Мемлекеттік бюджет шығыстарын талдау, оны жоспарлау мен қаржыландырудың дұрыстығын зерттеу


Жоспар
Кіріспе.
I . Мемлекеттік бюджет шығыстарының жалпы сипаты.
1. 1. Мемлекеттік бюджет шығыстарының жүйесі.
1. 2. Мемлекеттік жалпы сипаттағы шығыстарын жоспарлау және қаржыландыру.
II. Республика бюджетінің шығындары бойынша кассалық атқарылуы
2. 1. Жалпы мемлекеттік қажеттіліктер мен әлеуметтік - мәдени шараларға жұмсалатын бюджет шығыстары.
2. 2. Экономиканы қаржыландыруға кеткен бюджет шығыстары бойынша кассалық атқарылуы
2. 3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік шығыстар өкілеттілігін бөлу саясаты.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бұл курстық жұмыста республика бюджетінің шығындары бойынша кассалық атқарылуы, мемлекеттік бюджет шығыстарының жүйесі, бюджет шығыстарын жоспарлау мен қаржыландыру, жалпы мемлекеттік қажеттіліктер мен әлеуметтік - мәдени шараларға жұмсалатын бюджет шығыстарының түрлері қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. : Бюджеттің шығындары - қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Мемлекет функциясының ұлғаюына байланысты шығыстардың құрылымы да өзгереді. Басқару шығыстары артады. Ғылыми техникалық прогрестің өсуіне байланысты мемлекеттің білім және ғылымға жұмсалатын шығындары, сонымен қатар әлеуметтік қажеттіліктер мен денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары да өседі.
Мемлекеттік қажеттіліктерге біз өз табысымыздан салық төлейміз. Кез келген салық - бұл азаматтардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік сақтандыруларға, денсаулық сақтауға, ел қорғанысына, тағы басқа салаларға қызмет көрсетеді.
Жұмыстың мақсаты: Бұл курстық жұмыс мемлекеттік бюджет шығыстарын талдау, оны жоспарлау мен қаржыландырудың дұрыстығын зерттеу, әлеуметтік - мәдени шараларға жұмсалатын бюджет шығыстарының дұрыс бөлінгендігіне көз жеткізу мақсатында жазылды.
I. Мемлекет шығыстарының жалпы сипаты.
1. 1. Мемлекеттік бюджет шығыстарының жүйесі.
Бюджеттің шығындары - қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары.
Бюджет шығындары мынандай түрлерге бөлінеді :
- Мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
- Тұрақты сипаты жоқ іс шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
- Мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар;
- Қ. Р. заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай төлемдермен байланысты шығындар;
- Заңды тұлғаларға субсидиялар;
- Ресми трансферттер.
Мемлекеттік шығыстар төрт негізгі топқа бөлінеді:
- Әлеуметтік - мәдени қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар;
- Экономиканы қолдауға жұмсалатын шығындар;
- Әскери шығындар;
- Басқаруға кететін шығындар.
Мақсатты бағытталуына байланысты мемлекет шығындары мыналарға бөлінеді:
- •қатаң қайтару мен өндіруді кеңейтуге кететін шығындар;
- • мемлекеттің ағымдағы шығындары - басқаруға, әскери шараларға, зейнетақы, жәрдемақы және тағы басқаларға төленетін шығындар;
- •сақтандыру және резервтік қорларды қалыптастыруға жұмсалатын
- шығындар.
Экономикалық мазмұнына байланысты:
- жалақы;
- стипендия;
- зейнетақы және жәрдемақы;
- медикаменттер;
- кеңселік шығындар;
- жиһаз сатып алуға жұмсалатын шығындар;
- ағымдағы және капиталды жөндеуге жұмсалатын шығындар, тағы
- басқалары.
Территориалдық белгісіне байланысты:
- жалпы мемлекеттік;
- республикалық;
- жергілікті шығындар.
Қалыптасу көздеріне байланысты:
- бюджеттік қаржыландыру;
- резервтік және сақтандыру қорларының есебінен;
- Қаржыландырудың несиелік көзіне байланысты.
Шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты мемлекет шығындарын қаржыландырудың екі әдісі бар:
- Кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстары, банк несиелері және кейде бюджеттік қаржы бөлу есебінен жүргізіледі;
- Сметалық - бюджеттік қаржыландыру . Сметалық тәртіппен смета негізінде анықталатын әлеуметтік мәдени шаралар, мемлекеттік билік органдарын және қорғанысты қамтамасыз етуді қаржыландырады. Сметалық тәртіппен қаржыландырылатын мекеме мен ұйым - бюджеттік деп аталады.
1. 2. Мемлекеттің жалпы сипаттағы шығыстарын жоспарлау және қаржыландыру.
- Нарық жағдайында әлеуметтік және экономикалық саясатты жүзеге асырудағы шаруашылық құрылыста мемлекеттің басқару аппаратының маңызы зор.
- Мемлекеттік басқару көмегімен мемлекет елдің саяси, шаруашылықтық және мәдени өмірін басқаруды жүзеге асырады. Алдағы экономикадағы мәселені шешу терең қайта құру мен арзан басқару жүйесін талап етеді.
- Мемлекеттік басқару органдары - заңдық, атқарушы және өкілетті органдардың барлық деңгейінің, сонымен қатар персоналға қызмет көрсету аппаратының жиынтығын білдіреді.
- Заң шығарушы биліктің жоғары мемлекеттік органы - Қ. Р. Парламенті, мемлекет басшысы, оның атқарушы билігі - Президент болып табылады. Атқарушы билігі - Үкімет те жүзеге асырылады.
Экономикалық сыныпталуға сәйкес басқару аппаратын қамтамасыз етуге кететін шығындар құрамына мыналар кіреді:
• Ағымдағы шығындар;
• Капиталды шығындар;
• Несие беру, іскерлік қатысу және қаржыландыру;
Басқару аппаратын қамтамасыз ету шығындарын анықтайтын негізгі құжаттар - штаттық кесте және шығындар сметасы.
Басқару органдары, . Ж. Ш. С. - р, ұйымдар және мекемелер штаттық кестені құрастырғанда құрылымдарды типтік штаттарды, есепке алу норматифтерін, басқару аппараты қызметкерлерінің деңгейлік окладтарын, есеп айырысу ставкалары мен басқа да шығындар түрлерінің нормаларын басшылыққа алады.
Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығындар - бұл өндіріс көлемінің тұрақты өсуі мен оның тиімділігін арттыруға жағдай жасауға бағытталатын ақша қаражаттары. Олар: күрделі жұмсалымдар, негізгі капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық резервтер жасау; арнаулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.
- Күрделі жұмсалымдардың құрамына:
- құрылыс - монтаж жұмыстарының шығындары;
- жабдық, сайман, аспап сатып алу шығындары;
- өзге күрделі жұмыстар мен шығындар ( жобалау, іздестіру, геологиалық барлау және бұрғылау жұмыстары ) ;
- жаңа салынып жатқан кәсіпорындар үшін кадрларды даярлауға жүмсалатын шығындар кіреді
Күрделі жұмсалымдар мыналардың есебінен қаржылындырылады:
- Ж. Ш. С. - ң меншікті қаражаттары;
- Банктердің ұзақ мерзімді несиелері;
- Халықтың жинақ ақшасы;
- Бюджеттен қаржы бөлу.
II. Республика бюджетінің шығындары бойынша кассалық атқарылуы
2. 1. Жалпы мемлекеттік қажеттіліктер мен әлеуметтік - мәдени шараларға жұмсалатын бюджет шығыстары.
Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты элеуметтік мәдени шараларға - оқу ағартуға, ақпараттық қызметтер көрсетуге, мәдениетке, өнергеғ денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік элеуметтік сақтандыру мен элеуметтік қамсыдандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады.
Жалпы әлеуметтік -мэдени қажеттіліктерін қаржыландыратын мемлекеттік шығыстар төмендегілерге жұмсалады:
- 1. білім беруге;
- 2. денсаулық сақтауға;
- 3. ғылымға;
- 4. кітапхана, археологиялық ескерткіштерді қамсыздандыру, ұлттықпарктер жэне қорықтар, ақпараттық кеңістікке;
- 5. элеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қажеттіліктерге;
- 6. иммиграциялық қызметке;
- 7. әлеуметтік-мәдени бағыттағы халықаралық акцияларға қатысуға;
- 8. спорт пен туримді қолдауға.
Бюджеттен қаржыландырылатын білім беру мекемелерінің желісі мыналардан түрады:
- Мектепке дейінгі мекемелер;
- Бастауыш, толық емес орта, орта мектептер;
- Лицейлер мен гимназиялар;
- Арнайы мектептер;
- Мектеп интернаттары;
- Ерекше режимдегі мектеп интернаттар;
- Балалармен мектептен тыс жұмыс істеу мекемелері;
- Балалар үйлері;
- Кешкі жэне сыртқы, орта жалпы білім беру мектептері;
- Маманды техникалық училищелер;
- Кадрлар дайындауға оқу орындары;
Бюджет шығыстары екі бағытта нормаланады :
- желілер жэне қызметкөрсету контингенттері;
- . бюджет шығыстарының есептік бірлікке немесе шығындар
- элементтерінің нормаларына.
- Нормативтер әртүрлі мекемелер түрлерінің шығыстарының типтік элементі бойынша бекітіледі. Нормалар көмегімен бірдей қамсыздандыруға қол жеткізіледі.
- Материалдық нормалар- табиғи шығындар (көмір, электр қуаты, тұтыну жэне т. б)
- Ақшалай нормалар- материалдық нормалардың ақшалай алмастырылуы (материалдар құны, есеп айырысу және т. б)
- Жеке нормалар- олар мекемелердің сметаларын қүруға қолданылады.
- Комбинирленген нормалар- қаржылық есепте қолданылады және есептік бірлікке есептелген жеке нормалар топтарвн біріктіреді.
- Типтік номалар- жалпы мекемелергеқұрылады.
- Міндетті нормалар- бұл заңда бекітілген, оны өзгертуге болмайды.
- Есептік номалар- бұл нақты жү_мыс жағдайын есепке алуға келетін есептік бірлік шығыстары.
Азаматтарға республикалық бюджеттің есебінен орындалатын тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі:
- Хирургиялық, нейрохирургиялық, психиатриялық, онкологиялық жэнеакушерлік, гинекологиялық, тері венерологиялық, офтальмологиялық, кардиологиялық жэне зиянды эрі қауіпті өндірістік факторларғабайланысты аурулар, туберкулез, лепра кезінде көмек көрсетуге;
- 2. ВИЧ инфекциясын жұқтырған ауруларға медициналық көмек көрсету;
- Шұғыл, төтенше жағдайларда пайда болған аурулар кезіндемедициналық көмек көрсетуге;
- дәріханалық мекемелерге және т. б бағытталады.
Мемлекеттік денсаулық сақтауды қаржыландыру көздері:
- ұзақ мерзімді экономикалық нормативтермен бөлінетін республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары;
- ЖШС-ң табыстарынан бөлінгендер, министрліктер, ведомостволаржэне басқа да басқару органдарының субсидиялары;
- Арнайы бағдарламалар бойынша халықаралық ұйымдар қаражаттары;
- Республикалық жэне жергілікті валюталық қорлардан валюталық қаржыландырулар;
- Ұйымдар мен азаматтардың, соның ішінде басқа да мемлекеттердің қайырымдылық салымдары.
2. 2. Экономиканы қаржыландыруға кеткен бюджет шығыстары бойынша кассалық атқарылуы
- Қазіргі уақытта республикада мемлекеттің шаруашылық іскерлікке араласуы келесі жолдармен жүзеге асады:
- Инфрақүрылым саласын қаржыландыру;
- Стратегиялық бағыты бар жаңа салаларды қаржыландыру;
- А/Ш және басқа салалардың дамуын маңызды, табыс төмен салаларды қаржыландыру;
- Орман және жануарлар элемін қорғау мекемелерін материалды техникалық базалармен қамтамасыз етуді және дамытуды қаржыландыру;
- Фундаментальды және ізденіс сипатындағы ғылыми ізденіс жүмыстарын қаржыландыру.
- Қазақстанда нарық экономикасының қалыптасуы мен дамуында көліктің алатын орны жоғары, эсіресе тауар айналысы ортасында. Көлік өндісті кеңейтуге тікелей эсер етеді. Ол тауарлы материалдық құндылықтарды тасымалдайды, өнім өндірушілерді біріктіреді, осы арқылы нарықты қалыптастырады. Ел экономикасын дамытудағы көліктің әмбебаптылығы осыдан көрінеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz