Тарбағатай теріскейінің жаңадан ашылған археологиялық ескерткіштері



Профессор Ә.Т. Төлеубаевтың басқаруындағы Шілікті археологиялық экспедициясының бір отряды 2006 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан және Тарбағатай аудандарында археологиялық барлау жұмыстарын жүргізді. Бұл аудандарда жекелеген зерттеу жұмыстары атқарылғанымен кең көлемде археологиялық барлау жүргізілмеген. Бұл өлкедегі археологиялық ескерткіштер туралы алғашқы мәліметтерді өлкетанушылардың қысқа хабарламаларынан аламыз [1, 2]. Аталған аудандардағы ескерткіштерді есепке алып тіркеу жұмыстары белгілі археолог С.С. Черниковтың есімімен тығыз байланысты [3, 4]. Кездейсоқ табылған олжалар, сондай-ақ тіркеуге алынған археологиялық ескерткіштер «Қазақстанның археологиялық картасында» толықтай көрсетілген [5].
Жартас суреттері танымал археолог З.С. Самашевтың еңбегінде тыңғылықты зерттелген [6]. Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлерінің барлау жұмыстарынан [7] басқа 1989 жылдан бастап Тарбағатай ауданында ҚазҰУ-нің профессоры Ә.Т. Төлеубаев басқарған археологиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді [8].
2006 жылғы археологиялық барлау жұмыстары Шілікті жазығынан бастап Тарбағатай тауының теріскейіндегі алқаптағы Қызылкесік ауылына дейінгі аралықта жүргізілді. (Барлау жұмыстарына мақала авторынан басқа ғылыми қызметкер – Ғ.Д. Іргебаев, топограф – Ж. Құрманғалиев, жүргізуші – Қ. Ахметқалиев қатысты.) Қандысу, Терісайырық, Базар, Нарын, Қарғыба, Боғас, Тақиякеткен өзендері бойынан қола дәуірінен бастап түркі дәуіріне дейінгі жүзге тарта ескерткіштер есепке алынып, жоспарлары сызылып, фотоға түсірілді. Нақты координаталары анықталды (GPS).
Қола дәуірінің қоршаулары төртбұрыш, дөңгелек формада тігінен немесе жалпағынан қойылған тастардан тұрса, ал ерте темір дәуірінің қорғандары топырақтан, тастан және топырақ пен тас аралас үйіндіден тұрады. Тарбағатай теріскейіндегі ерте темір дәуірінің қорғандарындағы басты ерекшелік – қорымдағы бір не екі қорғанның етегінен сәл алшақта шеңбер немесе төртбұрыш пішінді ені – 0,2 – 1 м-ге дейін тас белдеуінің болуы. Ерте темір дәуірінің Шілікті жазығынан басқа патша қорғандары Ақсуат ауылы маңындағы Шыбынды, Қараоба, Төртоба, Қырықоба, Қабдеке ескерткіштері екені даусыз. Олардың диаметрі 40 м-ден 100 м-ге, биіктігі 3 м-ден 8 м-ге дейін. Түркі дәуірінің қорымдары тас қорғандардан тұрады. Мерзімделу уақыты белгісіз бірнеше қоныс орындары анықталды.
1 Никитин В. Краткое описание памятников Семипалатинской области // ИАК. Вып. 2. – СПб., 1902. – 103 с.
2 Коншин Н. О памятниках старины Семипалатинской области // Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела РГО. Вып І, 1903.
3 Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. // МИА. – М. - Л., 1960. – № 88. – С. 12.
4 Черников С.С. Загадка золотого кургана: где и когда зародилась скифское искусство. – М.: Наука, 1965. – 188 с.
5 Археологическая карта Казахстана /отв. редактор К.А. Акишев. – Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, – 1960. – 486 с. (№ 2717-2751 и др.)
6 Самашев З.С. Наскальные изображения Верхнего Прииртышья. – Алматы: Гылым, 1992. – 288 с.
7 Кущ Г.А. Археологические исследования Восточно-Казахстанского историко-краеведческого музея // Маргулановские чтения (тезисы). –Петропавловск, 1992. – С. 77-78.
8 Омаров Ғ.Қ. Археология және этнология кафедрасының көне дәуір археологиясы тобының зерттеулері // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. –Алматы, 2004. – № 4 (35). 161-163 - б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Төлеубаев Ә.Т., Омаров Ғ.Қ.
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қаласы

ТАРБАҒАТАЙ ТЕРІСКЕЙІНІҢ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Профессор Ә.Т. Төлеубаевтың басқаруындағы Шілікті археологиялық
экспедициясының бір отряды 2006 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан және
Тарбағатай аудандарында археологиялық барлау жұмыстарын жүргізді. Бұл
аудандарда жекелеген зерттеу жұмыстары атқарылғанымен кең көлемде
археологиялық барлау жүргізілмеген. Бұл өлкедегі археологиялық ескерткіштер
туралы алғашқы мәліметтерді өлкетанушылардың қысқа хабарламаларынан аламыз
[1, 2]. Аталған аудандардағы ескерткіштерді есепке алып тіркеу жұмыстары
белгілі археолог С.С. Черниковтың есімімен тығыз байланысты [3, 4].
Кездейсоқ табылған олжалар, сондай-ақ тіркеуге алынған археологиялық
ескерткіштер Қазақстанның археологиялық картасында толықтай көрсетілген
[5].
Жартас суреттері танымал археолог З.С. Самашевтың еңбегінде тыңғылықты
зерттелген [6]. Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музей
қызметкерлерінің барлау жұмыстарынан [7] басқа 1989 жылдан бастап
Тарбағатай ауданында ҚазҰУ-нің профессоры Ә.Т. Төлеубаев басқарған
археологиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді [8].
2006 жылғы археологиялық барлау жұмыстары Шілікті жазығынан бастап
Тарбағатай тауының теріскейіндегі алқаптағы Қызылкесік ауылына дейінгі
аралықта жүргізілді. (Барлау жұмыстарына мақала авторынан басқа ғылыми
қызметкер – Ғ.Д. Іргебаев, топограф – Ж. Құрманғалиев, жүргізуші – Қ.
Ахметқалиев қатысты.) Қандысу, Терісайырық, Базар, Нарын, Қарғыба, Боғас,
Тақиякеткен өзендері бойынан қола дәуірінен бастап түркі дәуіріне дейінгі
жүзге тарта ескерткіштер есепке алынып, жоспарлары сызылып, фотоға
түсірілді. Нақты координаталары анықталды (GPS).
Қола дәуірінің қоршаулары төртбұрыш, дөңгелек формада тігінен немесе
жалпағынан қойылған тастардан тұрса, ал ерте темір дәуірінің қорғандары
топырақтан, тастан және топырақ пен тас аралас үйіндіден тұрады. Тарбағатай
теріскейіндегі ерте темір дәуірінің қорғандарындағы басты ерекшелік –
қорымдағы бір не екі қорғанның етегінен сәл алшақта шеңбер немесе төртбұрыш
пішінді ені – 0,2 – 1 м-ге дейін тас белдеуінің болуы. Ерте темір дәуірінің
Шілікті жазығынан басқа патша қорғандары Ақсуат ауылы маңындағы Шыбынды,
Қараоба, Төртоба, Қырықоба, Қабдеке ескерткіштері екені даусыз. Олардың
диаметрі 40 м-ден 100 м-ге, биіктігі 3 м-ден 8 м-ге дейін. Түркі дәуірінің
қорымдары тас қорғандардан тұрады. Мерзімделу уақыты белгісіз бірнеше қоныс
орындары анықталды.
Жаңа ауыл ауылдық округі
Жаңа ауыл 1 қорымы. Жаңа ауыл ауылынан (Тарбағатай ауданы) солтүстікте
1 км жерде Жаңа ауыл – Сарөлең трассасының сол жағында Теріс айырық
өзенінің оң жағалауындағы жоғарғы террасада жарқабаққа жақын оңтүстіктен
солтүстікке қарай тізбектеле орналасқан. Негізінен топырақ қорғандар.
Шеңбер түріндегі қоршаулар да кездеседі. Шеңбер түріндегі қорғандардың
үйіндісі жоқ. үйінділі қорғандардың да етегінде тас белдеулері бар.
Қорғандардың биіктігі 5-10 см-ден 1 м-ге дейін жетеді. Оңтүстіктегі ең
шеткі шеңбер түріндегі қорғанның координаталары N 47° 13' 50,8'' Е 084° 06'
18,1''. Терісайырық өзенінің қазіргі арнасынан 500 м жерде. Қасынан ЛЭП
өтеді. Қорғандардың диаметрі 5-6 м-ден 18 м-ге дейін жетеді. Биіктігі 5 см-
ден 1,5 м-ге дейін. Қорғандарда тонау ізі білінбейді. Ерте темір
дәуірінікі. Барлығы 37 қорған. Солтүстік бөлігінде қазақ зираттары бар.
Қазақ зираттарына жетпей шеткі қорғанның координаттасы N 47° 14' 06,2'' Е
084° 06' 08,2''.
Жаңа ауыл 2 қорымы. Жаңаауыл – Сарөлең трассасының сол жағында
Терісайырық жағалауында жоғарғы терассада, өзеннен 500 м жерде. Жарқабақтың
дәл астында арық өтеді. Жол жиегіндегі “Жаңа ауыл” “Қош келдіңіздер” деген
белгінің солтүстік батысында 200 м-дей жерде. Топырақ қорғаннан тұрады.
Солтүстігіндегі үш қорғанның тас белдеуі бар. Екеуінің үстін жырып, біреуін
арық қазған кезде жартысын бүлдіріп кеткен. Жардың астында тастан салынған
қорған бар. Оңтүстіктегі топырақ қорғанның үстінде гранит тастан сынтас
жасалған. Қорғанның биіктігі 1 м. Диаметрі 18 м. Координаталары N 47° 15'
51,3'' Е 084° 05' 43,8''.
Жаңауыл 3 қорымы. Жаңауыл ауылынан оңтүстікте 0,5 км жерде. Терісайырық
өзенінің оң жағалауында жарқабақта жоғарғы террасада, су тартатын мұнараның
жанында орналасқан. Тас пен топырақтан тұратын қорғандар. Қорғандар
солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеліп келген. Кей қорғандардың етегін
үлкен тастармен қоршаған. Жекелеген қорғандарда тонау ізі байқалады.
Қорымның ортасынан ЛЭП бағаналары өтеді. Қорғандар диаметрі 5-6 м-ден 10-12
м-ге дейін, ал биіктігі 0,10 м-ден 0,45 м-ге дейін. Оңтүстік қорғанның
координатасы N 47° 12' 28,0'' Е 0,84° 06' 03,5''. Ерте темір дәуірінің
қорғандары.
Жаңа ауыл 4 қорымы. Жаңа ауылдан 1 км, Жаңа ауыл – 3-тен 0,5 км жерде,
Жаңа ауылдан Жаңаталапқа кететін жол бойында, Терісайырық өзенінің оң
жағалауында тау етегіндегі жазық алқапта орналасқан. Ішінде, сыртында
шеңбері бар қорғандар да бар. үйсіндердікіне ұқсас, сыртында белдеуі бар
қорғандар және топырақ үйіндінің етегін үлкен гранит тастармен қоршаған
қорғандар және тас пен топырақ аралас, сондай-ақ таза тастан үйілген
қорғандар да кездеседі. Қорғандардың көпшілігі жер астында білінбей көміліп
қалған. үйіндінің биіктігі 0,00-ден 0,5 м-ге дейін жетеді. Диаметрі 4-5 м-
ден 18-20 м-ге дейін. Оңтүстік батыстағы қорған-қоршаудың координатасы N
47° 12' 15,0'' Е 0,84° 06' 10,0''. Ерте темір дәуірінің қорғандары.
Қорғандардың көпшілігі ерте уақытта тоналғанға ұқсайды. Кейбір қорған-
қоршаулардың шетінде сынтастары бар.
Терісайырық 1 ескерткіші. Жаңауыл ауылынан 3-4 км оңтүстікте
Терісайырық өзенінің таудан ағып шығар алқымында, Жаңауылдан Жаңаталапқа
барар жолдың оң жақ жиегінде, Терісайырық өзенінен 50-60 м жерде тігінен
бір қатар етіп тігінен қойылған. Төртбұрышты қоршау. өр жағының тастары
көрінбейді.Мерзімделуі белгісіз. Координатасы N 47° 12' 05,1'' Е 0,84° 05'
47,4''.
Терісайырық 2 қорымы. Терісайырық өзенінің оң жағалауында 50-100 м
жерде жоғарғы террасада таудың етегінде солтүстіктен оңтүстікке қарай
шоғырлана орналасқан тас және топырақ пен тас үйінділі қорғандар.
Солтүстігіндегі қорғанның шетін ала қазақ қонысы орналасқан. Жаңаталапқа
бара жатқан жолда Терісайырық өзенінің екі таудың ортасындағы мүйістен
шығар жазықтықта. Қорғандардың орташа диаметрі 4-5 м-ден 15-20 м-ге,
биіктігі 0,5 м – 0,10 м-ге дейін. Кей қорғандардың етегінде үлкен тастармен
бекіткен тұғыр тасы анық байқалады. Қорғандар тізбегі оңтүстікке қарай 3-4
км созылып жатыр. Координатасы N 47° 11' 27,1'' Е 0,84° 05' 44,4''.
Жаңаталап 1 қорымы. Жаңаталап ауылының солтүстігінде және оңтүстігінде
тас үйінділі қорғандар шоғыры Терісайырық өзенінің сол жағалауында 2-3 км
созыла орналасқан. Диаметрі 5 м – 20 м, биіктігі 0,20 м – 1,4 м. Жоспарға
өте көп қашықтыққа созылған соң түсіре алмадық. GPS пен алған қорған
ауылдың оңтүстігіндегі үйден 200 м шамасында. Тонау іздері білінбейді.
Координатасы N 47° 06' 25,7'' Е 0,84° 02' 35,4''.
Жаңаталап 2 қорымы. Жаңаталап Ахметбұлаққа баратын жолдың оң жағында.
Жаңаталап ауылынан 4-5 км шамасында. Топырақ үйінділі Н-2 м. Д-30 м қорған
орналасқан. Қорғанның ортасынан бастап оңтүстік-батысқа қарай ойығы бар.
Қорғанның оңтүстігінде 4-5 км шамасында шекара торы бар. Координатасы N 47°
06' 30,2'' Е 0,84° 05' 05,6''.
Сарыөлең қорымы. Қорғандар Жаңауыл – Сарыөлең трассасының оң
жағалауында солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле орналасқан. Қорғандар
қиыршық тас пен топырақтан тұрады. Ерте темір дәуірінікі. Тонау іздері
білінбейді. Топырақ қорғандардың етегінде тас белдеуі бар. Сарыөлең
ауылынан оңтүстік-шығыста 1 км-дей мөлшерде. Осы қорымнан шығысқа қарай 7-8
км мөлшерде үлен қорғандар бар. Қорғандар диаметрі 6-7 м-ден 20 м-ге дейін,
биітігі 0,10 м-ден 1,20 м-ге дейін. Оңтүстіктен алғандағы 5 қорғанның
координатасы N 47° 16' 32,3'' Е 084° 05' 39,0''.
Маңырақ ауылдық округі
Балағазы қонысы. Балағазы қыстауының желке тұсында таудың үстінде сайда
орналасқан батыс-шығыс бағыттағы ұзындығы 17 м 20 см, солтүстік-оңтүстік
ені 7 м 20 см. үлкен тастардан екі қатар етіп қаланған. Шығыс жағында
кейінгі қора орны болуы керек. Оңтүстік бөлігінде есік орнындай жерде 0,9 м
қаланбай қалдырылған. Материалды таудың үстінен құлатып құрылысқа
пайдаланған. Солтүстіктегі блок гранит тастың ені 70 см, ұзындығы 85 см.
Көлденеңі 60 см. Көтерме материал кезікпеді. Координатасы N 47° 23' 04,7''
Е 083° 56' 11,2''. Қоныстан төмен 50-60 м жерде (оңтүстікте) төртбұрыш,
шеңбер түрінде толықтай көрінбеген тастар кездесті. Мерзімделуі белгісіз.
Балағазы Дәулетбай батырдың баласының қоныстанып отырған жері.
Сеңгір 1 қорымы. Ақжар – Сарыөлең трассасының оңтүстігінде Маңырақ
тауының етегі мен Қандысу аралығындағы жазықта Балағазы қыстауынан оңтүстік-
шығыста 1,5 км мөлшерде негізінен солтүстік-оңтүстік бағытта орналасқан.
Тастан тұрғызылған негізгі үш үлкен қорғанның маңында ұсақ қорғандар және
құрбандық орындары, ал үлкен қорғандардың барлығында тонау іздері бар.
Оңтүстік және орталық қорғанда сыртында ені 70-80 см екі қатар тастан
жасалған белдеу-қоршауы бар. Солтүстік-батысында белдеу-қоршаудың есігі
сияқты белгісі бар. Барлығы 21 қорған. Қорғандар диаметрі 4-5 м-ден 30 м-ге
дейін. Биіктігі 0,20 см-ден 3 м-ге дейін болып келеді. Оңтүстік-батыста 2
км жерде “Сеңгір” демалыс орны орналасқан. Оңтүстігінде 2-3 км жерде
Қандысу өзені ағады. Координатасы N 47° 22' 32,3'' Е 083° 56' 13,0''.
Сеңгір 2 қорымы. Балағазы қыстағынан 2-2,5 км жерде оңтүстік-шығыста,
Сеңгір демалыс орнынан 3 км мөлшерде, Маңырақ тауының етегінен 2 км Ақжар-
Сарөлең трассасының оңтүстігінде 1 км жерде орналасқан. Балағазы – 1
ескерткішінен 700 м-дей шығыста. Қорғандар топырақ пен тастан және үйінді
етегі шеңбер болып келеді. Тек бір тас қорғанның сыртында шеңбер белдеуі
бар. Оның сыртқы диаметрі – 36 м, ішкі диаметрі – 20 м, биіктігі – 0,7 м.
Қорғандар диаметрі 5-6 м-ден 20 м-ге дейін болып келеді. Кей қорғандардың
төрт бұрышында ғана үлкен тастар қойылған, үйіндісіз. Барлық қорғандар
дерлік тоналған. Қорымның координатасы N 47° 22' 27,9'' Е 083° 56' 28,0''.
Қорым қорғандары негізінен екі қатар болып тізбектеле солтүстік – оңтүстік
бағытта, тау етегінен еңіске қарай орналасқан. Барлығы 29 қорған. Қорым
ерте темір дәуірінікі.
Сеңгір 3 қорымы. Балағазы қыстағынан оңтүстікте 1-1,5 км шамасында
трассадан 250 м оңтүстікте. Оңтүстіктегі төртбұрыш қоршауы бар қорғанның
батысында төрт құрбандық орны бар. Диаметрі 3 м, биіктігі 20-30 см.
Қоршаудың шығыс жағында 80 см ашық есік секілді жер қалдырылған. Қорған
толықтай тоналған. Шұңқырының тереңдігі 2 м-дей. Қоршаудың шығыс және батыс
жағы доғалдана бітеді. Ені 60-70 см. Екі-үш қатар тастардан тұрады.
Солтүстіктегі қорған үстінде геодезиялық нүкте қалдығы бар. Қорғандардың
барлығы тас, ал солтүстіктегі топырақ пен тас. Қорғанның диаметрі 18 м,
биіктігі 3 м. Сыртқы шеңбердің диаметрі 50,8 м. Барлығы 9 қорған. Қорымның
координатасы N 47° 22' 41,1'' Е 083° 55' 46,4''.
Құйған ауылдық округі
Жаман Арғанаты 1 қорымы. Құйған ауылынан солтүстік-батыста 20 км жерде
Ойшілік ауылына барар жолда Арғанаты тауының етегінде 500 м оңтүстікте
етекте орналасқан. Бір қорған ғана топырақ, ал қалғаны тас қорғандар. Тонау
ізі білінбейді. Координатасы N 47° 24' 40,3'' Е 083° 24' 26,0''.
Бұл қорымнан солтүстік-батыста 500 м жерде мерзімделу уақыты белгісіз
қоныс орны табылды. Қоныстың координатасы N 47° 25' 05,0'' Е 083° 24'
09,7''.
Жаман Арғанаты 2 қорымы. Құйған ауылынан Ойшілік ауылына баратын жолдың
оң жағында Құйғаннан 30 км жерде Арғанаты тауының етегіндегі жазықта тастан
және топырақ пен тастан тұратын қорғандар. Қорғандардың диаметрі 5-6
метрден 15 метрге, биіктігі 20 см-ден 70 см-ге дейін. Қорғандарда тонау ізі
білінбейді. Барлығы 12 қорған. Ерте темір дәуірінің қорғандары.
Координатасы N 47° 25' 16,4'' Е 083° 22' 20,1''.
Құлбабас ауылдық округі
Көкбастау қорымы. Көкбастау ауылынан 300 м солтүстікте Көкбастаудан
жайлауға кететін жолда тас пен топырақтан тұратын қорғандар шоғыры
орналасқан. Диаметрі 4 м-ден 8 м-ге дейін. Қасында ат бейіттері бар.
Қорымның координатасы N 47° 27' 46,9'' Е 82° 49' 58,1''. Барлығы 14
қорғаннан тұрады. Ерте темір дәуірінікі.
Жанабай қорымы. Ерте темір дәуірінің қорғандары. Топырақ пен тастан
тұрады. Жыланды сайынан шығып Жанабайға барар жолда таудан түскендегі жазық
алаңқайда солтүстіктен оңтүстікке қарай орналасқан екі-үш қорғандар тобы.
Жолдың екі жағында орналасқан. Координатасы N 47° 25' 11,4'' Е 0,82° 41'
48,3''.
Ақсуат ауылдық округі
Обалы қорымы. Жайлауға, Катонға қарай баратын жолдың бойында, Жұрын
кезеңінен өткен кезде кездеседі. Ерте темір дәуірінің қорғандары.
Координатасы N 47° 23' 17,4'' Е 0,82° 39' 48,3''.
Қобақты жазығы қорымы. Түркі және ерте темір дәуірінің қорғандары.
Координатасы N 47° 21' 05,9'' Е 0,82° 38' 47,0''.
Тақия кеткен І қорымы. Тақиякеткен өзенінің бойында Тақиякеткен
агрегатының орнында Оспан базының жоғарғы жағындағы Тұматай зираты
аралығында агрегат қорасының артында қола дәуірінің қоршаулары және
қорғандары орналасқан. Қорғандар диаметрі 8 м, биіктігі 0,3 м. Диаметрі 4
м, биіктігі 0,1 м. Координатасы N 47° 17' 17,0'' Е 0,82° 40' 20,6''
Тақия кеткен 2 қорымы. Тақия кеткен -1 қола дәуірі қорымынан оңтүстікте
500 м жерде Тақиякеткен өзенінің сол жағалауында тау аралығындағы алаңқайда
орналасқан. Қоршаулар төртбұрышты және дөңгелек түрінде кездеседі.
Тақиякеткен өзенінің оң жағалауында да қорған-қоршаулар кездеседі. Сондай-
ақ бұл жағалауда екі қара тастан сынтас тұрғызылған. Координатасы N 47° 17'
03,4'' Е 0,82° 40' 12,4''.
Тұматай қорымы. Тұматай зиратынан оңтүстік-батыста – 1 км жерде
Қырықбай қорасына кететін жолдың оң жағында жотада орналасқан. Ерте темір
дәуірінің қорғандары. Диаметрі 5-6 м-ден 10 м-ге дейін. Биіктігі 20-30 см.
Дөңгелек формада. 10 шақты қорған. Координатасы N 47° 16' 36,5'' Е 0,82°
39' 21,2''.
Нарын қорымы. Нарын өзенінің оң жағалауында 700 м жерде жазықта
орналасқан. Тас үйінділі қорғандар. Барлығы тоналған. Орталық қорғанның
сыртында тас шеңбері бар. Ерте темір дәуірінікі. Бір қорғанның сыртында
сынтасы бар. Оңтүстіктен солтүстікке қарай тізбектеле орналасқан. Катон
ауылы жанындағы мүйіске дейін жалғасады. Қоршауы бар бірнеше қорғандар бар.
Координатасы N 47° 21' 53,3'' Е 0,82° 37' 47,7''.
Катон 1 қорымы. Катон ауылынан шығыста жотада шығыстан бастысқа қарай
300 м жерге созыла орналасқан қорым. Қорған сыртында жалпақ тақта-тастардан
айналдыра салған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері (кезеңделуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциясы)
Ақсуат ауылдық округі
Ерте темір дәуірі отрядын
Шығыс Қазақстанның қола дәуірінің қоныстары
Елеке сазының зерттелуі
Сақ ескерткіштері
Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің тарихнамасы
Құлажорға мәдениеті
Шығыс Қазақстанның киелі ескерткіштерінің зерттелуі
Алтай – Тарбағатай аралығындағы ертесақ ескерткіштері
Пәндер