Ертедегі ортағасырлық мемлекеттер


Жоспар:
1. Батыс түрік және түргеш қағанаттары.
2. Қарлұқ мемлекеті.
3. Оғыздар
4. Қимақ мемлекетінің құрылуы, ыдырау себептері.
ЕРТЕДЕП ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТГЕРБАТЫС ТҮРІК ЖӘНЕ ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТТАРЫ
Халықтардың ұлы коныс аудару дәуірі (II-V ғғ. ) Қазакстанның, Орта Азия мен Шығыс Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік Монғолиядан Шығыс Европаға дейінгі далалык өңірге қоныстанды, оңтүстігінде олардың кешіп жүретін жерлері Әмуд-арияның жоғарғы ағысына дейін жетті.
VI ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава - билеушілері түрік тайпасының әулеттік ашин руынан шықкан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік этносының өзі кағанаттың құрылар алдындағы кезеңде Ганьсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасты.
Түрік қаганаты . «Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылна-маларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюн-нулердің (ғұндардың) ұрпақтары деп санаған, Шежірелерде бұл кезде қыт-айдың Вэй князьдігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер (туцзюе) жыл сайын шапқыншылык жасап, ойран-дап кететін болды деп хабарланады. Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрылыктағы тарихтың талай ғасырлар бойы дамуына өзек болған оқиға-ларға байланысты.
546 жылы тирек тайпалары қазіргі Монғолияның онтүстігі мен орталық бөліктерін мекендеген және бұл жерлерге үстемдік еткен аварларға (жу-ань-жуань) қарсы жорық жасайды. Батыс жақтан каптай енген тиректер армиясының сан жағынан қаншалыкты көп болғаны белгісіз, бірақ олар-дың нөпірі сұсты болған деп топшыланады, өйткені тиректердін, құрамына көптеген тайпалар енген, ал олардың куатты аварларға аз күштермен ка-рсы тұра алуы екіталай еді. Түрік қағаны Бумынь күтпеген жерден қатты шабуыл жасай отырып, бей-берркет жаткан тирек армиясын қапылыста басып, кескілескен шайқастан кейін оны күйрете жеңеді де, тиректердің 50 мьңнан астам әскерін түріктер тұтқынға алады. Даланың әдеттегі құқығының қағидаларына сәйкес тұткынға алынған әскерлер өзінен-өзі жеңушінің армиясына қосып алынатын еді. Осы кезден бастап, бұрын авар-ларға вассалдық тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестеріне айналады. Мұның бір көрінісі авар қағанына келіп, авар қағаны үйінің ханшасын Бумынға әйелдікке бер деп үзілді-кесілді талап еткен түрік елшілігі болды.
Мұның өзі қағанмен тең құқықтылығын көрсетуден гөрі оны басынған еді. Авар қағаны Анағұй: «Маған бас иетін - вассал. Бұлай деуге қайтіп дәтің барды?» деп Бумыньға жаушыларын жібереді 2 . Бірақ аварлар қалы-птаса бастаған Түрік қағанатының күшін бағалай алмады, ал түріктер тарапынан мұның өзі осылай болуға тиіс деп дұрыс ойластырылған әдіс қана болатын. Енді бұрынғы вассалдардың бұрынғы билеушілеріне қарсы соғыс ашуға дәлелі табылады. 552 жылы кектемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңгені соншалық, Анағұй өзін езі өлтіреді. Осы кезден бастап түрік билеп-төстеушілері қағандар атаган алады, сөйтіп аварлардың бұрынғы күш-куатына да, олардың барлық иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орнықтырады.
Бумынь өлгеннен кейін такқа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бас-тауымен түріктер Орхонның жоғары жағында бір жердегі Букрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежі-реші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол қағандык тағына Мұқан-каған (Мугань) деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болады. Мұның бәрі 552-554 жылдардың арасында болған. Бұл уақыттың ішінде түріктер шығыста қайлар (татабтар), қидандар және отыз-татарлар тайпаларын, солтүстікте - Енисей кырғыздарын өздеріне қаратып алады.
Бұл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды, Кейін оны батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік кағанатының негізін салушы деп атайды. 552 не 553 жылы батыска жасалған жорықтар-дың бірінде Иштеми Бумынмен бірге болып, «он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) басқарды, он түмен әскері болды; ху елін (соғдылыктар-ды?) жуасытуға атганды және «Он тайпалық» деп атап өзін қағанмын (Ши-син було қаған) деп жариялады». Бұл - өте-мөте назар аударарлық хабар. Мұны шежіре дәстүрінің өзі де ескермеген, бұл дәстүр бойынша тайпа-лық-әскери ұйымның ондық жүйесінің шығуы Жетісу түріктерінде 651 жылы ғана болады, сол жылы Ашбара-Териш-қаған (Шаболо-Дилиши) «өзінің мемлекетін күтпеген жерден он ұлыска бөледі: әрбір ұлыс оны ба-сқарушы бір адамның қарамағында болады». Оны шэ (шад) деп атаған. Әрбір шадқа бір жебеден сыйлық береді, осыдан келіп Он жебе деген ат шығады. Тайпалық-әскери санаудың ондық дәстүрі Жетісудың ежелгі түрік тілді тайпаларында VI ғасырдың орта кезінде-ақ болған және Батыс Түрік қағанатының этникалық-саяси кұрылымында айқын бейнеленеді.
552-553 жылдарытүріктер «батыста идті (эфтал) бағындырады». Әңгіме Орта Азия эфталиттері туралы болып отырмағаны күмәнсіз, өйгкені оларды жаулап алу үшін алдымен Алтайдан Тоқарстанға дейінгі жолдағы мем-лекеттердің бәрін бағындырып алу керек еді, ал ондай мәліметгер бізде жок. Оның бер жағында түріктердің Орта Азия эфталиттерін 563-567 жылдары, яғни он жыддан кейін жаулап алғаны баршаға мәлім. Сондықган «батыста идті талқандады» деген сөзді география тұрғысынан Алтай аумағымен шектеу керек. Түріктерді қараэфталит аймағьша орналастыратын шежіреші олар осы жерде болған дейді. VIII ғасырдың орта шенінде ұйғыр жансыздары да оларды осы жерден тапқан. Сөйтіп, батысқа түріктердің Бумынь мен Иштемидің бастауымен жасалған жорығы туралы айтылып отырғандықган (соңғыға Жетісу түріктері қағанатының құрамына кіретінін керсететін «Он тайпа» атағы берілген болатын), нақ осы ауданды түріктердің 552 жылғы әскери экспедицияларының батыстағы жеткен шегі деп санау керек.
Отырыкшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыстағы, Орта Азиядағы онан арғы саясатының негізі болды. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталнттердің иеліктері Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жаткан еді. Өзінің армиясынык орасан зор да, икемді құрамына қарамастан, мұндай күшті жалғыз жеңіп алуға түріктердің шамасы келмейтін. Олар үшін соғыс сасанилік Иранмен әскери одак жасасқаннан ксйін ғана табысты бола бастады. Эфталитгерге вассалдык тәу-елділікте болған Иран оларға ұзақ уақыт бойы жыл сайын күміспен салык төлеп түрды, мүны осы мақсат үшін арнайы соғылған пе. хлеви жазуымен қоса эфталит жазуы бар теңгелер көрсетеді. Сондыктан түріктердің эфталиттерге кысым жасауы Иранның сасанплік билеушілеріне колайлы болды. Түрік кағанымен жасалған келісім бойынша Хұсрау I Ануширван шах өэінің армиясын Тоқарстанға атгандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды, сөйтіп эфталиттер өздерінің берік те камсыз тылынан уакытша айрылып калды. Мұның өзі түрік кағаны Силзибулға 563-567 жылдары эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік берді. Түрік-эфталит соғысы біткен бойда-ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы керуен жолдары бойында жатқан жерлерді бөлуге келгенде одақтастар арасында араздық басталды. Бұл жерлерді иелену жол асуларын кеңінен пайдалануға, жібек, тәтті тағамдар, сәндік заттар т. б. саудасын бакылауға, Шығыс пен Батыс арасындағы тауар айырбасына белсене катысуға мүмкіндік беретін еді,
Бұл саудада бүкіл Орта және Орталык Азия аумағында негіэгі делдал-
лар соғды көпестері болды, олар өздеріне қолайлы жағдайды сақтап калуға
бәрінен де гөрі мүдделі болатын. Сондықтан бұрынғы одактастармен араз-
дасып калған түрік кағаны Хұсрау I Ануширванға Персия аркылы Визан-
тияға жібек және басқа товарлар еткізуге рұқсат сұрап, елшілік жіберуге
үйғарғанда, бүл елшілікті соғды көпесі Маниах бастап барғанына таңда-
нуға болмайды. Алайда елшілік сәтсіздікке үшырады. Хұсрау I Ануширван
кағанатен қатынасты көрінеу біржолата үзуге батылы бармай, әкелген
жібектің бәрін сатып алуға бұйрық берді, сөйтті де
т
оны Маниахтың көзінше
өртеді. Екінші елшілік тс осылай сәтсіз болып шыкты.
Бүл жағдайда түріктер тікелей Константинопольге, Византняның императоры. 2 Юстинге сөз салуды дұрыс көрді. Тағы да сол Маниах бастаған елшілікке енді Кавказ арқылы жүруге тура келді. Маниахтың Константинопольдегі келіссөзі сәтті болды, ол кейін қайтканда түріктердің жаңа одақтасының өкілі, Византия елшісі Земархты алып қайтты. Земарх елшілігі Кавказдан асып, Каспий теңізін жағалап, Хорезм арқылы Сырдарияға жетті. Бұл елшіліктің сипатталып жазылуен Менандрда сакталған. Ол елшілердің екі оттың арасынап өтіп, тазалану рәсімін жасауға тиіс болғанын әнгімелейді, каған шатырының ішкі жиһаздарын, дөңгелектері бар алтын тақты суреттеп жазады. Византия елшісінің түрік кағанымен келіссөзде түріктер мен Віизантия арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың армияларының сасанилік Иранға қарсы бірлесіп қимылдауы туралы сөз болалы,
Алайда бірінші тармақта екі жақ келісімге келе алмайды, өйткені бұл кезде Византия жібек кұртын өсіруді өзі үйреніп алған болатын, сондықтан ол сырттан жібек әкелуге зәру емес еді. Византиялыктар түріктерден Иранға қарсы әскери көмек қана күтті. Қаған сарайының бүған оң карайтындығы айқын болса да, бұл мәселе жөнінде де нақты шешім қабылданбады. Тегі, бұл Иран мен Византияны әлсіретуді көздеген дипломатиялык есеп болса керек: егер бұлар өзара соғыс жағдайында болса, түріктерге бұл қолайлы болып шығар еді. Солай болып шықты да. Өздерінің араларындағы қатынастарды соғыс жолымен анықтап алудан қолдары босамаған Иран мен Византия қағанаттың істеріне ықпал жасай алмады.
Бірақ 575 жылы жағдай өзгерді. Византия мен Иран өзара уақытша бітім жасасты. Тіпті Византия түріктерге қарсы күреске олардың бүлікшіл вас-салдары уархун (вархонит) -түріктерді тарту үшін Кавказдың арғы жагына және Кавказға кіруге әрекет жасады. Бұған жауап ретінде түрік атгы әскері Киммерия Боспорына, онан кейін Қырымға және Батыс Кавказға жойқын жорық жасады.
Батыс түрік қағанаты. Бірақ осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттіктің шенберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын кысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уақыт сүйеніп тұра алмады. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылыктардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының кағанат шекараларына шабуыл жасауы (581-618 жыддар), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатынын 603 жылы екі дербес кдғанатқа - Шығыс және Батыс кағанаттарына бөлінумен аякталды. Батыс кағанатгың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастані Батыс түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түріктердің қаған руы - ашиналардың қолында болды.
Батыс түрік қағанаты «ежелгі усун жерлеріне» ірге тепті, демек, онын аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттын негізгі этникалық-саяси ұйытқысы - «он тайпа» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді., Сонымен қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқанд, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бүхара, Амуль және Андхой) отырықшы егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің. мұрагері болды. Батыс түріктеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхарада да қағанның наместниктері, яғни, дұрысырағы, оның өкілдері болды
Шаруашылық-экономикалық жағынан алғанда, кағанат екі негіздің -мал шаруашылығьш көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғамның және бұл кезде феодалдық катынастар едәуір дамыған отырықшы-егіншілік қоғамның ұштасуы болдыі
Бұл кезде феодалдық қатанастар Византия мен сасинилер Иранында дамыған болатңн. Соғыс және сауда бәсекелестігіне карамастан (бәлкім, соның арқасында да болар), феодалдық қоғамдық қатынастар Кавказ өңірінің Хазар патшалығының көшпелі ортасьна, тиректер мен Алтайдың ертедегі түріктері жеріне өтіп ұлғая түсті.
Батыс түрік (сондай-ақ Шығыс түрік) қағанатының халықаралық ша-руашылық және саяси байланыстар аясына тартылуында Соғды мен Жеті-судың соғдылық көпестері ерекше рөл атқарды. Жетісудың құжаттарда көбінесе «соғды» калалары деп аталатын қалалары ежелгі түрік дәуірінде тоқтап кана өтетін мекендер болған жок. Қалалардың соғды халқы да, түрік халқы да саудамен, қолөнермен, диқаншылыкпен бірдей дәрежеде шұғылданды. Қала мен дала кағанат құрамында бірін-бірі толықтыратын және біріне-бірі өзара керек болып отыратын біртұтас шаруашылық-саяси организмнің екі бөлігі болды.
Транзит сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналысын туғызды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының вассалдық шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналыс өрісіне тартылды.
Қағанатга қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы Евразияның басқа аудандарындағы осы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық катынастардың орнығу арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды.
Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы - қаған, жоғарғы билеуші, билеп-төстеуші, әскербасы болды. Ол нақты алғанда шығыс түрік қағанатына тәуелді болды, бүл оның такқа отыруына өз келісімін беретін немесе бермей де коя алатын еді. Бірақ іс жүзінде шығыс туріктері де өздерінің інілеріне талай рет бағынышты болды. Алғашында қаған тағына мұрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатынан шұмұқ (ашна) фратриясынын өкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп тұғлұктар мен оншадыпыттар топтарының арасындағы өзара тартыс күресінде мезгіл-мезгіл бұзылып отырды. Кей кездерде қағанатта бірнеше қаған болып, олардың өкілеттік дәрежесі әр түрлі болды. Қаған мемлекеттің ішкі және сырткы саяси істерінің бәріне басшылық етті, ру басшыларын тағайындады. Ол әулеттік фратриялардан шыққан шонжарларға сүйенді.
Қағанаттың астанасы және қағанның қыскы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды. Саяхатшылардың хабарлауына карағанда, Суябқа жақын жазғы резиденция - Цзедань кағанның ордасы болған.
Қаған тек билеуші ғана емес, сонымен қатар қағанаттың барлық жерінің иесі де болуы мүмкін. Алайда көшпелі қоғам жағдайында (дала халқын алатын болсақ) билік негізінен алғанда жерге емес, ол жерді пайдаланатын адамдар ұжымына жүргізілді.
Техника мен жер суарудың тым қара дүрсін болуы жағдайында ауыл шаруашылығына жарамды жерлер тапшы, ал мал жайылатын жерлер көп болды. Көшпелі қоғам жылжып көшіп, тіпті үдере көшіп кете алады, ал егіншілік ұжымы жөнінде бұлай деуге болмайды. Мал шаруашылығы ұжы-мдарының көшіп-қонып жүруі кағанаттң жоғарғы өкіметіне енжар қа-рсылық жасап, қағанат әскерлерінің қолы жетпейтін алысқа үдере көшіп кетуіне мүмкіндік беретін еді.
7 ғасырдың бас кезінде Батыс түрік қағаны Ябғудың ордасында болған будда монахы Сюань Цзанның жазғандары каған руының байлығы туралы біраз ұғым береді. Қағанды аң аулап жүрген жерінде кездестірген саяхатшы аңшылар киімдерінің сәнділігіне таң-тамаша калады. «Қаған жасыл жібек желбегей киген, - дейді ол. - Оның қасына ерген екі жүзден астам тарханы бар, олар қамка желбегейлер киген, шаштарын бұрымдап өрген. Басқа сарбаздары аң терісінен тігілген ішік киген, беріктері жұмсақ, . матадан тігілген, қолдарына айбалта, садақ, ту ұстаған. Аттары өңшең сайгүлік. Түйе, ат мінген адамдардың көптігіне көз сүрінеді». Одан әрі кағанның киіз үйі туралы айтқанда, оның алтынмен сәнделгені соншалык, тіпті «көз қаратпайды» дейді ол.
Мемлекетте қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар - ябғу, шад және елтебер - қаған руының өкілдеріне тиесілі еді; оларды қаған вассал тайпаларды билейтін лауазымдарға қойған. Сот қызметтерін бұрықтар мен тархандар атқарды. Бектер - тайпа бастықтары мен өкілдері - жергілікті жерлердегі ақсүйектер сословиесінің басты тірегі болғаң.
Тағы бір категория - үй-қаған барынша назар аударарлық. Деректеме оны былай деп сипаттайды: «Дәрежесі ябғудан төмен қағандар болады. Сондай-ақ бір үй болып тұратын бір атадан тараған көп адамдар да (фамилиялар) өз басшысын үй-қаған деп атайды; түріктер үйді үй деп атайды, демек бұл үй қағаны деген сөз». Әңгіме бұл жерде қауымның негізгі экономикалық бөлінісі партиархаттық отбасылық қауым жөнінде болып отыр.
Қағанаттың қанауда болған бұқарасы мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болды. Батыс түрік қағанатында олардың калай аталғаны белгісіз, бірақ шығыс түрік әлеуметтік терминологиясына ұқсастырып, оларды «кара бүдун» («тобыр», «қара халық») деп атаған деп топшыланады. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда тайпалар да, бір жағынан, ақсүйек тайпалар, ал екінші жағынан, оларға бағынышты, вассалдық, тәуелді тайпалар болып бөлінген.
Бағынышты тайпаларға және қарапайым көшпелі бұкараға жүктелген міндеткерліктер туралы жазба деректер аз. Солай бола тұрса да, басты міндеткерліктердің бірі әскери міндеткерлік (басқаша айтқанда «қанмен төлейтін салық») болғаны белгілі; бұл міндеткерлік бойынша вассал тай-палардың барлык жауынгер-еркектері тайпа көсемі армиясының құрамына кіреді. Соғыстың негізгі ауыртпалығы, демек адам шығынының ең көбі бағынышты тайпалардың мойнына түседі. Кейде «келімсек» деп аталған бұл тайпалар соғыс шайқастары кезінде «алдағы шеп» ретінде пайдаланылған, яғни алғы шепке қойылған. Бұл дәстүр барлық жерлерге тараған.
Бағыныштылық әрқашанда алым-салық төлеумен қатар жүріп отырған. Оның үстіне бағындырылған тайпалардан, сондай-ақ соғыс қимылдары кезінде тұтқынға алынғандардан құлдар тобы калыптасқан. Бірақ. ертедегі түріктердегі «құл» деген терминді жалпыға мәлім «классикалық» түрде түсінуге болмайды. Құл тайпалар - үстем тайпаға мал және аң терісі т. б. түрінде салық төлеп тұруға міндетті вассал тайпалар.
Түріктердің кершілес тайпаларға шапқыншылық жасағандағы мақсат-тарының бірі құлдар алу болған, бұл орайда, әдетте, ұлдар мең қыздарды алған. Мысалы, түріктің Баһадүр-қағанының 620 жылы бівнеше мың қыз баланы тұтқынға алғаны мәлім. Жорықтарда тұтқынға алынған ұлдар мен қыздар, яшма мен жібек - мұньің бәрі каған меншігіне түседі», - делінеді сол кездегі қүжаттардың бірінде. Түріктің Білге-қағанының 720 жылы басмылдарды жеңуін баяндай келіп, автор түріктер «олайдың (басмылдардың) ұлдары мен қыздарын алып, кейін қайтты» деп хабарлайды. Деректемелерде мұндай мәліметтер жиі кездеседі. Тұтқын балаларды үлкен от-басылы қауымда әдетге «бала қылып алып», шаруашылыққа пайдаланды. Мұның бәрі қағанатта құлдықтың басқа түрлері болғанын (мысалы, қолөнерші, қала салушы т. с. кұлдар еңбегі болғанын) теріске шығармайды, бірақ кұл еңбегін пайдаланудың негізгі түрі үйдегі, яғни отбасындағы құлдық деп есептеуге мүмкіндік береді.
Тәуелділердің тағы бір категориясы болды. Білге-қаған ескерткішінің текстерінде бектерге және халыққа арналған сөздер бар. Онда мынадай жол
кездеседі: « . . . менің шын жүректен шыққан сөзімді сендер (бәрің) осыған (ескерткішке) қарай отырып, он жебе ұлдарына және олардың таттарына жеткізіңдер!». Ертедегі түрік жазуларында таттар деп батыс түріктеріне тәуелді Жетісу аумағындағы отырыкшы коныстар мен қалалардың соғды тілдес тұрғындары айтылатын болуы керек . Түрік кағандарына бағынышты болған бұлар саудамен де, ауыл шаруашылығымен де шұғылданған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz