Мультимедиа технологиясы



1 Мультимедианы құру кезеңдері мен технологиясы
2 Мультимедиа технологиясының программалық жабдықтарын құрастыру
3 Компьютерде цифрлық бейнелеуді ұйымдастыру.
4 Стеганографиктік жүйелерде мультимедиалық технологияларды қолдану
Мультимедиа (multimedia) – бұл қазіргі уақыттағы компьютерлік ақпараттық технология, компьютерлік жүйеде дыбысты, мәтінді, бейнекөріністі, графиктік көріністі және анимацияны (мультипликацияны) біріктіруге мүмкіндік береді. Мультимедиа – компьютерге мәтін, графика, анимация, цифрланған қозғалыссыз көріністер, бейне, дыбыс, сөз сияқты деректер түрлерін енгізуге, онда өңдеуге, беруге, бейнелеуге (шығаруға) мүмкін беретін технологиялардың жиынтығы. Мультимедиа жүйесінің пайда болуы практиканың талаптарының, сондай-ақ теорияның дамуына байланысты туып отыр. Бірақ, бұл бағыттағы соңғы бірнеше жылда болып отырған ілгерілеушілік техникалық және жүйелік жабдықтардың дамуымен байланысты сенілуі.
Бұл, сонымен қатар ДЭЕМ-нің дамуындағы ілгері ұмтылушылық болып табылады: жады көмегінің өсуі, жылдамдығының ұлғаюы, графиктік мүмкіндіктерінің сыртқы жады сипаттамаларының жақсаруы, бейнетехникалар саласындағы жетістіктер, лазерлік дискілер – аналогты және CD-ROM пайда болуы және осылардың қолданысқа жаппай енуі осыған дәлел болса керек. Сондай-ақ деректерді жылдам да тиімді сығу/ашу тәсілдерін ойлап табу маңызды роль атқарып отыр.
Қазіргі кездегі мультимедиа – ДК ақпаралғы – теледидармен біріктірілген үйге арналған стереофондық Hi-Fi кешенді, еске түсіреді. Ол активті стереофондық колонкалармен, микрофонмен, оптикалық жинақ сызықша дискі. CD-ROM–ға арналған (CD-Compact Disc, жинақ–дискі; ROM–Read only Memory, оқуға арналған жады) дискі орнатқышпен жабдықталған. Сонымен қатар, ДК үшін жаңалық болып табылатын–аудиоадаптер деп аталатын құрылғыны қамтиды. Оның көмегімен тіркелген күшейткіші бар акустикалық колонкалар арқылы тағы стереофондық дыбыстарды тыңдауға көшуге болады.
Мультимедиа технологиясының пайда болуына себепкер 1945 жылы американдық ғалым Ваннивер Буш ұсынған “ МЕМЕХ” жадысын ұйымдастыру концепциясы болып саналады. Ол ақпаратты оның формальді белгілері (нөмірлер реті, индекстері бойынша немесе альфавит бойынша) бойынша емес, оның мағыналық мазмұнына сәйкес іздеуді қарастырады.
Бұл идея бастапқы да гипермәтін жүйесі түрінде (мәтіндік материалдар, комбинацияларымен жұмыс жүйесі), сонан соң гипермедиа (дыбыс, графика, бейне және анимация комбинациялармен жұмыс жасайтын жүйе), және соңғы осы екі жүйені өзіне біріктіретін мультимедиада түйісіп, компьютерлік жүзеге асыру қолға алынды.
80 – жылдардың соңында гуманитарлық саладағы мультимедиа технологиясын қолдануға деген қызуғышылық атақты американдық компьютерші – бизнесмен Билл Гейтстің есімімен тығыз байланысты, мұражайдың қызметтік дерек қорының негізінде (онда: көріністер, дыбыс, анимация, гипермәтіндік жүйелер (“National Art Gallery. London”) қолданылған) мультимедиалық (коммерциялық) өнім құру және оны сәтті іске асыру идеясы осы Билл Гейтстің еңбегі.

Жоспар:

1 Мультимедианы құру кезеңдері мен технологиясы
2 Мультимедиа технологиясының программалық жабдықтарын құрастыру
3 Компьютерде цифрлық бейнелеуді ұйымдастыру.
4 Стеганографиктік жүйелерде мультимедиалық технологияларды
қолдану

1. Мультимедианы құру кезеңдері мен технологиясы

Мультимедиа (multimedia) – бұл қазіргі уақыттағы компьютерлік
ақпараттық технология, компьютерлік жүйеде дыбысты, мәтінді,
бейнекөріністі, графиктік көріністі және анимацияны (мультипликацияны)
біріктіруге мүмкіндік береді. Мультимедиа – компьютерге мәтін, графика,
анимация, цифрланған қозғалыссыз көріністер, бейне, дыбыс, сөз сияқты
деректер түрлерін енгізуге, онда өңдеуге, беруге, бейнелеуге (шығаруға)
мүмкін беретін технологиялардың жиынтығы. Мультимедиа жүйесінің пайда болуы
практиканың талаптарының, сондай-ақ теорияның дамуына байланысты туып отыр.
Бірақ, бұл бағыттағы соңғы бірнеше жылда болып отырған ілгерілеушілік
техникалық және жүйелік жабдықтардың дамуымен байланысты сенілуі.
Бұл, сонымен қатар ДЭЕМ-нің дамуындағы ілгері ұмтылушылық болып
табылады: жады көмегінің өсуі, жылдамдығының ұлғаюы, графиктік
мүмкіндіктерінің сыртқы жады сипаттамаларының жақсаруы, бейнетехникалар
саласындағы жетістіктер, лазерлік дискілер – аналогты және CD-ROM пайда
болуы және осылардың қолданысқа жаппай енуі осыған дәлел болса керек.
Сондай-ақ деректерді жылдам да тиімді сығуашу тәсілдерін ойлап табу
маңызды роль атқарып отыр.
Қазіргі кездегі мультимедиа – ДК ақпаралғы – теледидармен біріктірілген
үйге арналған стереофондық Hi-Fi кешенді, еске түсіреді. Ол активті
стереофондық колонкалармен, микрофонмен, оптикалық жинақ сызықша дискі. CD-
ROM–ға арналған (CD-Compact Disc, жинақ–дискі; ROM–Read only Memory, оқуға
арналған жады) дискі орнатқышпен жабдықталған. Сонымен қатар, ДК үшін
жаңалық болып табылатын–аудиоадаптер деп аталатын құрылғыны қамтиды. Оның
көмегімен тіркелген күшейткіші бар акустикалық колонкалар арқылы тағы
стереофондық дыбыстарды тыңдауға көшуге болады.
Мультимедиа технологиясының пайда болуына себепкер 1945 жылы американдық
ғалым Ваннивер Буш ұсынған “ МЕМЕХ” жадысын ұйымдастыру концепциясы болып
саналады. Ол ақпаратты оның формальді белгілері (нөмірлер реті, индекстері
бойынша немесе альфавит бойынша) бойынша емес, оның мағыналық мазмұнына
сәйкес іздеуді қарастырады.
Бұл идея бастапқы да гипермәтін жүйесі түрінде (мәтіндік материалдар,
комбинацияларымен жұмыс жүйесі), сонан соң гипермедиа (дыбыс, графика,
бейне және анимация комбинациялармен жұмыс жасайтын жүйе), және соңғы осы
екі жүйені өзіне біріктіретін мультимедиада түйісіп, компьютерлік жүзеге
асыру қолға алынды.
80 – жылдардың соңында гуманитарлық саладағы мультимедиа технологиясын
қолдануға деген қызуғышылық атақты американдық компьютерші – бизнесмен Билл
Гейтстің есімімен тығыз байланысты, мұражайдың қызметтік дерек қорының
негізінде (онда: көріністер, дыбыс, анимация, гипермәтіндік жүйелер
(“National Art Gallery. London”) қолданылған) мультимедиалық (коммерциялық)
өнім құру және оны сәтті іске асыру идеясы осы Билл Гейтстің еңбегі.
Мультимедиалық технология адам қызметінің көптеген саласында қолданылады
– жұмысқа қабылдау процесінде, жұмыс орынында оқытуда және біліктілікте
көтеруде құжат айналымын ұйымдастыруда мультимедиалық байланыс
жабдықтарында, мектепте және мектепке дейінгі оқу орындарында, жоғарғы оқу
орнында, мультимедиалық дерек қор ұйымдастыруда, медицинада, тораптағы
телеконференцияларда, бизнес саласында, виртуальді немесе альтернативті
жүйелер құруда.
Мультимедиа – технологияны қолданудың бірнеше қызмет саласын
қарастыралық.
Жұмысқа және оқуға қабылдау процесіндегі мультимедиа.
Банк қызметінде және өнеркәсіпте компьютерленген әңгімелесу кең
қолданылады, ол өз кезегінде жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдаумен
айналысатын менеджерлердің жұмысын едәуір жылдамдатып, қысқартады, дайын
емес талаптанушылардан автоматты түрде бас тартады Park Citry Group, Asspen
Tree Software және Learning Systems Sciences сияқты фирмалар нақты іскерлік
тәжірибені модельдейтін мультимедиа негізіндегі программалар жүйелерін
ұсынады, сондықтан менеджерлер кандидаттардың түрлі ситуациялардағы
жауаптарын бағалай алады.
Осындай жүйелердің бірі Great Western Bank банкінде келушілерді
қабылдайтын қызметкерлердің орнына талаптанушыны бағалау үшін қолданылады.
Жүйе компьютер экранында түрлі “клиенттерді” ұсынады, олардың әрқайсының
ерекше сұрақтары, түрлі мінездері бар. Сынаққа қатысушы “?” белгісі бар
пернені басқан сәтте, экранда клиенттің ашулы жүзі көрінеді.
Қызметкер орнына таласқан кандидат өзі жүргізген әңгіменің барысында
сұраққа қалай жауап берді, бұл сұраққа экрандағы “клиенттің” бет әлпетінің
құбылысы жауап бермек.
Кандидат жауабы бейне фильмге түсіріліп отырады, ол мультимедиге
жабдықтарымен жабдықталған компьютерге жазылады.
Жұмыс орнында оқу және біліктілікті жоғарылату.
Peugeot және Allied Irish Bank (AIB) сияқты фирмалар мынадай қорытындыға
келді, тікелей жұмыс орнында қызметкерлерді оқыту мультимедиалық курстары
қызметкерлерді жұмыстан босатпастан қажет кезінде оқытуға немесе кеңес
беруге мүмкіндік береді. Peugeot фирмасында интерактивті бейнеклип жазылған
CD-ROM дискісінде жүйе қолданылады. Бұл дискі сауда-саттықпен айналасатын
компания қызметкерлерінің барлығында бар.
AIB фирмасы банктың әрбір қызметкерлеріне өздерінің жұмыс орындарында
отырып көмек алуға мүмкіндік беретін интерактивті мультимедиалық
программаны қолданады.
Интерактивті мультимедиалық дүңгіршектер.
1994 жылдың май айында Манчестердегі (Ұлыбритания) Cooperative Bank
жырақтан қызмет етуге арналған өздерінің алғашқы дүңгіршегін ашты. Осы
дүңгіршектің көмегімен клиент банктің жұмыс ережелерімен таңысып, crem
күйін тексеріп, қолма қол қаржыларын алып, сондай-ақ банкирлердің бірімен
өзінің қаржылық мәселелерін талқылай алады. Дүңгіршек пен банк арасында
тіке екі жақты байланыс бар, оның көмегімен клиент және банкир бір-бірін
көре алады, дүңгіршек компьютері мультимедиалық байланыс орнатып қана
қоймай банктің компьютерлік торабымен байланыс орната отырып банктық
операцияларды орындауды қамтамасыз етеді.
Лондондағы Thomas Cook туристік агенттігі демалыс орындарынан түсірген
бейнеклиптерді көрсетеді, ал клиент сұрағына жауап беру үшін сол сәтте
агенттіліктің өкілін шақыртып, онымен бейнебайланыс бойынша әңгімелесуге
мүмкіндік жасайды. Егер клиенттерге фирма ұсынған жерлерден бірі ұнаса,
кредиттік карточка бойынша керектік қаржыны төлеп, сол сәтте принтерден
басылып шыққан құжат пен квитанцияны қолға алады.
Мұндай дүңгіршектердің қызметін қолдану өте қарапайым. Біріншіден,
клиент ешқандай компьютерді және клавиатураны (кілтжиын) көрмейді дүңгіршек
экраны саусақтың тиген табына жауап береді. Экрандағы сәйкес жазуға қол
тигізсе болғаны, дүңгіршектегі жасырын компьютерде экран пайда болады,
экранда сәйкес мәлімет шығады немесе сәйкес режимге ауысады.
Мұндай экрандар қонақүйлердің, туристік агенттіліктер мен банктердің
ақпараттық жүйелерінде кеңінен қолданылады.
Банктер үшін Microtouch Systems фирмасының жанасқанға сезімтал
мониторлары ерекше қызығушылық тудырады, ол экран Privacy Touch оптикалық
қорғаушы қабатпен жасалған. Көрініс тек экранға тіке қарағанда ғана
көрінетін болады, қатардағы тұрған басқа адамдар тек бос қара экранды ғана
көреді.
Экранмен тікелей контакты жасағанда ғана жұмыс жасайтын экранды
мониторлармен қатар қалыңдығы екі дюймдік қорғаныш әйнегі бар маниторлар да
бар.
Үйге қызмет ету және интерактивті телевидение
Мультимедианы қолданудың тағы бір тиімді жағы қызмет түрін үйде
отырып та көруге болады. Ол үшін әрине, онда мультимедиалық компьютер және
телекомуникация жабдығы болу керек.
Үйде отырып банк қызметтерін пайдалану және сауда – саттық жасау
телеконференцияны қолдануға мысал болмақ. Тауарлардың түрлі – түсті
суреттерінің негізінде каталог бойынша сауда жасауға болады, сатып алушы
тауарды таңдап, тауардың сипаттамаларын өзгерте отырып (түсін, фонын)
экранда аударыстыра отырып қарап, ақшасын төлеп, оны үйге әкелгенін күте
алады.
Дегенмен, интерактивті телевидение де бүгінгі таңда шындыққа айналып
отыр. Мысалы, Bell Atlantic (Александрия, АҚШ, Вирдижиния штаты) фирмасы
600000 клиентке қызмет көрсетеді, “интерактивті мультимедиалық телевидение
жүйесі” атын алды, ол кабельдік телевидениенің кабельдерін таңдап,
фильмдерге тапсырыс беруге мүмкіндік жасап қана қоймай, клиенттердің бір –
біріне телевизиондық және мультимедиалық фильмдер жіберуіне мүмкіндік
береді. Қазіргі уақытта осындай сервисті қолдануға шешім қабылдаған 34500
жазылушы бар.
Мультимедиа және құжат айналымы.
Жоғарыда Cambribge Savings банкі жөнінде әңгіме болады. Бұл банкте
оқытумен қатар, компьютерлердің аудиожүйелерін тиімді қолдану өз орнын
тауып отыр: аннотацияны құжаттарға, электронды кестелерге, электронды почта
арқылы беруге арналған мәтіндерге, хабарларға қосуға болады. Мұндай
аннотацияны құру ыңғайлы да, жылдам, қолдан жазбай-ақ уақыт үнемдеуге
мүмкіндік береді. Көптеген аудиохабарлардың көлемі қысқа болғандықтан,
оларды локальды торап арқылы берген кезде қандай да бір болмасын қиындық
туғызбайды. Уақыт өте келе, аудиохабарлардың көлемі өседі, осыған
байланысты банк басшылығы тораптың өткізу мүмкіндігін ұлғайту мәселесін
алдыға қойып отыр.
Сондай-ақ, банктің алдыға қойып отырған мақсаты, ол – банктік телефон
желісін локальді компьютерлік желімен байланыстыру тапсырмасы. Электронды
почта хабарына дыбыстық хабарды қосып, көп жағдайларда телефон қызметіне
жүгінбеуге де болады. CD-ROM-ға не жазуға болады. Құжаттар жазылған (әдетте
полкадағы папкаларда сақталатын құжаттар, мысалы, банк құжаттары немесе
зейнетақы қорының құжаттары) архивтер.
Жоғарыда айтып кеткендей, құжаттарға ауызша түсініктемелер қосуға
болады, мұндай жағдайда архивті қирау кезінде құжаттарды іздеуге және
олармен танысуға уақытты аз жұмсауға болады.
CD-ROM-ға тауарлар және қызметтер каталогтарын жазып, оларды жүйелі
түрде жаңартып отырған ыңғайлы, каталогтарда түрлі - түсті суреттер болуы
мүмкін.
Мектеп және мектепке дейінгі білім берудегі мультимедиа.
Жастарды – мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды,
студенттерді оқытуда мультимедианың маңызы зор. Дүние жүзінде
мультимедиалық оқыту курстарының саны өте үлкен, олар күннен – күнге халық
қажеттілігіне айналып отыр. Бұл оқыту жүйесі ыңғайлы да арзан. Оқушы
компьютер экранында мынандай процестерді көре алады (мұны мектепте қаншама
уақыт кетіріп, күш жұмсап игереді емес пе): мектептерде оқулықтардан ғана
көретін картиналарды, қымбат тәжірибелер мен сараптауларды өткізуге алады,
жануар мен адам организмінің құрылысын үйрене алады, оқытушысыз шет тілін
оқып, көптеген салаларда өз қабілеттерін жетілдіре алады. Мультимедиалық
технологияның мүгедектерді оқытуда маңызы зор. Олар үйден шықпай - ақ оқуға
мүмкіндік алады. 1995 жылы Америка Үкімет елдегі мектептердің әр сыныбын,
әр аурухананы және кітапханаларды 2000 жылда ақпараттың супермагистральға
қосатын программаны жариялады, осы арқылы мультимедиалық ақпараттарды
жоғары жылдамдықта жіберуге қол жеткізуге болатын еді.

Мультимедиа медицинада.
Интернет арқылы өткізілетін телеконсультациялар, анатомиялық
атластар, диагностика қоюда көмек – симптомдар, оқыту және тағы басқалар.
Мультимедиалық қосымшаларды құру жабдықтары – графиктік редакторлар,
монтаждауға арналған редакторлар, бейне фильмдерді редакциялау
редакторлары, дыбыстық ақпараттарды құру және редакциялау жабдықтары.
Мультимедиа жүйесі бір қосымшада дыбысты, бейнені, графиктік көріністерді
және мәтіндік ақпаратты интегрциялауға мүмкіндік береді:
Егер мультимедиа технологиясын қолданатын Windows қосымшаларды
әзірлеудің бұрыннан бар жабдықтарын қарастырсақ, мұндай жабдықтарды үш
деңгейге бөлуге болады.
Бірінші деңгей, ең жоғарғысы, программалауды қолданбастан қосымшалап
құратын ақырғы қолданушыларға арналған. Дайын жүйелері бар, олардың
көмегімен программалық кодтық бір қатарын да жазбастан интерактивті
мультимедиа қосымшасын құруға болады. Бұл жүйелер ыңғайлы, жылдам нәтиже
алуға болады, жарнамалық роликтер немесе демонстрациялар дайындауға,
күрделі емес оқыту жүйесін немесе деректер қорын (дыбыстық немесе бейне
ақпараттарды қамтитын) құруға болады.
Екінші деңгей MCI (Media Control Interface – ортаны басқару
интерфейсі) жоғарғы деңгейлі интерфейсті қолданып программалауға
негізделген. Осы интерфейстің көмегімен Windows қосымшасы енгізушығару
құрылғыларының драйверлеріне жазу орнату, айналдыру және т.б. режимдерді
қамтитын дыбыстық және бейнеақпараттар командаларын бере алады. Егер сіздің
қосымшаңыз дыбыстық немесе бейнедеректердің жазу немесе ойлауды орындау
керек болса, онда бағдарламаушыдан мультимедиге құрылғыларының
драйверлерімен жұмысқа қажетті көптеген күрделі процедураларды жасыратын
осы деңгейді қолданған жөн.
Үшінші ең төменгі деңгей, қосымшаларға ойналатын немесе жазылатын дыбыстық
немесе бейнедеректерді қамтитын буферге қатынас құру мүмкіндігін, дыбыстық
немесе бейнеақпараттарды қамтитын файлдардың ішкі құрылымымен жұмыс істеу
мүмкіндігін беріп, сонымен қатар көптеген қосымша мүмкіндіктерді
пайдалануға жағдай жасайды. Бұл деңгейге, әдетте жоғарғы деңгейлердің бірі
де қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігін бермеген жағдайда қатынас
құрады. Төменге деңгей нақты уақытта дыбыстық және бейнеақпараттарды
өңдейтін инструментальды жабдықтарды және қосымшаларды құру үшін
қолданылады.

2. Мультимедиа технологиясының программалық жабдықтарын құрастыру

МРС стандарты (Multimedia Windows программалары пакетінің
жабдығы–мультимедиа–ақпараттарды құру мен ойлаудың операциялық ортасы).
Мультимедиа–ақпарат мәтін, графика сияқты дәстүрлі статистикалық
элементтермен қатар, бейне-, ауди және анимациялық тізбектер сияқты
динамикалық элементтерді де қамтиды.
Қозғалыссыз көріністер.
Бұған векторлық графика және растрлық картиналар кіреді, соңғысы ұстау
платасы, грабберлер, сканерлер көмегімен цифрлау арқылы алынған, сондай(ақ
компьютерде құрылған немесе дайын көріністерді қамтиды.
Адам көбіне, 95( пайызға жуық ақпаратты сырттан визуальды, көрініс
түрінде, яғни “графиктік” түрде қабылдайды. Мұндай ақпараттарды табиғатта
қабылдау көрнекі де, жеңіл, мәтіндік түрдегі ақпаратты қабылдау ауырырақ
(ол да графика болып саналады емес пе, дегенмен осыған қарамастан).
Қолданыстағы байланыс каналдарының өткізу мүмкіндігі жоғары емес,
сондықтан графиктік файлдарды өткізу едәуір уақытты талап етеді. Осыдан
деректерді сығу технологиясына едәуір көңіл бөлу талабы туындайды.
Оптимизация (сығу) ( графиктік ақпаратты тиімдірек тәсілмен көрсету,
басқа сөзбен айтқанда осы деректердің көлемін азайту. Графиктік деректердің
үш қасиетінің артықшылықтарын пайдалану талап етіледі: артықтық алдын ала
болжаушылық және міндетті еместік.
Графикалық ақпараттарды сығуды жүзеге асыратын түрлі көптеген тәсілдер
бар. Олардың кейбіреулерін алдағы уақытта қарастыратын боламыз. Міндетті
емес деректердің болуы, жоғалтуды (“JPEG жоғалтуды қамтитын сызу”) қамтып
кодалау тәсілін қолдануға негізделген. Мысалы, адам кездейсоқ өз көзімен
көрген суреттің дәлдігін, дәл сипаттап айтып беру немесе суреттеу арқылы
дәл ақпарат алу мүмкін емес, сондықтан жоғарғы түстік мүмкіндікті
көрсететін деректер болмауы да мүмкін.
Бұл әрине теория, ал практикаға келсек: Интернетте жариялауға арналған
графиканы алдын-ала оптимазациялап, көлемін сығу қажет. Өкінішке орай
торапта графиканы көтермейтін түйіндер бар, оған түсе қалған жағдайда
жылдам шығуға немесе браузерде графиканы көрсетуді өшіруге тырысады.
Осылайша түйіннің иесі қолайсыз жағдайға тап болады. Оны парақты
“безендіру” мақсатындағы іс(әрекеттері зая кетіп, потенциалды клиенттерін
жоғалтады. Тораптық, графика GIF (Graphics Interchange Format) және JPG
(Joint Photographics Experts Group) файлдарының екі форматымен көрсетіледі.
Бұл екі формат та компрессионды, яғни ондағы деректер сығылған түрде
болады. Екі форматтың да өзіндік параметрлері бар, ол параметрлердің
көмегімен файл өлшемін басқаруға графиктік файлдың көлемін кішірейтуге
болады.
Бейне және анимация. Дербес компьютерді қолдану саласының кеңеюіне
байланысты осы компьютердің базасында үй бейнестудиясын құру идеясы туындап
отыр. Дегенмен, цифрлық бейнесигналдармен жұмыс кезінде ақпараттың үлкен
көлемін өңдеп, сақтау қажеттілігі туындайды, мысалы, SIF мүмкіндікті (VHS
сәйкес) және true color (миллион түстер) түстік берілісті қамтитын цифрлық
бейнесигналдардың бір минуты пиксельді орынды алады, яғни
қазіргі кездегі ДК-де қолданылатын компактдиск (CD(ROM, (тай) немесе
қатты диск (бірнеше гигабайт) сияқты тасымалдағыштарды уақыт бойынша толық
бейнелерді жазу мүмкін емес. MPEG ( сығу көмегімен бейнеақпараттар көлемін
азайтуға болады.

Дыбыс.

Цифрлық жазу, редакциялау, дыбыстық деректердің толқындық формаларымен
жұмыс (WAVE), сондай(ақ цифрлық музыканы фондық айналу қазіргі кезде мүмкін
болатын жай. MIDI порты арқылы жұмыс қарастырылған. Конвертор аудио
деректерді WAVE, PCM, AIFF (Apple ауди файлдар форматы) форматтары арасында
түрлендіру жүргізе алады. Соңғы уақытта Mp3 форматы кеңінен танымал болып
отыр. Оның негізіне адамның құлақпен қабылдау ерекшелігі
(“псевдоаккустикалық” модульге берілетін) белгіленген (MPEG-1 Layer III).
Дыбыстық сигналдағы барлық ақпараттар пайдалы емес, қажет емес,
көптеген тыңдаушылар оны қабылдамайды да, міне MPEG әзірлеушілері осындай
қорытынды жасаған. Сондықтын, деректердің белгілі бір бөлігі артық болуы
мүмкін, бұл “артық” ақпараттарды субъективті қабылдауға зиянын тигізбестен
алып тастауға болады. “Тазалаудың” тиімді дәрежесі бірнеше рет өткізілген
сараптық таңдаулар арқылы таңдалады. Стандарт кодалау параметрлерін
берілген бір көлемде өзгертуге – жақсы сапамен сығудың аз көлемін алуға
мүмкіндік береді, немесе, керісінше, сығудың үлкен дәрежесін алу үшін,
көрініс сапасын әлсіретіп алады.
WAV – дыбыстық файл, MPEG-1 Layer III форматына түрленген, ағындық
жылдамдығы (bitrate) 128 Кбайтсек – винчестерде 10 – 12 есеге аз орын
алады. 100 – мегабайтты ZIP – дискеталарда бір жарым сағаттық дыбыстық
ойнау сыйса, компакт - дискіде – 10 сағатқа жуық дыбыстық ойнау орналасады.
256 Кбайтсек жылдамдықты кодалау кезінде компакт – дискіге 6 сағаттық
музыка жазуға болады. МӘТІН Microsoft басшылығында мәтіннің үлкен көлемін
енгізу және өңдеу жабдықтарына ерекше көңіл бөлінген. Мәтіндік құжаттарды
түрлі сақтау форматтарының арасында түрлендіру программалары мен әдістері
ұсынылған: құжаттар құрылымдары, мәтіндік процестердің басқарушы кодалары,
сілтемелер, гипербайланыстар (бастапқы мәтінге тән) және т.б. ескеріледі.
Сканерленген мәтінмен жұмыс мүмкіндігі қамтылып, символдарды оптикалық
танып – білу жабдықтарын қолдану қарастырылған.

3. Компьютерде цифрлық бейнелеуді ұйымдастыру.

Шолуымызды мәтіндік компоненттерден бастаймыз. Негізгі талап –
мультмедиа - өнімінің арлық мәтіндік фрагменттерін тұтас гипермәтіндік
құрылымға біріктіру. Гипермәтін дегеніміз не? Қысқаша түрде оны қиылыспалы
сілтемелермен байланыстырылған, мәтіндік ақпараттар массиві деп анықтама
беруге болады. Қажетті ақпаратты іздеудің қарапайым тәсілі индекстік іздеу
болып табылады. Барлық деректер белгілі бір принцип бойынша жинақталып,
сұрыпталып, реттелген болуы керек. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мультимедиалық окыту деген не Қандай түрлері бар
Мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалану
Бастауыш сынып математикасын оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану
Мультимедиалық технологиялар
Мультимедиалық технология
Мультимедия техналогиясы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Мультимедиялық қосымшалар құру технологиясы
VISUAL BASIC басты элементтерімен танысу
Ақпараттық технологиялардың пайдалану ерекшеліктері
Пәндер