Корпоративтік қаржылар


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының негіздері

2. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы

3. Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың тереңдей түсуі қаржы жөніндегі біздің ұғымымызға, қаржыны басқаруға, мемлекеттің қаржы жүйесінің құрлымына әсер етпей қойған жоқ.

Нарықтық қатынастардың құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рол атқарады. Қаржы нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Осыған орай қаржының әлеуметік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, экономиканы ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржыны неғұрлым толық пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары- бұл кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, басқа коммерциялық және коммерциялық емес құрлымдардың, сондай-ақ салалардың ақша қорлары және оларды құрып, пайдалануға байланысты болатын экономикалық қатынастардың жүйесі. Олар бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құайды, материалдық және материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді; ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдарға сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Бері әрі жақсы қалыптасқан кәсіпорындар мен ұйымдардыңқаржылрысыз нарықтық экономиканың дамуы мүмкін емес. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық тетігі, экономиканы өзгертудің қуатты құралы болып табылады. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастармен бірге отырып, ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының негіздері

Шаруашылық жургізушу субъектілердің қаржыларына, бір жағынан, жалпы қаржыладың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қымет етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыларға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:

  • Қаржы қатынастарының көпқырлылығы, оларлдың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
  • Өндірістік қорлардың міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы. Өндірістік каиталдар-бұл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады: бұл кезде құн нысандары тұрақты ауысып отырады.
  • Жоғары белсенділік, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі:
  • Олар бүкіл қаржы жүйесініңайқындаушы негізі болып табылады.

Сонымен, кәсіпорындар мен үйымдардың қаржылары деп өнім өндіріп, сату және қызмет көрсету кезіндегі ақшалай табыстарды, жиналымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын ұйымдастыруға негізінен екі фактор: шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен анықталған, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізді.

Жалпы меншіктің әртүрлі нысандары кәсіпорындардың қаржысы ортақ қағидаттарға негізделген. Алайда бұл кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық мәртебесіндегі айырмашылықтар кәсіпорындарды басқару механизмінің кейбір ерекшеліктерін, мүліктік жауапкершілік сипатын және осымен байланысты болатын қаржы ресурстарын қалыптастырып, бөлудің нысандарын анықтайды.

Бұл ең алдымен жарғылық капиталды қалыптастыру көздеріне, табысты бөлуге және бюджетпен өзара қатынастарды ұйымдастыруға қатысты болып отыр.

Шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны жарғылық капиталды жасаудың процесіндегі қаржы қатынастарының мазмұнын анықтайды.

Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарын жіктеудің критерийлері мыналар: меншіктің түрі, меншіктің субъектісі, иегердің мүліктік жауапкершілігінің сипаты (толыұ, шектелген, қосымша) және кәсіпорынды басқарудың механизмі. Осы критерийлерді ескере отырып кәсіпорындар жеке, жекеше, серіктестіктер, кооперативтік, жалгерлік, мемлекеттік, шетелдік және біріккен кәсіпорындар ретінде құрыла алады. Олардың барлығы бірыңғай заңдылық негізде іс-әрекет етеді және кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ортақ қағидаттарына бағынады.

Экономиканы реформалау, нарықтық қатынастардың дамуы мемлекеттік, жекеше немесе ұжымдық меншікке негізделген түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың кәсіпорындары мен ұйымдарының қалыптасуын қажет етеді.

Соңғы екеуі меншіктің мемлекеттік емес нысанын құрайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қызмеінің сипаты коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып жежеленіп бекітіліп берілген, онда заңды тұлға ұғымы анықталады. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен

ұйымдардың қаржыларында мынандай жеке сфераларды бөлуге болады:

  • Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары;
  • Коммерциялық емес ұйымдардың қаржылары.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бұл екі тобының қаржы қатынастарының кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысанымен, кірістер мен шығыстарды қалыптастырумен, мүлікке иелік етумен, міндеттемелерді орындаумен, салық салумен байланысты өзінің өзгешелігі болады.

Сыныптаудың бұл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметті қамтамассыз етудің түрлі қағидаттарына: коммерциялық есепке немесе белгілі бір деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажетттіліктерін жабатын бюджеттік қаржыландыруға есептелген. Егер мекеме коммерциялық немесе коммерциялық емес қызметті ұйымдастыратын болса, онда бұл тиісті қаржылық салдаларға ұшыратады: коммерциялық қызметтің өзін өзі қаржыландырылуын ұйымдастыру, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу, алынған табыстарды немесе пайданы бөлу.

Қаржы қатынастарының мазмұны мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жұмысын ұйымдастыруға олардың салалық тиістілігі, ұлттық шаруашылықтың техникалық-экономикалық ерекшеліктері айтарлықтай ықпал жасайды.

Материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының қаржысының өзгешелігі едәуір дәрежеде кәсіпорынның іс-әрекет ететін салсына да байланысты болып келеді.

Қаржының салалық ерекшеліктеріне өндірістің сипатымен, түрлі салалардың технологиясымен, өндірістік циклдың ұзақтығымен, өндірістің табиғат және климат факторларына тәуелділігімен, шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағдайларының айырмашылығымен анықталады. Саланың өзгешелігі қаржы ресурстарының жылдамжығына, қалыптастырлатын ақша қорларының құрамына, қаржы ресурстары мен кәсіпорындардың шығындарының құрылымы, бюджетпен және басқа қорлармен болатын өзара қатынастарға әсер етеді.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы

Коммерциялық ұйымдар табыс алу мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысанда жүзеге асыра алады:

  • Мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар;
  • Шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер;
  • өндірістік коопеативтер.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі жалпы ішкі өнімді жасау, бөлу және пайдалану процестерін қамтиды. Олар негізінен жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыс жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Коммерциялық кәсіпорындардың қаржылары материалдық өндіріс кәсіпорындары қаржыларының мазмұнымен және олар ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын құру, қаржыландырудың сыртқы көздерін Тарту, оларды бөлу және пайдалану прцесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.

Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақша немесе қаржы қатынастары деп атайды, қаржы қатынастары ақша қатынастарының бір бөлігі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен қосарлана жүретіндігін біз жоғарыда атап көрсеткенбіз.

Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарын қамтиды.

  • Басқа әртүрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсу, материалдық шығындары төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар бойыншща дивидендтер мен пайыздар төлеу және процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады) :
  • Еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеу, сыйлық қорын қызметкерлерге жәрдем ақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды, бағалы қағаздар сату, кәсіорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін пай жарналарын қауыштырады) ;
  • өз ішіндегі бөлідермен (олардың арасында қаржы ресустарын бөлу кезінде) ;
  • мемлекетпен-бюджете салықтар төлеу, бюджетпен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырғанда;
  • банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк ссудаларын алу, оларды қайтару, ссудалар бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлеммен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады) ;
  • сақтық органдарымен-мүлікті, персоналды, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
  • жоғары ұйымдармен-ішкі салалық қайта бөлу шегінде (пайдаы-сындағы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, арендалық төлемдер бойынша және басқалары) ;
  • құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылташылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын (салымдарын) төлеу кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) .

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысына жалпы мемлекеттік қаржылар сияқты бөлу және бақылау функциялары тән.

Коммерциялық кәсіпорындар мен үйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген. Олардың қатарына мыналар жатады.

  • Коммерциялық шаруашалық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы шаруашылық қызметтің қорытындысына ынталық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіне бақылау жасау) ;
  • Жоспарылық
  • Меншікті барлық нысандарының теңдігі;
  • Қаржы резервтерінің болуы.

Коммерциялық емесұйымдардың қаржысы

Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады. Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының жылғы қаңтардың 16-сындағы №142-ІІ ҚРЗ заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту; заң көмегімен көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің игіліктерін қамтамасыз етіге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.

Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативті, қор, діни бірлестік, қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заңнамалық келісімдерде көзделген өзге нысанда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдардың қызметінің мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керісінше қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.

Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақша қорларының қозғалысын қауыштыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді.

Коммерциялық емес мекемелер, ұйымдар қызметінің материалдық негізгі қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативті, қор, діни бірлестік, қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заңнамалық кесімдерде көзделген өзге нысанда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдардың қызметінің мақсаты пайда немесе табыс табу емес, ерісінше қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.

Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақша қорларының қозғалысын қауыштыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді.

Коммерциялық емес мекемелер, ұйымдар қызметінің материалдық негізгі өндірістік емес арналымдағы қорлар болып табылады, олардың заттай және ақшалай нысандары болады. Заттай нысандағы қорларды ұйымдар мен мекемелер сатып алады және олар тұтыну процесінде өзінің құнын жоғалтады. Осылай жасалған игілік пен қызметтердің тек тұтыну құны ғана бола алады.

Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық қаржысының ерекшеліктерін анықтау үшін оның құрамына кіретін мекемелерді, ұйымдарды оларды қызметінің сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және қаржыландырудың әдістерін ескере отырып зерделеген жөн.

Құрылтайшысы басқару, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге деқызметтерді жүзеге асыру үшін құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме.

Қорытынды

Нарықтық қатынастары жағдаында кәсіпорынынң қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болумен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершіліте болуымен байланысты.

Жоғарғыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорациялардың қаржысы: мәні мен мазмұны, атқаратын функциялары және қаржы механизмі
Мемлекеттің қаржы жүйесі және несие формалары
Мемлекеттің қаржы жүйесі және оның экономиканы реттеудегі рөлі
«AV ENERGY» ЖШС-нің өндірістік – қаржылық қызметі
Негізгі қорлар есебі
Алынуға тиісті вексельдер, бағалау және мойындау есебі
Орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі
Сақтандырудың экономикалық мәні, құрылымы
Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің құқықтық негіздері
Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz