Тәуелсіз Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі мәдени-ағартушылық процесстер


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Тәуелсіз Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі мәдени-ағартушылық процесстер

Республикамыздағы мәдени құрылыс

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі қоғам өмірінің өзекті салаларының бірі ретінде мәдениет құрылысы саласына айрықша назар аударыла бастады. Өйткені, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, бұрын қағажу көрген тілімізді, өнерімізді, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерімізді, жалпы мәдениетіміздің даму деңгейін көтеріп, қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік туды. Осы орайда айтылған Президентіміздің "Ия, қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, оның баға жетпес рухани мұралары сақталып дами түсуі керек" - деген сөзі өте орынды айтылған деп санаймыз. Халықты халық, ұлтты ұлт ретінде танытатын басты нысандарымыздың бірі - оның мәдениеті дейтін болсақ, ұлттық мәдениетімізді тану, таныту, дамыту, өркеидету төңірегінде алдымызда атқарылар қыруар жұмыстар тұрған болатын.

Мемлекетіміздегі мәдениет құрылысының үлкен бір бөлігі - білім саласы. 1990 жылдан басталған бүкіл одақ көлеміндегі терең экономикалық және саяси дағдарыс білім беру саласына өте ауыр соққы болып тиді. Дегенмен де, еліміздегі бала-бақшаларда, орта мектепте және жоғары оқу орындарында тәлім-тәрбие, білім беру мәселелеріндегі қордаланған проблемалар 90-жылдардан бастап қана пайда болған жоқ еді. Ол проблемалардың түпкі тамыры кеңестік дәуірдегі ұқыпты ойластырылған орыс тілінен басқа халықтардың тілін қоғам өмірінен барынша шектеу, аластату, ығыстыру саясаты кезеңіне жатады. Кеңестік дәуірде орыс тілін дамыту үшін оны оқытуды орта мектепте, жоғары оқу орындарында дұрыс жолға қойып, айрықша көңіл бөлінді. Керісінше орта мектептерде, жоғары оқу орындарында басқа халықтардың тілінде оқыту, жаңа мектептер ашу жылдан-жылға кеми түсті. Орта мектептерде, жоғары оқу орындарында білім беруде тығырыққа тірелген ұлттық тілдердің бірі - қазақ тілі еді.

Мәліметтерге жүгінсек, 1950 жылдан бастап тың өлкесінде 700-ге жуық қазақ мектебі жабылса, "1950-1970 жылдар аралығында бүкіл Қазақстан бойынша 1314 қазақ мектебі жабылған".

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін соңғы 70 жыл ішінде айырылып қалған рухани мұраларымыз бен тілімізді дамыту бірінші кезекте тұрды. Осы мақсатта соңғы 10 жылдың аясында қазақ 5алабақшалары мен қазақ мектентерін ашу жолында көптеген жұмыстар жүргізілді. Мәселен, алдымызда қазақ мектептерін ашу, балабақшадан бастап жоғары оқу орындарының жай-күйі, жетістіктері мен кемшіліктері, ондағы қазақ тілін оқытудың барысы жөнінде қыруар жұмыстар тұрған еді. Білім жөніндегі қордаланған мәселелерден Білім, ғылым және денсаулық министрлігі, "Қазақ тілі" қоғамы, "Азат" қозғалысы сияқты қоғамдық қозғалыстары жалпы ұлт жанашырлары шет қалмай барынша атсалысып, едәуір көмегін тигізді. Көптеген журнал оқырмандарының қазақ тілі мемлекеттік статус алды, енді соның нақты жүзеге асырылуы қала, деген сұрағына Қазақ ССР Халыққа білім беру министрі Ш. Шаяхметов Тіл туралы заң қабылданғаннан кейін бір ғана оқу жылының шгіндегі қазақ мектептерінің өсу көрсеткіші туралы былай деп жауап береді: "1988-1989 оқу жылында республика көлемінде 1048 қазақ, 203 аралас балабақша; 2530 қазақ, 1159 аралас мектеп болса, 1989-1990 жылғы оқу жылында бұл көрсеткіштер 1185 пен 550-ге, мектеп бойынша 2613 пен 1409-ға көбейді. Тек Алматы қаласының өзінде 1989-1990 оқу жылында жаңадан төрт қазақ мектебі мен 52 балабақшаның жанынан қазақ тіліндегі топтар, сыныптар, бөлімшелер ашылған".

Сонымен бірге, Тіл заңы жәпе Қазақстан Республикасындағы 2000 жылға дейінгі кезеңде қазақ тілін және басқа ұлт тілдерін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаннан кейін кейбір аймақтарда оны іске асыру жөнінде көптеген істер атқарылуда. Ақтөбе облыстық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы, ғалым М. Арынов Ақтөбе облысындағы жаңадан ашылған қазақ мектептері жөнінде "1990-1991 жылғы оку жылында Ақтөбе облысы бойынша қазақ балаларының 40, 2 %-к орыс класында оқыған болса, одан бергі жылдары жағдай біршама түзеліп, облыс бойынша 25 қазақ мектебі дүниеге келді. Биылғы оқу жылында 10 қазақ мектебі шәкірттерге өз есігін айқара ашты. Сөйтіп, қазақ мектептерінің саны 265-ке жетті. Ал аралас мектептер саны бір кездегі 56-дан 128-ге көбейді" - деп жазып, Ақтөбе облысындағы қазақ мектептерінің жылдан-жылға көбейіп келе жатқандығын қуанышпен атап өтеді.

Қазақ балабақшалары мен орта мектептердің көбейіп келе жатқан облыстарының бірі - Қызылорда облысы. 1991-1992 оқу жылында облыстағы 287 мектептің 240-ы қазақтна, 17-і орысша білім берген. Қызылорда қаласы тұрғындарының 80 пайыздан астамы қазақтар болғанымен, 1989 жылы қаладағы 56 балабақшаның 3-і ғана қазақша, 3-і аралас, ал қалған 50-і орысша болған болса, 1992 жылы арада 3 жылдың ішінде қалада 16 балабақша қазақша тәрбие берген. Ал 30 мектептің 12-сі аралас, 6-ы орыс мектептері болып отыр.

Жалпы деректерге сүйене отырып, білім министрлігі және ұлт жанашырларының қажырлы еңбегінің арқасында қазақ балабақшаларының, орта мектептерінің саны жылдан-жалға баяу да болса өсіп, Тіл заңының орындалуы мақсатында біршама жұмыстар атқарылғанына көз жеткізуге болады. 1989 жылдан 1994 жылдар аралығында, мектепке дейінгі мекеме, жалпы орта білім мекемелерінің сандық көрсеткішіне кеңінен тоқталсақ, ондағы жағдай былайша көрініс береді. 1994 жылы мектепке дейінгі 2424 мекемеде және аралас балабақшадағы 4223 топта 283, 4 мың бала қазақ тілінде тәрбие алған.

1994 жылдан бастап қазақ тіліне деген көзқарас бірніама өзгере бастады. Көптеген аймақтарда мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетіліп, қаржыландырылмағаннан кейін қазақ тілі мен қазақ мектептерінің жоғын жоқтап бірден-бір жанашыры болып отырған "Қазақ тілі" қоғамдары жабылып қалды. Тіл туралы аңды оңды-солды бұрмалауға байланысты кейбір аймақтарда қазақ тіліне қарсы әрекеттер, тосқауылдар жасала бастады. Тіл комитетінің төрағасы С. Оразалинов "Халық Кеңесі" газетінде журналист Д. Рамазановпен болған "Тіл - елдіктің белгісі" деген сұхбатында бір ғана Қостанай облысының қазақ тілін дамыту бағдарламасында "1994-2000 жылдар аралығында Қостанай, Рудный сияқты қалаларда қазақ тілінде бірде-бір балабақша немесе мектеп шылмайды екен. 1994 жылға дейін Қостанай облысында 106 орыс мектебі қазақ тілін оқымаған" - деген деректерді келтіріп, қазақ тіліне қарсы жасалып отырған тосқауылдардың бетін ашады.

1994 жылдан бастап Республикамыздағы қазақ балабақшалары мен мектептерінің өсу қарқыны баяулағаны байқалады. Оның себептері мен кемшіліктері ер алуан болатын. Ең бастысы, Қазақстан Республикасы "Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы" Заңның 7-бабының 3 тармағыныц, сондай-ақ Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының 39 - тармағының 2, 3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік және білім беру күйесінің ғимараттарының басқа мақсатта пайдалану және өзге құрылымдарға беруге болмайтындығының өрескел бұзылғандығы болды. Мәселен, нарық заңын сылтауратып, көптеген басшылық орындарда отырған шенеуіктердің балабақшаларды, орта мектептерді жеке меншікке сатуы немесе жалға беруі білім беру саласындағы жағдайды ушықтыра түсті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитеті оз қаулысымен Шымкент қаласындағы дербес кешкі мектепті облыстық онкология диспансеріне, № 82 балабақшаны сарып кеселдері саматориіне, № 94 балабақшаны жеке адамға, № 60 балабақшаны дене шынықтыру институтына және тағы басқа ондаған балабақшаларды әр түрлі мекемелерге сатқан. Алматы облысы бойынша 63 балабақша ведомстволық биліктің серінен жабылып, 18 мыңға жуық бүлдіршін балабақшаның сыртында қалған. Мұндай жағдайларға кәсіптік білім беру мекемелері де ұшыраған. Өскемендегі № 11 кәсіптік-техникалық училищенің ғимараты дайындау базасының қоймасына айналдырылған болса, Лениногорскідегі № 7, Самарадағы № 27 кәсіптік-техникалық училищелердің жатақханалары тартып алынған.

Мектептердің қысқаруының тағы бір себебі 1994-1995 оқу жылынан бастап, мектептерді оңтайландыру, қысқарту деген науқан кеңінен жүріп, соның салдарынан республикадағы көптеген мектептер жабылып, мыңдаған оқушылар мектепсіз қалды. Бұл қысқартулардың астарында бюджетке кететін шығынды үнемдейміз деген ұшқары ойдың жатқанын аңғару қиын емес еді.

Ал сол қысқартудың салдарынан жүздеген мектептер жабылып, мыңдаған оқушылардың мектептен қол үзіп қалатыны, әрбір оқушының рухани жан-дүниесі, білімі қаржымен есептелінбейтіні есепке алынбады. Бюджетті үнемдейміз деген осындай ұсыныстардан, істерден кейін республикамыздағы шағын қазақ мектептерінің көптеп жабылуы мектеп оқушыларын ғана емес, олардың ата-аналарын да үлкен қиындылыққа тап қылды.

Осы орынсыз қысқартуларға өкініш білдіре отырып, Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет жәие денсаулық сақтау Министрі Қ. Көшербаев мынадай мәліметтер келтіреді: "Мәселен, қазіргі уақытқа дейін республика бойынша 344 мектеп-интернат пен шағын комплексті мектеп жабылған. Басқаша айтқанда алыс ауылдарда тұратын, сол себепті де мектеп-интернаттарда жатып оқудан өзге білім алу мүмкіндігі жоқ 6875 оқушының тағдыры қыл үстіне қойылып отыр. Соңғы бір-екі жыл ішінде 549 күндізгі мектеп, соның ішінде 97 кәсіптік-техникалық, 3125 мектепке дейінгі, 906 мектептен тыс, 184 жас жеткіншектердің спорт мекемелері қысқартылған.

1997 жылдың 1 қарашасына дейін мектептен қол үзіп қалған балалардың саны 26900 болды.

Білім саласы бойынша бұл проблемалық мәселелерді. БҰҰ-ның деректері де растай түседі. БҰҰ-ның деректері бойынша 1998 жылға дейін республикамызда білім алу мүмкіндігі 2, 5 есе кеміген. Ауыл мектептерінің көпшілігі қазақ мектептері екенін ескерсек, сол қиыншылыққа тап болып, оқуын одан әрі жалғастыра алмай отырғандардың көпшілігі де қазақ балалары болып шығады. Қысқарту мен оңтайландырудан мектеп мұғалімдері де сырт қалмады. Мектептердің жабылуына байланысты көптеген мұғалімдер жұмыссыз қалды. Мысалы, 1996-1997 жылдары педагог мамандардың саны 47738-ге дейін кеміген.

Осы білім беру саласындағы қордаланған мәселелердің ұшыққаны соншалық, ендігі кезекте мемлекеттік деңгейде маңыз беріліп, қарала бастады.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаев 1997 жылы Республика активінің жиналысы алдында сөйлеген сөзінде халыққа білім беру жөніндегі бүгінгі күні жіберіліп отырған кемшіліктерді сынай отырып, былай деп ашына айтты: "Бүгінгі ауылдагы жағдай мейлінше қиындап отыр. Біз үшін және біздің болашағымыз үшін мұнан масқара құбылысты мен білмеймін. Тінті сұрапыл соғыс жылдарында да мұндай жагдай больш көрген жоқ, барлығы балаларға берілетін. Баласы мектепке бармаса, кез келген ата-ана үшін бүл масқара болатын, олар барын беріп балаларын оқытатын, өйткені орталықтағы және жергілікті жерлердегі окімст, қақша сөккенімен жауапты болатын. Бүгін мен еліміздің болашағы туралы айтып отырмын, ол болашақ - балаларымыз".

Президентіміз мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі дамуы жөніндегі халыққа жолдауында 7 басым бағыттарының бірі ретінде білім мен тәрбие саласына үлкен мән бере отырып, үкіметтің облыс, аудан әкімдерінің, білім комитеттерінің алдына жіберіліп отырған кемшіліктерді дереу түзетуді, жалпыға міндетті оқумен қамтамасыз етуді, жағдайы өте төмен ауыл мектептеріне жәрдем беруді талап етті. Экономикамыз қиын жағдайда тұрғанына қарамастан, мемлекет тарапынан мектептерді компьютерлендіруге 22 миллион АҚШ доллары бөлінетіні және 1998 жылдаи бастап мектептердің компьютерлермен жабдықталатыны айтылды.

Президентіміздің талап етуі бойьшша, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі стратегияны іске асыру жолында 1998 жылдан бастап халыққа білім беру саласы бойынша бұрын жіберілген кемшіліктерді түзету жолында біршама істер атқарылды. Көптеген елді мекендердегі жабылып қалған мектептер қайта ашылған. Мектептен қол үзіп қалған оқушылардың саны анықталып, мектепке тартылған. Алыс елді мекендерден қатынау үшін көлік ұйымдастырылып, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілген. Мәселен, Семей қаласы бойынша 1997 жылы 365 бала оқуға бармай қалған болса, жүргізілген тиісті жұмыстардың нәтижесінде оның 344-і тездетіп мектепке қайтарылған. Ата-анасының жағдайы төмен 240 оқушы киім-кешекпен, 56 оқушы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, Жамбыл облысы бойынша 1997 жылдың аяғында жыл басында мектепке бармай қалған 400 баланың барлығы оқуға тартылған.

Қазақ тілінің шын мәнінде мемлекеттік тілге айналын, республикамыздағы барлық азаматтар білуі үшін орыс чектептершдегі оны оқытудың мәнісіне үлкен коціл болуіміз керск Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың жайы бойынша кетістіктер жоқ емес, ал негізінен күрделі жағдайда қалып отыр. Тіл заңы қабылданғанға дейін Қазақстанның жоғары оқу зрындарында, орыс және басқа ұлт өкілдері мсктентсрі үтін қазақ гілінщ мамандары даярланбаған. Соның салдарынан көптеген орыс мектептерінде қазақ тілі мүдде оқытылмады. Қазіріі уақытга да эрыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту нашар күйінде қалып отыр. Көптеген орыс мектептерінде қазақ тілін оқытуга жағдай жасалмаған. Оқушылар санын 10-12-ден топқа бөліп оқыту қарастырылмаған. Арнайы жабдықталған кабинеттер жоқ. Басты мәселе орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың нақты бағдарламасы болмауынан болып отыр. Мәселен, 1992-1993 оқу жылында орыс мектептерінде қазақ тілінде сабақ жүргізу жоспарының 20 нұсқасының бірін таңдау ұсынылған. Соның 16 нүсқасында ғана қазақ тілін оқытуға 3 сағаттан, 10-11 сыныптарға 4 сағат бөлінген. 4 нұсқасында қазақ тілін оқыту көрсетілмеген. Міне, сондықтан да, 1994 оқу жылына дейін Қостанай облысында 106, Шығыс Қазақстан облысында 41, Қарағанды облысында 27, Ақмола облысында 26 мектепте, сондай-ақ Көкшетау облысында 51, Семей облысында 13 мектепте қазақ тілі оқытылмаған.

Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың қиын жағдайда қалуының себебі, әлі де болса жекелеген республика азаматтарының мемлекеттік тілге деген селқостығы, жауансыздығы, сонымен бірге қасақана қарсылық көрсетуінде болып отыр.

1994 жылы қыркүйек айында өткен "Мемлекеттік тілді окытудың езекті мәселелері" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар-кеңесте қазақ тіліндегі мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды өтпейді деп кері қайтарып жібергені немесе қасақана өртеп, акт жасап, істен шығарып жіберген оқиғалар туралы айтылды. Қайта, керісінше көптеген орыс мектептері мен балабақшаларында қазақ тіліндегі көрнекті құрылдар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жетіспей отырғанда, мұндай әрекеттерді қасақана қарсылық демей, басқа не деуге болады. Сонымен бірге, қазақ тіліндегі сабақ беріп жүрген көптеген мамандардың арнайы мамандығы жоқ, кейбір аймақтарда қазақ тілінің мамандары жетіспейді, мұғалімдердің материалдық жағдайы нашар болғандықтан мектептерде мұғалімдер тұрақтамай оқу сапасыпа зиянын тигізіп отыр. Мәселен, 1994 жылы Қарағанды облысы бойынша бір жарым мың мұғалім мектепті тастап басқа жұмысқа ауысып кеткен. Ақмола облысында 400 жас маман мектепке келмеген.

XXI ғасыр - ғылым мен технология ғасыры болып отырған таңда, республикамыздың ғылымы сол дамудан артта қалмай ілгер басуы қажет. Дүние жүзіндегі көптеген елдер экономикадағы елеулі жетістікке осы ғылым мен білімнің арқасында жетіп отырғаны белгілі. Қазіргі таңда ел экономикасын көтерудің бірден-бір жолы ғылымды дамыту, оған айрықша көңіл бөлу болып отыр. Ғылымы дамыған елдің экономикасы да дамитыны сөзсіз. Ғылымның қоғамымыздағы рөліне жоғары баға берген Халықаралық инженерлік Академияның ахадемші Бақытжан Жұмағұловтың «Ғылым өз қызметіндегі өніміне сұраныс болған жағдайда ғана ойдағыдай дамып, барынша қайтарым бере алады. Қазіргі кезде қуатты, тиімді жұмыс істеп тұрған ғылымсыз, аса жаңа технологиясыз, ағарту мен білімсіз жарқын болашақта Қазақстанның болуы мүмкін еместігін қоғамның сезінуі айрықша маңызды. Әлемнің барлық жетекші елдері өркениетті өркендетудің жалпы үрдісі тұрғысынан ғылымды өз дамуының басты тірегі етеді -деуін өте орынды айтылған деп санаймыз.

Орыс тіліндегі мектептер оқулықтардың көпшілігін Ресейден алып келеді. Ол оқулықтарда қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті туралы айтылмаған, сондықтан олардың қазақ халқының мәдениеті жөнінде жарытып еш нәрсе біліп шықпасы анық. Бұл жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға да зиянын тигізіп отыр.

Қазіргі таңда Республикамыздағы мәдениет саласында отыз мыңға жуық адам еңбек етуде. Елімізде 45 театр, 25 филармония., 90 музей, жеті мың кітапхана жұмыс істейді. Еліміздің ата заңынан бастап, басқа да қабылданған заңдарымызда республикамызды мекендеуші әр алуан халықтардың тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жандандыруға барлық мүмкіндіктер берілген.

Мәдениет туралы занда Қазақстан "Рсспубликасы халықтарының мәдени өзіндік ерекшелікке құқығын қорғау деп аталатын 37-бабында былай делінген: "Қазақстан Республикасы салықтары өкілдерінің діни және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғауға, соның ішінде ұлттық мәдени қозғалыстарға қатысу бостандығына, мәдениет ұйымдарын құруға, балаларды, жасөспірімдерді өз халқының дәстүрлеріне тәрбиелеуге, шетелдердегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейту ісіне қатысу құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады. Ұлттық мәдениет ұйымдары Республикасының заңдарына сәйкес құрылып, жұмыс істейді».

Мемлекетіміз ұлтаралық татулықты, ынтымақтастықты барынша өрістетіп келеді. 1995 жылы Республикамызда тұрып жатқан барлық ұлттардың ынтымағын, бірлігін нығайту мақсатында олардың рухани, мәдени өмірінің қайта түлеуіне жағдай жасау, көмек көрсету мақсатымен Қазақстан халықтарының ассамблеясы құрылып, ол қазіргі уақытта көптеген жұмыстар атқаруда. Осы ассамблеяның қаржылай және басқа көмектерінің арқасында барлық ұлттардың "Ұлттық мәдепи орталықтары ашылып, жұмыс істеуде. Қазақстанда бес тілде теледидар және радио хабарлары таратылып, кітаптар шығарылады, он бір тілде газеттер мен журналдар шығарылады.

1991-1999 жылдар аралығында қоғамымыздағы бел алған қаржы тапшылығына байланысты және үкіметіміздің мәдениет ошақтарын жекешелендіру, қысқартуда жіберген кемшіліктеріне байланысты ауылдық кітапханалар, клубтар, мұражайлар есепсіз қысқартута ұшыраған. Қалалардағы жабылғші кітапхапалардың көпшілігі түнгі казинолар мен дүкендерге және тағы басқа орындарға айналдырылған. 1995-1997 жылдары Республика да 4511 мемлекеттік кітапхана қысқарған. Бір ғана Алматы қаласының езінде 1996-1997 жылдары 49 кітапхананың 25-і жабылып, оларды әкімдер мен қалалық мәдениет басқармасының басшылары өздеріне, туысқандарына жекешелендіріп алған.

Сол жекешелендірілген кітапханалардағы қымбат бағалы кітаптардың қайсысы қайда екенін, қандай мақсатқа жұмсалғанын, қаншалықты пайдаланылып жатқанын ешкім де айтып бере алмайды.

Бес миллионнан астам кітап қоры бар, күніне 2600 оқырманды қабылдап, республикамыздағы негізгі рухани байлығымызды сақтап отырған Қазақстан Ресиубликасының ұлттық кітапханасына 1996-1998 жылдар аралығында кітап сатып алуға ешқандай қаржы бөлінбеген. Кітапханаларға байланысты тағы бір алаңдатарлық мәселе, Республикамыздағы кітапханалардың жалпы кітап қорының 4, 5 пайызы ғана қазақ тіліндегі кітаптар екен. Кітап саудасындағы жағдай да алаңдаушылық тудырып отыр. Олай дейтініміз, бүкіл республикамыз бойынша кітап саудасымен айналысын отырған жүздеген дүкендер жабылып, арзаны бағаларға жеке меншікке сатыльш кетгі. Кітап саудасымен айналысатын мемлекеттік бірлестік "Қазақ кітаптың" 500 дүкенінен республикада 43-і ғана қалған. Мәдениеттің ордасы больш отырған Алматының өзіндегі "Алматыкітап" бірлестігінің 37 кітап дүкенінен тек 5-і қалған.

Сондай-ақ, театр саласына да нақты көзқарас, жанашырлық, қамқорлық, қаржыдан тарықтырмау мәселелері дер кезінде шешімін таппады. Мәселен, мемлекет тарапынан актерлердің жалақысы ғана төленіп, театрларға ксректі өзге шығындар декорация, театр ғимаратын күту, электр энергиясы және басқа толып жатқан қосымша шығындарды театр үжьшдарыпың өздері табу міндеттелді. Дамыған Англия, Франция, Германия сияқты шет мемлекеттердегі театрлардың өзі мемлекет тарапынан қаржыландырылып отырғанда, біздің үкіметіміздің өнер ордаларын нарық заңымен өмір сүр деуі, мөдениетгін қоғамдағы қаншалықты орын алатынын түсінбегендігін көрсетеді. Мінс, осындай бәрін нарық заңымен шешкісі келетін республикалық, облыстық әкімшілік басшылары, мәдениет саласының жауапты қызметкерлерінің солақай шешімдерімен кейін республикамыздағы көптеген театр ордалары жабьшуға дейін барып, өз деңгейін төмендетіп алды, Мәдениет комитеті театр-кино басқармасының бастығы Е. Жуасбековтың айтуы бойынша: 1998 жыддыц қорытындысы бойынша облыстық отыз бес театрдың тоғызы ғана жоспарланған қаржыны алған. Су, электр жарығын былай қойғанда, тозығы жеткен өнер ордаларын күрделі жөндеуге де қаржы бөлінбеген.

Республикамыздағы кино өнерінің соңғы сегіз-тоғыз жыл көлемінде әлемдік деңгейдегі қол жеткізген жетістіктерімен қатар шешім таппай қордаланып қалған проблемалары аз емес. Мәселен, қиындықпен қаржы шашып түсірілген фильмдерді республикалық прокат қаржысы жоқтығынан сатып алмайды. Мемлекет тарапынан кино өндірісіне жеткілікті көлемде қаржы және тапсырыстың болмауынан "Қазақфильм" киностудиясы көп қиыншылықтарды көріп келеді. Жылына ондаған фильмдерді түсіруге мүмкіндігі бар, талантты режиссерлары, редакторлары, сценарийшілері бар Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы арнайы тапсырыстың және қаржының жоқтығынан жылына бір, екі фильмдерді ғана түсіруде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам құқығының тарихы
1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары
Көлбай Тоғысовтың қызметі
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ИДЕЯСЫНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Педагогикалық ғылымның институциализациясы
Қонақ үйдің материалдық техникалық базасының жаңартылуы
М. ДУЛАТОВ МҰРАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯСЫ
Мәдени саясат
Адам құқығы туралы
Қазақ халқының тарихы мен өмірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz