жалғыз телеарна. Агенттіктің техникалық базасы маңызды саяси және мәдени акцияларды оқиға орнынан тікелей таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Агенттіктің бөлімшелері

«Caspionet» спутниктік арнасы - Еуропа, Орталық Азия, Орта Шығыс пен Африканың Солтүстік бөлігін қамтитын тәулікті ақпараттық арна. «Caspionet»-тің; болжамды елдерде болып жатқан тың оқиғалар таныстырылады. Қалай болған күнде де информациялық жаңалықтар 3, 5 минуттан аспайды. Әрбір сағаттың 35 минутында ауа райы болжамдары беріліп тұрады, басшысы Сергей Баскин.

Бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігі бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе болуы керек БАҚ-тың ақпарат таратушы көздерінде демократия болуы тиіс. Сондықтан да әрбір баспа, әрбір агенттік өзінің мүддесің өз қолында ұстауы керек. Ол агенттіктерде проблемалар да жеткілікті. Соның бірі «Хабардағы» тіл проблемасы басты проблемалардың бірі. «Хабардың» тәулігіне 15 сағат таратып жатқан хабарларының 71, 8 % орыс тілінде, ал қазақша 28, 2 % ғана құрап отыр. Осы елдің, жердің иесі қазақ халқы екендігін айтпағанда, Қазақстандағы халықты 50% астамын қазақ ұлты құрап отырған жоқ па? Мемлекеттік тілді еркін әрі терең меңгеру үшін қажетті ұйымдастырушылық материалдық және техникалық жағдайдың бәрін алуға міндетті.

Ғасыр басында пайда болған теледидар бүгінде бүкіл әлемді жайлап отыр. Оның жауламаған саласы қалмаған шығар. Бірақ көп ұзамай теледидардың өзімен бірге ала келген саңдары да аян болды. Мысалы: американдықтардың бірнеше ұрпағы көгілдір экранный; тәрбиесін көргендер . . .

Әрине социализм кезінде сөз бостандығы болған жоқ. Оны қоғамдық ойды багдарлап отырудың асқынған түрі деуге де болады. Бірақ, сол кездегі жақсы дәстүр - осы теледидардағы цензура еді, жүйелі тәртіп еді. Теледидардан осы күні көрсетілетін шет елдің «порнухасы», рок-поп ансамбльдері ол кезде де болған, бірақ оны бізде насихаттамайтын. .,

Хабардың ақсап жатқан тұстары жетерлік. Ресейге, Батысқа жалтақтай бермей, өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізге бет бұратын уақыт жеткен сияқты.

Осы тұста қозғау салып кедергілер мен кінәләрді ашып көрсетіп мүсәпір күй кешіп отырған ана тілімізге сүйеу болудың орнына «Хабардың» өзінің қазақ тілінен сырт айналуын қалай түсінуге болады. Хабарлықтар қазақшасының «Шаһар», «31 канал», «Таң», «КТК», «НТК», «Рахаттардан» артықтығын қанагат түтып отыра бермей, тіл мәселесінде, басқа да үлтымыздың өзекті мәселелерінде өзге арналарға үлгі болып жүрсе жараспай ма?

Көрермендерінің саны 99 миллион адам. Хабар таратуда жаңалықта басымдық береді. Хабарлар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде дайындалады.

Еларна - телевизиялық ойын-сауықтық арна, болжамды аудиториясы - 9, 5 миллион адам. Хабарлар қазақша, орысша, ағылшын тілінде беріледі. Хабар таратуда көркем фильмдер, телесериалдар, танымдық және мәдениет танушылық бағдарлама басымырақ беріледі.

«Хит ФМ» радиосы - Қазақстандағы ең танымал радионың бірі. Хабар таратуда ақпараттық және музыкалық бағдарламаға басылымда беріледі. Қазақ, орыс тілдері WWW. khabar. Kz интернет порталы-ендегі және әлемдегі маңызды оқиғаларға байланысты ақпараттар үсынады. Күн сайын жаңартылып отырады. Сайт парақтарынан Агенттік жөнінде толық ақпарат алуға болады.

Жетістіктері

Телеарна мен оның өнімдері, сондай-ақ Агенттік қызметкерлері үлттық және халықаралық деңгейде көптеген кәсіби марапаттар алған.

2003 жылы «Золотая арка Европы» байқауында Агенттік «Сапа және технология» номинациясы бойынша жүлде алды. Дирекция журналистерінің жүмыстар EMMУ телевизиялық жүлдесіне үсынылған, ал репортаждың бірі «Золотой глагол» (Ресей) байқауыңда бас жүлде алды. Қызметкерлер мен спорт редакциясының хабарлары жоғарғы деңгейдегі халықаралық (ТМД) кәсіби жүлделермен марапатталған.

«Болашақ қаласы» атты жастарға арналған бағдарлама Жапонияда өткен халықаралық фестивальда әлемнің ең үздік бағдарламалары ондығына еңді. Web-сайттың «Award-2003 Қазақстан интернет-жүлдесі» атты алғашқы қазақстандық байқауының қорытындысы бойынша Агенттік сайты «Дәстүрлі БАҚ-тың электронды нүсқалары» номинациясында үздік деп танылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайнар Олжай - публицист
Идеонимдер
ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚПАРАТ ӘЛЕМІ
Отандық телеарнадағы шетел экспанциясы
Балалар психологиясына теледидардың әсері
Ақпаратты қорғау үшін ұйымдастырылатын әрекеттер
Тіл халықтың жаны
Шетел телеарналарында балалар хабарының берілуі
«Әл - Жазира» телеарнасының хабар беру ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz