Сөздердің байланысу тәсілдерінің орыс тіл білімінде зерттелуі


- Сөздердің байланысу тәсілдерінің орыс тіл білімінде зерттелуі
Күні бүгінге дейін тіл білімінің синтаксис жүйесінде қарастырылып келген, сол саланың негізгі зерттеу обьектілерінің бірі болып табылатын сөз тіркестері туралы, олардың түрлері, формалары, сөз тіркестерінің құрамына енетін сөздердің ара қатынасы т. б. туралы жазылған ғылыми еңбектер де, олар туралы айтылып жүрген жекелеген пікірлер де аз емес. Тілді зерттеуші ғалымдар сөз тіркестерінің синтаксистік ерекшеліктеріне орай оларды әр қырынан сипаттап саралаған, жіктеген. Сөз тіркестерінің лексико-грамматикалық құрлымы, құрамындағы сөздердің синтаксистік байланысу қабілеттілігі және ондағы амал-тәсілдердің ерекшілігіне қарай тіл-тілдегі топтастырулар мен жіктеулерде кей жағдайларда белгілі бір дәрежеде ортақ ұқсастықтар табылып жатса, енді бірде әр тілдің өз табиғатына сай ерекшеліктердің бар екендігі анық. Сондай-ақ бұл саладағы зерттеулерде, жасалған ғылыми тұжырымдар арасында қайшылықтар мен талас туғызарлық мәселелер де аз емес.
Ғылымның кез келген саласы белгілі бір тарихи қалыптасу, даму кезеңдерінен өтеді десек, тіл біліміндегі синтаксистің бір бөлімі болып табылатын сөз тіркестері туралы пайымдаулар да ғылымда бірден пайда бола қойған жоқ. Тіл білімі ғылымының даму кезеңдеріне сай олардың да белгілі бір даму сатылары бар. Сөз тіркесітерін синтаксистің бір нысаны ретінде зерттеу әр кезеңде түрлі деңгейде болды және тіл-тілдегі сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері туралы айтылған ой-пікірлер де әрқилы.
Жалпы сөз тіркестері жайында сөз ең алғаш рет ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап айтыла бастады. 70-жылдары орыс әдеби тілінде Бодуэн де Куртенэ алғаш рет аналитикалық элементтер жайында пікір білдірген. Сондай-ақ тіл зерттеушісі А. М. Казамбек 1846 жылы шыққан «Общая грамматика турецко-татарского языка» атты еңбегінің синтаксиске арналған бөлімін «Сөз тіркестері» деген атпен бастап, онда сөздердің байланысу, тіркесу амалдарына тоқталып өткен. 1894-97 жылдар аралығында орыс тілінде жарық көрген «Қазақ-қырғыз тілдерінің қысқаша грамматикасы» атты еңбекте П. М. Мелиоранский де синтаксистің біраз мәселелерін сөз етеді.
Эд. Сепир «Язык» атты еңбегінде «В аналитическом языке первенствующее значение выпадает предложению, слово же педставляет меньшей интерес. В синтетическом языке - понятия плотнее между собою группируются, слова обставлены богаче, но вместе с тем обнаруживается общая тенденция ограничевать более узкими рамками диапозн конкретного значения отдельного слова». [2. 23] Автор аналитикалық және синтетикалық тілдердегі мағынаның сөйлем мен сөзде әр түрлі айқындалатынын айтады.
Орыс тіл біліміндегі сөз тіркестерінің зерттелуі туралы айтқанда В. В. Виноградов, А. М. Пешковский, А. Х. Вастоков, Н. М. Кошанский, Л. А. Булаховский, И. С. Илминский т. б. атауға болар еді. Зерттеушілер сөз тіркестерінің байланысуы туралы түрлі пікірлер білдіріп, олардың ара жігін ажырату мәселесі жөнінде елеулі еңбектер қалдырды.
Синтаксистегі меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін тереңірек зерттеп, оның негізін салған академик А. Х. Вастоков болды, Н. М. Кошанский, Н. Герч, Ф. И. Буслаевтердің еңбектерінде бұл мәселелер төңірегіне жекелеген пікірлерді байқауға болады. Ал орыс тіл білімінің зерттеушісі А. М. Пешковский тілдегі сөз тіркестерінің байланысу түрлеріндегі күшті меңгерілуі (силвное упровление) және әлсіз меңгерілуі (слабое управление) туралы айтқан пікірі сөз тіркестерінің байланысын саралауға жасалған елеулі қадам еді.
Н. В. Крушевский аналитикалық және синтетикалық тілдер жүйесінде тілдің синтетикалық жүйеден аналитикалық жүйеге көшіп, араласып жататынын көрсетеді, оны мысалдармен айғақтайды.
Сондай-ақ синтетикалық тәсілдер туралы, оның сөздерді байланыстырудағы ерекшелігі туралы 1952 жылы жарық көрген «Грамматика русского языка» атты еңбекте айтылады. Мұнда сөз тіркестерін байланыстырудағы синтетикалық тәсілдердің қырлары айқындалып, «для управления косвенными падежами преимущественно имен существительных и местоимений с предметным и личным значением, а также разных субстантивированных слов, или для присоединения их по способу примыкания» [1 . . . ], - деп көрсетіледі.
Сөз және ондағы сөздерді байланыстырушы амал-тәсілдер туралы орнықты пікірлер ХХ ғасырдың орта шенінде айтыла басатады. В. В. Виноградов өз еңбегінде синтаксистік байланыстар аясында белгілі бір дәрежеде ерекше орын алатын сөздердің салаласа байланысуы туралы пікір білдірді. Ол өз еңбегінде синтаксистік қатынастар аясындағы сөздердің салаластық байланысының өзіндік ерекшеліктерін, алатын орнын көрсете отырып, салаласа байланысқан сөздердің сөйлемдегі өзге сөздермен тығыз қатынасын анықтайды. Өйткені бұл байланыс түрінің негізін құрайтын бірыңғай сөздер де сөйлем құрылымымен байланыста болады. Сонымен қатар В. В. Виноградов мұндай байланыстың кейбір түрлері олардың номинативтік қызметінің өсу мүмкіндіктерін байқататынын және бұл тұрғыдан олардың белгілі бір дәрежеде сөздердің сабақтаса байланысу түріне жақындастыра түсетінін айтады.
В. В. Виноградов өз еңбегінде синтетикалық тілдің аналитикалық тілдік құбылыстарды қабылдап, тілде көрініс беретінін сөз етеді. Оған мысал ретінде синтетикалық орыс әдеби тілінің аналитикалық формаларымен өсіп, таралып келе жатқанын айтады. Сөзжасамның күрделенуі, сөздің грамматикалық шегінің өзгеруі, фразиологиялық единицалар мен біріккен сөздердің көптеп таралуы тілде аналитикалық тәсілдің өсуін көрсетеді. [2. 40] Ғалымның көзқарасы, пікіріне қосыла отырып, біздің пайымдауымызша тілдің даму сипаты тек бір қалыпта, яғни синтетикалық не аналитикалық тәсілдермен шектеліп қалмайды. Синтетикалық тілдер аналитикалық заңдылықтарды өз қажеттілігіне сай қабылдап, тілге көп өзгерістер алып келеді. Мысалы, орыс тілінде удобный - удобнейший, синтетикалық тәсілде берілсе, енді аналитикалық түрде - самый удобный түрінде де айтылады. Сондай-ақ қазақ тілінде синтетикалық тәсілдермен бірге аналитикалық тәсілдер арқылы жасалған сөз тіркестері, сөйлем мүшелері, сөйлемдер баршылық. Соның ішінде, сөз тіркесіндегі байланысу тәсілдерінің тілімізде орын алған көріністерін келесі тарауда қарастырамыз.
А. И. Смирницкийдің пікірінше аналитикалық сөзжасам сөз тіркесі түрінде болады, синтетикалық түрі - сөз түрінде жүретінін түсіндіреді. Аналитикалық сөзжасамның болуының арқасында шектеулі сөздерді пайдаланып, түрлі ойларды мәнерлі айтып, сондай-ақ жаңа ойды жасап, өзгелерге жеткіземіз. Мұндай пікір айта отырып, автор шектеулі сөздер деп - орын тәртібін меңзеп отырған сияқты. Аналитизм сөз тіркесі түрінде келіп, фразеологизмге ұқсас түрде, тек бір сөздің қызметін атқарады дейді. (А. И. Смирницкий Аналитические формы) Вопросы языкознания. [2. 41-42]
Орыс тіл білімінде синтаксис мәсеселерін, оның ішінде сөйлемдегі сөздердің өзара байланысы туралы салалы пікірлер айтқан ғалымның бірі - Н. Н. Прокопович болатын. Ол өз еңбегінің «Сөз тіркесі туралы ілім және оның ситаксистегі мәні мен орны» атты еңбегінде синтаксис ғылымының негізгі үш зерттеу обьектілері бар деп қарастыра отырып, оның алғашқысы, комуникативті қызмет атқаратын және предикативті қатынастарды бідретін сөйлем құрлымы (предикативная единица) туралы ілім деп аталса, ал екіншісін, өз бетінше комуникативті қызмет атқармайтын және синтгматикалық қатынастарды білдіретін сөздердің тіркесімділік құрлымы (ситагматические единицы) ілім дейді. Аталған топтың үшіншісі, комуникативті қызмет атқаратын және өзара синтагматикалық қатынастар арқылы байланысқан предикативтік бірліктерден құралған күрделі синтаксистік тұтастықтар (синтагматика предикативных единиц) туралы ілім деп көрсетіледі. Берілген сарптамалар бойынша синтаксистік зерттеу нысандарының бірі болып табылатын сөз байланысы (синтагматикалық бірліктер, тұтастықтар) терминінің кең ауқымды ұғым екендігін, олардың сапалық қатынастары жағынан бір-біне ұқсамайтын екі тобы бар екенін айтады.
Сөз тіркестерінің синтаксис жүйесіндегі орны мен оның маңыздылығы туралы өзіне дейінгі ғалымдардың пікірлерін толықтыра отырып, В. В. Виноградовтің ізімен жоғарыда айтылғандай сөз байланысының екі тобын сөздер арасындағы салаластық байланыс және сабақтастық байланыс деп бөледі.
Сөздердің салаласа байланысу туралы мәселе күні бүгінге дейін түрлі деңгейде қарастырылып келеді, сөйлем құрамында жиі ұшырасатын байланыс түрінің тілдердегі мұндай үлгілерін лингвист ғалымдар «салалас сөз тіркестері», «тұйықталған тіркестер», «сөз тіркестерінің әлсіз топтары» деп түрліше атайды. Олардың кейбіреулері бірыңғайлық қатынастағы сөздер тобын сөз тіркестері синтаксисінде қарастырса, ал енді бір топ ғалымдарды салаласа байланысқан сөздердің синтагмалар жүйесінде қаралуы тұйыққа тіреді. Өйткені салаластық байланыстағы сөздер арасындағы қатынас сөз тіркестері деп аталып жүрген синтаксистік құрылымдардың көрсеткіштеріне қайшы келеді. Алайда ғалымдар салалас байланыстарды синтагматикалық қатынастар шеңберінде саралағанымен, оларды сабақтастық қатынастағы сөз тіркесінен оқшаулап тұратын қарама-қайшылықтардың бар екендігіне сүйене отырып, сөз тіркесінің ерекше тобы деп қарастырады.
Н. Н. Прокопович бұл мәселе төңірегінде бірқатар сұрақтардың басын ашып, өзінше жүйеледі. Сөздер арасындағы салаластық байланыстың сабақтастық байланыстағы сөздерден басты айырмасы, - деп көрсетеді ғалым, олардың құрылымында, компонентері арасындағы қатынастың қасиетінде, яғни салалас байланыстағы сөздер синтаксистік қатынас тұғысынан алғанда «ашық», «тұйықталмаған» сөздер тобынан құралады. Осылайша салаласа байланысқан сөздер белгілі бір дәрежеде номинативтік қызыметте жұмсалуға қабілеттірек дей келіп, «Они, в отличие от подчинительных соединений, не представляют собою результата распространения одного знаменательного слова другим. В них нет стержня, то есть стержневого слова, принадлежащего к той или иной части речи и определяющего разряд соединеня слов - глагольное, именное и т. д. В них нет, следовательно, отношения определяемого и определяющего» [9. 17], - деген қорытынды жасайды.
Сөз байланысы немесе сөз тіркесі деп аталатын категориялардың қай-қайсысы болмасын өздері қатысатын сөйлем құрлымымен комуникативті тұлға ретінде тығыз байланыста болады. Бұл синтаксистік тұлғалардың бір-біріне тигізетін ықпалы сөйлеу барысында байқалады. Н. Н. Прокопович салаласа байланысқан сөздерді осы тұрғыдан алып қарастырғанда олардың дамуын байқауға болады дейді. Сабақтаса байланысқан сөздер сияқты салаласа байланысқан сөздер тобы да есім тұлғалы сөздердің қалыптасуында үлкен рөл атқаратындығын айтады. Мысалы ретінде орыс тілінде тіркес болып қолданылып жүрген «отец имать; ни свет, ни заря; день и ноч; униженные и оскарбленные» секілді сөздер арасындағы салаластық байланыстарды келтіреді. Осылайша салаласа байланысқан сөздер тобының ерекшеліктерін және оларға қатысты бірқатар мәселелердің зерттелуі сөзжасам теорияларына да, сөз тіркесі синтаксисіне де өте қажетті екендігін көрсетедті.
Сөз тіркесі синтаксисінде біршама тереңірек зерттелген және көптеген тұжырымда жасалған мәселе сабақтастық байланыстар жөнінде болатын болса, өз кезегінде Н. Н. Прокопович байланыстың бұл түріне « . . . общим для всех подчинительных соединений слов является прежде всего характер отношений между компонентами, из которых состоят рассматриваемые соединения слов. Это отношение определяемого и определяющего» [9. 19], - деп түсіндірме жасайды. Сондай-ақ олардың құрлымындағы тұтастық екі элемент арқылы анықталады: негізгі сөз табынан болған екі сөз басыңқы және бағыныңқылық қатынастарда жұмсалады, соңғысы алғашқысының мағынасының таратылуын білдіреді. Сөйлем құрылымында басыңқы компоненттің қай сөзден табынан болуына орай сөз тіркесінің жіктелуі және оларды бірізге түсірудегі қарама-қайшы бағыттар сөздер арсындағы сабақтастық байланыстың негізі болады. Сөйлемде өзара тығыз байланыста болатын сөздердің семантикалық, сөзжасамдық т. б. ерекшеліктерінің де бұл байланыс түріне әсері бар дей отырып, автор: «интересовать читателя; итересны для читателя (или читателю) ; интерес читателя» сияқты сабақтастық байланыстағы сөз тіркестерінің ара қатынасы бірдей еместігін мысалға келтіреді.
Сабақтаса байланысқан сөздер арасындағы қатынас жөнінде Н. Н. Прокопович қарастырған тағы бір мәселе, бұл байланыстағы сөздердің кейбір тотарының номинативтік мәнде қолданылуы. «Так, можно, прежде всего, выделить группу таких моделей сочетаний слов, в которых достаточно отчетливо проявляется номинативность, способность выступать в номинативной функции, служа «расчлененным обозначением единого понятия» [9. 20] . Ғалымның дәлелдеуі бойынша бұл сөздер арасындағы сабақтастық байланыс түрі сөз тіркесін құрамайды, өйткені олардың арасында предикаттық қатынас жоқ, және «они отличаются от отдельного, даже сложного слова» [9. 20], - деп олардың күрделі сөздер тобына да кірмейтіндінін айтады. Көрсетілген сөздер арасындағы қатынастар еңбекте былайша түсіндіріледі: номинативті мән басым болып тұрған сабақтаста байланысқан сөздерде предикаттық қатынас элементтері әлсірейді, немесе болмайды, ал керісінше предикаттық қызметі күшейген сөз байланыстарында номинациялық мән әлсірейді, немесе мүлде болмайды.
Өз еңбегінде Н. Н. Прокопович сөзтаптарының тіркес жасаудағы қабілеттілегі және сөз тіркесін құрауға сөз таптарындағы сөзжасам жұрнақтарының әсері туралы мәселелерді қарастырған. Онда сөз тіркестеріндегі басыңқы сөздің морфологиялық табиғаты көп жағдайда сөз тіркесінің констарукциясын айқындайды. Сөздің сөз тіркесін құрау қабілеті өзі қатысатын сөз тіркесінің құрамы және ондағы байланысу тәсілдері сол сөздің қандай сөз табына жататындығына тікелей байланыстаы болады делінеді. Сонымен қатар, жұрнақтар қабылдау арқылы сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуы сөз тіркестерінің арасындағы байланысу тәсілдеріне әсер ететіндігін дәлелдеген.
Ғалымның келтірген дәйектеріне сүйенер болсақ; сөз тіркесінің етістіктерге тән байланысу тәсілдері зат есім мен сын есім сөздерге ауысатыны көптеп кездесетіндігі және бұл орыс тілінің грамматикалық құрылымында етістіктердің үлке рөл атқаратындығына байланысты дейді. Етістіктердің ықпалы әсіресе сөз тіркестеріндегі басыңқы компонент етістік түбірлі туынды зат есімдерден немесе етістік пен зат есімдер сөзжасам тұрғысынан түбірлес болған жағдайда есім сөз тіркестері етістікті сөз тіркестерінің байланысу түрін толықта қайталайды. Мәелен, басыңқы сөз сөзжасам тұрғысынан етістікпен байланысты туынды зат есімнен болғанда есім сөздің табыс септігінде тұрып байланысуы табыс септікті етістікті сөз тіркесін қайталайды және мұндай сөз тіркестерінде етістіктерге тән обьектілік қатынас сақталады. Сөз тіркестерінің етістіктерге тән байланысу тәсілдерінің зат есім және басқа да есім сөздерге ауысуын өзге де септік тұлғаларынан көруге болатынын зертеуші өз еңбегіне арқау етеді. Мысалы: «овладение наукой - овладеть наукой, взмах рукой - взмахнуть рукой, ход конем - ходить конем, поручение Петрову - поручить Петрову, ожидание отправки - ожидать отправки, лишение прва - лишить прав» т. б. «В таких словосочетаниях, как мы видели выше, словообразовательные связи существительного с глаголом оказывают непосредственное влияние на образование определенных типов именных словосочетаний, прямо повторяющих и структуру, и отношения соответствующих глагольных словосочетаний» [9. 26] .
Алайда, бұл етістік түбірлі есім сөздердің барлығы бірдей етістіктерге тән синтаксистік байланыс түрін қайталайды деген сөз емес. Кейбір етістік түбірлі зат есімдердің қимыл-қозғалыс, іс-әрекет нәтижесінде пайда болған зат атауна, немесе тұлға атауына ауысуна орай оларда етістіктерге тән байланысу тәсілдері болмайды. Және де мұндай тұлғалас сөз тіркестерінің жасалуына сөзжасамдық байланыстардан өзге, семантикалық және грамматикалық факторлардың әсері болатынын Н. Н. Прокопович өз зерттеуінде мысалдар келтіру арқылы жан-жақты қарастырады. Айтылғандарға қоса сөзжасам жұрнақтарының тіркесімділік қабілетінің етістіктен зат есімдерге ғана емес, етістіктен сын есімдерге ауысатындығы және сын есімдерден белгілі бір жұрнақ түрлерінің жалғануы зат есімдерге, сирек те болса үстеу сөздерге ауысатындығы көрсетілген. Мұнда сөз тіркесінің жасалуындағы орыс тіліндегі «предлогтардың» да қатысы айтылады.
Түрлі сөз таптарынан сөз тіркестерінің жаслуында басыңқы сөздің сөзжасамдық тұлғасы айтарлықтай рөл атқарады дейді ғалым. Сөз тіркестерінің басыңқы компаненттеріне қарай сөз таптарына ажырату, әрі олардың сөзжасамдық тұлғаларына орай саралау, олардың арасындағы байланыстық дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ғалымның зерттеуінен бұл мәселенің екі жақтылығын байқауға болады: біріншіден, сөзжасамдық тұрғыда сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуы арқылы сөз тіркестерінде негізгі түбірдегі байланысу тәсілдері екіншісіне берілсе, екіншіден, сөз тіркестерінде басыңқы компоноттердің түбірлес болуы арқылы біріндегі байланыс түрі екіншісінде түбір тұлғалардың ортақтығы арқылы көрініс табады.
Сөйлемде сөздерді байланыстырушы амал-тәсілдер, синтактсистік құралдар алуан түрлі дейтін болсақ, сөздер арасындағы сондай қызмет атқаратын құралдардың бірі - көмекші сөздер тобы. Тілдің морфологиялық жүйесінде көмекші сөздер деп аталатын топты негізінен көмекші есімдер, көмекші етістіктер және шылау сөздер құрайды. Аталғандардың сөйлем құрамында жұмсалып, сол өзі қатысатын сөйлемдегі сөздердің мән-мағынасын толықтыруы, немесе сөздер арасында дәнекерлік қызмет атқаруы бірдей дәрежеде емес. Ал сөздерді байланыстыруда көмекші сөздер ішінде шылаулардың және көмекші есімдердің атқаратын синтаксистік қызметі ерекше деуге болады. Олардың синтаксистік қызметін анықтауда көптеген зерттеуші ғалымда еңбек етті. Алайда осы көмекші есім және шылау сөздердің сөз бен сөзді байланыстырушылық қабілеті туралы тіл-тілдерде жасалған зерттеулер түрлі деңгейде, әрі мұнда зерттеу обьектісі болып отырған тіл табиғатының ерекшелігі де ескеріледі.
Орыс тіл білімінде көмекші сөздердің синтаксисін зерттеудің негізін қалаған А. Х. Вастоков болса, Н. М. Кошанскиидің, Ф. И. Буслаевтің еңбектерінен жекелеген пікірлердің айтылғанын көруге болады. Өз кезегінде А. М. Пешковский сөздер арасындағы байланыстың бұл түрін «күшті меңгеру» (сильное управление), «әлсіз меңгеру» (слабое управление) деп жіктеген болатын. Орыс тілінде көмекші сөздер, оның ішінде көмкеші есім (предлог) аталатын сөздер тобының синтаксистік қызметі туралы В. В. Виноградов тереңірек зерттеді. Және әлсіз меңгеру аталатын сөз тіркесінің компонентері арасындағы байланыстарды қарастыра отырып, соған қоса еркін байланысу «свободное присоединение» деп аталатын байланыс түрін анықтады. Аталған мәселе еңбектерін біз қарасырған Н. Н. Прокоповичтің де зерттеулерінде де көрініс тапқан.
ХХ ғасырларда қалыптасқан осы септік тұлғалары мен көмекші сөздердің арасындағы байланыс туралы зерттеушілердің пікірлерін бір-біріне қарама-қайшы келеті екі топқа бөлуге болар еді. Олардың бірқатары (Е. С. Скобликова, Е. В. Кортевич және т. б. ) бұл сөз тұлғаларын меңгеру формалары ретінде қалыптасқан сөз тіркесінің бағыныңқылы компаненті деп санайды. Көрсетіліп отырғандар кез келген атау тұлғадан өзге септіктердің бірінде тұрып, тұрлаусыз мүшелердің бірі ретінде анықталатын сөздің бағынышты компоненті ретінде қалыпты меңгеру түсінігінен пайда болған. Зерттеушілердің келесі бір тобы (А. Б. Шведова, М. Р. Лесник, Г. А. Золотова) әлсіз меңгерілген сөйлем мүшесі ретінде қабсу тұлғасындағы сөз формалары, немесе «бірікітруші» байланыс құралы арқылы жасалған, бағыныңқы компонентердің сөз тіркесері іспеттес ситуанттардың қызметін атқаратын еркін синтаксистік тұлғалар қатарларына жатқызады.
Осы тұлғалардың төңірегінде В. П. Малащенко жан-жақты зертемелер жүргізген. Және мәселе туралы ол бұл байланыс түрін анықтау үшін В. В. Винагодов ұсынған еркін байланыс (свободное присоединение) түрін қолдайтынын зерттеулерінен байқауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz