ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 94(438) +94(574) қолжазба құқығында

АЙДОС ТОҚТАҒҰЛ МЫҢЖАНҰЛЫ

ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан

қарым-қатынастарының тарихы

07. 00. 03 - Жалпы тарих

Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007

Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің жалпы тарих кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекші:

С. М. Мәшімбаев

тарих ғылымдарының докторы, профессор

Ғылыми жетекші:: Ресми оппоненттері:
С. М. Мәшімбаевтарих ғылымдарының докторы, профессор:

Ш. Д. Пиримкулов

тарих ғылымдарының докторы, профессор

Ғылыми жетекші::
С. М. Мәшімбаевтарих ғылымдарының докторы, профессор:

А. К. Телғарин

тарих ғылымдарының кандидаты, профессор

Ғылыми жетекші:: Жетекші ұйым:
С. М. Мәшімбаевтарих ғылымдарының докторы, профессор: «Қайнар» университеті

Диссертация 2007 жылы «31» мамырда сағат 16. 00-де Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Д 55. 40. 03 тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес мәжілісінде қорғалады.

Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29 (2-қабат)

Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29)

Автореферат 2007 ж. «30» cәуірде таратылды

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы,

тарих ғылымдарының кандидаты К. Ө. Торланбаева

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қос тарапты әлемдік құрылыс жүйесін күйретудің символы болған XX ғасырдың 90-жылдарының басында халықаралық қатынастар өз дамуының принципті жаңа кезеңіне қадам басты. Ұзаққа созылған кезең ішінде екі үстем держава мен блоктардың арасында тепе-теңдікті үстауға мәжбүр болған көптеген мемлекеттер үшін жаңадан қалыптасқан жағдайлар бұрын-соңды болмаған сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мүмкіндіктер ашты. Мұндай тенденция әсіресе Шығыс Еуропа елдерінде айқын көзге түседі.

Польшаның экономиканы реформалауға бағытталған белсенді саясаты әлемдік қоғамдастықтың оған деген көзқарасын өзгертуге шешуші ықпал етті. Экономиканы ырықтандыру Польшаның Шығыс Еуропадағы ең қарқынды дамыған мемлекеттерінің біріне айналуына мүмкіндік берді.

Польша барлық елдермен қалыпты және болжамдауға болатын қатынастарды орнатуға бағытталған дәйекті сыртқы саясатты жүргізіп келеді. Сыртқы саясатта Польша әлемнің көп тұрпатты құрылымының принциптерін басшылыққа алады. Варшава халықаралық бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті нығайту сияқты ұқсас көзқарастары бар елдермен белсенді түрде ынтымақтасып келеді.

1989 ж. қыркүйегінде өткен сайлаулардан кейін Польшада III Речьпосполитая пайда болды және КСРО ыдырағаннан кейін Ресеймен және бұрынғы КСРО құрамында болған басқа елдермен қарым-қатынасты дамытудың белгілі бір формуласын жасап алу туралы мәселе туды.

Қазақстан Республикасының егемендігін алғашқылардың бірі болып таныған Польша біздің елімізбен жан-жақты қарым-қатынас орната бастады. Әңгіме шын мәнінде жаңа тарихи жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың үлгісін жасау туралы еді. Оның үстіне екі елдің өзара іс-қимылының терең қатпарлы факторлары Варшава мен Астананың көптеген көкейтесті халықаралық проблемаларға көзқарастарының жақындығын айқындайды, мүның өзі ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған сыртқы саяси өзара іс-қимылға, бастамаларды екі жақты қолдауға жәрдемдеседі.

Халықаралық сахнадағы ынтымақтастық өзара қарым-қатынастың сапалы жаңа деңгейіне - стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді, бұл дегеніміз екі мемлекет басшыларының тұрақты байланыстарын қоса алғанда, барлық деңгейлердегі жан-жақты байланыстарды білдіреді.

Польша Республикасының біздің елімізге байланысты өзіндік бірқатар қызығушылығы бар. Біріншіден, Қазақстан жерінің табиғи минералдық шикізат көздеріне бай болуы, қай елдің инвестициясы үшін болсын ең тиімді аймақ. Сонымен бірге бүгінде Қазақстандағы поляк диаспорасы екі ел арасында жақсы байланыс дәнекері рөлін атқаруда.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан жасасқан халықаралық шарттар мемлекеттің әлемдік қоғамдастыққа ену процесін қамтамасыз етуде маңызды роль ойнады және олар бүгінгі күнге дейін еліміздің ішіндегі әлеуметтік-экономикалық реформаларға оң сипатта ықпал етуде. Мұндай құжаттарға іс жүзінде ТМД-ның барлық мемлекеттерімен, алыс шетелдің көптеген елдерімен қол қойылды.

Қазақстан Республикасы Польшамен экономика, саяси және мәдени салада кең көлемді қатынастар орнатуға мүдделі ел. Себебі әлемдегі мемлекеттердің даму тәжірибесін ескере отырып, елдегі қайта құру ісін нәтижелі жүзеге асыруда Қазақстан үкіметі Шығыс Еуропа елдерінің даму процестерінің жақындығын ескереді.

Қысқа мерзім ішінде Қазақстан мемлекеті өзінің көп ғасырлық тарихын жаңғыртуы, қазіргі дүниедегі өз орнын анықтауы, ішкі және сыртқы саясаттағы басым бағыттарды айқындауы тиіс болып отыр. Осы тұрғыда республикамыздың халықаралық байланыстарының қалыптасуы мен даму тарихын терең ғылыми зерттеудің зор маңызы бар. Соның ішінде Польша мемлекетімен қарым-қатынасының дамуының негізгі тенденцияларына талдау жасау ғылыми жағынан да, саяси көзқарас тұрғысынан да өзекті мәселе.

Зерттеу пәні. Жұмысты жазу барысында Польша мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың даму деңгейін үш салаға бөліп қарастыру негізге алынды.

1 Саяси байланыстардың қалыптасуы мен дамуы және олардың болашақтағы жағдайы.

2 Сауда-экономикалық қатынастардағы екі жақтың мүдделерінің сәйкестігі. Мұндағы етек алып отырған кейбір қиындықтардың орын алуы мен сипаты және оларға анықтама беру.

3 Екі мемлекет ынтымақтастығындағы мәдени қатынастың орны мен маңызына тоқталып, баға беру.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Польша мен Қазақстан арасындағы саяси, экономикалық және мәдени салаларды арнайы түрде зерттеген жұмыстар жоқтың қасы. Бұл тұрғыда осы мәселелер бойынша қысқаша мағлұмат беретін поляк-қазақ қарым-қатынастарын баяндайтын еңбектерді айтуға болады.

Поляк-қазақ қатынастарының тарихи бастаулары деген мәселені қойып, зерттеуде негіз болар деректермен бірге, бірқатар ғылыми зерттеулердің бар екендігі анықталды. Соңғы кезде Польшада осы мәселеге байланысты бірнеше көлемді еңбектер жарық көрді.

Қазақ жеріндегі поляктардың қызметі туралы синтезді көрсетуге тырысқан поляк тарихшысы А. Кияс болатын. Ол өз еңбегінде Бенедикт Поляктан бастап ұлт-азаттық көтеріліс, революция, соғыстар, сталиндік режим кезінің тарихынан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған алғашқы жылдарына дейін қамтыған [1] .

Поляк зертеушісі Й. Стрельчиктің еңбегінде Рим папасы жіберген елшіліктің құрамында болған Бенекдит Поляктың Қазақстан жері арқылы өткен кезін баяндайтын мағлұматтар айтылған. Автор папа елшілерінің қазақ сахарасын мекендеген халықтардың тұрмысы, әдет-ғұрыпы, табиғаты, ауа-райы, тарихы туралы көріністерді баяндайды [2] .

Ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан поляк революционерлерінің қазақ даласын танып-білуге қосқан үлесін анықтауға бағытталған еңбекті поляк зертеушісі 3. Ясевич жазды. Зерттеуші дерек көздерін талдай отырып, осы мәселе бойынша Қазақстанға саяси себептерге байланысты тап болған поляктардың қызметі туралы құнды мәлімет береді [3] .

Поляк-қазақ қарым-қатынастарының тарихи генезисіне арналған тың еңбек Р. Бадовскийдің авторлығымен шықты. Бұл еңбекте автордың келтірген деректік фактілері екі жақты байланыстың ертеректегі тарихының барлық салаларының даму барысын түсінуде бағыт-бағдар береді [4] .

Қазақстандағы поляк диаспорасының тарихын зерттеу шеңберінде Познаньдағы А. Мицкевич атындағы университеттің профессоры М. Гавенцкийдің еңбегін ерекше атап өткен жөн.

Онда автор Қазақстандағы поляктардың тарихы мен бүгінгі жағдайы, Польшадағы қоғамдық ұйымдардың Қазақстандық поляктарға көрсеткен гуманитарлық, ғылым, білім саласындағы көмектері М. Гавенцкийдің тікелей біздің республикамызда жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде жазылған [5] .

Польшаның тәуелсіздігі үшін күрескен революционерлердің Қазақстанға айдауға жіберілуі және ХХ-ғ. 30-40-шы жж. Батыс Украина мен Батыс Белоруссиядан еріксіз депортацияға ұшыраған поляктардың тағдыры туралы өз еңбектерін арнаған Польша зерттеушілері А. Тромболи және Я. Платер [6], Й. Седлецкий [7], В. Мыслинский [8], С. Цесельский [9] болды .

Қазақстанның әлемдік экономикалық даму үрдісіне қосылуының тиімді жолдарын іздестіруде Польшаның соңғы он жыл ішінде жүзеге асырған экономикалық реформаларының тәжірибесі назар аударлықтай.

Бұл мәселеге жұмыстың бір тармағын арнауымыздың өзі Польшаның бұл экономикалық тәжірибесінің басқа Еуропа елдеріне қарағанда Қазақстанда үйлесімді болуы мүмкін деген көзқарастан туындап отыр.

Польшаның мамандарға «Польша кереметі» деген атпен белгілі болған бұл экономикалық саясатының мәні мен мазмұны, тез арада көзге көрінген нәтижесі біраз зерттеушілердің назарын аударған.

Польшадағы экономикалық реформалардың тікелей ұйымдастырушысы, оның пионері аталған Л. Бальцеровичтің еңбегінің деректік маңызы өте зор. Автор XX ғ. 80-жж. соңындағы саяси дағдарыс, оның экономикаға тигізген әсері, экономикалық реформаның алғышарттары, себептері, осы реформаның іске асырылуына елдегі саяси себептердің кері әсеріне, реформаның нәтижесі, системалық өзгерістерге ғылыми түрде талдау берген [10] .

Польшадағы экономикалық реформалардың жүзеге асуына үлкен үлес қосқан мемлекет қайраткері Гжегож В. Колодконың еңбектері осы тармақты жазуда құнды дерек көзі болды. Автор бұл еңбегінде 1993 ж. бастап Польшадағы реформаның барысына тоқталып, ауыл шаруашылығының жағдайы, жұмыссыздық мәселесі, қаржы секторындағы жетістіктері қаралады. Сонымен бірге автор реформаның одан әрі тереңдей жүруі үшін өзінің Польшаға арналған стратегиялық бағдарламасын ұсынады. 2000 ж. дейінгі Польшаның экономикалық дамуына болжам жасауға тырысқан [11] .

Гжегож В. Колодко Марио Д. Нутимен бірлесіп жазған еңбегінде 90-ж. ортасындағы Польшадағы экономикалық реформалардың жүру барысына тоқталады. Зерттеушілер жекешелендірудің екінші кезеңіне тоқталып, оның нәтижелерін атап өткен. Сол сияқты авторлар посткеңестік және Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі реформаларды салыстырып, оған баға беруге тырысқан [12] .

Кеңес дәуірінде Қазақстанда В. Дьяков пен Г. Сапаргалиевтың көлемді еңбегі жарық көрді. Бүл еңбекте олар Қазақстан жеріндегі жер аударылған поляк революционерлерінің жергілікті халықтармен қарым-қатынасы, қазақ халықының әдет-ғұрпын, мәдениетін, тарихын зерттеуге қосқан үлестерін жоғары бағалаған [13] .

Қазақстанда айдауда болған поляктардың өмірі мен творчествосына қаншалықты қанық болсақ, ең алдымен Ф. Стеклованың зерделі зерттеулерін соншалықты ризашылықпен ауызға алуымыз керек. Ол көп жылдар басқа да поляк ғалымдарымен бірлесе тер төгіп, поляк-қазақ байланыстарының пайда болу және даму тарихынан мағлұмат беретін құнды еңбектер жазған [14] .

Келесі зерттеушілер жер аударылған поляк революционерлерінің Қазақстандағы өмірі мен қызметі, олардың медицинаны, экономиканы дамытудағы үлесі, археологиялық, геологиялық барлау жұмыстарына тікілей қатысуын баяндайды. Осындай зерттеушілердің қатарына В. Галиев [15], С. Куралова [16], Е. Симонова [17], Н. Халфиндер жатады [18] .

Кеңестік дәуір кезінде Қазақстанның социалистік жүйеге кірген мемлекеттерімен, оның ішінде Поляк Халық Республикасымен экономикалық ғылыми және мәдени байланыстарын жан-жақты зерттеген Н. Бейсенбекова [19], Е. Майлыбаев [20], А. Титов [21], Н. Дулатов [22], И. Фридман [23] сияқты ғалымдардың осы проблемаға арнаған еңбектері жарық көрді.

ХХ ғ. 90-жж. Польшаның сыртқы саясаты жайлы және ондағы демократиялық өзгерістер мен оның ішкі және сыртқы саясатқа тигізген әсері жайлы көптеген еңбектер жарық көрді.

Ресей тарихшыларының «Орталық және Шығыс Еуропа ХХ ғ. 2-ші жартысында» атты 3 томдық тың еңбегі басылып шықты. Бұл еңбектің 3-ші томында осы аумақтағы елдердің, соның ішінде Польшадағы саяси трансформацияның кезеңдері, негізгі бағыттары, проблемалары, нарықтық институттардың қалыптасуы, шаруашылық қызметтегі либерализация барысына талдау жасалған. Зерттеушілер Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі қоғамдық және ғылыми ортаның бүтіндей практикалық, теориялық маңызды мәселелердегі дисскусияны ашып көрсетуге тырысқан. Олардың ішінде Польшадағы 80-90 жж. бархытты революцияның қозғаушы күштері мен себептеріне баға беру, сыртқы саясат контекстіне анализ, нарықтық экономиканың қалыптасуындағы мемлекеттің ролі мәселесіне объективті баға берілген [24] .

Ресей зерттеушісі Л. Лыкошинаның еңбегі Польшадағы XX ғ. 90-жж. басындағы өзгерістерге арналған. Бұл көлемді еңбекте автор 90-жж. Польша экономикасының барлық салаларын қамтыған қайта құру процестеріне тоқталады. Мұнда сонымен бірге экономикалық реформалардың табысты жақтары және кей салаларда жіберілген кемшіліктері туралы ойлар тұжырымдалған [25] .

Польшада жүргізілген жекешелендіру процесінің себептері, жүру барысы, социалистік жүйеден нарықтық қатынастарға өту кезіндегі қиындықтар, бұл процестің нәтижесіне ғылыми тұрғыдан баға берген Ресей зерттеушілері: И. Синицина [26], В. және Е. Ермаковичтер [27], С. Матыцина [28], В. Третьяковтың [29] мақалаларында көрсетілген.

Соңғы жылдары депортация тарихының негізгі проблемаларын жаңа тарихи таным мен методология тұрғысынан саралауда қыруар істер тындырылды. Осы бағытта бірқатар зерттеулер жарияланды. Олар зорлап қоныстандыру саясатының шынайы мәні мен мақсатын, салдарын ашуда осы кезеңге дейін қалыптасқан жаттанды пікірден арылуға өткен тарихқа жаңаша қарауға жағдай жасады. Осы кезеңде жарық көрген ғылыми еңбектер КСРО өкіметінің қоныстандыру саясатын тарихи трагедия ретінде көрсетеді.

Қазақстандағы поляк диаспорасының тарихы мен өзіндік орны мәселесі зерттеуші Л. Исованың кандидаттық диссертациясында баяндалды. Зерттеуші поляк диаспорасының Қазақстанға жер аударылуының себептері, олардың бүгінгі жағдайы, тәуелсіз Қазақстандағы көп ұлтты халықтар арасындағы олардың тең құқықтық орнына бүгінгі күн тұрғысынан баға берген [30] .

Бір топ қазақстандық зерттеушілердің басшылығымен Қазақстанға саяси себептермен депортацияланған ұлттардың тағдыры туралы көлемді еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте зерттеуші Е. Валихановтың «Судьбы поляков в Казахстане» деген мақаласы жарияланған. Бұл еңбекте берілген алуан-түрлі бұлтартпас деректер қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың бастан кешкен жантүршігерлік қорлығын ғана баяндап қоймайды, олардың өмір рухы мен қажымас қайратын, ежелгі қазақ жерінде өздерінің екінші отанын тапқанын көрсетеді [31] .

Қазақстан жеріне зорлап қонысаударылғандардың ішінде тікелей жастық шақтарын өткізген зерттеушілер Т. Күлбаев пен А. Хегай болатын. Олар өз еңбектерінде депортацияға ұшыраған ұлттардың Қазақстанға келу себептерін, орналасу жерлерін, қайғылы тағдырының ащы жақтарын ашып көрсетуге тырысқан [32] .

Соңғы кездерде жарық көрген еңбектің бірі-Қазақстанның даму институты мен Президент мұрағаты бірігіп «Из истории поляков в Казахстане» деген құжаттар жинағын шығарады. Бұл еңбекте Батыс Украина жерлерінен жер аударылған поляк диаспорасы өкілдерінің саны, олардың Қазақстан облыстарына орналасуы туралы мәліметтер мұрағат құжаттарының негізінде берілген [33] .

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жанынан құрылған шығармашылық топ Мұстафа Шоқайдың таңдамалы 2 томдық еңбегін жарыққа шығарды. Бұл еңбектер зерттеушілер Түркістан халықтары тарихында бұрын - соңды болмаған құбылыс демократиялық Еуропаның ортасында Түркістандық саяси эмиграцияның қызметінің негізін қалаған М. Шоқайдың қызметін көрсетеді. Сонымен қатар, сталиндік оппозицияда болған М. Шоқай және Түркістандық басқа зиялыларға ХХ ғ. 20-30 жж. Польшаның мемлекет қайраткері Ю. Пилсудскийдің көрсеткен көмегі, қарым-қатынасы баяндалады [34] .

Зерттеуші Т. Тұяқбаевтың мақаласында Шығыс Еуропа елдеріндегі саяси өгерістер, демократиялық жағынан дамыған ашық қоғамға ұласу процестері баяндалады. Осы аумақтағы елдердің мемлекеттік тәуелсіздікті, демократия мен бостандықты толық қалпына келтіру, құқықтық мемлекетті, парламенттік демократия мен қазіргі заманғы нарықтық шаруашылықты құру әрекеттеріне ғылыми анализ жасалған [35] .

ХХ ғ. 90-жж. Польшада жүргізілген реформалар туралы С. Мәшімбаевтың мақаласы жарық көрді. Мақалада 1989-2000 жж. жүргізілген әлеуметтік және экономикалық реформа, нарықтық қоғамға өту кезіндегі «Бальцерович жоспары» оның жүргізілу жолдары туралы айтылған. ХХ ғ. 90 жж. жүргізілген реформа барысы және экономиканың әр саласындағы жетістіктер жазылған. Польшадағы өтпелі кезеңнің аяқталуы, Еуропалық одақ елдерімен байланыстары жаңа тарихи көзқараста қарастырылады [36] .

Польша мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар жөнінде мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, жеке ғалымдардың еңбектері бар.

Бұл жөнінде ең алдымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың «Под стягом независимости» [37] және «Қазақстан Республикасының дипломатиясы» [38] деген еңбектері зерттеушілер үшін өте құнды деректер беретіні аян. Бұл еңбектерде Польшаның Қазақстан мемлекетімен ресми байланыстары, олардың ішінде дипломатиялық және экономикалық қарым - қатынастар баяндалады.

Екі ел арасындағы саяси, мәдени, экономикалық байланыстар барысы туралы кезінде Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі елшісі қызметін атқарған Т. Сүлейменовтың мақаласы жарияланды [39] . Бұл мақалада Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының жалпы арнасы, оларды дамытудың маңызы мен бағыттары, кемшіліктері, болашағы нақты мысалдар негізінде баяндалады.

Польша мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарға байланысты нақты зерттеулер енді ғана іске асырылуда. 2000 жылы стратегиялық даму институты мен Польша ғалымдарының біріккен еңбегі жарық көрді. Зерттеу жұмысы Польша және Қазақстандық ғалымдарының бірлескен жұмыстарын қорытындылай әрі жақындастыра келе егеменді Қазақстанның трансформациялық процестеріне аса зор көңіл бөледі. Кітапта сонымен бірге екі мемлекет арасындағы тығыз саяси байланыстары, парламенттер мен үкіметтер арасындағы ынтымақтастық, экономикалық саладағы қарым-қатынастар ерекше аталып өтеді [40] .

Жалпы алғанда, жоғарыда аталған еңбектерді талдау бізді төмендегідей қорытындыларға алып келеді: тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарын, яғни оның Польша Республикасымен қарым-қатынастарын зерттеу ісі қолға алына бастаған. Алайда жұмыс нәтижелері әзірге аз. Бұл тақырып объектісі кешенді түрде зерттелмеген, сондықтан да әлі күнге дейін іргелі еңбектер жарық көре қойған жоқ. Польша Республикасы мен Қазақстан Республикасының қарым-қатынасының жекелеген салаларын қамтитын мақалалар күнделікті басылымдарда немесе жинақ түрінде жариялануда.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Тақырыптың зерттелу деңгейін саралай отырып және ондағы фактілерді жүйелей келе, диссертация жұмысын жазуда төмендегідей мақсат алға қойылды: Польша - Қазақстан қарым-қатынастарының тарихи алғы шарттарының қалыптасуы мен барысын зерттеу және қамтып отырған салаларын анықтау, жалпы ерекшеліктерін саралай отырып, Польшаның сыртқы саясатында Қазақстанмен қарым-қатынасының алатын орнын анықтау.

Осы негізде диссертация жұмысын жазуға туындайтын міндеттер:

Польша мен Қазақстан арасындағы байланыстың тарихи бастауларын саралап, олардың өзара таныстығы соңғы 10 жылмен шектелмейтінін, оның белгілі бір тарихи сабақтастығы бар екенін көрсету.

Халықаралық аренада екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың дәйекті қалыптасуына екі жақтың да мүдделер үндестігі негіз болатындығын анықтау.

Екі елдің саяси сферадағы өзара түсінушілік пен ынтымақтастығының қалыптасуының қадамдары мен поляк - қазақ қарым-қатынастарының принциптік, келісімдік құқықтық негізінің жасалу процесін саралау.

Польшаның қазіргі кезде экономикасын реформалаудағы қол жеткізген табыстарын саралай отырып, біздің республикамыздағы реформалар барысында тигізер үлесін көрсету.

Польша мен Қазақстан арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстардың қадамдарын, олардың қамтып отырған салаларын көрсете келе, екі жақты байланысты нығайтудағы рөлін негіздеу.

Польша мен Қазақстан арасындағы қатынастардың камтылмай жатқан сфераларын анықтау.

Диссертация жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысының алдына қойған мақсатын орындауда негіз болған деректердің қайнар көздеріне қарай бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады:

Мұрағат материалдары. Тақырыпты зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің ағымдағы материалдар мұрағатының қорындағы деректермен жұмыс жүргізілді. Ол деректер негізінен екі жақты қатынастың даму формаларын, бағытын, перспективасының көрсеткіші ретінде үкіметаралық, ведомствалар мен ұйымдар арасында жоғары деңгейде қол қойылған екі жақты келісімдер, Елшіліктен келген хаттар, анықтамалар негізге алынды;

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қорындағы 1808-қорының деректері Польша мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды зерттеп, баға беруге негіз болды;

Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінен алынған мағлұматтар жұмысты жазуда құнды деректер болды. Бұл деректердің негізінде Қазақстан Республикасының экономикасын өркендетуге ат салысып жатқан поляк фирмалары туралы анықтамалар, біріккен кәсіпорындардың тізімі, олардың Қазақстан рыногындағы қызметі, екі жақты қол қойылған конвенциялар, меморандумдар, екі елдің білім министрліктері арасындағы қол қойылған келісімшарттар, Польшаның соңғы он жыл ішіндегі экономикалық көрсеткіштерінен мәлімет беретін экономикалық анықтамалар зерттелді.

Статистикалық жинақтамалар мен анықтамалар: оларды пайдаланудың арқасында Қазақстанның жалпы шетелдер мен экономикалық байланыстары және Польша - Қазақстан экономикалық, әсіресе, сауда байланыстары жөнінде нақты мәліметтер, сандық көрсеткіштер алудың мүмкіндігі туды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ғ. 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Қазақстанның Польшамен байланысы
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
Қасиетті Одақтың қызметі
Польшадағы постсоциалистік кезеңдегі демократиялық өзгерістер
Екіжақты және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастыққа негізделген АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролі
Қытай халық республикасының сыртқы саясаты және әлемдік экономикадағы рөлі
Іі Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы үш бірдей конференциялардың негізгі тақырыбына айналған Германия (неміс) мәселесіне сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру
1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕУРОПАДАҒЫ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Екі белдеулі әлем жағдайында екі ірі мемлекеттің бір бірінің саяси ахуалына, сыртқы саясатына қызығушылығы - заңды табиғи құбылыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz