Сырдария өзенінің орта ағысындағы қалалар мен елдімекендерде бұрын және соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер кезінде алынған деректер


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Соңғы кездегі кешенді археологиялық-тарихи зерттеулердің нәтижесінде Қазақстан аумағы Еуразияның байырғы және ортағасырлық тарихында аса маңызды рөл атқарған орталықтардың бірі болғаны анықталып отыр. Алайда тотаритарлық жүйе үстемдік еткен кезеңде еліміздің ортағасырлық тарихы, оның мәдени және рухани жетістіктері өз дәрежесінде көрсетілмеді.

Тек тәуелсіздігіміздің арқасында байырғы тарихымызды терең тануға даңғыл жол ашылды. Тәуелсіздік алғалы бері қолға алынған және «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың негізінде ғылыми айналымға жаңа тарихи және археологиялық деректер қосылды.

Археологиялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан аумағын ортағасырлық дәуірде мекен еткен халықтың бір бөлігі көшпенділікпен қатар отырықшы және жартылый отырықшы болғаны, Қазақстанның едәуір бөлігінде ортағасырда қалалар мен тұрақты елдімекендердің болғаны жөнінде материалдар көптеп жинала бастады. Қазақ даласындағы ортағасырлық кез-келген қалашық, елді мекен өзі орналасқан өңірмен, Қазақстанның басқа да аймақтарымен тығыз байланыста дамыды. Кез-келген қалашық бір ауданның сауда, қолөнер, діни, әкімшілік орталығы болды, ал Баласағұн, Қаялық, Отырар, Сарайшық, Сайрам, Сауран, Сығанақ, Тараз, Түркістан - жеке хандықтардың, ірі феодалдық иеліктердің астаналары қызметін атқарды. Аталған қалаларда бүкіл Еуразия аумағы үшін маңызды шешімдер қабылданып отырды. Мәселен, 1763 жылы Түркістан қаласында қазақ билеушілері жиналып, Қытай империясы тарапынан Орталық Азия елдеріне жаулап алу қаупі төнуіне орай көрші мұсылман мемлекеттерімен, Ауғанстан билеушісімен бірлесіп іскери одақ құру мәселесін қарап мақұлдады. Ал 1771 жылы Түркістан қаласында Абылайды үш жүздің ханы етіп көтеру рәсімі өтті. Яғни Қазақстан шынайы ортағасырлық тарихын жазу үшін ортағасырдағы хандықтардың орталығы болған - қалалар мен тұрақты елді мекендер тарихын тереңдете зерттеу қажет.

Қалалардың саяси орталық қана емес, сонымен қатар қолөнер және сауданың орталығы болғанын ескерсек оларды зерттеудің қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады. Жалпы, қалаларда жүргізілген зерттеулердің барысында қалалардың пайда болуы, қалыптасуы, дамуы, олардың әкімшілік сауда, қолөнер орталықтарының көлемдері, ішкі құрылыстар туралы, жекелегн бөліктерінің, шаруашылық және қала аймақтары мен аймақтық қорғаныс жүйесі, құрылыс өнеріне, үй жайына, суландыру, жылыту тазалық жүйелеріне, заттай мәдениетіне қатысты құнды деректер алуға болатынын ескерсек бұл тақырыптың ортағасырлық тарихымыздың ақтаңдақтарында аса өзекті екендігі айқындала түседі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Сырдария өзенінің орта ағысының ортағасырлық қалалары мен елдімекендерінің бір жарым ғасырға жуық зерттелу тарихы бар. Сырдария өзенінің орта ағысының ортағасырлық қалалары мен елдімекендерінің зерттелуі ортағасырлық Сығанақ қаласымен байланысты. Ортағасырлық Сығанақ қаласының тарихи - археологиялық тұрғыдан зерттеле бастауын 1867 жылы Археологиялық комиссия құрамында жолсапармен Оңтүстік Қазақстанға келген шығыстанушы П. И. Лерхтың қызметімен байланыстырған жөн. П. И. Лерх Сығанақ қаласының орнын Жөлектің шығысында, Қаратау жағында екенін атап өткен [1, c. VII] . 1899 жылы В. А. Каллаур Сығанақ қаласының жобасын түсіріп, қаланың әр-түрлі құрылыс орындары, көше іздері көрініп жатқанын көрсетті және қаланың айналасында көптеген арықтар барын ескере отырып бұл жерде егіншіліктің дамығанын айта келіп, ол Сунақ ата қалашығын ортағасырлық Сығанақ қаласымен баламалаған Н. Лыкошин мен Е. Т. Смирновтың пікіріне қосылатынын білдірді [2] . 1900 жылы А. О. Руднев Сырдарияның орта ағысының сол жағасындағы Қысты шатқалымен Үшқайық өткелі аралығында барлау жүргізіп он бір ортағасырлық қалалар мен елді мекендерді тіркеуге алды, олардың қатарында Қауған ата, Артық ата және Разды ата қалалары бар [3] . 1907 жылы И. А. Кастанье ортағасырлық Сығанақ қаласында болып, қаланың тарихи-топографиялық құрылымын, суландыру жүйесін зерттеп, қаланың үстінде және жанында тұрған кесенелерді, бұзылып жатқан құрылыстарды көрген [4, с. 279-322] .

1927 жылы заттай мәдениет тарих Академиясы бойынша ортағасырлық Сығанақ қаласында зерттеу жүргізген А. Ю. Якубовский қаланың тарихи-топграфиялық жобасын түсіріп, оның құрамдас бөліктерін алып жатқан көлемін, өмір сүрген уақытын анықтап, қала көлемінде сәулет өңірі ескерткіштеріне сипаттама жасады. Сонымен қатар, ол ортағасырлық қаланың суландыру жүйесіне көңіл аударып, осы қалаға қатысты жазба деректерді жинап, жариялад [5] .

1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясы Сырдарияның сол жағалауы, Сығанақ оазисінде бірнеше қалалар мен елдімекендерді ашып, жобаларын түсірді [6] .

1946 жылы Хорезм археолог-этнографиялық экспедициясы (С. П. Толстов) ортағасырлық Бестам қаласында зерттеу жүргізді[7, с. 226] . 1966 жылы Хорезм археолог-этнографиялық экспедициясының Сырдари бағыты тобы Сырдариның сол жағасындағы бірнеше қалаларда зерттеу жүргізді[8, с. 198-217] .

1969-1970 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (К. А. Ақышев) Сырдарияның орта ағысымен Қаратау беткейлерінде бағытты іздеу, археолого-топографиялық, аэротүсіріс, аэробарлау және байқау қазбаларын жүргізді [9, с. 153-164] . 1979-1980 жылдары ОҚКАЭ-ның ирригациялық тобы (Грошев В. А. ) Сығанақ оазисінде, Сырдарияның сол жағалауында зерттеу жүргізді[10, с. 94-96] .

1982 жылы [11], 1992 жылы [12], 1996 жылдары ҚазМУ-дің археологиялық экспедициясының археологиялық тобы (М. Елеуов) Жаңақорған және Шиелі аудандарында бірнеше қалалар мен елдімекендерді ашып, зерттеген [13] .

2003 жылдан бастап А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Сығанақ археологиялық экспедициясы (С. Жолдасбаев) ортағасырлық Сығанақ қаласын зерттей бастады[14, 14-16 бб. ], 2004-2010 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша зерттеу жұмыстары одан әрі жалғасуда.

2004 жылы қыркүйек-қараша айларында, 2005 жылы мамыр-шілде айларында Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасының «Қызылорда облысының тарихи ескерткіштерінің жинағын баспаға даярлау» тақырыбы бойынша Қызылорда облысының Шиелі мен Жаңақорған аудандарыныңХҚТУ Археология ғылыми-зерттеу орталығы мен Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институты (М. Елеуов пен Ж. Құрманқұлов) бірлескен экспедицисы жұмыс жүргізді. Зерттеу барысында екі аудан көлемінде 358 археологиялық ескерткіш ашқан, 256 Жаңақорған ауданында, 102 Шиелі ауданында орналасқан [15, 95 б. ] .

Зерттеу жұмысының мақсаты. Сырдария өзенінің орта ағысындағы қалалар мен елдімекендерде бұрын және соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер кезінде алынған деректерді жинақтап, топтастырып, саралау.

Зерттеу жұмысының міндеттері. Сырдария өзенінің орта ағысындағы қалалар мен елдімекендердің зерттелу тарихы; ортағасырлық қалалар мен елді мекендерді зерттеуге ауыз әдебиеті деректерін (аңыздар) пайдалана отырып, ғылыми айналымға енгізу; ауыз әдебиеті деректері және жазба деректерде кездесетін қалалар, тарихи тұлғалар, тарихи орындар туралы мәліметтерді нақтылап, толықтыру; ортағасырлық қалалар мен елдімекендері және сәулет ескерткіштерінің топографиялық құрылымының өлшемдері туралы нақты мәлімет беру; Түрік керуен жолының, Сырдария өзенінің орта ағысы арқылы өткен керуен жолдарының, оның тармақтарының бағыттарын анықтап, оладың бір-бірімен байланысын көрсету.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Ортағасыр дәуірінен бастап XIX ғасырдың аяғына дейінгі мерзімді қамтиды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Сырдария өзенінің орта ағысындағы ортағасырлық қалалар мен елдімекендердің зерттелу тарихы бір ізге түсіріліп, негізгі нәтижелері мен ғылыми зерттеу бағыттары анықталды; қалалар мен елді мекендердің тарихи-топографиялық құрылымының өлшемдері нақтыланды; Сырдарияның сол және оң жағалуы бойымен жүріп өткен ортағасырлық керуен жолдарының бағыттары анықталып, көрсетілді.

Жұмыстың деректері мен зерттеу әдістері. Диссертациялық жұмыс жазу барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігінің Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институты, Тарих институты археология секторының архив материалдары және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының сирек қор бөлімінің материалдары пайдаланылды. Сонымен қатар жұмысты жазуға Е. И. Агеева, Г. И. Пацевич, Т. Н. Синигова, К. М. Байпаков, А. Н. Бернштам, Б. Э. Аманбаева, К. М. Ақышев, Л. Б. Ерзакович, С. П. Толстов, М. Елеуов, С. Жолдасбаевтың ғылыми есептері мен еңбектері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының географиялық шеңбері. Сырдария өзенінің орта ағысы, Қызылорда облысы, қазіргі бөлініс бойынша Жаңақорған және Шиелі аудандарын қамтиды.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Зерттеу жұмысымның тақырыбы бойынша 4 мақала шықты, олар: «Бұзылып жатқан тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу және оларды туристік нысандарға енгізудің өзекті мәселелері» атты далалық-тәжірбиелік семинар материалдары; «Тарих ғылымының өзекті мәселелері мен келешегі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары; «Қазақстан археологиясы мен этнологиясы магистранттар зерттеулерінде» атты ғылыми жинақта; «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің археология және этнология саласындағы жетістіктері мен келешегі» атты ғылыми жинақтарда жарық көрді.

Диссертацияның құрылымы. Диссертациялық жұмыстың құрылымы тақырыпты және алға қойған міндеттерді ашуға логикалық бір ізділік бойынша жасалды. Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер және қосымшадан тұрады.

I. СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ ОРТА АҒЫСЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР МЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ДЕРЕК КӨЗДЕР

1. 1 Сырдария өзенінің орта ағысындағы ортағасырлық қалалар мен елді мекендердің тарихи - археологиялық зерттелуі

1. 1. 1 1867 - 1960 жж. аралығындағы зерттеулер

Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен мекендерінің зерттелу тарихы және оны кезеңдерге бөлу жөнінде зерттеушілер әр түрлі пікірлер айтып жүр. Мәселен, Е. И. Агеева мен Г. И. Пацевич Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен мекендерінің зерттелу тарихын XVIII ғ. бастап, оны кеңестік кезеңге дейінгі және кеңестік кезеңдерге бөледі [ 16, с. 12-20] .

К. М. Байпақов Оңтүстік Қазақстан, Талас, Шу, Іле өңірлеріндегі ортағасырлық қала мәдениетінің зерттелуін XVI ғ. бастап кеңестік кезеңге дейінгі зерттеулерді екіге ( XVI ғ. - 1870 ж. ; 1870 - 1917 жж. ), ал кеңестік кезеңді төртке (1917 - 1935 жж; 1936 - 1945 жж; 1946 - 1959 жж; 1960 ж. бергі уақыт) жіктейді[17, с. 12-22] .

Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалар мен елдімекендерді зерттеген Қырғызстан археологы П. Н. Кожемяко қалалар мен мекендердің зерттелу тарихын XIX ғ. 80-жылдарынан бастап оны кеңестік кезеңге дейінгі және кеңестік кезеңдер деп екіге бөліп қарастырады, бірақ онан әрі бөлмейді[18, с. 65-167] . Іле өңірінің қалалары мен мекендерінің зерттелу тарихын Т. В. Савельева XIX ғ. ортасынан бастап, оны төңкеріске дейінгі және төңкерістен кейінгі кезеңдерге бөледі, ол сонымен қатар төңкеріске дейінгі кезеңді екіге (XIX ғ. ортасы - 1893 ж. ; 1893 - 1917 ж. ; ) ал төңкерістен кейінгі кезеңді төртке (1917 - 30 ж. ортасы; 30 - ж. ортасы - 1946 ж. ; 1946 - 1960 жж. ; 1960 - 1988 жж. ) жіктейді. Археолог Б. Э. Аманбаева Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалар мен сәулет өнері ескерткіштерінің зерттелу тарихын бес кезеңге бөледі. Олар: 1885 - 1917 жж. ; 1917 - 1935 жж. ; 30 - ж. соңынан 50 жылдарға дейін; 50-жылдар; 60-жылдардан осы уақытқа дейін (1993ж. ) дейінгі кезеңдер [19, с, 3-5) ], ал С. Я. Перегудова болса Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалар мен сәулет өнері ескерткіштерін зерттеудің үш кезеңіне тоқталады: XIX ғасырдың соңынан басталған кезең; 1925 - 1929 жж. ; 30 - жылдардан осы уақытқа дейінгі кезең [20, с. 7-10] .

Белгілі археолог М. Елеуов Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалар мен мекендердің зерттелу тарихын XIX ғ. екінші жартысынан басталатынына тоқтала отырып, кеңестік кезеңге дейінгі зерттеулерді екіге ( XIX ғ. екінші жартысынан 1893 ж. дейін және 1893 - 1917 жж. ), ал кеңестік кезеңін төртке (1917 - 1935 жж. ; 1936 - 1945 жж. ; 1946 - 1959 жж. ; 1960 ж. бергі уақыт) бөліп жіктейді[21, 33 б. ] .

Сырдария өзенінің орта ағысының ортағасырлық қалалары мен елдімекендерінің зерттелуі ортағасырлық Сығанақ қаласымен байланысты. Ортағасырлық Сығанақ қаласының тарихи - археологиялық тұрғыдан зерттеле бастауын 1867 жылы Археологиялық комиссия құрамында жолсапармен Оңтүстік Қазақстанға келген шығыстанушы П. И. Лерхтың қызметімен байланыстырған жөн. П. И. Лерх Сауранда аз ғана уақытын өткізеді, ол көбіне Түркістанда болып, Сығанақты ат үсті ғана қарап шығады. Дегенмен ол, Сығанақ қаласының орнын Жөлектің шығысында, Қаратау жағында екенін атап өткен [1, c. VII] . Сонымен қатар, «книга большой чертежа» атты картадағы қателікті ескере отырып, Түркістан мен Сауран арасын 48 верст, ал Сығанақ пен Сауранның арасын 90 верст деп көрсеткен [1, с. 15] .

1895 жылы археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі, Ташкент қаласында құрылып, 1917 жылға дейін өз жұмыстарын үзбей атқарды. Осы жыл аралығында үйірме мүшелері көне ескерткіштерді есепке алу, сипаттап жазу, археологиялық картаға түсіру және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуді де қоса атқарды. Үйірменің негізгі мақсаттарының бірі табылған ескерткіштерді (қалалар мен елдімекендер) ортағасырлық жазба деректеріне сүйене отырып, онда аталған қалалармен баламалау болып табылатын. Олардың Ташкентте «Түркістан тізімдемесінен» «хаттамалар» сияқты басылымдарда ғылыми мақалалары жарыққа шығып отырған.

1897 жылы Сырдарияның төменгі және орта ағысында орналасқан көне ескеркіштерді зерттеу мақсатымен үйірме мүшесі Е. Т. Смирнов осы өңірде болып, өз мақаласында Сырдария өзенінің ежелгі және ортағасыр кезеңдерінде қалай аталғанына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, Сырдарияның сол жағалық орта ағысындағы Қауғаната, Артық, Құмиян, Мейрам қалаларында болып, өзеннің оң жағындағы Сунақ қорғанды ортағасырлық Сығанақ қаласымен баламалап, оның төңірегіндегі көптеген құрылыс орындары сақталғанына көңіл аудара келіп, бұрынғы кезде Сығанақтың Төменарық каналы арқылы суландырылғанын атап көрсеткен [2] .

1899 жылы үйірме мүшесі Н. В. Руднев Сырдарияның сол жағасымен жүріп, ортағасырлық Қауғаната, Артықата қалаларында болып, қала құрылыстарының күйдірілген кірпіштерін жергілікті тұрғындар мешіттер соғу ісіне пайдалануға алып отырғанын жазады [3, с. 108-109] .

1899 жылы В. А. Каллаур Сырдарияның орта ағысындағы бірнеше ортағасырлық қалаларда болып, ортағасырлық Сығанақ қаласының тарихи - топографиялық құрылымын зерттеп, Сунақ ата қалашығын ортағасырлық Сығанақ қаласымен баламалаған Н. Лыкошин мен Е. Т. Смирновтың пікіріне қосылатынын білдірді [2, с. 6-9] . Осы сапарында В. А. Каллаур Шиеліден солтүстікте 20 верст жердегі ортағасырлық Бестам қаласының тарихи-топографиялық құрылымы цитадельден және оны сырттай қоршап тұрған қамалдан тұратынын анықтап, қаланың атының шығуын бекініс алдында, күйдірілген кесектен қаланған бес құрылыспен байланыстырады [2, с. 12-13] . 1900 - 1901 жылдар аралығында Сырдарияның орта ағысында барлау жүргізген В. А. Каллаур өзеннің сол жағалауындағы ортағасырлық Мейрамтөбе, Қаратөбе, Абызтөбе, Балапантөбе, Разды ата, Молдақорған және оң жағалауындағы Ордакент, Ақтөбе қалаларымен елді мекендерінің тарихи-топографиялық құрылымына тоқталып, өлшемдері туралы нақты мәліметтер берген, сонымен қатар Хорасан ата, Қасым ата (төбесі ойық), Оқшы ата жайлы аңыз деректерді өз еңбектерінде жариялайды [23] .

1899, 1900-1901 жж. В. А. Каллаур Төменарық станциясының солтүстік-шығысында 5 км жерде орналасқан Көккесенеде болып, ғимараттың биік, көк түсті орнаментті әшекейлермен көмкерілгенін атап өткен және ғимарат құрылысының суреті берілген [2, с. 12] .

1905 жылы Түркістан археология әуесқойлар үйірмесінің хаттамаларының 40-42-ші беттерінде Ә. Диваевтың «Мавзолей Кок-Кесене» атты мақаласы жарияланып, Коккесене туралы аңыз берілген [4, с. 280-281] . Бұл мақалада берілген аңызды, Т. Қоңыратбаев бірқатар дәлсіздіктерін атап көрсетіп, Талас өзенінің бойындағы ономостикалық атауларды Сыр бойынан іздеген деп шамалаған [25, 108-109 бб. ] .

1907 жылы желтоқсан айында шыққан Ә. Диваевтың «Көккесене атауының маңызы туралы» атты мақаласында, Перовск уезінің ағартушылары Жүсіпбек Басығарин мен Сұлтан Ерәлі Қасымовтан алған мәліметтері жарияланған [24, 208-210 бб. ] .

1907 жылы И. А. Кастанье Ташкенттен Орынбарға сапары кезінде 2 күн ортағасырлық Сығанақ қаласында болып, қаланың тарихи-топографиялық құрылымын, суландыру жүйесін зерттеп, қаланың үстінде және жанында тұрған кесенелерді, бұзылып жатқан құрылыстарды көрген. Сонымен қатар, ортағасырлық Бестам, Оқшы ата, көп рабат, Абыз төбе, Ақ төбе, Көккесене, Бақсайыс ата, Алғыр-салғыр, Өзгент, Балапан төбе, Ордакент қалаларында болып, Хорасан ата (Әбдіжалил баб) жайлы аңыз деректер жинап, жариялаған [4, с. 279-305] .

1927 жылы заттай мәдениет тарихы Академиясының тапсырмасы бойынша ортағасырлық Сығанақта зерттеу жүргізген А. Ю. Якубовский қаланың тарихи-топографиялық жобасын түсіріп, оның құрамдас бөліктерінің алып жатқан көлемін, өмір сүрген уақытын анықтап, қала көлеміндегі сәулет өнер ескерткіштеріне сипаттама жасады. Сонымен қатар, ол ортағасырлық қаланың суландыру жүйесіне көңіл аударып, қалаға қатысты жазба деректерді жинақтады. Ол жиналған деректер негізінде Қазақстанның ортағасырлық қалалары туралы тарихнамасында теңдесі жоқ еңбек жариялады [5] .

1947 жылы Оңтүстік Қазақстандық археологиялық экспедиция құрылады. Аталған экспедицияны А. Н. Бернштам басқарып, 1947-1951 жж. аралығында зерттеу жүргізді. Экспедиция ұжымы 1947 жылы Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары аумағында 1500 км жол жүріп, археологиялық барлау жұмыстарын жүргізді. Археологиялық барлау жұмысының нәтижесінде А. Н. Бернштамның «Оңтүстік Қазақстанның көне тарихы және этногенезі» атты көлемді мақаласы жарыққа шықты. Онда ортағасырлық қалалардың топографиялық құрылымының сызбаларын көрсетумен қатар, қаңлы мәселесіне де тоқталып өткен. А. Н. Бернштамның пікірінше - қаңлы түркі текті тайпалар болып табылады. Ташкент оазисінен бастап, Сырдарияның орта ағысына дейінгі аралық кангюйлердің (қаңлы) ата жұрты деп санады [6] .

1949 жылы Е. Н. Агееваның «Керамика городов и поселений среднего течения Сырдарьи и Каратау» атты мақаласы жарияланды [26] . Мақалада Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясы мүшелері, Шымкенттен Жаңақорған ауданына дейін, Сунақ ата және Қаратаудың солтүстікшығыс баурайының қалалары мен елді мекендерден жиналған керамика материалдарын, Е. А. Агеева сараптай отырып, 6 хронологиялық кезеңге бөлген:

1) Скиф-сармат - б. з. д VI - б. з. д III ғасырлар ;

2) Қаңлы - Хорезм - б. з. д III - б. з. д I ғасырлар;

3) Кушан - I - V ғасырлар

4) Хорезм және Соғды - Қарлық - VI - IX ғасырлар

5) Қарахандық -X - XII ғасырла

6) монғол - тимуритдік - XIII - XVI ғасырлар[11, с. 100] .

Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының 1947 - 1951 жылдарда жүргізген зерттеудің қорытындысы Е. А. Агеева мен Г. И. Пацевичтің «Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана» атты еңбегінде жарияланды. Еңбекте Сырдария өзенінің орта ағысындағы ортағасырлық қалалармен елдімекендердің тарихи - топографиялық құрылымына сипаттама берген және Сырдарияның орта ағысы арқылы өткен керуен жолдарының бағыттары, олардың бойында орналасқан қалалар мен елдімекендер көрсетілген [16] .

1960 жылы «Қазақстан археологиялық картасы» атты энциклопедиялық үлгідегі жинақ жарыққа шықты [7] . Қазақ жерінде бір ғасырға жуық жүргізілген тарихи - археологиялық зерттеулердің қорытындысына арналған бұл жинақта еліміздің бес мыңға жуық ескерткіштері енген. Жинақта Сырдария өзенінің орта ағысында (Жаңақорған және Шиелі аудандары) мынадай ортағасырлық қалалар мен елдімекендері енген: Бестам қаласы, Көккесене мавзолейі, Сығанақ қаласы, Біройнақ қаласы, Қаратөбе қаласы, Қаратөбе елдімекені, Разды ата елдімекені, Артық ата қаласы, Қауған ата қалалары [7, с. 221-233] .

  1. 1960 - 2003 жж. аралығындағы зерттеулер

C. П. Толстовтың «По древних дельтам Окса и Яксарта» атты еңбегі Хорезм археология-этнография экспедициясының қорытындысы болып табылады. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Сырдария өзенінің орта ағысындағы ортағасырлық Сығанақ қаласы және т. б. Сырдария бойындағы ортағасырлық қалалар монғол дәуірінде де болған және одан кейінде XV-XVII ғасырларға дейін өмір сүргені анықталды [27, с. 282-283] .

1966 жылы Хорезм экспедициясы, Түркістан ауданынан Қызылорда облысына дейінгі аралықта 70 ескерткішті ашып, зерттеген [3, с. 194] . Осы экспедиция Сырдария өзенінің орта ағысында жүргізілген зерттеулері кезінде, Сырдарияның оң жағасында орналасқан ортағасырлық Ақтөбе, Ордакент, Ақтоған қалаларында қайта зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Сырдарияның сол жағасындағы ортағасырлық Қаратөбе, Абызтөбе, Келінтөбе қалаларын да зерттеп, Мейрам төбе қаласы жанындағы бір ортағасырлық елдімекенді (биіктігі 3, 5 м. ) ашқан [8, с. 198-217] .

1966-1967 жылдары К. А. Ақышев басқарған Жетісу археологиялық экспедициясы Арыс өзенінің орта ағысы, Сырдария өзенінің орта ағысы мен Қаратаудың оңтүстік баурайын, Сарысу және Талас өзендерінің төменгі ағыстарын, Отырар оазисінде далалық барлау жұмыстарын жүргізген. Далалық барлау жұмысы барысында Сырдарияның орта ағысындағы ортағасырлық Бестам және Нәнсай қалалары қайта зерттеліп, керамика материалдары жинақталды және Ақүйік өзенінің орта ағысындағы 4 ортағасырлық елдімекендерді ашқан [28, с. 15-20] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлар дәуірі кезеңіндегі Арыс өзені бойындағы қалалық мәдениеттердің дамуы мен генезисі
ҰЛЫ Ж БЕК. I ЖОЛЫНЫҢ ТУРИСТ КI ПОТЕНЦИАЛЫ
Жанкент қалашығындағы археологиялық зерттеулер
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы
Қаңлы мемлекетінің саяси-экономикалық және шаруашылық дамуы
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Қазақстан Республикасында топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелер
Оңтүстік Қазақстан облысы топономиясының физикалық-географиялық астарлары
Отырарда жүргізген жұмыстары нәтижесінде
Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz