Шардара аудандық бюджеттің экономикалық мәні мен ролі


1 Бөлім. Шардара аудандық бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
1. 1 Аудандық бюджет жүйесімен құрылымы.
1. 2 Шардара ауданы әкімінің аппараты ммелекеттік мекемесінің ережесі.
2 Бөлім. Аудандық бюджеттің кірістері
2. 1 Бюджет кірістерінің жоспарлануы
2. 2 Бюджетті толтыратын салық көздері
3 Бөлім. Аудандық бюджет шығыстары.
3. 1 Басқару органдарына жұмсалатын бюджеттік қаржыларды талдау
3. 2 Әлеуметтік салаға жұмасалатын бюджет шығыстары.
1 Бөлім: Шардара аудандық бюджеттің экономикалық мәні мен ролі.
1. 1 Аудандық бюджет жүйесімен құрылымы.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы “мемлекеттік бюджет” ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Экономикалық қатынастардың жиынтығын ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Экономика дамуның қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезектекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді.
Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындап отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учасклеріне шоғырландырылады.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бджет айрықшалықты қоғамдық арналоымды орындайды - жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсаты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Құндықбөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
- Мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
- Құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысының мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
- қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында - бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор - бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік - мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді. Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қателіктерді қанағаттандыруды мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құның бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндіріс басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс - қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функциялардыатап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықдырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцианалды орындайды.
Мемлекеттік бюджетке қоамдағы барлық экономикалық процестер бейнелейтіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлееттік қарыздар және т. т. өзінің шоғырланғанкөрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарынның шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағын, сондай-ақ қоғамды ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды.
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің неізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономикаға басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпалы етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттек орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оныжасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылуы процесінде қаржы қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады. Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекет жзаңдарының бірі болып табылады. Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн.
1-кесте
Мемлекеттік бюджеттің сипаттамасы
Бюджет - ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі құралы. Мемлекеттік бюджеттің көмегімен ұлттық табыстың 30%, жалпы іщкі өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналасуыдың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.
Нарықтық механизмге көшуге жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырдың маңызды құралы болып табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар. Әлеуметтік саясаттағы басымджықтар - халықтың табысы аз жіктерін қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру мен мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.
Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылуы процесінде ұлттық шаруашылықтың салаларында және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық кәсіпорындармен жєне ±жымдармен етене байланысќан.
Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттіњ атќарылуы процесінде ±лттыќ шаруашылыќтыњ ќаржы-шаруашылыќ ќызметіне баќылау жасалынады. Нарыќтыќ ќатынастарѓа кµшу жаѓдайында ресурстарды ж±мылдыру жєне оларды пайдалану процесінде бюджеттік баќылаудыњ мањызды к‰шейе т‰суде.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мене шығыстарын қалыптастыру, оларды теңестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы - бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы - бюджет құрылысын құрайды.
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықшабелгілеріне байланысты өзгешеліктерімен ерекшеленеді.
Бюджет құрылысына басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлердегі бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, йткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің-мемлкеттік құрылымын анықтайды. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылым болуы мүмкін.
Федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
Мемлекеттік бюджет немесе федералдлық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;
Федерация мүшелерінің бюджеттері ;
Жергілікті бюджеттер;
Унитарлық мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің тірлі дәрежесі болуы мұмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төмендегі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақаталады.
ҚР-ның бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік нсаыны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
ҚР-ның бюджет жүйесі экономикаылқ қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі бюджеттерді қамтиды.
Қазақстанда жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
1991ж ҚР-ның бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде аылдық және поселкалық бюбджеттер де қамтылып көрсетіледі. Ол одақтық бюджетпен, 15 одақтас республикалық мемлекеттік бюджеттерінің және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. Мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымның 52-50% тиді, оның 35% республикалалардың республикалық бюджеттердің 15% жергілікті бюджеттердің қармағында болды.
2-кесте
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің сызбасы
ҚР мемлекеттік бюджеттердің басты блігі республикалық бюбджетке шоғырланған.
Республикалық бюджет - бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын және өзіне ҚРК мен заңнамалық актілер жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған ҚР-ның заңымен бкітілген орталықтандырылған қоры.
Жергілікті бюджеттер - облыстық бюджеттер, қалардың, аудандарың бюджеттері.
Қаржы жылына арналған республикалық бюджет ҚР-ның заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлердің өзара байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
ҚР-ның бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, нақтылығы және жариялығы қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО - ның бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алынумен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтарының берілумен байланысты. Бұл қағида әлсіреді. Бюджеттердің бірлігі ел аумағында қолданылып жүрген мемлекет кірістерінің жалпы жүйесінің өмір сүруіне мемлекет шығыстарының бір келіктігінде көрінеді. Бұл қағида бюджеттік жоспарлаудың әдіснамасы мен ұйымдастырылуының бірлігіне, оның әлеуметтік-экономикалық болжаумен өзара байланыста кепілдік береді. Бюджет бірлігі қағидатының міндеті Парламент тарапынан бюджеттік қаражатарының қозғалысына тиімді бақлауды қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен ҚР егеменді мемлекеттердің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің зара іс-қимылына, төменгі деңгейдегі бюджеттердің теңгерімділігі үшін оларды қарждылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.
Бюджеттердің бірлігі біріңғай құқытық негізбен, Қаржы министрлігі бекіткен біріңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің бір деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы стастикасы нысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің қағидаттарымен ақша жүйесінің бірлігімен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік - экономикалық саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесінің құруды маңызды қағидаты болып оытрған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттің дербестігі әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы кірістерді бөлуді тұрақты нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етіледі.
Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген сонымен бірге бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтың әлеуметтік - экономикалық даму мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты функцияларымен, құзырымен анықталады.
Бюджеттің толықтылығы бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының оның жинайтын барлық кірістерін және жасайтын шығыстарын шоғырландыруда әрбір бап бойынша мемлекеттің барлық түсімдерімен шығыстары ескерілетін бюджетті жасауды білдіреді. ҚР-ның салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің, соның ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың алынатын түсімдердің шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақща түсімдерін, сондай ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.
Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси ахуалды, өндірістің дамуы тенденциясын, жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке алу қажет. Дүние жүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың - зейнет ақы, әлеуметтік сақтандыру, жол, халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу қорларының қаражаттары енгізілген.
Бюджеттің нақтылығына ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынға Жолдауына сәйкес оларды ҚР-ның әлеуметтік - экономикалық дамуына индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан оның көрсеткіштері көп нұсқалық есеп - қисаптарымен негізделуі тиіс, бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезеңдегі қаржы жоспарларында жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке алынуы қажет. Дүние жүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын ағымдағы жылға, анағұрлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай ақ оларды нақтылы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішіндегі түзетуді пайдаланады. Нақтылы қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарының сметаларды және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.
Нақтылы қағидаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және бұзылуын жою үшін ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының шыншыл көрсетілуін бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың атқарылуына сәйкестігін алдын ала қарастырады. Нақтылы дамудың болжамдарымен бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік резервтердің болуымен нығайтылған кірістердің барлық көздерімен шығыстар бағыттарының есеп - қисаптарының негізділігімен анықталады.
Бюджеттердің жариялылығы бекітілген бюджеттермен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.
Жариялылық елдеге адам құқығын, демократиялық өзгерістерді сақтаудың маңызды шарты болып табылады. Бюджет кірістерінің қалыптасуы бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізу субъектілердің және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастыруды көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай ақ бюджет қаражыттарының бағыттары туралы болуы тиіс. Президент қол қойған ҚР-нің бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімігің қатысушылары үшін міндеті болады. Заң, өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістерімен шығыстарының көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және оның жабудың әдістері жария етіледі.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және “Бюджет жүйесі туралы”, “Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы”, “ҚР-ның жергілікті мемлекеттік басқару туралы” арнайы заңдарда және басқа да заң актілерінде қамтып көрсетілген.
Төменгі - жергілікті бюджеттердің қалыпты және тиімді жұмыс істеудің шарттары дербестікпен қатар теңгерімділік болып табылады.
Барлық деңгейлер бюджеттердің теңгерімділігі бюджет-қаржы саясатының қажетті талабы болып табылуы мүмкін. Бюджеттерді қарау және бекіту кезінде билік пен басқарудың тиісті органдары бюджеттердің белгілі бір мөлшерлерін белгілеу мүмкін.
Бюджет тапшылығын ақша эмиссиясы есебінен жабуға болмайтындығы заңмен белгіленген. Бюджет тапшылығы жабудың негізгі нысандары мыналар болып табылады:
- мемлекеттік қарыздар шығару;
- кредит ресурстарын пайдалану.
Тапшылықты азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу - ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді төмендету - пайдаланылады.
Бюджеттердің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесін республика Парламентімен биліктің жергілікті органдары анықтап бекітеді.
1. 2 Шардара ауданы әкімінің аппараты мелекеттік мекемесінің ережесі.
Осы ереже Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес және Құрылтайшы шешіміне негізінде құрастырылады.
«Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, әрі қарай атауы мемлекеттік коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Құрылтайшысы Шардара ауданынының Әкімі болып табылады.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылады, шұғыл басқару құқында мүліктерге иелік етеді, дербес балансы, өз атауындағы мөрі, банктерде есеп шоттары және басқа шоттары болады.
Мемлекеттік мекеменің толық атауы
«Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасынынң әділет органдарында оны мемлекеттік тіркеуден өткізген сәтінен бастап, заңды тұлға құқына ие болады.
Мемлекеттік мекеме осы ұйымның түріне сәйкес Қазақстан Республикасының көрсетілген барлық құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
Мемлкеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өз иелігіндегі ақшалар мен жауап береді. Мемлекеттік мекеменің ақшалары жетпеген жағдайда оның міндеттемелері бойынша жауапкершілікті тиісті жергілікті атқарушы орган алып жүреді. Келісім шарт міндеттемелері бойынша жауапкершілік заңға сәйкес мемлекеттік мекеменің күтілуіне бекітілген смета шегінде жүктеледі.
Мемлекеттік мекеме бюджет есебінен қаржыландырады.
Орналасқан жері Оңтүстік қазақстан облысы Шардара қаласы, Төлеби көшесі.
Мемлекеттік мекеменің қызмет мерзімі шектелмеген.
Мемлекеттік мекеменің қызметі мен мақсаты мәні әкімнің қызметіне ақпараттық сараптамалау ұйымдастыру құқықтық және материалдық- техникалық қамтамасыз ету болфп табылады.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдылыққа сәйкес қызметін жүзеге асырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz