Қазақстандағы көппартиялық жүйе



1990 жылы КСРО- ның «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңы қабылданды.Ортақ мүдде жолында халықтың бірігуі мүмкіндігінің жоғарғыдай заңдастырылуы қоғамда саяси ұйымдардың құрылуына жол ашты. Сол кезде олардың басым көпшілігі, уақыт көрсеткендей, биліктің қажетіне жарайтын саясатты жүргізуге лайықталған қолдан жасалған «қуыршақ» партиялар болды. Жоғарыдан биліктің сценарийімен құрылған олар елімізде демократияның белгісі – көппартиялық жүйе қалыптасып келе жатыр деген туғызу үшін қажет болды.
Жалпы, саяси партия- пікірлестердің ұйымдасқан тобы, ол халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, оған мемлекеттік билікке келуге немесе оны жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндік жасайды, соған жетуді мақсат етіп құрылатындағы әлемдік тәжірибеде әлдеқашан дәлелдеген.
Еліміздегі саяси партиялар әлемдік тәжірибеде қолданылатын негізгі үш көзқарасты басшылыққа аламыз. Олар:
А) партияның ең алдымен белгілі бір идеологиялық доктринаны ұсынатын адамдардың топтары деп түсіндіретін либералдық дәстүр (Б.Констан);
Ә) саяси партияны белгілі бір таптың мүдделерін көздеуші деп білепін маркстік көзқарас. Марксизм классиктердің тұжырымдамасы бойынша, партия пролетариаттың авангардың ретінде қарастырылады;
Б) партияны мемлекет жүйесінде жұмыс істейтін ұйым ретінде институционалды түсіну (М. Дюверже).

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы көппартиялық жүйе

1990 жылы КСРО- ның Қоғамдық бірлестіктер туралы заңы қабылданды.Ортақ
мүдде жолында халықтың бірігуі мүмкіндігінің жоғарғыдай заңдастырылуы
қоғамда саяси ұйымдардың құрылуына жол ашты. Сол кезде олардың басым
көпшілігі, уақыт көрсеткендей, биліктің қажетіне жарайтын саясатты
жүргізуге лайықталған қолдан жасалған қуыршақ партиялар болды. Жоғарыдан
биліктің сценарийімен құрылған олар елімізде демократияның белгісі –
көппартиялық жүйе қалыптасып келе жатыр деген туғызу үшін қажет болды.
Жалпы, саяси партия- пікірлестердің ұйымдасқан тобы, ол халықтың белгілі
бір тобының мүддесін білдіріп, оған мемлекеттік билікке келуге немесе оны
жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндік жасайды, соған жетуді мақсат етіп
құрылатындағы әлемдік тәжірибеде әлдеқашан дәлелдеген.
Еліміздегі саяси партиялар әлемдік тәжірибеде қолданылатын негізгі үш
көзқарасты басшылыққа аламыз. Олар:
А) партияның ең алдымен белгілі бір идеологиялық доктринаны ұсынатын
адамдардың топтары деп түсіндіретін либералдық дәстүр (Б.Констан);
Ә) саяси партияны белгілі бір таптың мүдделерін көздеуші деп білепін
маркстік көзқарас. Марксизм классиктердің тұжырымдамасы бойынша, партия
пролетариаттың авангардың ретінде қарастырылады;
Б) партияны мемлекет жүйесінде жұмыс істейтін ұйым ретінде институционалды
түсіну (М. Дюверже).
Осы тұжырымдарды қорыта келгенде, саяси партия мемлекеттік деңгейде
билікті жеңіп алуға не соған қатысуға бағытталған идеологиялық негізінде
құрылған ерікті одақ болып табылады, оның үстіне, бұл одақ үшін биліктің
өзі де үлкен әлеуметтік топтардың біреуінің мүдделеріне сай жұмыс істейтін
саяси бағдарламаны іске асырудың құралы болып шығады.
Ал осы тәжірибеге сай құрылған, мүдделес адамдардың бірігуінен пайда
болған Қазақстандағы партиялар саны ілкі кездерде 3-4-тен аспады. Олар
Коммунистік, Алаш, Қазақстанның Республикалық Халықтық партиялар және
тағы басқалар. Осы пікірді дәлелдеу мақсатымен тәуелсіздік туы желбіреген
кезден бастап елімізде құрылған саяси партиялардың әрқайсысын жеке- жеке
саралап, төиенде олардың қысқаша тарихымен таныстырамыз.
Еңбекшілер мүддесін көздеуді мақсат тұтқан Қазақстанның Социалистік
партиясы (7.09.1991 ж.) республиканың саяси өміріне араласа бастады.Қазан
айында бұл партия Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Кезінде ҚСП-ның
1586 бастауыш ұйымы, 47 мың мүшесі болған. Сондай- ақ партия Еуразия
кеңістігіндегі Одақты конфедеративтік негізде қайта құруға мүдделілік
дүниедегі адамгершілік, ізгілік принциптері әлемдегі социалистік
теориялардың түрлі бағыттағы тұғырнамаларының негізі болды деп есептеді.
Оның тең төрағалары болып Петр Своик пен Ғазиз Алдамжаров сайланды.
Қазақстанның Халық конгресі партиясы (ҚХПК) 1991 жылдың қазан айында 5-
де дүниеге келді. Оның құрылтайшылары Семей- Невада, Арал- Азия- Қазақстан,
Әйелдер одағы, Тәуелсіз Бірлесу кәсіподағы, Қазақ тілі қоғамы мен
республика Жас құрылысшылары ассоциациясы және ұлттық мәдени орталықтар
болды. Тең төрағалары болып Олжас Сүлейменов пен Мұхтар Шаханов
сайланды(кейін екеуінің де елшілік қызметке кетулеріне байланысты партияның
төралығы қызметін В. Рогалев, Г.Ерғалиевалар атқарды) бүгінде жоғарыда
аталған 2 партия да өз жұмыстарын тоқтатқан.
Қазақстанның Коммунистік партиясы 1992 жылы 26 ақпанда құрылды.1999 жылы
қыркүйекте, яғни сайлау алдында бұл партия Алаш Ұлттық партиясы болып
өзгерді.Ұлттық бағыттағы бұл партияға қазақ зиялаларының біраз өкілдері
енді. Мақсаты қазақ ұлтының мүдделерін қорғау деп ашық айтылды (алайда бұл
партия санда бар, сапада жоқ күй кешті). Партия лидері Сәбетқазы Ақатай
2003 жылы өмірден өтті.
Қазақстанның Республикалық Еңбек саяси партиясы – Қазақстан инженерлер
Одағы қоғамдық саяси қозғалыс негізінде 1996 жылы 10 қаңтарда құрылған.
Алғашында филиалы 11 облыста жұмыс істеді.Олар өздері цетристік бағыт
ұстайтындарын мәлімдеді. Мақсаты – демократиялық мемлекет құру. Әлеуметтік
базасын инженер- техникалық интеллигенция құрады. Партиялық тізім бойынша
Парламент сайлауына қатысып, 1,38% дауыс жинады. Алғаш төрағасы Мәжіліс
депутуты Ө.Жолдасбеков, кейіннен Б.Т. Жұмағұлов болды.
Қазақстанның Халық бірлігі партиясы (ҚХБП) парламенттік пртия есебінде
Халық бірлігі Одағының негізінде 1993 жылдың ақпан айында 6-да құрылды.
Оның алғашқы төрағасы Серік Әбдрахманов болды. 1993 жылғы қазан айынан
бастап партияның төрағалығы премьер-министрдің орынбасары қуныш сұлтановқа
тапсыралды. Одан кейінгі төрағы Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі
Ақан Бишанов болды. 1999 жылы 20 ақпанда құралды.
Қазақстанның Дәуірлеу партиясы (ҚДП) өздерін парламенттік типтегі
партия деп атады. Партия төраймы болып 1995 жылдың қаңтар айының 27-де
өткен құрылтай съезінде Алтыншаш Жағанова сайланды. ҚДП-ның басты ұстанар
жолы руханилық пен
ізгіліктің қайта жаңданып, дәуірлеуіне күш салу болды.
Қазақстанның Демократиялық партиясы 1995 жылдың 1 шілде айында құрылды.
Партияның бастыпқы кезеңдегі төрағалары президенттің кеңесшісі Төлеген
Жүкеев және Алтынбек Сәрсенбаев болды. Бұлар да 1999 жвлв наурыз айында
“Отан” партиясының құрамына кірді.
Республикалық социал-демократиялық “Отан” партиясы 1999 жылы ақпан
айында Қазақстанның Демократиялық партиясы, Қазақстанның Халық бірлігі
партиясы, Қазақстанның Либералдық және “Қазақстан-2030” қоғамдық
қозғалыстарының бірігуі барысында құрылды. Партияның әлеуметтік базасы
бюджеттік ұйымдар, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, ғылыми және
творчестволық интеллигенция, орта және кіші бизнес өкілдерінен тұрды.
Құрылтайға 400-ге жуық делегат қатысты. Бұрынғы экс-премьер С.Терещенко
партияның төрағасы болып сайланды (қазірде Республикалық “Отан” саяси
партиясын партия төрағасының міндетін атқарушы Амангелді Дінұлы Ермегияев
басқарады) 2004 жылы 12 наурызда өткен кезектен тыс 4 съезінде партия
төрағасының орынбасарлары болып Қазақстан Парламентті Мәжілісінің төрағасы
Жармұқан Тұяқбай мен бұрынғы вице-премьер Александр Сергеевич Павлов
сайланды.
Соңғы жылдары, әсіресе Президент сайлауы қарсаңында сан түр-
лі бағыт ұстанған партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, азаматтық
қозғалыстар мен ұйымдар, кәсібі және өзге де одақтар, тәуелсіз бұқаралық
ақпарат құралдары өмірге келді. Мысалы, соның бірі “Қазақстанның
Республикалық Халықтық партиясы” (ҚРХП), төрағасы бұрынғы экс премьер
Ә.Қажыгелдин. 1998 жылы 17 желтоқсанда құрылды. Оның шет елге кетуге мәжбүр
болуына байланысты партияны Саяси кеңесінің төрағасы Ә.Қосанов басқарады.
Бір кездері партия жеткешілігінде болған Ғ.Алдамжаров
2001 жылы қаңтар айында кенеттен бұл партиядан шығып, Президент
Әкімшілігіне қызметке ауысты, кейін Қазақстанның Беларусь мемлекетіндегі
елшісі қызметіне ауыстырылды. Партияның алға қойған мақсаттарының бірі
адамның құқығы мен
бостандығы сақталатын құқықты мемлекет құру деп жарияланды.
Партия мемлекеттік билікттің бір қолға шоғырлануына қарсы шықты. Бұл
бағытта бірнеше шаралар жасауға талпыныс та білдіре-
ді. Партия мүшелерінің қайта тіркелуі үшін 50 000 мың мүшесі болуы керек
деген заң талабына байкот жариялап, өз жұмысын, тір-
кеуден өтпей-ақ, астыртын жалғастыруда.
“Азамат” Қазақстанның демократиялық партиясы 1996 жылы 20 сәуірде өмірге
келген “Азамат” қоғамдық қозғалысының негізінде құрылған. Тең төрағалары
М.М.Әуезов,Ғ.Әбілсейтов, П.В.
Своик. Жетекшілерінің әртүрлі қызметтерге ауысуына байланысты партия өз
жұмысын тоқтатқан.
“Азаматтық партия”, төрағасы Перуашов Азат Тұрлыбекұлы. Ол
1996-1998 жылдары Президент Әкімшілігінде Стратегиялық зерт-
теулер орталығының сектор меңгерушісі қызметінде болған. Парти-
яның ОК екінші хатшысы Дүйсенов Дүсенбай 1996-1997 жылдары
Үкіметте вице-премьердың орынбасары болған. Партия 1998 жылы
17 қарашада Ақтөбеде өзінің құрылтай съезін өткізді. Бұл партияны
құрған бастамашылар “Алюминий Қазақстан” АҚ (Павлодар), Жез-
қазған мыс қорыту заводы, Ақтөбе ферросплав зауыт, Балқаш тау-кен байыту
комбинаты, “Восточный” Екібастұз көмірі разрезі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көппартиялық жүйенің қалыптасуы және оның маңызы
Қазақстанда көппартиялы жүйенің қалыптасуы және олардың тәуелсіздікке қосқан үлесі
Жалпы саяси партиялар туралы қаралатын мәселелер
Көппартиялық жүйе – демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі
Саяси партиялар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеу
Қазақстандағы саяси партиялардың бірігуі
Қазақстандағы саяси партиялар азаматтық қоғамды қалыптастырушы субъекті ретінде
2004 жылғы парламенттік сайлаудағы саяси партиялардың белсенділігі
Пәндер