Дулат Исабековтың өмір жолы



Кіріспе
Бітіруші жұмысының мақсаты
Қазақ романының даму тарихы
ІІ тарау.
ІІІ тарау.
Қорытынды
Дулат Исабеков 1942 жылғы 20 декабрда Шымкент облысы Сайрам ауданы «Ленин жолы» колхозында туған. Осы облыстың Арыс ауданында орта мектепті бітіріп, екі жыл монтер боп жұмыс істейді. 1961 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі де, оны 1966 жылы тамамдайды.
Оның алғашқы әңгімелері 1962 жылдан республикалық газет журналдарда жариялана бастаған. 1966 жылы, университетте оқып жүрген кезінде «Бекет» атты повесть пен әңгімелер жинағы жарық көрді. Содан бері бірнеше кітабы шықты. 1975 жылы «Қазақфильм» киностудиясы «Гауһар тас» повесті бойынша көркем суретті фильм түсірді.
Д. Исабеков Азия – Африка жас жазушыларының 1980 жылы Алматыда өткен V конференциясына қатысты. Оның қаламынан «Ректордың қабылдау күндері «Әпке», «Мұрагерлер» атты драмалар туып олар М Әуезов атындағы академиялық драма театрында және республиканың басқа да орыс, қазақ драма театрларында жүріп жатыр. Оның «Әпке», «Ертеңді күту» пьесалары республикалық конкурстарда бірінші және үшінші бәйгелерге ие болды.
Жазушының көптеген шығармалары орыс тіліне аударылған. Олар жеке кітап болып Алматы және Москва баспаларында жарық көрді. Ол «Мұрагерлер» атты драмасы үшін 1983 жылы Қазақстан жазушылар одағы сыйлығының лауреаты атанды.
Д. Исабеков Қазақ ССР мәдениет министрлігінің репертуарлық – редакциялық коллегиясының бас редакторы боп қызмет істеді.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Дулат Исабеков 1942 жылғы 20 декабрда Шымкент облысы Сайрам ауданы
Ленин жолы колхозында туған. Осы облыстың Арыс ауданында орта мектепті
бітіріп, екі жыл монтер боп жұмыс істейді. 1961 жылы С.М.Киров атындағы
Қазақ мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі де, оны
1966 жылы тамамдайды.
Оның алғашқы әңгімелері 1962 жылдан республикалық газет журналдарда
жариялана бастаған. 1966 жылы, университетте оқып жүрген кезінде Бекет
атты повесть пен әңгімелер жинағы жарық көрді. Содан бері бірнеше кітабы
шықты. 1975 жылы Қазақфильм киностудиясы Гауһар тас повесті бойынша
көркем суретті фильм түсірді.
Д. Исабеков Азия – Африка жас жазушыларының 1980 жылы Алматыда өткен
V конференциясына қатысты. Оның қаламынан Ректордың қабылдау күндері
Әпке, Мұрагерлер атты драмалар туып олар М Әуезов атындағы академиялық
драма театрында және республиканың басқа да орыс, қазақ драма
театрларында жүріп жатыр. Оның Әпке, Ертеңді күту пьесалары
республикалық конкурстарда бірінші және үшінші бәйгелерге ие болды.
Жазушының көптеген шығармалары орыс тіліне аударылған. Олар жеке кітап
болып Алматы және Москва баспаларында жарық көрді. Ол Мұрагерлер атты
драмасы үшін 1983 жылы Қазақстан жазушылар одағы сыйлығының лауреаты
атанды.
Д. Исабеков Қазақ ССР мәдениет министрлігінің репертуарлық –
редакциялық коллегиясының бас редакторы боп қызмет істеді.
Д. Исабеков жазушы драматург ретінде өзіндік жаңа шығармасымен
оқырмандар мен көрермендерді сүйсінтіп, шеберлігі шыңдалған қайраткер
жазушы.
Алайда Дулаттың талантты қасиеттерге тән жазу мәнері, көркем
әдебиеттің ең басты мәні бірден бір объектісі Адам екендігін әуел бастан-ақ
ұғынған жазушының өмірді зерттеу нәтижесінде туған повестері мен
әңгімелері өте көп.
Кейінгі жылдары қоғам мен адам алдында тұтқиылдан мың сауал қойылған
бүгінгі күн күллі жұрттың соның ішінде шығармашылықты кәсіп еткен қол
иелерінің өткен жолына өзінің азаматтық суреткерлік бағыт бағдарына мыңдап
терең ой жіберуін қажет етеді.
Нақ сондықтан да өзіңмен қатар өзгенің де әсіресе мүмкіндік қарымы мол
жазушылардың шығармашылық қоржынына үңіле зер салып, жақсы мен жасықты
айыра танып, мүмкіндікке қарай, басқалардың да тануына септескен жөн
секілді.
Осы орайда менің ойымды әдебиеттегі өмірбаяны тоқырау деген таңба
басылған кезеңмен тұспа-тұс келген бір талқын жазушылар аудара береді.
Өйткені бұл кезеңнің зар-зардабы еңсені басқан салмағы санасында
сәулесі бар адамдар, үшін оның алдындағы кезеңдерден тіпті де келе
түспегендей.
Өмір сүрген қоғамында болып жатқан оқиғалардың баршасы жазушы жүрегі
арқылы өтеді десек ендеше көркем сөздегі алғашқы қадамын осы кезеңмен
бірге басқан толысуы да осы уақытқа сәйкес келген қаламгердің қандай
қиямет ой кешуімен өткенін түсінген абзал.
Осы кезеңнің біздің әдебиеттегі ерекше көзге түсер бір төлі – Д.
Исабеков. Ол қазір ауырмай, жалтақтамай, өнімді еңбек етіп келе жатқан
жазушы. Сырттай байыптаған кісіге қоғамдағы сілкіністер, бүгінгі,
идеологиялық құбылынмадағы күрт өзгерістер оған көп әсер ете қоймағандай.
Жазушының ширек ғасыр шамасындағы шығармашылық жолына шолу жасап, ой түюге
итермелеген сәт те міне осында.
Бүгін де кемел қаламгерлер болып әбден қалыптасқан Д. Исабековте шартты
түрде балаңдық, шәкірттік белгілі бір кезең болды деп есептейтін болсақ,
оны жазылу мерзімі жағынан алғанда алғашқылар санатына қосылатын үш шығарма
Бекет, Мазасыз түндер, Пері мен періште повестеріне байланысты айтуға
болар еді. Осының үшеуінде де тартыстың үш тағамға негізделгені біздің
әдебиетте тым кең тараған тіпті таптаурынға айналып кеткен әдісі таңдап
алынған.
Нақ сол себепті де кейде қисынсыз, қолдан қиыстырылған жасамды жәйттер
кездесіп қалады. Мәселен, Бекетте Нүркен деген жігіт туған ағасы
Бекеттен қара үзіп кетіп, хабарласпай жүреді. Тіпті ағасының бар екенін
жұртқа айтпайды. Сөйтсек, ағасы Нүркеннің іштей ұнатып жүрген қызына
үйленген екен. Махаббат сезімі мен туысқандық сезімі секілді үйлесуі қиын
шетін құбылыстардың шартысуы үшін әрине бұдан гөрі тереңірек дәйек керекті.

Алайда Дулат таланты жазушы, қарым-қабілеті, адам жанының терең
иірімдерінің қапыссыз тани білетін зерделілігі сонан соң сол кезден бастап-
ақ ол таңдап алған көркемдік бағдар – қарапайым адамдар көкірегіндегі құпия
қазыналарды ашуға ұмтылған суреткерлік нысаны осы повестерден-ақ айқын
танылған болатын. Бекеттегі Бекет, Мазасыз күндердегі Мария, Пері мен
періштедегі Құлахмет бейнелері сол нысанаға ілінген алғашқы қонақты
олжалар.
Сондай ақ оқушыны бірден үйіріп, тартып әкететін жазу машығы, баяндау
мәнеріндегі табиғилық, кейіпкерлердің сүйіспеншілікпен мінездеуі адамдың
жүрек дірілін, жан тынысын тап басып ұғынып, оқушыға да сол қалпында
мөлдіретіп жеткізе білу.
Адам мінезінің іргетасын қалай алмай тұрып, аспаннан түскендей етіп
сахнаға бірден алып шыға бермейтіні – бәрі осы повестерден бастау алған
шеберлік жемісі.
Дулаттың қаламынан осы бүгінге дейін оннан астам повесть, бір роман,
көптеген әңгімелер, драмалық шығармалар туған екен.
Олардың бірін әрі, бірін бері деу лайықсыз, бірақ оның көркемдік
табыстарының басымдау жағы повестері мен әңгімелерінде жатқанын бөліп
айтсақ, одан жазушының басқа жанрдағы шығармаларына көлеңке түсе қоймақ.
Аталған повестердің ішіндегі оқшау бір туынды – Біз соғысты көрген
жоқпыз шығармасы. Мұнда өзге повестердегідей орталық яки басты кейіпкерлер
жоқ десе де болғандай. Орталық кейіпкер – бүкіл бір ауыл, сонан соң уақыт,
соғыс.
Повесте үлкен-кішісі, әйел-еркегі бар бір қауым адамның соғыс кезіндегі
тіршілігі сөз болады. Бұл дүниенің ең басты құндылығы, біздіңше, уақыт
психологиясының шыншылдықпен, барынша дәлдік пен ашылуы, соғыс
ауыртпалығының көзге көрінбес, жанды ғана жаныштар зар-зардабының
салмағының көркем бейнеленуі.
Д. Исабеков повестерінен байқалатын зор ерекшелік – ол адам – табиғат –
қоғам аталатын көркем өнердегі ажыратылмас ұғымдардың көп мән бермейтіндей
көрінетіні.
Жазушы Д.Исабеков қаламынан осы күнге дейін жалғыз ғана роман туды. Ол
Қарғын романы. Осы шығарманың жанры жөнінде кезінде таласты ойлар айтыла
бастағаны белгілі. Ол роман емес, повесть деген пікірлер болды. Бұл арада
ондай дауға илігудің жөні жоқ. Көңіл аударатын жайы сол кереғар
кейіпкерлердің шығу фактысы. Оған себеп шығарманың шағымдау көлемі, яки
кейіпкер санының аздығы болмаса керек. Романның басты тұлғалары Жасын,
Бағила сияқты басты кейіпкерлердің шығармадағы баяндалу, суреттелу
тағдырының ерекшелігі болса керек.
Ал шығармадағы оқиға өрісінің Қарғынды әр оқушысының көкірегіне
құйылатын қарғын етіп тұрған үшеу – Жасын, Малика, Бағила төңірегінде ғана
шектелуі жазушының өзге повестеріндегі көркемдік әдіс – машықты, баяндау
мәнерін еске салады.
Иә, сөз жоқ, Дулат өзі игерген көркемдік қазыналарды негізінен шағын
жанрлардан тауыпты. Шығармашылық жолының басқа нүктесінен бастап бүгінге
дейін талассыз жазып келе жатқан әңгімелері де осыдан дәлел.
Сен соның ішінен жазушының соңғы жылдардағы тың ізденісіне айғақ
болатындай бір топ әңгімелерді ғана бөліп көрсеткім келеді. Олар
Оқырмаштан наурызға дейін, Есепшот, Туйетауық пен домино, Ескі
үйдегі жаңа қоныс, Ескерткіш, Бонапарттың үйленуі, Социализм зәулім.
Оқушыны оқтын-оқтын езу тартқызып отыратын әдемі юмор Дулаттың барлық
туындыларында бар-ды. Ал мына әңгімелерге бастан аяқ ашы кермек жуа өзен
болған. Бір қарағанда осыншалық сайқымазақтық неменеге қажет деп те
қамғанбайсың. Ал, ойлап қарасақ, бұл жазушының көркемдік концепциясындағы
белгілі бір кезеңді айғақтайтын дүниелер.
Қысқасы, Дулаттың осы бір топ әңгімелерін әдебиетіміздегі, оның
ішіндегі шағын жанрдағы ерекше құбылыс деп бағалауға болар еді.
Сонымен, әңгімеміздің бас жағына айтып өткен бір жәйтке қайтып
оралайық. Шығармашылық өмірбаяны тоқырау аталатын кезеңге деп келген,
бүгінде елу деген еңселі жастық биігінен шығып, оқушыларына өзіндік зор
есеп ретінде шығармаларыны жинақтап, томдап ұсына бастаған бір толқын
жазушылардың арасында әрине Дулат та бар, өзіндік сыр-сипаты қандай, ұтқаны
қайсы, ұтылғаны бар ма.
Ақын Фариза Оңғарсынованың бір ретте мені ақын еткен – тоқырау
дегенді бар. Төбемнен аятын құйып қой, сонан соң барып жазамын дейтін гәп
бола ма? Шын талант қандай қиын-қыстау заманда да өз жолын тапқан.
Қиналған бірақ шылбырынан ешкімге де ұстатпаған, уақыт желінің иғымен
жөңкіліп бармаған.
Творчестволық өмірбаянын тоқыраумен түйдей құрлас біздің Дулаттың да
басты ерекшелігі осында.
Оның басқа бір ерекшелігі де осы арнадан шығады. Өзінің шығармашылық
жолы тап келген уақыттың арзан ұранынан жалған, жалтылдақ басуларынан ат-
тонын ала қашқан ол адастырмас темірқазық – көркемдік, көркемөнердің ежелгі
ескірмес мұраттарына адалдық екенін әуел бастан-ақ айқын ұғынып, берік
ұстанды, содан айныған жоқ. Осының нәтижесінде жазушы қазақ оқырманының
кітапханасында иін тіресіп тұрған таңдаулы төл томдақтарымыздың сапына
іркілемей апарып қойып, қастерлеп сақтайтын қос кітабын ұсынып отыр.
Ал ұтылғаны... Ол да бар, әрине, жазушы қалай дегенде де өз уақытының
төлі. Сол уақыт құдіретінің қыспағынан ада-гүде азат бола алмақ емес.
Құрсау идеологиясының ұшқыр найзасы екі өкпеден қатар келетін кезеліп
тұрған шақта ұрыс салған адам алдырмай шыққанмен, батырып соққы да бере
алмауы кәдік. Осыным қалай болар, деп алаңдай беру бір сырыңды қалай да
іште қалдырады. Бәлкім, Дулаттың да басты сөзі әлі алда деп күтуге де әбден
қақымыз бар.

Бітіруші жұмысының мақсаты
Көптеген әріптестері сияқты Дулат Исабеков та әдебиеттегі алғашқы
қадамын әңгіме жазудан бастады.
Өмір-болмыстың бір үзік көрінісіндей мінез-құлқы әр-алуан кейіпкерлер
тіршілік кешкен, анау айтқан ерекшелігі жоқ ол әңгімелер жап-жақсы
оқылатын, қатардағы туындылар еді.
Дегенмен де, шартты жүйелеуге бой алдырсақ, ауыл өмірін суреттейді
деуге боларлықтай әңгімелердегі жылы юморға оранған жазушылық көңіл-көз,
ұшқыр түйсік-таныс байқалмай қалмады.
Содан бері ширек ғасырға жуық уақыт ішінде жазушы қаламынан көптеген
әңгімелер мен повесттер, он шақты драма, бір роман дүниеге келіпті.
Сонау бастау кезеңінде Исабеков шығармашылығының болашақ контур-
контрапунктерін айқын бағамдатқан алғашқы повестері, оның ішінде
Гауһартас пен Пері мен періште еді. Жазушының бұдан кейінгі повестері
мен драмаларында, Қарғын романында бұл контур шығармаларының камералық
сипаты, өмірдің тұрмыс – тіршіліктің жан-жақты картинасын жасап, эпикалық
тынысын беруге емес, адамның рухани дүниесіне үңіле отырып, рухани әлем
қатынас қақтығыстарына ден қою жүлделене түсті.
Гауһартас - әдеби сында жоғары бағаланған повесть Исабековтің
алғашқы туындылары дүниеге келе бастаған тұста Кеңестік Одақ аясындағы
әдебиетте, сондай-ақ, қазақ прозасында да лирикалық-психологиялық сипатына,
бағыттағы шығармалар иегі молайған болатын. Алайда Гауһартасты лирикалық-
психологиялық сипатына қарап немесе әдеби сын атап көрсеткендей кейіпкер
характерінің табиғаттылығы, оқиға дамуының, шиеленісуінің нанымдылығына,
қарапайым кейіпкерлерінің өмірге құштарлығына - демек, автордың
әдебиетінің әліпби қағидаларын ойдағыдай меңгеруіне байланысты бағалау,
сондай-ақ, Пері мен періштені адасқан кейіпкердің дұрыс жолға түсуін
суреттеуі, характер даралауда көш ілгері кетуімен бағалау тым қораштық
етер еді.
Оқиғалары бірінші жақтан баяндалатын Гауһартас пен Пері мен періште
повестері – жазылу формасы, ой дүниесімен бір-біріне үндес, жалғастас
туындылар. Гауһартастағы Қайыркең, Пері мен періштедегі Сапар – әйтеуір
әңгімеші баяндамасы емес, ойлы, өз деңгей дәрежелеріне сай зерделі
кейіпкерлері, сондықтан да олар өздері куәгер болған оқиғалардың, астарлы
себеп-салдарын түсінуге түп-тамырына үңілуге мейлінше құштар. Бозбала
Қайыркеңнің, бір есептен, Ш.Айтматовтың Жәмила повестіндегі бала Даниярды
еске түсіретіндей болары бар. Бірақ Гауһартас көркемдік шешімі бөлек,
кейіпкерлер жан дүниесінің сыртқы әлем, қоршаған әлеуметтік ортасымен
қоқтығысын басқа өлшемде қарастыратын туынды.
Меніңше, Дулаттың повестеріндегі Салтанат пен Сапураның, сондай-ақ,
белгілі бір дәрежеде Мазасыз күндер повесіндегі Марияның болмыстарындағы
ортақ қасиеттер де осы тартыс негізінде ашылады. Тек Салтанат Сапура мен
Марзияға қарағанда болмыс тұтастығын жоғалтқан кейіпкер.
Жалпы Дулат шығармашылығында жаратылысында туа бітті азат адам
баласының арман, үміт-тілегі мен кешкен ғұмырының арасындағы алшақтың
сәйкессіздіктердің объективті-субъективті себептеріне үңіледі. Адам
баласының бақытты да толыққанды рухани ғұмыр кешуіне деген саналы
сағыныштан бастау болатындай.
Әрине, әр адамның өз деңгейіне, көңіл өлшеміне сай арман-тілек,
мұраты бар. Мәселен, Пері мен періште повестінің кейіпкері - әдеби сында
әр алуан пікір, оның ішінде сына пікір басымдау айтылған, Сапура бейнесін
алалық. Сапура да Салтанат сияқты ғашық болып, тұрмысқа шыққан жоқ-ты.
Оны Құлахмет әкесінің және туыстарының көмегімен алып қашқан. Қүлахмет
бейненің тым сентименталдығын айтпағанда ыбыштай емес, керісінше, жаны
сезімтал, үлкен жүректі адам?
Ал Сапура адамгершілігі шкаласында Салтанаттан едәуір төменде тұрған
кейіпкер. Сапураны Салтанатпен салыстыру, төмендету ниетіміз жоқ, дегенмен
әрбір адамның әу бастағы рухани потенциалының әрқалайлығын еске алмасқа
болмайды.
Психологиямыз, драмамыз деп анықтама беруге болатын пері мен періште
повесті Сапура тағдыры арқылы аламның рухани тірелу, шарқ ұрған ізденістері
процесін бағамдатады.
Жазушының Салтанат, Сапура атты кейіпкерлерінен туындайтын ой
тұжырымдарды Қарғын романындағы Бағила, әсіресе, Малика бейнелеріне орай
басқа бір қырынан қарастыруға болар еді.
Басталуы, оқиғаның дамуында ептеп детективтік сипат сезілетін Мазасыз
күндер повестіндегі (әрине, детективте бүткіл оқиға кісі өлімі айналасында
шоғырланатынын еске алмағанда) Мария тағдыры да күнделікті өмірде
адамдардың ой-сезім, арман-үміті мен қимыл-әрекеттерінің қайшылықтарына
қарап, ақ не қара деген ұғымдардың шек-шекарасын ажырата білудің
күрделілігін алға тартады.
Мұның өзі адам баласының тіпті мына күрделі өмірдің өз бастау
негізіндегі бейкемелдікті терең сезінуден сондықтан да адамға жаны
ашығандығына түптен келгенде үлкен гуманизмнен туындайды.
Алайда адамның кеңірек аядал алғанда өмірдің бейкемел кетіктігімен
осы кетіктікті желеу етер имансыздықтың ар жігін ажыратуда жазушы поэзиясы
айқын (Дермендегі Омақ, тіршіліктегі Дәулетбай, Сүйекшідегі
Үкітайларды еске аламыз).
Жалпы Исабеков шығармаларының қай-қайсысында да қағанағы қарқ,
сағанағы сарқ кейіпкерлерді тым аз кездестіреміз. Оның Сүйекші,
Тіршілік повестерінде өмірлері қара күшке әлеуметтік жағдайға тәуелдікпен
өткен адамдардың тағдырлары суреттеледі.
Жазушының Тіршілік атты кітабына еңген шығармаларының негізгі пафосы
– трагизм деп өте орынды атап көрсетті кезінде сыншы ғалым Р. Нұрғалиев.
Адамдар тағдырындағы трагизм – арман-мұрат пен кешкен ғұмыр арасындағы,
адамның өз еркінен тыс шығып жатар сәйкессіздік, адам баласының жатыр
түнек пен көр түнек арасында (Сүлейменов) шырқырап жүріп бастан өткіретін
азабы - әдебиеттің ұлы сюжеті дегенге қол қояр болсақ, бұл сюжетті
шығармашылығының көк-өзек идеясына айналдыру жазушының жазушысының ғана
қолына келер шаруасы.
Адам баласының өмірге келуінің өзінің негізінде кездейсоқтық барлығын
ескерсек, бұдан типтік шындық көрініс бермей ме?
Сонда жазушы трагизмнің іргетасы неде? Оны кейіпкерлерінің көпі неге
үнемі азап шегіп жүреді, жеңіліс тауып жатады? Әділеттілік, адалдық үшін
неге олшық күреске шықпайды? Мәселен, Сүйекшідегі Тұңғыштың,
Тіршіліктегі Молдарәсілдің бақытсыздығын, әдеттегі ұғымға салсақ,
революцияға дейінгі тар да қапас өмірімен ғана түсіндіруге бола ма немесе
ғалым сыншы Ш.Елеукенов талдауына сәйкес жазушының азап пен жан қиналысын
дәріптеу, жақсылық аталуының арсеналынан күрес әуендерін мүлдем алыстату...
кейіпкерлерді тіпті өз басында қорғай білмейтін дәрменсіз кейіпті бейнелеу
– тағдыр толқысына төзе білуге, қорлық атаулының бәріге көнуге үндейтін
көне шығыс поэмаларынан бергі сарынға таптаурын жерге толай кереңкез
шығармалар азық болған жолдардың ішінде ең қазығына іш тартқандығынан
ба? Өмір кешкен уақытына, қоғамдық әлеуметтік жағдайына көп нәрсе
байланысты десек те, адам баласы үшін, қай кезеңде, қай қоғамда өмір
кешкен, мейлі, қара күш зорлығы да, әлеуметтік және рухани зорлық та –
трагедия.

Қазақ романының даму тарихы
Жазушының бұл концепциясы Тіршілік повесінде жоталана түседі. Осы
ретте Исабеков шығармашылығынан сарын іздесек, ғалым-сыншы айтқандай, шығыс
поэмаларынан да тіпті Толстойдың көпке мәлім направление злу принципінен
де емес, кезінде бізде алғаш аттың басына ілінген, батыс философиясының,
сондай-ақ, әдебиетінің да қуатты ағымы экзистенциализмнен – адам баласының
қатал өмір алдындағы, әлемдік абсурд алдындағы трагикалық дәрменсіздігі
– үндестіктерді зерделер едік.
Негізінен жазушы шығармашылығындағы сапалы көркемдік құбылыс деп
бағаланған бұл повестерге мезгіл мен мекен, уақыт пен кеңістік
өлшемдерінің дерексіздігіне байланысты едәуір сындар айтылады. Мұның
өзі де шығармалардың көркемдік құрылым әлемін тереңірек томдаудан гөрі
әдебиеттің хрестоматиялық – реалистік ұстанымдардың, яғни өмірдің қарасы
бейнесін іздеп үйренген танымның әсерінен болса керек. Д.Исабеков
шығармашылығы 70-жылдардағы әдебиеттің көркемдік-эстетикалық ізденістер
аясынан қарастыруды қажетсінеді. Таза реалистік деуге келмейтін
Гауһартас, Пері мен періште монолог мол болса, Дерменеде, әсіресе,
Сүйекші мен Тіршілікте ой ағымы, әдісі салтанат құрады, демек, қуатты
ой салтанат құрады.
Осы ретте Дулати шығармашыларының ой саз әуені екі регистрде –
трагедиясы өмір және сол өмірдің өзінде адам бола білу, яғни өз өміріне
өзі мағына бере білу бақыты – естілетінін айту орынды. Тағы бір ой
ұшығын шығарсақ, жазушы Исабеков кішкентай адамдардың, қор
болғандардың жағын жақтаушы екенідігі туралы белгілі бір деңгейде
қалыптасқан ұғым бар.
Бұл адамның үлкен-кішілігін қоғамдық – әлеуметтік иерархиядан алар
орнына қарап бағалаудың өмірден әдебиетке де көшуінің белгісіндей.
Ал, шын мәнінде кеңірек алдан қарастырғанда, Дулат үшін кейіпкері,
яғни қандай да адам, әлеуметтік иерархиясына қарамастан нақты
болмыстығы жеке тұлға.
70-жылдары қазақ әдебиетінің қабырғасын қоқырата сөгін дүбірлі
бір дүрмек екпінмен бір топ қаламгерлер әдебиет әлеміне қабаттаса,
қанаттаса, қаулу қолдай келді.
Тынымбай, Бексұлтан, Төлен, Ақселеу, Кәдірбек, Дүкенбай, Мұхтар,
Аян, Оралхан, Исраил, Кәрібай сынды арғымақтай атырылған алғыр,
айдарынан жел есе келген сол мықтылар мен мығымдар қатарында кесек-
кесек дүниесімен, кестелі өрнегінен, философиялық терең танымымен,
лирикалық нәзік иірімдігімен иіріп, үйіріп әкететін, тұлғасы бөлек,
құлжасы ерек бір жазушы бар еді.
Ол – Дулат Исабеков. Жарқ етіп жанып, жалт етіп сонып қалатын
алдамшы сәуледей емес, Дүкең әдебиет дүниесіне дауыл үрлеген
жалындай жойқын екпінмен есік ашып, сол қуат қарымынан танбай талай,
талай, тың, шың туындылардың тұсауын кесті. Сол сала-сала
шығармаларын салмақтап, таразылар болсақ, толғар болсақ, Дулаттың
қаламгерлік өнердегі думанын тамашалап, тәнті боларымыз сөзсіз.
Сөз құдіретінің құпиясы мен құт ұясын қанында, қаламында ойнатқан
ойы – салқар, шабыты – шалқар, Дүкең - өзіміздің Дулат Исабеков.
Д.Исабековтың осы повестерінен кейін Қарғын романын жазуы –
өзіне көбірек айтылған тілек – замандас, құрбы – құрдастарының өмірін
суреттеу үдісінен шығуға ұмтылуы ғана емес, жалпы творчествосындағы
көкөзек пәлсапасының сапалы белеске шығуы деу керек. Кезінде оқырман
қауымы, әсіресе, жастар бас алмай оқыған, әділіне жүгінсек, Дулаттың
қай жаңа шығармасы да оқырманды, бей-жай қалдырған емес, әдеби сын
салқындау қабылданған бұл шығармада жазушы тағы да рухани
қақтығыстарды уақыт – тұлға – әлеуметтік орта – қоғам ара байланысты,
гармония дисгармониясы туралы проблемасы басқа материалда мейлінше,
тереңірек қарастырады.
Романның кіндік кейіпкері Жасын әдеби сын әдетте, көркем шығармадан
іздейтін әлеуметтік белсенді, күрескер қаһармандар санатынан емес.
Бірақ ол бүткіл болмысмен айналасына әсер етері, рухани ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күрделі қимыл атауларының қазақ тілінде қолданылуы
Тақырып идеяға тартылған жол
Д. Исабеков шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Психологизм - көркем шығарманың жұлын жүйесі
Дулат Исабеков
Драмадағы тарихи тұлғалар бейнесі. Эссе
Өнер - өмір дейтін жұмбақ әлемнің жарқ етіп көрінген көркем көшірмесі
Д. Исабеков прозасындағы замандас бейнесі
Дулат Исабеков деген кім
Негізінен сөзжасам саласында біріккен сөздер - туынды сөздер
Пәндер