Орта ғасырдағы педагогикалық ойлардың дамуы
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ.
Сан ғасырлық тағылым мен тәлім . тәрбиенің бүгінгі ұрпақ үшін маңызы
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1) Орта ғасырдағы шығыс ойшылдарына сипаттама
2) Орыс және Кеңес педагогтарының еңбектеріне түсінік
3) Қазақ ағартушыларының ой.пікірлері мен қалыптасуы
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.

Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет бұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып, дүниежүзілік қоғамдастық танып егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу және жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты. Нарық экономикасына көшу, құқықтық мемлекет құру және азаматтық қорғау талаптарын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер енгізуді қажет етіп отыр. Мұндай маңызды да, күрделі мәселелерді шешу үшін, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда. Осы тұрғыдан алып қарасақ, еліміздің оқу-ағарту мен білім берудің тарихи бетін ашып беретін, оның теориясын жасап өздерінің педагогикалық көзқарастарын бүгінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған ойшылдарымыздың - еңбектері.
Бұдан туындаған мәселелер жай ғана көрініп қоймай маңыздылығымен бүгінге жетіп отыр. Мемлекетіміз үшін де, ата-аналар үшін де бүгінгі таңда жас ұрпаққа сапалы білім беруден маңызды мәселе жоқ. Оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарының ауқымды жасалуы білім берудің мазмұны, ондағы мақсат-міндеттердің шешіліп орындалу дәрежесі мен дидактикалық талаптардың ескерілуі мөлшермен анықталатыны белгілі. Педагогикалық теорияда тәрбиенің мақсаты мен міндеттері қоғамның қажеттілігі мен айқындалады. Ал еліміздегі білім берудің, жас ұрпақты тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан эканомикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайды.
Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің бірі болып отырғаны баршамызға белгілі. Ғылымның қай саласы болсын ұстаз қауымы алдына зор міндеттер жүктейді. Соның ең бастысы – сапалы білім және саналы тәрбие беру барсынында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ой белсенділігін дамыту болып табылады. Себебі, білімді жастар ғана ел егемендігін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуына лайықты үлес қоса алады.

1. Аймауытов Ж. Психология. Алматы, 1994.
2. Амонашвили Ш. Трактат “Школа жизни. Москва. Изд. дом. Амонашвили, 1998.
3. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Алматы, 2004.
4. Бабанский Ю.К. Педагогика. Москва, 1988.
5. Баженова И.Н. Педагогикалық ізденіс. Алматы. “Рауан” 1990.
6. Баранов С.П. и др. Педагогика. Москва, 1981.
7. Батышев С. Научная организация учебно-воспитательного процесса. Москва, 1975.
8. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. Алматы, 1996.
9. Безрукова В.С. Педагогика. Изд. “Деловая книга”, Екатеринбург, 1996.
10. Бержанов К., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 1984.
11. Битинас Б. П. Процесс воспитания. Приобщение к ценностям.
12. Беспалько В.П.Слагаемые педдагогические технологии. Москва, 1989.
13. Блонский П.П.Курс педагогики. Москва, 1916.
14. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. Москва, Педагогика, 1986.
15. Гессен С.И. Основы педагогики. Москва, 1995.
16. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. Москва, 1996.
17. Данилова М.А., Болдырева Н.И. Москва. Педагогика, 1971.
18. Дьяченко В.К. Новая дидактика. Москва. «Народное образование» 2001.
19. Жалпы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасу жағдайындағы дамуы. Алматы “МерСал”, 2003.
20. Журавлев В.И. Взаимосвязь педагогической науки и практики. Москва. Педагогика, 1984.
21. Әбу Насыр әл-Фараби. Философиялық трактаттар, Алматы, 1973.
22. Әбу Насыр әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы, 1975.

Орта ғасырдағы педагогикалық ойлардың дамуы.
Жоспары:
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ.
Сан ғасырлық тағылым мен тәлім – тәрбиенің бүгінгі ұрпақ үшін маңызы
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1) Орта ғасырдағы шығыс ойшылдарына сипаттама
2) Орыс және Кеңес педагогтарының еңбектеріне түсінік
3) Қазақ ағартушыларының ой-пікірлері мен қалыптасуы
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.
Тәрбие басы тал бесіктен басталар, ойшылдардың еңбектерінен тәлім алар
бүгінгі күннің жастары.

Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет бұрыс кезеңін бастан
кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып, дүниежүзілік қоғамдастық танып
егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді
шешу және жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан
қалыптасуымен тікелей байланысты. Нарық экономикасына көшу, құқықтық
мемлекет құру және азаматтық қорғау талаптарын қамтамасыз ету, білім беру
жүйесінде үлкен өзгерістер енгізуді қажет етіп отыр. Мұндай маңызды да,
күрделі мәселелерді шешу үшін, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының
үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда. Осы тұрғыдан алып
қарасақ, еліміздің оқу-ағарту мен білім берудің тарихи бетін ашып беретін,
оның теориясын жасап өздерінің педагогикалық көзқарастарын бүгінгі ұрпаққа
мұра етіп қалдырған ойшылдарымыздың - еңбектері.
Бұдан туындаған мәселелер жай ғана көрініп қоймай маңыздылығымен
бүгінге жетіп отыр. Мемлекетіміз үшін де, ата-аналар үшін де бүгінгі
таңда жас ұрпаққа сапалы білім беруден маңызды мәселе жоқ. Оқушылардың
дүниетанымдық көзқарастарының ауқымды жасалуы білім берудің мазмұны,
ондағы мақсат-міндеттердің шешіліп орындалу дәрежесі мен
дидактикалық талаптардың ескерілуі мөлшермен анықталатыны белгілі.
Педагогикалық теорияда тәрбиенің мақсаты мен міндеттері қоғамның
қажеттілігі мен айқындалады. Ал еліміздегі білім берудің, жас ұрпақты
тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
эканомикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты
Қазақстан халқына Жолдауынан туындайды.
Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен
сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің бірі болып отырғаны
баршамызға белгілі. Ғылымның қай саласы болсын ұстаз қауымы алдына зор
міндеттер жүктейді. Соның ең бастысы – сапалы білім және саналы тәрбие беру
барсынында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ой белсенділігін
дамыту болып табылады. Себебі, білімді жастар ғана ел егемендігін баянды
етіп, қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуына лайықты үлес қоса алады.
Олай болса өскелең ұрпақ мүғалім берген білімді іс-әрекет тәсілдері
мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын
ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, зерделі танымдық іс-
әрекетімен сабақтастырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру,
жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту.
Педагогика тарихынан туындайтын тәрбие – белгілері тарихи жағдайларда
ғана көрініп және жойылып отыратын басқа қоғамдық құбылыстарға қарағанда ол
демек, тәрбие мәңгі бақи категория қатарына жататындығы ғылымда әбден
анықталып отыр. Соноу орта ғасырларда адамзат ілімінің молаюын, ақыл-
парасатының жетілуін, оқу-ағартудың жетілуін айтып, білім алудың
маңыздылығын анықтауда, орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі –
тәрбие, оның категориясын жасағандардың төлбасысы - Әбунасыр Әл-Фараби
болды.
Фараби ғылымды жіктеуде педагогиканы (ол кезде оқу-тәрбие, білім
ұғымдары ғана болатын) азаматтық ғылымға жатқызды. Фарабидің оқу-тәрбие,
білімнің категориясының негізін салғанын Қайырымды қала тұрғындарының
көзқарастары деген еңбегінде айқындала түскенін, ағылшын утописі Томос
Мордың (1475-1535) өз тәжірибесінде қалай пайдаланғанын анық көре аламыз.
Тәрбие тарихынан белгілі болғанындай, Ибн-Сина адамның жан-жақты
дамуын және жетілуін тәрбие, оқу, еңбектің жемісі деп қарастырады. Жүсіп
Баласағұни ХІ ғасырда Фараби ілімін жалғастырушы бола келіп, өзінің Құтты
білік дастанында отбасы тәрбиесінің негізін салды. Тәрбие теориясының
қарқынды дамуына қарамастан, ХІІ ғасырдың басына дейінгі педагогика
философияның бір бөлігі ретінде қарастырылды. Шынында да, қазірдің өзінде
философтардың қай-қайсысы болмасын тәрбие мәселесінен айналып өтпейді.
Осының өзі педагогикалық проблеманың қоғам мен ғылым үшін маңыздылығы зор
екендігі айтпаса да белгілі.
Педагогиканың өзі ғылым ретінде философиямен бірдей деңгейде дамып
келеді. Я.А. Коменскийдің (1592-1670) еңбектерінде тәлім-тәрбие мәселесі
одан ары дамып, оның жолын жалғастырғандар да көбейе бастады.
Педагогика ғылымында оқушының, студенттердің өзіндік жұмысын
ұйымдастыру мен шығармашылыққа баулу, сонымен қатар педагогикалық білім
беру орта ғасыр педагогтарының оның ішінде Я.А. Коменский, К.Д. Ушинский,
В.Ф. Шаталов, т.б орта ғасыр ойшылдардың еңбектерінде орын алған.
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздың
күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы – сырнайының үні, асқақтата салған әсем
әні, ғашықтық жырлары, шешендік саз, айтыс өлеңдері мен бостандық үшін жері
мен елін қорғаған батыр бабаларымыз туралы тарихи дастандары ғасырлар бойы
өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары намысқой азамат
етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Олай болса, тәуелсіздік туы
желбіреген егеменді еліміздің болашақ отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеуде
олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін,
жерін, отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңіруде
осы ата-бабамыздың салт-дәстүрін негізге ұстансақ, өте ұтымды болар еді.
Педагогикалық ойлардың, туған жерге деген ыстық сезім, атамекенге
деген құрмет пен қадір қасиет тұтуды Ұлы дала ойшылдары Қорқыт ата, Әл-
Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, т.б. өз еңбектеріне арқау еткен.
Қазіргі мектептердегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін
пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа
технологияларды іздестіру оларды қолдануға бағытталған. Бұл негізінен,
оқытуды ізгілендіруге сүйенеді, ол оқытудың жеке тұлғаға бағдарлануын,
дамуы мен тиянақталуының үрдісі мен нәтижесін тану тұрғысында болып, оларға
жаңа мазмұн, мағына береді.
Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады.Ең алдымен, оның тәрбие
мақсатына бағытталған ықпалы көптеген жағдайларға байланысты қиындай
түсетін өте күрделі диалектикалық сипатының болуы.
Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар:
түрлі әсердің бала (мектеп, үйелмен, көше, ресми топтар т.с.с.) табиғатына
үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта-
ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы.Сондықтан оқушының ішкі рухани жан
дүниесін ашудың қиындығы (оқушылар өздері топ болған жағдайдың себептерін,
әрине,біле бермейді) бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр
түрлілігінен,баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп
туады.
Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқының (объективті) ішкі
жағдайдың (субъективті) игілігіне айналатын адам адамының шеңберіне
өткізілуі. Адамның қоғамдық мәні дамудың қай жағдайда жүруіне байланысты
қалыптасады. Дегенмен, адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында, оның осы
жағдайлардағы іс- әрекеттің сипаты маңызды рөл ойнайды. Бұл дамудың
әлеуметтік жағдайы деп аталып кеткен. Тәрбие процесінде адамның қоғамдық
мәнін қалыптастырудың қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама –
қайшылықтар тән. Олар сыртқы және ішкі қарама – қайшылықтар болуы мүмкін.
Тәрбие – бұл педагогикалық құбылыс. Олай болса педогогикалық
құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарайық. Бұл
жерде кейбір заңдылықтарды атауға болады.
1.Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты.
Неғұрлым қоғамның әлеуметтік экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір
талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік
қасиеттерінің дамып қалыптасуына игі әсер етеді.
2.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі.Оқушы тұлғасының дамуы мен
қалыптасуына белсенділіктің рөлі зор.Іс-әрекет барысында белсенділіктің
бірнеше түрлерін байқауға болады. Олар: қарым- қатынас белсенділігі, таным
белсенділігі және өзін- өзі тәрбиелеу белсенділігі.
Қарым – қатынас белсенділігі арқылы бала жолдастарымен, кейбір
адамдармен қарым – қатынас жасайды, өзіне дос іздестіреді, тілектес дос
табуға тырысады. Қарым – қатынас белсенділігінің нәтижесінде тұлғаның
бойында мінез-құлық қасиеттері (қамқорлық, қайырымдылық,
ілтипаттылық,жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасады.
Тұлғаның даму процесінде өзін - өзі тәрбиелеу белсенділігі сапа
жағынан ішкі факторға айналады.Оқушы үлгі аларлық сөздермен, ережелермен
толықтырылған сауыт емес, ол шырақ, оны өзін - өзі тәрбиелеудің аса
мейірімділік ынтықтығымен тұтандыру керек.Демек, жеткіншектер тек
айналадағы дүниені ғана танып қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне
үңіле қарай білулері қажет, яғни оқушы бір жағынан тәрбие объектісі болады.
3.Тәрбие іс - әрекетінің және қарым – қатынастың шешуші рөлі.
Тәрбие, оқыту және білім беру іс - әрекетіне байланысты. Іс -
әрекетінің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оқу , еңбек, спорт, көркемдік,
қоғамдық саяси іс-әрекеттері т.б. жатады.Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде
баланың ақыл – ойын, осы дүниеге көзқарасы дамиды, мінез – құлық және
эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек етуде жауапкершілік сезімі
артады.
Іс - әрекетінің барысында қарым – қатынас іске асырылады. Қарым –
қатынас бұл адамдардың өзара әрекеттесіп, әр түрлі комуникациалық
құралдардың көмегімен бір – бірімен пікір алысуы. Қарым – қатынас
әлеуметтік өмір құбылыс, ол хабарламалық, нормативтік және таным процесі
ретінде сипатталады. Қарым – қатынас оқушыларды мінез – құлқы іс -
әрекеттері, білім, әдебиет, өнер, қоршаған орта туралы, мол хабарламалармен
байытып ой - өрісін дамытады.
Қарым – қатынас нормативтік просесс тұрғысынан қарастырсақ,
оқушылардың қарым – қатынасы белгілі нормалар жинағымен реттеледі. Ол
нормаларды қоғам реттейді. Қоғамдық нормалардың көзі – идеология, қоғамның
әлеуметтік – саяси және экономикалық процесі.
Қарым – қатынас – таным процесі. Таным және қарым – қатынас өзара
байланысты, мұны оқушылардың іс - әрекетінен көруге болады.
4. Тәрбие процесінде оқушылардың және дербес ерекшеліктерін есепке
алу.
5.Педогогикалық процесте ұжым мен адамның өзара байланысы. Оқушы
тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі ұжым болады.
Көрнекті педагогтар Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинскийдің
педагогикалық ойларының негізі - ұжымдық қатынастарды қалыптастырудың
теориалық негіздерін жасады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы
қарым–қатынас – ұжымның даму процесі. Педогогикалық процесте ұжымның басты
борышы - әрбір адамның түлеп өсуіне қамқоршы болу тиіс. Тәрбиенің
ерекшелігі, оның ұжымдық бағытта іске асырылуында, өйткені тәрбие екі
жақты,бір текті процесс.
Міне, осы тұрғыдан жаңашыл мұғалімдердің тәрбиешілер мен балалардың
бірлесу іс - әрекетінің идеясы шығармашылық ынтымақтас-тықтың шешуші
шартарының бірі болады.
Сонымен тәрбие мазмұны қоғамның әлеуметтік – саяси, экономикалық
жағдайын бейнелейтін міндеттерге тәуелді.
Тәрбие заңдылықтарымен қатар тәрбие принциптеріде қалыптасқан.
Әдетте принцип дегеніміз адамның нақты іс - әрекетінде өзі башылыққа
алатын алғы шартты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші
басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін
бастапқы ережелер. Тәрбиеші оларды таңдамайды, басшылыққа алады, солардың
талабы тұрғысынан күрделі, жалпы немесе дербес, нақты мәселелердің шешімін
іздейді. Мектеп өмірінде әр түрлі тәрбие принциптері қолданылады.
Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. Тәрбиенің алдына қоғам
болашағына берік сенім бар азаматтарды қалыптастыру міндеті
қойылады.Мектептің бүкіл іс - әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызымет етуі
керек. Кез – келген тәрбие жұмысының құндылығы оқушылар ұжымының идеялық
өмірін байытумен, оқушылар санасын ғылыми білімінің дұрыстығына берік
сендірумен, қоғамдық саяси белсенділігін, жоғары моральдық және азаматтық
сапаларын қалыптастырудағы ықпалымен бағаланады.
Әрбір тәрбие жұмысына дайындалу үшін ең алдымен олардың мақсаттарымен
міндеттерін нақты ойластырып, анықтаған жөн. Мақсатсыз тәрбие жақсы нәтиже
бермейді.Өйткені тәрбие әдістері олардың мақсаттарына байланысты.Осыған
орай, әр бір баланың және ұжымныңерекшеліктерін еске алып, мұғалім тәрбие
жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады.Оқыту мен тәрбие
жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс -
әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне әсер етеді.
Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрлысының практикасымен байланыс
принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани
қатынастарын, өмір шындығының моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие
ісінде қолдану болып табылады. Осы принципті жүзеге асыру оқушыларды
өмірге, еңбекке,мамандықты саналы таңдауға толық дайындаудың шынайы алғы
шартын жасайды.Кейде тәрбиенің өмірмен байланысы тек оқушылардың тәрбие
жұмысындағы өнімді еңбегімен байланысын жүзеге асыру деп қараушыларда
бар.Бұл жеткіліксіз пікір, себебі қоғамдық өмір ұғымы өндірістік еңбек
ұғымына қарағанда кеңірек және мазмұндырақ.Оқушыларды еңбектік іс -
әрекнттің түрлеріне қарастырып, ол әрекеттің қоғамның түпкі мүлдесі үшін,
материалдық және рухани игіліктерді байыту үшін күресетін құрамды бөлігі
екенін қабылдайтын жағдайға келтіруіміз керек.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу. Бұл тәрбие жұмысының жетекші
принциптерінің бірі. Пндагогика ғылымы балалар мен жас өспірімдердің
топтық және ұжымдық өмірін, олардың тұлғасының рухани байлығының,
әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілік сезімі қалыптасуының міндеті шарты
деп қарайды.
А.С.Макаренко ұжымды адамның біртұтас түрлі сапалары жаттығып,
қалыптасатын гимнастика залы, сондықтан тәрбие жүйесі ұжым болып
ұйымдастырылған педагогикалық іс - әрекет процесін басқаларынан жоғары
қояды,- деп көрсетті. Бірлескен іс - әрекетте, орынды ұйымдастырылған
ұжымдық қозғалыста ғана өзара тәуелді,өзара жауапкерлікті қатынастар
туындайды, баланың тәжірибе және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі
жүреді, оның қоғамдық мәнінің ұжымшылдық сапалары қалыптасады.
Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптармен көрсетілетін құрметтің
бірлігі. А.С.Макаренко кезінде егер біреу – педагогикалық тәжірибенің мәнін
қысқаша ғана формуламен қалай анықтар едіңіз деп сұрай қалса, мен оған
адамға мүмкінше үлкен талап қою және құрмет көрсету деп жауап берер едім,
- деген екен. Мұғалім осы принципті басшылыққа алып, оқушы күш – қуатына
ерік беретін, орынды әрекеттеріне және қылықтарына тербеліс туғызатын,
өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкерлігін ұғындыратын өзіндік
өрнегі (стилі) мен сарыны (тоны) бар қатынастарды таңдап алады.
Егер талап ету ізденумен, қате түсінікпен, уақ – түйекпен байланыссыз
болса, онда ол адамға деген құрметтің ең жоғары өлшемі болып табылады.
А.С.Макаренконың айтуына қарағанда, белгілі бір шамада қателесу бола тұрса
да, адамға үміт болжамы тұрмысынан қарау керек. Оқушы бойындағы орынды –
рухани нәрсені жобалай біліп, оған сүйеніп, оның сеніміне иек артуымен
қатар, мұғалім оқушының өз тәжірибесін дамытумен айналысуға дайындығын іске
қоса білуі керек.
Тәрбиелік ықпалдың тізбектестігі, жүйелігі, беріктігі және
үздіксіздігі. Бұл принципті ұстау әрбір бөліктері мен элементтері түгел
бір тұтастықты құрайтын педагогикалық жүйенің болуын талап етеді. Тәрбие
саласында жүргізілетін түрлі тәрбиелік шаралар бір – бірімен сабақтас болуы
тиіс. Жаңадан өткізілетін тәрбие жұмысының мазмұны өткізілген тәрбиелік
шаралардың логикалық жалғасы болуы қажет. Демек, өткізілген тәрбие
жұмысының мазмұны оны ары қарай да дамып, тиісті сатыға көтеріледі. Сонда
ғана аталған принциптер жүзеге асады.
Педагогикалық ықпалдардың жүйесіздігі, кездейсоқтығы, бейтараптығы,
келісімсіздігі, ретсіздігі тәрбие мақсатына үзілді – кесілді қарама – қайшы
келеді. Тәрбие үшін оқушыға қойылатын талаптардың ала – құлалығынан бетер
зиянды нәрсе жоқ. Мәселен, мектеп пен үйелменнің сынып ұжымы мен жұмыс
істейтін мұғалімдердің оқушыларға қоятын талаптарының үйлеспей ала – құла
болуы. Тәрбие көп адамдар қатынасатын ұзақ іс - әрекеті. Сондықтанда
олардың жұмыстарында тізбектестік пен ұласымдылықтың сақталуы, оқушылардың
тәрбиелік дәрежесінің дер кезінде анықталып отыруы асамаңызды мәселе.
Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі
негізінде құрылуы қажет.
Тәрбиенің оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәикестігі. Бұл
принципті жүзеге асыру оқушылар іс - әрекетінің мазмұны мен түрін олардың
жасына, өмір тәжірибесіне, күш – қуаты мен мүмкіндіктеріне сәйкес болуын
талап етеді. Әрбір бала өзінше ерекше бір бітім. Сондықтан олардың
әрқайсысына тәрбие беру оқушы бойындағы қажеттілік пен қызығушылыққа
сүйеніп , оны қанағаттандыратын және оқушының тәртібі мен іс - әрекеттің
негізі болатын жаңа қажеттіліктер мен қызығушылықтарды туғызатын түрлер
мен тәсілдерді таба білгенде ғана мүмкін болады. Осы принциптің жүзеге
асуына мұғалімнің жас және педагогикалық психологияны терең білуі
көмектеседі.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, ұлы
ойшылдарымыздың педагогикалық тәлім-тәрбиеге толы көзқарастарын әрбір ата-
ана, ұстаз, қоршаған орта қауымы жоғарыда аталған тәрбие заңдылықтары мен
принциптерін талапқа сай қолдану шеберліктерін жетік меңгергенде ғана кез-
келген жас ұрпақтың келесі құнды тұлғалық қадір-қасиеттерді меңгеруіне
бағыт береді: біріншіден ақыл-ойдың зерделігі мен тапқырлығын, екіншіден
ыстық қайраттылық пен ерік-жігерді, үшіншіден өзіндік талғам мен
құндылықты, төртіншіден елін, жерін, халқын сүйетін және қадірлейтін,
мақтанететін кейінгі жастарға үлгі болатын нағыз азаматтық құнды мінез-
құлықтар қалыптасады.

Екінші ұстаз атанған Әбу Наср әл-Фарабидің ғылымға сіңірген еңбегі
ауқымдылығы және тереңдігімен, осы заманға ғылым салаларына тигізетін
септігімен құнды. Ғұламаның өмірі, шығармашылығы, педагогикалық,
психологиялық, философиялық т.б көзқарастарына қатысты күрделі
зерттеулермен дәйекті пікірлер айтылып, жазылып келеді. Әл-Фараби түркі
тектес халықтар ғана емес бүкіл әлемге танымал сондықтан адамзат қауымына
тән ғалым екені дәлелденді.
Қоғам дамып, оның түр сипаты өзгерген сайын, ғылым мен техниканың үнемі
жаңа құралдары пайда болып ол халыққа кең тараған сайын олардың адамдарға
жағымды-жығымсыз ықпалы да көбейе түсетіні белгілі. Нашақорлық,
маскүнемдік, қаңғыбастық секілді т.б. былай қойғандағылым мен тениканың
мүмкіндіктерін ақша табу мақсатында пайдаланудан келіп шығатын адамды
аздырып, тозыдыратын балалар арасындағы копьютерлік ойндарға құмарлық,
ересек адамдардың әр түрлі сипаттағы техникалар мен жабдықталған құмар
ойындарға әуестігі; техникалық жабдықтардың мүмкінджігінен біздерге келіп
жеткен әр түрлі ойын, сауық, кино, басқа да көрсетілімдердің де әсіресе
буыны қатпаған жас буындарға тигізетін теріс әсері күннен күнге арта
түсуде.
Осындай өсіп келе жатқан жас адам психикасына әсер етіп өмірлік бағыт-
бағдарын теріс арнаға бұрып жіберетін ықпалы ұрымтал жағдайда әлеуметтік-
педагогикалық қызметтің қажеттігі арта түсуде. Бұл орайда өткеннен келіп
жетукен тарихи тәжірибелерді бүгінгі күн ахуалына сай пайдаланудың жолдарын
қарастыру мәселесі туындайды. Соның бірі әл-Фарабидің әлеуметтік
көзқарастары мен оларды қазіргі күн талаптарына сай пайдалану жолдарын
қарастыру.
Бұл ретте ғұламаның әлеуметтік- этикалық және психологиялық пікірлерін
жекелеген адамдардың мінез-құлқы мен жүріс –тұрысы, ақыл парасатына тәлім-
тәрбиелік ықпал етуде қолдану мүмкіндігі мол екенін атап өтеміз.
Атап айтсақ оның қоғамдағы адамдардың бір-біріне ықпал ететіні және
осыдан келіп әр кімнің өз білгенінше өнеге алатынын жаратылысында...адамға
кемелділік дәрежесіне жету үшін...ол қандай да бір адам қауымын қажет
етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған қажетті нәрселердің жалпы
жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады... дейді. Біз үшін
ғалымның қоғамдағы адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты әлеуметтік-
тәлімдік пікірі аса маңызды. Айталық ол осы Философиялық трактаттар
деген еңбегінде ...бір-біріне көмектесіп отыратын, біреуі екіншісінің өмір
сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген
адамдар бірлестігі арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелдік
дәрежесіне жете алады дейді. Ғұламаның бұл пікірі әлеуметтендурі үрдісіне
жаңсайды. Өйткені әлеуметтендіру дегеніміздің өзі адамды белгілі бір
қоғамда толыққанды өмір сүруіне шарт түзіп, қатарға қосу дейтін болсақ,
осыған орай өзара жәрдемдесу, кейбір мүмкіндігі төмен адамдарға көмек беру
осы әлеуметтік педагогиканың басты міндеттерінің бірі. Ғұлама бұл жерде
кемелденген адам туралы сөз қозғайды. Оның пікірі бойынша осындай
кемелденген адамдар өмір сүрген күнде ғана кемелденген қоғам пайда баолады.
Бұл ретте ғалым тағы да осындай қоғамының барлық м.үшелерінің іс-
әрекеті жиналып келгенде олардың әрқайсысына өмір сүру үшін және
кемелдікке жету үшін керекті нәрсенің бәрін тауып беріп отырады-деген.
Ғұламаның бұл жердегі әлеуметтік –тәлімдік пікірі адам мен қоғам арасындағы
қарым – қатынасты парасаттылық қағидалары негізінде ұйымдастыру: өзара
көмектесу- кемелдіктің белгісі ретінде көруінде болып отыр.
Ғұламаның кемелденген адам туралы пікірін ұғыну үшін оның басшы адамға
қоятын талабын зерделеу арқылы тануға болады. Ол мынадай он екі қасиетті
атап көрсетеді:1) адамның мүшелерінің мінсіздігі бұл мүшелерінің күші
өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шыға үшін мейлінше жақсы бейімделген
болуы керек; 2) жаратылысынан өзіне айтылғандардың бәрін жете түсінетін
сөзді сөйлеушінің ойындағысындай...ұғып алатын болуы керек:; 3) жадында
жақсы сақтайтын ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; 4) алғыр да аңғарымпаз
ақыл иесіболуы; 5) ойына түйгенін айтып бере алатын тіолмар болуы шарт;
6) оқып-үйренуден шаршамай тын, бұған оңай жететін болуы керек;
7)қанағатшыл сауыққұмарлықтан аулақ болуы; 8) шындықты жақтыратын, өзі
шыншыл болуы; 9) жаны асқақ, ари-намысын ардақөтайтын болуы; 10)
жаратылысынан пасық істерге қарсы, игі істерге снталы болуы; 11) жалған
дүниенің байлығына жирене қарау; 12) жаратылысынан әділетті, әділетсіздік
пен озбырлықты, сондай адамдарды жек көретін болуы; еп көрсетеді. Сонымен
қатар ол қөоғамының әр мүшесіне әділетсіздіктен зардап шеккендердің
залалын өтеп, жұрттың бәріне өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетуі
талабын қояды. Алайда қоғам, осы қасиеттердің бірі бойында болса бірі кем,
не жеткіліксіз, кейде тіпті жоқ, сол себепті мінез-құлқы мен аөыл-парасаты
әр түрл көптеген адамдар жиынтығынан тұрады.
Әл-Фараби атап көрсеткен жеке адамның әлеуметтік сипатының барлық
адамда бірдей бола бермейтіні белгілі. Сондықтан ол қайырымды қала
тұрғындарымен қатар қайырымсыз қала тұрғындарына да сиапттама береді. Ол
аталмыш қасиеттердің барлығы адамдардың бойындағы денсаулығының қандай
екендігіне байланысты деп көрсетеді, егер денсаулыққа жеткізетін нәрсе
болмаса, онда денсаулықтың өзі де бюолмайды, нақ сол сияқты әрекеттер
өзінің мөлшерінен асып кетсе және адам осыған әдеттенсе, жақсы мінез-құлық
та болмайды дейді.
Адамдардың бойында қандай да бір кемшіліктң болуы, мейлі ол
психикасында, сол арқылы мінез-құлқында, жүріс-тұрысы мен сөлеген сөзінде,
қылық-жорығында болсын, мейлі ол дене кемістігі , сол арқылы қимыл-
қарекетінде болсын әйтеуір бір тұсынан көрініп тұратынын аңғартады. Ол
осындай көзге көрінетін және көрінбейтін кемшіліктердің жеке адамның өз
басына ғана емес қоршаған әлеуметтік ортаға теріс ықпалының болатынын жоққа
шығармайды.
Екінші ұстаздың әлеуметтік-тәлімдік ойларын оның Бақыт жолын сілтеу
деген еңбегінен көптеп табамыз. Мұнда ол көбінесе адамның ішкі
жандүниесімен сыртқы мінез-құлық көріністерінің арақаьынасын ашып көрсетіп,
оны әлеуметтік проблема ретінде қарастарыда. Бұл ретте оның Жаман мәнез-
құлық – рухани кесел деген тұжырымын жалпы әлеуметтік-тәлімдік
көзқарасының арқауы деуге болады. Өйткені нашар мінез қөұлықтың пайда
болуын ол екі себеппен балйныстырады: біріншісі, дене мүшелері мен
психикалық саулығының жеткілксіздігі; екінші қоршаған әлеуметтік ортаның
теріс ықпалы-дей келе мұны жеке адамның өзіне байланысты қарастырады.
Өйткені әлеуметтік ортадан жақсы-жаманды жұқтырып алу не болмаса одан
аулақ болу әр адамның ақыл-парасатына байланысты деп қарастырады.
Әл-Фараби әдет туралы айта келіп әдеттің арқасында жақсы мінез-құлыққа
ие болуымызға себепкер болатын нәрсені мен – бұл өзі мәніз-құлқы жақсы
адамдарға тән әрекет(басқа түк те емес) деп білем. Ал жаман мінез-құлыққа
ие болуымызға себепкер нәрсе – бұл өзі мінез-құлқы жаман адамдарға тән
әрекеттер, басқа түк те емес деп көрсетеді. Осының өзі-ақ ғұламаның жақсы
не жаман болу әр адамның өзінен болатынын дәрептегенін көрсетеді. Нашар
мінез құлықтың белгісін ол шамадан ауытқу – не артық кету немесе кем түсу
деп белгшілеп, рақатты шамамен пайдалану нәпсіге ұстамдылық...рақатқа
шектен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz