Әдебиеттік оқу пәнінің, көркем шығарманы оқыту мен талдаудың негіздері


Жоспар
Кіріспе . . . 3-5
І тарау. Әдебиеттік оқу пәнінің педагогика - психологиялық негіздері.
- Әдебиеттік оқу пәнін жүргізудегі тәрбие үрдістері. . . 6-8
- Халық шығармалары - ұлттық тәрбие беру көзі. . . 9-14
ІІ тарау. Көркем шығарманы оқыту мен талдаудың тәрбиелік негіздері.
2. 1. Көркем шығарма арқылы еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу . . . 15-34
2. 2. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі көркем шығарманың
рөлі . . . 35-38
ІІІ тарау. Ана тілі оқулықтарының тәрбие нысандары.
- Ана тілі оқулықтарының ерекшеліктері. . . 39-46
Қорытынды . . . 47-49
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 50-51
Қосымша . . . 52-61
Кіріспе
Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып егемендік алуына орай қоғамды демократияландыруда, ізгілендіруде, жас жеткіншектерді көркем шығарма арқылы тәрбиелеудің маңызы, мәні де зор.
Зерттеу өзектілігі:
Қазіргі күнде бастауыш сынып оқушыларының білімділік қабілеттерін арттыра отырып, олардың жеке тұлға ретіндегі адами асыл - қасиеттері - еңбексүйгіштік, адамгершілік - эстетикалық рухани сезімдерін тәрбиелеу мәселесі ең өзекті мәселе болып отыр. Білім беру дегеніміз - ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту. Оқушының бойындағы бар қабілетін жетілдіріп, кемеліне келтіру үшін әдебиеттік оқу пәнінің маңызы ерекше. Сондықтан біржақты, жаттанды білім берілмей, оқу сабақтарында бала бойына ізгі қасиеттерді қалыптастыру мәселесі қаншалықты өзекті болса, оны әдебиеттік оқу арқылы ғана, яғни ана тілінің сөз сұлулығы арқылы бала бойына дарыту соншалықты өзекті мәселе деп қарастырамыз.
Қазақстан Республикасы мәдени-этикалық білім тұжырымдамасында: “Әрбір адам, ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс.
Жас ұрапқты тәрбиелеу ісі қоғам дамуының қай кезеңінде болмасын уақыттың талап-тілегіне сай үздіксіз жүзеге асырылып отырады. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарында: “Әрбір пәнді оқытудың ғылыми дәрежесінің неғұрлым жоғары болуы, ғылым негіздерінің берік игерілуі, идеялық-саяси және адамгершілік тәрбиенің және дене тәрбиесінің жақсартылуы қамтамассыз етілсін. Оқыту мен тәрбиелеу әдістерін жетілдіру міндеті қойылсын” - делінген. [ 2. 3. ]
Осы орайда мектептегі көркем әдеби шығармалар - өсіп келе жатқан жас ұрпақты қазіргі бәсекелестікке сай, жаңа қоғам құруға бейім, икемді, ұлттық, адамзаттық құндылықтарды меңгере алатын, патриоттық сезімі берік қылыптасқан азаматтарды тәрбиелеудің басты құралы.
Зерттелу деңгейі:
Мектептердің бастауыш сатысындағы тіл және оқу пәндері бойынша белгілі Т. О. Рамзаева, В. Г. Горецкий, Н. Н. Светловская, М. С. Соловетчик, М. Н. Оморокова, В. Н. Зайцев, О. В. Сосновская, О. В. Дженелей, Р. Н. Бунеев, О. Б. Кубасова, В. А. Левин, сынды ғалымдардың төмендегідей ой-пікірлері басшылыққа алынды. “Баланы көркем әдебиет әлеміне енгізіп, оған сөз өнерінің ерекшеліктерін түсінуге көмектесу керек”. (В. Г. Горецкий, Л. Ф. Климанова) . “Көркем әдебиетті оқуға үйрету және сауатты оқырмандықтың негізін қалау керк” (В. А. Левин) . “Эстетикалық дамыған оқырманды қалыптастыру керек” ( Г. Н. Кудина) . “Білікті оқырман дайындау керек” (О. В. Дженелей) .
2002 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде “Әдебиеттік оқу” пәнінің жетілдірілген білім стандарты дайындалады. Және де, Қолданылу саласы” бөлімінде пәнді білім беру жүйесінде қолдану ережелері; “Нормативтік сілтемелерде” сүйенілетін негізгі құжаттар; “Анықтамалар мен қысқартулар пәннің негізгі ұғымдарына түсініктемелер; жан - жақты қарастырылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Бастауышта әдебиеттік оқу пәнінің тіл білімінің маңызды саласы екенін, оның оқушы қабілетін дамытып, дүниені көркем сөз арқылы бейнелі қабылдауға үйрететін және балаларды еңбек пен адамгершілікке, эстетикаға тәрбиелеудің құралы екендігін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Әдебиеттік оқу пәнінің мәнін, маңызын, ролін анықтау;
- Әдебиеттік оқу пәні - баланы көркем өнердің ерекше түрі - әдебиетпен табыстыру құралы екендігін көрсету;
- Бастауыштағы әдебиеттік оқу пәні мазмұнының ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтарды, білім беруді ізгілендіруді жүзеге асыруға құрылғандығын таныту;
- Әдебиеттік оқу пәні арқылы оқушылардың ізгілікті - елжанды, шығармашыл дара тұлғаның қасиетін, көркемдік - эстетикалық талғамын оятудың жолдарын көрсету;
- Тақырыптың мазмұнын қарастырған ғылыми - теориялық әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды зерттеу.
Зерттеу әдістері:
- ғылыми - теориялық әдебиеттерді талдау;
- бастауыш мектептегі озат педагогтардың іс - тәжірибесімен танысу;
- оқу - тәрбие процесін бақылау нәтижесінде салыстырмалы түрде талдау, бағалау;
- оқу материалдарының берілу ретін, жүйелілігін, мазмұнын баспалар бойынша салыстыру;
- әртүрлі проблемалық жағдаяттар туғызып, сырттай бақылау, әңгімелесу.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы:
Бітіру жұмысының шеңберінде орындаған ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі көптеген ғылыми - теориялық әдебиеттер мен монографиялардың және нормативтік - құқықтық құжаттардың негізінде тұжырымдалған, сондықтан бітіру жұүмысының қорытындысы мектеп мұғалімдері мен студент - практиканттарға тиімділігі мол, мәнді де маңызды ғылыми - әдістемелік құрал болып табылады.
Практикалық маңыздылығы:
Қоғам өзі талап етіп отырған елжанды, парасатты, еңбекқор, білімді тұлға тәрбиелеп шығару болғандықтан оқушылардың ізгі қасиеттерін тәрбиелей отырып оқыту өте маңызды процесс.
Бітіру жұмысының құрылымы:
Бітіру жұмысы кіріспеден, тараудан, жалпы әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Әдебиеттік оқу пәнінің педагогика-психологиялық негіздері.
1. 1 Әдебиеттік оқу пәнін жүргізудегі тәрбиелік үрдістер.
Қазіргі кезеңде білім мен тәрбие берудің мақсаттары мен міндеттері өзгерді, жаңа бағыт алды. Имандылық, ізгілік, еркіндікке негізделген жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыруды мақсат еткен мектептердің қажеттілігін өмірдің өзі туғызып отыр. Тәрбие жеке адамды мақсатты түрде қалыптастыру болып табылады. Мектептегі тәрбие адамның өмірінде үлкен із қалдырады, себебі нерв жүйесі жас кезінде жоғары қабылдағыш және иілгіш келеді. Жас ұрпақтарға аға буынның жинақтап берген әлеуметтік бай тәжірибесін беруде, қайта құру идеологиясын сана сезімдеріне сіңіруге, мағыналы мінез-құлық нормалары мен жүріс-тұрыс әдеттерін қалыптастыруда кешенді тәрбие қоғамдақ функция атқарады. Осы орайда тәрбиеге жүктелетін ең басты мақсат - қоғамға қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбек сүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасуы үстіндегі, эстетикалық талғам сезімі мен дене күші мығым, белсенді өмірлік позициясы айқындалған жасты дамытып қалыптастыру. Балаларды ұлттық жалпы адамзаттық қазыналар мен мүдделер негізінде тәрбиелеу-қазіргі қоғамдағы тәрбиенің басты мақсат міндеттері болып табылады.
Мектептің алтын шырағы мұғалім мен тәрбиешілерден - инновациялық идеялар, жемісті еңбектер талап етілуде. Білім мен тәрбие оқушы - субектінің “мен” менталитетін қалыптастыруға, дарын көшін ашуға, өзін-өзі дамытуға өзін - өзі тануға, өзін - өзі оқытуға негізделіп отыр. Ұлттық идеология айналасында келелі әңгімелер қозғалып, ұрпақ тәрбиесінің басты бағыттарын айқындау мәселесі де күн тәртібіне шықты. Ұлттық идеологияның қайнар көзі ұлтымыздың өзінде жатыр. Оның ғасырлар бойы жасаған тәлім- тәрбиесі, әдет-салты жас ұрпағын тәрбиелеудегі ұстанымында жатыр. Перзенттерін даналардан қалған шешендік пен көсемдікке, пәлсапаға толы сөз өнерімен тәрбиелеуде алдына жан салмаған. Ұлттық идеологиямыз осы алтын қазынаны басты ұстанымы етуі керек.
“Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім азаматтың қас жау, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі”- деген екен Әбу Насыр Әл- Фараби. [ 11. 134 ] Данышпанның дана сөзі қай заманда болсын қасиетін жоғалтпайды. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат- саналы ұрпақ тәрбиелеу.
. Оқушының ой - өрісінің, сана-сезімінің жан - жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Баланы оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесі- жылдар бойы көптеген ғалым - психологтардың, педагогтардың, практик- мұғалімдердің пікірталас тудырып келген және күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей жүрген мәселесі. Чехтың ұлы педагогы Я. А. Коменский : “Адамның жас шағында алған білімі ғана орнықты болып, естен шықпайды” деген екен. Оқу -тәрбие жұмысының негізгі әдісі- дидактика заңдарын толық қолданып жаттықтыру, яғни білімді мазмұннан туғызып, дағдыға айналдыру.
Қазіргі жаңару кезінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу үрдісінде адам факторы және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты- барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыру. Бастауыш сатыда оқу-тәрбие жұмысы жан-жақты қарастырылып, оқушылар ұйымы арқылы ықпал ету қазіргі кезеңнің өзекті мәселесі болып отыр.
Тәрбие өмір бақи үздіксіз жүретін үрдіс болса да, қазақ халқы жетілген тұлғаның сипатын “Сегіз қырлы, бір сырлы” деген бір ауыз сөзбен түйіндеген. Өйткені адамның тәндік және жандық сипатын бірлікте қарастырған. Рухани сана тәндік санамен тығыз байланысты болады. Рухани сананың мақсаты өмірдің құндылығын түсіну, яғни ақыл-ой арқылы айналадағы болмысты танып, білімді игеріп, ақиқатты іздеу, сезім арқылы бақытты, сұлулықты, қуаныш-ренішті, мұңды сезіну, ерік арқылы ақыл-ой мен іс-әрекетті рақымдылық пен мейірімділікке бағыттау, . Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі-жетілген тұлға тәрбиелеу. Бала - балғын тал, ересек адам -бағбан. Бұл әр халықтың ғасырдан-ғасырға әкеле жатқан қағидасы. Сондықтан баланың ана тіліне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеп, бала жанын небір жақсылық нәрімен суару -оны өсіруші, тәрбиелеуші әрбір үлкеннің мұраты. . Әдебиеттік оқу пәнін жүргізу үшін әрбір мұғалім озат тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибесімен санасып, өз ізденісінен туған жемісті әдіс-тәсілдермен ұштастырып отыруы керек. Сабақты сапалы етіп өткізу үшін мұғалім оның теориялық негізін жетік білуі тиіс. Сонымен қатар мұғалім педагогика, психология әдістемелеріне сүйенеді. Ал дидактиканың мәні - бір ғана тәрбие жұмысы емес, оқудың теориясы мен жүйесі. Оны қазақтың ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин “біртұтас әдіс” деп атаған. [ 2. 18]
Бастауышта әдебиеттік оқу пәні оқушыларды тек білім берумен сусындатпай, сонымен қатар оларға тәрбиелік тұрғыдан болашаққа бағыт-бағдар сілтейді. Ғылыми педагогикада К. Д. Ушинский айтқандай, “ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі” екенін ескерсек, баланың өз тәжірибесі бай, сан алуан болса да, ақыл-ой дамуының қайнар көзі бола алмайды” деп тұжырымдаған. [11. 127 ] Баланың ақыл-ойының дамуы еңбек пен ғылым-білімнің ұштасуына байланысты. Сөз өнерін дәріптеген халқымыз жастардың ақыл-ойын, білімін дамытуда ауыз әдебиетінің айтыс жанырын, оның ішінде жұмбақ айтысын, өнер жарысын пайдаланған. Жас ұрпақтың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру ең алдымен білім негіздері оқу үрдісі /тіл, әдебиет, тарих т. б. / арқылы іске асса, оның логикалық жалғасы тәрбие ісінде жалғастырылған.
1. 2 Халық шығармалары - ұлттық тәрбие беру көзі.
Қазақ халқында “Халық педагогикасы” ұғымымен қатар “Халықтық тәрбие”, “Халық қағидасы”, “Халық тәлімі”, т. б. осы іспеттес ұғымдар жиі қолданысқа түседі. Халық педагогикасының қыр-сырын зерттеп келе жатқан сөз зергерлерінің бірі М. Әлімбаев : “Халық педагогикасы ғасырлар бойы қалыптасып, қорлана байып келе жатқан ғылым” дейді. [ 15. 58 ] Халықтық педагогиканың өзі ауыз әдебиетінен фольклордың сан алуан жанрларынан нәр алып отырады. Халықтық тәрбиенің арқауы, ұлттық тәрбиенің негізі- ауыз әдебиеті мен халықтық салт-дәстүрлерге ерекше мән бере жинақтап, саралап, тұжырымдап оқыту міндеті алға қойылған. Халық ауыз әдебиетінің нұсқалары, салт-дәстүрлер қазіргі кезде жанданып, өзінің өміршеңдігін дәлелдеуде. Балаларды жан- жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт -дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор. Қазақ фольклорінің қай жанрын алсаңыз да халқымыздың ғасырлар бойы сақтаған танымдық та, тәрбиелік мәні зор бай тәжірибесінің түп қазығы екеніне көзіңіз жетеді.
Ертеден қазақ халқы дәстүр бойынша баласын бес-алты жасында аузы дуалы шешендердің, ел бастаған көсемдердің, даналардың, мергендердің, батырлардың соңынан ерте білген. Онысы - балам халық дәстүрін жол-жоралғысын көңілге тоқып өссін дегені болу керек. Сондықтан да мектепте балаларға білім беруде ұлттық тәрбие дәстүрлерін басшылыққа алу - басты талап. М. Жұмабаевтың педагогикасында “адам баласына тәрбие қылмай болмайды” деп тәрбиені дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық һәм құлық тәрбиесі деп төртке бөледі. Мектепте сабақты қызықты етіп өткізу үшін халық педагогикасына сүйенген. . Халықта “балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле” деген мақал бар.
Психологиялық-педагогикалық ғылымдарының дәлелдеулері бойынша ұлттық тәлім -тәрбиенің негізіне сай ұлттық ойлау, сана-сезімі, мәдениеті қалыптасуы тиіс; ұлттық даму ерекшеліктерін ескермеу, әдет- ғұрып, салт -дәстірлерді білмеу, әрбір адамның адамгершілік қасиетінің жойылуына, олардың азғындауына әкеп соқтыратынын оны болдырмаудың ең басты жолы - жүйелі білім мен тәрбие беру. Халық педагогикасына сүйену оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың ұлт мектептері үшін міндет болу қажет. Ал бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің негізгі өзегі-оларды ұзақ жылдар бойы қалыптасқан халқының салт дәстүрлері рухында тәрбиелеу. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де болған. Мысалы мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет- ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда - ақыл-ой тәрбиесі, жыр дастандарда - әсемдік тәрбиесінің негізгі қағидалары, ал ертегілер халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік құрал ретінде пайданалынған. Демек, халықтық педагогика рухани мұраны жас ұрпақтың санасына сіңіру жолдарын көрсетеді. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой толғаныстары бесік жыры, батырлық эпостарда, ертегі, аңыздарда, мақал мәтелдерде көптеп кездеседі. Бала тәрбиесіндегі барлық жұмыстарымызды халықтық педагогика негізінде құрып, ата-баба дәстүрінің озық үлгілерінен үйренгенде ғана алға қойған мақсат орындалады. Бесік жыры, ана әлдиін есітіп өспеген бала- халық дәстүрінде тәрбиеленбеген бала, ал халық дәстүрінде тәрбиеленген баладан туған халқын сүйетін, дінін, тілін, құрметтейтін мейірімді де, тәрбиелі азамат өсіп шығары анық. Халық әділеттілік пен адамгершілікті, ақылдылық пен батырлықты, ертеден - ақ жоғары бағалап, ән -жырға, әңгімеге арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз-әңгімелерінің барлығында да, ақылыдылық пен ақымақтық, адалдық пен арамзалық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетіледі.
Баланы жетілдіре тәрбиелеуде көне уақыттан келе жатқан әдістер көп. Соның ішінде баланы қиял-ғажайып ертегілеріне әуестендірудің пайдасы өте зор. М. Жұмабаевтың айтуынша: “Балада қиял ерте оянады. Бірақ оның жанында суреттеулер аз болғандықтан, қиялы да бай емес. Бала ертегінің бәрі шын деп ұғады, Бала құрғақ ақылды ұқпайды, жандандырып, суреттеп алып келсе ұғады. Мысалы, “балаға өтірік айтпа” деген құрғақ сөзің желге айтқанмен бірдей. Егер сен өтірікші туралы ертегі айтсаң, сол ертегіде өтірікшінің өтірігінен қор болғанын, зиян көргенін суреттеп алып келсең, міне бала өтірік айтпау керек екендігін сонда ұғады. Қысқасы, балаға ертегі тым қымбат нәрсе” дейді. [ 5. 31 ]
Адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде әр өлке, әр елде өмір сүрген атақты білімпаз, ақылгөй даналар айтып, жазып қалдырған, уақыт елегінен өтіп, ұрпақтар зердесіне ұялаған ұлағатты нақылдар ұшан-теңіз. Ұлтымыздың асыл мұраларывн дәріптейтіндей, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелейтіндей шешендік сөздер, нақыл сөздерді, мақал- мәтелдерді жиірек, кеңінен қолдансақ, біріншіден, оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, екіншіден, ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады, үшіншіден, балаларды жақсыға үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Халық шығармасын оқып, қабылдау нәтижесінде сана-сезімі оянады, тілін дамытады.
Атадан қалған асыл мұра біздің байлығымыз. Ана тілі сабағында тақырыпқа байланысты “туған жер”, “білім”, “тіл” туралы даналық сөздерді кірістіріп, сөйлем құрату, өлең оқыту игілікті іс. Мысалы, “Ғылым-ақылдың шамы”, “Ана тілім-дана тілім”, ”Тіл ақылдың өлшемі” т. б. Шешендік сөз балаларды оқуға, өнерге, парасаттылыққа және сөз құдіретін қадірлей білуге үндейді. Мұғалім шешендік сөзді оқытуда туған тілден сұлу сөзді теру үлгісін көрсетеді. Бұл тіл мәдениетінің өсуіне, ұлттық сананың оянуына септігін тигізеді. Шешендік сөздерде халқымыздың ұлылығы, сөз саптауы, тұрмысы мен салты бейнеленген. Мысалы Төле бидің Түлкі есімді жігіттің сұрақтарына берген жауаптарынан аталы сөздің асқар таудай айбынын танисың. Ал Бөлтірік шешен мен Шақшақ Жәнібектің шешендік сөздерінен сылдырап аққан сұлу сөзді сүзіп алып, жас ұрпақтың құлағына құйып, көкірегіне ұялатуға болады. Тілді үйретуші ұстаз асыл сөзді сөз сайысына түскен шешендерден, сөз зергері ақындардан іздеуі керек. Ұлттық сана мен дүниетаным тәрбиенің тылсым күші ұлылар айтқан ұлағатты сөздерде. Ұлттық сана тілі шыққан сәбидің ана тілінде алғаш “ата”, “әже”, “ана” сынды сөздерінен бастау алады.
Халықтың әсем сөз өрнектері тілге орамды келеді. Халықтық шығармалардың түрлері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктелініп пайдаланылса, баланың тілді үйренуі, оған қызығуы артады. Жасөспірімдердің тілінің дамуына отбасының ықпалы да көп тиеді.
Тілді дамытып, тәрбие беруде ертегілердің атқаратын рөлі зор. Ертегі тілінің көркемдігі және оқиғаларының қызғылықты баяндалуы баланы еріксіз өзіне тартып, баурап алады. Ертегілерді баланың оқуы не тыңдауы, мазмұнын айтып беруі сөздік қорын молайтады, қиялдауға мүмкіндіктер туғызады. Ертегі сюжетіне қатысты түрлі-түсті суреттерді пайдалану арқылы әңгімелесу баланың эстетикалық талғамы мен танымдық әрекетіне қозғау салады.
Ана тілін оқытуда Ахмет Байтұрсынов төмендегідей тиімді тәсілдер мен қағидаларды ұсынған:
1. Оқушыға арналған материалдар аса түсінікті болуы шарт.
2. Мәтін, көрнекілік, иллюстративтік материалдар қазақ баласының ұғымына таныс және жақын болуы керек.
3. Тілді оқытуда мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, мысалдар, өлең-жырлар, қызық әңгімелер маңызды орын алуы қажет.
Тілді оқытуда тіл ұстартуға, көркемсөзге де ден қойғаны дұрыс.
Шешендік сөздері, ұрпақтан ұрпаққа айтылып келе жатқан ертегілеріне дейін жас ұрпақ тәрбиесінің теңдесі жоқ құралы деуге болады. Тек қана соларды дұрыс пайдалану, қолдану жағы ақсап жатқанын мойындауымыз керек.
Бастауыш сыныптарда оқушылардың қиялын дамытатын жұмыстың бір түрі-ойдан ертегі құрастыру. Оқулықтағы берілген ертегілермен танысқаннан кейін, осыған ұқсас ертегі құрастыртып, немесе ренішпен, өкінішпен аяқталатын ертегіні қуанышпен аяқталатындай етіп өзгерту баланы шығармашылыққа үйретумен қатар армандауға, қиялдауға жетелейді. Айтылған ертегілердің суретін салу арқылы көз алдына ертегілердің кейіпкерлерін елестетеді, ойында ұзақ сақтайды, ерлікке, еңбек сүйгіштікке, елін, жерін сүюге үлкенді сыйлауға үйренеді. Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. У. Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады. Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz