Бухгалтерлік есеп принциптері



Кіріспе
1.Бөлім. Бухгалтерлік есептің принциптері
1.1. Бухгалтерлік есептің мәні және тәсілдері
1.2. Бухгалтерлік баланс, оның формасы мен мазмұны.
2.Бөлім Шоттар мен қосарлы жазба
Шоттарды құру мен олардың мазмұны
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы ішкі және сыртқы пайдаланушыларына толық мағлұмат беретін ақпараттық жүйесінің көзі болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есепті оқып үйрену арқылы ғана басқарушылық шешім қабылдауды меңгеруге болады.
Ұйымның қызметін тиімді басқару үшін шикізаттар мен материалдарды үнемді пайдалану, өндіріс қалдықтары мен шығындарды азайту, бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру және оның сапасын арттыру, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнын мүмкіндігінше төмендету қажет. Бұл міндетті шаруашылықты жүргізудің қазіргі жағдайында нақты қойылған есеп жүйесінің көмегімен ғана шешуге болады. Бухгалтерлік есептің нақты және толық экономикалық ақпараттарынсыз қазіргі күрделі экономикалық механизмді басқару мүмкін емес.
Бухгалтерлік есеп принциптері курсының бағдарламасы студенттердің бухгалтерлік есеп негізін меңгеру үшін және осы алған білімдерін ұйымдарда іс-тәжірибеде бухгалтерлік есеп стандарттарына сай қолдана білуді оқыту мақсатында жасалған.
Бухгалтерлік есеп принциптері курсы-жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге бухгалтерлік есептің негізін таныстыруға арналған бірқатар тақырыптардың құрылымынан тұрады. Курстың басты мақсаты-бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша білім алып, оқу нәрімен сусындап жатқан студенттерді бизнес тілімен таныстыру. Оларға бухгалтерлік есептің қашан және қалай пайда болғандығы, оның даму тарихы және қаржылық ақпараттардың қайдан алынып, қалай қолдану қажеттілігі жайлы, ұйымды басқарудағы бухгалтерлік есеп жүйесі, бухгалтерлік баланс, бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері, шоттар жүйесі мен екі жақты жазу, актив, міндеттеме және кәсіпорынның меншікті капиталы туралы түсінікпен олардың анықтамасын таныстыруды көздейді. Бухгалтерлік есеп принциптері курсы бухгалтерлік есептің негізі және ол курс қаржылық есептің бастамасы болып табылады. Бұл курсты оқыту барысында қаржылық қорытынды есеп беруді дайындау мен бухгалтерлік есеп кезеңдеріне шолу жүргізіледі.
Бұл бухгалтерлік есеп принциптері курсы бухгалтерлік есеп ақпараттарын дұрыс пайдалану үшін, қаржылық есепті енгізу тәртібі мен оның талаптарға сай әдістемелік тұрғысынан ұйымдастырылуы жайлы экономика салаларында маманданып жатқан студенттерге қажетті білім береді.
Бухгалтерлік есеп принциптері курсы екі бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімінде бухгалтерлік есептің теориясына қатысты барлық сұрақтар, ал екінші бөлімінде бухгалтерлік есеп объектілерінің кейбір сұрақтары қарастырылады.
1. 2002 жылғы 24 маусымдағы №329-II Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңы.
2. Бухгалтерлік есеп стандарттары (2004 жылға өзгерістермен және толықтырулармен). Алматы, 2004.
3. Бухгалтерлік есеп типтік шоттар жоспары. Қазақстан Республикасы қаржы Минисртлігінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі №438 бұйрығымен бекітілген.
4. Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы №441 бұйрығымен бекітілген типтік шоттар жоспарын қолдану әдістемесі.
5. Астахов В.П. «Бухгалтерский финансовый учет». Ростов на Дону: Март, 2002.
6. Бабаев Ю.А. «Теория бухгалтерского учета». М:,
7. Гетьман, Терехова, Шнейдман и др. «Финансовый учет». М:, ФинСтат. 2002.
8. Ержанов М.С., Ержанова С «Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов». Алматы, Ержанов и К 2003.
9. Качалин В.В. «Финансовый учет и отчетность в соответствии со стандартами GAAP». М:, 2000.
10. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, Экономикс 2003.
11. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. «Қаржылық есеп». Алматы, 2001.
12. Кеулімжаев Қ.К. «Шоттар корреспонденциясы». Алматы, БИКО 2000.
13. Кирьянова З.В. «Теория бухгалтерского учета». М., 1995.
14. Кутер М.И. «Теория и принципы бухгалтерского учета». М., 2000.
15. Крятова Л.А., Эргашев Х.Х. «Бухгалтерский учет: основы и теории». М., Маркетинг 1998.
16. Кузьминский А.Н. «Теория бухгалтерского учета». Киев, 1990.
17. Назарова В.Л. Бухгалтерлік іскерлік корреспонденция. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2002.
18. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов. Алматы: Экономика, 2004.
19. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. «Принципы бухгалтерского учета». М., 1998.
20. Ниткин В.М., Ниткина Д.А. «Теория бухгалтерского учета». М., Дело и сервис 1999.
21. Рахимбекова Р.М., Кеулимжаев К.К., Айтхожина Л.Ж.., Салменова А. «Финансовый учет на предприятии». Алматы, Экономика 2003.
22. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп». Алматы. 2002.
23. Ряжнова О.В. «Международные стандарты бухгалтерского учета и финансовой отчетности». М., 2002.
24. Укашов Б.Е., Әжібаева З.Н. «Бухгалтерлік есеп теориясы». Алматы, 1998.
25. Салина А.П. Принципы бухгалтерского учета. Алматы, «Экономика» 2003.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1-Бөлім. Бухгалтерлік есептің принциптері
1.1. Бухгалтерлік есептің мәні және тәсілдері
1.2. Бухгалтерлік баланс, оның формасы мен мазмұны.
2-Бөлім Шоттар мен қосарлы жазба
Шоттарды құру мен олардың мазмұны
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы ішкі және
сыртқы пайдаланушыларына толық мағлұмат беретін ақпараттық жүйесінің көзі
болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есепті оқып үйрену арқылы ғана
басқарушылық шешім қабылдауды меңгеруге болады.
Ұйымның қызметін тиімді басқару үшін шикізаттар мен материалдарды
үнемді пайдалану, өндіріс қалдықтары мен шығындарды азайту, бәсекеге
қабілетті өнімдерді өндіру және оның сапасын арттыру, сондай-ақ өнімнің
өзіндік құнын мүмкіндігінше төмендету қажет. Бұл міндетті шаруашылықты
жүргізудің қазіргі жағдайында нақты қойылған есеп жүйесінің көмегімен ғана
шешуге болады. Бухгалтерлік есептің нақты және толық экономикалық
ақпараттарынсыз қазіргі күрделі экономикалық механизмді басқару мүмкін
емес.
Бухгалтерлік есеп принциптері курсының бағдарламасы студенттердің
бухгалтерлік есеп негізін меңгеру үшін және осы алған білімдерін ұйымдарда
іс-тәжірибеде бухгалтерлік есеп стандарттарына сай қолдана білуді оқыту
мақсатында жасалған.
Бухгалтерлік есеп принциптері курсы-жоғары оқу орындарында оқитын
студенттерге бухгалтерлік есептің негізін таныстыруға арналған бірқатар
тақырыптардың құрылымынан тұрады. Курстың басты мақсаты-бухгалтерлік есеп
және аудит мамандығы бойынша білім алып, оқу нәрімен сусындап жатқан
студенттерді бизнес тілімен таныстыру. Оларға бухгалтерлік есептің қашан
және қалай пайда болғандығы, оның даму тарихы және қаржылық ақпараттардың
қайдан алынып, қалай қолдану қажеттілігі жайлы, ұйымды басқарудағы
бухгалтерлік есеп жүйесі, бухгалтерлік баланс, бухгалтерлік есептің
концепциялары мен принциптері, шоттар жүйесі мен екі жақты жазу, актив,
міндеттеме және кәсіпорынның меншікті капиталы туралы түсінікпен олардың
анықтамасын таныстыруды көздейді. Бухгалтерлік есеп принциптері курсы
бухгалтерлік есептің негізі және ол курс қаржылық есептің бастамасы болып
табылады. Бұл курсты оқыту барысында қаржылық қорытынды есеп беруді
дайындау мен бухгалтерлік есеп кезеңдеріне шолу жүргізіледі.
Бұл бухгалтерлік есеп принциптері курсы бухгалтерлік есеп ақпараттарын
дұрыс пайдалану үшін, қаржылық есепті енгізу тәртібі мен оның талаптарға
сай әдістемелік тұрғысынан ұйымдастырылуы жайлы экономика салаларында
маманданып жатқан студенттерге қажетті білім береді.
Бухгалтерлік есеп принциптері курсы екі бөлімнен тұрады. Оның бірінші
бөлімінде бухгалтерлік есептің теориясына қатысты барлық сұрақтар, ал
екінші бөлімінде бухгалтерлік есеп объектілерінің кейбір сұрақтары
қарастырылады.

1-Бөлім. Бухгалтерлік есептің мәні
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Жекелеген құрамдас
бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері деп аталады. Бухгалтерлік
есептің объектілеріне мына процестер жатады;
1. қамтамасыз ету.
2. өндірістік.
3. өткізу.
Қамтамасыз ету- кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және басқа
материалдық қорлар, жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арада
туындаған қарым-қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып
табылады.
Өндірістік- өнім дайындағанда пайдаланылатын өндіріс құралдары, оларға
байланысты шығындар бухгалтерлік есептің объектілеріне болып табылады.
Объектілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек
құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен
бейнеленуі;
Өткізу- бұл кезде өткізу жөніндегі шығындар (буып-түю, орау, іріктеу,
тасымалдау); субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсеткен
қызметі үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдарының құрамы, орналасуы, пайда болу
көздері мен мақсаттары бойынша былай жіктеледі:

Құралдардың түрлері мен орналасуы бойынша жіктеу

Өндірісте бар, айналымдағы және өндірістік емес салдағы құралдар былайша
бөлінеді:
Негізгі құралдар-бұлар өндіріс процестерін жүргізу үшін қажетті
жағдайлар жасайтын еңбек құралдары олар ұзақ уақыт бойы сыртқы түрі мен
формасын жоғалтпай, өндіріс барысына бір жылдан астам уақыт қатысады.
өндіріс барысында олар бірте бірте тозады, одан кейін күрделі жөндейді
немес ауыстыруды қажет етеді. Сондықтан НҚ құнының бөлігін дайын өнімнің
өзіндік құнына ай сайынғы ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте
тозу (амортизация) жолымен қосылады.
Материалдық емес активтер-бұлар әкімшілік мақсатпен және басқа
субъектілерге жалға берілуге, өндірісте ұзақ уақыт бойы қолдануға немес
тауарларды өткізуге арналған, заттай мәні жоқ, ақшалай емес активтер.
Бұларға фирманың бағасы, фирмалық марка, патент, лицензия, авторлық
құқық, сондай-ақ рецептура, технологиялық регламент, ноу-хау
(производственная новая технология, жаңа технологиялық өндірулер) құндары
жатады. Олар ақшалай теңеумен бағаланады және баланста көрсетіледі, оның
үстіне бұл активтерге де ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте
төмендетілуі есептелінеді.
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар- субъектінің басқа субъектілердің
жарғылық капиталына сол субъектілерге үлестік қатысудан алатын кірістер
және дивиденд немес процент түрінде қосымша экономикалық пайда алу
мақсатымен қаржы салуы.
Айналымдық қаржы- қаражаттың бір ғана айналымына қатысады және өзінің
құнын өндірілген өнімге бірден және толығымен қосады. Олар айналымдық
өндіріс құралдары мен айналған қаржыдан тұрады. Айналымдық өндірістік
құралдарға өндіріс процесіне тікелей қатысатын (шикізат, материалдар,
отын, жартылай өнімдер, бітпеген өндіріс) жатады. Айналатын процеске
қызмет ететін құралдар айналу құралдары деп аталады. (банктегі шоттағы,
субъектінің кассасындағы ақшалай қаржы, құнды қағаздар, әртүрлі
дебиторлық борыштар).
Дебиторлық борыш- субъектінің басқа субъектілерде уақытша тұрған немесе
белгілі бір мерзім өткен соң қайтарылуға жататын құрамдары болып
саналады. Дебиторлық борыш ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып екіге
бөлінеді (қысқа мерзімді-1 жылға дейін, ұзақ мерзімді 1 жылдан астам
уақыт). Пайда болу көздері мен мақсатты көздері бойынша шаруашылық
құралдарын топтастыру негізіне оларды сол кәсіпорынға бекіту белгісі
ретінде салынған

Кәсіпорын құралдарының пайда болу көздерін жіктеу.

Осы кестеде көрсетілген мәліметтерде, қаражаттың мынадай бөліктерге
бөлінгені көрсетілген:
Меншікті капитал-бұл кәсіпорын қызмет еткен ұзақ уақыт пайдаланатын
(жарғылық капиталы, резервтік капитал, бөлінбеген табыс).
Жарғылық капитал- құрылтайшылардың шаруашылық жүргізуші субъектіге оны
ұйымдастырған кезде бөлген сомасы және жарғыда көрсетіледі. Оның мөлшері
тұрақты және өзгермей қалады. Жарғы капиталының көбеюі немес азаюы тек
қана құрылтайшы құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін
құрылтайшылардың шешімі бойынша жүзеге асады.
Резервтік капитал-бұл пайдадан ақша аудару есебінен пайда болатын
меншікті қаражат бөлігі, шаруашылық іс-әрекетке кететін шығында жабу,
жарғы капиталын толтыру, дивиденттер мен субъектінің басқа шығындарын
өтеу үшін қолданылады.
Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын) –барлық шығыстар мен салық
төленгеннен кейінгі шығарылатын кірістің қалған сомасы.
Қарыздық қаражат айналымдық қаржыға қосымша қажеттілікті, соның ішінде
шикізаттың, материалдардың, отынның маусымдық қорларын жасауды жабады.
Олар кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзімнен
соң қайтарылуға тиісті.

1.1. Бухгалтерлік есеп тәсілі.
Бухгалтерлік есеп тәсілі деп-әдіс, амалдардың жиынтығы түсіндіріледі,
олардың көмегімен байқау, есепке алынатын мәліметтерді жете білу мен
зерттеу жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп тәсілінің мынадай сегіз элементтері бар:
1. Құжаттама
2. түгендеу
3. бағалау
4. калькуляция
5. шоттар
6. қосарлы жазба
7. баланс
8. есеп беру
Құжаттама –шаруашылық операцияларының бастапқы тіркеу әдісі мен
бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын негіздеу. Құжат –бұл белгіленген
тәртіппен ресімделген шаруашылық операциясының жасағаны туралы ақпаратты
жазып қойылған түрде сақтайтын материалдық сақтаушы.
Түгендеу- мүліктің іс жүзінде бар екендігі бухгалтерлік есептің
мәліметтеріне сәйкестігін тексеру әдісі. Түгендеудің мақсаты- құралдың
сақталуын кейіннен бақылау үшін істің нақты жағдайын айқындау, нақты
есептік көрсеткіштерді қамтамасыз ету.
Бағалау- белгілі бір уақыт ішіндегі кәсіпорын мүлкін ақшалай өлшеммен
бейнелеу амалы. Кәсіпорын құралдарын дұрыс бағалау жанды және затқа
айналған еңбекке жұмысалған шығындардың іс жүзіндегі бейнелеуін талап
етеді, бұларға есеп объектілерін ақшалай өлшеу де кіреді. Тауарлық-
материалдық қорларды өндіріске жұмсалған шығындарды дұрыс бағаламау,
жалақыны және өнімнің өзіндік құнына кіретін басқа да шығындарды дәлме-
дәл есептемеу шаруашылық іс-әрекет нәтижелерін анықтаған кезде
бұрмалаушылыққа әкеледі. Кәсіпорын мүлкінің маңызды түрлері ағымды есепте
және баланста мынадай бағалармен бейнеленеді:
-негізгі құралдар бастапқы, баланстық немесе қалдық құнымен бағаланады;
-материалдар, отын, шикізат нақты өзіндік құны бойынша;
- дайын өнім- нақты өзіндік құны бойынша;
-әртүрлі дебиторлармен және кредиторлармен есептесулер бухгалтерлік
есепте құжатта көрсетілген сомамен бейнеленеді.
Калькуляция- өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірлігінің өзіндік құнын
ақшалай бейнелеп шығару амалы. Өнімнің өзіндік құны материалдық, еңбек
басқаруға жұмсалған шығындардан, әлеуметтік салық аударудан құралады.
Шоттар- қаржы жағдай, міндеттемелер және капитал туралы ағымдағы ақпарат
жинайтын, жүйеленетін экономикалық топтастыру. Шоттардағы жазба құжаттар
негізінде жасалады-бұл операцияны екінші рет тіркеу. Шаруашылық
құралдарының немесе көздерінің әрбір түріне жеке шоттар ашылады.
Қосарлы жазба- шаруашылық операцияларын есеп объектілерінің өзара
байланысын көрсететін бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеу тәсілі.
Баланс- белгілі бір кездегі субъектінің мүлкі, міндеттемелері және
капиталы туралы ақпаратты жинақтап қорыту мен экономикалық топтастыру
әдісі. Бұл-субъектінің қаржылық жағдайын сипаттайтын негізгі есепті
форма. Баланс барлық шаруашылық құралдарын, олардың пайда болып,
қалыптасу көздерін салыстыру және есеп объектісінің барлық жиынтығын
бақылауды жүзеге асыру үшін қажет.
Есеп беру- кәсіпорынның белгілі бір кезең (ай, тоқсан, жыл) ішіндегі
шаруашылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. Баланста, есеп беру
де тиісті топтастыру мен шоттарды өңдеуден кейін жасалады.

2-Бөлім. Бухгалтерлік баланс
2.1. Кәсіпорынның балансы, оның формасы мен мазмұны.

Кәсіпорынның іс-әрекетін оперативті басқаруды қамтамасыз ету үшін
кәсіпорында бар ресурстар, олардың жағдайы, орналасуы мен пайдалануы,
сондай-ақ олардың пайда болу, қалыптасу көздері жайлы мәліметтер қажет.
Белгілі бір тәртіппен жинақталып, қоытылған, топтастырылған мұндай
мәліметтерді баланстың көмегімен алады.
Баланс- бухгалтерлік есептің екі бөлімнен тұратын элементтерінің бірі.
Біріншісі Актив деп, ал екіншісі –меншікті капитал және міндеттемелер
деп аталады. Бірінші бөлімде шаруашылық құралдарының құрамы, орналасуы,
қолданылуы, ал екінші бөлімде қаражаттың пайда болу көздері мен мақсатты
белгілеуі көрсетіледі.
Актив МКМ
Ұзақ мерзімді активтер меншікті капитал
материалдық емес активтер жарғы капиталы
негізгі құралдар резервтік капитал
ұзақ мерзімді дебиторлық берешек қосымша төленген капитал
инвестициялар қосымша төленбеген капитал
ағымдағы активтер төленбеген табыс (жабылмаған шығын)
тауарлық –материалдық қорлар ұзақ мерзімдік міндеттемелер
(материалдар, дайын өнім, туарлар) ұзақ мерзімді қарыздар
ақшалай қаражат (касса, есепшот, ұзақ мерзімді кредиторлық берешек.
валюталық шот) салықтар
дебиторлық берешек (есеп беретін Ағымдық міндеттемелер
адамдармен есептесу) қысқа мерзімдік қарыздар
қаржылық инвестициялар бюджетпен есептесулер
келешек кезең шығындары алынған аванстар
жалақы бойынша есептесулер
жабдықтаушылармен және мердігерлермен
есептесулер

МКМ-дағы актив қаражатының әрбір жекелеген түрі немесе оның шығу көздері
баланс баптары деп аталады. Бухгалтерлік баланс құжаттармен расталған,
тексерілген бухгалтерлік жазбалар негізінде жасалады. Баланс жасау үшін
Бас кітап, журнал-ордерлер, сондай-ақ талдау есептерінің регистрлері
пайдаланылады.
Баланс 5 бөліктен тұрады:
1. Ұзақ мерзімді активтер МЕА, НҚ
2. ағымдағы активтер (1 жылдан кем)
3. меншікті капитал
4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер (1 жылдан астам)
5. Қысқа мерзімді міндеттемелер (1 жылдан кем)

2.2. Шоттар мен қосарлы жазба
Шоттарды құру мен олардың мазмұны
Кәсіпорынды оперативті басқару үшін белгілі бір кездегі шаруашылық
ресурстары туралы бухгалтерлік баланс беретін мәліметтер жеткіліксіз.
Шаруашылық қызмет пен жоспарлы тапсырмаларды орындауды бақылау үшін
шаруашылық құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын, олардың шығу
көздерінің өзгеруін, шаруашылық процестердің және т.б нәтижелерін
күнделікті білу қажет. Шоттардың көмегімен есептің бір текті обьектілерін,
сондай-ақ ағымдағы бақылау экономикалық топтастыруды жүзеге асырады.
Шоттағы жазбалар ақшалай түрде жүргізіледі. Әрбір жекелеген шотта есепке
алынған обьектінің бастапқы жағдайы, кейіннен оның өзгеруі (шаруашылық
операциясы туғызған мен азайту) тіркеледі. Бұл экономикалық біртекті
құлалдар құралы мен олардың шығу көздерінің, шаруашылық іс-әрекет
процестері мен қорытындаларының жаңа жағдайын кез келген сәтте анықтауға
мүмкіндік береді.
Шоттар баланыспен байланысты. Активтің немесе МКМ-нің әрбір бабына
сол атаудағы тиісті шот ашылады.
Бухгалтерлік есептің шоттары баланыстық және операциялық болып
бөлінеді.Операциялықтар қаражат айналымының кейбір фазаларына байланысты
жекелеген немесе біртекті шаруашылық процестерін есепке алады.
Өзгерістерді (қаражаттың ұлғаюы немесе азаюы) бейнелеп көрсету үшін шот
екі бөлікке бөлінеді.
Дебет шот атауы
Кредит
Бухгалтерлік есептің барлық шоттары активтік және
МКМ(пассивтік)болып бөлінеді.
Айдың басында шоттар алдағы айдың балансы негізінде ашылады. Шот
ашу- қалдықты(сальдоны) ай басына жазу деген сөз. Активті шоттарда сальдо
дебет бойынша, ал пассивте- кредит бойынша жазылады.
Шоттарда ағымдағы ай ішінде жазылатын сома айналымдық деп
аталады. Дебеттік бөлімде жазылатын сома дебеттік айналымдар, ал кредиттегі-
кредиттік деп аталады.
Ай соңындағы қалдық былайша есептелінеді:
1. активті шоттар Ст =Сб (Д-т)+ Айн (Д-т)-Айн (К-т).
2. пассивтік шоттар Ст =Сб (К-т)+ Айн (К-т)-Айн (Д-т)
Активті шоттардағы қалдық – дебеттік, пассивтегілер- кредиттік.
Активті шоттардың ұлғаюы дебет бойынша, ал азаюы- кредит бойынша
Пассивті шоттардың ұлғаюы кредит бойынша, ал азаюы- дебет бойынша
жазылады.

Шоттардағы екі жақты жазба
Шаруашылық операцияларды бейнелеп көрсету тәсілі ретінде екі
жақты жазба өндірісте болатын барлық шаруашылық процестерін есептеу
үшін қолданылады. Екі жақты жазба ақшалай бағасы бар шаруашылық
операциялар бухгалтерлік есебі шотында бейнелеп көрсету тәсілін
білдіреді, олар шаруашылық құралдарында, олардың шығу көздерінде
және шаруашылық-құқықтық қатынастарда өзара байланысқан өзгерістер
туғызады. Шоттар арасындағы байланыс шоттар корреспонденциясы, ал
өзара шаруашылық операциялармен байланысқан шоттар –
корреспонденттелетін деп аталады.
Шоттарға енгізілерден бұрын операциялар есептік
формалар(проводкалар)жасалады, олар жазбалар қандай шотта
жүргезілгенін көрсетеді. Дебеттелетін, кредиттелетін шоттарды және
шаруашылық операцияларының сомасын көрсету бухгалтерлік проводка деп
аталады, олар құжаттар негізінде жасалады. Корреспонденттелетін
шоттарға байланысты күрделі және жай бухгалтерлік проводкалар
болады. Бір дебеттелетін және бір кредиттелінетін, керісінше,
бірнеше дебеттелетін және бір кредиттелінетін шоттардан тұратын
күрделі проводка деп аталады.
Мысалы: жай өткізгіш проводкалар:
Жабдықтаушыға есеп шоттан тауарлық –материалдық қорлармен
жабдықтаған соң аванс сомасы аударылады:
1610 Тауарлық –материалдық қорлармен жабдықталған соң берілген
аванстаршот дебеті
1040 Ағымдық шоттағы ақшашот кредиті 63000
күрделі өткізгіш проводкалар:
кәсіпорын кассасынан берілді:
а) іссапарлық шығындарға қолма- қол ақша
1251 есеп беретін адамдар мен есеп айырысулар шот дебеті
7000
ә)қызметкерлерге жалақы:
3350 Қызметкерлермен еңбекті өтеу бойынша есеп айырысулар шот
дебеті 45000
б) кассадан берілген жиынттық сома:
1010кассадағы қолма- қол ұлттық валюта шот кредиті 115000
1- бөлім Бухгалтерлік есептің принциптері
2.6.3 Синтетикалық және аналитикалық шоттар
Бухесепте шоттардың екі: синтетикалық және аналитикалық
түрлері егжей- тегжей тәптіштелу, жинақталып қорытылу дәрежесі әр түрлі
ақпарат пен көрсеткіштерді алу үшін қолданылады.
Синтетикалық шоттарда шаруашылық құралдары мен олардың қозғалысы
туралы жинақтап қорытылған көрсеткіштер болады. Олар тек қана ақшалай түрде
көрсетіледі.
Аналитикалық шоттар есептің тиісті обьектілеріне түгел, толық
сипаттама береді, олар синтетикалық шоттардың дамуына орай ашылады.
Материалдық құндылықтарды бейнелеп көрсететін аналитикалық шоттар тек қана
ақшалай емес, заттай түрде де жүргізіледі Синтетикалық және аналитикалық
есеп шоттарындағы жазбалар сол бір құжаттар негізінде жасалады.
Синтетикалық шоттың дебеті мен кредиті бойынша айналымдар
аналитикалық шоттарды біріктіретін айналымның жалпы соиасына тиісінше тәң
болуға тиіс.
Мысалы, Қызметкерлердің және басқа адамдардың берешегі333 шоты
синтетикалық шот болып табылады, оған қызметкерлердің аты- жөні бойынша
аналитикалық шот- Иванов және т.б.
Іс жүзінде синтетикалық және аналитикалық шоттардан басқа ішкі шоттар
(субшоттар), яғни синтетикалық және аналитикалық шоттар арасындағы аралық
буын қолданылады, олардың көмегімен осы синтетикалық шот ішіндегі жекелеген
обьектілер қорытындыланған мәліметтерді алу үшін аналитикалық шот
мәліметтерін қосымша топтастыру іске асады.
Шоттарды жіктеу
Шоттарды жіктеу бухгалтерлік есеп тәсілінің маңызды элементі ретінде шоттар
жүйесін сипаттайды, қаражат пен шаруашылық процестерін жүзеге асыру үшін
оларды дұрыс қолдануға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есепте қолданылатын
шоттар оларда есепке алынатын объектілердің экономикалық мәні жағынан,
міндеті, құрылымдық ерекшеліктері және тағы басқа белгілері бойынша бірдей
емес. Осыған байланысты оларды сапалық біртекті топтарға бөліп жіктеу,
топтастыру талап етіледі, бұл шоттардың әрбір жекелеген топтарына тән
ерекшеліктерді анықтауға, олардың мазмұны мен есепте қолданылу тәсілдерін
түсінуге мүмкіндік береді.
Шоттарды екі белгісі бойынша былай жіктейді:
1. Экономикалық мәні жағынан;
2. міндеті мен құрылым жағынан.
Экономикалық мәні жағынан жіктеу дегеніміз- сол немесе басқадай шоттарда
не есепке алынатынын анықтауға, нәтижесінде, есеп объектілері туралы
жүйелі экономикалық ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Міндеті мен құрылымы жағынан жіктеу- назардағы объекті туралы сондай
немесе басқадай экономикалық көрсеткіштерді алу үшін қандай шоттар
қолданылуға тиісті екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Екі жіктеу де
өзара тығыз байланысты және өзара шарттасылған. Шоттарды құру, оның
құрылымы айналымдардың дебет пен кредит бойынша сипатын, оның сальдосын
анықтайды. Шоттарды құру тек экономикалық мәні жағынан емес, оның
міндетіне де байланысты. Кейбір шоттар материалдық құндылықтарды
қозғалысы мен жағдайын көрсету үшін, басқалары-өнім өндіруге жұмсалатын
шығынды есептеу үшін, үшіншілері-кірістерді анықтау үшін қолданылады.
Негізгі шоттар шаруашылық құралдарының бар- жоқтығы мен қозғалысын, олардың
пайда болу көздерін бақылау үшін қолданылады, өйткені оларға есептелетін
обьектілер шаруашылық іс- әрекеттің негізі болып есептеледі. Олар шағын
топтарға бөлінеді:

Мүліктік.Материалдық құндылықтардың өсуін, жұмсалғанын және
қалдығын бақылауға арналған. Бұл қаражаттың түсуі дебет бойынша, шығуы-
кредит бойынша көрсетіледі, шот- активті, қалдық- дебеттік. Аналитикалық
шот ақшалай және заттай түрде жүргізіледі.
Ақшалай. Банкте, кассада әртүрлі валютамен сақтаулы ақшалай
қаражаттың бар- жоқтығын, түсуін бақылауға арналған. Шоттар активті, дебет
түсуді, кредит жұмсалуын көрсетеді, қалдық дебеттік.
Инвестициялар акцияларға, басқа субьектілердің жарғы капиталына
салынған инвестициялар, сондай- ақ қаржылық инвестициялар.Шот құрылымы
бойынша активті.
Меншікті капитал. Шоттар субьектінің меншікті қаражат көздерінің
пайда болуы мен пайдалануын есептеу үшін қолданылады, құрылымы бойынша МКМ-
ға (пассивтік ) жатады. Кредит бойынша шығу көздерінің ұлғаюы, дебет
бойынша- ол қаражат көздерінің шығуын бейнелейді. Кредиттік сальдо
кәсіпорында қорлардың бар- жоғын көрсетеді.
Есеп шоттар кәсіпорынның дебиторларымен және кредиторларымен
есептесулерді есепке алу үшін қызмет етеді. Есептесулердің әр түрлі сипаты
бұл шоттардың сан алуан құрылуын және олардың көмегімен әртүрлі
көрсеткіштер алуға себепші болады.
Реттеуші шоттар. Бұлардың көмегімен ағымдағы есепте шаруашылық
құралдарының бағасы түзетіледі. Субьектінің шаруашылық құралдары олардың
өндірісі мен сатып алынуына нақтылай жұмсалған шығын негізінде бағаланады.
Реттеуші шоттар құралдардың қайсыбір түрін бағалауды дәл анықтайды немесе
реттейді. Осы мақсатпен ағымдағы есепке алудағы негізгі шоттардан басқа
олармен байланысқан реттеуші шот жүргізіледі. Есепке алынатын обьектінің
нақты мөлшерін табу үшін реттелетін шоттың
сомасы негізгі шот сомасынан алынып есептеледі. Негізгі қаражатпен
материалдық емес активтер оларды алған немесе іске қосылған сәттен бастап
және жұмсалып кетуіне дейін бастапқы бағасы бойынша есептеледі.Жеке шотта
дербес олардың сол сәттегі тозу сомасы көрсетіледі. Бастапқы құнды тозу
сомасымен салыстырып, яғни тозуды есептегенде, негізгі құралдардың
нақты(қалдықты) құнын шығарып аламыз.
Процестер мен нәтижелердің шоттары төменде көрсетілгендей
бөлінеді:
жинақтау – бөлу шоттары. Төлем немесе аудару сәтінде тиісті
обьектілерге тікелей жатқызылмайтын шығындармен кірістерді жинау үшін
қызмет етеді, бұлар- (930) қосымша шығын(шаруашылық ұйымдастыру жұмысына
арналған),(34)алдағы кезең шығыны - активті шоттар және (611)алдағы
кезең кірісі- пассивтік.
Калькуляциялық шоттар. өнім өндірісімен , орындалған жұмыспен,
өнімнің, жұмыс материалдарының өзіндік құнын есепке алу ушін арналған .
Кіріс шоттары – негізгі және негізгі емес іс- әрекеттен түскен кіріс.
Пассивтік, кредит бойынша шоттар кіріс есептеуді (алуды) көрсетеді, жыл
соңында олар қорытынды кірісті ұлғайту үшін есептен шығарылады.
Транзиттік шоттар ( бір күндік) бір элементті шығындарды есепке алу
үшін қолданылады. Ай соңында калькуляциялық шоттар есебіне қосылады.
Калькуляциялық шоттар сияқты бұл шоттарда қалдық болмайды, ай соңында 21
бөліктен басқасы жабылады(ай соңында бітпеген өндіріс қалдығы көрсетіледі.)
Шығын шоттары. Құрылымы бойынша активті, дебет бойынша
шығын өскенін көрсетеді, жыл соңында барлық шығын жиынттық кірісті азайтуға
арналып есептен шығарылады(571)
Қаржы – нәтижелік. операциялық – нәтижелік шот (571)-
қорытынды кіріс. Дебет бойынша субьектінің шығыны, ал кредит бойынша-
кірістер көрсетіледі.кредиттік қалдық кірісті, дебеттік шығынды көрсетеді.
Бұл шотта сальдо болмайды, өйткені есепті кезең соңында алынған айырма
Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын)561 шотына есептен шығарылады. 561-
кәсіпорынның салық салынғаннан кейінгі(корпаративті табыс салығы 30%)
өкімінде көрсетілетін таза табыс.
Тысқары шоттар осы кәсіпорынға тиеслі емес жауапты сақтауда
немесе уақытша пайдалануда жатқан құралды бейнелейді. Бұларды кәсіпорынға
тиеслі құралмен бірге есептеуге болмайды. Тысқары шоттарға қатысты барлық
операциялар екі жақты жазбамен емес, бір жақты, тек дебетпен немесе
кредиттен ғана көрсетіледі.
3-Бөлім. Шоттардың үлгі жоспары
Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары.

Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары дегеніміз - ұйымдардың
қаржы-шаруашылық қызметін есепке алуға қажетті, экономикалық негізделген
шоттардың жүйеленген тізілімі. Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің
бухгалтерлік есебі нұсқаулық 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне
енгізілген.
Ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі шоттарының
Бас жоспарын шетелдік инвесторлар қатысатын ұйымдардағы және шетелдік
ұйымдарға толықтай тиесілі ұйымдарды қоса алғанда, бухгалтерлік есепті
екіжақты жүйемен жүргізетін ұйымдар, бірлестіктер және халық шаруашылығының
ұйымдары (банктер мен бюджеттік ұйымдардан басқа) пайдаланады.
Шоттардың Бас жоспарын қолдану жөніндегі нұсқаулық бухгалтерлік есеп
шоттарының типтік жоспарын қолдануға және шаруашылық қызметтің біртектес
фактілерін бухгалтерлік есептің шоттарында көрсетуге бірыңғай қадамды
белгілейді.
Шоттардың Бас жоспары бойынша оны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
сәйкес бухгалтерлік есеп тәуелділігіне, меншік нысанына, ұйымдық-құқықтық
нысанына қарамастан, барлық шаруашылық салаларының, қызмет түрлерінің
ұйымдарда (банктер мен бюджеттік ұйымдардан басқа) ұйымдастырылуы тиіс.
Бухгалтерлік есептің шоттары мынадай бөлімдерден тұрады:
2. Бухгалтерлік есеп шоттарының ашылу тәртібі. Шоттардың типтік
жоспарын қолдану жөніндегі нұсқаулықта бухгалтерлік есепті жүргізу мен
ұйымдастырудың негізгі принциптері көрсетілген. Жинақтама шоттарға қысқаша
сипаттама беріледі, олардың құрылымы мен мақсаты ашып көрсетілген неғұрлым
кең таралған шаруашылық және қаржы операцияларының есебін жүргізу тәртібі
келтіріліп, шоттардың бухгалтерлік есептегі басқа шоттармен
корреспонденциясы берілген. Бухгалтерлік есептің шоттар жоспарын өзгертуге
себеп болған, біздегі бухгалтерлік есептің жүйесінің халықаралық
стандарттарға көшуіміздің салдары деп түсінуге болады.

3. Қосарлы жазба-деп шаруашылық операциясын әр түрлі шоттардың дебеті мен
кредиті бойынша бірдей сомамен бір мезгілде көрсету әдісін айтамыз. Біз
бұдан бұрын айтқанымыздай әрбір шаруашылық операциясы бухгалтерлік есептің
шоттарында екі рет (екі жақты жазу әдісімен): бір шоттың дебеті және екінші
шоттың кредиті бойынша көрсетіледі. Дебеттелетін және кредиттелетін
шоттарды көрсету шоттар корреспонденциясы немес бухгалтерлік жазба деп, ал
шоттар корреспонденцияланатын деп аталынады. Шоттар корреспонденциясын
жасау типтік және жалпылама сипатқа ие болатын қарапайым шаруашылық
операцияларының мысалында қарастырылатынын атай кету керек. Олардың
мағынасы: шаруашылық операциясы бір шоттың дебетіне және екінші шоттың
кредитіне әсерін тигізеді, яғни оған тек екі шот қана қатысады. Алайда
тәжірибе жүзінде көрсеткендей, қаржы-шаруашылық қызметте бір шоттың дебеті
бойынша және бірнеше шоттың кредиті бойынша көрсетілетін, сондай-ақ бір
шоттың кредиті бойынша және бірнеше шоттардың дебеті бойынша көрсетілетін
операциялар да кездеседі. Сондықтан бухгалтерлік жазулар қарапайым және
күрделі болып екіге бөлінеді. Бір шоттың дебеті екінші шоттың кредитімен
корреспонденцияланатын жазу қарапайым деп аталынады. Мысалы, жеткізушіден
30 000 теңге сомасындағы материалдар келіп түсті. Материалдардың келіп
түсуі нәтижесінде активтік Шикізат пен материалдар шотындағы сомалар
артады, сондықтан Шикізат пен материалдар шоты дебеттеледі, сонымен бірге
жеткізушілерге берешек өсті, сондықтан Жеткізушілермен және мердігерлермен
есеп айырысу шоты бойынша бұл сома кредитте көрсетіледі. Жалпы жазу
мынадай түрге ие болады: Шикізат пен материалдар шотының дебеті,
Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу шотының кредиті- 30 000
теңге. Бір шоттың дебеті екі немесе одан да көп шоттардың кредитімен
корреспонденцияланатын, бір шоттың кредиті екі немес одан да көп шоттардың
дебетімен корреспонденцияланатын бухгалтерлік жазба күрделі жазу деп
аталады. Мысалы, 50 000 теңге жалақы есептелген, соның ішінде, негізгі
өндірістің жұмысшыларына -30 000 теңге, көмекші өндірістің жұмысшыларына –
20 000 теңге берілді. Келтірілген шаруашылық операциясы былай көрсетіледі:
Дт Негізгі өндіріс шоты-30 000 теңге.
Көмекші өндіріс шоты- 20 000 теңге.
Кт Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу шоты- 50 000 теңге.
Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарына жазу
құжаттардың негізінде жүргізіледі. Шаруашылық операциясының пайда болу
мөлшеріне қарай жүргізілетін жазу және олардың құжаттармен ресімделуі
хронологиялық деп аталады. Мұндай жазулар шаруашылық операцияларын
тіркеу журналында жүргізіледі. Деректерді экономикалық біртектес
объектілер бойынша жүйелендіретін жазулар жүйелік деп аталынады.
Шаруашылық операциясының бұл жазулары шоттарда жүргізіледі. Есеп
практикасында хронологиялық және жүйелік жазулардың бір кестеге бірігуі
сирек емес (№1 журнал-ордер, Кассадағы ұлттық валютамен қолға
берілетін ақша шоты бойынша №1 ведомость, №2 журнал-ордер, Есеп
айырысу шотындағы қолма-қол ақшалар шоты бойынша №2 ведомость).
Экономикалық мағынасына қарай әрбір шаруашылық операциясы есептің екі
объектісіне, яғни екі шотқа әсерін тигізеді, өйткені екіжақты сипатқа
ие болады. Іс жүзінде, егер ұйымдарға материалдар келіп түссе, онда бір
жағынан, материалдар көбейеді, ал екінші жағынан, оны сатып алатын
қаражаттар азаяды, яғни олардың қандай көздердің есебінен келіп түскені
міндетті түрде көрсетіледі: қолма-қол ақшаға сатып алынған ба, әлде
оларды сатып алуға несие пайдалнылды ма немес жеткізушілерге берешек
қалыптастыма ?
Шаруашылық операциясын екіжақты көрсетудің мәні-ол бір шоттың дебеі
бойынша және екінші шоттың кредиті бойынша бірдей сомамен жазылуға
тиіс. Демек, екіжақты жазу әдісін пайдаланып шоттар корреспонденциясын
жасаған кезде үш құраушы қатысады: шаруашылық операциясының мазмұны,
дебеттелетін шот, кредиттелетін шот.
Қосарлы жазудың мәні ұйымдардың балансының құрылымымен түсіндіріледі.
Онда оның мүлкі екі тұрғыдан қарастырылады: құрамы мен орналасуы
бойынша (баланс активі); осы мүліктің қалыптасу көздері бойынша (баланс
пассиві). Сондықтан баланстың активі мен пассивінің жиындары әрқашан
тең. Демек, екіжақты жазу әдісінің қажеттілігі ұйымдардың мүлкін
баланстық топтау әдісінен туындайды. Екіжақты жазу әдісінің үлкен
қадағалушылық мәні бар, өйткені сол бір ғана шаруашылық операциясы
бірдей сомамен екі рет көрсетіледі. Сондықтан осы операция бойынша сома
айырмашылығы болса, жіберілген қателік пен оған жауапкер де анықталады.

Шоттардың үлгі жоспары- бухгалтерлік есептің барлық жүйесін құруды
белгілейтін және барлық шаруашылық жүргізуші субьектілерге міндетті болып
келетін бухгалтерлік шоттардың жүйелендірілген тізбесі. Оның негізінде
шоттарды экономикалық мәні бойынша жіктеу жатыр. Шоттарды белгілі бір
топтарға экономикалық жағынан біртектілігі бойынша бөлу оперативті басқару
мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін
өндіріс барысы туралы көрсеткіштерді алуды қамтамасыз етеді. Шот есеп
жоспары субьектінің сан алуан шаруашылық іс- әрекетін жан – жақты,
толығымен қамтуға және жүйелендіруге мүмкіндік береді. Біртекті шаруашылық
қаражат – құралдарын және операцияларын бухгалтерлік есеп шоттарында
біркелкі бейнелеу үшін тек шоттардың үлгі жоспары ғана емес, шоттардың
экономикалық мәні мен олардың арасындағы типтік корреспонденцияларды
анықтау үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқау да қажет. Шоттар бойынша
жазбалардың айқын сызбасы(схемасы) құрылмайынша, бір шаруашылық
операциялары әр түрлі көрсетілуі мүмкін. Шот есеп жоспары 8 бөлімнен
тұрады. 1- ден 8 бөлімге дейін- қаржылық есеп шоттары, 8- өндірістік есеп
шоты. Бөлімдер бөлікке бөлінеді, ал бөліктер шоттарды экономикалық мәні
жағынан біртекті топтарға біріктіреді. Шот жоспарымен жұмысты жеңілдету
үшін әрбір бөлікке және шоттарына оның атауын ауыстыра алатын нөмері (код)
беріледі. Шоттардың үлгі жоспарында аналитикалық шоттар қарастырылмаған.
Әрбір субьект есеп саясатында субьект басшысы бекіткен шоттардың жұмыс
жоспарында ішкі шоттар (субшоттар ) ашуға құқылы.
3.2.Бухгалтерлік есеп формалары.
1. Мемориалдық - ордерлік есеп формасы алғашқы және жинақталушы құжаттар
мәліметтері негізінде жүргізіледі. Операцияларды жазу – тіркеу журналында,
соңынан Бас журналда жүргізіледі. Аналитикалық есеп алғашқы немесе жиынтық
құжаттар негізінде жазылатын карточкаларда болады.Ай біткен соң
синтитикалық және аналитикалық шоттардың мәліметтері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері
Бухгалтерлік есептің принциптері туралы
Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттау
Бухгалтерлік есептің мәні және түрлері
Бухгалтерлік есептің маңызы
Бухгалтерлік және қаржылық есеп берудің негізгі принциптері
Бухгалтерлік есептің принциптері және мәні
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негіздері мен жалпы принциптері
Есеп саясатының принциптері мен оған қойылатын талаптар
БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІН ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК АҚПАРАТТЫҢ ОРНЫ
Пәндер