Қазақы жылқы тұқымдары



Асыл тұқымды жылқы тұқымдарының шығуы жөнінде әлем халықтарында алуан түрлі аңыздар кездеседі. Араб жылқысының 7 – тұқымының шығуы жөнінде аңызда: Сүлеймен арабтарға берген айғырды жындар қастандықпен теңізге лақтырып жібереді, жағаға жақындап шыққысы келген жануарды қайтадан итеріп түсіргенде, күш – қуаты таусылған ол теңіз түбіне бата бастайды. Айғыр су түбіне кетіп бара жатқанда пайда болған толқын мен көбіктен жаралған жеті құлын өсе келе әкесінің барлық жақсы қасиеттерін алады, тіпті асыпта кетеді. Сөйтіп жеті құлын арабтың көне таза қанды тұқымдарының атасы саналады: Олар: Манаки, Эдреджи, Коэйлань, Сахлади, Джилфи, Трефи, Эдбань. [1.87б]
XVІІІ ғасырдың аяғында Қорғалжын өңірінде өмір сүрген 17 мың жылқы біткен Ақтайлақ байдың жылқыларының пайда болуы жөнінде афсанада: «Теңіз көлінің жағасында түнде жусан жатқан Ақтайлақтың жылқысына іңірде көлдің ақкөбік толқынынан шыққан айғыр шабады, таң біліне көлге қайта батып ғайып болып кетеді. Ақтайлақтың сансыз жылқысы сол ақкөбік айғырдан өскен – мыс...». (CLXXІ) Осыған ұқсас қазақ аңыздарын салыстыра қарап отырсаңыз судан шыққан су айғырды арнайы терминмен – суын – деп атайтыныда куә боласыз. Суын – суы бар жерлердің бәрінде де жылқыға шауып көп жылқы содан пайда болады - мыс. Негізінде араб және қазақ аңыздарының мәні бір: Жылқылар суы мол, шөбі шүйгін жерде өсіп - өніп көбейеді және басқа жаққа тарайды, сонымен бірге араб жылқысыда қазақ жылқысыда табиғаттың төл тума тұқымы екені көрінеді. «Араб жылқысы табиғаттың төлі, ағылшын жылқысы өнер төлі» - деп баға бергенде Карло Нобили ағылшын жылқысының қолдан шығарылған тұқым екенін ескертеді. Ч.Дарвин «Үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі» - деген еңбегінде, мал тұқымдарының пайда болуына байланысты: табиғи тұқымдар, - аралық тұқымдар, мәдени тұқымдар деп үш топқа бөледі. [3]
Қазақ халқы өз жылқысын жақсарту үшін көрінген жылқы тұқымдарының айғырларын әкеп сала бермеген. Қазақ жылқысы үшін ғасырлар бойы халықтың аналитикалық тәжірибесінен өткен тұқымдар: араб және түркмен жылқысы. Сондықтан қазақтар араб және түркмен тұқымының асыл тұқымды айғырларын алу үшін ештеңесін аямаған. «...Араб айғыры үшін бай қазақ жүздеген қой, оншақты қазақ жылқысын, ең әдемі күңді, бір құшақ асыл бұйымдарды қуана – қуана бере салады...». [4.125б]
Түркіменстан ғасырлар бойы Орта Азияның асыл тұқымды жылқы базасы болды деуге болады. Әмір Темір 5000 араб биелерін әкеп түркімен тайпаларына таратып берген XVІІІ ғасырда Иран шахы Надир Теке тайпасына 600 бие силаған. Сонда соңғы 500 жылда түркімендер өз жылқыларының қанын екі рет жаңалаған. [5.с.113] Демек Түркіменстан мәдени жылқы шаруашылығының бірден – бір отаны. Кәзіргі таңда қазақ жылқы тұқымын асылдандырамыз деп үлкен қаржыға таза қанды болса болды сатып әкеп салып жатады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақы жылқы тұқымдары

Асыл тұқымды жылқы тұқымдарының шығуы жөнінде әлем халықтарында алуан
түрлі аңыздар кездеседі. Араб жылқысының 7 – тұқымының шығуы жөнінде
аңызда: Сүлеймен арабтарға берген айғырды жындар қастандықпен теңізге
лақтырып жібереді, жағаға жақындап шыққысы келген жануарды қайтадан итеріп
түсіргенде, күш – қуаты таусылған ол теңіз түбіне бата бастайды. Айғыр су
түбіне кетіп бара жатқанда пайда болған толқын мен көбіктен жаралған жеті
құлын өсе келе әкесінің барлық жақсы қасиеттерін алады, тіпті асыпта
кетеді. Сөйтіп жеті құлын арабтың көне таза қанды тұқымдарының атасы
саналады: Олар: Манаки, Эдреджи, Коэйлань, Сахлади, Джилфи, Трефи, Эдбань.
[1.87б]
XVІІІ ғасырдың аяғында Қорғалжын өңірінде өмір сүрген 17 мың жылқы
біткен Ақтайлақ байдың жылқыларының пайда болуы жөнінде афсанада: Теңіз
көлінің жағасында түнде жусан жатқан Ақтайлақтың жылқысына іңірде көлдің
ақкөбік толқынынан шыққан айғыр шабады, таң біліне көлге қайта батып ғайып
болып кетеді. Ақтайлақтың сансыз жылқысы сол ақкөбік айғырдан өскен –
мыс.... (CLXXІ) Осыған ұқсас қазақ аңыздарын салыстыра қарап отырсаңыз
судан шыққан су айғырды арнайы терминмен – суын – деп атайтыныда куә
боласыз. Суын – суы бар жерлердің бәрінде де жылқыға шауып көп жылқы содан
пайда болады - мыс. Негізінде араб және қазақ аңыздарының мәні бір:
Жылқылар суы мол, шөбі шүйгін жерде өсіп - өніп көбейеді және басқа жаққа
тарайды, сонымен бірге араб жылқысыда қазақ жылқысыда табиғаттың төл тума
тұқымы екені көрінеді. Араб жылқысы табиғаттың төлі, ағылшын жылқысы( өнер
төлі - деп баға бергенде Карло Нобили ағылшын жылқысының қолдан шығарылған
тұқым екенін ескертеді. Ч.Дарвин Үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің
өзгеруі - деген еңбегінде, мал тұқымдарының пайда болуына байланысты:
табиғи тұқымдар, - аралық тұқымдар, мәдени тұқымдар деп үш топқа бөледі.
[3]
Қазақ халқы өз жылқысын жақсарту үшін көрінген жылқы тұқымдарының
айғырларын әкеп сала бермеген. Қазақ жылқысы үшін ғасырлар бойы халықтың
аналитикалық тәжірибесінен өткен тұқымдар: араб және түркмен жылқысы.
Сондықтан қазақтар араб және түркмен тұқымының асыл тұқымды айғырларын алу
үшін ештеңесін аямаған. ...Араб айғыры үшін бай қазақ жүздеген қой,
оншақты қазақ жылқысын, ең әдемі күңді, бір құшақ асыл бұйымдарды қуана –
қуана бере салады.... [4.125б]
Түркіменстан ғасырлар бойы Орта Азияның асыл тұқымды жылқы базасы
болды деуге болады. Әмір Темір 5000 араб биелерін әкеп түркімен тайпаларына
таратып берген XVІІІ ғасырда Иран шахы Надир Теке тайпасына 600 бие
силаған. Сонда соңғы 500 жылда түркімендер өз жылқыларының қанын екі рет
жаңалаған. [5.с.113] Демек Түркіменстан мәдени жылқы шаруашылығының бірден
– бір отаны. Кәзіргі таңда қазақ жылқы тұқымын асылдандырамыз деп үлкен
қаржыға таза қанды болса болды сатып әкеп салып жатады. Бұл мүлде қате. ХІХ
ғасырдың өзінде орыс жылқы мамандары желгіш тұқымдардың, таза қанды,
жартылай таза қанды айғырлары қазақи биелерге салуға мүлдем келмейтіндігін
дәлелдеген. [6.64б] Қазақи биелерге , таза араб, болмаса қарабах айғырлары
жарайды. [6.64б] Қарабах тұқымды айғырлардың қазақи биелерге шағылыстыру
ерте замандардан келе жатқан үрдіс. Соның сорабы деймізбе, болмаса
жаңғырығы деймізбе: қарабах тұқымымен Елизаветополь және Баку
губернияларының жылқысын будандастырудан шыққан Қазақ тұқымы ертеден
белгілі(. [7.98б]
Енді қазақтар ықылым замандардан араб және түркмен айғырларына неге
зәру болды десек үстем тап өкілдері хандар, сұлтандар батырлар т.б. өзінің
көп жылқыларының ішінде элитасы - арғымақ тұқымын алу үшін қажеттенген.
Арғымақ аттың баласы аз оттарда, көп жусар (Мақал)
Арғымақ сені сақтадым, құлағың сенің серек деп
Азамат сені мақтадым, бір күніме керек деп (Махамбет)
Қобыланды батыр жырында Құртқаның жаратып жатқаны
Асқар ма екен, тау ма екен?
Арғымақ па екен, ат па екен? - деп тәптіштей сұрауына қарағанда
арғымақ қазақ хандығының құрылу заманынан белгілі тұқым. Ресейде Михаил
Федорович патшаның тұсында Кремльде Боровицкий қақпасының жанында
Мемлекеттік арғымақ атханасы (Государева аргамачья конюшня) болған, онда
арғымақтар мен жорғалар бағылған. [8.с.ІV] Бұл фактіден қазақ хандары мен
байлары секілді орыс патшасыда айрықша арғымақ пен жорға тұқымдарын
өсірумен айналысқанын көреміз. Тегінде орыс княздіктері жылқы ұстауды,
жылқы бағуды, жылқы мәдениетін қазақтың арғы аталары печенечтерден,
қыпшақтардан т.б. тайпалардан алғаны белгілі. Ол туралы көрнекті жылқы
тарихының маманы Вилькинс: Барлық жұмысқа жарамды бесаспап қазақ
жылқыларын біз назардан тыс қалдырмауымыз керек, сонымен бірге бұлар бүкіл
орыс жылқыларының арғы тегі болып табылады.... [9.156б] Арғымақ сөзінің,
арғымақ жылқысының пайда болуы жөнінде Фирсов былай дейді: Сельжук
заманынан (Х – ХІ ғ. А.Т.) арғымақ - деген атаулар пайда бола бастайды.
Қазақтар араб арғымағы, ағылшын арғымағы, орыстың зауыт арғымағы -
деп бөледі, бұл сөзді кавказдықтарда қолданады. Бұл сөзбен әуелде тек
Парфияның асыл тұқымды жылқыларын атаған, ал кәзір түркі халықтары кез –
келген таза қанды жылқыларды осылай атай береді. Шын мәнінде бұл ұғым
түркімен арғымағы және парсы арғымағы деген ұғымға ғана сәйкес келеді.
Себебі парсы жылқыларының өзі түркіменнен шығады. Айналып келгенде парсы
атханаларында бағым – күтімі келіскен парфян тұқымының ұрпақтары. [10]
Тарихшылар барлық асыл тұқымды, әдемі жылқылардың бәрін арғымақ -
деп жаза берген деп көрсетеді қазақ жылқы тұқымдарын мейлінше көп зерттеген
Я.Я.Полферов. Шын мәнінде мұқият зерделеп қарағанда... арғымақ - деп
жүргендердің 910 пайызын қарабайырларға жатқызуға болады. [11.129б] 1883
жылы Сұлтан Жантөрин Қазақ жылқы шаруашылығының очерктері атты еңбегінде:
Мен Торғай облысында Бұхара мен Ташкентке барып арғымақтар әкелген
шаруашылық иелерін білемін. Ханғали Арстанов сұлтан Хиуа, ахалтеке
жорықтарына қатысып Ресейдің Орта Азияны жаулап алуы А.Т.) Түркмениядан
жәуміт және теке айғырларын әкелді.... [12]
Атқұмар байлар мен батырлардың асыл арғымақтарды қолға түсіру үшін
бүкіл Орта Азияны аралап қым – қиғаш оқиғалы өмірінен бірнеше рыцарлық
роман жазуға болар еді, ол жайында толып жатқан фольклорлық материалдар
бар. Сарыарқаның бір серісінің айтқаны:
Тәшкеннің арғымағын аралап ем,
Болсада мойны сұлу, арты пыштай
Тәшкеннің арғымағын ат дейсіңбе,
Тұлпар бар Түрікпенде ұшқан құстай. (CLХХІ)
1890 – 1892 жылдары орыс мал дәрігерлері Торғай облысының қазақ
шаруашылықтарын зоотехникалық зерттеулерінде 14 алтын түсті жылқыларды
тіркеген. Алтын түс көбінесе түркімен асыл тұқымды жылқыларында кездеседі.
Әрине, қазақтың мыңдаған жылқы табындарында мұндай түстің табылуы теңізге
тамған тамшыдай ғана, бірақ осы фактінің өзі қазақ шаруашылықтарында
арғымақтың таңсық емес екенін көрсетеді. Арғымақ – қазақтың кереметтей
жақсы көретін бағалы жылқы тұқымы. Далада өткен небір тарихи оқиғалар осы
арғымақтың атымен байланысты. Арғымаққа атақты қазақ жырауы Нысанбай
тұтастай одалар арнаған. деп жазады Қазақтың ең жақсы жылқы тұқымы -
арғымақ - деген мақаласында Я.Я.Полферов. [12]
Қазақтар жаугершілік заманда тар жол, тайғақ кешулерде аттың екі
қасиетін ерекше бағалаған деп көрсетіледі мақалада, дәл осы қасиеттер
арғымақтың бойынан табылған. Арғымаққа мінген көшпенділердің әлемдегі ең
жақсы атты әскері болған. Арғымақты қолға түсіру үшін қазақтар нендей
қиындықтар болса да қорықпаған, қандай кедергі болса да тоқтамаған, құлақ
естіп, көз көрмеген айла:әрекетке барған деп жазады зерттеушілер. Абылай
қырғызбен соғыс кезінде әрбір түтінге арғымақтан бір бие, бір айғырға салық
салған. Ханның бұл сұрыпталған табынын орыс ғалымдары Жемчужина ханства
(ханның інжу-маржаны) деп атаған. [12]
Арғымақтың шығу тегі, ешбір басқа тұқыммен араласпаған таза қандылығы
жағынан түркмен жылқысы болғанымен қазақ даласындағы табиғи орта мен
климат, қазақ тұрмысыныц қиын жағдайлары төзімділік пен шыдамдылыққа, алыс
қашықтықтарға шабуға, аштыққа төзуге бейімдеп үйреткен. Мақалада екі таза
қанды түркмен жылқысы (ахалтеке) мен үш таза қанды қазақ арғымағының сын
жарысы туралы баяндалады. Жарыс ережесі бойынша олар 5 верст( қашықтықты 4
рет (барлығы 20 верст) айналып өту керек. Бірінші версте бес ат та бас
түйістіріп бірге келеді (көрсеткен уақыттары бірдей — 1 мин. 20 сек.),
екінші версте түркмендер алға жұлдызша ағып шығады, екінші верстің аяғында
арғымақтар қалып қояды. 2 верст қашықтықты түркмендер 2 мин. 12 секундта,
арғымақтар 2 мин. 15 секуңдта шауып өтеді. 3-ші верстің бойында бір арғымақ
екі түркмен жылқысымен иық тірестіре отырып 6 мин. 5 секундта келеді,
қалған екі ар-ғымақ 6 мин. 10 секунд уақыт көрсетеді. 3-ші айналымда бір
арғымақ жарты дене бойы алға шығады да, қалған екеуі түркмен жылқыларымен
бас түйістіріп бәрі бірге келеді. 2-ші айналымда .бірінші арғымақ 6 мин. 20
секунд, ал бірінші түркмен жылқысы 6 мин. 28 секунд, енді бір түркмен
жылқысы мен арғымақ 6 мин. 35 секунд, үшінші арғымақ 6 мин. 55 секунд уақыт
көрсетеді. 3-ші айналымда бірінші арғымақ 6 мин. 55 сек., екінші арғымақ 7
мин. 5 сек., бірінші түркмен жылқысы 7 мин. 10 сек., үшінші арғымақ 7 мин.
20 сек. уақыт көрсетеді. 4-ші айналымда үш арғымақ та алға шығып, түркмен
жылқылары қалып, 4-ші айналымның ортасында бір түркмен жылқысы мүлдем
жарыстан шығып қалады да, екінші түркмен жылқысы әбден шаршап, мәреге
зорығып жетеді. Көрсеткіштері мынадай:
І-ші арғымақ 7 мин., 2-ші арғымақ 7 мин. 5 сек., 3-ші арғымақ 7 мин.
15 сек., түркмен жылқысы — 7 мин. 50 сек.
Жарыстан соң әбден қызып алған арғымақтарын тоқтатудың өзі біраз
қиындыққа түскен қазақтардың аттарының көзінен от ұшқындап тұрады.
Арғымақтардың ұшқырлығы жайында жазушы В. Железновтың Жайық
казактарының тұрмысы жазылған Казак Василий Струняшевтың басынан
кешкендері деген әңгімесінде айтылады. Бірде тұтқынға түсіп қалған В.
Струняшев екі арғымаққа мініп қашып шығады. Ол айлы түнде шағыл ішімен
өкшелеп қуған қуғыншылардан қашып, 200 верст шабады, сөйтіп аман-есен
құтылады. ...Мұндай ғажайып ерлік тек арғымақтың ғана қолынан келеді,
себебі шаршау дегенді білмейді, жылдамдығын үдетпесе кемітпейді, ал егер
күші бітсе сол жерде құлап түсіп өледі.Арғымақтар жайында орыс зерттеушісі
XIX ғ. аяғында қазақтардың табынында бұл асыл тұқымның мүлдем азайғанын,
құрып бара жатқанын қынжыла жазады. [12.13.16 – 17б]
Үш рет Рим, Токио, Мехико Олимпиадаларының жүлдегері қаракер Абсенттің
тағдыры өте күрделіде қызық. Абсент 1952 жылы Жамбыл жылқы зауытында
құласұр Баккара атты биеден туады, әкесі ақалтеке айғыры – Араб 1935 жылы
атақты Ашхабад – Мәскеу жортуылына қатысып, шыдамдылық пен төзімділік
көрсеткен. Баккараның әкесі Қызыл – деп аталатын тұқымнан шыққан Керкенже
атты айғыр. Сонымен атақты қаракердің енесі Баккара мен әкесі Араб, Абсент
тумай жатып ондаған жылдар қазақ жерінде тұрып суының тұнығын ішіп, шөбінің
шүйгінін жесе, жерге, қоршаған ортаға үйреніп бұрынғы қазақ батырлары мен
аламаншылары әкеп жүрген арғымақ болмайма? Ал, Абсент сол қазақи болып
кеткен түркімендердің екінші ұрпағы. Ең бастысы Абсентті көптеген
жылқылардың ішінен бірінші рет танып үлкен спортқа баулыған Қазақстан
Республикасының ат спорт мектебінің жаттықтырушысы Кәрім Әсенов. Кәрімге
дейін Абсентті ешкім көрмеген, білмеген, атақты тренердің бұрынғы қазақтың
сыншыларындай қырағы көзі болмаса кім білсін, Абсенттің атағы бүйтіп жер
жарар ма еді? Кәрім ағамыздың еңбегін республика жылқы шаруашылығының ірі
маманы П.А.Федотов былай бағалайды: Басында ол белгілі қазақстандық тренер
К.Әсеновтің ерінің астында жаттықты. Абсенттің спорттық дайындығына
К.Әсенов өте көп еңбек пен шеберлік жұмсады... [38.59б] Атақты архитектор
Шота Уәлихановтың айтуынша Абсенттен түбінде топжарған атақты арғымақ
шығатынын құлын кезінен көріп бағалай білген Кәрім Әсеновтің еңбегі елеусіз
қалып көп айтылмайды екен. Шынында да Абсент туралы көптеген жазылымдарды
қарап шыққанымызда П.А.Федотовтан басқа К.Әсенов туралы ауыз толтырып
айтқан тұщымды сөзді көргеміз жоқ. Кеңес одағының он дүркін, ХХ Олимпиялық
ойындардың, әлемнің чемпионы Елена Петушкова Абсентті спорт жылқысының
идеалы санаған. Бұл менің ғана пікірім емес, Абсентті көрген адамның
ұнамағаны жоқ - деп жазады даңқты атпаз. [39] Қаракердің биіктігі 163 см,
көкірек орам 186 см, жіліншік орамы 19,5 см, бәдені сұлу, ерекше сымбатты
болған. 1969 жылы 17 жасында сәйгүлік туған жері – Луговой жылқы зауытына
қайта оралып, айғыр болып жүріп 70 ұрпағын қалтырды. 1975 жылы 23 жасында
өлді. Жылқы зауытының алдындағы билеп тұрған аттың қола мүсіні – атақты
арғымақтың мәңгілік белгісіндей болып, қазақ жылқысының даңқын паш етіп
тұр.
Кәзіргі кезде қарабайыр жылқысы туралы сөз бола қалса бұл өзбектің
жылқысы екен, Орта Азияның жылқы тұқымы екен т.с.с. сөздер айтылады.
Я.Я.Полферов 1898 жылы жазған еңбегінде: ...Қарабайыр түркмен жылқылары мен
қазақ тұқымының буданынан пайда болған өнім. Бұл тұқым қазақтардың
бұхарлықтармен және хиуалықтармен араласа бастаған уақытынан айырбас сауда
арқылы қазақтар түркмен айғырларын алған кезден бастау алады. Қарабайыр
қазақ даласының оңтүстігінде кең тараған, Ор өзенінің солтүстік жағалауында
шығыста Ертіске дейін, сонымен қатар солтүстік Түркістанда негізінде
Сырдарья мен Самарқанд облысында таралған.... [15.128б] Зерттеушілер
қарабайыр сөзінің мәнінде шешуге әрекет етеді. Ю.Кологривов қазақтардан
бұл сөздің мағнасын сұрағанда: Қарабайыр сөзінің төркінін біреулер қара
- таза – дегенді, ал байыр - кеуде, бауыр – дегенді білдіреді, яғни таза
жылқы ұғымында, енді біреулер керісінше араб т.б. таза жылқылардың тұрпайы
жабайыланған түрі деп жауап береді... [16.72–80б] Бұған қандай комментарий
керек, себебі автор сөз мәнін шешуде дұрыс талпыныс жасаған, тұщымды пікір
айтқан. ...Барлығы (қарабайырлар А.Т.) арғымақ тұқымдарынан алған сұңғақ
бойымен, тік аяқтарымен, бастарының әдемілігімен көзге түседі. Биіктіктері
2 аршын 3 вершок (154,0 см А.Т.). Төзімділігі жағынан әрине қазақ
жылқысынан әлдеқайда артта қалады.... [17.121 – 122б]
Я.Я.Полферов өзінің зерделі зерттеуінде қазақтың жылқысы –
қарабайырлар туралы ойын сабақтай отырып, шекті елінің төл тұқымы – деп
дәлелдейді. Фергана – түркімендер мен қарабайрлардың туған бесігі. Жақсы
жылқыларды өсірумен атағы шыққан қазақ тайпасы – шекшті (шекті А.Т.)
жылқылары Фергана қарабайрларына дөп келеді. Себебі шектілер үнемі Хиуа,
Бұхара, Түркмен өлкесімен араласып жүрді, көшіп барып Фергана жазығын
қыстайтын. Шектілер бұл жақтан көп жылқы алатын, Орынбордың базарларына
әкеп сататын. Аспандай жүйрік сәйгүліктер - деп аталған қарабайрлар –
шекті жылқысы болып шығады. Қазақ жылқысының көрнекті маманы полковник
Сунгуровтың айтуынша 20 – жыл бұрын бүкіл Орал мен Торғай облысының
оңтүстік аймақтары шекті жылқыларымен атағы шықты, бірақ қазақтар бұларды
қарабайырлар деп атайтын еді. [18.132б] Шекті жылқысының кәзір ұмытылғаны
болмаса, ХІХ ғасырдың аяғына дейін жеке тұқым болып өмір сүргені туралы
1892 жылы агроном И.В.Шумков: Шекті жылқысы қазақ жылқыларының ішіндегі
шомбал, кесек тұрпатты жылқылардың бірі. Бойы 2 аршын (142,2 см), кейде 2
аршын 1 вершок (146,4 см), екі аршынға жетпейтіндері өте аз кездеседі.
Барлық бітімі келісті, сындарлы біткен, сібір жылқысына ұқсамайды, денесі
жақсы дамып жетілген және қысқа емес. Аяқтары жуан діңгектей, бір аяғы ұсақ
жылқының екі аяғындай, тұяғы үлкен, бір тұяғы орташа жылқының екі
тұяғындай, жалы жерге сүйретіліп жүреді, жақсы жылқылардың жалының
салмағы жарты пудқа (8 кг) жетеді, құйрығыда жалы сияқты қалың, қабалау,
жерге шұбатылып жүреді. Жалы екі жағына жарылып және алдыға қарай кекіл боп
бітеді... Кекілі басын жауып тұрғандықтан көзіне қар тығылмайды. Құйрығы арт
жағын желден қорғайды. Жүні қалың және нәзік ұяң, қыста өскенде вершоққа
(4,4 см) жетеді. Жүнінің қалың болуы арғымақ пен араласпаған қазақ
жылқыларының бәріне тән, бірақ шекті жылқысынікі, ұзындығын есептемегенде
ерекше қалың. Арғымақтар (орыс және азия) жүнінің қысқалығы мен
сиректігінен қыста тебіндеп жайыла алмайды. Жалы мен құйрығының мықты болуы
сүйектерінің кесек тұрқының мығымдығын, күштілігін аңғартады. Шекті жылқысы
казак артилериясына зеңбіректерді тартуға пайдаланылады, бағасы 100 рубль
тұрады, сонымен қатар күшті және мықты жылқыларды ұнатпайтындардың бәрі
шектіні алады. ...Шекті жылқысының мойыны ұзын емес, қысқалау жуан. Басының
көлемі орташа, маңдайы кең, көзі үлкен омырауы кең, бірақ өте үлкен емес,
мұрыны аздап қырланып келген, басы алдынан қарағанда тузу, бірақ бұлан
мұрын емес. Арқасы ешқандай дөңестігі де, ойығы да жоқ түп-түзу, сауыры
құймышағына қарағанда көтеріңкі құйрығына қарағанда түсіп тұрған сияқты
көрінеді. Шекті жылқысының түсі көбінесе ала болып келеді... [18.15-16б]
Біз шекті жылқысының бәденіне байланысты белгілі зерттеушінің сипаттамасын
толығырақ беріп отырғанымыз бұл жылқы тұқымы мүлдем құрып кеткен.
Жоғарыдағы фактілерге қарап отырсаң И.В. Шумков шекті жылқысын қазақ
тұқымның бірегейі етіп көрсетіп, шектілердің Хиуа, Бұқара, Ферғанамен
араласқанынан қазақ руларының ішінде арғымақ тұқымының ең көбі шектілерде
болғанын есепке алған. Кезінде И.В. Шумковтың бұл тұжырымдарын
А.И.Добросмыслов сынаған. [19.4б]
Шекті жылқысы жайында информаторлардан сұрағанымызда Сабырғали Мусин
ақсақал былай деп еді: Бұрында әр рудың, әр елдің өз жылқылары болды ғой.
Шектілер тек өз жылқысын мінетін, сонысымен мақтанатын, жағалбайлының,
адайдың жылқысын місе тұтпаушы еді. Бәрін құртқан Орынбордың менауай
дворы[1], қазақтар жұттан қырылады деп әдемі, сұлу жылқылардың бәрін таңдап
тұрып жүздеп, мыңдап сатқан ғой. Қалғаны 1929 жылы кәмпескеде құрыды, одан
қалды, 1941 жылы соғысқа алды (L) Ақсақалдың бұл сөзінен, тек шекті
жылқысы емес, бүкіл қазақ жылқысының басынан кешірген алапат кезеңдерін
көрсетеміз.
Адай жылқысының пайда болуы тарихи әңгімелерде, аңыздарда: Адайлар
Маңғыстауға келгенде бұл жерді мекенген теке мен жәуміт (иомуд) тайпалары
бір-бірімен қырғиқабақ жау екен. Адайлар осыны пайдаланып алғашында теке
жағында болып текелердің жәумітттерді жеңіп Маңғыстаудан ығыстыруына
себебші болады. Бұған риза болған текенің басшысы адайларға бір айғыр, бір
сұлу қыз беріпті. Текелер берген белді, жақсы тұқымды айғырдан адай жылқысы
тарайды. Әйтпесе, түркімендер асыл тұқымды айғырын ешкімге бермеген, құпия
ұстаған. Аңызды айтушы Есбол Өмірбаевтың пікірінше адайлар XVIII ғасырдың
20 жылдарында Маңғыстауға келіп (сыр бойынан А.Т.) қоныстана бастаған
кезде, осы оқиға өткенге ұқсайды*. (CLXXVI)
А. Сатқаев осы оқиғаны дәлме-дәл қайталай келіп адайлар арасында
айтылатын
Ат жақсысы – теке түркменде,
Қыз жақсысы теке түркменде - деген мәтел теке тайпасының адайларға
берген силығы: айғыр мен қыздың құрметі үшін айтылған- деп түсіндіреді.
(CLXXVII)
Бұған біздің алып-қосарымызда жоқ, себебі қазақтың ауызша тарихының
бір-бірін толықтырып, отыратыны соншалық тұтас бір оқиғаны, кезеңді бір
сөзбен, бір формуламен айқындап береді.
Екі елдің екі жылқы тұқымын бұдандастырып селекциялық жолмен жаңа
тұқым алуы сол екі елдің экономикалық сауда қатнасының белгісі деп
көрсетеді В.О.Витт.
Адай тұқымының тарих сахнасына шығуы сөз жоқ түркмендер мен адайлардың
жақынырақ қоныстасып, бір-бірімен араласа бастаған кезі XVIII ғ. бірінші
ширегі, ол кезде адай руларының жылқысы қазақи тұқым болған. Оған дәлел
Қашаған жыраудың:

Қазақтың көріп жылқысын,
Қуалады есек -деп- айтқан сөздері куә. [50] Өз жылқыларына
қарағанда қазақ жылқыларының бойы аласа, тұрпатының қораштығын көрген
түркмендер менсінбей қуғаны айдан-анық.
Адай жылқысы қазақтың басқа жылқы тұқымдарымен салыстырғанда денесінің
құрғақтылығымен және етсіздігімен ерекшеленеді – деп көрсетеді мамандар:
Басы етсіз, құрғақ және ұзын бір аршынға жетіп қалады (71,12 см А.Т.),
маңдайы жетілген, шығыңқы, көздері өте үлкен. Басы тузу, бұлан бас емес,
мұрны аздап ойсыздау. Арқасы тузу, шекті жылқысына қарағанда арқасы
айтарлықтай ұзындау, мойны ұзын, аяқтары жіңішке, тұяғы кішкене, тасты
жерде жүргендіктен, тұяғы қазақ жылқыларының ішіндегі ең қаттысы. Жалпы
адай мінске арналған, салт жүруге сатып алынады. Орташа биікті екі аршын
бір вершок (146,6 см)... [18.17б]
Адай жылқысының өзін қазақтар жылқы тұқымдарын жақсартуға пайдаланған.
К.А. Овчинников 1930 жылы қазақтың жылқы шаруашылығындағы асылдандыру
жұмысы жайында: ...Жартылай көшпенді аймақтарда жылқы тұқымын
асылдандыруға – адай жылқысы, ол адай жерлерінде – түркмен жылқысы
пайдаланылады. Маңғыстау түбегінде біз таза қанды және жартылай таза қанды
айғырларды қөрдік. Бұлар кәдімгі бойлары биік (150-158 см), мүлдем етсіз,
құрғақ, ақалтеке тұрпатты жылқылар... [19] Адай жылқысының өзінің ішінде
адайдың көкмойындары - деп аталатын бойы биік, бәдені сұлу, мойыны ұзын,
аяқтары тік, кесе тұяқ, сымпыс құйрықтар өте аз кездеседі, жоғары
бағаланады, бұлар ақалтеке мен адайдың 3 – ші 4 – ші ұрпақтары деп
мәлімдейді информаторлар. (LХ) Маңқыстаудағы сәулет ескерткіштеріне
(құлпытас, қойтас, мавзолей т.б.) салынған жылқы кескіндерін шартты түрде
екіге бөлуге болады. Суреттердің бір тобында бойы аласа, жал құйрығы қаба
аяқтары жуан жылқылар кескінделсе мұндай суреттер аз кездеседі, келесі
суреттерде мойны ұзын, бойы биік, бәдені сұлу жылқылар бейнеленген. Қысқасы
адай жылқысында арғымақ пен қарабайырға қарағанда түркімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқы тұқымдары. Дон жылқысы
Мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы
Дон жылқы тұқымы
Жылқы өсіру әдістері
Жылқы жайылым малы
Халық шаруашылындағы жылқы шаруашылығының маңызы
Бие сүтінің құрамы
Қазақы жылқы тұқымының ата тегі мен жанама туыстарына қарап бағалау мен сұрыптау
Қазақ халқындағы жылқы маңызы
Башқұр жылқы тұқымы
Пәндер