Саяси режимдер


Саяси режимдер
Қазіргі саясаттанудағы саяси жүйенің қызмет істеу тәсілдерін ашып көрсететін негізгі категориялардың бірі - саяси режим. Ол осы режимнің өмірде нақты қалай қолданылатынын ашып көрсететін билігінің өлшеуіші болып саналады. Ол жалпы көлемде саяси билікті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдердің жиынтығын, жеке адамдардың демократиялық құқықтары мен бостандықтарының мөлшерін, қоғамның саяси өмірінің бүкіл бітім болмысын қамтып көрсетеді.
Саяси режим түсінігі әл күнге дейін теориялық тұрғыда дау-дамайлардың өзегі болып келе жатыр. Көптеген ғалымдар саяси режим дегеніміз саяси билікті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы деген теорияны алға тартады. Мұндай анықтау шектеулі болып табылады, өйткені әдістер мен тәсілдер саяси күштердің өзара іс-әрекетінің арақатынасына байланысты болады. Олар демократиялық құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырудың мөлшері мен механизмін анықтайды. Сондықтан да кез-келген қоғамдағы саяси саяси режим өзгеріске ұшыраған жағдайда қоғамның барлық ішкі және сыртқы саясатының да тез өзгеретіндігін ескерген жөн. Саяси режимді қарастырған кезде “Саяси режимді”, “Мемлекеттік режим” түсінігінен айыра білу керек. Мемлекеттік режим мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістерін сипаттайды, ал саяси режим болса биліктің сипатын қоғамның саяси өмірінің, яғни мемлекеттен басқа да әртүрлі саяси партиялардың, қозғалыстардың жағдайларын ашып көрсетеді.
Саяси режим мыналарды қамтамасыз етеді:саяси биліктің тұрақтылығын, азаматтардың басқарылуын, саяси мақсатқа қол жеткізуді және билік басындағы элитаның мүдделерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен саяси режим-елдегі саяси өмірдің сипаттамасын анықтайтын, саяси еркіндіктің дәрежесі мен билік органдарының қызметіндегі құқықтық негіздер дәрежесін көрсетіп беретін қоғамның саяси жүйесінің қызмет атқару тәсілі болып табылады. Саяси режим - белгілі бір мемлекет түріне тән қатынастардың жиынтығы.
Саяси режим мыналарды : билік жүргізу механизмдерінің қандай екендігін, мемлекеттік органдарының қызмет атқару тәсілдерін, әртүрлі әлеуметтік күштер арасындағы биліктің нақты қалай бөлінгендігін және саяси ұйымдарының өз мүдделерін қалайша білдіретіндігін, қоғамдаңы құқық пен бостандық ахуалының қандай екендігін, қоғамдағы жариялықтың деңгейін анықтайды.
Саяси режим қоғамның саяси өмір деңгейінің бірқатар өрісті кеңістіктерін қамтиды. Осы арқылы әртүрлі критерийлер бойынша саяси режимдердің сұрыпталу мүмкіндіктерін түсіндіруге болады.
Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-әректтерінің ерекшеліктерін, мемлекеттік биліктің әлуметтік өмірдің басқа да салаларына және азаматтардың жеке өмірлеріне ену деңгейін ескере отырып, саяси режимдердің типологиясын жалпы нұсқа ретінде қарастыруға болады.
Осы критерийлерді басшылыққа ала отырып, режимдердің үш түрін:демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық түрлерін ерекше атап көрсетуге болады. Демократиялық режим - бұл биліктің бастау көзі ретінде халық мойындаған, олардың мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге қатысуына құқық беретін және азаматтарды кең көлемде, жеткілікті дәрежеде құқық пен бостандық құзырымен қамтамасыз ететін саяси жүйенің қызмет істеуі мен қоғамдық өмірді ұйымдастыру тәсілдері. Демократиялық саяси режим саяси режимнің ең жоғарғы түрі болып табылады.
Демократиялық саяси режимді өалыптастырып құру мен оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, сыртқы саяси және діни секілді бірқатар жағдайлар қажет.
Саяси:Азаматтық қоғамды дамыту. Саяси биліктің тұрақтылығы. Саяси партиялар мен қозғалыстарының өмір сүруі мен қызмет істеуі.
Экономикалық:Тұтастай алғанда индустриалды және экономикалық дамудың жоғары деңгейде болуы. Урбанизацияның жоғарғы дәрежеде жүруі, экономиканың нарықтық бәсекелестігі, жеке меншік нысандарының плюрализмі.
Әлеуметтік:Азаматтардың әл-ауқатының біршама жоғары деңгейде болуы. Әлеуметтік теңсіздіктің тігісін жатұызу. Қоғамда әрқилы әлеуметтік игілікті бөліп беру, саны көп және ықпалды орта таптың кәсіпкерлердің болуы.
Мәдени:Халықтың сауаттылығы - тұтастай алғанда оның білімділігі. Азаматтық саяси мәдениет. Демократиялық дәстүрлер.
Сыртқы саяси:Тікелей әскери, саяси, эконмикалық, мәдени - ақпараттық ықпал ету. Басқа мемлекеттермен тұрақты достық қарым-қатынас орнату. Әскери қауіптіліктің болмауы.
Діни:Жеке адамның бостандығына, теңдікке, еңбек сүйгіштікке негізделген дін, шіркеулік астамшылыққа жол бермеу. Демократиялық режимдерге тән сипаттамалар мыналар:
Билікті заң шығарушы, атқарушы және соторгандарына бөлу принциптерінің жүзеге асырылуы.
Негізгі билік органдары мен лауазымды адамдардың сайланбалылығы, олардың сайлайшыларға есеп берушілігі.
Тағайындау жолымен құрылатын мемлекеттік органдардың бақылауды болуы мен сайлаушы мекемелер алдындағы жауапгершілігі
Мемлекеттік билік қызметінде саяси емес әдістерге жол берілмейді., мұнда ымырға келу әдісі басым болады.
Негізгі демократиялық құқықтар мен бостандықтарды жариялау.
БАҚ цензурадан азат болады және заң негізінде үкіметті сынай алады. Алайда күш көрсету арқылы билікті құлатуға шақыруға қақысы жоқ.
Қоғамда пайда болған жанжалдар заңда белгіленген механизм арқылы шешіледі. Алайда қазіргі таңдағы демократиялық режимде мұраттардан тым алыс. Кез-келген демократиялық мемлекеттекүш көрсетіп бағындыру және билеп күштеу апараты сақталады олар мемлекетке қарсы бұқаралық ереуілдерді басыпжаншу үшін қолданылуы мүмкін. Тұтастай алғанда осы айтылған демократиялық - саяси режимдердің нақты сипаттары авторитарлық және тоталитарлық режимдерге мүлде ұқсамайды.
Авторитарлық режимдер- бұл саяси билік нақты бір адам арқылы, оған халық неғұрлым аз қатысқан жағдайда жүзеге асырылатын саяси биліктің басқару жүйесі болып табылады. Мұнда жоғарғы мемлекеттік билік элитаға немесе диктатор мен оның төңірегіндегілерге тиеселі болады. Билік қатаң күш көрсету әдістері арқылы жүзеге асырылады. Авторитарлық режим азаматтардың негізгі құқықтарымен және бостандықтарымен санаса бермейді, саяси оппозицияны басып жаншиды, оппозициялық партиялардың қызметіне тыйым салады.
Авторитарлық саяси режимнің негізгі сипатамалары мыналар:
Ол орталық пен жергілікті жерлерде бір адамның немесе жекелеген топтардың қолына шоғырланады.
Билеуші авторитарлық партияның лидері өмір бойы мемлекет пен үкіметтің басшысы болып қала береді. Сөйтіп көсемшілдік ресми мемлекеттік принципке айналады. Барлық мемлекеттік және қоғамдық басқару институттары адамдарды тек сайлаусыз толықтыру жолымен тағайындау арқылы басқрылады. Билік ең алдымен өздерінің қауіпсіздігі, қорғанысы мен сыртқы саясаты мәселелерімен ған айналысады. Өндіріске, білімге мәдениетке өкімет тарапынан бақылау жойылады.
Тотаритарлық режимдер - әрбір адам мен тұтастай алғанда қоғам өмірінің барлық жағына абсолютті бақылау орнатуға тырысатынсаяси режим. Ол саяси режимнің түрі ретінде 20 ғасырда пайда болды. Осы режим кезінде мемлекет адамдардың саяси билік пен үстемидеологияға толық бағынуы арқылы қоғамдық өмірдің барлық саласында нақты бақылау орнатуды жүзеге асырады.
Тотаритарлық саяси режимнің сипаттамалары мынадай:
-билікті жалғыз бұқаралық партия өз иелігіне алады. Оны бір ғана адам - диктатор басқарады, ол мемлекеттік органдарға үстемдік етеді.
-мемлекеттік идеология қоғамдық өмірдің барлық саласына енеді.
-ұдайы немесе мезгіл-мезгіл қайталаныптұратын қуғын-сүргін ішкі саясаттыңқұралы ретінде пайдаланылады.
-бұқаралық ақпарат құралдарына технологиялық бақылау орнатылады.
-экономикаға орталықтандырылған бюрократиялық басшылық жасалынады, мемлекеттңк емес меншіктің барлық нысандары дерлік жойылады.
-қарулы күрес жолдарына толық үстемдік орнатады оппозициның қарсылықтары жойылады және тіпті оның өзі өмір сүруден қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz